Мұрагерлік


Мұрагерлік - қайтыс болған адамның мүлкі мен мүліктік құқықтарының мұрагерге ауысуы. Мұрагерлік өсиет заң бойынша жүзеге асырылады. Кісі мүлкін бір немесе бірнеше адамға, тұтастай не бір бөлігін ғана қалдыра алады.
Мұрагерлік құқық қатынастарының пайда болуының негізі мұра және мұраның бірден-бір критериі меншік.
Конституциямыздың 26-бабының, 1-тармағында "Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады" деп мүлікке жеке меншік нысанын заңмен бекіткен. Аталған баптың, 2-тармағында "меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі" [3] деп көрсетілген.
ҚР АК 1072-бабы [4] мұрагер мұра ашылған уақыттан бастап өзіне тиесілі мұраға құқық алады деп белгілейді. Сол сияқты мәселе Өзбекстан Азаматтық кодексінде де шешілді (Өзбекстан Азаматтық кодексінің 1145-бабы) . Ресейде, Украинада, Беларуссияда, Грузияда, Тәжікстанда мұрагерлік құқығын алу мұраны қабылдаумен байланысты. Аралық және ішкі қарама-қайшылықты нұсқаны Қырғыз Республикасы таңдады. Қырғыз Республикасы АК-нің 1153-бабының 1-тармағы ҚР АК-нің 1072-бабына мәтіндік сәйкес келеді, яғни мұрагер мұра ашылған уақыттан бастап өзіне тиесілі мұраға құқық алады деп көзделген. Алайда, Қырғыз Республикасы АК-нің 1155-бабында, егер мұрагер мұра ашылған сәттен бастап алты ай мерзімде мұраны қабылдамаса, онда ол мұраны қабылдамады деп саналады [5] .
Мұраны иемдену мұраны қабылдаумен бірдей емес. Мұраны қабылдау-бұл бір жақты келісім. Мұраны қабылдау фактісін анықтау дегеніміз-мәміле жасау фактісі орын алғанын анықтау. Бірақ қазақстандық заңнама бойынша мұрагерлік құқықтық қатынастарға кіру үшін мұрагер ешқандай мәміле жасамайды. Мұрагерлік құқықтық қатынастар мәмілеге байланысты емес, заңды факт-мемлекет (бұл түрдегі фактілер факт-жағдай деп те аталады) - мұрагердің мәртебесі. Бұл факт мұра қалдырушының қайтыс болу фактісі-оқиғасы негізінде туындайды, бірақ өзі оқиға да, әрекет те емес. Сондықтан мұраны қабылдау фактісін анықтау туралы істер кеңінен ұсынылған қазақстандық сот практикасының желісі заңнамаға сәйкес келмейді. Тек бір факт заңды мәнге ие: бұл адам мұрагерлікке шақырылған мұрагерлер санатына жатады ма, жоқ па. Мысалы, нақты некеден ер адамның балалары қайтыс болғаннан кейін және оның жұбайы қайтыс болғаннан кейін тіркелген некедегі балаларымен бірге өкілдік ету құқығына ие болатындығын анықтауды талап етуге болады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1042-бабынасәйкес мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн не сот шешімінде қайтыс болған деп белгіленген күн мұраның ашылу уақыты болып танылады. Егер бірінен кейін бірі мұрагер болуы мүмкін азаматтар бір мезгілде немесе бір күнтізбелік тәулікте, бірақ түрлі сағатта қайтыс болса, онда олар бірінен кейін бірі мұрагер болмайды және мұрагерлікке олардың әрқайсысының мұрагерлері шақырылады.
Мұра қалдырушының соңғы тұрған жері мұраның ашылу орны болып табылады.
ҚР «Нотариат» туралы заңының 61 бабына сәйкес, нотариус мұра ашылған орын бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мұрагердiң мұрадан бac тартуы немесе оған құқық туралы куәлiк беру туралы өтiнiштi жазбаша нысанда қабылдайды [6] .
АК-нің 16-бабына сәйкес азамат тұрақты немесе көбiнесе тұратын елдi мекен оның тұрғылықты жерi деп танылады. "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес азаматтарды тіркеу тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша жүзеге асырылады. "Халықтың көші-қоны туралы" Заңның 1-бабының 17-1) тармақшасына сәйкес уақытша болатын (тұратын) жер - тұрғылықты жер болып табылмайтын және адам уақытша болатын (тұратын), мекенжайы бар ғимарат, үй-жай не тұрғынжай болып табылады. Әдетте, мұра қалдырушының соңғы тұрған жері тұрақты тұрған жеріне сәйкес келеді [7] .
Егер Қазақстан Республикасының аумағында мүлкі болған мұра қалдырушының соңғы тұрған жері белгісіз болса немесе оның аумағынан тыс жерде болса, Қазақстан Республикасында мұраның ашылу орны деп осындай мұрагерлік мүліктің орналасқан орны (жылжымайтын мүлік орналасқан жер, жылжымалы мүлік тіркелген жер, мұра қалдырушының шоты ашылған банк орналасқан жер және т. б. ) танылады. Егер көрсетілген мұра әртүрлі жерлерде орналасқан болса, оның құрамына енетін жылжымайтын мүліктің орналасқан жері, ал жылжымайтын мүлік болмаған кезде - жылжымалы мүліктің немесе оның неғұрлым құнды бөлігінің орналасқан жері мұраның ашылу орны болып табылады. Мүліктің құндылығы оның нарықтық құнының негізінде айқындалады.
Мұра қалдырушының тұрған жері мұрагерлерге белгілі болып, бірақ олар оны қандай да бір себептер бойынша құжаттармен дәлелдей алмаған жағдайларда, сот мұрагердің арызы бойынша Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) "305, 306, 307, 308, 309 баптарының тәртібімен мұраның ашылу орнының заңдық фактісін белгілеуі мүмкін [8] .
Азамат тұрақты тұрған жерінен тыс жерде (мысалы, міндетті әскери қызметті өткеруіне, оқуына, жұмыс жағдайына және сипатына, іссапарға, емдеу мекемесіне орналасуына, бас бостандығынан айыру орындарында болуына және т. б. байланысты) қайтыс болған жағдайда осындай адамдардың соңғы тұрақты тұрған жері деп олар қайтыс болғанға дейін (әскери қызметке шақырылғанға дейін, оқуға түскенге дейін, іс-сапарға шыққанға дейін, сотталғанға дейін және тағы басқа) тұрақты тұрған жері танылады.
Қазақстан Республикасында мұрагерлік құқық екі негіз бойынша жүзеге асырылады. Екі негіздердің бірімен мұра ашылғаннан кейінгі алты ай мерзім ішінде мұрагерлер мұраны қабылдауға не болмаса мұрадан бас тартуға құқығы бар. Сонымен қатар, мұра қалдырушының өзінің мұрагерлеріне мұраны бөліп беру мәселелері заңға сәйкес нотариуспен шешіледі. Ал, мұрадан бас тарту мұрагердің мұраның ашылған жері бойынша нотариусқа арыз беру арқылы жасалады. Егер сенімхатта мұрадан бас тартуға өкілеттік арнайы көзделсе, одан бас тартуға болады. Мұрадан бас тартушының мұрадан бас тартудың күшін кейіннен жоюға немесе қайтарып алуға құқығы жоқ. Өйткені, бұл үшін берілген мерзім өткеннен кейін мұрадан бас тарту құқығы жойылады. Егер ол қалдырылған мүлікті іс жүзінде иеленуге кіріссе не оған билік етсе, немесе оның осы мүлікке құқықтарын куәландыратын құжаттарды алуға өтініш жасаса, ол бұл құқықты аталған мерзім өткенге дейін де жоғалтуы мүмкін.
Мұрагер өсиет бойынша немесе заңда көрсетілген кезек бойынша мұрагерлер қатарындағы басқа адамдардың пайдасына мұрадан бас тартқандығын көрсетуге құқылы. Айта кететіні, өсиет қалдырушы мұрадан шеттеткен мұрагерлердің пайдасына мұрадан бас тартуға жол берілмейді. Егер мұрагер өсиет бойынша да, заңды мұрагерлік бойынша да мұрагерлікке шақырылса, ол осы негіздің біреуі бойынша немесе екі негіз бойынша да өзіне тиесілі мұрадан бас тартуға құқылы. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1074-ші бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мұраның бір бөлігінен бас тартуға, шарт қою арқылы бас тартуға жол берілмейді. Бұл мәселеге тереңірек тоқталсақ, мұрадан мына жағдайда бас тартуға болмайды:
- өсиет бойынша да, заңды мұрагерлік бойынша да мұрагер болып табылмайтын азаматтардың пайдасына:
- мұра қалдырушы өсиетте көрсеткен мұрадан шеттетілген мұрагерлердің пайдасына:
- мұрагерлікке құқығы жоқ азаматтың пайдасына:
- мұраның ашылуынан кейін алты ай мерзім өтіп кетсе.
Арызды қабылдау кезінде нотариус мұрагерлерге мұраны қабылдаудан бас тартуға байланысты іс-әрекеттерді түсіндіреді және бұл туралы арызда тиісінше жазба жасалады. Егер мұрагер мұрадан бас тарту туралы арызға өзі қол қойғандығын нотариаттық куәландырмай нотариусқа пошта арқылы жіберсе оны белгілі тәртіп бойынша тіркейді. Дегенмен, мұрагердің шын мәнінде рәсімделген арызды пошта арқылы жібергенінен өзінің нотариусқа келгені дұрыс-ақ. Егер мұрагерлікке шақырылған мұрагер мұраны қабылдап үлгерсе (нотариусқа қабылдау жөнінде арыз беру жолымен немесе заңға сәйкес, мысалы, мұра қалдырушымен бірге тұрған болса) немесе өзінің мұрагерлікке құқығын дайындамай қайтыс болса (мұрагерлікке құқығы туралы куәлікті алып үлгермесе), онда оған мұрагерлік мүлік тиесілі деп саналады және ол қайтыс болғаннан соң мұраны қабылдау құқығы оның мұрагерлеріне емес, мұралық мүліктің өзі ауысады.
Мұрагерлік құқығы туралы куәлік қайтыс болғаннан соң беріледі. Яғни, бірінші және екінші азаматтың қайтыс болу мерзімінің мәні аз.
Заңды мұрагер мен өсиет бойынша мұрагер мұра ашылған күннен кейінгі алты ай мерзім ішінде мұрадан бас тартуға құқылы. Сондай-ақ, ол кімнің пайдасына бас тартуды бір немесе бірнеше тұлғаның пайдасына шешуге рұқсат етіледі. Тағы бір мәселе, заңды мұрагер мен өсиет бойынша мұрагердің өз үлесі мемлекеттің пайдасына, сондай-ақ заңды тұлғалардың пайдасына шешуге құқы бар. Ал мұрагердің пайдасына мұрадан бас тарту кезінде оның мұрагерліктегі кезектігінің маңызы жоқтығын айта кету керек. Мысалы, заңды мұрагерлік бойынша шақырылған бірінші кезектегі мұрагер өзіне тиесілі үлестен (егер ол бірінші кезектегі жалғыз мұрагер болып табылса, онда барлық мұраны) басқа кезектегі мұрагердің біреуінің пайдасына бас тартуға құқылы. Төмендегі жағдайларға сәйкес, егер:
-өсиет бойынша мұрагердің бірінші мұрагерлерге өсиет етілген мүліктерге сәйкес, өзіне тиесілі болған үлестен өсиет бойынша мұрагерлердің біреуінің пайдасына, сондай-ақ заңда көрсетілген алты кезектегі мұрагердің бірінің пайдасына немесе мемлекеттің пайдасына бас тартуға құқылы;
-мұрагер мұрадан заңды немесе өсиет бойынша мұрагердің пайдасына, сондай-ақ мемлекетттің пайдасына немесе заңды тұлғаның пайдасына мұрагерлік үлесті үлестіре отырып, бас тартуға құқылы (мысалы, мұра қалдырушының баласының пайдасын үлестің үштен бірін, ал мемлекет пайдасына үштен екі бөлігі) .
Мұрадан бас тарту кезінде мұрагер мұраны қабылдап қойса, өз үлесінен бас тартқан мұрагер оны қайтадан талап ете алмайды. Демек, мұраның бір бөлігінен бас тартқан мұрагер, мұраның барлығынан бас тартты деп есептеледі. Ал, мұрадан бас тартқан мұрагер өзінің мұрадан бас тартуының заңсыздығын тек сот бойынша шеше алады.
Бұл жағдайда заңда көрсетілген, яғни ол келісімнің заңсыз екендігін тану туралы негізге сәйкес (егер бас тарту адасу, күштеу, алдау негізінде жүзеге асса) болу керек. Егер мұрагер мұра ашылған күннен алты ай мерзім ішінде сөзсіз мұрадан бас тартса ол одан кейін (заңға сай алты ай мерзім өткеннен кейін де) бас тартудың мазмұнын өзгертуге және мұраны қайсыбір мұрагердің пайдасына бас тартқандығын көрсетуге құқы жоқ. Мұрадан бас тарту туралы арыз мұрагерлік істер жөніндегі кітапшаға тіркелу керек. Аталмыш арыз бойынша нотариус мұрагерлік істі жүргізеді және бұл әрекет мұрагердің ешқайсысынан мұраны қабылдау туралы арыз болмаған ретте де жасалуы мүмкін.
Сот тәртібі бойынша әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған азаматтың арызын оның қамқоршысы бере алады. Яғни, әрекет қабілеттілігі шектеулі азаматтардың мұрадан бас тарту туралы арыздары қамқоршыларының келісімімен дайындалады, ал кәмелет жасқа толмағандардың бұл тұрғыдағы әрекеті ата-анасының, асырап алушыларының, қамқоршыларының келісімімен жүзеге асады. Бұдан басқа қамқоршылық және қорғаншылық органдарынан рұқсат талап етіледі. Мұрадан бас тарту тек әрекет қабілеттілігі бар азаматпен іске асады. Ал әрекет қабілеттілігі жоқ азаматтың орнына оның қамқоршысы ғана бас тартуға құқылы. Мұрадан бас тарту арызында кімнің пайдасына бас тартқандығы, яғни мұра қалдырушы мен мұрагердің туыстық қатынасы көрсетілуі керек. ҚРАК 1076-бабының ережелері барлық мұра немесе оның бір бөлігі мұрагерлерге нақты мүлік көрсетілмеген үлеспен өсиет етілген жағдайда мұрагерлердің арасында мұраны өсиет бойынша бөліп беруде қолданылады.
Мұраны іс жүзінде қабылдау деп мұрагердің мұра қалдырушы қайтыс болғаннан кейін соңғының мүлкін иеленуін және пайдалануын кәуландыратын әрекеттері, оның мүлкін ұстау мен сақтау жөніндегі әрекеттерді жүзеге асыруы, мұрагерлік мүлікке байланысты оның қарыздары мен салықтарын төлеуі не мұрагерлік массаға енгізілуге жататын мүліктік сипаттағы мұра қалдырушыға тиесілі төлемдерді, құндылықтарды алуы түсіндіріледі [10] .
Мұра ашылған жердегі мұрагерлердің өтініші негізінде нотариус немесе заңға сәйкес осындай нотариаттық іс-әрекет жасауға уәкілетті лауазымды адам мұраға құқық туралы куәлік береді.
Нотариатта куәландырылғандарға теңестiрiлетiн өсиеттер:
-Ауруханаларда, санаторийлерде, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерiнде емделiп жатқан, сондай-ақ қарттар мен мүгедектерге арналған үйлерде тұратын азаматтардың осы ауруханалардың, санаторийлердiң, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерiнiң бас дәрiгерлерi және кезекшi дәрiгерлерi, сондай-ақ қарттар мен мүгедектерге арналған үйлердiң директорлары, бас дәрiгерлерi куәландырған өсиеттерi;
-Госпитальдарда, санаторийлерде және басқа да әскери-емдеу мекемелерiнде емделiп жатқан әскери қызметшiлер мен басқа адамдардың осы госпитальдардың, санаторийлердiң және басқа да әскери-емдеу мекемелерiнiң бастықтары, олардың медицина бөлiмi жөнiндегi орынбасарлары, аға және кезекшi дәрiгерлерi куәландырған өсиеттерi;
-Жүзу кезiнде Қазақстан Республикасының жалауымен теңiз кемелерiнде немесе iшкi жүзу кемелерiнде жүрген азаматтардың осы кемелердiң капитандары куәландырған өсиеттерi;
-Барлау және басқа да экспедицияда жүрген азаматтардың осы экспедициялардың бастықтары куәландырған өсиеттерi;
-Нотариустары және нотариат әрекеттерiн жасауға уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдары жоқ әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң, әскери-оқу орындарының орналасқан мекендерiндегi әскери қызметшiлердiң өсиеттерi, сондай-ақ осы бөлiмдерде жұмыс iстейтiн жай адамдардың, олардың отбасы мүшелерiнiң және әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерiнiң де әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелер мен оқу орындарының командирлерi (бастықтары) куәландырған өсиеттерi;
-Бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың, бас бостандығынан айыру орындарының бастықтары куәландырған өсиеттерi теңестiрiледi. Осы тұлғалар .
Куәландырушы жазбалар мәмiлелердi куәландыру және нотариалдық куәландырылған құжаттардың дубликаттарын беру, құжаттардың көшiрмелерi мен олардан жасалған үзiндiлердiң дұрыстығын, құжаттардағы қойылған қолдардың түпнұсқалығын, құжаттардың бiр тiлден екiншi тiлге аударылуының дұрыстығын растау кезiнде, тиiстi құжаттарда құжаттардың көрсетiлген уақытын куәландыру кезiнде жасалады.
Мұраға алу құқығын, меншiк құқығын, азаматтың тiрi екендiгi және белгiлi бiр орында болуы фактiлерiн, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiшiн басқа және жеке заңды тұлғаларға берудi куәландыру, құжаттарды сақтауға қабылдауды растау үшiн тиiстi куәлiктер берiледi.
Мұраға сенiмгерлiк басқарушы тағайындалған кезде нотариус тиiстi қаулы шығарады.
Нотариус және өзге де лауазымды адамдар жасаған барлық нотариалдық iс-әрекеттер тiзiлiмге тiркеледi.
Нотариалдық iс-әрекеттердi, нотариалдық куәлiктердi және қаулыларды, мәмiлелер мен куәландырылған құжаттардағы куәландыру жазбаларын тiркейтiн тiзiлiмдердiң нысанын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлейдi.
Бiр данасы нотариалдық кеңсе iстерiнде немесе нотариуста сақталатын құжат жоғалған жағдайда, өз аттарынан немесе солардың тапсырмасы бойынша нотариалдық iс-әрекеттер жасалған азаматтардың, заңды тұлғалар өкiлдерiнiң жазбаша өтiнiштерi бойынша оларға жоғалған құжаттың дубликаты берiледi. Құжаттың дубликатын беру Заңның 3-бабыныңталаптары сақтала отырып жүргiзiледi.
Мемлекеттiк нотариустардың құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мiндеттi түрде мемлекеттiк архивке тапсырылуға тиiс. Ал жекеше нотариустардың құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мiндеттi түрде жеке нотариалдық архивке тапсырылуға тиiс.
Нотариустың өз тегi, аты-жөнi көрсетiлген жеке мөрi (бұдан әрi - мөр) болады, сондай-ақ мемлекеттiк нотариат кеңсесiнiң атауы (мемлекеттiк нотариус мөрi) немесе нотариусқа берген лицензия нөмiрi мен күнi (жеке практикамен айналысатын нотариустың мөрi) көрсетiледi, бұл мөр металдан (металл қоспаларынан) арнайы жабдықта дайындалуы, оны дайындауға қойылатын бүкiл талаптар сақталуы және жоғары дайындау сапалылығымен, жалған дайындаудан қорғалуымен, берiктiгiмен және бояғыштарға төтеп беру секiлдi айрықша қасиеттерiмен сипатталуы тиiс.
Өсиет бойынша мұраға құқық
ҚР Азаматтық Кодексінің 1046-шы бабына сәйкес, азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлікке билік ету жөнінде өз ықтиярын білдіруі өсиет болып танылады.
Өсиет бойынша мұрагерлер
Әрбір адамның өзінің мүлкін немесе оның бір бөлігін заң бойынша мұрагерлердің тобына кірмейтін бір немесе бірнеше тұлғаға өсиет етуге заңды түрде құқы бар. Тек қана мұралықтың міндетті үлесіне құқы бар тұлға істен сырт қалуы әбден мүмкін: кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мұра қалдырушының балалары, оның еңбекке қабілетсіз ата-аналары және күйеуі (әйелі) .
Сонымен қатар заңды тұлғалар мен мемлекет өсиет бойынша мұрагер бола алады. Мұрағер өсиет қалдырушымен тікелей таныс емес бөтен адам да мұрагер бола алады.
Мұралықтағы үлесті дәл анықтаудың, байқаудың тәсілі сонымен қатар кез келген жағдайда өзінің билігіне билік жүргізуге құқы бар мұраға қалдырушының ықтиярына тығыз байланысты. Бұдан басқа ҚР Азаматтық Кодексінің 1047 бабына [4] сай өсиет қалдырушы мұрагер мінез-құлқының сипатына қатысты мұра алуды белгілі талаппен байланыстыруға құқылы. Мұрагер тағайындау немесе мұра алу құқынан айыру туралы өкімге енгізілген заңға қарсы емес талаптар, өсиетке енгізілген мұрагердің денсаулық жағдайы бойынша мұрагер үшін талаптар заңды міндетті жарамды болып танылады.
Өсиетті құру
Өсиет тек ғана жазбаша формада ұсынылуы тиіс, нотариалды куәландырылады және өсиет берушінің қолы болуы керек және оның құрылуының орны мен уақыты көрсетілгені дұрыс, абзал. Нотариалды куәландырылған немесе теңестірілген нотариалды куәландырылған өсиет, тиісті түрде ресімделген өсиет болып танылады.
Бірақ та бір күні құрылған өсиет өзгеруі мүмкін немесе кез келген уақытта өсиет беруші оны тоқтата алады, сонымен қатар жаңа өсиет жеңілдікпен құрылуы ықтимал.
Заң бойынша мұраға құқық
Егер де әлдеқандай жағдаймен өсиет құрылмаған болса, мұра бекітілген заңнама рәсіміне сәйкес қылдай қылып тең бөлінеді.
Мұралыққа кезек
Мұралықтағы міндетті үлестерге заңды түрдегі құқы бар жоғарыда нақтыланып, басқа тұлғаларға да арналып, ҚР Азаматтық Кодексіндегі 1061 - 1064 баптарымен мұраға қалдырудың 8 бірдей кезегі бекітіледі. Бір кезек арқылы мұрагерлердің арасындағы мүліктер тең бөлінеді. Егер де алдыңғы кезектегі мұрагерлер болмай қалған жағдайда мұралаудың құқы келесі кезектегі мұрагерлерге өтеді.
Мұрагерлердің нақтыланған тізімі мұраға қалдырылатын мүліктің иесіз қалған мұра дәрежесіне, яғни, мемлекеттік меншікке өтіп кетуіне ешқандай да мүмкіндік бермейді
Мұраны қабылдау негізінен мынадай жағдайлармен жүзеге асырылады. Егер мұрагер кейін мұрадан бас тартпаса, мұрагерлік құқығынан айырылмаса және оны мұрагер етіп тағайындау туралы өсиеттік өкімді жарамсыз деп танудың салдарынан мұрагерлік құқығын жоғалтпаса, ол мұра ашылған уақыттан бастап өзіне тиесілі мұраға немесе оның бір бөлігіне ие бола алады.
Мұра ашылған жер бойынша нотариус мұрагердің өтінішімен оған мұрагерлікке құқық туралы куәлік беруге міндетті.
Мұрагерлікке құқық туралы куәлік мұра ашылған күннен бастап алты ай өткеннен кейін беріледі. Өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлік кезінде, егер нотариуста куәлік берілуін сұраған адамдардан басқа тиісті мүлікке не бүкіл мұраға қатысты басқа мұрагерлер туралы анық деректер болмаса, куәлік аталған мерзім өткенге дейін де берілуі мүмкін.
Болмаған мұрагерлердің құқықтары: Егерде мұрагерлердің арасында тұратын жері белгісіз адамдар болса, қалған мұрагерлер, өсиетті орындаушы және нотариус олардың тұратын жерін анықтауға және оларды мұрагерлікке шақыруға қисынды шаралар қолдануға міндетті.
Ал егер тұратын жері анықталса, мұрагерлікке шақырылып, болмай қалған мұрагер заңдарда көрсетілген мерзім ішінде мұрагерліктен бас тартса, қалған мұрагерлер өздерінің мұраны бөлісуді жүргізу ниеті туралы хабардар ету керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz