Шағын жинақты мектептердің жай - күйі және негізгі проблемалары


Мамандық: Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі.
Оқытушы: Баймаханова Гулнар Қалдыбайқызы
Тапсырма: ҚР-да шағын жинақты мектептерді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасына сипаттама.
Қазақстан Республикасында шағын жинақты мектептерді (бұдан әрі - ШЖМ) дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) шағын жинақты мектептерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың жалпы стратегиясын, мақсаты мен міндеттерін, білім беру процесінің мазмұны мен технологияларын, оларды іске асыруды дамыту мен шарттарының негізгі бағыттарын айқындайтын құжат болып табылады.
Тұжырымдама Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарымен, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін стратегиялық даму жоспарымен, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасымен айқындалған білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі принциптерін дамытады.
Бұл тұжырымдама қолданыстағы білім туралы нормативтік-құқықтық құжаттармен қатар әрбір білім алушының сапалы білім алудағы конституциялық құқығын іске асыруына жағдай жасау бойынша шаралар кешенін әзірлеу үшін негіз болып табылады.
Тұжырымдама жалпыұлттық басымдық ретінде шағын жинақты мектептерді дамытуды айқындайды және Қазақстан Республикасын дамытудың мемлекеттік бағдарламасына және қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қалыптастырады.
Шағын жинақты мектептердің жай-күйі және негізгі проблемалары
Қазақстан Республикасының білім беру саласында барлық деңгейде сапалы білім алуға кең қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұлттық модельді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалуда.
Ең маңыздысы - мазмұнын, басқару және ресурстық аспектілерді жаңғырту негізінде ШЖМ-ны дамыту
Шағын жинақты мектеп - бұл біріктірілген сынып-комплект пен оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар шағын контингентті білім алушылардан тұратын жалпы білім беретін мектеп.
Қазіргі таңда ШЖМ:
біріктірілген сынып-комплектілерімен; сынып-комплектілермен және толық емес сыныппен жұмыс жасайды.
Статистикалық деректер бойынша, жалпы республика бойынша біріктірілген 1-4 сыныптар 4398 (33250 бала), 5-9 сыныптар - 2012 (15201), 10-11 сыныптар - 17 (110) . Қазақстанның 7576 жалпы білім беретін ұйымының 4288-і - ШЖМ. Бұл жалпы санның 56, 5 %-ын құрайды. Ауылдық жерлерде 6032 жалпы білім беретін мектеп бар. Оның 4139-ы ШЖМ. Бұл барлық санның 68, 6 %-ы. 1913 қала мектебінің 149-ы - ШЖМ. Бұлар оқушы санының аздығымен, сыныптарды біріктірумен, мұғалімдердің көп пәннен сабақ беруімен сипатталады. Елдегі халық тығыздығының әркелкілігі аталған проблеманың өңірлік аспектісіне негізделген: ШЖМ-ның басым көпшілігі Солтүстік Қазақстан (облыстағы барлық мектеп санының 88, 1 %-ын құрайды), Ақмола (81 %), Қостанай (77, 5 %), Павлодар (76, 5 %), Батыс Қазақстан (72, 9 %), Ақтөбе (67, 5 %), Шығыс Қазақстан (67, 9) Қарағанды (58, 9 %) облыстарында. Соңғы 15 жылда ШКМ-ның саны күрт өсті. Әр төртінші мұғалім ШЖМ жағдайында жұмыс істейді және әр алтыншы қазақстандық оқушы ШЖМ жағдайында оқиды. Қазақстанда ШЖМ-ның ғылыми негізделген және бекітілген балама модельдерінің болмауына байланысты материалдық-техникалық жабдықтаудың өңірлік жүйесі, педагогикалық процестерді ұйымдастыруға әртүрлі тәсілдер қолдану жүзеге асырылуда. Бір аймақта жақын орналасқан ШЖМ-ны бірыңғай білім беру кеңістігінде біріктіретін ресурстық орталықтар; мектеп-кешені («мектеп-балабақша», «мектеп-мектепке дейінгі білім беретін шағын орталық», «мектеп-мектеп жанындағы интернат-мектепке дейінгі шағын орталық») ; құрамына ауыл кітапханасы, медициналық пунт, пошта, клубтар кіретін мектеп-әлеуметтік мәдени орталық; ауылшаруашылық бейіні бойынша тереңдетілген теориялық және практикалық дайындық өткізілетін мектеп-агро-биолаборатория; әртүрлі жастағы оқушылармен ұжымдық оқыту сабағы негізінде педагогикалық процестерді ұйымдастыруды болжайтын оқытудың сыныптық-сабақтық түріне жатпайтын мектептер құру тәжірибесі бар. Жекелеген мектептердің локальдық оң тәжірибесі мен қызметтерінің табысты нәтижелерінің болуына қарамастан, жалпы мемлекеттік аралық бақылау мен ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелерінен, бітірушілердің алдағы өмірін талдауынан ШЖМ оқушыларының жалпы білім дайындығының төмендігі анықталды. Басты себеп - ШЖМ-да білім беру процесін ұйымдастырудың әдіснамалық, мазмұндық, әдістемелік, технологиялық компонентерінің нашар әзірленуі.
ШЖМ проблемалары тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ Батыс Еуропа, Австралия, АҚШ, Канада, Қытай, Жапония, Ресей, Өзбекстан және т. б. елдерде де өзекті болып табылады. ШЖМ проблемаларын шешудің оңтайлы жолын анықтау бәсекеге қабілетті ұлттық жүйені қалыптастырудың қажетті шарты болып табылады.
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру:
аз толтырылған сыныптарда оқытудың дәстүрлі әдістемелерінің артық болуы; гипербақылауға және нәтижесінде білім алушының мазасыздануына алып келетін педагогикалық процестің нәтижелерін бағалаудың тиімсіз жүйесі; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды нашар пайдалану; білім алушылар санының аздығына байланысты сапалы бейінді оқытуды ұйымдастыру мүмкіндігінің жоқтығы; қосымша білім беру ұйымдарының және мәдени орталықтардың жоқтығы.
Кадрлық қамтамасыз ету:
- педагогтердің-пән оқытушыларының толық оқу жүктемесімен қамтамасыз етілмеуіне, басқа мамандық иелерінің пәндерді жүргізуіне себепші болатын жоғары оқу орындарында, арнаулы оқу орындарында мұғалімдерді даярлаудағы мамандандырудың бір бейінділігі; - педагогтерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың арнайы білім беру бағдарламаларының жоқтығына негізделген ШЖМ жағдайында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктеріне мұғалімдердің дайындықсыздығы; - ШЖМ мұғалімдерінің бірнеше пән бойынша сабаққа дайындалу және біріктірілген сынып-комплектілеріндегі білім беру процесінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін жұмсалатын уақыттары мен интеллектуалдық ресурстарына сай еңбекақы төлеу, ынталандыру және қолдаудың болмауына байланысты педагогтер ынтасының төмендігі.
Нормативтік-құқықтық және бағдарламалық-әдістемелік қолдау:
- ШЖМ-ның қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық базаның жетілмегендігі;
- ШЖМ-ға арналған үлгілік оқу жоспарының жоқтығы;
- ШЖМ оқу жоспарының вариативті және жеке компоненті бойынша білім беру оқу бағдарламаларының жоқтығы
- мұғалім үшін қазақстандық білімді дамытудың үрдістері мен перспективаларын есепке алатын қазіргі заманғы педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде ШЖМ жағдайында білім беру процесін ұйымдастырудың құралдары мен әдістемелік ұсынымдамаларының жоқтығы.
Материалдық-техникалық жағдай:
- ШЖМ-нің жартысынан көбінің ыңғайластырылған ғимараттарға орналасуы;
- 90 мектептің апаттық жағдайы
- 786 мектеп ғимаратының күрделі жөндеуге қажеттілігі;
- арнайы оқу зертханалары мен шығармашылық шеберханалардың, қазіргі заманғы жиһаздардың, техникалық құралдардың, спорт мүкәммалдарының, оқу залы бар электронды кітапханалардың жоқтығы. 948 мектепте асхана, 822 мектепте спорт залы жоқ; медициналық кабинеттердің жабдықтары қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келмейді;
- ескірген инфрақұрылымы; кең жолақты Интернетке 10, 3% ШЖМ қосылған, 44% ШЖМ интерактивті жабдықтармен жарақтандырылған, 1130 негізгі және орта ШЖМ-да физика, 1410 химия, 1576 биология, 85 информатика кабинеті жоқ.
Осылайша, ШЖМ оқушыларының сапалы білім алуына және табысты әлеуметтенуіне мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ету мәселелерін шешу; ШЖМ-ны дамытудың концептуалды, нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық-экономикалық негіздерін қалыптастыру; олардың инфрақұрылымы мен ресурстық қамтамасыз етілуін жаңғырту Қазақстан Республикасында шағын жинақты мектептерді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеудің өзектілігі мен қажеттілігіне негізделеді.
Тұжырымдаманың мақсаттары мен міндеттері
Мақсаты:
ШЖМ-ны дамыту стратегияларын және оқушылардың сапалы білім алуға конституциялық құқықтарын іске асырудың тетіктерін айқындау.
Негізгі міндеттері:
Сапалы білім алу мен табысты әлеуметтенуге бірдей қол жеткізу мен тең мүмкіндіктердің мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз ету; ШЖМ-ны дамытудың нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық-экономикалық негіздерін қалыптастыру; ШЖМ-ның басқару, ғылыми-әдістемелік, оқу-дидактикалық және ақпараттық-коммуникациялық ресурстарын дамытудың пәрменді тетігін әзірлеу; ШЖМ-ны білікті кадрлармен қамтамасыз ету тетігін айқындау; ШЖМ инфрақұрылымын жаңғыртуды қазіргі заманғы талаптарға сәйкес жүзеге асыру.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz