Криминалистік әдістеме жүйесі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
АДАМДЫ ӨЛТІРУ

Реферат

Алматы, 2022
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабына сәйкес: Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады.
Айтылғанға орай, тұлғаның құқықтарының шынайы түрде қамтамасыз ету - қылмыстық сот ісін жүргізу сферасындағы демократияны, ізгілікті бағалаудың өлшемі. Бұл үшін, тек қана қылмыстан зардап шеккен адамдардың құқықтары мен бостандықтарын ғана қорғау емес, сонымен қатар қылмыстық ізге түсуге тартылған адамдардың да құқықтары мен бостандықтарын сақтау қажет. Кінәсіздерді соттау, негізсіз қылмыстық жауапкершілікке тарту мүлдем жойылу қажет.
Дегенмен де, ашық жерде жасалған кісі өлтіруді тергеу кезіндегі тиісті шарттардың орындалуына қатысты бірқатар шешімін таппаған мәселелер кездесіп отыр, ол тәжірибедегі қиындықтардың орын алуына және алдын ала тергеу жүргізу органдарының конституциялық құқықтарын дұрыс сақтамауына себеп болып отыр.
Сондықтан да, осы жоғарыда көрсетілген мәселелер, автордың осы тақырыпқа ерекше назар аударуы негізгі себебі болып отыр. Сонымен бірге, қоғам өміріндегі әлеуметтік жағдайдың өзгеріске ұшырауы, мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың қызметіне қойылатын талаптың жоғарылауына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық процесстік кодекстің қабылдануы осы проблеманы қазіргі кезеңде зерттеудің өзекті шарты болады.
Бірақ, философиялық тұрғыдан алғанда да, әлемдегі даму мен өзгерістер қайшылықтар дың туындауының арқасында болады, яғни осы қайшылықтарды реттеу арқылы қоғамның дамып жетілетіндігі белгілі. Сол сияқты заң да, ой да уақыт талабына сай реттеліп, өзгертіліп бір жүйеге келіп отыруы тиіс.
Ашық жерде жасалған кісі өлтіруді тергеу мәселесіне қатысты мәселелер жаңа қырынан ашылып отыр, сондықтан ұсынылған жобадағы өзекті мәселе болып табылады, және аталған жоба жаңа ой ережелердің пайда болуына өз септігін тигізуі мүмкін.
Теориялық негізін криминалистика, қылмыстық процесс, тәжірибелік материалдар мен түрлі заң салаларындағы ғылыми еңбектер құрайды.
Нормативтік базасы ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасының нормалары болып табылады: Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексі, нормативті-құқықтық актілер, сот тәжірибесі мен Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы танылады.
Адамға карсы жасалатын кылмыстардың ішінде ең кауіптісі кісі өлтіру кылмысы болып табылады. Бұл кылмыстарды ашу ерекше киын және жұмыс көлемі үлкен болғандықтан, кісі елтіру бойынша істерді күрделілігіне карап, жоғары категорияға жаткызуға болады. Кісі өлтіру Казакстан Республикасынын Кылмыстық кодек-сінін 99-бабында карастырылып, айтылғандай бұл басқа адамға, кұкыққа карсы касақана келтірілген өлім болып табылады.
Адам жоғалған жағдайда іс күрделі бола түседі. Өйткені, із-түссіз жоғалушының кай жерде екендігі жайлы мәліметтердің жоқтығы, оның езінің жакындарына кайда және неліктен жоғалғандығын хабарлау мүмкіндігінің болмауы. Сондыктан адам жоғалуына байланысты іс козғар алдынан тексеру жүрізіледі, оның мақсаты: жоғалған адам тірі ме, болмаса оның жоғалуы зорлап елтіруге байланысты ма екенін аныктау. Егер тексеруде жоғалған адамды белгілі бір мерзімге дейін ешкім көрмесе немесе одан хабар болмаса, ол туыс-туғандары-на бармаса және туыстарына өзінін бір жакка кеткендігін ха-барламаса, ол өзі тұратын үй басқармасын, жұмыс орнын неме-се оқитын жерін және баскд да ұйымдарды хабарландырмаса, ал оның жеке құжаттары және нәрселері үйінде калса, оның бір жакка кетуі туралы ойлары белгілі болмаса, онда жоғалған адамның зорлыкпен елтірілуі мүмкіндігі негізді деп есептеліп, оның өлтірілуі туралы кылмыстык іс козғалады.
Ашық жерде жасалған кісі өлтірудің криминалистік сипаттамасы.
Ашық жерде жасалған кісі өлтірудін криминалистік сипаттамасын мына элементтер кұрайды: кылмысты жасыру; кылмыскердің жеке тұлғасы мен жәбірленуші туралы мәліметтер. Қылмысты жасалу тәсіліне қарай кісі өлтіруді екі негізгі түрге бөліп карауға болады:
- ашыктүрде кісі өлтіру, яғни кісі өлтірушінің жанында оны білетін адамдардын болуы. Егер көрген адам болмаған жағдай-дың әзінде де, кісі өлтіруші езінің істеген ісін және кінәсін жасырмаган жағдайда;
- жасырын түрде кісі өлтіру, яғни кылмыстың ешкім көрмеген жағдайда жасалуы, кылмыскердің өз кінәсін белсенді түрде жасыруға тырысуы, куәгерлер катынаскан жағдайдың өзінде бейтаныс адамның қылмыс жасап, жауапкершіліктен күтылып мақсатын іске асыруы.
Қылмыстың бұл түрі тергеу үшін күрделі болады. Тергеу әдістемесін жасағанда кісі елтірудің әдістерін зерттеу мен катар, олардың қылмыстарын жасыру тәсілдерін де зерттеу керек. Кісі өлтірушілер кебінесе бір нәрсені теріс көрсетуге тырысып, түрлі айла жасайды. Әр түрлі жағдайларға сәйкес олар: табиғи болған өлім, өзін-өзі өлтіру, жазатайым жағдайда, абайсызда болған елім және т. б. көріністер.
Қылмыстар деректі жағдайда жасалынады. Жағдайды зерттеп, кылмыскер мен жәбірленушінін әрекеттеріне әсер еткен объективтік факторларды, окиға тетігін, өлтіру тәсілдерін анык-тауға болады.
Мысалы: каладан алыс емес (ағаш отырғызылған) жерден жас ер адамның мәйіті табылған. Мәйіттің жанында жаткдн қанды еске түсіретін, қызыл кышқыл түсті шаш жабысқан үлкен тас, тергеушінің пікірінше кісі өлтіру құралы деп танылды. Оқиға болған жерде алыс-жұлыс іздері болмаған. Өлтірілген адамның жаңа костюмі мен аяқ киімі, калтасында ақша болған. Осылардың бәрі өлтіру қасақана емес, таластан, кек алудан, жәбірленушінің таныстары тарапынан болған деген ойға әкелді.
Қылмыскерлер жүйелі түрде спирт ішімдіктерін шамадан тыс ішіп, кұқык бұзу әрекеттерін мас күйлерінде жасайды. Өлтіру алдында жағдайлар болады, болашак жәбірленушілер кей жағдайларда өздерін дұрыс үстамайды. Көбінесе, әйелдер ерлерінің өмірі мен денсаулығына қастандық жасайды: мастыктан, қол жүмсаудан, корлык көрсетуден.
Егер өлтіру себептеріне кеңіл бөлінбесе, олар: бүзакылык, пиғылдар, кызғанушылық, пайдақорлық, баска қылмысты жасыруға тырысуы және т.б. онда кылмыскердің жеке тұлғасы толық зерттелмейді.
Кісі өлтірушілік кылмыстык-кұкық классификациясы нормалар негізінің әр түрлі классификациясына жатады, олардын негізі болып субъективтік тараптың (кінә түрі, ниет пен мақсаттары) моментгері болып табылады, өлтіру алдындағы жағдай, жәбірленушінің тәртібі (жан куйзелісі жағдайынла, кажетті корғаныстан аскан жағдайла өлтіру), мұнда кримналистік классификация тәсіллері кең колданылады.
Ашық жерде кісі өлтіру қылмыстарын жасауда қолданылатын тәсілдердің кеңінен тараған түрлеріне келесілерді жатқызуға болады:
-әр түрлі кұралдарды, заттарды қолдану арқылы жәбірленушіге дене жарақатын салу;
-жәбірленушіні дәрменсіз күйде қалдыру, болмаса осы жағдайды пайдалана отырып оған дене жарақатын салу, оны қылғындыру, т.б.
- жәбірленушіні өте биік жерден лақтырып жіберу;
- жәбірленушінің ағзасына улы заттарды жіберу және т.б.
Қылмыскер жекеленген жағдайларда езінің кінәсіздігін нақтылайтындай жалған дәлелдемелер кұру үшін, жасалған әрекет пен жәбірленушінің өлуінің арасындағы белгілі бір уақыт өтуін есепке ала отырып қылмысты жасау тәсілін тандап алады. Қылмыстарды жасаудың мұндай тәсілін - баяу әсер ететін жарылғыш, болмаса улы заттарды пайдалану аркылы колдануды тергеу барысынан кездестіруге болады.
Егер қылмыскердің кылмыс жасауға таңдап алған тәсілдері қандай да бір ерекше құрылғыларды, жарылғыш, улы заттарды дайындап жасаумен немесе басқа да арнайы таным білімдерімен байланысты жағдайларда, қылмыскерлер - техникалық, медициналық, химиялық, физикалық және басқа да арнайы әдебиеттерді зерттеп оқиды.
Ашық жерде кісі өлтіру қылмыстарын жасау кезінде, тергеліп отырған оқиға жөнінде күш қолдану әрекеттерін және басқа да жекеленген мән-жайларды куәландыратын, атап айтқанда: қылмыстың механизмін, құралын, оған қолданған тәсілдерді және қылмыскердің жеке басының ерекшеліктері мен әрекет-мақсаттарын, қылмыстың ізін жасыру әдістерін сипаттайтын әр түрлі іздер пайда болады.
Мүндай іздерге қылмыскердің: кол саусақ іздері, тісінің, тырнағының, аяқкиімінің іздері; көлік және бұзу құралдарының іздері; қылмыс болған жердегі, айналадағы заттарда кдлған іздер, арпалыс іздері, мәйіттегі дене жарақат іздері, табиғи биологиялык іздер. Сезіктіні ұстау кезінде оның денесінен, киімдерінен, одан алынған кылмыс құралдарынан қылмыстың іздері табылуы мүмкін.
Олар алкоголь ішімдіктерін кездейсоқ адамдармен бірге ішіп, мас болып кездейсоқ адамдарды немесе айналасындағы адамдарды балағаттап өздері тиісіп, соның негізінде ұрыс, жанжал, төбелес шығып, қылмыстың жасалуына бірден-бір себеп болады. Көбінде мұндай жағдайларда адам өлтіру бойынша жасалған қылмыстың жәбірленушісі ер адамдар болады. Ал әйел адамдары кылмыстың кұрбаны болуына - жыныстық қатынас жасау, пайдакүнемдік ниет, сондай-ақ қызғаныштың пайда болуы себеп болады.
Қылмыскер. Ашық жерде кісі өлтіруге байланысты қылмыстарды әдетте 18-бен 50 жас аралығындағы алкогольдік ішімдікке немесе нашақорлыққа кұмар ер адамдар жасайды. Олар, қоғамдағы басқатұлғалардан өздерінің: дөрекеліктерімен, қатыгездіктерімен, жыныстық құштарлығы жоғарлығымен, әйелдерді сыйламай-тындығымен, бұрын қылмыстық жазаға тартылғандығымен ерекшеленеді.
Криминалистикалық әдістемені қалыптастыру мүмкіндігі-әрбір криминалдық іс-әрекет жеке өзіне ғана тән ерекше белгілерді, сонымен қатар барлық қылмыстарға тән жалпы белгілерді иемденетіндігіне негізделеді. Мәселен, ұрлық жасауда, оны жасау уақыты, әдістемесі мен жағдайларына қарамастан жалпы белгілері бір болып келеді және басқа да қылмыс түрлерінен: адам өлтіру, зорлау, тонау, т.б. осы белгілері арқылы ажыратылады.Қылмыстың жекеленген топтарына ортақ жалпы белгілердің болуы - нақты бір қылмыс жөнінде іс қозғау ерекшеліктерін, осы қылмыстарды тергеу кезінде туындаған типтік болжауларды, сондай-ақ алғашқы және кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттерінің сипаты мен міндеттерін, оларды неғұрлым тиімді жүргізу әдіс-тәсілдерін, нақты криминалдық құбылыстарды ескерту, алдын-алу шараларын анықтауға мүмкіндіктер береді. Нақты айтқанда, жекеленген қылмыс түрлері мен топтарының жалпы белгілері тергеу әдістемесі негізделетін фундаментті құрайды [9].
Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің пәні мен қағидалары. Барлық қылмыстарға тән жалпы ( ортақ) белгілердің болуы, оларды тергеу әдістемесінде жалпы заңдылықтырдың болуынан көрініс табады. Сондықтан да қылмыстардың әрбір түрлері мен топтарын тергеу кезінде олар нақты әдістеменің ерекшеліктеріне қарамастан жалпы қағида талаптарына сәйкес келуі тиіс. Қағида деп - белгілі бір ғылыми теорияда басшылыққа алатын негізгі идеяларды айтамыз.
Криминалистикалық әдістеменің қағидасы - қылмыстық жауаптылыққа тартылатын әрекеттерді тергеуді жүзеге асыратын және де ұйымдастыратын ережелердің жиынтығы. Криминалистикалық әдістеменің қағидалары: жалпы, арнайы, жеке - деп үш топқа бөліп қарастырылады.
Жалпыға - қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің заңдылықтарын сақтау; теория иен тәжірибенің біртұтастығы; қылмыстық әрекеттердің жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің мақсаттылығы; олардың тергеудегі тәуелсіздігі; мамандандырылуы жатады.
Криминалистикалық әдістеме - дегеніміз ғылыми ережелердің жүйесі және солардың негізінде жасалатын қылмыстық жекеленген түрлерінің алдын алу, тергеу, ашу және ұйымдастыруы бойынша ұсыныстар. Криминалистиканың жалпы теориясы негізінде криминалистік техника және тактиканың нақтыланған және анықталған категориялары қылмыс түрлерін тергеуде қолданылады, яығни криминалистік техника және тактиканың ережелері тергеу және сот органдарының тәжірибесінде дәл осы криминалистік әдістеме арқылы іске асырылады.Криминалистік әдістеме қылмыстың әрбір жекеленген түрінің ерекшелігіне сүйеніп, криминалистік техника мен тактика ұсыныстарды қолданудың нәтижелі тәсілдерін тағайындайды.
Криминалситік әдістеменің мақсаттары:
а) жалпы мақсаты - құқық қорғау органдарымен қылмыстарды ашу, тергеу және болдырмау үшін әрекеттесу; ә) арнайы мақсаттары:
- қылмыстың ерекшелігін оныфң бөлік түрін криминалситикалық аспектіде үйрену;
- әр қылмыстарды жедел тергеу, және алдын алуды жалпылау және үйрену;
Қылмыстың бөлек түрлерін ашу, тергеу және алдын алуды дәлелдеген ғылыми ұсыныстарды дайындау.
Криминалистік әдістеменің бастаулары:
- жедел тергеу, ашу және алдын алу тәжірибесі. Криминалистік әдістеме кағидалары немесе криминалистиканың осы бөліміне жүктелетін, негізгі жалпы талаптар мынадай:
- қылмыстарды тергеудің зандылығын қамтамасыз ету; әдістемелік ұсыныстардың нақтылығы, жалпылығы және жекелік сипаты;
- жеке криминалистік әдістеме ұрылымында сатылардың болуы (тергеу сатыларына сәйкес);
тергеуді жүргізудің түрлі мән-жайлары туралы арнайы ескертулер әдістемелік нұсқаулар;
- жеке криминалистік әдістемелердің құрылымдык бірлігі (анықталған түрлерге, категорияларға қатысты);
- кылмысты тергеуге қатысты тұлғалардың және басқа түлғалардың қауіпсіздігін камтамасыз ету;
- ұқсас кылмыстардың криминалистік сипаттамасы негізінде жеке бір қылмыс түріне криминалистік әдістемелер кұру.
Криминалистік әдістеме жүйесі. Криминалистік әдістеме жүйесінде екі негізгі бөлікті белгілеуге болады:
а) криминалистік әдістеменің жалпы ережелері;
ә) қылмыстардың жекелеген түрлерін тергеу әдістемелері (жеке криминалистік әдістеме).
Криминалистік әдістеменің жалпы ережелері -- ол осы белімнің теориялық негізі, оның негізін қалаушы бастаулары, яғни криминалистік әдістемелердің теориялық негізі болып табылады.
Олар мынадай элементтерден тұрады: криминалистік ғылымының бөлімі ретінде криминалистика әдістемесінің үғымы, мазмұны және жүйесі; криминалистік әдістеменің пайда болу тарихы және дамуы, оның бастаулары, мақсаттары мен қағидалары; жеке криминалистік әдістеменің түсінігі, классификациясы және құрылымы.
Ашық жерде жасалған кісі өлтіруді тергеудің әдістемелік жүйесін құрастыруда мынадай типтік ситациялар қажетті болады:
Нақты ситуацияны тексере отырып, тергеуші типтік мәселелерді шешу жөніндегі білімді қолданады, шындықты ескере отырып, оларды жаңа жағдайға сәйкес өзгертеді (модернизациялайды). Тергеу ситуациясын, бағалау кезінде заңмен қарастырылатын екі жағдай туындайды - шешім қабылдауға дайындалу кезінде тергеудің бағыты бойынша және тергеу әрекетін жүргізу бойынша. Жекеленген тергеу ситуациясы тергеу жағдайы (ретінде) сияқты қолда бар немесе жоқ ақпараттарға, адам өлтіру қылмысы жөніндегі көмекші мәліметтер мен дәлелдеулерге, мәліметтердің күшіне, тергеушінің өзінің мүмкіндігі мен құралдарына, қоршаған ортадағы жағдайларға және т.б. қатысты анықталады.
Болжауларды тексеру үшін қылмыстық істі талдау нәтижесінде келесідей көрсеткіштердің қолдануы мүмкін:
:: 21-жасқа дейінгі ер адамдарды касақана өлтіру қылмыстары тұрғын-үйлерден тыс жерлерде олардың таныстары мас күйінде жеке бас араздыктарына байланысты өшін (есебін) алу, жанжалдасу немесе төбелесу кезінде жасалған;
:: 5 жастан 16 жасқа дейінгі ұл балаларды қасақана өлтіру қылмыстары түрғын-үйлерде немесе оның жанында, олардын өз әкелерімен, өгей әкелерімен, болмаса шешесімен бірге тұратын адамдармен жасалған;
:: 23 жасқа дейінгі ер жынысты адамдарды өлтіру қылмыстарының 75 % жаппай демалу кезінде 17 -- 22 жас аралығындағы оқиға болған жерден 1,5 км-ге дейінгі қашықтықта тұратын ер (адамдармен (көбінде жәбірленушінің таныстарымен) жасалған;
:: 28-ден 57-ге дейінгі жастағы әйелдерді өлтіру қылмыстарының 50 % тұрғын жайлардан тыс жерлерде жасалған, бұл қылмыстарды олардың күйеулері немесе ашыналары мас күйінде жыныстық қатынасқа түсуге байланысты жасаған.
Адамның жоғалуына байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеуді жоспарлау қылмыстың жасалу уақыты мен ол бойынша қылмыстық іс қозғалған уақыт арасындағы кеткен уакыттарды, сондай-ақ кылмыстың жасалған жеріне байланысты мәліметтерді қылмысты жасау және оның ізін жасыру тәсілдерін, айыпкердің жеке басы туралы мәліметтердің жоқтығын ескере отырып жүзеге асырады [15].
Мұндай ситуацияларда тергеу жоспары адамның жоғалуына байланысты түскен арыздарды алдын ала тексеру нәтижесі есепке алына отырып құрылады. Істің мән-жайына байланысты тергеу жоспарына - хабар-ошарсыз кеткен адамның тұрғын-жайлары мен жұмыс орындарын карауға, оның туысқандарынан және таныстарынан жауап алуға, жоғалып кеткен адам мен оны қоршаған адамдардың жеке басын зерттеуге және мәйітті іздестіруді ұйымдастыруға бағытталған шараларды кіргізуге болады.
Оқиға болган жерді тексеру. Адам өлтіру ісі бойынша оқиға болған жерді караудың ерекшеліктері, қылмыстық ситуацияның ашылуымен және қылмыс жасалған жердің сипатымен қамтамасыз етіледі. Атыс қаруын қолдануға байланысты жасалған адам өлтіру ісі бойынша оқиға болған жерді қараудын уландыру және т.б. жолмен жасалған адам өлтіру қылмысын қараудан айырмашылығы ерекше. Бұған қарамастан, адам өлтіруге байланысты іс бойынша оқиға болған жерге қарау жүргізудің жал-пы тактикалык ұсыныстары бар.
Адам өлтіруге байланысты іс бойынша қараудың негізгі объектісі -- мәйіт және оның табылған жері, себебі көп жағдайларда оның табылған жері қылмыстың жасалған жері болып келеді. Мұндай қарау әрекетін жүргізуді тергеушінін өзі жетекші бола отырып кұрған топ жедел-іздестіру кызметкерлері, маман-криминалист, сот-медицина саласының мамандары, яғни жедел-тергеу тобымен жүзеге асырылады.
Оқиға болған жердің және нақты бір қылмыс жағдайының ерекшеліктеріне байланысты топ құрамына басқа да мамандар кіргізілуі мүмкін.
Мәйіт қаралады, кылмыстың ізі табылу мүмкіндігіне байланысты ол табылған жер мен оның аумағы қаралады. Мәйіт табылған жерден едәуір ара қашықтықтан іске қатысты іздер мен басқа да объектілер табылған жағдайларда, оларды қарау өзінше жекеленген тергеу әрекетін құрайды (әрекеттерінен тұрады).
Мәйітті қарау барысыңда оның: жынысы, шамамен жасы, дене бітімі, бойы; оқиға болған жердегі жылжымайтын объектіге қатысты мәйіттің орналасу жағдайы анықталады; мәйіттің орналасу жай-күйі, сондай-ақ басының және аяқ-қолдарының орналасу жағдайлары мен ерекше белгілері бекітіледі. Қарау кезінде мәйіт танылмаған жағдайларда ауызша суреттеу әдістемесі бойынша хаттамаға толық сипаттамаланып бекітіледі.
Танылмаған мәйіттін жеке басын анықтауда жүргізілетін әрекеттер. Егер, мәйітті карау барысында оның жеке басын куәландыратын қүжаттар табылмаса және оқиға болған жердегі түлғалармен танылмаған жағдайларда, тергеуші мәйіттің жеке басын анықтауға байланысты шаралар колданады.
Осындай мақсатпен мәйіт жеке тұлғаларға (пәтер иелерінің кооперативі (КСК) қызметкерлеріне, учаскелік полиция инспекторына, жақын аумақтың түрғындарына) тануға көрсетілуі мүмкін. Егер бұл шараларды жүргізу нәтижесінде жәбірлену-шініңжеке басы туралы мәліметтер алынған жағдайларда, мәйіт оның туыстарына, таныстарына, бірге жұмыс істейтін қызметтес әріптестеріне Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің баптарының талаптары мен тәртіптері бойынша тануға көрсетіледі. Берілген тергеу әрекетін жүргізудің бірқатар ерекшеліктері бар. Мәселен, мәйітті тануға көрсету әрекеттерін жеке ғимараттарда, яғни мөйітханада жүргізу шаралары ұсынылады. Мәйітті тануға бірнеше адамдар келген жағдайларда, олардың арасынан бұл ауыртпалықты барынша көтере алатын адамға ғана көрсетілуі қажет.
Куәлардан жауап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Криминалистік әдістеме
Адам өлтіруді тергеу
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау барысында шешілетін міндеттер
Криминалистикалық идентификация және диагностика
Криминалистік құжаттарды тану Оқу-әдістемелік құрал
Криминалистикалық фотография, бейне- және дыбыс жазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі
Сот экспертологиясы пәнінен қысқаша лекция жинағы
Құжаттарды криминалистикалық зерттеу
Қазақстан Республикасында сот сараптамаларын тағайындау мен жүргізудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері
ҚҰЖАТТАРДЫ ЖӘНЕ ЖАЗУДЫ КРИМИНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУ
Пәндер