Орталық Азиядағы түркі мемлекеттерініңқоғамдық - саяси өмірі
Орталық Азиядағы түркі мемлекеттерініңқоғамдық-саяси өмірі
Қазақстанда түрік интеграциясын, түрік тектес халықтардың тарихы мен лингвистикасын, этногенезін, саяси-экономикалық байланыстарын зерттейтін түріктанушылар мектебі қалыптасты, халықаралық дәрежедегі Түркі академиясы, түрколог-ғалымдарды дайындайтын кафедралар ашылған, түркология дейтін іргелі ғылым саласы бар екені белгілі. Дегенмен, мемлекет қайраткерлері, ел президенттері, саяси истеблишменттің де Түрік әлемі, оның өткені мен болашағы туралы көзқарасы қызығушылық тудырады. Елбасы Н.Назарбаевтың Тарих толқынында, Тәуелсіздік белестері, Ғасырлар тоғысында, Тәуелсіздік дәуірі сияқты әр кезеңде шыққан еңбектерінде, қызмет хроникалары, сұхбаттары мен баяндамаларында түріктің тамырлы тарихы, жоқшылық пен тоқшылықты, бостандық пен бодандықты көрген уағы, бертінгі түрік тектес халықтың тас-түйін ынтымағы туралы айтылады. Ол түрік өркениетін, оның мәңгі өшпестей болып, мың жарым жыл бұрын Еуразия құрлығының төсінде бедерленген көне жазбаларын жалпы адамзат өркениетінің қазынасы деп қарайды. Н.Назарбаев бір сөзінде Түркі әлемі әлі толық зерттелмеген терең тұңғиық. Біздің ұлы бабаларымыз Алтайдан Ақ теңізге дейінгі Ұлы Далада өз билігін жүргізді. Бізге өшпес қаһармандық эпос және мол рухани қазына қалдырды. Тұңғыш рет әлемге өнеге болған ортақ шаңырақ - киіз үйді, темірді, шалбарды, жебені, етікті және өкшені, үзеңгіні ойлап тапты деп мәселенің өзектілігін жоғары қояды. Бұл орамды ойлар еліміздің рухани дамуына соны серпіліс берген Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру, Ұлы Даланың жеті қыры бағдарлама-мақалаларда көрініс тапты.
Тарих толқынында кітабының бір бөлімі Қазақ даласы - ұлы түркі елінің қара шаңырағы аталып, Ертіс, Іле, Сырдария мен Жайықтың, Еділдің жағасында ғажайып астаналар салған орасан зор империя - ғұндардың, түрік қағанаты, қыпшақ конфедерациясы, Ұлық Ұлыстың салтанат құрған кезеңдеріне талдау жасалған. Этногенетика тұрғысынан Түрік қағанаты сияқты орталықтанған мемлекеттің пайда болуы тілі бір, салт-дәстүрлері ортақ орасан зор далалық қауымдастықтың қалыптасуына себепші болды. Түрік тайпаларының бұл конфедерациясы өзінің айқын мәдени дәстүрлері бар аса қуатты мемлекетті қалыпастырды. Түркі тілдес тайпалар Орталық, Оңтүстік және Кіші Азияда, Сібір мен Шығыс Еуропада күшті қарқынмен кеңінен тарала бастады. Олар өз заманындағы дамудың шырқау биігіне көтерілді және жалпы адамзат өркениетін дамытудың белсенді де қуатты қозғаушысы бола білді. Түрік қағанаты және одан кейінгі мекендеген аумақ Шығыс пен Батысты бір-бірімен байланыстырушы көпір болды және ұлан-байтақ кеңістікте Қытайдың, Үндістанның және Батыс Еуропаның өркениетін ұштастырды. (Тарих толқынында Назарбаев Н.Ә. - Алматы : Атамұра, 2003 . - 101, 109 б.)
Қазақ КСР Министрлер кеңесінің басшысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде
Ортағасырдағы Түрік әлемі дүниеге Отырардан шыққан ойшыл, энциклопедист-ғалым әл-Фарабиді, Орталық Азиядан аты әлемге мәшһүр болған Ибн Сина, Аббас Жаухари, Низами Ғанжауи, Омар һайям, Әлішер Науаи, әл-Хорезми, әл-Бируни, кейінгі Шығыстың ұлы ақындары мен философтары Фирдоуси, Бұхари, Самарқанди, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Йасауи, Махмұд Қашқари, бертінгі астроном-математик Мұхаммед Ұлықбекті дүниеге әкелді. Тарихтың аумалы-төкпелі кезеңдерінде түркі тектес қолбасшылардың арасынан Мысырда мәмлүктің билігін құрған Бейбарыстың, Қалауынның, Ан-Насырдың, Үндістанда болған Ел-Етміштің, Разийяның, Балбанның есімдерін атауға болады. Ресей империясы мен Кеңес үкіметі отаршылдығының орбитасына түскен аралықта Орталық Азия мен түрік халықтарының көрнекті қайраткерлері, ағартушылары тарих сахнасына шығып, ұлттың сана-сезімін оятуға қызмет етті, тоталитарлық тәртіпке тегеурінді түрде қарсы тұрды. Әлемдік мәдениетке үлес қосқан Тұранның данышпан даналарынан бастап қазақтың Бес ғасыр жырларынан, Қырғыздың Манасы, Моңғолдың Гэсэрі, он үш ғасырдан кейін өз отанына оралған Орхон жазуларының құпиясы, Тұрандықтардың Тәңірге табынуы, будда, христиан және ислам діндерінің сабақтастығы туралы айшықты түрде айтуға болады. Түріктің, Тұранның, Дешті Қыпшақтың даласынан шыққан философия мен мәдениеттің, өнер мен әдебиеттің жауһарлары әлемдік өркениеттен ойып тұрып орын алатыны сөзсіз.
Түрік халықтары ерте және ортағасырда, кейінгі ортағасырларда мемлекеттіліктің қалыптасуы мен тайпалық бірлестіктердің этностық ықпалдасуы, түрік халықтарының бүгінгі бейнесін қалыптастыруға тиіс алғышарттардың қилы кезеңдерінен өтіп отырды. Моңғол империясының кезеңінде көптеген түркі тайпалары Жерорта теңізінен бастап, Үнді және Тынық мұхиттарына дейінгі аралықтағы бөтен елдерден бір-ақ шықты. Қазақ, өзбек, түрікмен, қарақалпақ сияқты түркітілдес халықтар Орталық Азияда этногенетикалық және мәдени үрдістер кезеңінде ұдайы тығыз байланыста болды. Бұл халықтар кейінгі ғасырларда дербес этноним болып, мемлекеттік түзіліміне ие болған уақытта да сауда-экономикалық, қоғамдық-саяси, рухани байланыстарының жібі үзілген жоқ. Өзгелерден іргені аулақ салу мәдени томаға-тұйықтыққа және тоқырауға ұрындырмай қоймайды. Елбасы түрік-ислам әлемі ендігі кезекте Батыс мемлекеттері, Араб-Иран әлемі, Ресей және Қытай сияқты мәдени-өркениеттің арасындағы маңызды көпір ретінде көреді. (Тарих толқынында Назарбаев Н.Ә. - Алматы : Атамұра, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz