Сөз тіркесі синтаксисі, оның зерттеу нысаны мен салалары


Сөз тіркесі синтаксисі, оның зерттеу нысаны мен салалары
Жоспары:
- Тілдегі грамматикалық бірліктер.
- Сөз, сөз тіркесі және сөйлем.
- Сөз тіркестерінің құрамы м ен құрылысы.
- Түйдекті тіркестер.
Грамматикалық құрылыстың өзінше дербестігі, ерекшеліктері бар топтарын - грамматикалық единицалар - тұтастықтар дейміз. Солардың басты топтары сөз тіркесі, сөйлем. Бұлардың әрқайсысы әр алуан бөлшек - бөлімдерден құралғанымен, бәріне тән, бәріне ортақ белгілеріне қарап, оларды тұтасқан, тұтасып ұласқан бөлшектер тобы деп танимыз. Мысалы, сөздің дыбыс құрылысы, лексикалық, грамматикалық мағыналары болады, сөз тіркесінің құрамына еніп адамның ойын, сана-сезімін білдірудің бөлшек-тері қызметін атқарады. Балықтың өмірі суда болатынына, сөздің өмірі сөз тіркесінің, сөйлемнің құрамында болады. Әлемдегі жан-жануарлардың күнелту табиғи айналасы болатынындай сөздің, сөз тіркесінің де «табиғи» жұмсалу «айналасы», өмір сүру жағдайы болады. Бұлардың сондай шоғыр-ланған ұясы да, өмір сүру қызметі де сөйлем ішінде жұмсалуы болады.
Осындай қарым-қатынастың нәтижесінде әрбір грамматикалық едини-цалар тілдің қарым-қатынас жасау қызметіне ортақтасады. Сол үшін сөз сөз тіркесінің құрамына, сөз тіркестері сөйлемнің құрамына еніп, ой, пікір тұтастығын құрастыруға қатысады.
Сөйтіп, сөз тіркесі дегеніміз сөз бен сөйлемнің арақатынасынан шыға-тын басты синтаксистік единицаның бірі деп есептеледі, оның жұмсалу заңдылықтарын айқындаудан бұрын синтаксистік басқа единицалардан айры-латын қандай ерекшеліктері, жақын ұқсастықтары болады.
Ұласқан бөлшектері қаншама өзара тығыз байланыста болатындықтан ол бөлшектер бірінің қызметін басқа біреуі де (кейде, орайы келгенде) атқаруы мүмкін емес пе? Көркем әдебиетте: - Түн. Мидай дала. Қараңғы түн. Келді ме? Келмеді - сияқты сөздер мен сөз тіркестері сөйлем қызметінде жұмса-лады. Соған қарап сөзді, сөз тіркесін сөйлеммен айырып танудың керегі жоқ деуге бола ма? Соны дәл солай айтпаса да тіл білімінің көрнекті ғалымдары олардың арасына «сына қағып » екі айырып тастау керек екенін уағыздады.
Егер сөйлем қарым-қатынас жасаудың, адам ойын білдірудің негізгі формасы болса, сөз тіркесі және сөз - сөйлем құраудың материалдары. Өзара тығыз байланыстағы бұл үш грамматикалық категорияның әрқайсысына тән өзіндік айырмашылықтары болумен қатар олардың бастары түйісетін де орындары болатыны да белгілі.
Сөз тіркесі кемінде толық мағыналы екі сөзден құралады. Олар сөйлем құрамында жасалатындықтан, бұлардың ерекшеліктерін білу керек.
Сөз тіркесін сөйлеммен айырып тану керек? - деген мәселе көп ғалым-дарға түрліше ой салған болатын. Көптеген ғалымдар, В. В. Виноградов бас болып, сөз тіркесін номинативті , сөйлемді - предикативті деп танитын болды. Осылай сөз тіркесін «номинатив » деп тану оны « сөз » дегенмен бір-дей деп санауға саятындықтан, оған басқаша анықтама, сипаттама берушілер болды. Мысалы, Н. А. Баскаков екі синтаксистік единицаларды ( сөйлем мен сөз тіркесін ) қарама-қарсы екі түрлі ойлау процесінің тілдегі көрінісі деп табады: абстракциялау, конкреттеу . Солардың бәрі - өзара тығыз байланыс-та, бірінсіз-бірі бола бермейтін екі түрлі синтаксистік тұтастықты екі бөліп оқшаулауға лайықтанған сипаттамалар.
Сөз тіркесіне, сөйлемге материалдық негіз болатын - сөз . Сөз тіл білімінде лексикология мен семасиологияның зерттеу нысаны болуымен қатар, грамматикада да әр түрлі ыңғайда қарастырылады. Сөздердің құрамы, тұлғасы, жасалу жолдары, олардың грамматикалық мағыналы топтары морфологияда қаралады. Ал сөздің сөз тіркесінің сыңары болуы, сөйлем мүшесі, кейде сөйлем қызметтерінде жұмсалуы синтаксисте қаралады. Сондай-ақ тіркескен сөз топтары да әр түрлі ыңғайда қарастырылады.
Сөз, негізінде, дараланған ұғымды, лексика-грамматикалық мағынаны білдіреді. Олар мағыналық үйлесімділігіне қарай тілдің синтаксистік ереже-лері негізінде әр алуан лексикалық және синтаксистік топ құрау арқылы сөйлем ішінде айтылады. Қарым-қатынас жасау үшін ойды айтудың негізгі формасы сөйлем болса, сөзді сөйлем құраудың материалы деп білеміз. Сон-дықтан «Ас - адамның арқауы» дегендей, сөз - ой құраудың арқауы . Сөздер қажеттіктен өзара тіркеседі, тіркесу арқылы сөйлемге енеді. Осыдан келіп сөздердің өзара тіркесе алу қабілеттілігі олардың ең басты грамматикалық қасиетінің бірі болып есептеледі.
Сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі әрбір грамматикалық топтағы сөздердің мағыналық және грамматикалық ерекшеліктеріне негізделеді. Оның үстіне тіркескен сөздер тобының сапасы әр уақытта бір түрлі болмайды, әр алуан болады. Мысалы, екі, кейде одан да көп сөздер тіркесіп бір лексикалық түйдек жасалады ( ақ қайың, боз торғай, кетіп бара жатыр ) ; кейде екі не одан көп сөз тіркесіп синтакситік тізбек жасалады ( қарлы тау, желсіз түн ) .
Лексикалық және басқа түйдекті тіркестер « сөз тіркесі » деген катего-рияға жатпайды. Лексика-грамматикалық мағыналары айқын сөздердің бірі-не-бірі сабақтаса бағынап барып жасалған синтаксистік тобы ғана сөз тіркесі деп есептеледі. Өзара тіркескен сөздердің синтаксистік тобын сөз тіркесі деп тану үшін, оның мынадай белгілеріне қарау керек;
- сөз тіркесінің құрамында кемінде толық мағыналы екі сөз болады;
- ол сөздердің бірі екіншісімен сабақтаса, мағыналық және синтаксистік байланыста айтылады. Олар салаласа байланыспайды, тек сабақтаса байла-нысады.
- тіркескен сөздер анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста жұмсалады.
Сөйтіп, синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз.
Сөз тіркесі - сөйлем құраудың шоғырланған материалды бөлшегі. Олар сөйлемнен тыс тұрғанда жалаң сөздің жайылмаға айналуы сияқты да, сөйлем ішінде сөздер тізбегінің ұласқан бір бунағы тәрізді. Соңғы жағдайда сөздің жайылмаға айналу қасиеті күңгірттеніп, сөз тіркестерінің қосақталу жігі білінбей, тұтасып та кетеді. Өйткені бір сөз тіркесінің бір сыңары, екінші сөз тіркесінің басқа бір сыңарымен тіркесіп, кейде кірігіп, ұласып, ұштасып жатады. Мысалы, кең үй, екі терезе, үлкен терезе дегендер - жалаң сөздердің жайылмаға айналу ыңғайындағы сөз тіркестері.
Сөздер синтаксистік топ құрап сөз тіркесі болғанда, олардың құрамына әр алуан сөздер енеді. Ол сөздер түрлі-түрлі морфологиялық тұлғаларда айтылады. Сөздердің ол тұлғалары, лексика-грамматикалық мағыналары тіркескен сөздердің қарым-қатынасына үйлесімді айтылады.
Кез келген сөзді бірімен-бірін тіркестіре салуға болмайды. Өзара мағыналық байланыста айтыла алатын сөздер ғана синтаксистік байланыста, белгілі сөз тіркесінің құрамында айтылады. Мысалы, үркек сөзі жанды заттың сынын білдіреді. Онда да оны үркек ат, үркек бие, үркек тайлақ дегендей сөз тіркесін айтуға болады, ал үркек ешкі, үркек бала деу ерсі болады.
Сөйтіп, сөз тіркесінің құрамына өзара тіркесу қабілеті бар сөздер енеді. Әдебиетте « терең бұрғы», «аналық қой», «сауда нүктесі » сияқты тіркестер кездеседі. Мұндайлар теңін таппай тіркескен сөздер болғандықтан, стильдік қате деп есептеледі.
Көркем әдебиетте бір затқа тән қасиетті басқа затқа телу арқылы сөз кестелерін әшекейлеуге болады. Ондайда әдеттегіден өзгеше ойнақы тіркестер жасалады. Мысалы, Асау Терек долданып, буырқанып . . . дегенде, Абай асау сөзін Терек (өзеннің аты) сөзімен тіркестіріп айту арқылы ол өзеннің көркем бейнесін көз алдыңа елестете қояды. Сондай-ақ асау сөзі әдетте, асау ат, асау тай сияқты құрамда кездесетін болса, көркем әдебиетте асау жел (Иса), асау қиял (Жамбыл), асау жүрек (Абай) тәрізді тіркестер де кездеседі. Мұндайды метафоралық тіркес дейміз.
Енді бір қатар тіркестер құрамы мызғымайтын берік болады, мысалы: жүрегі шайылу, қаһарын төгу, тілін тигізу, көз қырын салу. Бұлардың құрамын өзгертіп айтуға болмайды. Мұндай тіркестерді тұрақты тіркестер дейміз. Тұрақты тіркестер өз алдына сөз тіркесі болмайды, тек сөз тіркесінің бір сыңары бола алады. Мысалы: Балаларға көз қырын сала жүр, әкеңе тілің тимесін!
Сөз тіркесінің құрамы, көбінесе, еркін болады. Мысалы, жақсы, биік, ақылды сөзін толып жатқан зат есімдермен тіркестіре беруге болады : жақсы кісі, жақсы бала, жақсы жайлау, жақсы ырым, жақсы ниет, биік ағаш, биік там, ақылды оқушы, ақылды қыз.
Осылардай құрамын өзгертіп айтуға болатын тіркестерді еркін тіркес дейміз.
Өзара тіркескен сөздің бірі екіншісін өзіне бағындырып тұрады. Сондық-тан сөз тіркестері сабақтаса байланысқан екі сыңардан құралады: бірі - сөз тіркесінің ұйытқы бөлегі, сөз тіркесінің грамматикалық діңгегі - оның басың-қы сыңары, екіншісі - оған қатысты және тәуелді бөлегі - оның бағыныңқы сыңары. Мысалы, Жаздың көркі енеді жыл құсымен (Абай) дегенде екі сөз тіркесі бар:
- Жаздың(бағыныңқы) көркі(басыңқы) ;
- Жыл құсымен(бағыныңқы) енеді(басыңқы) .
Сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің морфологиялық құрылысы әр түрлі болады: бағыныңқы сөз басыңқы сөздің кейде мағынасына үйлесе тұлғаланады, кейде грамматикалық формасына сәйкес тұлғаланады. Мысалы, кітап оқып, хат жаздық деген екі сөз тіркесінің бағыныңқы сөздері (кітап, хат) жалғаусыз табыс септігінде айтылған. Солай болуға басыңқы сөздердің қосымшалары - п (оқып), - дық (жаздық) себепкер болып тұрған жоқ, оқы, жаз етістіктерінің сабақтастық мағынасы себепкер болып тұр. Сондай-ақ кітапханадан шықтым, атқа міндік деген сөз тіркестеріндегі бағыныңқы сөздер шығыс, барыс жалғауларында айтылған. Сол жалғауларды керек етіп тұрған - басыңқы сөздердің қосымшалары - тым, -дік (міндік) емес, шық, мін етістіктерінің лексикалық мағыналары.
Қазақ тілінде енді бірқатар сөз тіркестерінің екі сыңары да белгілі морфологиялық тұлғаларда, олар бірімен-бірі байланысты болады. Мысалы, күннің сәулесі, менің түсінгенім дегендерде сөз тіркестерінің алдыңғы сыңарларының ( күннің, менің ) ілік септікте айтылуы басыңқы сөздердің тәуелдік жалғауларда ( сәулесі, түсінгенім ) айтылуымен байланысты және керісінше.
Сөйлем ішінде сөз тіркестері екі түрлі ыңғайда құралады:
1. Сөз тіркестері тізбектеліп, ондағы сөздер біріне-бірі сатылана байланысады. Мысалы, Жолаушы үлкен ағаштың қөлеңкесінде жатыр екен дегенде, үлкен сөзі ағаш сөзіне бағынып, бір тіркес, ағаштың сөзі көлеңкесі дегенмен байланысып, екінші тіркес жасаған, ал көлеңкесінде сөзі жатыр екен етістігімен тіркескен.
2. Кейде сөз тіркестерінің құрамындағы бірнеше бағыныңқылар бір басыңқыға ортақтасып тұрады.
Сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары қара сөзден құралған сөйлемдерде басыңқыдан бұрын тұрады, өлеңді сөйлемдерде керісінше орналасуы да мүмкін.
Сөз тіркестерін дұрыс талдай білу үшін, олардан басқа тіркестердің түр-тұрпаты қалай болатынын жақсы білу керек.
Өзара байланысты тұрып, тобымен сөз тіркесінің құрамына енетін тіркестер түйдекті тіркес болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz