СӘНДІК ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМДАРЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ
СӘНДІК ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМДАРЫ
Орынбек Аружан - КО-01 тобының студенті
Ғылыми жетекшісі: Кәдірбердиева А.Ш., магистр - оқытушы
Қазақстан, Шымкент қ., Орталық Азия Инновациялық университеті, (arujan_016@mail.ru)

Ключевые слова: Рукоделие, орнамент, мастер

Қазақ халқының қолөнері - халық тұрмысымен бірге келе жатқан, ұзақ тарихы бар ежелгі өнер болып табылады. Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің көп ғасырлық тарихы бар. Қазақ қолөнері ғасырлар бойы көркем ой, халық талғамымен үздіксіз дамып келеді. Халық шеберлерінің тынымсыз еңбектерінің нәтижесінде өз жалғасын тауып келеді. Пішіндердің ықшам да мәнді үйлесімі, түстердің жоғары талғамы, өрнектердің әсемдігі композициялық шешімі, көздің мүлтіксіздігін, қолдың дәлдігін және қиял ұшқырлығын ұштастырып, шебердің өзіне тән тәсілдерімен орындауына жеткізеді. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын ұлттық қолөнердің озық үлгілері әлемдік мәдениеттен де өз орнын алды. Қазақтың қолөнерін зерттеу мәселесі ерте кезден көптеген саяхатшылар мен коллекционерлердің ғана емес, ғалым - этнографтар, археологтар мен суретшілердің де көңілін аударып келген. Қазақ қолөнерінің өткендегісі мен бүгінгі жағдайын, оның өзіне тән методологиясын зерттеу, қазірдің өзінде де мәселелердің бірі болып табылады. Бұл саланы ұзақ уақыт бойы зерттеген ғалымдар баршылық. Атап айтатын болсақ: академик Ә.Марғұлан, зерттеуші этнографтар С.Қасиманов, Ө.Жәнібеков, Х.Арғынбаев т.б. Халықтың қолөнері өзінің тарихы мен кейбір ұйымдастыру мәселелерінің жеткілікті зерттелмегеніне қарамастан, күнделікті тұрмысқа қажетті қоршаған затты, көпшілік тұтынатын бұйымды әсемдеуге бейім өнер ретінде, жалпы мәдени дәрежені жоғары көрсетуге тән дамып келе жатыр. Қолөнердің Қазақстан территориясында ертеден кең дамығанын деректерге сүйененіп айтсақ болады. Оның өркен жаюы, біріншіден, қазақ халқының күнделікті тұрмысына пайдалану қажеттігінен туса, екіншіден, халықтың өнерді құрмет тұтып, жоғары бағалауынан туған жағдай екендігі нақты мысалдармен баяндалады. Сондай-ақ өнердің әрбір саласына байланысты кейбір аталған жергілікті жерлердегі түрлерінің өзіндік ою-өрнектері, тоқылу, жасалу, орындалу технологиясы мен тәсілдері олардың бір-бірінен өзгешеліктері де айтылады. Қазақ халқы қаншалықты тарихи дәуірлерді басынан өткізсе де, өзінің киіз жасау өнері мен киіз басып, алаша, кілем тоқу, алтын, күміс, асыл тастардан ұқсатып неше түрлі әшекейлі ою-өрнек, әсемдік заттар жасайтын қарапайым құралдарын мұра етіп сақтап қалды [1: 65].
М. А. Леванский: Қазақтың қандай кәсіпке болмасын табиғатынан қабілеттілігіне тек сүйсінесің, қарапайым құралдармен тамаша ер қапталдарын жасап, алтын, күмістен әсем бұйымдар шығаратындығына таңданбасқа болмайды. Қазақтардың тіккен аяқ киімдері өте берік, киюге ыңғайлы деп жазды. Қазақ халқы күнделікті тіршілігіне керек заттарды өз қолдарымен жасаған. Жасаған заттарын әдемілеп, әшекейлеп отырған. Бұл өнер түрін қолөнер дейміз. Өнер көзі - халықта демекші, халық қолөнері жылдан-жылға, ғасырдан-ғасырға дамып, жетіліп отырған. Әрине, жоғарыда аталған қолөнерлердің бірқатары өте көп еңбек етуді керек етті. Бертін келе, адамзат қоғамы дамыған сайын қолөнердің біразы жаңа әдіс тауып, жаңа түрге ие болды. Қазақтың өрнекті әшекеймен істелетін қолөнерінің түрлері де, атаулары да өте көп. Солардың ішінде халық арасына көбірек тарағаны - ою өрнек өнері. Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келеді. Қазақ халқы үшін ою-өрнек өнері байырғы ұлттық өнерлердің ішіндегі ең көнесі, әрі ең кең тараған саласы болып саналады. Бұл ұлтымыздың мәдени дамуының шежіресі, адам жанына ләззат сыйлайтын эмоциялық әсері күшті, эстетикалық мәні зор өнер саласы. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Халық қолөнерінің тағы бір түрі жүннен жасалатын бұйымдар. Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен роль атқарған және оны ұқсатуды ел бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген. Жүннен бау-шу, арқан-жіп, киім кешек, қазақ үйдің киізін, әр түрлі төсеніштер мен қап, шекпен сияқты ең қажетті мүліктер жасалған. Өрмек - халық қолөнерінің тоқу ісінде қолданатын өте қарапайым әдісі, яғни мұны тоқу станогы десе де болады. Күрделі техникасыз, кез келген жағдайда қолданылып, керекті жабдықтары оңай табылатын өрмектің екі түрі бар. оның біріншісін аспалы немесе термелі өрмек дейді. Ондай өрмекте кілем сияқты тұтас, енді заттар тоқылады, екіншісін жай өрмек дейді. Жай өрмек шекпен, алаша, қап, қоржын, белбеу, терме бау, басқұр сияқты енсіз нәрселерді тоқуға арналады. Мал терілерін өңдеуде халық тұрмысында қарапайым жолмен ұқсату көптен бері келе жатқан тәсілдердің бірі. Мысалы, ірі қара малдың иленбеген терісін шылғи тері немесе шылғи қайыс, ал тері иленіп ұқсатылғаннан кейін оны қайыс деп атайды. Мал терісінен жабағы тон, іштік тон, тері шалбарлардың түрлері, ішіктер, тымақ, бөрік жасалады. Қайыстан өріп қамшы, қарғы бау, ноқта, тізгін, жүген, белдік, торсық жасаған. Былғарыны өңдеп етік, абдыра амиян, белдік, ер-тұрман, домбыра қап, дорба, кебіс жасаған. Ежелгі халықтардың қай-қайсысы болмаса да негізгі күн көріс кәсібін аңшылық пен мал өсіруден бастаған. Малдың сүйектерінен, мүйіздерінен түрлі қолөнер туындылары жасалды [2:46].
Қазақ қолөнерінің бір түріне зергерлік өнері жатады, ол өте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Суретшілер қолөнершілер шығармашылығын зерттеу
Гобелен тоқуда «Теңіз ғажайыптары» композициясын тиімді пайдалану
Зергерлік өнер - кәсіптік өнер
Халық қол өнер негізінде еңбекке тәрбиелеу әдістемесі
Қайың қабығы, қабығы
Қазақ халқының зергерлік бұйымдары
Қазақ халқының қолөнер түрлері
СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ТҮРЛЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бейнелеу өнері сабақтарында ұлттық қолөнер туындыларын қолдану
«Ұлттық ырғақтар» композициясында ою-өрнектерді тиімді қолдану әдістері
Пәндер