Сократ, Платон философиясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
1 СӨЖ: Үңгір аллегориясы: қазіргі оқылу
Орындаған: Балтабай Бағлан
Тобы: Тарих құқық негіздері

Жоспар
::Сократ Философиясы
::Платон Философиясы
::Үңгір аллегориясы
::Адам кайдан біледі?
::Философтың маңыздылығы
::Жанның үш бөлігі
::Пайдаланылған әдебиеттер

СОКРАТ ФИЛОСОФИЯСЫ
::Классикалық кезеңге Сократ, Платон, Аристотельфилософиялары жатады.
::СОКРАТ (б.з.д. 469-339 жж.) философия тарихында үлкен орыналады. Афина қаласының тұрғыны, философы ретіндекөптеген шәкірті болды. Олардың ішіндегі кең танымалы - Платон. Өзөмірінде бірде-бір жазба дерек қалдырмаған Сократтуралы мағлұматтар философия тарихшыларының еңбектері және оның шәкірттеріарқылы жетті. Мұның себебі, кітапқа сұрақ қоюға болмайды, - деп, жанды пікірлесуді мәтіннен жоғары қояды.
::Сократтың пайымдауынша, адамның мәні - оның жандүниесінде, жаны - оның ойлауға деген қабілеті, парасаты, адамгершіліккенегізделген жүріс-тұрысы мен іс-әрекеті. Адамдыдене емес, сана ретінде түсіну, жан дүниесін тәрбиелеу қажет: Сендерөз денелеріңді немесе байлықты, басқа заттарды біріншіойламаңдар, ең алдымен өз жан дүниелеріңді тәрбиелеп, тазалаңдар, өйткеніізгілік байлықтан емес, байлық пен басқаның бәрі ізгіліктен шығады, - дейді. Ол адамды өзін-өзі танушы өнегелі жан иесі деп түсінді.
::Сократтың ирониясы мен маевтикасы адамныңжан дүниесін жетілдірудің жолын көрсетеді. Ирония дегеніміз - талқыланып жатқан мәселе төңірегінде қарсылас адамға тұжырымдарының ішкіқайшылығын сұрақтар қою арқылы көрсетіп, ақырындаоны:
Менің білетінім - ештеңе білмейтінім деген ойға әкелу.

СОКРАТ ФИЛОСОФИЯСЫ
Маевтика - сұхбаттың екінші сатысы. Мұнда жоғарыда талданған мәселе жөніндегі пікірлерсалыстырылып, олардың ішіндегі ақиқатқа әкелетіндері таңдалады, дүниегеақиқат келеді.
Сократ субъективтікдиалектика тәсілін жете зерттеді. Оның басты мақсаты - ақиқатқа қол жеткізу. Ақиқатқа сұхбаттан алынатын, түсіктердің мазмұнын нақтылауда пайда болатын, адам пікірінебағынышсыз объективтік білім деп қарады.
Материалдық әлемгеқатынасында ол - агностик, өйткені сыртқы ортаны тану мүмкін емес. Оның орнына адамның жанын түсінуге жол ашық, оны танудыңөзіндік философиялық мәні болады.
Жақсылық пен жамандық шекарасын ажыратқан ол адамның рақымшыл мінез-құлық ережесінің болатынын дәріптеді. Бақыт пен рақымшылдық бірдей, зұлымдық жақсылықты білмеуден туындайды.

Өзіңді өзің таны - Сократ үшін барлық адамға ортақ рақымшылдықты табуды білдіреді. Яғни сенің рухыңа және денеңе не керек екендігін анықтау.

ПЛАТОН ФИЛОСОФИЯСЫ
◾Сократтың оқушысы ұлы ойшыл Аристокл (б.з.д. 427-347 жж.) өзінің кең жауырынды болғаны үшін Платон (кеңжауырынды) деген лақап атқа ие болған. Өз өмірінде 34 диалог түрінде еңбек жазған және олар біздің күнімізге толықжеткен. Негізгі еңбектері: Сократты жоқтау, Критон, Мемлекет, Федон, Парменид, Софист, Заңдар т.б.
Ол сезімнен тыс және оны тек қана ұғынатын ақылмен түсінуге болатынын айтады. Бұл әлем - физикалық ғаламнан жоғары тұрған өзіндік ой, ой әлемі мәңгі және өзгеріссіз.
◾Платонның танымтеориясы бойынша, адамның туа біткен санасы болады, еске түсіруарқылы ол өзіне әлемді ашады. Затты өзінің барлық көріністерімен танудан бұрын, - дейді Платон, - заттардың мағынасын білу, демек ойды ақылмен пайымдау керек.
◾Платонның түсінігінше, таным екі сатыдан тұрады. Танымбастапқыда таза жанмен жүзеге асырылады, өйткені ол дене дүниегекелгенше бәрін көреді. Денеге орналасқан жан адамның жетілуі барысындабұрын көрген өзінің білімдерін еске түсіреді. Платон мүмкіндігі болғаншасезім мүшелерінен гөрі тура жанға назараударуға кеңес береді. Мұны сөздің көмегімен істеуге болады, - деп есептейді Платон, - ал еске түсірудің негізгітәсілі - диалектика, сұхбат.

Платон - объективтік идеализмнің мазмұнын толық көрсетіп, ғылымға енгізген бірінші грек философы.

"Идея" - Платон философиясының басты ұғымы. Оның мәні: ой, идея, түсінік, сана әлемдерінің заттар әлемімен салыстырғанда алғашқы болатындығының мойындалуында.

ПЛАТОН ФИЛОСОФИЯСЫ
◾Адам жан мен тәнніңбірлігінен тұрады. Тән - жан үшін түрме, қапас, ол өмірдің келеңсіздіктерін, қастандықтытуындатады, егер жан тән құмарлығын қанағаттандыру үшін онымен бітісіп кететін болса, ол жанның өліміне әкеледі. Жанғақамқорлық, тазару оның өнегелі өзгерісіне әкелетін ақыл танымыдеңгейінде мүмкін болады.
◾Платон жанды жегілгенкүймемен салыстырады: бір ат ой, сана әлемінеұмтылса, екіншісі жерге тартады. Парасат осы екі ұмтылысты теңестіреді.
◾Платон адам жанынүш категорияға бөледі: парасат; ерік, құмарлықжәне сұқтану, ындын.
◾Парасатты жан иелері - данышпандар, философтар. Олар жандарының табиғатына қарай игіліктімемлекетке талпынады, сондықтан олардың басты атқаратын қызметі - мемлекет басқару. Саясат дегеніміз - тек философтар ғана айналысатынжанды құтқарудың өнері. Олар парасатты жанның иесі, сондықтанәділеттіліктің, игіліктің жоғарғы құндылықболатынын біледі.
◾Ерікпен құмарлық басым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сократ философиясы
Платон философиясы туралы
Көне Грек философиясының ерекшеліктері
Антика дәуірінің философиясы
Антикалық философия тарихы
Көне Греция философиясы
Көне Греция философиясы жайлы
Антик философиясы
Антик философиясы туралы
Антикалық мәдениеттегі философия
Пәндер