Балаларды логопедиялық тексеру


Балаларды логопедиялық тексеру.
1) дыбысты дыбыстауды тексеру; 2) фонематикалық естуді тексеру; 3) сөздің буындық құрылымын тексеру бойынша жүргізілді.
І. Дыбысты дыбыстауды тексеру
Баланың дыбысты буындарда, сөздерде, сөйлемдерде, мәтіндерде жеке қалай айтатынын тексеру керек. Оған зерттелетін дыбыс түрлі күйде туған сөздерді қайталау, суреттерді атау беріледі, мысалы, сөздің басында, ортасында, соңында. Бұл сөздерде қиын дыбысталатын дыбыстардың болмауы керек. Мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, әр түрлі ойын тәсілдерін қолдану арқылы тиімді тексеруді өткізу керек.
Балаларда дыбысты дыбыстауды тексеруге арналған ойындар мен ойын тәсілдері.
- «Сиқырлы қақпақ». Ойын алаңында атауында зерттелетін дыбыс бар суреттер салынған шұңқырлар бар. Сиқырлы қақпақ олардың біреуіне түседі. Сол шұңқырдағы суретті бала атайды.
- «Вертолина». Дөңгелек циферблат бірнеше секторларға бөлінген. Олардың әрбіреуінде сәйкес сурет салынған, циферблаттың ортасында бағдар. Бала бағдарды қозғалыста отырып, оны бір суретте тоқтатады және атайды.
- Көңілді балық ұстау. Қораптың ішінде атауында зерттелген дыбыс бар картиналар салынған. Бала қармақтың көмегімен картиналарды ұстап, оларды атайды.
- «Кім ең байқағыш». Үстел үстінде конверттер жатыр, олардың әр біреуінде қиылған картинаның бөлігі. Бала жеке бөліктерді алып, жетіспейтін жеке бөліктерді іздейді, оны құрастырып, суретті атайды.
- «Сиқырлы рамашка гүлі». Ромашканың әрбір жапырағында зерттелген дыбыс бар сурет салынған. Бала жапырақтарды ашып, суретті атайды.
- «Жұмбақты сандық». Әдемі безендірілген сандықта атауында зерттелген дыбыс бар ойыншықтар салынған. Бала сипап сезу арқылы ойыншықты алады, оны шешіп, атайды.
- «Шыршамызды безендірейік». Үстел үстінде кішкентай жасанды шырша орнатылады. Бала логопедтің сұрауы бойынша картинка-ойыншықтарды шыршаға іледі және оларды атайды.
- «Керісінше» ойыны. Логопед балаға допты лақтырады, аталмыш дыбысы бар тура буынды атайды, ал бала допты қайтара отырып, сол дыбыспен кері буынды атайды.
- «Өз жұбыңды тап». Үстел үстінде бір немесе бірнеше бірдей заттық бейнесімен картинкалар орналасқан, балалар ұнатқан картинканы алып, сода нкейін логопедтің белгісі бойынша бір балада бір заты бар, ал екіншісінде жұптарға бөлінеді. Содан кейін балалар өз картинкасындағы суретті атайды.
- «Күзгі гүлшоғырды жина». Топта ағаш өсіп тұр, оған күзгі жапырақтар контурлары ілінеді. Олардың кері жағында тексерілген дыбыс бар суреттер салынған. Балалар топта серуендеп, музыка тыңдайды. «Листья падают, летят, наступает листопад». Балалар тез ғана жапырақтарды алып, логопедке жақындайды. Содан кейін әрбір бала өзінің жапыағындағы суретті атайды.
ІІ. Фонематикалық естуді тексеру
Дыбысты дыбыстау дағдысын анықтаумен қатар балалар тілінің фонемаларын есту арқылы қалай ажырататынын анықтау керек. Бұл мақсатта логопед тапсырмалар қатарын береді.
- «Тыңда және көрсет». Үстел үстінде дыбысталуы бойынша ұқсас, бірақ мәні бойынша әр түрлі (қас-тәж) сөздерді білдіретін бірнеше сурет жатыр. Логопед ақырын және анық суреттер атауын айтады, ал балалар қажеттісін тауып, логопедке көрсетеді.
- «Кім ең байқағыш». Логопед дыбыстар (буындар) қатарын айтады, ал бала зерттелетін дыбыс бар буынды естісе шапалақтап, немесе туды көтеру керек.
- «Тыңда және қайтала». Логопед балаға дұрыс дыбысталатын дыбыстардан тұратын 2-3 буынды тіркесті қайталауды сұрайды, мысалы, ба-па, па-бапа. Әр дұрыс жауап үшін балаға фишка беріледі. Содан кейін дұрыс жауаптар саны саналады.
- «Буратино әкелген сыйлықтар». Буратиноның сиқырлы қалтасында неше түрлі ойыншықтар бар. Ол оларды атайды, егер балалар олардың атауынан зерттелетін дыбысты тауып алса, ол оны оларға береді.
- «Саяхат». Балалар серуенген орманға барады. Жолда оларға кірпі кездесіп оларды оның инелерінен белгілі бір дыбысы бар суреттерді алғанға дейін жібермейді. Саяхат жалғасады. Жолда себеті бар қызыл телпек кездесіп балаларға атауында зерттелген дыбыс бар ойыншықты ашуды сұрайды. Саяхаттың соңында балалар «сиқырлы» үйшікке келеді. Бұл үйге тек қана берілген дыбысы бар сөзді атағандар ғана кіре алады.
ІІІ. Сөздің буындық құрылымын тексеру
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz