Геоинфонавигатор облыстық жобасы аясында оқушылардың жаратылыстану -ғылыми функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған креативті тапсырмалар жинағы


Қарағанды облысының білім басқармасы
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың
оқу-әдістемелік орталығы
«Геоинфонавигатор» облыстық жобасы аясында оқушылардың жаратылыстану -ғылыми функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған креативті тапсырмалар жинағы»
Әдістемелік құрал
Қарағанды- 2022 жыл
Қарағанды облысының білім басқармасы облыс педагогтеріне таратуға ұсынылды.
Құрастырғандар: Қарағанды қаласы Білім бөлімінің география әдіскері Ильясов Шамиль Амангельдиевич, Джакеева Сапира Дербисовна(ЖББМ №10 КММ), Агедилова Кундыз Туяковна (ЖББМ №74 КММ), Искакова Асем Саятовна (ЖББМ №34 КММ), Жантемирова Айнур Болатовна (МГ №104 ), Ибраева Меруерт Байдосовна (Нұркен Әбдіров атындағы ЖББМ), Актаева Гульмира Кордабаевна (ЖББМ №10 КММ), Байбатшаев Нургали Наканшаевич (МЛ №53 КММ)
Пікір жазғандар: Қарағанды Мемлекеттік университетінің биология-география факультетінің физикалық география бөлімінің аға оқытушысы Сүймұханов Ұзақбай Алтынбаевич, Қарағанды Мемлекеттік университетінің биология-география факультетінің экономикалық география бөлімінің аға оқытушысы Досмахов Сағидолла Мұхтарович.
Әдістемелік құрал оқушылардың ғылыми-жаратылыстану бағыты бойынша функционалдық сауаттылығын, халықаралық зерттеулеріне дайындауда мұғалімге көмек үшін әзірленген. Жинақта географиядан тапсырмаларды орындау бойынша нұсқаулық және тапсырмалардың шығару жолдарының үлгілері келтірілген. Тапсырмалар жинағында география пәнінен 100 тапсырма берілген. Бұл басылым жалпы білім беретін мектептің 8-9 сынып оқушыларына және мұғалімдеріне арналған.
Кіріспе
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Қазақстанда жүргізіліп жатқан білім беру жүйесін реформалау құзырлылық ұстанымына және әлемдік білім беру кеңістігіндегі оқытудың озық әдістемелері мен амал-тәсілдеріне негізделген.
Бұл Қазақстанның білім беру жүйесінің өтпелі кезеңі аяқталып, дамыған елдер моделіне сәйкес келетіндігін және ТМД елдерінің арасынан мемлекетіміз көшбасшылық орынға шығып, 2022 жылға дейін жоғары білім сапасы мен халықаралық
деңгейде нәтиже беретінін айқындайды. Cондай-ақ
оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2022 жж. арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асыру және халықаралық зерттеулері аясында өкізілетін оқушылардың ғылыми - жаратылыстану функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері қарастырылуда. Қазіргі таңда оқушының өзін-өзі дамытуға, алған теориялық білімдерін өмірмен байланыстыруға, оны қолдана білуге бағытталған жұмыстарға көңіл бөлінуде.
Жаратылыстану бағытында деңгейлеп оқыту жүйесі еуропалық стандарт талаптарына сәйкестендіріліп, әлемдік білім кеңістігіне шығу, қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен тілдік құзіреттілікке ие бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі болып табылады. География сабағында креативті ойлау тапсырмаларын қолдану арқылы оқушылардың кеңістік, қоршаған әлемді және оған адамның іс-әрекетінен қосылатын өзгерістерді түсінуге және географиялық тұжырымдамалар мен географиялық мәселелерді талдауға, ойластыруға, шешуге және түсінік беруге мүмкіндік
туғызады. Оқушылардың күнделікті өмірде туындаған көптеген мәселелерді шешу үшін алған білім және біліктілік қабілеттерін қолдана алуға әсер етеді.
