Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

1-Сұрақ «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айшықтаңыз.

Тұтастай бір ұлттың сана сезімін, тарихи жадын қалыптастыратын тәрбие құралы-тарих. Сондықтан ұлтымыздың тарихын ұлқықтау, оның сан ғасырлық тағылымына мән беру аса маңызды. Тек сонда ғана ұлттық сана нығайып, тарихи таным арта түседі. Нәтижесінде тарихи зердесі күшті халықтың рухы да асқақ болады. Ал рухы көтерілген халық қазіргі жаһандық жағдайда ұлт болып сақталып, өзінің құндылықтары мен рухани байлығымен сусындап, болашағын жарқын ете алады. Яғни «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің маңызы зор. Елбасымыз осы маңыздылықты айқындау үшін «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу жобасын жасауды ұсынды.

2013 жылдың 12 шілдесі күні «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасы жобасын даярлау бойынша жұмысшы тобы отырысы болып өтті. Отырыс жұмысына жұмысшы топтың жетекшісі - ҚР БҒМ ҒК төрағасының орынбасары А. К. Төлешов қатысты. Отырыс ММ «Мемлекет тарихы институтының» директоры, т. ғ. д., профессор Б. Г. Аяғанның төрағалығымен өтті. Ұлттық тарихты зерделеу мәселесі бойынша Астана және облыс әкімшіліктерімен, жоо-ның ректорларымен біріккен жиналыстар ұйымдастырылып, өткізілді

Қазақстан қазіргі заманғы әлеуметтік кеңістікте және әлемдік тарихтың уақыт межесінде өз орнын айқындауды көздейді. Қазақстандық қоғамда тарихи сананы жаңғырту, өзіндік ұлттық бірегейлік пен мәдени тұтастықты қалыптастыру, болашақ дамудың рухани бағдарын анықтау еліміздің ішкі дамуындағы маңызды көрсеткіш. Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесінің жаңаруын, зияткерлік қоғамның жасампаз тұлғасын қалыптастыру және ұлттық тарихтың жаңа белестерін зерттеуде тарихи сабақтастықтың болуы заңдылық. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы Қазақстан Республикасы аумағында өмір сүрген, қазірде өмір сүріп жатқан қазақ және басқа да халықтардың тарихы және бүкіл адамзат тарихының құрамдас бір бөлімі.

Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын тұжырымдық және практикалық зерттеуде пәнаралық ұстанымдар қолданылады. Тарих ғылымының тұжырымдарын саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану, сияқты өзге қоғамдық ғылымдардың методологиялық негіздерімен ұштастырудың маңызы айқындалған.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алуына орай өткенді жан-жақты және объективті зерттеу, негізгі міндеттері халықтың тарихи жадын жаңғырту, ұлттық сананы және азаматтық бірлікті насихаттау, жастарды отансүйгіштік пен толеранттық рухта тәрбиелеу болып табылатын «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнін оқыту көкейкесті бола түсті.

2сұрақ ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуын сипаттаңыз

XX ғасырдан бастап Қазақстанның әлеуметтік және қоғамдық өмірінде күрделі өзгерістер болды. Қазақ қоғамында демократиялық ой-пікір, ұлттық сана өсті . Отаршылдық -әкімшілік басқару жүйесі қазақ халқының алдыңғы қатарлы азаматарының сана -сезімі, ұлттық намысының оянуына түрткі болды.

Патша үкіметінің Қазақстандағы саяси тәртібі, оның салдары және соған байланысты қазақ қоғамында саяси -қоғамдық ой -пікірдің қалыптасуы дамуы туралы ғылыми зерттеулер жазылып, кеңестік дәуірге сәйкес бағасын алды. Бірақ оларда қазақ ағартушыларының және зиялыларының еңбектеріндегі саяси-құқықтық идеяларына ұлттық мүдде тұрғысынан баға берілмеген.

XX ғасырдың алғашқы ширегінде орын алған I орыс революциясы, ұлт -азаттық қозғалыс, Ақпан және Қазан төңкерістері ж/е т. б оқиғалар қазақ қоғамдық- саяси ойдың дамуына зор ықпал тигізді . Осы оқиғалармен қатар ел өміріндегі саяси өзгерістер қазақ ұлттық интеллигенциясының қалыптасуына әсерін тигізді . Ұлттық интеллигенция тобы қазақ қоғамдық -саяси ойдың дамуына елеулі ықпалын тигізді . Мысалы :

А. Байтұрсынов *Маса *, М. Дулатұлы *Оян қазақ!* кітабін жазып, қазақ халқының сол кездегі ой-санасын оятты .

Ә. Бөкейханов неше түрлі саяси-құқықтық идеялар мен бағдарламалар жасаумен айналысты.

1913 жылдан бастап жарық көрген *Қазақ* газеті либералдық демократиялық бағыттағы идеяларды білдірді . * Қазақ* газеті арқылы Алаштың зиялы қауымы қазақ халқының саяси сауатын ашты .

Қазақтың тұңғыш магистрі Ж. Ақбаевтың саяси күресі мен құқықтық идеялары қазақ халқының ұлттық -саяси бағытын айқындауда зор рөл атқарды

Қорыта келгенде, қазақ халқының қоғамдық- саяси ойдың дамуы қазақ ұлттық интеллигенциясымен тығыз байланыста болды . Ол болмаса қазақ халқының қоғамдық -саяси сауаты ашылмай, мәңгі түнекте қалар еді.

3сұрақ ХХ ғасыр басындағы мемлекеттілік идеясының жаңғыруының алғышарттарын атаңыз.

ХХ ғасырдың басында қазақтың ұлттық идеясы заман талабына сай сапалық тұрғыдан жедел жетілді. Әрі уақыт ағымына орай, саяси тұрғыдан ширығып, Алаш идеясы дүниеге келді. Оны жетілдіруші hәм қозғаушысы Алаш партиясын шынайы қажеттіліктен құрған алаш қайраткерлері тарихи мүмкіндікті мүлт жіберіп алмау жолында жан аянбай еңбек етті. Бұл ел тарихындағы елеулі кезең турасында Президент Н. Назарбаев: «ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанның қоғамдық саяси өміріндегі Алаш партиясының алатын орны мен қызметін зерттеу Отандық тарихымыздың ең өзекті мәселелерінің бірі. Өйткені кезінде «Алаш» партиясының жетекшілері ұсынған қағидалары күні бүгінге дейін өз маңызын сақтап отыр» - деп, әділ бағасын берді. [1] .

Қазақ бола ма, болмай ма деген сауал талқыға түскен жиырмасыншы жүзжылдықтың басында ғасырдан-ғасырға ұласқан ұлттық идея ширыққан тұста, оның заңды жалғасы Алаш идеясы дер уағында дүниеге келді. Алаш идеясының уағыздаушысы, әрі оны жүзеге асырушы қайраткерлердің ұлт ісіне ерте есейген есті сана - жалындап тұрған жастық жігермен кіріскендіктері алдыңғы кезекте көрініс береді. Басында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов және Міржақып Дулатов сынды жол сілтер Алаш көсемдері тұрған алыптар шоғырының абыройлы ісіне тың серпін, жаңа тыныс берген жас шамасы жиырма-жиырма бестің, әрі кетсе отыздың о жақ, бұ жағындағы өрендер еді. Яғни Алаш, идеясы өзінің жас, әрі жасампаз идея екендігімен ерекшеленді. Саралап көрелік.

Алаш қозғалысының көшін бастаған Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов және Міржақып Дулатовтар ол кездері жастары қырықтың қырқасынан енді ғана асып, ақыл тоқтатқан, әрі өздерінен кейінгі толқын ізбасарларына Алаш идеясының өміршеңдігі ұрпақтар жалғастығында екенін ұғындырып, сол идеяны жүзеге асыру жолында қызмет етті.

4-сұрақ

Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі. XIX ғ-ң ІІ-жартысы - XX ғ-ң басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті. Саяси экономикалық экспансиямен қоса, құлдыққа салушылардың мәдениеті күштеп танылды. Патша өкіметінін кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын анғарылады. Отаршыл билік қазақ халқының мүдделері мен құқықтарын елемей, онын рухани дамуын тежеді.

Құрамы, бағыты, қызметінің сипаты жағынан зиялылар әртүрлі болды. Зиялылардың үш тобын көрсетуге болады: 1) отаршылдық-әкімшілік өкілдері: дәрігерлер, мұғалімдер, адвокаттар т. б., яғни үкіметті жақтған империялық позициядағылар. Олар дворяндардан, қоғамның төменгі топтарының әртекті ортасынан шыққандар еді; 2) социал-революционерлер, социал-демократтар, революцияшыл элементтер, саяси айдауда жүргендер; олар еңбекшілердің бой көрсетулеріне белсене қатысты. Жергілікті зиялылардың негізінен төменгі топтардан шыққандары социалистік идеяларды ұстанды. 3) либерал-демократтар (кадеттер, октябристер т. б. ) және ХХ ғ. басында «Алаш» қозғалысының өкілдері болған либерал-демократиялық бағыттағы зиялылар. Бұлар негізінен дала аристократиялық топтарының өкілдері: Әлихан Бөкейханов, Бақытжан Қаратаев, Жақып Ақбаев т. б. болды. Олардың арасынан ауылдың орташа, төменгі топтарынан шыққандар да кездесті (А. Байтұрсынов т. б. ) .

1917 ж. революцияға дейін Қазақстанда мұсылман мектептері мен медреселерде, «орыс-қазақ», «бұратаналық», ауылдық мектептерінде оқып бастауыш білім алуға болатын еді. Мұсылман мектеп, медересенің мақсаты діни білім беру болғанымен, оларда зайырлы пәндер де оқытылды. Патша үкіметі орыстандыру саясатын жүргізіп, діни мектептің ықпалын шектей бастады. 1876 ж. бастап мұсылман мектептеріне орыс сыныптарын енгізіп, орыстандыруға тағы бір қадам жасалды.

Дәстүрлі мектепті бітіргеннен кейін қазақтар балаларын Уфадағы «Ғалия», Орынбордағы «Хусаиня», Троицкідегі «Расулия» медреселеріне оқуын жалғастыруға жіберетін. «Ғалия» медресесінде Б. Майлин, М. Жұмабаев, Ж. Тілепбергенов т. б. оқыған. Медресенің білім алушылары озық демократиялық идеялардың ықпалына түсті. 1916 ж. Б. Майлин мен Ж. Тілепбергенов «Садақ» журналын шығарған. Патша үкіметі «Ғалия», «Хусаиня» оқу орындарын орыс мемлекетінің жауы деп санаған.

Патша үкіметі қазақ халқы арасында оқу-ағарту ісін бастауыш білім берумен, яғни орыс тілін және қарапайым арифметиканы үйретумен шектеу жеткілікті деп, орта, жоғары білім беруге мүдделі болмады. Бастауыш мектептерді қазақтардың болыстардың жанында тілмаш, іс жүргізушілер т. б. болып жұмыс істеуіне жарарлықтай аздаған білім беру үшін ашты. Капиталистік қатынастардың дамуымен бастауыш орыс-қазақ мектептері елдің шаруашылық қажеттерін қанағаттандырмай, қалалық училищелер, орта мектеп (гимназиялар), кәсіптік мектептер ұйымдастырылды. 1876 ж. Верныйда, Оралда ерлер гимназиялары, 1871 ж. Орал, Семейде қыздар гимназиялары ашылды.

Революцияға дейін Қазақстанда ұлттық орта оқу орындары болмағандықтан, қазақтар өз балаларын орыс оқу орындарына беруге мәжбүр болды. Қазақтар оқыған осындай оқу орындары Орынбор кадет корпусы, Орынбор гимназиясы болды. Қазан университетінде оқыған 25 қазақтың 10-ы Орынбор гимназиясын бітіргендер. Осы кезеңде жоғары медициналық білімі бар алғашқы қазақ дәрігерлері шықты. Олар Қазан, Саратов, Томск, Мәскеу университеттерінде білім алды. М. Қарабаев, М. Шомбалов, Ә. Алдияров т. б. Ә. Бөкейханов С-Петербург Императорлық орман институтын үздік бітірген (1894) . Ж. Ақбаев, Б. Қаратаев, С. Лапин, М. Шоқаев С. -Петербург университетінің заң факультетін бітірген. М. Тынышбаев С. -Петербург Жол қатынасы институтын бітірген (1906) . Х. Досмұхамедов С. -Петербург Әскери медицина академиясын бітірген. Б. Сыртанов (1891), Б. Құлманов С-Петербург шығыс тілдер факультетін бітірген (1887) . Ә. Ермеков Омск технологиялық институтын, Х. Ғаббасов Мәскеу унив-ң физика-математика фак-тін бітірген.

Ұлт зиялылары: Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Халел Досмұхамедов, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, М. Тынышбаев, Ә. Ермеков т. б. Қазақ зиялылардың ең басты сіңірген еңбегі мынада: олар бүкілресейлік даму кезеңінің басталуын дер кезінде аңғарды, қазақ қоғамын ілгері бастырудың амалдарын іздестірді, бұл үшін Бірінші орыс революциясы берген әлеуметтік, саяси бостандықтарды пайдаланды, халықты патриархаттық-рулық мешеуліктен арылтуға, патшалық езгіден азат етуге, оған білім мен прогрестің, мемлекеттік тәуелсіздік алудың жолдарын көрсетті.

Қазақстан халқының саяси санасын көтеруде Мемлекеттік Дума сайлауы да айтарлықтай рөл атқарды, сайлау кезінде саяси партиялардың сайлаушылар дауысы үшін күресі өрістеді. Мемлекеттік Дума сайлауы сословиелік теңсіздікке және мүлік цензіне негізделген жүйе бойынша өткізілді.

I Мемлекеттік Думаға (1906) Қазақстаннан 9 депутат, оның ішінде 4 миллион қазақ халқынан 4 депутат: Ә. Бөкейханов, А. Бірімжанов, А. Қалменов, және Б. Құлманов сайланды , ал 5 депутат орыс халқынан сайланды. Патша халық бұқарасының назарын алаңдату үшін шақырған I Мемлекеттік Дума оның үмітін ақтамады, ал оның мінберін партиялар өз мақсаттарына пайдаланды. І Мемлекеттік Думада А. Қалменов пен заңгер А. Бірімжанов ерекше белсенділік көрсетті. А. Бірімжанов аграрлық мәселе бойынша ескертпелер мен ұсыныстар айтты. Думаның мұсылман фракциясындағы басқа депутаттармен бірге А. Бірімжанов Қазақстандағы жер реформасы туралы бірқатар пікір айтты. Бұл мәселе бойынша жарыссөзде депутаттар Т. Седельников, В. Недоносков, Н. Бородиндер де белсенді түрде сөз сөйледі. Патша II Николай 1906 ж. 8-шілдеде Думаны қуып таратты (72 күн өмір сүрді) .

1906 ж. желтоқсанның соңында ІІ Думаға сайлау науқаны басталып, онда Қазақстан мен Сібірдің төмен жалақы алатын темір жол жұмысшылары кемсітушілік заң бойынша сайлау құқықтарынан айырылды. ІІ Мемлекеттік Дума негізінен кадеттерден, социал-демократтар мен октябристерден тұрды. ІІ Мемлекеттік Думаға қазақ даласынан 14 депутат, оның ішінде 6 қазақ : Ақмола облысынан - молда Ш. Қосшығұлов, Семей облысынан - би Т. Нұрекенов, Орал облысынан - адвокат Б. Қаратаев, Торғай облысынан екінші рет - сот тергеушісі А. Бірімжанов, Сырдария облысынан - Т. Аллабергенов, Жетісу облысынан - қатынас жолдары инженері М. Тынышбаев сайланды. Орыс халқынан 8 депутат сайланды.

Сонымен, 1905 - 1907 жж. Бірінші орыс революциясы кезіндегі Қазақстандағы оқиғалар, әсіресе, жұмысшылар, шаруалар, зиялылардың бой көрсетулері, ұлт-азаттық қозғалыс және т. б. олардың әлсіздігіне және бытыраңқылығына қарамастан жергілікті еңбекшілер үшін үлкен саяси мектеп болды, бұл тәжірибені олар ұлттық және әлеуметтік азаттық жолындағы, демократия мен прогресс жолындағы бұдан кейінгі күресінде пайдаланды.

5-сұрақ 1905-1907 жылдардағы Ресейдегі бірінші орыс революциясының Қазақстанның қоғамдық-саяси қозғалысына әсерін талдаңыз

Бірінші орыс революциясының басталуымен Қазақстанның өңдіріс орындарында да толқулар жиіледі. Ең ірі ереуіл 1905 жылы желтоқсанда Успенск мыс руднигінде болды, мұндағы жұмыс істейтін 300 жұмысшының 265-ін қазақтар құрады. Ереуілдің басталуына рудник иелері ағылшындардың жұмысшыларға “мейірімсіз және сорақы қатынастары” себеп болды. Ереуіл 9-желтоқсанда басталып, жұмысшылар “Орыс-қырғыз одағын” құрды және рудник иелерін өздерінің алға қойған біраз шарттарын қабылдаттыруға мәжбүр етті.

ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында ереуілдер теміржол жұмысшыларының арасында да - Сібір темір жолында және Орынбор-Ташкент темір жолы құрылысында болып өтті. Сан жағынан өте үлкен ереуіл Мұғалжар стансасы жұмысшылары арасында болды, мұнда ереуілге 800 адам қатысты.

Жұмысшы қозғалыстары, негізінен, Қазақстанның өндіріс орталықтары мен теміржол стансаларын қамтыды. Мысалы, 1905-1907 жылдардағы ереуілдер мен демонстрациялары Орынборда, Омбыда, Оралда, Семейде, Петропавлда, Перовскіде және т. б. жерлерде болды.

1909-1910 жылдарда жұмысшылар ереуілдері Қарағанды өндіріс орындары мен Орталық Қазақстан мыс рудниктерінде, Өскемен уезінің алтын өндіру орындары мен рудниктерінде болып өтті. Өскемен уезінің “Николай” алтын өндіру кенішінің жұмысшылары екі ай бойы ереуілдеп, олар кәсіпкерлердің еңбекке ақы төлеу тәртіптеріне және жарық беру ақысын жұмысшылар мойнына ілуіне қарсы шықты.

Жұмысшы табының жаппай революциялық толқулары 1912 жылдың көктемінде Ленск алтын өндіру кенішінде жұмысшыларды атқылауға байланысты күшейе түсті. Қазақстанда Риддер жұмысшылар, Екібастұз шахтерлері, Омбыда Раундруптың шойын балқыту заводының жұмысшылары ереуілге шықты. 12 майда Спасск мыс қорыту заводының жұмысшылары ереуілге шықты. 7 июльде Ембі мұнай өндіру кендерінде жұмысшылардың ірі ереулі болып өтті. Қазақстандағы жұмысшы қозғалысы Ресейдің орталық аудандарымен салыстырғанда әлсіздеу болды. Социалистік идеялар көшпелі қауыммен тығыз байланысты қазақ жұмысшылары арасында кеңірек тарамады. Қазақстан территориясында жұмыс атқарған кішкене топтар мен социал-демократиялық үйірмелердің орталық басшылығы болмады және олар көбінесе жеке-дара жұмыс жасады.

6-сұрақ

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс: себептері отарлық езгінің күшеюі, жердің тартып алынуы, алым-салықтың көбеюі, бұқара жағдайының күрт нашарлауы болса Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесініңм және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды. Оның негізгі қозғаушы күші, жергілікті ұлт шаруаларынан тұратын халық бұқарасы болды. Қозғалыс көпшілік аудандарда ұлт-азаттық сипатта блды. 1916 жылғы көтерілістің басшылары Торғай даласында-большевик Әліби Жангелдин мен Аманкелді Иманов, Орал облысында Сейітқали Мендешев, Ақмола даласында-Әділбек Майкөтов пен Сәкен Сейфуллин, Жетісуда-Тоқаш Бокин мен Бекболат Әшекеевтер болды Қозғалыс стихиялы, әр түрлі аймақтарда әр түрлі мезгілде басталды . Көтеріліс бүкіл Қазақстан территориясын түгел қамтыды, көтеріліс барысында 1916 жылғы көтерілістің екі ошағын ерекше айтамыз

1. Жетісу 2. Торғай

Жетісуда көтеріліс тарихын: 1) шілде - стихиялық наразылық көріністер, 2) тамыз - оның қарулы көтеріліске ұласуы, 3) қыркүйек-қазан көтерілістің біртіндеп бәсеңдеуі және жеңіліс табуы деген кезеңге бөлуге болады. Жетісуда ұлт-азаттық көтерілістер Жаркент уезіне қарасты Қызылбөрік, Шелек, Меркі болыстарында, Қарқара және Асы жайлауларында, Нарынқол-Шарын бөлімшесінде Верный уезіндегі Қорам, Ұзынағаш, Жайылмыс болыстарында, Жетісу облысына қараған Лепсі және Қапал уездерінің кейбір болыстарында болды. 1916 жылғы Жетісуда болған ірі көтерілістің бірі Қарқара аймағындағы Ереуілтөбеде блды, ол тарихта Қарқара көтерілісі деп аталады, патша үкіметінің құжаттарында Албан көтерілісі деп атайды. 5мың көтерілісшілер Қарқара жәрменкесін қоршап, Кравченконың жазалау отрядтарын талқандады. 1916жылы 9 тамызда көтеріліс біртіндеп Шу өңіріне Меркі ауданына ауысты. Көтеріліс басшысы Ақкөз батыр болды. 1916 жылы 11 тамызда Лепсі уезінде Масловтың жазалаушы отрядтары 220-ға жуық көтерілісшілерді оққа ұшырды.

Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі Тоқаш Бокин үгіт жұмысына басшылық етіп, соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді. Жетісудағы көтерілісті басуға патша үкіметі жазалау экспедициясын жіберді. Көтеріліс жетекшілерінің бірі Бекболат Әшекеевті 1916 жылы 9 қыркүйекте жазаушылар Боралдай асуында дарға асты. Сөйтіп, 1916 жылғы қазан айында Жетісу көтерілісі талқандалды. Сотсыз және тергеусіз атылғандарды есептемегенде, сот үкімімен Түркістан өлкесінде 1917 ж. 1 ақпанына дейін 347 адам өлім жазасына, 168 адам каторгалық жұмыстарға, 129 адам түрмеге жабылуға кесілді.

Торғай обылысындағы көтерілістің мынадай ерекшеліктері болды. Көтеріліс оқиғаларына бір орталықтан басшылық жасалды, көтерілісшілер саны көп болды, қамтыған аумағы аса үлкен болды, көтерілісшілер қарсылығы ұзаққа созылды, көтеріліске шыққандар әскери өнерге үйретілді. Көтерілісшілерге халық батыры Аманкелді Иманов, Әбдіғапар Жанбосынов пен большевик Әліби Жанкелдин басшылық етті. Торғай обылысының Торғай, Ырғыз, Ақтөбе, Қостанай уездері түгел көтерілісшілерге қосылды. Көтерілісшілер саны 50мыңға дейңн жетті. 1916жылы 21 қарашасында 13 болыс өкілдерінің құрылтайында Әбдіғапар Жанбосынов Торғай уезінің ханы болып сайланды, Амангелді Иманов бас қолбасшы сардарбек болса, Әліби Жангелдин көтерілісшілердің рухани көсемі болды. Мерген Кейкі Көшкінбаев басқарған мергендер тобын құрды. Әбдіғапар Жанбосынов пен Амангелді Иманов әскери тәртіп орнатып оларды ондықтар, жүздіктер, мыңдықтарға бөліп әрқайсысына басшыларын тағайындады.

1916 жылы 22 қазанда Амангелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. Оған генерал А. Лаврентьевтің 9 мын адамдық жазалаушы тобы жіберілді. Көтерілісшілердің негізгі бөлігі Амангелдінің штабы орналасқан Батпаққара жазығы мен Аққұм құмының маңына шоғырланып, партизандық күрес әдісіне көшті. Көтерілісшілер Татырда, Ақшығанақта, Доғал Үрпекте, Күйікте патшаның жазалау отрядтарымен ерлікпен шайқасты. Оның ең жойқын болған жері Батпаққара ауданы, өйткені көтерілісшілер штабы осында еді. Торғайдағы көтеріліс Ақпан төңкерісіне дейін созылып жеңіліспен аяқталды.

7-сұрақ

ХХ-ғасырдың басында Қазақстан тәуелсіздігі жоқ, мемлекеттігінен айрылған Ресейдің бір түкпірдегі губерниясы еді. Ресейде үш ғасырға жуық уақыт

Романовтар әулеті билік құрды. Алайда 1917 жыл елде революциялық толқулармен басталды. Ақпанда толқулар күшейіп, 23 ақпаннан бастап ол төңкеріске ұласты. 25 ақпанда сол кездегі Ресейдің астанасы Петроградта төңкеріс бүкіл қаланы қамтыды. 25 ақпан күні патша Петроград әскери округіне « . . . ертеңнен қалдырмай астанадағы тәртіпсіздіктерді тоқтатуды бұйырамын» деген тапсырма берді. Бұл патшаның соңғы өкімі еді. 26 ақпан күні Невск даңғылындағы демонстранттарға қарсы оқ атуға бұйрық берілгенімен төңкеріс барысында шешуші сәтте әскер көтерілісшілерге қарсы оқ атудан бас тартып, өздері көтерілісшілер жағына шығып кетті. 27 ақпан күні Петроградты жұмысшылар мен солдаттар түгел басып алып, қарулы көтеріліс жеңіске жетті. 27 ақпанда Петроград жұмысшы және солдат депутаттарының кеңесі құрылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы: тәуелсіздік үшін күрестің жаңа кезеңі
Дәстүрлі өнер түрлері
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні және оның міндеттері
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИ ДАМУЫ
Туризмнің даму тарихы
ЗАМАНАУИ ГРАФИКАЛЫҚ ДИЗАЙННЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстанның Екінші дүниежүзілік соғыстағы рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz