Тофа әдеби тілі
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
гуманитарлық-әлеуметтік пәндер кафедрасы
БАЯНДАМА
Тақырыбы: Тофалар тілі
Орындаған: Пирназарова Лаура Келдибаевна
Тексерген: Тулегенова Шынар Исланбековна
Қостанай, 2022 жыл
Тофа әдеби тілі
Тофа тілі (тофаша - тоъфа дыл, көне атауы - қарағас) - Ресей Федерациясы Иркутск облысының оңтүстік-батысын мекендейтін түркі халықтарының бірі - тофалардың ана тілі. Н.А. Баскаковтың жіктемесі бойынша түрік тілдерінің ұйғыр-оғыз тобына жатады. Н.А. Баскаков осы топқа орхон-енисей түріктері мен ұйғырлардың көне тілдерімен қатар, тыва тілін де жатқызады.
Тофалар - Тофалар бұрынырақта қарағас деп аталған. Бұл қазірде Краснояр өлкесінде тұратын, мыңға толар-толмас этникалык шағын топ. Тофалар тілі туба тіліне жақын, кейбір зерттеушілер соның бір диалектісі дейді.
Тофа (қарағас) тілі - Шығыс Саянды мекендейтін аз санды халықтың тува тіліне жақын сөйлеу тілі. Әдеби тілі де, төл әліпбиі де жоқ.
Тофалар өздерін - тоъфа, ал 1930 жылдарға дейін оларды қарағастар деп атап келген. Бұл атау тофалардың бір руының (қара-һааш) өзгеріске ұшыраған атынан шыққандығы жөнінде М.А. Кастрен және В.В. Радлов жазған. Бұл халық өздерін XIX ғасырдың ортасында-ақ тофалар деп атағандығын Ю.П. Штубендорф келтірген.
Тофалар тілі Шығыс Саян жоталарының солтүстік-шығыс аймақтарына орналасқан, Тофалария деп аталатын, Алыгджер, Жоғарғы Гутара және Нерха ауылдық әкімшіліктеріне тараған. Аталған елді мекендерді осыған дейін көшпелі өмір сүрген тофалар 1920 жылдардың соңында тұрақты қонысқа айналдырды.
1989 жылы жүргізілген халық санағы бойынша тофалардың саны 731 адам (Ресейде - 722), оның 630-ы Иркутск облысында тұрады. Нижнеудинск аудандық әкімдігінің мәліметтері бойынша, 1994-98 жылдары Тофаларияның өзіндегі тофалардың саны 620-697 адам аралығында ауытқып отырған. 2002 жылы жүргізілген халық санағында 378 адамның ғана тофалар тілін меңгергендігі тіркелсе, 2010 жылғы мәліметтерде осы ұлт өкілдерінің 12%-ын құрайтын 93 адам ғана осы тілде сөйлейтіндігі көрсетілген.
Қазіргі тофалар Ресей Федерациясындағы ең саны аз түркітілді халық болып саналады. Ресейде 2002 жылы жүргізілген халық санағы бойынша тофалардың саны 723 адам болса, олардың басым бөлігі (681 адам) ауыл тұрғындары болып табылады. Тофалар өз мәртебелері бойынша Солтүстік халықтарына жатады. Тофалар - аңшылықпен және бұғы өсірумен айналысатын Саян тауларындағы ең ежелгі халықтардың бірі.
Фонетикалық және лексикалық белгілері бойынша тофалар тілі алыгджер және гутара говорларына бөлінеді. Шығу тегі бойынша алғашқы говор - тыва, екіншісі хакас ұлттарымен байланысты.
Тофа тілі ауызша және жазбаша формада қолданылады. Тофа - орыс екітілділік таралған қазіргі уақытта тілді қолданушыларға бұл селоларда мектептерде де оқыту жүйесі орыс тілінде жүргендіктен, жазба тіл ретінде орыс тілін қолдануға мәжбүр етіп отыр. Тофа тілі бастауыш мектептерінде жеке пән ретінде оқытылады.
Тек кейбір тофа тіліне тән белгілер тілдің сыртқы факторларымен байланысты қаралған деуге болады. Сонымен, тофа тілі фонетика саласында ерекше көмей дауыстылар (кет немесе самодий тілдерінің әсерінен деген болжам бойынша) болуымен сипатталады.
Монғол тілдерінің әсерінен тофа тілі акционсартқа тән формалардың жиынтығы және олардан сын есімдер жасалған бейнелі етістіктердің бүтін жүйесі құрылды. Мысалы: қылай-"жар- қырап, жалтылдап көріну" - -қылас қын - "тез және бір рет жарқ ету" - қылас-қылас қын - "бірнеше рет қатарынан тез жарқ ету" - қылан гайын "жолда жарық түсіру" - қылаңна- "бір қалыпты ырғақпен жарық түсіру" - қылағар- "жарқыраған, жалтылдаған". Тофа тілінде акционсарт формалардың бұл жүйесін ұғып және дамытып, оларды шығу тегі жағынан түркі тілдес, жалқы, қалып-күй етістіктері деп екіге бөледі. Мысалы: тур- "түр" турас қын- "кірпік қаққанша тоқтау" турас- турас қын "бірнеше рет кірпік қаққанша тоқтау", - тураң гайын - "ар түрлі уақыт аралығында тоқтау" - тураңна "бір қалыпты тоқтау".
Тофа тілінде дауысты фонемалар жүйесі таза қысқа, фарингаль- көмей қысқа және таза созылыңқылардың ара қатынасынан жасалады.
Мысалы; ат "есім" - аът "ат", аат "баланы тербету". Тофа тілінде 9 таза қысқа фонемалар бар: а, э, ы, и, і, о, ө, у, ү; 9 фарингаль-көмей қысқа фонемалар: аъ, эъ, ыъ, иъ, іъ, оъ, өъ, уъ, үъ, 9 созылыңқы дауысты фонемалар, аа, ээ, ыы, ин, и, оо, өө, уу, үү. Сонымен қатар, ээ фонемасы соңғы буындарда әрдайым әә ашық дауысты болып айтылады.
Дауыссыз фонемалар жүйесі күшті, әлсіз және өте әлсіз фонемаларды қарама-қарсы қою арқылы құрылған. Күшті дауыссыздар әрдайым қатаң (әріптің астына екі сызық қойылады) әлсіз дауыссыздар да қатаң (әріптің астына бір сызық қойылады), жартылай ұяң (қатаң және үяң дауыссыздарына сәйкес келетін екі әріптің тіркесуінен жасалады - мысалы, с-з және үяң (Бұл мақалада тек фонетика бөлімінде ғана сызықтар арқылы белгілеу қолданылады) болып келеді. Мысалы: паш "қазан" - паш баш "жарақат, жара": чоқ-чжоқ "жоқ" ача ачжа "әке", оңгоча оңгочча "қайық", аъсар аҫҫар "асу" - асар-азар "адасу".
Қосымша мәліметтердің көрсетуінше, тофа тілінде фонологиялық сипат алатын тондар жоқ, алайда фразалардың әуен, тен, әуез суреті ерекше бай және мұрын дыбыстарының әсері күшті. Сөз екпіні негізінен сөздің соңғы буынына түседі, мысалы: һемле "көлге", кишині "кісіні", алдыым "мен алдым", алғӑн "алған", ибилӗр "киіктер". Етістіктің болымсыздық жұрнақтарына екпін түспейді, áлба "алма", áлбаан "алмаған", албадым "мен алмадым". Кейде екпін арқылы сөз формаларын ажыратуға болады. Мысалы: барба "аумалы-төкпелі" және барба " барма". Дауысты дыбыстардың созылыңқылығы фонологиялық мағынаға ие. Мысалы, тек дауыстылардың созылыңқылығы ал "ал" - аал "ауыл", ол "ол" - -оол - "ұл, бала", эт "есікті жап" - ээт "өзеннің иреңі", өш "өш" - өөш "өңеш ыт "жібер" - ыыт "дыбыс", үр "үзақ" үүр "көтеру" т.б. сөздерінде ажыратылады. Буын мен созылыңқы дауыстылар- дың ара қатысы зерттелмеген.