География сабағында креативті ойлау тапсырмаларын қолдану арқылы жаңа тақырыпты жылдам, өз бетімен игеріп, дұрыс түсінетін, кездескен мәселелерді шеше алатын, істің мағынасын терең және нақты түсінуге тырысатын байқағыштық қасиеті жақсы дамыған, сауатты сөйлеп, білімді игерген, оны практикада асыратын, картаның тілін, теориялық білімді теңгеріп, географиялық үрдістердің жүруін болжай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұғалім арнайы тапсырма дайындап, оны сабақта қолдану арқылы оқушының зерттеушілік, ізденушілік дағдысы қалыптасады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін, сабаққа деген ынтасы мен бейімділіктер жүйелі түрде дамытуға жағдай жасау арқылы арнайы қабілеттілікті жоғары деңгейге жеткізуге болады. мұғалімдердің жан-жақтылығы, шығармашылығы, білімі жоғары деңгейде болуы керек.
Құзыреттілік тәсілді жүзеге асыру тәсілдерінің бірі - білім беру үдерісінде креативті ойлау тапсырмаларды құрастыру және пайдалану.
Креативті ойлау тапсырмасының ерекшелігі көбінесе шарттар мен сұрақтар дербес ретінде белгіленіп, бір қарағанда бір-бірімен байланысты емес. Жағдай мен сұрақтарды байланыстыру-оқушының міндеті. Мұндай "байланыстыру" үшін жеке тәжірибені, қосымша ақпаратты тарту қажет, контекстпен жұмыс істеу қажет. Осы жерден креативті ойлау тапсырмаларының дизайны - олар көбінесе нақты өмірлік практикадан алынған жағдайды сипаттайды. Тапсырмалар шарттары да, сұрақ формасы да пәндік жағдайға байланысты емес. Керісінше, өмірлік жағдайды пәнге аудару және тапсырмалардың күрделілігін құрайды. Әрбір тапсырма-шешім талап ететін жағдай, жағдай. Креативті ойлау тапсырмалары оқушылардың танымдық қызығушылығын, ойлау дербестігін, зерттеу іскерлігін қалыптастыру мақсатында сабақтың әртүрлі кезеңдерінде танымдық тапсырмалар ретінде қолданылады.
Креативті ойлауға құзыреттілік-бағытталған тапсырмаларды орындау кезінде оқушылардың географиялық білімді әртүрлі жағдайларда қолдану қабілеттерін қалыптастыруға басты назар аударылуы тиіс.
«География пәнінен оқушылардың функционалдық
сауаттылығын арттыруға бағытталған креативті
тапсырмалар жинағы»
әдістемелік құралы
Мақсаты:
География пәні бойынша оқушылардың функционалдық
сауаттылығын дамытатын креативті ойлау дағдысын
қалыптастыруға негізделген тапсырмаларды құрастыру, жинақтау.
Құзыреттілігі:
Құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру;
Креативті идеяларды ойлап табу, жобалау;
Идеяларды бағалау және жетілдіру, өмірмен байланыстыру;
Міндеттері:
Тірек сөздер арқылы ақпарат іздеу;
Зерттеу жүргізу процестерін талдау;
Қолда бар деректерге сүйеніп болжам жасау;
Ғылыми фактілер мен зерттеу деректерін анықтау.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану функционалдық
сауаттылықтарын арттыру;
Креативті ойлау дағдысы артып, мәселені коллаборативті ортада
шешу;
Креативті ойлау тапсырмаларын ұтымды шешуге арналған стратегиялар мен дағдыларды анықтау;
Тапсырмаларды орындауда келесі ұсыныстарды басшылыққа алу ұсынылады:
- Ұсынылған тапсырмаларды бар ықыласыңызбен оқыңыз және негізгі ақпаратты тауып алыңыз.
- Есептердің суреттері, сызбалары, графиктеріне және физикалық үдерісті түсінуді жеңілдететін кестелерге көңіл аударыңыз.
- Қандай ықшамдалған сөйлемдер, есептің шығарылуын жеңілдететінін ойлап алыңыз.
- Схемалық сызба немесе сурет салуға тырысыңыз, ол әрқашан ойлануды жеңілдетеді. Дұрыс құрастырылған схема - есепті шығарудағы жетістіктің жартысы екені есіңізде болсын.
- Көпшілік жағдайда есептің барлық шамаларын тиісті әріптермен белгілеп және оларға қажетті есептеулер жасап, жалпы түрде шығарған пайдалы. Егер есептің шартында шамалардың бөліктері жоқ болса абыржымаңыз, олар бәрінен де дұрысы қысқартылады.
- Жалпы түрде шығарып алып, біркелкілігін талдап немесе бұрын шығарылған ұқсас есеппен салыстырып, оның дұрыстығына көз жеткізуге тырысыңыз.
- Егер еспте шамалардың сандық мәндері берілсе, онда жауабы санға дейін жеткізілген болуы керек.
- Барлық мәліметтерді бір өлшем бірлігінде өрнектеу керек.
- Егер сізге есепті бірден шығару мүмкін болмаса, бүге-шегесіне дейін көңіл аударып, тиісті теориялық материалды тағы да зерттеп көріңіз.
1-тапсырма
Ұлы көлдер
Нүктелердің орнына тиісті сөз тіркестерін тауып жазу.
- Маңызды транспорттық жол торабы ретінде саналатын көл.
- Ұлы көлдер арасында ауданы жөнінен екінші орын алатын көл.
- Теңіз деңгейінен 175 м биіктікте, доға тәріздес формасы бар.
- Солтүстік жағалауында Пойнт-Пили ұлттық саябағы құрылған
- Солтүстік Америкадағы АҚШ пен Канада аралығындағы Ұлы көлдер
жүйесіне кіретін көл.
Жауабы:1. Жоғарғы көл. 2. Гурон ауданы. 3. Мичиган. 4 Эри. 5. Онтарио
2 - тапсырма
Ғаламдық мәселелер.
Теңіз жағалауындағы қала тұрғындары Дүниежүзілік мұхиттың негізгі
ластаушыларының бірі- пластик, яғни пластик бөтелкелер, сөмкелер, сабалар, ойыншықтардың қаптамалары және т. б. екенін білді. Олар өз қаласы жағажайынан мұхитқа түсетін пластикалық қоқыстардың мөлшерін азайту үшін кейбір шаралар қабылдауға шешім қабылдады.
Төмендегіәрекеттердің қайсысы мектеп оқушыларынжағажайдан мұхитқа түсетін пластикалық қоқыстарды азайтуға көмектеседі?
Сұраққа жауап беру үшін бір немесе бірнеше нұсқаларды белгілеңіз
3-тапсырма
Егер таулардың етегінде ең жылы айдың орташа температурасы + 18 ° C болатыны
белгілі болса, Сарыарқа тауларының шыңдары жазда қармен жабыла ма?
Жауабын түсіндіріңіз.
Жауабы: (жоқ, өйткені 1000 м көтерілгенде, температура 6 ° C-қа
төмендейді, Сарыарқаның ең биік шыңы - Ақсораң, оның биіктігі - 1565 м, демек,
жоғарғы жағында температура + 9 ° C болады, бұл температурада қар жиналмайды)
4-тапсырма
Жер қыртысы
Жердің ең сыртқы қатты қабаты жер қыртысы (литосфера) деп аталады. Жер
қыртысы құрлықта материктік Жер қыртысы, ал мұхиттарда мұхиттық Жер
қыртысы боп бөлінеді:
Материктік жер қыртысы немесе материктік қыртыс бұл шөгінді жыныстардан,
гранитті және базальтты қабаттардан тұрады. Бұның қалыңдығы жазық жерде
30-40 шақырымдай, ал таулы жерлерде қалыңдығы 70-80 шақырымға жетуі мүмкін!
Мұхиттық жер қыртысы бұл мұхиттардың түбінде орналасады. Бұнда гранитті
қабат болмайды, болса жұқа болады. Мұхиттық жер қыртысы
құрлықтықпен салыстырғанда қалын емес, бар жоғы 5-10 шақырым
шамасында.
Материктің негізін жер қыртысының тұрақты, қозғалмайтын бөлігі
- платформалар құрайды. Геосинклинал - жер қыртысының ауқымды,
өте қозғалмалы ұзына бойы созыла орналасқан бөлігі. Платформалар ежелгі
және жас платформалар болып бөлінеді.
1. Материктік жер қыртысының қалыңдығы:
A) 30-40 км B) 50-55 км C) 10-20 км D) 60-70 км E) 10-115 км
2. Жердің қозғалмалы бөлігі:
A) тақта B) геосинклиналь C) платформа D) жанартау E) жер сілкінісі
3. Арабия тақтасы Африка тақтасынан жылына неше жылдамдықпен алшақтауда?
A) 2 см B) 3 см C) 9 см D) 5 смE) 1 см
4. Терең жарықшақтардың жиынтығы
A) рифт B) шұңғыма C) науа В) аңғар E) жарықшақ
5. Джомолунгма тауы мен Өлі теңіздің абсолюттік биіктігі?
