Жеке адамға қарсы қылмыстар туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жеке адамға қарсы қылмыстар
Адам өлтiрудiң объективтiк жағы басқа адамды өмiрiнен заңсыз айырумен көрiнедi. Қылмыстық құқық бұзушылықтың аяқталуы үшiн адамды өмiрiнен айыруға бағытталған iс-əрекеттiң жəне соның зардабынан адам өлуiнiң арасын- дағы себептiк байланыстың болуын айқындау қажет.
Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы аяқталған қылмыс тікелей де, жанама қасақаналықпен де жасалуы мүмкін, ал оларды жасауға оқталғандық субъективтік жағынан тек тікелей қасақаналық болып сипатталады. Сондықтан қылмыстық құқық бұзушылық жасау сатысын айқындаумен қатар кінә нысанын да ескеру, кінәлінің ниеті неге бағытталғанын, қылмыстық құқық бұзушылық нәтижесінде қандай зардап туындағанын және нақ осындай нәтиженің туындауына кінәлінің субъективті қатысын анықтау және белгілеу керек. Егер қылмыстық құқық бұзушылық оны аяқтағанға дейін үзілген болса, онда кінәлі өз әрекеттерін не себепті тоқтатқанын, бұл оның еркіне тәуелді болған-болмағанын, бұл ретте қылмыстық құқық бұзушылықты жалғастыруға оның нақты мүмкіндігі болған-болмағанын, қоғамға қауіпті зардаптың туындауына қандай мән-жайлардан кедергі болғанын анықтау қажет.
Адам өлтiру негiзiнен əрекет арқылы жүзеге асырылады. Адам өлтiрудiң көпшiлiгi осылайша жасалады. Кiнəлiнiң оқпен атылатын жəне суық қарудың, өз11
ге де заттарды пайдалануымен, уландыру, жарылыс жасау, басқа да əдiстердi қолдануы арқылы адам өмiрiнен айырылады. Адам өлтiру сонымен бiрге жəбiрленушiге психикалық əсер ету нысанында да болуы мүмкiн. Əдетте жүрек-қан тамырлары жүйесi ауруларынан зардап шегетiн адамдарды жүйкесiне зақым келтiру жолымен өмiрiнен айыру əдебиеттерде мысал ретiнде келтiру жиi кездеседi. Соңғы уақыттарда адам жүйкесiне əсер ету нысандары мен əдiстерiнiң көбейе түсуiнiң нəтижесiнде психикалық əсер ету жолымен адам өлтiру мүмкiндiгi одан əрi кеңейе түсуде. Адам өлтiру сондай-ақ əрекетсiздiк нысанында да болуы мүмкiн. Бұл негiзiнен мынадай жағдайда болуы мүмкiн. Кiнəлi адам бiреудi өмiрден айыру мақсатымен өлiмге араша тұра алатын мүмкiндiгi бола тұра жəне осыған тiкелей мiндеттi бола тұрса да əрекетсiздiк жолымен оған өлiм қаупiн туғызады жəне өлiмге жол бередi. Кiнəлiнiң өлiмнiң жолын кесу жөнiндегi əрекеттi iстеу мiндеттiлiгi заң талаптарынан туындауы мүмкiн (мысалы, ата-аналары өздерiнiң жаңа туған нəрестелерiн немесе жас балаларын өлтiру мақсатымен тамақтандырмайды немесе олардың өмiрiн сақтап қалу үшiн өзге де шараларды қолданбайды). Өздiгiнен жүрiп-тұра алмайтын жəне өздерiнiң табиғи қажеттерiн қамтамасыз ете алмайтын жағдайларда қартайған ата-аналарын олардың ересек балалары олардан құтылу мақсатында осындай əрекеттер жасауы мүмкiн.
