Криминалистика



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Криминалистика

Ұсталған, айыпталған және сотталған тұлғалар алфавиттік (фамилиясы бойынша) және дактилоскопиялық тіркеуге алынады. Ал қылмыс жасаған жерден қашып кеткен белгісіз қылмыскерлер - қылмысты жасау тәсілдеріне байланысты арнайы тіркеуге алынады.
Белгісіз қылмыскерлер және ауыр және аса ауыр қылмыстар категориясы бойынша сотталғандар сыртқы бейне белгілері бойынша тіркеуге алынады.
Тіркеудің бұл түрі алфавиттік карточка көмегімен жүзеге асырылады. Компьютерге енгізілген мұндай карточкаларда келесідей тіркеме жасалған мәліметтер бекітіледі: фамилиясы, аты - жөні, туған жылы мен жері, ұлты, тұрақты тұрғылықты мекен - жайы, соттылығының болуы; үкім шығарған сот; Қылмыстық кодекске байланысты бабы, сотталу уақыты, жазаның түрі; бұрынғы қылмыстық әрекеті (қашан, қандай органмен және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің қандай бабы бойынша жауапершілікке тартылған), рақымшылық немесе кешірім жасауға байланысты үкімнің өзгеруі, жазаланған мерзімі мен орыны, сотталушының қайтыс болған күні, айы, жылы; іздестіруде жүрген тұлғаны жазадан босату негізі, қайыр тілеу менбосқындап жүруіне байланысты ұсталған тұлғалар; тіркеуге алудың заңдық негізі жөніндегі мәліметтер. Карточкада тіркелетін тұлғаның дактилоскопиялық формуласы көрсетіледі, оң қол сұқ саусағының таңбасы басылып алынады, олар алфавиттік және дактилоскопиялық карточканың өзара байланысын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар мүмкіндік болса тануға көрсету үшін карточкаға тіркелетін (тізімге алынатын) тұлғаның фотосуреті қоса тіркеледі.
Карточкалар - тіркелетін тұлғалардың фамилиясы ескеріле отырып алфавиттік рет бойынша картотекаларға енгізіледі.
Нақты карточка арқылы тұлғаның жеке басын: оның қандайда бір сезік тудыратындай немесе ол жөнінде мәлімет беретіндей, сондай-ақ айыпталушының, сотталушының бұрын соттылығының болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді анықтау мақсатында тексерулер жүргізіледі.
Тексерілетін тұлғалар туралы алфавиттік карточкаларда бекітілген мәліметтердің дұрыстығына күмән келтіретін жағдайларда, карточка бойынша тексеру дактилоскопиялық тіркеу арқылы тексерулер жүргізумен толықтырылады.
Қамауға алынған, бас бостандығынан айыру немесе жер аудару жазасына жазаланған, сонымен қатар қайыр тілеп жүргендігі және босқындығы үшін ұсталған тұлғаларды тіркеуге алудың бір түрі болып табылады. Ол дактилоскопиялық карталар арқылы жүзеге асырылады. Арнайы бояулар көмегімен тіркелетін тұлға қолының әрбір саусағының папиллярлы өрнектері боялып, бланкінің тиісті клеткаларына оның таңбалары түсіріледі.
Дактилокарталар белгілі бір тәртіппен реттеледі: он саусақ, бес саусақ және бір саусақ (монодактилоскопиялық) жүйесі бойынша. Дактилокарталарда осы аталған саусақтар бойынша бәрінің немесе әрқайсысының жеке - жеке белгілері туралы мәліметтер тіркеледі.
Он саусақ жүйесі бойынша айыпкерлер, ұсталған тұлғалар, сотталушылар тіркеуге алынады.
Дактилокарталарды жүйелеу қол саусақтарының папиллярлы өрнектерін топтастыруға негізделеді. Папиллярлы өрнектер үш түрге бөлінеді: 1) доға тәріздес; 2) ілмек тәріздес; 3) шеңбер тәріздес (шеңберлі).
Доға тәріздес өрнекте папиллярлы сызықтар саусақтың бір жақ шетінен екінші жағына қарай бағытталып жүріп доға тәріздес суретінен тұрады, орталық ағымның папиллярлы сызықтары бір жақтан басталып ортаға келгенде көтеріледі және саусақтың екінші жағынан аяқталады. Доға тәріздес өрнекте дельта болмайды. Доға тәріздес өрнекте пирамида тәріздес (шұғыл (кілт) иілген сызықтардан тұратын) және шатыр тәріздес бірнеше түрлері болуы мүмкін яғни орталығында тік немесе еңкіш сызықтары бар пирамида тәріздес өрнектер.
Ілмек тәріздес өрнекте ішкі суреттің сызықтары әдетте саусақтың бір жақ төменгі жағынан басталып, жоғарыға және орталыққа қарай бағытталады, ортаға келгенде бірден иіліп барып ілмек жасайды және сол келген бағытына қарай қайтадан қайтады. Папиллярлы сызықтың иілген бөлігі (жері) ілмектің басы, ал қалған бөлігі ілмектің аяғы деп аталады. Ілмек басының орталық нүктесі ілмектің ұшы деп аталады.
Шеңберлі өрнекте - өрнектің орталық оң және сол жақ бөлігінде дельта болып, арасында концентрлік шеңбер, сопақша, спираль, дөңгеленіп келген (егіз-қос сызықтар) ілмек түріндегі суреттер орналасады. Шеңберлі өрнекте екі (кейде үш, төрт) дельта кездеседі.
Нақты картотекада көрсетілген саусақтың папиллярлы өрнегінің ерекшеліктері ескеріле отырып толтырылатын арнайы формуланың көмегімен дактилоскопиялық карталарды жүйелеуге мүмкін болады. Тіркеу жүйесінің екі бөлек формулалары бар: негізгі, қосымша. Олар картаның беткі бетінің оң жақ жоғарғы бұрышына жазылады.
Негізгі формула шеңберлі өрнекті жұп санды саусақтардың шартты сандық белгілердің қосындысына бір санын қосудан тұрады. Ал бөлімі, керісінше, шеңберлі өрнекті тақ санды саусақтардың сандық белгілердің қосындысына бір санын қосудан тұрады. Саусақтың тақ, жұп екені бас бармақтан шынашаққа қарай оң қолдан сол қолға өту арқылы кезектесіп анықталады.
Дактилоскопиялық формула әр адамға тиесілі жеке түрде болмай, тек қана карталар арасынан белгілі бір карталар тобын бөліп алуға мүмкіндік береді. Осы топ ішінен тексерілетін адамның өрнектерін салыстыра отырып табуға болады.
Тіркеудің бұл түрі өзара байланысқан екі картотека арқылы жүргізіледі. Біріншісінде белгісіз тұлғалармен жасалған қылмыстардың, ал екіншісінде жеке басы анықталынбаған тұлғалармен жасалынған қылмыстардың жасалу тәсілдері сипатталады. Тіркеу карточкалары жүйеленіп, есепке алынатын белгілері бойынша кезектілікті сақтай отырып картотекада орналастырылады. Алдымен қылмыстың түріне қарай топтарға бөлінеді, ал әр топтың ішінде оқиға болған жерге (мысалы: қоймада, дүкенде, пәтерде жасалған ұрлық), қылмыскердің қолданған техникалық құралдарының сипатына, жасалған әрекеттердің ерекшеліктеріне және т.б. байланысты шағын топтарға іріктелінеді.
Криминалдық полициямен жүзеге асырылатын тіркеу бірқатар сұрақтарды шешуді жеңілдетеді:
-бірнеше ашылмаған қылмыстар бір тұлғамен жасалынбаған ба?
- осы қылмысты жасаған тұлға бұрын сотталғандардың және қылмыс жасауға бейім тұлғалар тіркеуінде жоқ па?
-тергелетін қылмыс бұрын жасалу тәсілі бойынша тіркеуге алынған тұлғамен жасалынған жоқ па?
Тіркеуге рецидив-қылмыскерлерді, іздеудегі қылмыскерлердің кейбір категориясын және жәбірленуші немесе куәның сыртқы бейнесін есінде сақтап қалған белгісіз соттан бой тасалап жүрген қылмыскерлерді алады. Тіркеу танытуға көрсету фототүсірілімдерін жасау және сөзді портрет әдісімен сыртқы белгілерін сипаттау негізінде жүзеге асырылады. Фото - суреттер фотоальбомдар немесе фотографиялық картотека (фототека) түрінде жүйеленіп сақталынады, ал сыртқы белгілері суреттелінген карточкалар - белгі картотека түрінде, сонымен қатар компьютерде сақталынады.
Бұл тіркеудің орталықтанған-жергілікті түрі белгілі бір тұлғаның жоғалып кету себебіне және жеке басы анықталынбаған мәйіттерді анықтау мақсатымен жүргізіледі. Өзара байланысатын екі картотека түрінде жүзеге асырылады, біреуінде - хабар-ошарсыз жоғалып кеткен тұлғалар, ал екіншісінде - жеке басы анықталынбаған мәйіттер тіркеледі.
Хабар-ошарсыз жоғалып кеткен тұлғаларды тіркеу карточкасы тергеуші немесе жедел қызметкерімен жоғалған тұлғаның жоғалу уақыты мен жағдайлары, тұрмыс қалпы, қарым-қатынасы, әдет-дағдысы және өзге де сипаттаушы мәліметтері анықталынғаннан кейін екі данада толтырылады. Карточкада, сонымен қатар, жоғалған тұлғаның демографиялық мәліметтері бекітіліп, жоғалған тұста көрген куәлардың көрсетпелері бойынша сыртқы бейне белгілері мен үстіндегі киім, аяқ киім белгілері сипатталады. Карточкаға қосымша: мүмкіндігіне қарай жоғалу уақытысына жақын аралықта түсірілген фотосуреттері, егер бұрын дактилокөшірмелер жасалынса, солардың дактокарталарының фоторепродукциясы және де жоғалып кеткен тұлғаның ұстаған заттарынан табылған қол іздерінің фототүсірілімдері тіркеледі. Карточкалар ең алдымен жынысының қатыстылығына қарай, одан кейін жасы және бойы бойынша жүйеленеді. Жеке басы анықталынбаған мәйіттердің табылуына байланысты карточка екі данада толтырылады. Онда: мәйіттің табылу орыны, уақыты, жынысы, бойы, сонымен қатар өзге де сыртқы белгілері, соның ішінде: тіс аппаратының ерекшелігі, көзге түсетін (айрықша) белгілері, киімінің, аяқ, бас киімінің белгілері көрсетіледі. Осыған қоса криминалистикалық сараптамасымен анықталатын мәселелер: өлім уақытысы мен себебі, қан тобы мен түрі, бұрын ауырған науқастары (сырқаттары); әйел мәйітінде - қыз абыройының, екі қабаттылығының, зорлау және түсіктің болу-болмауы көрсетіледі. Табылған мәйіттің танытуға көрсету фотосуреттері, қол саусақтарының көшірмелері және киім матасының үлгілері карточкаға қоса тіркеледі.
Хабар-ошарсыз жоғалып кеткен тұлғалардың карточкасы жеке басы анықталынбаған мәйіттердің карточкалары арқылы тексеріледі және керісінше де жүзеге асырылады.
Жоғарыда көрсетілген тіркеудің бірінші түрі ұрланған заттарды іздестіруге септігін тигізеді. Тіркеуге әртүрлі заттар алынады. Олар бұрын қылмыскерлер ұрлаған, тастап кеткен немесе жоғалтқан деп жорамалдауға негіз бар кезде ұрланған немесе табылған заттар ретінде жеке немесе мемлекеттік меншіктегі мүліктер бола алады. Сонымен қатар, тінту немесе ұстау кезінде алынған иесі белгісіз заттар.
Тіркеуге алынатын заттардың белгілері толық егжей-тегжейлі жекелендірілетін белгілерімен қоса сипатталуы керек. Картотекаға сәйкес заттардың, оған ұқсас заттардың фототүсірілімдері, зат жасалынған материалдар үлгілері мүмкіндігінше қосымша тіркеледі. Карточкалар ең алдымен заттардың криминалистік маңыздылығы бойынша (ұрланған, жоғалған және т.б.), содан соң олардың атауы (алфавиттік тәртіппен), түрі және топтық белгілері бойынша жүйеленеді.
Бұл тіркеудің түрі арқылы ұрланған және жоғалған атыс қаруларын іздестіру шараларын жүргізуге, сонымен қатар атыс қаруын қолданып жасалынған қылмыстарды ашу мен тергеуге мүмкіндік туғызады. Тіркеу келесідей картотекалар түрінде жүргізіледі:
а) ұрланған және жоғалған ату қарулары бойынша;
б) табылған, алынған және өз еркімен тапсырылған атыс қарулары бойынша жеке оқ-гильза картотекасы жүргізіледі.
Қару-жарақ тіркеуге қойылмас бұрын оқ-гильза картотекасы бойынша тексерістен өтеді. Оқ-гильзалардың ішінде осы қарудан атылғандары бар ма, яғни ашылмаған қылмыстар бойынша осы қарудың қолданған-қолданбағандығы анықталады.
Тіркеу карточкасында қару-жарақтың түрі, жүйесі, моделі, шығарылу жылы, нөмері, сыртқы бейнесінің белгілері, құрылысының ерекшеліктері бекітіледі. Картотекадағы карточкалар ең алдымен қару-жарақтың түрі бойынша, содан соң жүйесі, моделі, нөмері және өзге де белгілері бойынша орналастырылады. Оқтар, гильзалар, патрондар калибрі бойынша іріктелініп, содан соң іздер қалдырған қару-жарақтың түрі, жүйесі және моделі бойынша тіркеледі. Коллекцияда сонымен бірге оқ, гильза, патрондардан көрініс тапқан қару-жарақ бөліктері ерекшеліктерінің үлкейтілген фотосуреттері сақталынады.
Ішкі істер органдары:
1) мыналардың: Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін бірінші рет алу үшін, сондай-ақ оны қалпына келтіру, ауыстыру жағдайларында өтініш жасаған кезде 16 жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматтарының;
2) Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алу үшін осы заңда белгіленген тәртіппен жүгінген кезде он екі жастан он алты жасқа дейінгі балалардың;
3) мыналардың: Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын;
жұмыс беруші - жеке тұлғаларда үй шаруашылығындағы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) мақсатында үй жұмыскерлері ретінде Қазақстан Республикасына келген; Қазақстан Республикасының визасын ресімдеген кезде;
мыналарды: шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін бірінші рет ресімдеген, сондай-ақ қалпына келтірген, ауыстырған кезде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратын жинауды жүзеге асырады [8].
Дактилоскопиялау кезінде келесідей әрекеттерді орындау ұсынылады: егер дактилоскопия жасалатын тұлғаның қолы кір болса, оның қолын сабындап жууын талап ету керек; шыны немесе тегіс металл пластинкасына арнайы бояуды салып оны резеңке білікпен тегістеп жағу қажет; оның үстінен саусақты бір жақтан екінші жаққа қарай айналдыра отырып бедерін бояуға бояп, оны картотеканың тиісті жерінде көшірмесі қалатындай етіп түсіру керек. Барлық саусақтардың (бас бармақтан бастап) іздерін тексеру үшін екі қолдың да саусақ бедерінің іздерін бір уақытта жай ғана басып алу арқылы алынуы тиіс; алынған барлық саусақ таңбалары толық және анық болуы керек.
Мәйіттің қол саусақ таңбаларын дактилоскопиялық картаға түсіру үшін, оның жеке - жеке саусақтарын бөлек қағазға түсіріп алып, содан кейін оның әр саусақтарының іздерін қандай саусақтан алынғанын айта отырып, оң қолының саусақ таңбалары бір бөлек, сол қолының таңбалары бір бөлек әр саусағының аты жазылып қағазға жапсырылады. Егер мәйіттің сіресіп қатып қалуы бірден байқалса дактилоскпияға түсірмес бұрын қолдың сіңірін кесу жұмыстары сот - медициналық маманына жүктеледі. Сондай - ақ ұзақ уақыт суда жатып қалған немесе мумификацияланған (кеуіп қалған) мәйіттерді дактилоскопиялау сот - медициналық мамандарына тапсырылады.
Сот әрекетке қабілетсіз деп анықтаған, дактилоскопиялық тіркеуге жататын адамнан дактилоскопиялық ақпаратты жинау жеке басын куәландыратын құжат және қорғаншысының өкілеттігін растайтын құжат ұсынған кезде оның қорғаншысының қатысуымен және жазбаша өтініші негізінде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының аумағындағы дактилоскопиялық тіркеуге жататын адамның өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетімен жүріп-тұру қабілетінен айырылуға әкеп соққан ағза функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулығының нашарлауына байланысты жеке келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, қызметкер оның тұрғылықты жеріне бара отырып, дактилоскопиялық ақпаратты жинауды жүзеге асырады.
Жеке басын куәландыратын құжаттарды ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпараты мынадай мәліметтерді қамтиды:
Дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асыру кезінде дактилоскопиялауды уәкілетті мемлекеттік органдарда қызмет өткеретін (жұмыс істейтін) арнайы дайындалған қызметкерлер (жұмыскерлер) (бұдан әрі - қызметкер) жүргізеді.
Дактилоскопиялау процесі қолдардың он саусағын немесе екі қолдың он саусағы мен алақандарын арнайы дактилоскопиялық сканерде сканерлеу арқылы бояусыз әдіспен немесе заңнамада белгіленген жағдайларда дактилоскопиялық картаның қағаз бланкісіне бояу әдісімен жүзеге асырылады.
Бояу әдісімен дактилоскопиялау құжатты формулярдың қағаз бланкісінде ресімдеген кезде, сондай-ақ қол саусақтарын буындардың деформациялануына байланысты сканерлеу мүмкіндігі болмаған жағдайларда қолданылады.
Дактилоскопиялау алдында тіркелетін адамның қолдарында ашық жаралардың және елеулі ластанудың болуы қаралады. Дактилоскопиялауды жүргізу кезінде мынадай талаптардың сақталуы қамтамасыз етіледі:
- қолдардың тазалығы және құрғақтығы;
- тіркелетін адамның саусақтарын дактилоскопиялық сканер төсеніш шынысының, бояуды жазуға арналған боялған металл немесе шыны тілімшенің (бұдан әрі - тілімше) бетінен және дактилоскопиялық картаның үстінен сырғытпай біркелкі басып түсіру;
- таза білікше мен тілімшелерді пайдалану және әрбір саусақты немесе алақанды тілімшедегі бояудың бұзылмаған қабатымен басып түсіру.
Түзетуге келмейтін деформацияланған саусақтың таңбасын алу кезінде саусақтың тырнақ (үстіңгі) фалангасының томпақ бөлігіне бояу жағылады. Алақандардың таңбалары бар қағаз парақтары дактилоскопиялық картада оларға тиесілі орынға желімделеді.
Дактилоскопиялық тіркеуден бұрын өткен адамның қолы, қолдарының бір немесе бірнеше саусақтарының папиллярлық сызықтары зақымдалған немесе тырнақ фалангаларынан айырылған кезде қолдардың он саусағының немесе екі қолдың он саусағы және алақандарының папиллярлық бедерлері құрылымының ерекшеліктері туралы биометриялық деректері бөлігіндегі дактилоскопиялық ақпарат өзгертіледі және оны қайта дактилоскопиялау кезінде алынған жаңасымен толықтырылады.
ҚР азаматының дактилоскопиялық ақпаратын сақтау сот оны хабарсыз кеткен деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған немесе шыққан жағдайларда, ол жүз жасқа толған күнге дейін жүзеге асырылады.
Дактилоскопиялық тіркеудің мақсаттары дактилоскопиялық ақпарат негізінде жеке басты анықтау және (немесе) растау болып табылады. Жеке басты анықтау дактилоскопиялық ақпараттың дерекқоры бойынша сәйкестендіруді жүргізу кезінде, жеке басты растау - нақты адамды дактилоскопиялық ақпарат бойынша верификациялау арқылы жүзеге асырылады.
Дактилоскопиялық тіркеуден бұрын өткен адамды дактилоскопиялық ақпарат бойынша сәйкестендіруді құжаттандыру процесінде, сондай-ақ құзыретті мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша Ішкі істер министрлігі жүзеге асырады.
Ішкі істер министрлігі құзыретті мемлекеттік органның "ЖБС" ААЖ бойынша тексеруге арналған сұрау салуын оны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орындайды, нәтижелері заңнамаға сәйкес нысан бойынша анықтамамен ресімделеді.
Дактилоскопиялық ақпараттың пайдаланылуын бақылау дактилоскопиялық ақпарат берілген мемлекеттік органдардың басшыларына жүктеледі. Дактилоскопиялық ақпаратты сақталу мерзімі өткен соң Ішкі істер министрлігі бөлімше басшысы бекіткен акт бойынша жояды.
Тірі адамдардың биологиялық материалын алуды уәкілетті мемлекеттік органның қызметкері ұзақ уақыт сақтау кезінде биологиялық материалдың сақталуын, жасушалардың еруін, патогендер белсенділігінің азаюын, ДНҚ-ның тұрақтылығын, ақуыздардың бұзылуын және қорғанысы бар нуклеин қышқылдарын нуклеаз ықпалынан иммобилизациялауды, сондай-ақ түссіз биологиялық сұйықтықтарды салу орнының түсті индикациясының болуын қамтамасыз ететін биологиялық материалды алуға арналған жиынтықты пайдалана отырып жүзеге асырады.
Геномдық тіркеуге жататын адамға биологиялық материалды алу негізі мен өткізу тәртібі түсіндіріледі.
Тірі адамдардың биологиялық материалын алған кезде зақым келтіруге, адам өмірі мен денсаулығына қауіп келтіретін құралдарды қолдануға рұқсат етілмейді.
Тірі адамдардың биологиялық материалын алу:
1) тіркелетін адамның дербес деректерімен және осы Қағидаларда белгіленген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Криминалистиканың даму тарихы және қазіргі жағдайы
Криминалистиканың әдістері
Криминалистиканың ұғымы, пәні
Криминалистикалық идентификация және диагностика
Криминалистика пәні жүйесі және міндеттері
Криминалистика пәнінің түсінігі, қылмыстарды тергеудегі маңызы және даму тарихы
Криминалистиканың жүйесі
Криминалистикалық сипаттамаманың элементтері
Криминалистік құжаттарды тану Оқу-әдістемелік құрал
Бесінші оқиға
Пәндер