Жан қазынасы - адамгершілік негізі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
АТЫРАУ ИНЖЕНЕРЛІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ КОЛЛЕДЖІМЕКЕМЕСІ

Бекітемін
Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
_________ Текешова.С.Қ.
____ ____ 2021ж

Жан қазынасы-адамгершілік негізі

Ұйымдастырушы:Мұса.Ә.Н

Атырау 2021

Шараның тақырыбы: Жан қазынасы - адамгершілік негізі
Мақсаты: 1. Білімдік-танымдық: Студенттердің білімдік дағдысын қалыптастыра отырып, діни бағыттағы сауаттылығын жетілдіру арқылы сөйлеу тілін дамыту, адамгершілік қасиеттерін шыңдау.Әр ортада өздерінің жан-жақтылығын жетілдіру, таныту, толераттылыққа баулу.
2. Тәрбиелігі: Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: студенттердің логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, рухани дүниесін жетілдіру.
Міндеті: 1. Бәсекеге қабілетті дені сау, жан-жақты, білімді, сауаттылығы жетілген тұлға даярлау.
2. Студенттердің өз ойларын ортаға салып, ашып айта біліуге дағдыландыру.
Түрі: Пікіралысу
Әдісі: Парламенттік шоу бағдарламасы желісінде (миға шабул жасау,сыни тұрғыда ойлауға үйрету әдісі)
Көрнекілік: Мультимедиялық тақта, бейнетаспа, нақыл сөздер, мақал- мәтелдер т.б.с
Тәрбиелік бағыты: Ақыл-ой. Рух. Адамгершілік.
І. Ұйымдастыру бөлімі
Студенттерге Балам, анау не? атты жағдаят сұрақтарына ой жүгірту.
Ата-ананың ақысы дегенді қалай түсінесіңдер? деген сұрақ беріледі. Сұраққа студенттер топтасып жауап береді. Бүгінгі шарамыздың негізін аша отырып шара жалғасады.
ІІ. Шараның бағдарламасымен таныстыру.
1. Шындық пен сұмдық атты бейнетаспаға назар аударылады.
2. Адамның жан қазынасын қалай түсінеміз? (көрермендерге сұрақ беріліп, пікірлесуге мүмкіндік жасалады).
3. Ата-ананың қадірін, адам қасиетін, жан қазынасын түсіну.(халық, заңгер, ғалым пікірлері).
4. Рухани бастауымыз Ислам дінінде емес пе?
5. Алтынбек Қоразбаевтың Әке мұңы термесін тыңдау.
6. Шағын логикалық сұрақтарға жауап.
ІІІ. Қорытынды бөлімі .
1. Тренинг ойыны Білгенге маржан (әр оқушының бір сөзбен өз ойын қорытуы ).
2. Мен топтастыру рефлекциясы , Не білдік?
Шараның барысы.
Топ жетекшісінің сөзі: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, студенттер және бүгінгі шарамыздың арнайы қонақтары!
(Шараның мақсаты мен міндеттері, жүрісі, мазмұны және өту барысы таныстырылады.)
Сынып жетекшісі сөзінен кейін Балам, анау не? атты жағдаятты шешуге уақыт беріледі.
Жағдаят: Балам, анау не?
...Ертеде бір үлкейген қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:
* Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін,-депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп әкесі:
* Балам, анау не? деп сұрапты.
* Ол-түйе-деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда баласы:
* Ол-түйе,түйе !Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің?-деп ренжіпті. Сонда әкесі:
* Балам, кішкене кезіңде мен ауыр тірліктен шаршап келіп отырсамда, сенің Анау не, мынау не? деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір депті.
(Студенттерден осы жағдаятқа орай ата-ананың ақысы дегенді қалай түсінетідіктері сұралады.)
-Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен- демей ме халқымыз.Сіздердің қысқаша ойларыңызды білдік, олай болса ендеше бағдарламамызды жалғастыра отырып орнымызға жайғасайық.
Мұғалім сөзі:Өздеріңізге белгілі қазіргі жаһандану үрдісінде елімізде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер
Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан
Оқушыларға ұлттық тәрбие берудегі халықтық педагогиканың рөлі
Мектепке дейінгі жаста ойын әрекетінің маңызын көрсету
Мәдениеттің әртүрлі элементтерінің қызметтері
Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық сезімін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту жолдары
Қазақ хандығы тұсындағы ақын - жыраулардың психологиялық тағылымдары
Халықтық тәрбие әлеуметтік-педагогикалық құбылыc
Жарқын заманға жалғыз аяқ жол тартқан ақын
Пәндер