Тіл бірліктерінің қалыптары


Тіл бірліктерінің қалыптары
Дыбыс тілінің әртүрлі элементтердің кездейсоқ жиынтығы емес, бөлшектері өзара тәуелді, өзара тығыз байланыста, шартты қатынаста тұратын біртұтас, бір бүтін күрделі түлға екендігін алғаш айтқан ғалым - В. Гумбольдт. Ол тілдердің қайсысында болса да, екі түрлі тұлға, сала болады: оның бірі - тілдің сыртқы формасына жататын материалдық сала да, екіншісі - тілдің ішкі формасына жататын идеялық жағы. Осы екі форма бірігіп тілдің құрылымын құрайды дейді. Ғалымның бұл пікірін ары қарай Б. де Куртенэ мен Ф. де Соссюр болды. Бірақ Ф. де Соссюр тіл өз алдына тұйықталып жатқан жүйелерден тұрады, өзара шарттас қатынаста тұратын элементтерден құралады, сол себепті тіл жүйесінің тек синхрондық күйі зерттелуі керек, ал, тіл жүйесін диахрондық тұрғыда зерттеу тілдің жүйелік қалпын нақты көрсетпейді деп есептеген. Дегенмен, Ф. де Соссюрден кейінгі зерттеушілер тіл жүйесі деген ұғым тілдің синхрондық күйімен бірге диахрондық күйіне де қатысты екенін анықтады.
ЕЖЕЛГІДӘУІР ТІЛ БІЛІМІ
Тіл білімі тарихын зерттеуші ғалымдардың басшылыққа алатын принципі -тарихи (историзм) принцип деп аталады. Ал тіл білімінің тарихы дегеніміз - осы ғылымның, яғни лингвистикалық ой-пікірлердің дүниеге келуі, оның біртіндеп даму жолдары, қалыптасуы. Тарихи принцип бойынша, әр дәуірде қалыптасқан, өмір сүрген алуан түрлі тілдік мектептер, концепциялар сол өз дәуірі түрғысынан бағаланып, олардан бұрын не бар еді, бұлар оған не қосты, кейінгілердің өздерінен бүрынғылардан артықшылығы
қандай деген тұрғыда қаралуы керек.
Кез келген ғьлымның өзіне тән қалыптасу, даму тарихы бар. Лингвистиканың басқа ғылымдар тобынан бөлініп, өз алдына жеке ғылым болып қалыптасу тарихы XIX ғасырдың бас кезінен басталады. Дыбыс тілінің өзіндік сырын білуге адам баласы өте көне заманда, сонау ғылымға дейінгі дәуірлердің өзінде де талпынған. Мәселен, көне египеттіктердің, шумерлердің әртүрлі жазуларды пайдаланғандығын ескерсек, тіл мәселелері жөніндегі ой-пікірлердің өте ұзақ тарихы барлығын, тіл білімінің көне ғылымдардың бірі екендігін байқауға болады. Тіл мәселелеріне байланысты жазылып сақталған, бізге келіп жеткен деректердің ең көнесі көне үнді, грек, қытай, түркі елдеріне тән. Сондықтан тіл білімі тарихы сөз болғанда, осы елдерден бастаймыз.
Ежелгі дәуір тіл білімінде ерекше көңіл бөлінген екі күрделі мәселе болды. Оның бірі - атау, ат қою теориясы, екіншісі - грамматикалық өнер проблемасы.
Ежелгі Грек тіл білімі
Көне грек лингвистикасының тіл мәселелеріне байланысты зерттеулері б. з. д. V ғасырдан басталады. Ғалымдардың айтуына карағанда, көне грек лингвистикасы Гомердің «Илиада» мен «Одиссея» жырының тілін зерттеуден басталған. Грек лингвистикасы екі кезеңге бөлінеді: философиялық және филологиялық. Философиялық кезеңді қалыптастырған философтар тіл мәселесін лингвистикалық тұрғыда емес, философия тұрғысынан сөз етті. Олар тілді философияга тәуелді, соның ажырамас бір бөлігі деп есептеді. Көне грек философтары мынадай мәселелерді сөз етті. Зат пен оның атауы арасындағы байланыс, тілдің қалай пайда болғаны жэне тілдің грамматикасы. Тілдің шығуы жөніндегі мәселе. Грамматика мәселелері.
Бұл елдегі лингвистика өз дамуының ең биігіне Грек тарихындағы эллинизм деп аталған дәуірде көтерілді. Бұл кезең Грек тіл білімі тарихында филология дәуірі деп аталады. Грек философы Анаксимен (б. з. б. VI ғ. ) өзінің «Шешендік өнері теориясы» деген еңбегінде стилистиканың негізін салған. Бұл ғалымның стилистика туралы айтқан кейбір тұжырымдары өзінің құнын күні бүгінге дейін жойған жоқ. Көне гректің Продик деген ғалымы (б. з. б. VI) синонимика туралы жазды. Ал Платон тілдегі сөздерді есім, етістік деп бөліп көрсетті де, ол екеуінің байланысының сөйлемде ғана көрінетіндігін айтса, Аристотель ең алғаш рет грамматиканы логикадан бөліп көрсетті, есімдер бастауыш, етістік баяндауыш болады деп, көмекші сөздерді бөліп көрсетті. Аристотель жекеше, көпше деген терминдерді алғаш атады. Ол дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы түсінік беріп, буын туралы да түсінік береді. Грек лингвистері үстеу, артикльдер жайлы айтты. Олар септіктердің бесеуін көрсетті: имен, род, дат, вин, звонительный. Грек тіл білімінің өркендеген, дами түскен кезі -Александрия дэуірі. Грамматиканың өз алдына ғылым болып бөлінуі осы кез. Александрия -б. з. б. III ғ. бастап нағыз мәдени, ғылыми орталық болды. Бұл кезде грамматика жазғандар: Дионисий Фракийский, Аполиний Дискол. Бұл дәуірде сөз таптары морфология бөлімінде қаралатын болды. Олар сөз табын 8-ге бөлді: имя, глагол, причастие, местоимение, наречие, союз, предлог, артикль. Сондай-ақ етістіктің райлары, үш жақ және етістіктің шақтары көрсетілді. Тіл білімі тарихында елеулі мәні барлығына қарамастан, көне грек тіл білімінің әлсіз жақтары да мол еді. Олар да тілдің тарихи құбылыс екеніне мән бермеді. Оның үстіне гректер өз тілінен баска тілдерді тіл деп санамады. Бұл -олардың лингвистикалық мәліметтерінің өсуіне, жалпы тілдік теориялық тұжырымдар жасалуына мүмкіндік бермеді.
Ежелгі Үнді тіл білімі
Ежелгі замандағы ерекше дамыған лингвистиканың бірі - үнді лингвистикасы. Үнділердің біздің дәуірге жеткен тілдік зерттеулері жыл санауымызға дейінгі Ү ғасырдан басталады. Материалдардың жүйелілігіне қарай Үндістан лингвистикасын ғалым Т. Қордабаев бұдан да бұрын болған деген пікір айтады. Үнділердің сөйлеу тілі пракрит деп аталса, әдеби тілі санскрит деп аталады. Үнді лингвистері әдеби тілдерін белгілі нормаға түсіру үшін тіл мәселесімен ерекше шұғылданды, тіл туралы ғылымды жоғары сатыға көтерді. Үнділердің өте көне заманнан сақталып келе жатқан Веда деп аталатын әртүрлі аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған кітаптары болған. Оның көнелігі сонша түсініксіз көптеген сөздер мен сөйлемшелер бар. Осыларды айқындау мақсатында Веда тілін зерттеу қолға алынды. Бұл зерттеу 4 бағытта жүргізілді: а) дыбыстық жүйесі мен айтылу мәнерін, яғни, фонетикасы мен орфоэпиясын зерттеу; э) жыр құрылысы мен өлең өлшемдерін зерттеу; б) грамматикасын зерттеу; в) жеке сөздердің тіркесін және оның мән-мағынасын, яғни лексикасы мен этимологиясын зерттеу. Көне үнді лингвистикасында жан-жақты зерттелген мәселелер қатарына фонетика мен грамматиканы жатқызуға болады. Бұлар жөніндегі зерттеулер үнділердің атақты лингвисі Яски мен Панини еңбектері арқылы біздің заманымызга жетті. Панинидің б. з. д. IV ғ. шамасында жазған «Аштадхьян» (Восемь разделов грамматических правил) деген еңбегінде төрт мыңнан астам грамматикалық ереже берілген. Бұл еңбегінде Панини Веда тілін қалпына келтіру нәтижесінде пайда болған үнділердің санскрит деп аталатын көне әдеби тілінің және Веда жыры тілінің дыбыстық жүйесін, сөз тудыру, сөз өзгерту жолдарын жан-жақты зерттеген. Панинидің еңбегі - тіл білімі тарихындағы біздің дәуірге жеткен тұңғыш сипаттама грамматика. Панини 1993 түбір сөзді тізіп беріп, түбірлердің мағынасы туралы айтқан. Панини өзінің санскрит тілінің грамматикасында фонетикаға ерекше мән берген, онда түсініксіз математикалық формулалар да болған, 400 ереже берілген. Сонымен қатар, грамматикасында нөлдік морфемаға, сөз таптарына, сөздің негізіне, түбіріне, қосымшасына, ішкі флексияға, екпінге, интонацияға, диалектілік ерекшеліктерге тоқталған, көне үнді тілін әдеби тілмен салыстырып, оның көне формалары туралы айтқан. Үнді тілін зерттегендер дауысты, дауыссыздарға, фрикатив дыбыстарға, дыбыстық тіркестерге, екпінге, интонацияға көңіл бөлген. Үндінің грамматикасын жазған ғалымдар морфологияны 3-ке бөледі:
Сөз классификациясы (сөз таптары) .
Сөздердің жасалуы.
Сөздердің өзгеруі.
Үнділер тілдегі барлық сөздерді есім, етістік, предлог, демеулік деп төрт топқа бөлген. Үнділер тілдік негізгі тұлға - сөйлем, өйткені ой тек сөйлем арқылы ғана беріледі дегенмен, синтаксис мәселелеріне жеткілікті көңіл бөлмеген. Көне үнді лингвистикасында грамматикадан кейін мол зерттелген сала -фонетика. Онда дыбыстардың физиологиялық сипаттары, сөйлеу органдарының тіл дыбыстарын жасаудағы артикуляциясы, дыбыстардың дауысты, дауыссыз, шүғьш, ызың болып бөлінетіндігін айтқан. Үнді лингвистикасының әлсіз жағы -тілдің заман өткен сайын дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс екенін жете түсінбеген. Өз зерттеулерінде объекті етіп жазба тіл фактілерін алғанда, сөйлеу тіліне мән бермеген. Және тілдік фактілерді дәлдікпен сипаттағанымен теориялық қорытынды шығарып отырмаған, зерттеу тек сипаттама түрінде болған.
Ежелгі Қытай тіл білімі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz