Әлеуметтік желілердегі сөйлеу этикеті



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Әлеуметтік желілердегі сөйлеу этикеті
Садыкова Сауле Алтынбаевна, PhD, аға оқытушы;
Қожабек Назерке Маратқызы, магистратура студенті
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Қазіргі заманда бір күнімізді әлеуметтік желілерінсіз елестету мүмкін емес. Әлеуметік желілерді пайдалану адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас орнатуы үшін сөйлесудің ең қолайлы, тиімді, оңай және тез жолы болып табылады. Әлеуметтік желілер XXI ғасырдағы қарым-қатынас жасаудың басты құралы деп айтсақ та болады. Бұл мақала заман талабына сай қазіргі әлеуметтік желілердегі сөйлеу этикетіне арналады. Жастардың желідегі бейресми диалогы кезіндегі өзгешеліктер және хабарлама жазу барысында орфографиялық нормалардың бұзылуы туралы айтылады.
Кілт сөздер: әлеуметтік желілер, сөйлеу этикеті, қарым-қатынас, диалог, ғаламтор

XXI ғасыр - әлеуметтік желілер заманы. Адамдар ғасырлар бойы бір-бірімен қарым-қатынас орнатып келеді. Адамдар өмір сүруінің әр уақытында сәйкесінше байланысудың да жолдары әр түрлі болған. Мәселен, ерте замандарда адамдар бірі-біріне тасқа сурет салу арқылы хабарлама қалдырып отырған немесе кейінірек бір-бірімен жаңалықтарын бөлісу үшін белгілі бір жерде кездесу міндетті болған. Заман талабына сай, байланысу жолдары өзгеріп отырған. Пошта арқылы немесе факс арқылы хат, құжат жіберу, хабарласу үшін арнайы телефон кабинасына бару, одан кейін әр үйде телефон пайда болып, телефонмен үйден отырып қоңырау шалу мүмкіндігі туды, телефондар одан әрі дамып, ұялы телефондар өмірге келді. Ал, қазір ұялы телефондардың дамуымен қатар әлеуметтік желілер жарық көрді. Әлеуметтік желілер адамдардың өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Бұл байланыс жасау мен ақпарат алмасудың ең тиімді жолы. Әрине, әрқайсымыздың ұялы телефонымыз бар және біз SMS және MMS хабарламалары арқылы ақпарат тарата аламыз. Бірақ, бұл біршама қаржыны талап етеді. Дегенмен, әр нәрсенің жағымды жағынан бөлек жағымсыз жағы да болады. Бұл - уақыт және шынайы өмірден алшақтау, яғни әлеуметтік желіде отыру арқылы көп уақытымызды жоғалту және әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларын жоғалту. Шынайы қарым-қатынастан алшақтау шынайы сезім, эмоциялар мен әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларын жоғалтуға әкеледі. Басты мәселе - әлеуметтік желілердің тілдік нормаға кері әсерін тигізуі. Мысалы, ғаламтор желісінде мәтіндер әдетте асығыс жазылады, көбінесе тыныс белгілері мен бас әріптер жоқ, сөздердің орынсыз қысқартулары көп кездеседі. Басты нәрсе олар сауатты және нормативті сөйлеуді қысқартулар, англицизмдер және ғаламтор сленгімен ауыстырып отыруында. Фразалар біртіндеп ғаламтор жаргоны болуды тоқтатып, олар біртіндеп тілімізде түп жайып жатыр, бұл сөзсіз жас ұрпақтың сауаттылығының және мәдениетінің төмендеуіне әкеледі.
Сөйлеу этикетін зерттеу бірнеше ондаған жылдар бойы жүргізілді, бірақ қазіргі лингвистикалық әдебиеттерде сөйлеу этикеті құбылысының әртүрлілігіне байланысты оның жалпы қабылданған анықтамасы жоқ: сөйлеу этикетінің семантикалық және прагматикалық шекаралары және оның әртүрлі тілдердегі лингвистикалық маркерлері туралы әртүрлі идеялар бар. Бұрынғы лингвистикалық зерттеулерде сөйлеу этикеті тұрақты, жиі өрнектелген және коммуниканттар үшін "сәлемдесу", "танысу", "қоштасу","кешірім cұрау", "алғыс айту" және басқа да стереотиптік жағдайларда бекітілген тұлғааралық қарым-қатынасқа тән. Басқаша ​айтқанда, сөйлеу этикеті дегеніміз - қарым-қатынас формулаларын қолдану ережелері, ұлттық, стереотиптік, басқа да ерекшеліктерді ескере және сұхбаттасушыға назар аудара отырып, өзара қарым-қатынаста ыңғайлы, тыныш атмосфераны сақтауға тырысу.
Сөйлеу этикеті, көрсетіліп отырған мәдениетте қабылданған, мәлімдемелердің формасына, мазмұнына, тәртібіне, сипатына және ситуациялық маңыздылығына қойылатын талаптар жиынтығы. Сөйлеу этикетінің танымал зерттеушісі Н. И. Формановская келесідей анықтама береді: "Сөйлеу этикеті дегеніміз - сөйлеу тәртібін реттеуші ережелер, әңгімелесушілердің байланысын орнатуына, байланысты ұстап тұруға және үзуге қоғам қабылдаған және белгілеген ұлттық ерекше стереотиптік, тұрақты қарым-қатынас формулаларының жүйесі". Заман талабына сай технологияның дамуымен, әлеуметтік желілердің көптеп пайда болуымен желілік этикет ұғымы жарық көрді.
Желілік этикет (ағылш. net "желі" + фр. etiquette "этикет") - көпшілік ұстанатын мінез-құлық ережелері, желідегі қарым-қатынас, ғаламтор - қауымдастықтың дәстүрлері мен мәдениеті. Бұл ұғым ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының ортасында FIDO желісінің эхоконференцияларында пайда болды. Желілік этикет - бұл ғаламтордағы қарым-қатынас кезінде өзін-өзі ұстаудың дұрыс әдісі. Желілік этикеттің мақсаты онлайн-қарым-қатынас үшін жағымды, ыңғайлы және тиімді ортаны құруға және қолдауға көмектесу, сонымен қатар пайдаланушылар арасындағы қақтығыстардың алдын алу болып табылады [1]. Сөйлеу этикетінің ресурстарын пайдалану, заңдылықтарын немесе әлеуметтік этикет нормаларын саналы түрде сақтамау медиалингвистиканың міндеттерінің бірі болып табылады.
Бүгінгі таңда ғаламтор көптеген адамдар үшін негізгі байланыс құралдарының бірі болып табылады. Виртуалды кеңістіктерді талдай отырып - әртүрлі веб-сайттар, форумдар, мессенджерлер, электрондық пошта арқылы хат алмасуда тілдік нормалардың бұзылуының жиі кездесетінін байқауға болады. Өкінішке орай, әсіресе жастар күнделікті өмірде қарапайым терминдерді қолдана отырып, қысқа хат алмасу арқылы өз өмірлерін барынша жеңілдететін мәселеге тап болдық. Ғаламтор қолданушылары грамматикаға, тыныс белгілеріне және орфографияға назар аудармайды. Нәтижесінде біз үнемі қиын мәтіндерге тап боламыз. Бұл, мысалы, бас әріптер мен тыныс белгілері жоқ хабарламалар. Сөздердегі түрлі қателіктер, түсініксіз және орынсыз қысқартулар, сленгтерді көптеп қолдану да нормаға айналды деп айтуға болады. Жастар бұл стильге үйреніп бара жатыр[2].
Бірақ басты мәселе ғаламтор сленгінің қолданылу аясы тек қана желімен шектеліп қалмауында. Әлеуметтік желілерде белсенді қолданудың нәтижесінде мұндай терминология баспа басылымдарына, радио мен теледидарға, электронды бұқаралық ақпарат құралдарына да еніп үлгерді.
Әлеуметтік желідегі қарым-қатынастағы тағы бір мәселе - англицизмдердің көп қолданылуы. Осы орайда, англицизм - ағылшын лексикасынан енген сөздер.
И. О. Ожегованың сөздігі англицизмнің дәл анықтамасын береді: бұл ағылшын тілінен алынған немесе ағылшын тілінің үлгісі бойынша жасалған сөз немесе сөйлеу орамы[3]. Ағылшын тілінен алынған сөздер әлемнің көптеген тілдерінде пайда бола бастады, өйткені адамдар көп саяхаттай бастады, ғаламтор пайда болды, елдер арасындағы байланыс дамыды, мәдени алмасу күшейе түсті, ағылшын тілі халықаралық қарым-қатынас тіліне айналды. Англицизмді қолдану сәнге айналды, жастар батыс мәдениетіне еліктей бастады. Мысалы, қазіргі жастардың арасында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қысқарған сөздердің жасалу ерекшеліктері
Сөз этикет бірліктерінің қолдану орны мен жұмсалу аясы
Сөз этикетінің қызметі
Тілдік қатынас негіздері
Шет тілінің қарым - қатынас құралы ретінде сөйлеу дағдыларын оқыту әрі дамыту процесі
Қазақ тіліндегі сыпайылық семантикасы
Сөз мәдениетінің түпқазығы тілдік тұлға
Қазақ халқындағы қарым-қатынас жүйесі мен сөйлеу әдебі
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СЫПАЙЫ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС АМАЛДАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Қазіргі қазақ тіліндегі сыпайы қарым-қатынастың вербалды және бейвербальды амалдары және олардың зерттелу жайы
Пәндер