Адам өлтiрудiң объективтi жағының екiншi белгiсi қылмыстық құқық бұ- зушылықтың зардабы жəбiрленушiнiң өлiмi болып табылады. Өмiрден айыруға тiкелей қасақаналық болғанымен қылмыстық құқық бұзушылықтың зардаптың өлiмнiң болмай қалуы кiнəлiнiң əрекетiне оқталғандығы, адам өлтiруге оқталғандық ретiнде саралауға негiз болады. Адам өлтiру кезiнде, өлiм əрекет жасалғаннан кейiн бiрден немесе белгiлi бiр уақыт өткеннен кейiн жүзеге асуы мүмкiн. Келтiрiлген зардапты кiнə деп жүктеу үшiн болған өлiм мен субъектiнiң əрекетi немесе əрекетсiздiгi арасындағы себептiк байланыстың болуы негiз болып табылады. Əрекет пен зардаптың арасында себептiк байланыс болмаған кезде тұлға жасаған əрекетi үшiн ғана жауапты болады. Өлтiруге тiкелей оқталу айқындалған кезде өлтiру үшiн оқталғандық жасалған болып табылады, ал өлтiруге жанама ниет болған кезде кiнəлi адам нақты келтiрiлген зиян үшiн ғана жауап бередi (мысалы, денсаулыққа зиян келтiргенi үшiн).
Адам өлтiру - материалдық құрамға жататын қылмыстық құқық бұзушылық.
Адам өлтiрудiң субъективтi жағы - Қылмыстық кодекстiң 99-бабына сəйкес тек қана қасақаналықпен жүзеге асырылады. Адам өлтiру кезiнде қасақаналық тiкелей жəне сол сияқты жанама болуы да мүмкiн. Тiкелей қасақаналық кезiнде кiнəлi өзiнiң басқа адамның өмiрiне қол сұғып отырғандығын сезедi, оның əрекетi iс жүзiнде өлiмге соқтыруы мүмкiн екендiгiне немесе қалай да өлiмге əкелетiндiгiн бiледi жəне өлiмнiң болуын тiлеп iс-əрекет жасайды. Жанама қасақаналықпен адам өлтiру кезiнде кiнəлi өзiнiң əрекетi арқылы адам өмiрiне қатер төндiретiндiгiн мойындайды, осы əрекеттiң нəтижесiнде оның өлуi мүмкiн екендiгiн бiледi, өлiмнiң болуын тiлемейдi, бiрақ оған саналы түрде жол бередi не өлiмнiң болу-болмауына немқұрайдылық танытады. Соңғы уақытта жарылыс жасау жолымен адам өлтiру оқиғалары кең таралып отыр. Мұндай кезде белгiлi бiр құрбандардан басқа бөгде адамдар да өледi. Бұл оқиғада кiнəлi белгiлi бiр құрбан12
ға қатысты адам өлтiруде тiкелей ниетте, ал бөгде адамдарды өмiрiнен айыруға қатысты - жанама ниетте əрекет етедi. Тiкелей жəне жанама қасқаналықтар арасындағы айырмашылықты айқындаудың iс жүзiнде үлкен маңызы бар. Адам өлтiруге оқталу, яғни кiнəлiнiң əрекетi ол өлiмнiң болатынын сезетiнiн, оның болуын тiлегендiгiн, бiрақ оның еркiнен тыс себептер бойынша ол болмай қалғандығы бойынша анықталады. Мұндай кезде оқталу тек қана тiкелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.
Кiнəлiнiң ниетiнiң түрi туралы мəселенi шешкенде соттар жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың барлық жағдайларына сүйенуi жəне атап айтқанда: қылмыстық құқық бұзушылықтың тəсiлi мен қаруын, денеге салынған жарақаттың санын, сипаты мен оқшаулауын (мысалы, адамның өмiрлiк маңызды органын жарақаттау), кiнəлiнiң қылмыстық құқық бұзушылық əрекеттi тоқтату себебiн, сондай-ақ кiнəлiнiң қылмыстық құқық бұзушылық iстеу алдындағы жəне одан кейiнгi мiнез-құлқын (тəртiбiн), оның жəбiрленушiмен арақатынасын ескеруi тиiс.
Жəбiрленушiнiң өлiмiне əкелiп соқтыруы кiнəлi үшiн белгiлi болып табы- латын өмiрлiк маңызы бар органдарына пышақпен жарақат салу, дұрысында, өмiрден айыруға тiкелей ниеттiң бар екендiгiн айғақтайды. Оқпен атылатын қа- руды қолдану кiнəлiнiң өлтiруге шынайы ниетте болғандығын айғақтайды жəне басқа жағдайлармен қатар кiнəлiнiң адам өлтiру ниетiнде болғандығына маңызды дəлелдеме болып табылады. Жақын ара қашықтықтан ату, əдетте, адам өлтiру мақсатында iстеледi. Тiкелей қасақаналық болған кезде кiнəлi өлiмнiң болуын тiлейдi, сонымен бiрге кiнəлiнiң өлiмнiң мiндеттi түрде болуын қаламайтындығында мұндай жағдайда ескеру керек. Оның ниетi баламалы түрде болуы мүмкiн, оның шамалауы бойынша өлiмнiң болуы, сол сияқты денсаулыққа ауыр зиян келтiру мүмкiндiгi жəне осы зардаптардың кез келгенiнiң болуын мiндеттi түрде тiлейдi. Ал егер оған байланысты емес жағдайлар бойынша қылмыстық нəтиже болмаған жағдайда ол адам өлтiруге оқталғандық үшiн жауапқа тартылуы тиiс.
Адамды өлтiрумен алдын ала қорқыту басқа мəн-жайлармен қатар адам өлтiру ниетiнiң бар екендiгiне маңызды дəлелдеме болып табылады. Дегенмен, осындай қатер тудыруды айтқан адамның ой-ниетiнiң қаншалықты шын екендiгiн iс бойынша айқындау қажет. Тiптi, егер ол сөздер кейде жəне төндiрiлген қатердi жүзеге асыру мүмкiндiгiне сырттай ұқсас кейбiр əрекеттермен қоса айтылғанның өзiнде, адам өлтiру ниетiн жүзеге асыру туралы сөздер кiнəлiнiң шын мəнiндегi анық тiлегiн бiлдiрмейдi.
Адам өлтiру мен қорқыту көбiнесе оқпен атылатын немесе суық қаруды немесе өзге қаруды, сондай-ақ қару ретiнде пайдаланатын заттарды қолданумен немесе қолдануға əрекет етумен жасалатын бұзақылық əрекеттермен байланысты болатындығын тəжiрибе көрсетiп отыр. Адам өлтiруге жасалған оқталуды аталған əрекеттерден бөлу керек.
Адам өлтiруге жанама қасақаналық кезiнде кiнəлi өз əрекетiнiң нəтижесiнде өлiмнiң нақты болу мүмкiндiгiн шамалайды. Кiнəлi зардаптың қалай да болмай қоймайтынын шамалаған жағдайда сөз тек қана тiкелей қасақаналық туралы бола алады (ҚК-тiң 20-бабының 2-тармағы). Ниеттiң осы түрлерiнiң арасындағы неғұрлым елеулi айырмашылық, заңда көрсетiлгендей ерiктiлiк кезеңi бойынша 13
анықталады. Егер адам өлтiруге тiкелей ниеттену кезiнде кiнəлi өлiмнiң болуын тiлесе, ал жанама ниеттену кезiнде оны кiнəлi тiлемейдi, бiрақ оған саналы түрде жол бередi не өлiмнiң болуына немқұрайды қарайды. Тiлемейдi деген терминдi өлтiргiсi келмейдi деген мағынада емес, тiкелей тiлемейдi деген мағынада түсiну керек. Саналы түрде жол бередi деген - кiнəлi өлiмдi өз iс-əрекетiнiң нəтижесi ретiнде қабылдайды дегендi бiлдiредi. Қасақана адам өлтiрудiң субъектiсi 14 жасқа толған жеке тұлға болып табылады, ал Қылмыстық кодекстiң 100-105-баптарында көрсетiлген жағдайларда адам өлтiрудiң субъектiсi 16 жасқа толған адамдар болып табылады.
Дене жарақатының объектiсi - бөгде адамның қалыпты денсаулығы болып табылады.
Адам денсаулығына қарсы қылмыстардың объективтiк жағы - басқа адамның денсаулығына, құқыққа қайшы əрекеттер мен əрекетсiздiктер арқылы зиян келтiрумен көрiнiс табады. Көбiнесе дене жарақаты əрекет арқылы жасалынады. Кiнəлi адам жəбiрленушiнiң денсаулығына əр түрлi жолдармен, атап айтсақ, механикалық əсер ету арқылы (мүшелерге зақым келтiру), химиялық жол арқылы (улау, қышқылмен күйдiру), электрлiк жолмен, (тоқпен ұру), термикалық əсер ету (ағзаға инфекциялы ауруларды жұқтыру) арқылы, сонымен қатар психикалық əсер ету арқылы (гипноз) жəне басқа да тəсiлдер арқылы дене жарақатын келтiредi. Əрекетсiздiк арқылы да дене жарақаты келтiрiлуi мүмкiн, егер де белгiлi бiр адам өзiне жүктелген мiндеттердi орындамаса.
Жеке адамның бостандығына қарсы қылмыстардың жеке құрамдары Қылмыстық кодекстiң 125 - 129-баптарында тiкелей көрсетiлген: 39
Адамды ұрлау (125-бап), 40
Бас бостандығынан заңсыз айыру (126-бап), Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру (127-бап), Адам саудасы (128-бап), Адамды клондау (129-бап). Бұл тұрғыдағы қылмыстардың топтық объектiсi адам мен азаматтың бостандығын қамтамасыз ететiн қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың тiкелей объектiсi нақты жəбiрленушiлердiң заңмен белгiленген бостандығын реттейтiн қоғамдық қатынасы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы Зорлау жəне өзге де нəпсiқұмарлық сипаттағы күш қолдану əрекеттерiмен байланысты қылмыстарды саралаудың кейбiр мəселелерi туралы № 4 нормативтiк қаулысында атап көрсетiлгендей жыныстық қылмыстардың қоғамға қауiптiлiгi өте зор жəне ол кең өрiс алған қылмыстардың бiрi [7]. Оның қоғамға қауiптiлiгi сол мұндай қылмыстарды iстеу азаматтардың заң қорғайтын жыныстық бостандығына жəне жыныстық бостандығына қол сұғылмаушылыққа қасақана қол сұғу арқылы, оларға моральдық, рухани, адамгершiлiк тұрғысынан зиян келтiре отырып, жеке тұлғалардың өмiрi мен денсаулығына зор қатер туғызады.
Бұл қылмыстарға мыналар жатады:Зорлау (120-бап), Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық əрекеттерi (121-бап), Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, əйел мен əйелдiң жыныстық қатынас жасауына немесе сексуал- дық сипаттағы өзге де iс-əрекеттерге мəжбүр ету (123-бап), Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуал- дық сипаттағы өзге де iс-əрекеттер (122-бап), 51
Жас балаларды азғындық жолға түсіру (124-бап). Бұл тұрғыда қылмыстардың топтық объектiсi жеке тұлғалардың жыныстық бостандығын, жыныстық бостандыққа қол сұғушылықты реттейтiн қоғамдық қа45
тынастардың жиынтығы болып табылады. Қылмыстың тiкелей объектiсi - жыныстық бостандықтың, жыныстық бостандыққа қол сұғылмаушылықтың жеке- леген салалары болып табылады. Объективтiк жағынан бұл тұрғыдағы қылмыстардың барлығы белсендi əрекет арқылы жүзеге асырылады. Заңдылық құрылысы жөнiнен бұл қылмыстар (зорлаудың ауырлататын түрiнен басқалары) формальдық құрамға жатады.
Субъективтiк жағынан осы топқа жататын қылмыстар тiкелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.
Қылмыстың субъектiсi - нақты қылмыс құрамының ерекшелiктерiне байла- нысты 14, 16 немесе 18-ге толған кез келген ер немесе əйел жынысты адамдар болады. Зорлаудың (120-бап) субъектiсi тек ер жынысты адам болады. Ендi осы топқа кiретiн жекелеген құрамдарға талдау жасайық.
Криминалистикалық сипаттама - қылмыстарды табу, тергеу және алдын алудың тиімді әдіс-тәсілдерін дұрыс анықтауға ықпал ететін қылмыс туралы мәліметтердің жүйесі болып табылады.
Криминалистикалық сипаттаманың мазмұнына белгілі бір категориядағы қылмыстарды жасаудың элементтері, осы элементтердің арасындағы криминалистикалық маңызы бар байланыстар туралы мәліметтер жатқызылады. Криминалистикалық сипаттаманың ақпараттық негізін тергеу тәжірибесін зерттеу нәтижелері құрайды.
Криминалистикалық сипаттама туралы ілім - криминалистикалық әдістеменің құрамдас бөлігі болып табылады. Криминалистикалық сипаттаманың жалпы ережелері - криминалистикалық әдістеменің жалпы теориялық бөлімінің маңызды жағы. Ал жекеленген қылмыс түрлерінің криминалистикалық сипаттамасы осы қылмыстарды тергеудің криминалистикалық әдістемелерінің құрылымдық элементі. Қылмыстарды тергеудің жекелеген әдістемесі олардың криминалистикалық сипаттамасымен тығыз байланысты. Көптеген ғылыми мақалаларда, ҚР-ның және жақын шетелдердегі қорғалған кандидаттық және докторлық диссертацияларда криминалистер аталған түсініктерге байланысты өздерінің пікірлерін дұрыс деп есептейді.
Криминалистикалық сипаттаманы тәжірибелік қолданудың негізгі бағыттары:
- қылмысты ашу, болжаулар жасау:
- қылмыскер тұлғасы туралы болжау жасау;
- қылмыс туралы ақпараттың мүмкін болатын шеңберін дұрыс анықтау үшін із қалдыру механизмі туралы мәліметтерді табу жөніндегі жұмыстарды қолдану;
- тергеушінің тергеу әрекеттерін (сезіктіден, айыпталушыдан, жәбірленушіден жауап алу және т.б.) жүргізу кезінде тактикалық әдіс-тәсілдерін анықтау үшін;
- тиімді және дұрыс тактикалық шешім кабылдау үшін.
Адамның жеке басына қарсы жасалатын қылмыстың ішінде ең ауыры адам өлтіру қылмысы болып табылады. Бұл қылмысты ашуда кездесетін қиыншылықтар айтарлықтай үлкен жұмыс көлемін талап етеді, сондықтан адам өлтіру жөніндегі істі жоғары санаттағы күрделі қылмыс қатарына жатқызады.
Адам өлтіру қылмысын жасаудың және жасырудың тәсілдерінің әртүрлілігі, олардың себептері және мақсаттары, қылмыскердің пайдаланылатын қарулары және амалдардың ерекшеліктері, қылмыстарды жасаудың орны және уақытының ерекшеліктері оларды тергеудің жалпы әдістемесінде кісі өлтірудің әртүрлі түрлерін тергеудің ерекшелігін көрсететін бірқатар жеке әдістеменің бар болуымен байланыстырылған. Соңғыларына қылмыстың типтік ситуациясына байланысты: атыс-қаруларын, жарылғыш заттарды, кесіп-жаншитын заттарды пайдаланып жасалған кісі өлтірулер, мәйітті бөлшектеумен, бүркемеленген (инсценировка) кісі өлтірулер; пайдақорлық, бұзақылық ниетпен және т.б. көлікте, төбелесте жасалған кісі өлтірулер жатқызылуы мүмкін.
Қылмыстық істі қозғау кезіндегі тергеушінің қолындағы алғашқы мәліметтердің сипаты мен көлеміне байланысты қылмыстарды шартты түрде мынандай үлкен екі топқа бөлуге болады:
1) кісі өлтіру анық жағдайда жасалған;
2) кісі өлтіру анық емес (белгісіз) жағдайда жасалған.
Бірінші топқа, тергеудің басында-ақ адам өлтіруші тұлға белгілі болған айқын деректерді жатқызамыз.
Мұндай қылмыстар әдетте тұрмыс-тіршіліктік қатарына жатады, олар көбіне, күнделікті тұрмыс-тіршіліктегі болатын отбасындағы, сондай-ақ көршілердің, болмаса туысқандардың тағы басқа да жақын танитын адамдардың бір-бірімен ұрыс-керістері, өзара келісе алмаушылықтарынан туындаған жанжалдар мен жеке бастық араздар. Бұл қылмыстарды жасау кезінде қылмыскерлер қылмысты жасауға байланысты алдын ала аила әдістерді таңдап, оның ізін жасыруға алдын ала дайындалмайды. Керісінше күтпеген жерден туындаған жанжалдың нәтижесшде қолына түскен тұрмыс-тіршілікте қолданылатын заттарды, атыс қаруын т.б. қылмыс құралы ретінде пайдаланады. Белгісіз жағдайларда жасалған адам өлтіру қылмыстарын - күш қолдану белгілері бар мәйіттің табылуына байланысты немесе хабар-ошарсыз кеткен адамдардың өлгендігін куәландыратын мәліметтер бойынша қылмыстық іс қозғауға байланысты тергеу әрекеттері жүргізілетін қылмыстарды жатқызамыз. Мұндай жағдайларда қылмыстық іс козғау кезінде тергеушіде адам өлтіру қылмысының жасалу жағдайы (қылмыскердің, көбіне жәбірленушінің жеке басы туралы; қылмысты жасау ниеті мен мақсаты) туралы ешқандай мәліметтер болмайды. Бұл жерде қылмыс көп жағдайларда алдын ала ойластырылып, әрекет ету бағыты мен кезектілігі мұқият қарастырыла отырып жоспарланып, қылмыстың ізін жасыру мақсатында қолайлы әдіс-тәсілдерді таңдап алып, арнайы адам өлтіру немесе ол қылмысты жасауға қатысу ниеті мен мақсатында жасалады.
Мұндай іздерге қылмыскердің: қол саусақ іздері, тісінің, тырнағының, аяқ киімінің іздері; көлік және бұзу құралдарының іздері; қылмыс болған жердегі, айналадағы заттарда қалған іздер, арпалыс іздері, мәйіттегі дене жарақат іздері, табиғи биологиялық іздер (қан, ағза, сілікей және т.б.); адам өлтірудегі қылмыс құралын қоса алғанда, қылмыскердің ұмытып кеткен, болмаса ляқтырып тастап кеткен заттары жатады. Негізгі іздер, кебінде мәйітке, оның киімдерімен оған тығыз жақын жатқан обьектілерге шоғырланады. Жекеленген іздер мен заттай дәлелдемелер қылмыскер қылмыс жасап болған соң, кеткен багыттарындағы жерлерде қалады. Сезіктіні ұстау кезінде оның денесінен, киімдерінен, одан алынған қылмыс құралдарынан қылмыстың іздері табылуы мүмкін.
Қылмыскерлер адам өлтіру қылмысын жасыру тәсілдерін тандап алуына қылмыс жасалатын жер (орын) және қылмыскер мен жәбірленушінің өзара арақатынас сипаты әсер етеді. Бұл жасалған әрекеттің сипаты мен кезектілігі қылмыскердің жеке басы туралы мәліметтер мен қылмыс жасау жағдайларына байланысты анықталады.
Жәбірленуші мен қылмыскер өзара таныс болмаған, болмаса олар кездейсоқ танысқан жағдайларда, қылмыс болған жер айыпкерге еш қатысы жоқ болған жағдайларда, адам өлтіру қылмысын жасап болған соң, олар оқиға болған жерден тезірек қашып кетуге тырысады. Олар қылмыс болған жерден тезірек кетуге мүмкіндіктер бермейтін кедергілерді алдын алу үшін өлтірген адамды, яғни мәйітті уақытша жақын маңға тығу әрекеттерін жасайды. Егер, мысалы: мәйіт түрғын үйде болса, оны сол үйдің жуынатын белмесіне болмаса дәретханасына, төсектің астына тығып жасырады, олардың үстіне көптеген киімдерді, төсеніштерді тастайды, кей жағдайларда оларды ертейді. Ал ашык жерлерде, алаңдарда - мәйітті ағаштың жапырақтарымен, шөпмен, құрылыс-қоқыстарымен және басқа да жақын жерде жатқан кездейсоқ заттармен жауып жасырып, канализация, подвал, op, шұңқыр сияқты бірден байқалмайтын жерлерге тастайды.
Сонымен қатар қылмыскерлер өздеріндегі қылмыстың ізін жою шараларын жүзеге асырады. Олар: жуынады, киімдерін ауыстырады, жыртылған жерін тігеді, қан және басқа да дақ іздерін жуып тазалайды, жәбірленушімен арпалысқан сэттерде денелеріне түскен жарақаттарды жуып, дәрі жағып, таңып, болмаса үлпалап қылмыстың ізін жою шараларын жасайды. Қылмыскерлер кейбір жағдайларда қылмыс құралы мен оның ізін жою кезінде жалған алиби құруға тырысады. Мұндай кездерде, олар қылмыс жасалған күні немесе сол уақытта мен туысқанымның, досымның, танысымның үйінде, саяжайда т.б. жерлерде болдым немесе осы уақыттарды солармен бірге өткіздім деп жалған алиби құрып, туыстарын, достарын, т.б. жалған көрсетпелер беруге итермелейді. Егер қылмыскер мен оның құрбанының арасында - туыстык, достық, жыныстық (ашыналық) немесе басқа да тұрақты қатынастар, болмаса адам өлтірген жер айыпкердің жеке басына қатысты (тұрғын-үй, сая-жай, жеке гараж, жұмыс орны т.б.) болған жағдайларда жәбірленушінің өлімі туралы факт, яғни нақты бір жерден оның мәйітін табу жағдайлары нақты бір тұлғаға сезік келтіруге әкеп соқтырады. Мұндай жағдайларда айыпкердің адам өлтіру қылмысы іздерін жасыруы; өлім фактісін және қылмыс жасалған жерді жасыруға багытталған кешенді әрекеттерді жүзеге асырудан тұрады. Осындай мақсатпен мәйіттің көзі жойылады, мысалы: оны пешке өртеу немесе жасыру үшін басқа да тәсілдер қолданылады (оларды көміп тастайды, суға ағызып жібереді және т.б. оқиға болған жерлерден тыс немесе алые жерлерге, мәйітті сыйғызу үшін оны бөлшектейді, елсіз мекендерге апарып тастайды). Сонымен қатар, қылмыскерлер қылмыс жасалған жердегі іздерін жою шараларын жүзеге асырады. Олар пэтерлерін әктап, сырлап, обойларын, едендерін толығымен немесе жартылай ауыстырады, жиьаздарын, төсеніштерін және т.б. жуып, сүртіп, тазалап жөндеу жұмыстарын жасайды.
Адам өлтіру тәсілі мен мәйіттің денесіндегі жарақаттардың сипатына байланысты жәбірленушінің өлу фактісін жасыру мүмкін емес жағдайларда қылмыскерлер адам өлтіру қылмысын жасырудың басқа да әртүрлі тәсілдерін жүзеге асыру әрекеттерін ойластырады. Табылған мәйіттің денесіндегі жарақат басқа тұлғалардың күш қолдануы арқылы салынғандығын куәландыратындай жағдайларда жасалған адам өлтіру қылмысы - шабуыл жасау, болмаса қатты жан-күйзеліс үстінде, сондай-ақ қажетті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстық құқық бұзушылықтар
ӨМІРГЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түрлері
Ауыр және аса ауыр қылмыстар
Кісі өлтіру қылмыстарының жалпы сипаттамасы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕ БӨЛІМІНІҢ ТҮСІНІГІ
Сот әділдігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және жүйесі
Мас күйінде қылмыс жасаған адамдардың қылмыстық жауаптылығы
Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың қылмыстық - құқықтық сипаттамасы
«Адамдарды саудаға салумен күрестің қылмыстық – құқықтық және криминологиялық проблемалары»
Пәндер