A) 8445 м B) 6995 м C) 9251 м D) 8716 м E) 7723 м
5-тапсырма
Сәйкестендіру
Көлдері -Су атасы, Миссисипи- Үлкен өзен., Миссури- Гүрілдеуік су, Маккензи -Тұнбалы өзен,
Ниагара -Тектоникалық, жанартауылық
Жауабы:
Миссисипи- Су атасы Миссури- Тұнбалы өзен.
Маккензи- Үлкен өзен. Ниагара - Гүрілдеуік су
Көлдері -Тектоникалық, жанартауылық
6-тапсырма
20 0 с. е. (солтүстік ендік) пен 40 0 с. е. нүктелері аралығының жер бетіндегі
арақашықтығын тап.
Шешу жолы :1-қадам: Берілген екі нүктенің градус бойынша айырмашылығын
тауып алу керек. Екі нүкте де солтүстік ендікте орналасқандықтан, 40 градустан 20 градусты азайтамыз, сол кезде екі нүктенің градус бойынша арақашықтығы
шығады, ол 20 градусқа тең.
2-ші қадам: Енді осы градустық арақашықтықты жер бетіндегі ара қашықтыққа айналдыру үшін, 20 градусты 111 км-ге көбейтеміз. Осылайша, екі нүктенің
жер бетіндегі ара қашықтығы белгілі болады. Жауабы: 2220 км
7-тапсырма
Каспий маңы ойпаты
Каспий маңы ойпаты Жалпы Сырт қыраты, Орал алды үстірті мен Каспий теңізінің аралығында орналасқан. Ойпаттың солтүстік жағы теңіз деңгейінен жоғары. Ойпат - жекелеген жондар мен өзен бойларында қақ, сорлар, құмды аудандары бар кең жазық дала. Ол палеогеннің аяғында басталған Каспий трансгрессияларының құм аралас сазды шөгінділерінен түзілген. Ойпаттың оңтүстік беті - теңіз деңгейінен төмен жатқан жазық. Бірақ мұнда тұз күмбездері ұшырасады, солтүстік бөлігіне қарағанда тұзды сорлар, қақтар көбірек. Ойпат арқылы Жайық өзені мен оған құятын шағын салалар Деркөл, Көшім, Үлкен Өзен және Кіші Өзен, Шежін бірінші және екінші Шежін, Шідерті, Жымпиты, қалдығайты жәнө т. б. ағып өтеді. Олардың біразы жазда тартылып, бөлек-бөлек көлшіктер мен қарасуларға айналады. Сонымен бірге ойпатта Шалқар, Балықты, Аралсор, Бесоба сияқты көлдер де бар. Каспий маңы ойпаты бергі дәуірдің өзінде теңіз табаны болған. XIX ғасырдың 70-жылдарының өзінде Доссор мен Мақат мұнай кеніштері орналасқан Тентек соры су астында жатқан. Қайдақ, Комсомол шығанақтары судан XIX ғасырдың 30-жылдары ғана босаған. Теңіз табаны судан біртіндеп босап, құрғап ойпатқа айналған. Жер асты сулары тұщыланған. Ойпаттың қазіргі жер бедерінің пішіні, топырағы мен өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Алайда ойпаттың климатының құрғақтығы өсімдіктер дүниесінің дамуына кері әсерін тигізуде. Каспий маңы ойпатының оңтүстігінде 60 мың км² жерді алып жаткан құмды аймақ (Қарақұм) бар. Бұл өлкенің жастығына қарамай, жел жер бетін құрғатып, өсімдігі сирек кездесетін шөлге айналдырған. Ондағы құм төбелерді бар төбешіктері деп атайды. Және төбешіктер ұйырғы болады. Каспий маңы ойпатының негізгі байлығы - мұнай мен газ. Олар жер қабаттарындағы тұзды күмбездердің көтерілуіне байланысты пайда болған жарықшақтарға жиналған. Пермь, триас, юра, бор және палеоген қабаттарында сақталған.
1. Каспий маңы ойпатыаралығында орналасқан.
А) Жалпы Сырт қыраты, Орал алды үстірті мен Каспий теңізінің аралығында
Б) Каспий теңізі, Орал алды үстірті, Үстірт үстірті С) Орал алды, Мұғалжар, Каспий теңізі
Д) Маңғыстау, Орал алды, Каспий маңы Е) Жалпы Сырт қыраты, Мұғалжар, Орал алды, Каспий теңізі
2. Каспий бойы ойпатындағы мұнай кеніштері
А) Теңіз, Қаламқас Б) Доссор, МақатС) Жетібай, Теңіз Д) Қаражамбас,, Қарашығанақ Е) Қашаған, Жетібай
3. Ойпаттағы өте көп жерді алып жатқан құмды аймақ.
А) Қызылқұм Б) Қарақұм С) Аралқұм Д) Каспий теңізі Е) Теңіз
4. Каспий маңы ойпатының негізгі байлығы не?
А) мұнай, көмір Б) мұнай, газ С) темір, газ Д) көмір, су Е) уран, газ
5. Қайдақ, Комсомол шығанақтары судан қай кезде босаған?
А) XI ғасырдың 40-жылдары Б) XIX ғасырдың 30-жылдары С) IX ғасырдың 20-жылдары
Д) XX ғасырдың 60-жылдары Е) X ғасырдың 60-жылдары
8-тапсырма
Нүктелердің орнына керекті сөздерді тауып жазу. Танганьика көлі


Танганьика көлі . . . болып табылады . . . Бұл көлемі бойынша . . . үлкен, және . . . терең көл. Көл төрт мемлекетке ортақ - . . . , . . . , . . . , . . . Көл Африканың терең тектоникалық ойпатында, теңіз деңгейінен . . . биіктікте орналасқан және қазіргі уақытта . . . рифттік жүйесінің бір бөлігі болып табылады Көлдің теңізбен байланысы . . . өзені арқылы . . . көлден ағып кетуіне мүмкіндік беретін судың жоғары деңгейіне байланысты. Өзен ағынды ұстап тұру үшін өзінің салаларына, әсіресе . . . өзеніне тәуелді.
Жауабы: Танганьика көлі- Африка Ұлы көлі болып табылады. Бұл көлемі бойынша екінші үлкен, және екінші терең көл. Көл төрт мемлекетке ортақ - Танзания, Конго Демократиялық Республикасы, Бурунди, және Замбия. Көл Африканың терең тектоникалық ойпатында, теңіз деңгейінен 773 метр биіктікте орналасқан және қазіргі уақытта Шығыс-Африка рифттік жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Көлдің теңізбен байланысы Лукуга өзені арқылы Конгоға көлден ағып кетуіне мүмкіндік беретін судың жоғары деңгейіне байланысты. Өзен ағынды ұстап тұру үшін өзінің салаларына, әсіресе Ниемба өзеніне тәуелді.
9-тапсырма
Өзеннің су шығыны
Өзеннің су шығыны дегеніміз - өзеннің көлденең
қимасы арқылы 1 секундта ағып өтетін судың мөлшері (м ) .
Оны табу үшін өзеннің көлденең қимасының ауданын
өзен суының жылдамдығына көбейту қажет.
Мысалы: Нұрсұлтан қаласының маңында Есіл өзенінің
ені 60 м, тереңдігі 2 м, өзен суының жылдамдығы 3, 5 м/с
болса, өзеннің су шығынын табу үшін, алдымен
өзеннің көлденең қимасының ауданын табамыз.
Шешу жолы: 60м*2м=120м
120м*3, 5м/с=420м/с
Демек, Есіл өзенінің су шығыны 420 м /с-қа тең, яғни өзеннің көлденең қимасы арқылы 1 секундта 420 м су ағып өтеді.
10-тапсырма
Әртүрлі қалалардың уақыт айырмашылығын есептеу.
Сұрақ : Олимпиадалық ойындар немесе кез-келген спорттық жарыстар көбіне сол
елдің жергілікті уақыты бойынша түстен кейін жүргізіледі. Жапония елінің Токио қаласында 15. 00 өтіп жатқан жарысты Қазақстан халқы Алматы қаласыннан теледидардан тікелей трансляция кезінде сағат нешеде көре алады? Үндістан елі
Дели қаласында ше?
Шешу жолы: 1-ші қадам: Ең алдымен, екі қаланың бойлықтар бойынша неше
градус айырмашылық жасайтынын тауып алу керек. Екі қала да шығыс бойлықта орналасқандықтан 139-ден- 62-ні азайтамыз. Демек, екі қаланың бойлық бойынша арақашықтығы 62-ге тең. 139º4′ш. б-76º53′ш. б=62º8′7ш. б
2-ші қадам : Енді осы бойлық бойынша арақашықтығын 15 0 -қа бөлеміз, себебі,
әр 15 0 бойлық өзгерген сайын, уақыт бойынша 1 сағат айырмашылық жасайды: 62º8′7ш. б:15 º=4сағ/20мин
3-ші қадам: Екі қаланың уақыт айырмашылығы 4сағ/20мин екені анықталды.
Енді, 4сағ/20мин алға немесе 4сағ/20мин артқа қарай өзгеретінін анықтау керек.
Егер, біз уақытын тапқалы отырған қала, бізге берілген қаланың батыс бөлігінде орналасса, онда уақыт артқа қарай жылжиды. Ал егер, керісінше болса, уақыт алға
қарай жылжиды. Біз уақытын тапқалы отырған қала - Алматы қаласы, бізге берілген Токио қаласының батыс бөлігінде орналасқан. Демек, Алматыдағы уақыт Токиодағы уақыттан 4сағ/20м артта: 15. 00-4с/20мин=10. 40
Жауабы: Жапония елінің Токио қаласында 15. 00 өтіп жатқан жарысты Қазақстан
халқы Алматы қаласыннан теледидардан тікелей трансляция кезінде күндізгі
10. 40та көре алады.
139º4′ш. б-77º13′ш. б=62º27′ш. б
62º27′ш. б:15 º=4сағ/13мин
15. 00-4сағ/10мин=10. 45
Жауабы: Үндістан халқы Дели қаласынан теледидардан жарысты тікелей
трансляция кезінде сағат 10. 45 көре алады.
11-тапсырма
Колорадо каньоны
Колорадо каньоны АҚШ-тың Колорадо үстіртіндегі Колорадо өзенінің аңғары.
Дүние жүзіндегі ең терең өзен аңғарларының бірі. Әктас, құмтас және тақтатастан тұрады. Ұзындығы 446 км, тереңдігі 1600 м, ені үстірт үсті бойында 8 - 25 км,
түбіне қарай 1 км-дей (жеке бөліктерінде 120 м) болады. Каньон шегінде Колорадо
өзен ағысының жылдамдығы 25 км/с. Жер бедерінің өзіндік пішіндері кездеседі (“мұнара”, “қамал”, т. б. ), тау жыныстары жалаңаштанған. Үлкен Каньонда Гранд-Каньон ұлттық саябағы құрылған. Үлкен Каньон АҚШ-ғы шөлдердің бірінде орналасқан. Ол-тау жыныстарын құрайтын көп қабатты үлкен және терең каньон.
Бір кездері жер қыртысының қозғалысынан осы қабаттар жоғары көтерілді.
Қазіргі таңда Үлкен Каньонның тереңдігі 1, 6 км жетеді. Каньон шетінде Колорадо өзені ағып жатыр.
Сұрақ: Жыл сайын Үлкен Каньон ұлттық саябағына 5 млн жуық турист келеді.
Турист санының көп болуынан саябаққа зиян келмей ме?
Жауабы : Жаяу жүргіншілер жолдардың эрозияға ұшырауына әсер етеді.
Саябақ 100 жыл бұрынғыдай көркем күйінен айырылуы мүмкін
12-тапсырма
Орталық Азия
Аумағы 6 млн. км 2 . Жер бедері қиыршық тасты және құмды шөгінділермен жабылған
әр түрлі биіктіктегі жазықтар мен оларды қоршай орналасқан биік тау жоталарынан тұрады. Геоморфологиялық ерекшелігіне қарай Орталық Азия батыстан шығысқа
қарай созыла орналасқан 3 орографиялық белдеуден тұрады. Солтүстік таулы
белдеу құрамына Сарыарқа, Моңғол Алтайы, Хангай, Хэнтэй тау жоталары, тау аралығында орналасқан Жоңғар жазығы, Ұрыңқай, Ебінұр, т. б. ірі көлдердің қазаншұңқырлары кіреді. Орта белдеуге Тянь-Шань тауы және биіктігі 1000 - 2000 м болатын көтеріңкі жазықтарда жатқан Гоби, Алашань, Бейшань және Тарим ойысындағы Такла-Макан шөлдері кіреді. Биік Орталық Азия құрамына орташа биіктігі 4000 - 5000 м-ге жететін Памир, Куньлунь, Гиндукуш, Қарақорым, Тибет, Гандисышан тауларынан тұратын биік тау жүйелері жатады. Кен байлықтарынан: Сарыарқада мыс, молибден, вольфрам, көмір; Куньлунь
тауларында нефрит; Тибет, Куньлунь, Наньшань, Хангай тауларында шашыранды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz