Қылмыстық істер туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Адам өлтіру

Абайсызда жасалатын қылмыстардың ішіндегі ең қауіптісі абайсызда келтірілген өлім.
Криминологиялық жағынан алғанда абайсызда жасалған қылмыстарға анықтама беру жеткіліксіз. Бұл мәселе үлкен әлеуметтік және психологиялық-әлеуметтік жағынан қарастыруды талап етеді. Жалпы абайсызда жасалған қылмыстар техникалық жағынан қарастырылса, ендігі жағынан қылмыс жағынан қылмыс жасаған адамның психикасына да қарау керек деп есептейміз.
Абайсызда өлімге әкелетін қоғамдық қауіп-қатер өрескел тәртіпсіздікпен, күнделікті өмірде қалыпты ережелерді бұзумен, кінәлінің ұқыпсыздығымен көрінеді.
Іс жүзінде қылмыс құрамының белгілері қылмыстық заңда нақты және арнайы бекітілгеніне қарамастан, квалификациялық қателер жиі жіберіледі.
Квалификациялық қателері қылмыстық істің әртүрлі сатыларында орын алатындықтан, бұл тақырыпқа көбірек көңіл бөлген жөн. Тергеуші квалификация бойынша қате жіберсе, оны түзетуге мүмкіндік туады, бірақ іс-әрекеттер тек апелляция немесе кассация сатысында дұрыс баға алатын жағдайлар болады.
Жаза тағайындау кезінде адамның кінәсі анықталған қоғамға қауіпті іс-әрекеттер мен олардың зардаптары үшін ғана жауапты болатынын көрсететін кінәлілік қағидасы және оған сәйкес жаза қолданылатын әділеттілік қағидасы сақталуы тиіс, қылмыс жасаған адамға қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен сипатына, жасалған қылмыстың мән-жайына және орындаушының жеке басына сәйкес келуге тиіс.
Абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру - бұл кең таралған қылмыс, бірақ бұл арада тергеушілер қылмыс квалификациясын белгіленген кезде қиындықтарға тап болады, өйткені, бұл қылмыс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің көзделген басқа да кейбір қылмыстардың құрамымен ұқсас құрамға ие.
Зерттеу пәні абайсызда адам өліміне әкеп соқтырғаны үшін жауапкершілікті белгілейтін қылмыстық құқық нормалары, сондай-ақ оларды қолдану тәжірибесі болып табылады.
Жұмыстың мақсаты - абайсыздықтан адам өліміне әкеп соғу фактілеріне құқықтық талдау жасау, құқықтық реттеу мәселелерін анықтау және оларды шешу жолдарын ұсыну.
Бұл мақсатқа жету үшін бірқатар нақты міндеттерді орындау қажет:
- Абайсызда келтірілген өлімді түсінігін анықтау;
- адам өліміне келтіру қылмыс құрамын қарастыру.;
- қарастырылып отырған қылмысты байланысты қылмыстардан шектейтін белгілерді зерттеу;
- жұмыс тақырыбы бойынша іс-тәжірибеден өткен жерден құқық қолдану тәжірибесінің материалдарын талдау;
- абайсызда келтірілген өлімді тергеу әдістемесін ұсыну.
Адам өміріне қолсұғушылық неғұрлым ауыр және қауіпті қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірі болып табылады, өйткені олар аса маңызды әлеуметтік құндылық - адам өміріне орны толмас зиян келтіреді.
2014 жылғы Қылмыстық кодекс бойынша абайсыздықта қазаға ұшырату адам өлтiрудiң түсiнiгiне жатпайды, ол өз алдына жеке қылмыс болып табылады. Мұның адам өлтiру ден негiзгi айырмашылығы өлiмнiң болуына қатысты кiнə нысанының өзгешелiгiнде. Абайсыздықта қазаға ұшырату ұшқалақтықтың немесе ұқыпсыздықтың салдарынан болуы мүмкiн [2, 24 б.].
Қылмыстық кодекстiң 104-бабы ның 2-тар мағы осы қыл мыстың не ғұрлым қауiптi түрiн қарас тырады: екi не месе одан көп адамды абайсызда қазаға ұшырату [3].
Өмір сүру құқығы - әрбір адамның ажырамас құқығы болып табылады. Бұл құқық заңмен қорғалады. Ешкімнің де өмірі еріксіз қиылуға тиіс емес. Бұл тұжырым Азаматтық және құқықтар туралы саяси халықаралық пактінің 6 бабында көрсетілген
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабы - адам, оның өмірі, құқықтар мен бостандықтары ең жоғарғы құндылық деп жариялайды [4].
Адамның өмірі және денсаулығына, жыныстық тазалығына, бостандығына, ар-намысы менқадір қасиетіне қастандық жасау және басқа да қауіпті іс-әрекеттер жеке адамға қарсы қылмыстар деп аталады. Мұндай қылмыстар жасалғанда адамға елеулі зиян келеді не өміріне , денсаулығына, құқықтары мен бостандықтарына елеулі қауіп төнеді. Мұндай қылмыстардың тектік обьектісі - жеке адам, ал тікелей обьектісі - оның өмірі, денсаулығы, ар-намысы, қадір-қасиеті
Адам өлтіру - жеке адамға қарсы қылмыстың ең ауыры, басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру.
Абайсызда адам өліміне әкеп соғу Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде адам өлтіру болып саналмайды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 104-бабындағы неғұрлым кең ұғымды қолдану кінәлінің қандай да бір қауіпсіздік ережелерін бұзған кезде кәсіби қызметті жүзеге асыруы процесінде жәбірленушінің өмірін абайсызда айыру жағдайларында (егер Кодексте арнайы норма болмаса) осы нормамен еркін жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Қылмыстың бұл түрі көбінесе күнделікті өмірде, спортта, экономикалық немесе өндірістік қызметте, медициналық қызметте, ғылыми-техникалық қызметте кездеседі. Қылмыстың бұл түрі әрқашан жалпы адамзаттық немесе жалпыға бірдей міндетті сақтық ережелерін, соның ішінде сақтық шараларын немесе белгілі бір саладағы ережелерді бұзумен байланысты [5, 629].
Жеке адамға қарсы қылмыстар туралы істер жөніндегі қылмыстарды саралау және тиісінше, оларды жасаған адамдарға әділ жаза тағайындау кезінде қылмыстық заңды дұрыс қолдануды қамтамасыз ету үшін кінә нысанын, ниетінің түрін, қылмыс жасаудың мәні мен мақсатын, тәсілін, жағдайы мен сатысын, келтірілген зардаптардың ауырлығын анықтау қажет. Қылмыстық процесті жүргізетін органдар іс жүргізу құжаттарында (айыптау актісінде, үкімде) өз тұжырымдарын жол берілетін анық дәлелдемелерді келтіре отырып негіздеулері тиіс.
Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар көбіне сотталушылармен негізінен спирттік ішімдік ішкен күйде, маскүнемдікке шалдыққан адамдармен және бұрын жазасын өтеп шыққан адамдармен, қылмыстың қауіпті қайталануымен жасалатыны анықталды. Сонымен қатар бұндай аса ауыр құқық бұзушылыққа әйел адамдардың да баратыны және құқық бұзушылықты спирттік ішімдік ішкен жағдайда жасайтыны көрінеді.
Осы орайда сот үкімдерінде сотталушыларға жаза тағайындау кезінде олардың жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларға, жасаған қылмыстарының сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін ескеріп және не себепті бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалғаны көрсетіледі.
Сонымен қатар, қылмыстық істерді қарау барысында туындайтын өзекті мәселенің бірі бұл сотқа дейінгі тергеп-тексеру органымен айыпталушының іс-әрекетінің дұрыс сараланбауы болып табылады.
ҚР ҚК-нің 99 бабы бойынша саралантын басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшыратуды ҚК-тің 104 бабымен дәрежеленетін абайсызда адам өлтіруден ажырату қажет, өйткені қылмыстық менмендік (әрекетті жасай отырып адам жәбірленушінің өлімі болуы мүмкін екендігін алдын ала біліп, бірақ еш негізсіз, жеңілтектікпен оны болғызбайтынына сенгенде) немесе қылмыстық немқұрайлылық (алайда, кінәлі істің мән-жайы бойынша өзінің әрекетінен жәбірленушінің өлімі болуы мүмкін екендігін алдын ала біле алатын және білуге тиіс бола тұра, алдын ала білмеуі) нәтижесінде жасалады.
Адамның өміріне қарсы аяқталған қылмыс тікелей де, жанама қасақаналықпен де жасалуы мүмкін, ал оларды жасауға оқталғандық субъективтік жағынан тек тікелей қасақаналық болып сипатталады. Сондықтан қылмыс жасау сатысын айқындаумен қатар кінә нысанын да ескеру, кінәлінің ниеті неге бағытталғанын, қылмыс нәтижесінде қандай зардап туындағанын және нақ осындай нәтиженің туындауына кінәлінің субъективті қатысын анықтау және белгілеу керек. Егер қылмыс оны аяқтағанға дейін үзілген болса, онда кінәлі өз әрекеттерін не себепті тоқтатқанын, бұл оның еркіне тәуелді болған-болмағанын, бұл ретте қылмысты жалғастыруға оның нақты мүмкіндігі болған-болмағанын, қоғамға қауіпті зардаптың туындауына қандай мән-жайлардан кедергі болғанын анықтау қажет.
Абайсызда кісі өлтіру қылмысы бойынша жазалаудың жалпы ескерту ықпалы сияқты түрін жүзеге асырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Ең бастысы, бұл жерде субъект зиянды зардапты тілемек түгілі оны болдырмауға күш салады. Басқаша айтқанда, қауіпсіздік ережелерінің қайсы бірін бұзған кезде айыпкердің зиян келтірмейінше ау деген ойы болмайды. Абайсыздық үшін жазалаудың жалпы ескерту ықпалы механизімінің қиыншылығы да, негізгі ерекшелігі де осында.
Көптеген зерттеулер жаза алдындағы қорғаныш қылмыс істеуді толық тоқтатуға кепілі бола алмайтындығын көрсетеді.
Қасақана қылмыста субъектінің жазадан құтылып кету жөніндегі ішкі есебі болса, абайсыздық қылмысында ол болатын ауыр зардапты алдын ала болжай білмегендіктен көбінесе жаза жөніндегі ойланбайды да.
Мұның бәрі абайсыздық әрекетіне қарсы күрес қылмыстық жазаның шектеулі мүмкіндігі туралы, жазаның ескерту ықпалын асыра бағалағандық жөнінде, бұл әрекеттер үшін жазалау шараларына түзету енгізу қажеттігі жөнінде, басқа да арнайы профилактикалық шаралардың артықшылықтары мен перспективасы жөнінде қортындыға келуге мәжбүр етеді.
Абайсызда кісі өлтіру қылмысы үшін ҚР қылмыстық заңнамасында жазаның екі ғана балама түрі бас бостандығынан айыру немесе бас бостандығынан шектеу түріндегі жазалар белгіленген. Баптың бірінші бөлігінде көзделген қылмысты істеген адамдарға үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу не бас бас бостандығынан айыру сияқты жазаның негізгі түрлері қолданылса, екінші бөлігінде белгіленген екі немесе одан да көп адамды байсызда өлтіргені үшін бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу не бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Демек, бұл қылмыс қылмыс санатттары бойынша онша ауыр емес қылмыстар қатрына жатқызылған. Яғни олардың қоғамға қауіптілік дәрежесі де төмен болып келеді.
Аталған қылмысы үшін жазалауды шектеу мүмкіндігін белгілі бір деңгейде компенсациялау кезіндегі қарама-қайшылықтар мен мүдделер қақтығысынан шығудың жолы жаза мен жауапкершілікті дифференциациялау, қоғамдық қауіпті абайсыздық әрекеттеріне қарсы қарсы жүргізілетін бүкіл жазалау - тәрбиелеу шараларының жүйесін мейлінше жетілдіру болып табылады.
Қауіпсіздік қылмысы бойынша жазалау шараларын онан әрі жетілдіру және ізгілендіру - қылмыс жасаған адамдарға тағайындалатын бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды қылмыстық - құқықтық ықпал етудің басқа шараларымен алмастыру арқылы іске асырылуы тиіс.
Жаза тағайындауға қатысты мына жағдайларды да ескере кетсек. Мысалы6 кеңес өкіметі тұсында қылмыстық заңнамаларда абайсыздық оқиғасына байланысты жағдайлар белгіленбеген.
Абайсызда адам өлтіруді жауапкершілік тудырмайтын кездейсоқ өлтіруден ажыратуымыз қажет (адам кісінің өлімі болатынын білмеген және білуге мүмкіншілігі болмаған немесе адам өлімінің болу мүмкіндігін білген, бірақ оны болдырмау үшін айыптының ойынша барлық қажеттерді жасаған, бірақ, өлім оның ырқына байланысты емес себептерден болған).
Демек, бұл ҚР ҚК 104 баптың көлемінде абайсыздықпен қаза келтіруді де қарастыру, абайсыздағы өзге адамның өміріне зардап әкелетін әрекеттерді қасақана кісі өлтіруге жақындастыру болар еді. Қазіргі заң бойынша бұл қылмыстардың кінә нысаны ғана емес ұғымы да, қауіптілік дәрежесі де бір-бірінен бөлек жатыр.
Қызметтегі қылмыстық заңда абайсызда бөтеннің өміріне қаза келтіру, бір жағынан, жеке тұлғаға қарсы қылмыс ретінде, екіншіден, басқа қасақана жəне абайсыз қылмыстардың саралаушы белгісі ретінде бекітілген. Қасақана кісі өлтіру абайсызда бөтеннің өміріне қаза келтірумен салыстырғанда аса жоғары қауіптілікпен сипатталатынына күмəнданбаймыз, бірақ адамдардың абайсыз мінез-құлқының зиянды нəтижесінен туатын қатенің бағасы өте мəнді. Əлеуметтік жауапсыздық, тəртіпсіздік, тұрмыстағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау, ұқыпсыздық, тиісті көңіл бөлмеушілік орны толмас жағдайларға, яғни адам өліміне өте жиі əкеп соғады.
Теорияда да, тəжірибеде де аталған қылмыстар үшін құқық қорғау органдарының ықпал ету шараларын жасақтауға қажетті көңіл бөлмеу, абайсызда адам өміріне, қаза келтіру, денсаулыққа зиян келтіру, бөтеннің мүлкін абайсызда жою жəне бүлдіру, атыс қаруын ұқыпсыз сақтаудың қоғамдық қауіптілігі дəрежесін бағаламаудың салдары.
Алдымен, қылмыстық әрекетті дұрыс саралау үшін қол сұғушылықтың объектісін анықтау қажет. Объект қылмыс құрамының міндетті элементі және белгісі болып табылады. Объектісіз жасалған әрекетте бұл әрекет үшін қылмыстық жауаптылықты жоққа шығаратын қылмыс құрамы болмайды.
Қылмыстың обьективтік жағы - адам өлтіру әрекетінде, әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін.
Қылмыстың объективті жағы-белгілі бір сақтық ережелерін бұзатын және нәтижесінде басқа адамның өліміне әкелетін әрекеттер немесе әрекетсіздік. Бұл ретте жәбірленушіге өлім келтіру әрекетінің салдары кінәлінің іс-әрекетімен себепті байланыста болуға тиіс.
Абайсызда келтірілген өлімді қылмысты саралау үшін объективтік жағының үш құрамдас бөлігі қажет, атап айтқанда:
- тұрмыстық немесе кәсіптік сақтық шараларын бұзудан тұратын әрекет немесе әрекетсіздік нысаны;
-жәбірленушінің өлімі түріндегі салдар;
- қасақана емес әрекет пен өлім арасындағы себепті байланыс.
Егер жәбірленушінің қандай да бір затқа (тасқа, жиекке және т.б.) итеруден құлауы және соққысынан оның өлімі туындайтын болса, онда кінәлі адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге және жәбірленушінің өмірінен айыруға ниеті болмаған жағдайда, кінәлі адам абайсызда өлім келтіргені үшін жауаптылықта болады.
Қылмыс жәбірленуші қайтыс болған кезден бастап аяқталды деп танылады.
Бұл әрекеттің ерекшелігі себеп-салдарлық байланыстың жанама сипаты - объективтік жағы кінәлінің әрекетінің басқа адамның өліміне әкелуге бағытталмағандығымен сипатталады.
Субьективтік жағынан абайсыздықпен сипатталады(менмендікпен, немқұрайлықпен).
Қылмыстың субъективті жағы абайсыздық түрінде кінәні білдіреді: менмендік пен немқұрайлылық. Менмендікпен өлім келтіру адамның өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) нәтиже салдарынан абайсызда өлімге әкелуді жанама қасақана кісі өлтіруден, адамның өлімге әкелу мүмкіндігін алдын ала көре отырып, бірақ бұған жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен бұл зардаптардың алдын алуға сенгенін білдіреді.
Қылмыстық менмендіктің салдарынан абайсызда өлім - кісі өлтіруден жанама ниетпен ажырату керек, егер кінәлі адам қайтыс болу мүмкіндігін алдын ала көре отырып, өз әрекетінің осындай салдарының басталуына саналы түрде жол берсе немесе бұл салға немқұрайды қараса.
Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған кезде оның әрекетінің (әрекетсіздігінің) нәтижесінде оның туындау мүмкіндігін болжамайды, дегенмен ол тиісті сақтықпен және алдын ала ойластырылған жағдайда бұл зардаптарды болжауға тиіс және болуы мүмкін еді. Қылмыстық абайсыздық түріндегі абайсызда өлімге әкеп соғуды адам өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіптілігін түсінбеген және істің мән-жайы бойынша түсіне алмаған немесе болжай алмаған абайсызда өлімге әкеп соғудан ажырату керек
Іс-әрекет жасаған кезде жәбірленушінің қайтыс болуы түріндегі зардаптардың туындау мүмкіндігін алдын ала білген адам іс-әрекет жасау кезінде жеткілікті себеппен осы зардаптардың алдын алуға сенген немесе алдын ала алмаған жағдайлар да танылуға тиіс, олардың психофизиологиялық қасиеттерінің экстремалды жағдайлардың талаптарына немесе нейропсихикалық шамадан тыс жүктемелерге сәйкес келмеуіне байланысты.
ҚК - нің 104-бабы Абайсызда қазаға ұшырату
1. Абайсызда қазаға ұшырату - үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда екi немесе одан да көп адамды қазаға ұшырату - бес жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады бекіткен.
ҚК - нің 104-бабын қолдану үшін қылмыстық нәтижеге-басқа адамның өліміне қатысты абайсызда кінәнің бар-жоғын анықтау қажет.
ҚК-нің 104-бабының 2-бөлігі екі және одан да көп адамға абайсызда өлім келтіргені үшін жауапкершілікті көздейді. Кінәлінің іс-әрекеттерін 2-бөлім бойынша саралау үшін кемінде екі адамның қаза болуы қажет (мысалы, қорлық салдарынан өрт шыққан кезде бірнеше адам, оның басшысының кінәсінен туристер тобы және т.б.).
Субъект-16 жасқа толған, ақыл-есі дұрыс жеке тұлға.
Осы қылмысты жасағаны үшін жауапқа тарту жасын ұлғайту негізделген, өйткені қылмыстық жауаптылықтың жасын саралау кезінде кәмелетке толмағандардың әртүрлі құқықтық аспектілерді әр түрлі бағалау және оларды қабылдау мүмкіндігі ескеріледі [7, 151 б.].
Алкогольді ішімдікті, есірткі заттарды немесе басқада есеңгірететін заттарды пайдалану салдарынан қылмыс жасаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды. Қазіргі таңда қалыптасып отырған жағдайда көптеген қылмыстардың әсіресе бұзақылық, жеке адмға қарсы күш қолданумен жасалатын, автокөлік қатысты қылмыстар мас күйінде жасалатындығы белгілі болып отыр. Алайда заңда бекітілген ережені, мас күйінде қылмыс жасаған адам ешуақытта қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайды деп түсінбеуіміз керек. Бұл адамның тек мас болу жағдайына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайтындағында ал басқа жағдай бойынша ол қылмыстың жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. Мастықтың екі түрі бар физиологиялық және патологиялық мастық. Мас күйінде қылмыс жасаған адамдардың қылмыстық жауапкершілігін сөз қылғанда біз физиологиялық мастықтан, потологиялық мастықтың айырмашылығы оның барысында ішімдік қабылдау адамның қысқа мерзімдік психикалық бұзылуына соқтырады сондықтан ол өз әрекеттеріне есеп бере алмай, оларды басқара алмауы мүмкін. Сонымен қатар созылмалы нашақорлықпен ауыратын адамдардың наркотик заттарды қабылдамауынан психикасы бұзылуы мүмкін екендігін естен шығармауымыз керек.
2007 жылғы 11 мамырдағы ҚР Жоғарғы Сотының Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстарды саралау туралы нормативтік қаулысының 30 тармағына сәйкес қылмыстың субъективті жағы мен кінә нысанын айқындай отырып, жасалған қылмыстың барлық мән-жайының жиынтығын, атап айтқанда, кінәлінің және жәбірленушінің өзара қатынасының сипатын, қылмыс жасаудың тәсілі мен қаруын, жарақаттардың және өзге де дене зақымдарының санын, сипатын және жойылуын, қылмыс субъектісінің заңға қарсы әрекетін тоқтату себебін және тағы сол сияқты, сондай-ақ оның қылмыс жасағанға дейінгі және қылмыс жасағаннан кейінгі мінез-құлқын ескеру қажет [8].
Сонымен, қылмыстық әрекетті дұрыс саралау үшін қылмыс құрамының әрбір элементіне ерекше назар аудару қажет. Сонымен қатар, ерекше субъектінің болуына қарамастан, кінәнің формасына, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алдын ала тергеу мен анықтаудың ара қатынасы
Ішкі істер органдары
Қылмыстық істерді тергелуі бойынша бір органнан екінші органға беру
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру
Анықтау органдары
Құқықтық мәртебеге ресми атауы
Полиция қызметінің негізгі бағыттары
Алдынала тергеудің жалпы шарттары
Қылмыстық істер бойынша халықаралық құқықтық көмек
Материалдары сотқа дейiн протокол түрiнде дайындау
Пәндер