Тофа тілі үшін барлық дауысты дыбыстарды таңдай қатысы жағынан (үндестік заңы деп аталатын) қосымшалардың дауысты құрамын реттейтін екі фонологиялық қатарға - алдыңғы және артқы деп бөлу тән: ырық "тесік" - ирик "шіріген ырықтарны "тесіктерді" - ириктэрні "шіріктерін", қаъс "жаңғақты шақ" - кеъс "кес", қаъсқаннар "олар жаңғақты шақты" - кеъскеннэр "олар кесті".
Тофа тілі фонемалардың қолданылуында позиция ерекше әсер ететін тілдерге жатады. Тіл арты дауыстылар, егер олардың арасында морфемалардың түйіскен жерінде тіл орта й тіл алды дауыстыларына айналады да, й жоғалып кетеді. Әдетте й тұрған жерінде алдыңғы (опередненный) дифтонг немесе алдыңғы созылыңқы монофтонг ретінде дамиды: ай "сарана"- аэм ээм "менің саранам ( айым); аңна- "аң аулау" - аңнаэ аңнээ "аң аулай" (аңнайы); буй "шап" бүү "оның шабы" ("бун буйу); өэн-өөн "ойын" ( ойун). Қысаң қысқа дауыстылар ашық дауыстылардың немесе олардан кейінгі позицияда редукцияланады: қылаштап - қылаштап - қлаштап "жаяу"; қулаам - қўлаам - қлаам "менің құлағым", эъсірик - эъсрик "мас". Ашық қысқа дауыстылар әдетте қысан дауысты- лардың алдындағы позицияда жартылай ұзақтылыққа (полу- долгота) дейін созылады: эсім-эсім "жайылма", қолы қолы "оның қолы".
Дауыссыз фонемалар позициясына қарай мынадай қолданыстарға ие болады. Тофа тілінде сөздің алғашқы негізінде мынадай дауыссыздар қолданылуы мүмкін: күштілерден - п. т, ҫ. ш қ ч, алсіздерден - п-б, в, т-д, к-г, к-т, ч-чж, һ, үнділерден - м, н, нъ, р, л. Сонымен, в және р дауыссыздары кейіннен кірген орыс сөздерінің басында (анлаут) қолданылады: вагоон орыс т. вагон, везник орыс т. веник, раама орыс т. рáма, райоон орыс т. райбн. Сөз басында күшті және әлсіз дауыссыздары арасында қарама-қарсылық тіпті болмайды. Тек квазиомо- нимдердің бірлі-жарым жұптарын кездестіруге болады. Мысалы: паш "қазан" - паш баш "жара", паар "тең" - паар -баар "бауыр"; таң "жоқ, білмеймін, кім біледі" - таң - даң "шапақ", Бұл позицияда әлсіз дауыссыздар қатаң және ұяң варианттарында айтылады: кан ҙан "қан", кел -гел "мұнда кел"; пар - бар "бар", тот - дот "тою", чаг - чжаг "май". Сөз басында әлсіз дауыссыздар, егер олар үнділерден кейін сөздердің түйіскен жерінде немесе дауыстылардан кейін келсе, ұяң, ал егер олар соңғы қатаңдардан кейін келсе қатаң айтылу заңдылығы байқалады: төрт палық "төрт балық", мииң балыым "менің балығым", аъп чоқ "ат жоқ", донум чжоқ "менде тон жоқ". Келесі сөздің соңғы дауыстыларынан кейінгі позицияда сөз басындағы чж көбінесе жуысыңқы й мен алмасады: мен чжораан мен "мен жүрдім", мен ында йораан мен "мен онда жүрдім". Мұндай позицияда күшті дауыссыздар әрдайым қатаңдығын сақтайды: мииң пачжым "менің қазаным", оң қаъқты "ол ұрды", сен ҫана "сен сана". Тофа тілінде сөз ортасында мынандай дауыссыздар қолданылады: күштілерден - ф, т, с. ш, к. к. ч: әлсіздерден - п-б, т-д, с-з, ш-ж, г, г, ч-чж, һ, һъ; үнділерден - м, н, нь, й, р, л, (г), (г), н. Бұл позицияда күшті және әлсіз дауыссыздарды анық қарсы қойып салыстыру тофа тілінің негізгі ерекшелігі болып табылады. Сонымен, күшті дауыссыздар әрдайым қатаң болады және геминденеді, әлсіз дауыссыздар қатаң және үяң болуы мүмкін: аътым-аъттым "менің атым (жылқым)" атым-адым "менің есімім", аъҫар аъҫҫар "асу" - асар-азар "адасу". Бүл позицияда қатандану және күштілердің геминдену және әлсіздердің ұяңдану заңдылығы ауытқымайды. Мысалы: оңҙоча оңғочча "қайық", ача-ачжа "әке", ақаш-аққаш "гүл долотог долотто "қашау". "гүл", Егер п, к, к, ш соңғы күшті дауыссыздары дауысты аралық жағдайда морфемалардың түйіскен жерінде табылса, олар басқа түрдегі дауыссыздарға айналады. Ал т мен с өзінің артикуляциясын сақтайды. Сонымен қатар п жуысыңқы ф-ға айналады немесе қырылданып сақталуы мүмкін (қыъп "жан" қыъп'ар-қыъфар "жану"); к мен қ һ-ға айналады (төък "ток" төъһер "төгу", аъқ "ақ" - аъһар "ағады"), ш жіңішкерген һьға айналады (аъш - "аш" - аъһьар "ашады", өъш "өш"-оьһьэр "өшеді"). Бұл позицияда тоғысыңқы әлсіз дауыссыздар әдетте ұяңданады: қап "қап" - қабы "оның қабы", кок "шөп" - гөгү "он "оның шөбі", таш "тас" - тачжы-дачжы "оның тасы", Дауыстылар арасында келгенде көп буынды негіздердің соңғы к мен к дауыссыздары және кез келген г- жоғалады да, соның әсерінен орынбасар созылыңқы дауыстылар жасалады: таг-даг "тау"-даа "оның тауы", қарақ "көз" - қараа- ҙараа "оның көзі".
Тофа тілінде сөз соңында мынандай дауыссыздар болуы мүмкін: күштілерден - и, т, с, ш, к, к, алсіздерден - д, т, с, ш, к, к үнділерден- м, н, ң. г, й, р, л. Сонымен қатар әлсіздер әрдайым қатаң вариантта болады. Бұл позиция үшін әрдайым тек тіл арты дауыссыздарынан - жуысыңқы және тіпті қатаңданған сөздерде ң тоғысыңқы қолдану тән. Яғни, даг "тау", бірақ дағ емес.
Тофа тіліндегі буын құрылымы зерттелген жоқ. Қосымша мәліметтер бойынша айтып кететін тағы бір жайт, буынның соңында әрдайым әлсіз қатаң дауыссыздар- дың қатаң варианттары қолданылады, сондықтан үяң қатаң дауыссыздары буындардың түйіскен жерінде тіркеспейді. Осыған байланысты қусқун "құзғын", қысқа "қыздар", часқан "тигізе алмау" сөз формаларының кездесуін түсіндіруге болады.
Тофа тілі аналитизмнің негізгі элементтерімен бірге жалғамалы тілдер типіне жатады.
Тофа тілі барлық сөздер семантикалық, морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктеріне қарай мынандай сөз таптарына бөлінеді: 1) негізгі сөз таптары, оларға жататындар:
a) атауыш сөздер: зат есім, сын есім, сан есім, етістік, үстеу, қалып-күй категориясы, еліктеуіш сөздер;
б) сілтеу сөздер: есімдік;
2) көмекші сөз таптары, оларға жататындар: септеу- ліктер, шылаулар, демеуліктер; 3) модаль сөздер;
4) одағай.
Тофа тілінде грамматикалық тек (род) және басқа сапалық, есімді классификациялар жоқ.
Тофа тілінде көптік жалғау -лар-лер, -тар-тэр, -нар-нэр қосымшалары жалғану арқылы жасалады: аңшылар "аңшылар... һөллер "көлдер", таштар "тастар", һеректэр "істер", аңнар "аңдар", һемнәр "көлдер", алдылар "олар алды", Зат есімдер есептік сан есімдермен тіркескенде жекеше формада қолданылады: дөрт кишн "төрт кісі", он балық "он балық".
Белгілі бір заттың меншік және иеленуші арасындағы тәуелділік қатынасты білдіретін грамматикалық тәуелділік категориясы тофа тілінде үш түрлі тәсілмен жасалады: морфологиялык, морфологиялық-синтаксистік және синтаксистік. Бірінші тәсіл сөздің негізіне тиісті посессивті қосымшалар жалғану арқылы жасалады. Мысалы: атам "менің атам", атаң "сенің атаң", атасы "оның (олардың) атасы, атаңар "сіздің атаңыз", золум "менің қолым", золуң "сенің қолың", золу "оның (олардың) қолы", залуңар "сіздің қолыңыз".
Синтаксистік тәсіл сөздің алдында тиісті тәуелдеу есімдіктерін тіркестіру арқылы жасалады: мииң (миим) "менің", сииң "сенің", оңнуң "оның", бистің "біздің", сілернің "сіздердің", ң". оларыңның "олардың". Мысалы: миим аът "менің атым", сілернің боо "сіздердің қаруларың", Морфологиялық-синтаксистік тәсіл алдыңғы екі тәсілдің араласып келуінен жасалады: сииң ибиң "сенің қиігің", оңнуң балыы "оның балығы", бистің бооларыбыс "біздің қаруларымыз". Септік жалғаулары тәуелдік көрсеткіштерінен кейін жалғанады.
Тофа тілінде мынандай грамматикалық және көлемдік септіктер бар: негізгі, ілік, табыс, барыс, жатыс, шығыс, табыс, про- секутив.
Ілік белгілі бір жақтың, заттың немесе құбылыстың басқа бір жаққа, затқа немесе құбылысқа меншіктілікті білдіреді: бо кишинің аъты "бұл кісінің аты", табыс объектілік септік болып табылады. Ол әрдайым нақты объектіні білдіретін тура толықтауыш арқылы беріледі. Оң бо кишині көрүбүттү "ол бұл кісіні көрді". Егер сөз тәуелдік жалғауының 3-жағында түрса, табыс септігінің -н көрсеткіші арқылы беріледі: аътын "оның атын", атасын "оның атасын", ал егер сөз тәуелдік жалғауының 1-ші және 2-ші жақ жекеше түрінде келсе, екі түрлі: кейде -ны-ні жай көрсеткіштерімен, кейде -ын-ин: аътымны -аътымын "менің атым", уруумну уруумун "менің ұлым", мүнүңнү-мүнүңүн "сенің сорпаң".
Барыс жанама объекті мен қимылдың қайда бағытталғанын, сонымен қатар қимылдың барып тірелер жерін, аяи, талар шегін, қімге, неге бағытталғанын, қимылдың мақсатын, не үшін істелгенін, қимылдың мөлшерін, мезгілдің шегін, сынның неге қатысын немесе баламасын білдіреді де, жанама толықтауыш арқылы беріледі: өге "үйге", қатқа "желге, желден", он солһоовайға "он сомға", үш айға "үш айға", Локатия мекен мен мезгіл пысықтауыш арқылы жасалады: өёлә" бо айда "бұл айда".
Шығыс қимылдың қайдан шыққанын, сонымен қатар салыстыру арқылы беріледі: өедән "үйден", мендән "менен". Аът ибидэн улуг "Ат киіктен үлкен", Табыс кимыл, іс-әрекеттің тура объектісі болады: шейда иш "шайды іш", сугда һал "суды өкел". Просекутив тек қимылдың тіке қозғалысын немесе жазық бетіндегі әрекетті білдіру үшін қолданылады: бо оруқша "бұл жол бойынша", аң изинше "аңның ізінше", мииң һәң- нүмше "менің тілегім бойынша".
Грамматикалық көрсеткіштер арқылы тофа тілінде мынандай етістер ажыратылады: ортақ етіс - көрсеткіші -ш, -ыш-иш -уш-үш: көрүш - "бір-бірін көру", оъқташ - "оқтауға көмектесу"; өздік етіс - көрсеткіштері -н, -ын-ин-ун-үн, -тын! -тін-тун-тун, -ттын-ттін-ттун-ттүн, -дын-дін-дундүн көрүн -"өзін қарап шығу", алдын- "алу", дуглаттын - "тығындалып қалу", ырықсыз етіс - көрсеткіші -л, -ыл-нл-ул-үл: үзүл - "үзілу, үзіліп кету", оъқтал- "оқталу"; өзгелік - көрсеткіштері -т, -тыр-ті-тур-түр, -дыр-дір-дур-дүр, -ыр-ир-ур-үр, -ыс -ис-ус-үс, -ғыс-гіс-гүс-гүс, -қыс-кіс-қус-күс, -қыр-кір-қур -күр: оъқтат- "оқтаттыру", бардыр- "кеткізу", өлүр- "өлтіру", алыс- "алғызу", турғус- "тоқтату", чыътқыр- "жатқызу". Негізгі етістіктің көрсеткіші жоқ. Сондай-ақ, салт-сабақтылардың да грамматикалық, көрсеткіші жоқ.
Тофа тілінде түр категориясының екі түрі бар: 1) аяқталған, қимылдың өткен шақта аяқталғанын немесе келер шақта аяқталуы мүмкін екенін көрсетеді. Олардың мынандай көрсеткіштері бар: -(ы) выт-(н) вит)-(у) вут-(ү) вүт: алывытты "алыпты", барывыдар "кетеді" және аналитикалық формалар - кесем- шенің а жұрнағы бер "беру" көмекші етістігі тіркесу арқылы жасалады: алы берді "алды, алып кетті", туъта бәәр "ұстап беру"; 2) аяқталмаған түр, қимылдың белгісіз созылыңқы- лығын, аяқталмаған ойды білдіреді және көсемшенің п жұр- нағымен тур- "тұр", чору- "жүр", олур- "отыр", чыът- "жатыр" көмекші етістіктерімен тіркесуі арқылы жасалады: мен салдап туру мен "мен салда жүздім", неш үнүп чору "ағаш өседі". Тофа тіліндегі амалдың өту сипаты категориясының түр формалары тофа тілінде маңызды орын алып, дамыды. Олар синтетикалық және аналитикалық тәсілдер арқылы жасалады: болғуда- "болу", (бол-"болу"), қаъққыда "соққылау" (қаъқ- - "қағу"). ырлап үн- "айта бастау" (ырла "ән айту"), шимес қын- "көзін қысу" (шимей "көзін қысу"), турас қын- "бір сәтке тоқтау" (тур -"түр"), тураңна- "жиі тоқтау".
Тофа тілінде етістік жүйесінде кейбір модальдык формаларға грамматикалық түсінік беріледі. Мәселен, -қса-ксе көрсеткіштері арқылы жасалатын қимылды орындау ниеті, тілек формалары: барықса- "кеткісі келу", келиксе- "келгісі келу"; -ғы дэг аналитикалық моделі арқылы жасалатын қимылды орындау объективті қажет екенін білдіретін форма: барғы дэг "бару керек еді", алғы дзі болған "алу керек еді", -п чада - моделі арқылы жасалатын қимылды орындау мүмкін емес екенін білдіретін форма: алып чададым "мен ала алмадым", гелнп чадады "ол келе алмады"; -қсы бол моделі арқылы жасалатын қимылға еліктеу, сылтаурату формалары: барықсы болған мен "мен кететін адамның кейпін жасадым".
Тофа тілінде райдың 7 түрі бар:
1) ашық (индикатив);
2) бұйрық (императив);
3) қалау (оптатив);
4) сақтану (дубитатив);
5) шартты (кондиционалис);
6) қарсылықты (концессив);
7) шартты (конъюнктив).
Индикатив иеленетін формалар:
1) осы шақтың үш формасы:
а) -дыр (ы)дір(і)-дур(у)-лүр(ү) көрсеткіштері арқылы жасалады: бардыр мен "мен келемін", алдыры "ол алды";
б) нақты, көсемшенің -п жүрнағы осы шақ есімше формасында -туру, олуру, чору, чыътыры көмекші етістерінің бірімен тіркесу арқылы жасалады: Мен иштэніп туру мен "Мен (қазір) жұмыс істеп отырмын", Оң аңнап чору "Ол (қазір) аң аулап жүр", Ыът мүн чылғап чыътыры "Ит сорпа ішіп жатыр";
b) жалғасқан - пышааңга (фонетикалық варианттармен) көрсеткішімен туру чору, олуру, чыътыры көмекші етістіктері тіркесу арқылы, кейде оларсыз да беріледі: Мен ол дайғада аңнавышаанга (туру) мен "Мен әлі сол тайгада аң аулап жүрмін";
2) Келер шақтың екі формасы:
а) -ар-зр, -ыр-ир көрсеткіштері арқылы жасалады: алыр мен "мен алармын", туътар мен "мен ұстармын",
б) болжалды, -ғай-гей, қай-кей жүрнақтары жалғану аркылы жасалады: мен алғай мен "мен (мүмкін) алғаймын";
үш формасы:
а)жедел -ды-ді-ду-дү, -ты -ті-ту-тү жұрнақтары жалғануы арқылы жасалады: бардың "сен кеттің";
б)перфектті, -ған-ген, -қан-кен: барған мен "мен кеткенмін";
в)субъективті, -чык-чик-чук-чүк көрсеткіштері арқылы жасалады: барчжық мен "мен (әрине) кеттім").
Императив 1-жақ жекеше -ээйн, -ыыйн-иийн, алээйн "мен алайын", чориийн "мен барайын", 1-жақ көпше түрінде -аалың (ар)-әәлің(ер)-ыылың(ар)-иилің (ер)-уулуң (ар)-үүлүн (ер): алаалың - алаалыңар "алайық" көрсеткіштері жалғанады.
2-жақ жекеше түрі етістік негізімен ұқсас келеді: ал "ал", чору"бар"; 2-жақ көпше түрі ңар-ңер-ыңар-иңер-уңар-үңер: алыңар "алыңдар"; 3-жақ жекеше түрі -сын-сін-сун-сүн қосымшалары жалғану арқылы жасалады: алсын "алсын". Көпше түрінде осы көрсеткіштер осы көпше түрінің жүрнақтарымен күрделенеді алсын(нар) "алсын(дар", сонымен қатар 1-жақтын екі жақты түрі -аалыаалі, -ыылы-иилі уулу-үүлү жүрнақтары жалгану арқылы жасалады: алаалы "алайық" (екеуміз); чоруулу "кетейік (екеуміз)".
Қалау (оптатив) мынандай формалар арқылы беріледі:
1)-ғай-гей, -қай-кей көрсеткіштері жіктелгенде аздеріне сәйкес жеке предикативті жіктік жалғаулары жалғану арқылы жасалатын форма: алған мен "мен алсам жақсы болар еді", алғай ла сен "сен алсаң жақсы болар еді",
2) жіктелмейтін, үндес- пейтін -сэйг көрсеткіші жалғану арқылы жасалып, тек 2-жақ жекеше және көпше түрінде ғана қолданылатын форма: он оөңдэ болсзиг "ол үйінде болса жақсы болар еді".
Сақтану (дубитатив) -ды жедел өткен шақ формасы өзіне сәйкес жіктік жалғаулары, һөй! одағайымен тіркесу арқылы беріледі: һалақ!, һөй-һалақ!: һөй, чуулдуң! "қара, сен қалай болғанда да құлап қалма!", "қара, құлайсың!".
Шарт (кондиционалис) мынандай жолмен жасалады: 3-жақ жекеше -са-се, көпше түрінде -саларселер жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Ал басқа жақтарда -ды жедел өткен шақ формасы тиісті жіктік жалғауларымен және эрсе түрленбейтін көмекші сөздер арқылы құралатын аналитикалық құрылым қолданылады: мен алдым эрсе "егер мен алсам".
Қарсылықты (концессив) шартты рай формасы татэ қарсылықты демеуліктерінің тіркесуі арқылы жасалады: мен алдым та эрсе "мен қалай да алсам".
Шартты (конъюнктив) -ар-эр (болымсыз -бас-бес) келер шақ есімше формалары жіктелгенде тиісті предикативті демеу. меу- ліктері жалғанатын ннк көмекші сөздерімен тіркесуі арқылы жасалады: алыр иик сен "егер сен алсаң".
Етістіктің жақ категориясы екі түрлі тәсілмен жасалады:
1) Шақ көрсеткіштеріне жалғанатын, зат есімнің тәуелдік жалғауларына толық сәйкес келетін жұрнақтары арқылы жасалады: бардым "мен кеттім", бардың "сен кеттің", барды "ол кетті", бардывыс "біз кеттік", бардыңар "сендер кеттіңдер", бардылар "олар кетті";
2) тиісті жіктеу есімдіктерімен сәйкес келетін предикативті көрсеткіштер арқылы жасалады: мен чору мен "мен жүремін", сен чору сен "сен жүресің", оң чору "ол жүреді", бис чору бис "біз жүреміз", сілер чору сілер "сендер жүресіңдер", оларың чорулар "олар жүреді" (есімдерде де ұқсас көрсеткіштері қолданылады).
Есімдерде белгілі-белгісіздік категориясы айқын көрініс табады. Мәселен, белгісіздік кейде есім сөздің алдынан біреу, әлдеқандай ("бір" сан есімі бірәә деп дыбысталады) деген мағынада қолданылатын бір сөзі арқылы беріледі: бір кишн "әлдеқандай кісі" (салыстыр. бірәә киши "бір кісі"); кейде негізгі септік табыс септігі (аккузатив) мағынасында қолданылады: Мен балық туътадыр мен "Мен балық аулап түрмын", сонымен қатар, осы септік ілік (генитип) марынасында изафет- тік тіркестерде қолданылады: бөрү кеъһи "қасқырдың терісі". Етістіктің болымсыздық категориясы етістік түбіріне -ба! бе, -ва-ве, -па-пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады: барба "кетпе", барбадым "мен кетпедім", барбейн (барбайын) "кетпей түрып". Есімдерде болымсыздық эмес "емес" постпо- зитнаті демеулігі арқылы беріледі; бо ыът эмес, бөрү "бүл ит емес, бөрі", улуг эмес "үлкен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz