Тұлғааралық қабылдау әсерлері. Тұлға және топ (әлеуметтік-психологиялық ықпал ету)


«Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті»
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
«Әлеуметтік-саясаттану білім модулі» пәнінен
РЕФЕРАТ
Тақырып: Тұлғааралық қабылдау әсерлері. Тұлға және топ (әлеуметтік-психологиялық ықпал ету)
Қарым - қатынас - әлеуметтік құбылыс. Бұл байланыс тұлға әлеуметтенуінің қайнар көзінің бірі ретінде анықталады. Тұлғаның әлеуметтеңу принципі екі жағдайда сипатталуы қажет: біріншіден, қарым - қатынас факторы, адамның әлеуметтік өмірімен өзара байланысы жүзеге асырылатын алеуметтік қайнар көзі ретінде есептелінуі керек; екіншіден, әлеуметтену екі аспектіде қарастырылады, ол меңгеру әлеуметтік бағдарлама құру және оны таратуы.
Қарым - қатынас - біріншіден, біріккен іс - әрекетте пайда болатын адамдар арасында байланыс орнату және оны дамыту процесі болса, екіншіден, тұлғалардың бірлескен іс-әрекетте қажеттіліктен пайда болған өзара белгі құралдарымен жүзеге асатын күйі, мінез құлқы.
Қазақтың көрнекті ғалымы, профессор Қ. Жарықбаев қарым-қатынас туралы былай деген: «қарым - қатынас - адам іс - әрекетінің аса ауқымды саласы, өмір сүру, тыныс тіршіліктің негізгі арқауын білдіретін ұғым. Адамға ауа, тамақ, киім, баспана қандай қажет болса, айналасындағылармен қарым-қатынаста болу да аса маңызды». Сондықтан қарым-қатынас тіршіліктің барлық кезеңінде адам үшін маңызды орын алады.
Тұлғаның дамуы мен қалыптасуында негізгі факторлардың бірі - ол қарым-қатынас. Тарихи -қоғамдағы обьективті талаптар және қоғамның дамуындағы әлеуметтік заңдылықтар тұлғаның қарым - қатынас процесіндегі рөлін анықтайды. Қарым - қатынас барысында тұлғаның әлеуметтенуінде байқалатын өзіндік ерекшелектер мәселесіне көңіл бөле отырып, қазіргі кезеңде бұл салада жүйелі зерттеулерді қажет етеді. Бұл салада жоспарланған зерттеулер өзіндік ерекшеліктердің қарым-қатынас процесінің кез-келген аспектілеріне ықпалы айқын байқалуда.
Аталған өзіндік сипаттың бірнеше деңгейі ерекшеленеді. Олар біріншіден, Әлеуметтік, мұнда әлеуметтік - экономикалық статус, мамандығы, білімі; екіншіден, Әлеуметтік - психологиялық, мұнда құндылық бағдар, мақсат пен көзқарастардың ортақтығы; Психологиялық, мұнда тұлғаның мінезі және басқа да қасиеттері, ақыл - ой денгейі; Психофизиологиялық, мұнда темперамент, эмоционалдылық.
Тұлға - бұл басқа адамдардын арасында белгілі позицияны иеленетін қоғамдық іс - әрекеттін себепші субьектісі ретіндегі адам. Тұлғаның психологиялық ерекшеліктері, ол неге талпынады және неден қашады, Сонымен қатар ұғым, ұйымшылдық дәрежесі, оның белсенділігінің интенсивті және қорытынды нәтижесі, өмірлік тапсырманы шешуге сәйкес бағытталуынан көрінеді. Әрбір жеке адамға тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті, білімі мен тәрбиесі бар екенін ескере отырып қарым - қатынасқа деген ынтасын арттыру, олардың жеке басылық қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға мүмкіндік жасау.
Тұлғаның әлеуметтенуінің әлеуметтік психологиялық факторлары біріншіден, әлеуметтенудің - мәдени, тарихи, ұлттық ерекшеліктерін қарастыратын әлеуметтік топ болса, екіншіден, белгілі бір денгейде өмір жолының кезеңдерінде көрінетін жеке тұлғалық топ. Осы орайда В. Г. Крыско тұлғаның әлеуметтенуінің үш түрлі факторын ұсынды. Олар: микрофакторлар - отбасы, микроәлеумет, тәрбие институттары, діни ұйымдар; мезофакторлар - этнос, аймақтық шарттар, мекені, қарым - қатынас құралдары; макрофакторлар - мемлекет қоғам ел және мәдениет.
Қарым - қатынас сан алуан адамдардың қатынастары жағдайында жүзеге асады, яғни әлеуметтік және тұлғааралық қатынастардың жағымды да, кері де жағдайларында болуы мүмкін. Өмірдің түрлі жағдайларына байланысты біздің іс - әрекетімізбен қатар мінез-құлқымыз да өзгермелі. Соған сәйкес карым-қатынас стильдері де өзгермелі болады. Қарым - қатынас стилі адамның басқа адаммен өзара әсерлесуі барысындағы мінез-құлқын көрсететеді. Сонымен адамнын қарым - қатынас стилі, оның анықталған нақты бір қарым - қатынаска орнықталынуы, бағытталуы соған дайындығы мен адамның сол жағдайдағы өзін көрсетуі.
Қарым - қатынас адам өмірінің рухани және материалдық формаларының сан алуандығын сипаттайды және тұлға өміріндегі ең маңызды қажеттілік болып табылады. Кейде «қарым - қатынас», «әлеуметтік қарым - қатынас», «тұлғаралық қарым - қатынас» түсініктерін теңдестіру тенденциялары көрініс береді. Дегенмен бұл түсініктер өзара байланысты болғанымен, бір - біріне тепе - тең болмайды. себебі олардың өз өзгешеліктері болады. Қарым - қатынас, біріншіден. топтар арасындағы, топтар мен ұйымдардағы әріптестер, әрекет субъектілері арасындағы аппарат алмасу: екіншіден, қарым - қатынас субъектілерінің бірлескен әрекет стратегияларының өнімін; үшіншіден, қарым -қатынас - бірлескен міндeттepдi шешу процесіндегі адамдардын бірін - бірі қабылдауы мен түсінуі.
Адамзаттың барлық өмірі үнемі басқа адаммен қарым - қатынас негізінде өтеді. Қарым - қатынас процесінің барлық жақтары (коммуникативті, интерактивті. перцептивті) басқа құрылымдық тәсілдерді қолдануды қажет етеді. Олар кез келген іс - әрекетте бір - бірін қабылдау, түсіну, бірлескен әрекет ұйымдастыру мақсатыңды іс - әрекеттің мазмұнына байланысты орындалатын процестің негізінде туындайтын қарым - қатынастың түрлері мен арақашықтықтары.
... жалғасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz