Параллель романы - мәңгілік махаббаттың мекенін іздеу

«Параллель» романы - мәңгілік махаббаттың мекенін іздеу
Өмірде қиылыспайтын бұралаң жолдар көп. Бір-біріне ұқсас жолдар, бірақ бағыты бөлек. Жолы тоғыспаса да, сана саңылауында түйісуін қалайтын басты кейіпкердің бағыты параллель жатқан Аяның жолына ұмтылу. Ал параллель жатқан жолдың бір-бірімен қиылыспайтыны заңдылық. Адам тағдыры да сол іспеттес. Романды оқып, автордың өмір мен өлім жайлы көп ізденгендігін және көп ойланатындығын аңғаруға болады. Романда кездесетін «өлім мен өмір» концептісі Шоқанның мотоциклмен болған оқыс жағдайынан-ақ басталып кетеді. Тіпті Ая мен Шоқанның Төлебаев көшесінің бойындағы серуендерінде де осы өлім туралы сөз қозғалады.
Романдағы мәтін ішіндегі мәтіндерге қарап, көркем туынды өзі жазылғандай әсер қалдырды, яғни автордың қатысуынсыз көркем сөздің құдіретінің көмегіндей.
Туындыда қазіргі заман жастарының қолданысындағы сөздердің кейбіреулері шығарманың шынайылығын танытады. Автордың солай шығарманың «дәмін» келтіруге тырысқанын байқауға болады.
Шығармадағы «Үштаған» - Шоқан, Ая, Мира. Шоқанның жан қалауы Ая болғанымен де, өз тағдырын Мирамен байланыстырып, отау құруы, үштағанның басында өзі тұрып параллель жатқан екі нүктенің бірін ғана таңдап кетуі, шығарма тақырыбын аша түседі.
Рухани құндылықтардың материалдық қажеттіліктердің қасында мәні ашыла беретіндігі, екеуінің таразы басындағы қайсысының бәсі басым түсерін, шығармадағы кейбір детальдардан аңғарсақ болады. Арсланның үйінде болған «paty»-да, яғни, бас қосуда Аяны ренжіп қалып, бір айдай жолықпай көріп тұрған беті сол болатын. Аяның жасыл жанарына тіктеп қарай алмай, жалғыз өзімен өзі болғысы келгені Шоқанның болмысын танытуға бір табан жақындайды. Арсланның үйінің әлетіне қарап, бірнеше адамның басын қосып көңілді кеш ұйымдастыруын өзінің кішкентай ғана 57 шаршы метрлік үймен салыстыруы басты кейіпкердің өзіндік «Менінің" ашылуына кедергі келтіретіндей. Шоқан өзінің және Арсланның тұрмысын параллель қойып сипаттайды. Шоқанның сол кездегі өзін-өзі құнсыздандырып жіберуін көп адамның басында болатын психология десек болады.
«Түс көру» мотиві. Рахат Әлішер виртуалды бейне жасауда «түс көру» мотивін таңдаған. Оны шығармадағы Ая туралы немесе өзінің әке-шешесі туралы көрген түсінен аңғарамыз. « Екеуінің дауыстары жарқын-жарқын. Әкем қайта-қайта бірдеңені ойлап кете ме, сәлден соң-ақ, тұнжырап шыға келер еді . . . Тағы да еңсесі түсіп кеткенде шешем оны белімен қағам деп, ьимей қалды ма, әлде әкем кенет жоғалып кетті ме, анам мені құшақтаған күйі құлап бара жатты . . . Шешемді итеріп, өзім не бола да, басым жарылса да, аяқ-қолым сынса да, жерге құдағым кеп, жерге жеткім келді, ал анам мені мықтап ұстап алған, жібермейді . . . «Жіберші» деп айқайлағым келді, бірақ әлгі бір үрей менің тілімді байлап тастаған . . . Кенет . . . «Бұл түс қой» деймін ішімнен . . . «Мен оянуым керек» деймін ішімнен, бірақ ояна алар емеспін. Түстің ең тереңіне еніп кеткендей, түс екенін біле тұра, ояна алмағанымнан жанұшыра айғайлаймын кеп», - деп келетін мәтінге зер салсақ, Шоқанның өңінде де түс көріп, тура жолдың бағытын таппай жүргендей сезінді. Осы түсіндегі анасының бір қолынан жібермей, қайда болса да сонда бірге құлайық деген ойы басты кейіпкердің еркіндігіне тұсау салатындай, тіптен Шоқанның өз ойының да кісендеулі екенін аңғардым. Ол өңінде де түс көріп жүр. Түстің елесімен өз-өзіне виртуалды бейне жасап алып, лабиринттің ішінде шығар есігін таппаған ойыншы сияқты. Ая - оның жасап алған виртуалды бейнесі. Аяның қателігін мойындағысы да келмейтіні сондықтан шығар.
Болашақ қалыңдығы Мирамен алғашқы жұбайлық өмірдің сценариін құруы жеңіл сипатталған. Жазушы ер азамат болған соң ба, әйел психологиясын берудегі шеберлігін сезіне алмадым. Мираның Шоқанмен болған ыстық сезім айқасы соншалықты оңай дәрежеде. Қыздың асыл қазынасын соншалықты ойланбай-ақ, ортадағы екі шешенің ренішінен болған ситуацияның нәтижесінен жігітке ұсынуын өз басым қателік деп түсіндім. Бәлкім махаббат деуге де келмейтін алдамшы нәпсінің жетегі. Осы картинадан кейін, көпшілік жастардың осындай қателікке ұрынып қалмаса екен деген тілегім бар. Мираның ақ некенің қиылмай жатып бүкіл құндылығын жойып жібергенінен, Шоқанның оны жақсы көруін талап ету де ыңғайсыз шығар. Бірақ Шоқанның өзі айтпақшы «қан алдындағы жауапкершілікті» өзі мойнына алып, онымен некелесу міндеті.
«Шаршап кеттім. Шынымен. Бәрінен. Ешкімге шындығымды айта алмайтынымнан . . . Бітпейтін дегбірсіздік» - деген Шоқанның ойынан, шындықты айта алмағанынан емес, қоғамның сол шындықты қандай кейіпте қабылдауын естуден қорқатынын аңғаруға болатын шығар. Бар сырын тек қаламына жүктейтін жазушының романды жазудағы мақсаты сол шындықпен бетпе-бет келу.
«Менің ұзақ уақыт бойы анамнан тәуелсіз болуға ұмтылуым - әйел затын жеңуге, одан үстем болуға итермеледі ме, білмеймін. Әлде сүюді білмеген адам махаббатты «соғысқа» айналдырып жібергіш келе ме?» деп келетін Шоқанның ойынан әйел затына деген өкпенің барын және де сол себепті Аяны бұрынғы жігіті Алмаспен бірге тұрған сәтін ұстап алуға тырысуынан байқасақ болады. Ая мен Алмастың бірге тұрған сәтінен кейін оған деген барлық сезімнің жиынтығы жек көрушілікке ұласуы бұл махаббаттың қаншалықты шынайы танытады деген сауал туады.
Басты кейіпкер Аяға емес, оның жасыл жанарының арғы бетінен тіл қататын Нұрға ғашық. Демек, Аяның жанарындағы Нұр - авордың жасаған виртуалды бейнесі.
Шығармадағы «Адамның жанында жүріп-жүріп, оған өзіңнің образыңды құйып тастайды екенсің-ау» деп келетін жолдарға бағамдап қарасақ, Шоқанның өз образын өзі көргісі келуі, соны достарынан іздейді, тіпті қоғамдағы махаббаттың, шындықтың белгіленген «рамкасын» өзі сипатағандай көргісі келеді.
«Еркіндікке ұмтылу» архетипі. Бұл архетипті кезінде өзге де шығармалардағы әйел затының еркіндікке ұмтылуын, өз теңін табуға талпынуын, өзі қалағандай жарқын өмірге қол созғанын көзіміз шалды. Ал аталған романда Шоқанның «Өз тағдырыңа өзің үлес қоса алмау - қандай аянышты еді . . . » деген сөзінен оның еркіндікке деген аңсарын танытады. Өзінің өміріне үлес қоса алмай, анасының айтуымен жасаған жұмысы, Мираға да жүрек қалауынан гөрі, ақылдың жетегімен, бәлкім алдын ала жұмсалған нәпсісінің еруінен баруы, тіпті кейіпкердің ерік-жігерінің шыңдалуын керек ететіндей.
Бұл шығарма жастардың махаббат әлеміндегі нәзік болмысты, еркіндік пен тәуелділікті, ақыл мен нәпсіні, сезім мен сенім, үнсіздік пен жаңғырық, шарасыздық пен батылдықты танытатын туынды. Бұл - менің субьективті пікірім.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz