Сабақта қолданылатын Жаңа технологиялардың әдіс - тәсілдері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Сабақта қолданылатын Жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдері
RWCT бағдарламасы - ағылшын тілінен аударғанда "Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу" дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 100 түрлі стратегияларынан: әдістерінен тұрады. Мақсаты - шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы - әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, "Сорос-Қазақстан" қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.

1.Дәлелденген эссе әдісі - белгілі бір тақырып бойынша екі оқушы шығып, пікірталас өткізеді. ( тақырып жайында шолу жасап, оқушы пікірін тыңдап болып, таңдауларын жасағаннан кейін мұғалім немесе оқушы өзі пікір білдіруі керек. Бірі сол берілген тақырып бойынша теріс пікір (яғни жақтамайды, немесе келіспейді) айтса, ал екіншісі тура пікірде (яғни жақтайды, немесе келісетінін білдіреді) болады. Бұл оқушылар тоқтамастан, өз ойларын білдіріп, қарсыласына жауап қайтарып отыруы керек.

2. INSERT- әдісі Түртіп алу жүйесі - мәтінмен жұмыс кезінде орындаған жөн. Бұл әдісті пайдалану үшін мәтіннің талдануға ыңғайлы, баланың түсінігіне лайық, жете меңгере алатындай бірнеше мәліметтері болуы керек. Оқушы мәтінді оқу кезінде бірнеше белгілер қойып отырады. Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс.Оқушылар білгендерін анықтап, білмейтіндерін сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады. Кесте толтырылады.
! - білемін
- - келіспеймін
+ - мен үшін жаңа
? - таң қалдым, сұрақ туды
Оқып, белгілеп болғаннан кейін оқушы жеке отырып кестені мәліметтермен жоғарыдағы үлгі бойынша толтырады. Артынан жұппен, топпен талқылау өткізеді.

3. Әдеби үйірме әдісі - берілген мәтінді оқу, талдау жұмыстарын өткізгеннен кейін сыныпты топтарға бөлу.
1-топ Сілтеме табушылар. (Мәтіннің қызықты жерлерін табады)
2-топ Сұрақ қоюшылар. (Мәтіннің желісі бойынша топты ойландыратын сұрақ қояды)
3-топ Баяндаушы. ( Мәтін бойынша, топта өткен ой талқысы туралы баяндама жасайды.)
4-топ Ізденуші. ( Қосымша ақпарат, мәлімет жинақтайды)
5-топ Реттеуші. ( Ой талқысына қатысады, кезекпен сөйлейді, тәртіпті, бәрінің қатысуын қадағалайды.)
Жүйелілігі, бірізділігі

4. Биопоэма әдісі - сынып оқушыларын екі-екіден жұптап отырғызу. Төмендегі сұрақтарды тірек ете отырып, бір-біріне сауалнама өткізеді. Сол арқылы бір-бірін жақынырақ танып, көршісі туралы поэма жазады.
Мақсаты: бір-бірімен жақынырақ таныстыру, толығырақ білу.
1.Аты.
2. Үш-төрт етістік ( нені жасағанды ұнатуына байланысты).
3.Басқалармен қарым-қатынасы.
4.Үш-төрт ұнататын заты.
5.Үш-төрт басынан өткізген немесе қазір сезініп отырған сезімі.
6. Екі- үш жеткен дәрежесі (нәтижесі, шыңы)
7.Екі-үш көргісі келетін немесе сезім ұялататын заттары.
8.Ол қорықпайтын екі-үш заты.
9.Мекен-жайы.
10. Фамилиясы.

5. Ішіне және сыртына әдісі - оқылған өлеңге немесе мәтінге т.б. байланысты алуға болады.

6. Венн диаграмма әдісі - Бұл стратегияның мақсаты салыстыру, пайымдау. Екі зат немесе мезгілдің (объектінің) айырмашылығы мен ұқсастығы жазылады. Бір біріне айқасқан екі немесе үш шеңбер.(тек шеңбер ғана болу керек деген қате түсінік) Екі жағына салыстырылады, ал айқасқан жеріне ортақ қасиеті жазылады. Оқушылардың ойлары аршылып, салыстыру сияқты күрделі операция жүзеге асады.
7. Эссе Ой толғаныс әдісі -берілген тақырыпқа немесе тақырып атынан шағын әңгіме жазу, ЭССЕ - тақырыпқа сай оқушы өз ойын қорыта және жинақтай отырып, ой-толғанысын жазады. Оқушы өз бетімен жеке жұмыс жүргізеді. Эссені 5-10 минут ішінде тоқтамай жазады. Мұғалім де отырып жазуына болады. Бұл әдісте оқушы бала өз ойын еркін жеткізе білетін болады. Шығармашылықпен жұмыс істеп, сөздік қоры дамиды. Өмірде кездесетін жағдайларға, оқиғаларға саналы, ойлы қарауға үйренеді.

8. Білемін. Білгім келеді. Үйрендім. немесе - Еркін жазу әдісі
Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.
Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.
Сабақтың әр бөлігінде тоқталу керек.

9. Дұрыс-бұрыс әдісі- тұжырымдар кестесі
Ескерту. Кесте артық бөлімдермен сызылуы керек. Барлық оқушыларға алдын ала таратылады. Егер оқушы кестедегі тұжырымдарды дұрыс деп тапса, Дейін бөліміне + таңбасын, ал егер келіспесе - таңбасын қояды.

10. Кубизм Ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс жасайды. Қандайда бір затты жан жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады. Сипатта (түрі, түсі, көлемі)
Салыстыр (ұқсастығы, айырмашылығы)
Ұсын (қалай, қай жерде пайдаланылады?)-
Дәлелде (қарсы және қарсы емеспін)
Талда (қалай жасалған, неден тұрады?)
Ой толғау (бұл неден жасалған?)
Кубикпен жұпта немесе топта жұмыс жасайды. 1, 2 - сыныптарда үш жағын ғана пайдалануға болады. Бастауыш сыныптарда түрлі - түсті түрде пайдалануға болады. Кубтың әр қырына түсіндіріңіз, суреттеңіз, зерттеңіз, талдаңыз, қолданыңыз, салыстырыңыз деген сияқты жұмыс атауларын да жазуға болады.
11. Кластер немесе Топтастыру , Жинақтау әдісі - ойды жинақтау, ми қыртысында сәулеленген ойларды топтастыру, ассосациялау. Бұл стратегия топпен де жұппен де орындала береді. Сабақтың әр кезеңіне де қолайлы. Бұл тәсілдің авторы американдық Гудлат. Стратегияның мәні оқу материалын график түрінде жүйелеу, яғни мәтіннің маңызды бөлігін бөліп, график түрінде белгілі бір тәртіппен шоқ тәрізді орналастыру.
а) жұпта талқылау
ә) топта ой бөлісу
б) Ортақ пікірлерін плакатқа маркермен жазып, тақтаға іліп қойып түсіндіру немесе қысқаша ойларын айту.

12. Sinkuein Синквейн тәсілі. немесе Бес жолды өлең әдісі - оқушы берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады. Бес жолды өлеңді құрудың ережесі мынадай: бірінші жолда 1 зат есім, екінші жолда 2 сын есім, үшінші жолда 3 етістік, төртінші жолда 4 сөзден тұратын сөйлем яғни ойды түйіндеу, бесінші жолда тақырыпқа байланысты 1 синоним сөз жазылады.Немесе:
* Зат есім-1
* Сын есім-2
* Етістік-3
* Мағыналас сөз-1
* Мәндес сөз-1 немесе т.б.

13. Геометриялық фигуралар әдісі- бұл әдістің құралдары геометриялық пішіндер. Мақсаты: оқушының сөздік қорын, әдеби, мәдени сөйлеу тілін, күрделі ойлау қабілетін дамыту. Себебі бала оқылып отырған мәтіннің кейіпкерлерінің мінез-құлқына, сипаттама бере отырып қорытынды жасайды. Кейіпкерлерді түрлі фигуралардың сипатына қарай ұқсастығын табады. Жұмыс жұпта немесе топта орындалады. Алғашқы кездерде бүкіл сынып ұжымымен өткізуге болады.

14. РАФТ әдісі - жеке жұмыс ретінде, жұпта немесе топта жұмыс ретінде ұсынуға болады. Ол сыныптың қабілетіне байланысты. Оқушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазады. Бұл стратегияны қолдануда бала сол зат туралы ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды. Мысалы: Мен қазақтың қара домбырасымын. Менің күмбірлеген қоңыр үнімді ұнатпайтын қазақ жоқ. Мен әр қазақтың төрінде ілулі тұрамын. Мен адамның көңіл - күйін шектерім арқылы жеткіземін. т.с.с
-Р- рөл-оқушы
-А- аудитория- адамдар
-Ф- форма (хат, үндеу, ойтолғау, т.б. өз қалаулары бойынша)
-Т- тақырып

15. Автор орындығы, Ыстық орындық әдісі- жазған, өзі шығарған өлеңін т.б. автор орындығына отырып оқып беру.

16. Т кестесі әдісі- Мақсаты: қарама - қарсы нәрселерді сөздерді тере білу. Бұл жұмыста салыстыру, салыстыра отырып топтастыру сияқты процестер жүзеге асады. Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Т кестесін тақырыпты ашарда пайдаланылса, жаңа материалды түсінуге дайындық болады. Бұл стратегия жұпта, топта, жеке де орындала береді. Іс - тәжірибеде үй тапсырмасына да беріліп жүр. Кіші жас оқушыларына кескін, сурет түрінде орындауға болады.

17. Авторға хат әдісі- авторға хат, өз ойларын жазу.

18. Болжау әдісі- Оқиға мазмұны арқылы баланы қиялдату, ойын, сыни көзқарасын дамыту, проблемалық мәселе туғызу.
сұрақ қою арқылы жүреді. Мысалы: Қалай ойлайсыңдар әңгіме не туралы болуы мүмкін? Олай ойлауыңа не себеп болды? Нені негізге алып отырсың?

19. Екі жақты күнделік әдісі- Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:
Бөліктің оң жағына - мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар, үзінділерді жазады. Сол жағына әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп салдары қандай, қандай сұрақ тағы басқа).
Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң, жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталынып қойылғаны дұрыс. Мысалы:
- сіздің ойыңызда не сақталып қалды?
- автор оқырманды қалай қы-зықтырады?
- кейіпкерлердің іс-әрекетін сіз қалай бағалайсыз? тағы басқа түрінде.
20. Шығарма кестесі әдісі-
Шығарманың аты
Авторы
Оқиға кезеңі
Оқыға орны
Басты кейіпкер
Негізгі идеясы
Мәтіндегі түйін сөз
Мәтінге сай келетін мақал-мәтел

21. Галереяға саяхат әдісі- әр топтың жұмысына әр қатысушы өз пікірін білдіруі мүмкін, тіпті өз тобының жұмысына да сыртқы көзқарасы арқылы баға береді. (Әр жұмысқа стикер жапсыру арқылы).

22. Өзің үшін жазу әдісі- ой толғау жазу.

23. Сыр сандық әдісі-
* бүгінгі сабақтан есте қалған 10 заттың атын жаз.
* осы аталған заттардың ішінен саған ұнаған үшеуін белгілеп, солар туралы толығырақ мәлімет жаз.

24. Дөңгелек үстел әдісі - топпен жұмыс. Берілген ойды жалғастыру.

25. Сахналау әдісі - мәтінді әр түрлі бағытта сахналау өз қалпында, күлкілі қалыпта, қорқынышты қалыпта, жылатып т.б.

26. Семантикалық карта әдісі-

27. Авторға сұрақ қою әдісі- сұрақтар қою, сабаққа оқулықта берліген сұрақтар мен тапсырмаларды да пайдалануға болады.

28. Кардиограмма әдісі- мәтінді оқығанда оқушы қандай көңіл күйде болды, сол кездегі жүрегінің қағысын сызыққа салады.

29. ДЖИК СО әдісі- ДЖИК СО немесе Бедерлі пышқы стратегиясы - ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты: жалпы мәселені алдымен жұпта сосын ұжымда талқылау. Қолданылуы: Алдымен сынып 4 топқа бөлініп отырады - бұл жұмыс немесе бастапқы топтар деп аталады. Мәтін немесе тапсырма 4 бөлікке бөлініп дайындалады. Бірдей мәтін бөлігін алған оқушылар енді эксперт немесе жанұя топтарын құрады, яғни эксперт топтар басқа топ құрады, мәтіннің бірдей бөліктерін талдайды.
Төрт логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1 - бөлігін бірлер, 2 - бөлігін екілер, 3 - бөлігін үшіншілер, 4, 5- бөліктерін - бесінші және төртінші топқа бөлінетін оқушылар алады. Бастамас бұрын бастапқы топтардағы мәтінді мұқият меңгеру қажет себебі жанұя топтарға түсіндіруге жауапты екенін түсіну керек. Келесі кезекте бастапқы топтар қайта табысып, үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін - бірі оқытуға, сол арқылы ойлануға үйренеді.

ДЖИК СО немесе Бедерлі пышқы стратегиясының тақырыптың мазмұнын жақсы меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін тиімді әдіс.

30. Блум таксаномиясы әдісі- Блум таксаномиясы, сұрақтар стратегиясы - Блум сұрақтарды екіге бөледі. Олар жалпақ және жіңішке сұрақтар. Сұрақтар тізімі алдын ала жасалуы тиіс. Алдымен жіңішке сұрақтар, сосын жалпақ сұрақтар кетеді. Жіңішке сұрақтар - еске түсіруге арналған сұрақтар, жауабы нақты цифрмен немесе ия, жоқ деген жауап алынатын сұрақтар. Мысалы: - желтоқсан оқиғасы қай жылы болды? - 1986 жылы
- Сенің таныстарыңның ішінде оқиғаға қатысқан адамдар бар ма? - бар.
Жалпақ сұрақтар - сұрақтың жауабына толық әрі түсіндіре отырып жауап беріледі. Жауапты мәтіннен алуға болады. Бұл сұрақ түріне жауапты фразамен немесе нақыл сөзбен, мақал - мәтелмен беруге болады. Жалпақ сұрақтарды екінші деңгейдегі сұрақтар дейді. Сұрақтың бұл түріне сөзбен ғана емес басқа формаларда жауап беруге болады. Мысалы: сурет немесе схема, тіпті көрініс түрінде де. Жалпақ сұрақ: - қарастырылып отырған кейіпкер неге осындай қылық жасады? ( шағын көрініспен жауап беру)

31 . Концептуалды таблица әдісі - Концептуалдық дөңгелек әдісі кластерге ұқсас, бірақ мұнда бір шоқтан таралуы керек. Бұл тәсіл оқушылардың назарын оқылатын тақырыпқа аударуға, сабақ жоспарын жасауға мүмкіндік береді.

32. Миға шабуыл әдісі - бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс.

33. Тірек сөздер стратегиясы - Мұғалім тірек сөздер береді. Оқушылар тірек сөздердің ретін бұзбай әңгіме немесе мәтін құрастырады. Мәтіннің құрамын құруға мән беруге мұғалім назар аударады. Мәтін құрастыру кезінде логикалық ойлау іске қосылады. Әңгіменің мазмұнын жұпта, топта ақылдасады. Оқушының сөздік қоры, тілі, қиалы дамиды. Бұл әдіс мазмұндама және шығарма жазуға жақсы дайындық.
34. БББ немесе Маркировка кестесі әдісі - БББ - білемін, білдім, білгім келеді деген сөздерден алынған. Бұл кестеде үш бөлік. Әр бөлікті мәтінді не тақырыпты оқып отырып толтыра отырады. Негізгі қойылатын талап - оқушылардағы ойлар, тезистер, фактілер дәл сол күйінде көшірілмейді, өз ойымен жазылады. Бұл әдіс мұғалімге әр оқушыны бақылауға, оған сабақ соңында баға қоюға мүмкіндік береді. Мүмкін болса кесте сабақ үстінде толтырылады. Ал, үлгермеген жағдайда әр бөлікке бір, екі ой жазылу керек. Толықтыруға үйге беруге болады.
35. Ассоцациямен жұмыс әдісі- Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыруға бағытталған оқыту - ол өз бетінше шығармашылық тұрғыдан олай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған оқыту. Бұл тіл үйренушінің шығармашылық қабілетін дамытып, алған білімін шынайы өмірде қолдана алуға мүмкіндік туғызады.

36. Mind Map тәсілі- аталған тәсілді шетелдік ғалым Т.Бузан ұсынады
Тәсілді басқаша ойды, әңгімені жазып алу техникасы деп атауға болады. Жазу өте жылдам өтеді және оның өзінше құндылықтары бар. Алдымен сөз, ой, мәселе туындайды. Одан кейін қағазда көрсетілуге тиісті ойлар туындайды және олар шектелмейді. Жұмысты жеке және топта жасауға болады. Көп ойды бір уақытта мида сақтау психофизиологиялық тұрғыдан мүмкін емес. Сол себептен ойды көрініс ретінде көрсету келесі ерекшеліктерімен айқындалады:
-негізгі ой анық көрініске ие бола алады;
-көптеген ұғым, элементтер жеңіл танылып, олардың өзара байланыстары көрінеді;
-ассоциациятивтік ойлау дамытылып, қайталау тез және тиімді түрде өтеді.
37. Ирек әдісі- Оқушылардың танып білу қызметін арттыру үшін қолданылады. Мұғалім алдын ала мәтінді мағынасына қарай бөліктерге бөліп тастайды. Бүкіл сыныптағы оқушыларды топқа бөліп, әр топқа мәтін үзінділерін береді. Әр топ сынып оқушыларға, өздеріне берілген мәтіндерін түсіндіріп шығады. Мұндағы басты мақсат - әр оқушы осы тақырыпты түгелдей қамтуында.
38. Пікір алысу әдісі - Оқушылар бір қорытындыға келетін мәселеге байланысты пікір таластырады, пайдалы, пайдасыз жақтарын шешеді. Белгілі тақырыпты алып, әлеуметтік өмірмен байланыстыру, өз көзқарасын дамыту, өзгені құрметтеуге үйретеді.
39. Әңгіме әдісі- Өзіне - өзі есеп беру, көзқарасты дамыту, білімін анықтау, бағалау.
40. Жұқа және қалың сұрақтар әдісі

41.Рефлексия. Бес саусақ әдісі (Алан Лэйкен)
Кішкене бөбек - ойлар, білім, ақпарат. Мен үшін бүгін қандай жаңалық болды? Қандай маңызды білім алдым? Құзыреттілігім қалай өсті?
Шылдыр шүмек - мақсатқа жақындау. Мені мақсатқа жетуге жақындататын қандай оперативті міндеттерді шештім? Керісінше, қандай міндеттетді шешу мұмкіндігі жеткіліксіз болды?
Ортан терек - жәйі. Қандай жұмыстар ерекше қызықты болды? Жағымды эмоциялар мен жоғары уәждемелер немен байланысты болды? Керісінше, қандай жұмыстар қызықсыз, қиын болды, ерекше күш жұмсалды?
Сұқ саусақ - қызмет, көмек, ынтымақтастық. Мен бүгін кімге көмектестім, кіммен ортақ тіл табыстым, кіммен жақсы жұмыс жасадым?
Жаңа адамдармен таныстым ба? Ескі таныстарыммен арадағы қарым - қатынас қалай болды? Керісінше, кіммен кикілжіңге түстім? Кіммен бірлесіп жұмыс істеу нәтижесіз болды, неліктен?
Бас бармақ - сергектік. Қандай міндеттерге ерекше күш жұмсадым? Демалуға, күш-жігерімді қалпына келтіруге қандай жағдай жасалды?

42, Блиц-кездесу
Әріптесіңіз екеуіңіз, біреуіңіз тақтаға, ал екіншіңіз қарама-қарсы жаққа қарап отырыңыз.
Бірінші қатысушыда келесі әріптесіне өтпей тұрып, төменде келтірілген негізгі сөзді (дерді) түсіндіру үшін бар-жоғы 30 секунды бар - мұғалім түсіндіру үшін негізгі сөзді мысал ретінде келтіреді.

43, Он сұрақ!
Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады - қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.

44, Әліпби желісі
Бізге 5 ерікті қажет!
Әліпби тәртібімен әріптерді пайдалана отырып, қатысушылар алға шығулары керек және кезек-кезекпен берілген тапсырма бойынша негізгі сөздерді дауыстап айтады.
__________________
Бұл өте жеңіл - мысалы, егер сіздің тақырыбыңыз Орта ғасырға қатысты болса, онда сіз былайша бастай аласыз:
А - Aббаттық
Б - Білге қаған
В - Византия

45, Құпия зат
- мына зат бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз: Бұл не? деп СҰРАМАҢЫЗ

46, Серпілген сауал
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз.
Мысалы,
"Азамат, Айнурдың жауабы туралы сен не ойлайсың?"
"Ажар, Арманның жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?"
"Дәурен, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?"

47, Келтірілген мысалды пайдалана отырып, жоқ сөздерді қойыңыз:
Машина үшін металл жиһаз үшін ағаш сияқты Мұғалім затқа қатысты баламаларды ұсынуы тиіс.

____ үшін_____ ... ... ... .үшін_____сияқ ты
____ үшін_____ ... ... ... .үшін_____сияқ ты
____ үшін_____ ... ... ... .үшін_____сияқ ты
____ үшін_____ ... ... ... .үшін_____сияқ ты

48, Сұрақты ұстап ал!
Мұғалім сұрақ қойған кезде фасоль салынған қапшықты лақтырады. Бұл сұрау үдерісіне кинестикалық сипат береді және оқушыларды өз еркімен жауап беру үшін ниет білдіруге итермелейді. Сіз оқушыларға жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік бере аласыз. Сонымен қатар, бұл тапсырманы командамен шешуге де болады. Мұғалім кезек-кезекпен фасольды қапшықты әр командаға лақтырады. Егер де қапшықты қағып алған адам сұраққа жауап берсе, онда команда 3 балл алады. Егер де ол жауабын білмесе, қапшықты басқа командаға 2 балға лақтырады. Егер де қапшық тағы да кері лақтырылатын болса, онда дұрыс жауаптың құны 1 балға дейін төмендейді.

49, Лездеме!
Сіздің топтың екі қалған оқушысына бүгінгі сабақтың негізгі сөздерін түсіндіру үшін сізде бір минут бар:
Конверттен бір сөзді бір рет алу
Сөздің өзін атамай түсіндіру
Сөзді тапқан бірінші адам конверттен келесіні таңдайды және қалғандарына түсіндіреді!

50, Сөздің өзін пайдаланбастан
бүгінгі сабақтың әрбір негізгі сөзін
түсіндіру үшін сізде бір минут бар:

51, Конверт-сұрақ
2-3 сұрақ жазып, конвертке салыңыз (оқу мақсатына қарай). Әрбір оқушыда өзінікі болатындай етіп, бірнеше конверт дайындаңыз. Әрқайсысына екі минут беріңіз: оқушы стикерде атын және жауабын жазады; екі минут өткен соң конверт келесі оқушыға беріледі, осылай бұл 2-3 сұраққа барлығы жауап бергенше жүре береді. Стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқыңыз (аттарын атамастан); сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды

52, 9-ромб
Қатысушыларға айтарлықтай маңыздысын анықтап, талқылау үшін тізім беріледі. Тізімнің әрбір тармағын үлкен ромбылы торға орналастыру қажет. Маңызды тармақтарды әдетте ромбының жоғарғы жағына, ал оншалықты маңызды еместерін төменгі бөлігіне орналастырады. Әр қатарда орналасқан тармақтардың маңызы бірдей. Кейбір топтар ең маңызды карточкаларын орталықта орналастыра алады (екі нұсқасы сәйкес келеді, себебі тапсырманың маңызды элементі топтағы талқылау үдерісі болып табылады). Ромбының нысаны топқа бірқатар басымдықтар мен перспективаларды қамтуға мүмкіндік береді.

53, Тақырыптық Теннис
3 адамнан топқа бөлініңіздер:
2 ойыншы және судья . Мен тақырыпты айтқан соң сіздер кезекпен берілген тақырыпқа қатысы бар сөздерді айта бастайсыздар, біреулеріңіз тоқтағанға дейін жалғаса береді. Топтың үшінші қатысушысы сөздерді жазады және есеп жүргізеді. есеп:
Теннистік ойындағы есеп-шот қолданылады (15 - 0, тең және т.б.)
немесе әрбір қатысушы сөз таба алмаған кезде 1 балл беріледі.

54. Бүгінгі негізгі сөзден барынша көп қысқа сөздерді құрастыру қажет.
Мысалы: Константинополь Сіздің нәтижеңіз қандай?
өте жақсы: 10 және одан да көп сөз
жақсы: 8 және одан да көп сөз
жаман емес: 6 және одан да көп сөз

55. Сөйлемді толықтыру
Мына сөйлемді толықтырыңыз:
Мен бүгін ... жаттап алдым.
Сіз тақтаға шығып өзіңіздің сөйлеміңізді айтқанда, сіздің сыныптастарыңыз материалды қаншалықты меңгергендігіңізге наразылық білдіру үшін сізге бірқатар сұрақ қояды.
Білімін тексеруге арналған кейбір сұрақтар:
Неге ...
Мұны қайдан білесіз ...
... үшін сізде қандай дәлел бар.
Сіз неге олай ойлайсыз...
Сіз келісесіз бе...
Түсіндіре аласыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың қазіргі технологиялары
Оқыту үдерісінде интерактивті әдістерді тиімді пайдалану жайлы
Оқыту үдерісінде интерактивтік әдістерді тиімді пайдалану
Қазіргі педагогикалық технология. Дәрістер
Интерактивті құралдармен сабақ өткізу әдістемесі
Еңбекке баулу сабағында өзіне - өзі қызмет ету еңбегінің ерекшелігі
Жоспарлап оқыту технологиясы
Инновациялық-компьютерлік технологияны қолдану арқылы экономикалық білім берудің педагогикалық алғышарттары
Кәсіптік оқытуда жаңа оқыту технологияларын пайдалану ерекшеліктері
«Жалпы және бейорганикалық химияны оқытудың заманауи технологиялары мен әдістері»
Пәндер