Адамның жеке бас бостандығына қарсы қылмыстар үшін жауапкершлігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Неге адамның жеке бас бостандығына қарсы қылмыстар үшін жауапкершлік
қатан емес

Осы ғылыми мақалада қылмыстық заңнамада қарастырылған адамның жеке бас
бостандығына қатысты қылмыстық жауапкершілік анализденіп, мәселерді
қарастыру жолдары көрсетілген.

В данной научной статье проанализирована уголовная ответственность за
преступления в отношении личной свободы человека, предусмотренная уголовным
законодательством, и изложены пути ее решений.

Кеңестік кезеңдегі қылмыстық заңнаманың, әрине, Ресей империясының
заңнамасынан елеулі айырмашылығы бар. Бірақ, мемлекеттік, діни, сауда және
басқа да тұлғаға қол сұғушылық, соның ішінде жеке бас бостандығына қарсы
қылмыстармен салыстырғанда анағұрлым аз мөлшерде өзгеріске ұшырады.
Әрекет кінәлінің жәбірленушіні еркін жүріп тұру бостандығынан заңсыз
айырғанда, сондай-ақ, оның өз қалауы бойынша орнын ауыстыру мүмкіндігінен
айырғанда жүзеге асырылады.
Кез-келген құқыққа қайшы әрекеттің нормативтік анықтамасының
қажеттілігі еркше аргументацияны талап етпейді. Тек ең маңызды деген
жағдайларына тоқталып кетелік. Біріншіден, құқыққа қайшы әрекет түсінігі -
бұл осы әрекеттің объективті жағының мәні болып табылады; екіншіден,
құқыққа қайшы әрекеттің мәнінің нормативті-құқықтық анықтамасы тек құқық
қолданушыларға ғана емес, сондай-ақ, басқа да азаматтарға да өз әрекеттерін
дұрыс бағалауға мүмкіндік береді; үшіншіден, нақты құқыққа қайшы әрекеттің
нормативтік-анықтамалық түсінігінің болуы саралау барысында құрамы жағынан
ұқсас қылмыстардан ажырату кезінде, нақты құқықтық бағдар береді.
Бұдан шығатын қорытынды, адамды қандай да бір бостандығынан заңсыз
айыру - бұл адамнан өз қалауы бойынша әрекет ету мүмкіндігін алып қою. Бұл
жағдайда мұндай бостандығынан айырудың жасырын сипаты қарастырылмаған,
бірақ орын алуы мүмкін (мысалы, С. көршілерінің көзінше қарт Ж. өзінің
гаражында, оны бас бостандығынан заңсыз айыра отырып жауып қойуы).
Осылайша, адам ұрлаудың бас бостандығынан заңсыз айрудан негізгі
айырмашылығы ретінде жәбірленушіні ұстау орнының жасырын сипаты табылады.
Жәбірленуші міндетті түрде тұрақты алыстайды және жақын туыстарына белгісіз
жерге орналастырылады.
Ұрлау барлық уақытта белсенді әрекеттердің жасалу жолымен жүзеге
асырылады. бас бостандығынан заңсыз айыру тек әрекет арқылы ғана емес,
сондай-ақ әрекетсіздік арқылы да жасалуы мүмкін. Мысалы, өз еркімен қозғала
алмайтын адамды мүгедектік арбасынан айыру немесе жәбірленуші оның алдын
ала келісімімен бөлмеде қамалуы жағдайында бас бостандығынан заңсыз айыру,
оны босату бойынша әрекеттерді жасаудан бас тартқан кезінде көрініс табуы
мүмкін.
Адам ұрлаудың объективті жағы барлық уақытта үш әрекеттен тұрады:
жәбірленушіні кепілге алу, оның орнын ауыстыру және одан ары ұстау. Біздің
пікіріміз бойынша, адам ұрлау – бұл тірі адамды алдау арқылы немесе жасырын
немесе ашық түрде кепілге алуымен, оны табиғи микроәлеуметтік ортадан алып
кетумен, оны тұрақты немесе уақытша болу орнынан, оның еркінен тыс
қозғалтумен байланысты тұлғалардың (тұлғаның) заңсыз қасақана әрекеті. Бас
бостандығынан заңсыз айыру ұстау деген бір әрекеттен тұрады.
Заңсыз бас бостандығынан айыру кезінде жәбірленуші болып кез-келген
тұлға, сондай-ақ оның жақын туыстары болуы мүмкін. Мысалы, әйелі өзінің
күйеуін қызғаныштан, ол басқа әйелге кетпесін деп оны батареяға байлап
қойуы. Адам ұрлау кезінде жақын туыстары жәбірленуші болып табылмайды,
өйткені міндетті түрде біреуден ұрлануы тиіс.
Аталған әрекеттер субъективті жағы бойынша да ажыратыды. Бас
бостандығанан заңсыз айыру кезінде жәбірленушінің денсаулығына зиян келтіру
қасақаналықпен қамтылмайды. Адам ұрлаған кезде, жәбірленушіге оны сатып
алудан бас тартқан жағдайда денсаулығына зиян келтіру немесе оны өлтіру
ұрлаған тұлғалардың ниетіне кіреді. Міне, осыдан барып сатып алу құны
көтеріледі.
Заңсыз бас бостандығынан айырудың құрамы болу үшін жәбірленушінің оны
белгілі бір кеңістікте жүріп-тұру мүмкіндігін, оның еркіне қарсы айыру
фактісін түсінуі керек. Сондықтан да, егер, бөлме қылмыскермен жабылып,
кейін басқа тұлғамен ашылса онда қол сұғушылық объектісіне ешқандай зиян
келтірілген жоқ, ал, адамды заңсыз бас бостандығынан айыруға бағытталған
тұлғаның әрекетері заңсыз бас бостандықтан айыруға қастандық жасалды деп
саралануы мүмкін. Егер қылмыскер ұйықтап жатқан жәбірленуші ұйқысынан
оянбағанын біле тұра, өзі жапқан бөлмені ашса, онда оның әрекетінінің
құрамында қылмыс жасаудан ерікті бас тарту орын алады.
Мысалы, азаматтар Н. Деркач пен И. Мусин алдын-ала сөз байласып, 1983
жылы туылған, кәмелеттік жасқа толмаған И.К.Пелипейді Теміртау қаласындағы
71 кварталда орналасқан, Юность кафесіндегі жұмыс істемейтін мұздатқыш
бөлмеде оны қамап, заңсыз бас бостандығынан айырады. Оны, ол жылдың 16
және 18 ақпан аралығында ұстап, оның туыстарынан 10000 теңге көлемінде ақша
талап етеді [1].
Бас бостандығынан заңсыз айыру – созылмалы қылмыс болып табылады.
Осыған орай, басқа қылмысты жасау кезінде бас бостандығынан заңсыз айыруды
қолданған тұлғалардың әрекеттерін саралаудың проблемалық мәселесі де
туындайды.
Заң әдебиеттерінде қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекетті
жасау қылмыстық жауаптылыққа тартудың тек бір ғана емес, сондай-ақ
жеткілікті негізі болып табылатындығы жөнінде нақты айтылған. Қылмыс құрамы
– тек қандай да бір қылмыстық әрекеттің типтік белгілерін бекітетін
нормативті категориясы [2].
Қылмыс құрамының элементтері болып қылмыстың объектісі, қылмыстың
объективті жағы, қылмыстың субъектісі мен субъективті жағы табылады. Қылмыс
құрамының элементтері өзара тығыз байланысты. Қылмыс құрамының аталған
элементтері бірқатар белгілермен сипатталады. Қылмыстық құқық теориясында
осы белгілердің екі тобын ажыратады: негізгі (міндетті, жалпы) және арнайы
(факультативті, қосымша).
Негізгі белгілеріне қылмыстың әрбір құрамында болатын белгілері
жатады. Мысалы, ондай белгілер болып, қылмыс субъектісі үшін –
қабілеттілік, жасы жеткендігне байланысты қылмыстық жауаптылық туындайтын
жеке тұлға, ал субъективтік жағы үшін – кінә табылады. Арнайы белгілерін
заң шығарушы қылмыстың барлық құрамын емес, негізгі белгілеріне қосымша
ретінде қылмыстың жеке құрамдарын жасаған кезде қолданады [3].
Көптеген ғалымдар қылмыс – бұл объективті нақтылықтың құбылысы, ал
қылмыс құрамы – ол заңды ұғым болып табылады, демек, қылмыс қылмыстық
жауаптылықтың нақты негізі болып, ал қылмыс құрамы – заңды негізі болып
табылады, өйткені ол қылмыстық заңмен бекітілетіндігі туралы пікірге
келеді.
Осылайша, қылмыстық жауаптылықтың негізі болып олар қаншалықты маңызды
болмасын, қылмыс құрамының бір немесе бірнешеуін құрайтын белгілері емес,
қылмыс құрамын қалыптастыратын және заңда бекітілген барлық белгілерінің
болуы табылады.
Қылмыстың объектісі болып, жоғарыда көрсетілгендей, қылмыс құрамының
міндетті элементтерінің бірі болып табылады. Қылмыстың объектісі болып
қылмыс неге бағыттылcа және неге нұқсан келтірcе немесе неге зиян келтіруі
мүмкін болса, сол табылады. Сондықтан да, қылмыстың объектісінің мәселесіне
қылмыстық құқықта әрқашанда басты назар аударылып отырған.
Қылмыстың тікелей объектісі ретінде қылмыстың осы түрі жасалған кезде
әр кез зиян шегетін қылмыстық қол сұғушылық бағытталған нақты қоғамдық
қатынастар табылады. Кейбір жағдайларда сол бір қылмыс бірнеше тікелей
объектілерге қол сұға отырып, қоғамдық қатынастардың бірнешеуін бір
мезгілде бұзады.
Қылмыстың міндетті (негізгі) тікелей объектісі болып өзгеруі осы
қылмыстың әлеуметтік мәнін құрайтын және қорғау мақсатында оны жасағандығы
үшін жауаптылық көздейтін қылмыстық-құқықтық норма шығарған қоғамдық
қатынастар табылады [4]. Мұндай тікелей объектіге қол сұғушылық болмаса,
онда аталған қылмыс құрамы да болмайды.
Адамды заңсыз бас бостандығынан заңсыз айырған кезде қатынастың
қатысушысын, субъектісін жәбірленуші деп тану қабылданған. Қылмыстағы
жәбірленуші қылмыстық іс жүргізушілік мағанада емес, қылмыстық құқықтық
мағынада айтылған, сондықтан қылмыс объектісінің факультативті белгісі
ретінде шығады. Кейбір авторлар адам биологиялық жан ретінде, қылмыстың
заты ретінде шыға алады деп санайды, ал кейбірі адамды қылмыс затына дейін
түсіру орынсыз деп санайды. Біздің көз қарасымыз бойынша адамды қылмыстан
жәбір көрген адам (қылмыстық-құқықтық мағынада) ретінде қылмыс затының
белгілеріне ие болған, бірақ, одан қосымша заңнамалық және адамның
қызметімен байланысты сипаттармен ерекшеленіп ажыратылатын биологиялық жан
ретінде санау қажет.
Азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары қазақстандық
қоғамның дамуының заңдылығын бейнелей отырып, әлеуметтік құндылықты
көрсетеді және қылмыстық заңмен қорғалады. Басқа адамды белгілі бір мінез-
құлық актісін жасауға немесе одан бас тартуға мәжбүрлеуге бағытталған
қызметтің жалпы ұғымы ретіндегі мәжбүрлеуді қылмыстық кодекс қылмыстық іс-
әрекет ретінде қарастырмайды.
Адамды белгілі бір әрекет жасауға мәжбүрлеумен ұштасқан әрбір
қылмыстық әрекет оның еркінің бұзылуына алып келеді, сәйкесінше, оның
бостандығына қол сұғады. Бірақ, оларды ҚК әртүрлі тарауларына жатқызылуын,
заң шығарушы, тұлға қандай қоғамдық қатынастардың қатысушысы болып
табылатындығы фактысымен байланыстырады. Аталған барлық қылмыстық
әрекеттердің айырмашылығы болып, негізгі тікелей объект болады, яғни осы
объектіге байланысты сәйкес норма шығарылады және осыған келтірілген зиян
қылмыстың әлеуметтік мәнін құрайды.
Жеке тұлғаның белсенділігінің шегі болып қозғаушы актілердегі
психофизиологиялық энергияның кез-келген көрінісі емес, ол, тарихи
қалыптасқан салаларындағы белгілі бір қоғамдық құндылықтарды құруға
бағытталған қызмет аясындағы саналы әрекет болып табылады.
Аталғандарды ескере отырып бостандықтың мазмұнын онымен саналы түрде
таңдалынып алынған адамның мінез-құлқы құрайды деген қорытындыға келуге
болады. Ары қарай жеке адам бостандығы мен жеке бас бостандығының ұғымның
мазмұнын бекітуіміз қажет. Адамның мінез-құлқының субъективті бағытталуы
оның негізінде жатқан әртүрлі қажеттіліктерін, оның ағза ретінде
қалыптасуын, дамуын қамтамасыз ететін және қоғамдық қатынастардағы индивид
пен тұлғаны қаматмасыз етуін анықтайды.
Аталғандарды қорыта отырып, біздің пікірімізше, келесідей анықтаманы
қалыптастыруға болады: адамның жеке бас бостандығына қарсы қылмыстар деп
адамның өмірін, денсаулығын, жеке бас бостандығын қамтамасыз ететін
қатынастарға, меншік қатынастарына зиян келтіретін, адамның жеке бас
бостандығына қол сұғатын қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті әрекетті
айтуға болады.
Қылмыстың кез-келген құрамының объективті жағын сипаттайтын міндетті
белгі ретінде қоғамға қауіпті әрекет табылады. Қылмыстық әрекет немесе
әрекетсіздік қылмыстың маңызды элементі болып табылады.
Әрекет ретінде адамның мінез-құлқы табылады, ол белсенді немесе
белсенсіз әрекет болуы мүмкін. Осыған орай, қылмыстық заңды басшылыққа ала
отырып, адамның мінез-құлқы қылмыстық-құқықтық сипат алады. Егер ол құқыққа
қайшы, қоғамға қауіпті, ерікті жүзеге асса ғана осындай сипатқа ие болады.
Осындай ерекшеліктерінің болуы ғана әрекетті қылмыс құрамының объективті
жағының міндетті белгісі ретінде таниды.
Қылмыстық құқық теориясы кез-келген қылмыстың субъектісі ретінде
қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті әрекетті жасаған және осы әрекеті
үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылатын кінәлі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке адамға қарсы қылжыстардың жалпы сипаттамасы
ӨМІРГЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстық құқық бұзушылықтар
Адамның жеке бас бостандығына қарсы қылмыстар
Жеке адамға қарсы қылмыс
Жеке адамның бостандығына қарсы қол сұғушылықтар үшін қылмыстық жауаптылықтың теориялық мәселелерін зерттеу
Жыныстық қылмыстар институты - адамның жыныстық қол сұғылмаушылығына және жыныстық бостандығына қарсы жасалатын қылмыстық заңнаманың арнайы бөлігі
Адам өміріне, денсаулығына, бостандығына, қадір-қасиетіне қарсы қылмыстардың мазмұнын, қауіптілігін, зиянды салдарын, қоғамға әсерін кеңірек ашып талқылау
ЖЫНЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ
Адамдардың бас бостандығымен қадір-қасиетіне қарсы қылмыстар
Пәндер