Цифрлық экономика жағдайындағы ауыл шаруашылығы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

«Цифрлық экономика жағдайындағы ауыл шаруашылығы»

Тулеген Диана Ерболқызы

«Қаржы» мамандығы, 2- курс

Бизнес және құқық жоғары мектебі,

Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті, Алматы қ., Қазақстан

diana. tolegen0303@gmail. ru

Ғылыми жетекші:Жадыгерова Онайхан Жадигеровна, Алматы қ., Қазақстан

olia_kz@. ru

Аңдатпа . Мақалада цифрландыру элементтерін пайдалана отырып ауыл шаруашылығындағы негізгі мәселелерді қарастыру. Ауыл шаруашылығындағы қазіргі заманғы басқару цифрлық экономика бөлігіндегі инновациялық әзірлемелерді қоса алғанда, салалық экономиканың стратегиялық даму элементін құрайды. Салалық цифрландыру өңірдің ауыл шаруашылығы салаларын жедел қарқынмен дамытуға мүмкіндік береді деген қорытынды жасалды.

Түйінді сөздер: Агроөнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сала, нарық, субсидия, цифрлық экономика.

«Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарып алатын кез келді. Жер - біздің ортақ байлығымыз және оны кім игерсе, соған тиесілі болуы тиіс… Бұл - өте маңызды мәселе. Мұны шешпей, отандық агроөнеркәсіп кешенінің сапалы дамуы мүмкін емес» . Қ. Тоқаев

Жаңа ғасыр адамзатқа жаңа проблемалар туғызады, атап айтқанда: планетаның өсіп келе жатқан халқын тамақтандыру, сапалы тамақ өнімдері мен қызметтерге сұранысты қанағаттандыру, агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарында еңбек өнімділігін арттыруға қол жеткізу.

Қазіргі таңдағы агроөнеркәсіптегі негізгі мәселелердің бірі саланы қайта жаңарту және мемлекеттің халқын отандық азық-түлік өнімдерін қамту қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіптің тиімділігін арттыру.

Ауыл шаруашылығы-ақпараттық технологияларды қолдану үшін мінсіз орта. Осыған байланысты республиканың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің жаңа жағдайларда тиімді және тұрақты жұмыс істеуі үшін олардың ішкі резервтерін анықтауға, сыртқы салымдарды тартуға, сондай-ақ ұйымдық құрылымдарды қайта құрылымдауды жүргізуге және басқару жүйелерінің реинжинирингін орындауға мүмкіндік беретін озық ақпараттық технологияларды қолдану қажет.

Экономиканың тірегі саналатын агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру арқылы ел табысын еселей түсу - маңызды міндет. Себебі бүгінде көптеген дамыған елдер бұл салада әлдеқайда алға озып, цифрлы технологияның игілігін барынша көріп отыр.

Біздің еліміздің экономикасында аса маңызды орын алатын салалардың бірі - ауыл шаруашылығы саласы болып табылады. Ішкі нарықты қажетті азық-түлік түр­ле­­рімен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етумен қатар, шетелге шығарудың да мүмкін­дік­­тері мол. Жеріміз құнарлы, мал, астық өсіруге қолайлы. Жайылым-шабындық жет­кі­лікті. Сондықтан да біздің еліміз үшін әлемдік экономикаға ықпалдасу маңызы зор мәселелердің бірі болып табылады. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру біз үшін-әлемдік бәсекелестікке қатысу, ең алдымен бұл жерде тұтынушылардың мүддесінің сақталуы яғни сатылатын зат неғұрлыс сапалы әрі бағасы тиімді болса, соғұрлым өтімді болады. Дегенмен де экспортқа қарағанда импорт үлесінің басымдығы табиғат берген ен байлықты тиімді пайдалана алмай отырғанымызды көрсетеді. Мәселен, ет өнімдерінің - 33, ірімшік пен сүзбенің - 42, шұжықтың - 45, сарымайдың - 36, құс етінің 54 пайызы өзге елдерден та­сы­малданады.

Әлем елдерінде қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын цифрландыру қарқынды түрде жүріп жатыр. Уақыт өткен сайын бұл салада неше түрлі жаңа технологиялар пайда болып, олар жедел түрде өндіріске ен­гізілуде. Мәселен, Еуропадағы компания­лар енді егістік жағдайын зерттеумен ай­на­лысатын дрондарды да шығара бас­тады. Бұл машиналар фермерлердің егіс шы­ғымдылығын алдын ала болжап бі­лу­леріне жағдай туғызуда.

Мәселен, егіске күтім жасаумен қатар, өнім жинауға көмектесе алатын роботтар да шығарыла бастады. Солардың бірі - AGROBOT компаниясы әзірлеген испаниялық SW6010 роботы өзіне орнатылған камера ар­қылы піскен жемістерді айқындап, оларды ке­сіп алуға қабілетті екен. Ал Аустралияның Сид­ней университетінің ғалымдары әзірлеген ро­бот өсімдіктер арасынан арамшөптерді ажырата алады.

Лондонда жердің тапшылығына байланыс­ты жер астынан өнім өсіретін фермалар пайда бо­луда. Осыдан біраз жыл бұрын пайда болған осын­дай бір ферма қожайынның ресторанын көкөніс түрлерімен қамтамасыз етуге арналыпты. Мұнда 20-дан астам көкөніс түрлері өсіріледі екен. Жер астындағы фермада күннің орнына диодты шамдар пайдаланылуда.

Нидерландтағы Маастрихт универ­си­те­тінің ғалымдары малдан алынған тканьдер көмегімен зертханада ет өсіруге 2013 жылдан бастап кіріскен болатын. Олар өздерінің қолдан жасап шығарған еттерінен әзірленген алғашқы гамбургерді жұртшылыққа көрсетіп те үлгерді. Әзірге мұндай еттің 1 килограмның құны 2, 5 миллион доллар тұратын көрінеді. Себебі оны жасап шығаруға біраз шығын жұмсалған. Алайда технология толық әзірленіп, ол өндірістік негізге көшірілген кезде мұндай ет бағасын 65 долларға дейін төмендетуге болады екен. Ал оны қолдану жаппай етек алған кезде баға бұдан да төмен түсе бермек.

Неліктен бүкіл әлемде ауыл шаруашылығын цифрландыру жедел қарқын алуда?

АҚШ, Канада және Австралия сияқты дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, цифрлық технологиялар осы дәстүрлі саланы түбегейлі өзгертеді. Заманауи геоақпараттық жүйелер мен түрлі қайнар көздерден алынатын үлкен деректер топырақтың азып-тозуынсыз әрі ресурстарды ұтымды пайдаланумен жоғары өнімді алуға мүмкіндік береді. Өнеркәсіптік заттар интернеті қашықтықтан басқара отырып, автоматтандырылған фермаларды құруға мүмкіндік береді. Дамыған логистика жүйесі мен электрондық сауда ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын сақтай отырып, тіпті оларды шағын фермерлік шаруашылықтарға да соңғы тұтынушыға дейін жеткізудің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл ұлт денсаулығын сақтау тұрғысынан да, экспорттық әлеуетті іске асыру тұрғысынан да экологиялық таза өнімді өндіруді сақтау мен дамытудың маңызды факторы болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығында цифрлық технологияларды қолданатын ауыл шаруашылығы өндірушілерінің үлесі көп емес, бұл өнімділіктің өсуін және шығыстардың қысқаруын шектейді. Бұдан басқа, ауыл шаруашылығына арналған жерлер не мақсаты бойынша пайдаланылмайды, не тиімсіз пайдаланылады, және бұл оны үлкен аумақ, халықтың тығыз орналаспағандығы және жерлердің жай-күйі мен пайдалануды мониторингтеудің қажетті инфрақұрылымының болмауы салдарынан қысқа және ұзақ мерзімді перспективада талдау мен болжаумен бақылауға қиын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында дамыған агроөнеркәсіп кешенін құру мәселесін көтерді. Онда ауыл шаруашылығы саласының еліміздің негізгі ресурсы бола тұра, барлық мүмкіндіктері мен әлеуеті толық пайдаланылмай тұрғанына назар аударылды. Сонымен қатар, ол ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді игеруді қолға алу, фермерлерге өз өнімдерін сыртқа шығарып өткізу үшін барынша қолдау көрсету, салаға шетелдерден инвесторлар тарту мәселелерін шешуді атап көрсеткен болатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Цифрлық технологиялар олардың пайдалылуы
Ауыл шаруашылығын цифрландыру терминдері
Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесі
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер ресурстарын басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету
Цифрлық экономика үшін адами капиталды дамыту
Ауыл шаруашылығының инновациялық әлеуетінің қаржылық тиімділігін талдау
Цифрлық технологиялар мен әлеуметтік өзара әрекет
Туристік саланы дамыту перспективалары
Агроөнеркәсіптік бизнесті дамыту Қазақстанның экономикалық өсу драйвері ретінде
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУГЕ ЫҚПАЛЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz