Философия пәнінен емтихан сұрақтары мен жауаптары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Философия пәнінен емтихан сұрақтары

  1. Философияның пәні, объектісі, зерттеу бағыттары.

Философияның пәні. Философияның негізгі мәселелерін, функцияларын айқындай отырып оның пәніне: жалпыға ортақ объективті ақиқатты да, субъективті адамдар әлеміне де тән - қасиеттерді, байланыстарды, қатынастарды жатқызуға болатындығын естен шығармау керек. Сандық және сапалы айқындық, құрылымдық және себеп пен салдар байланыстары, қозғалыс және тыныштық, диалектикалық теріске шығару сияқты қасиеттер, байланыстар, жағдайлар, ақиқат, табиғат, қоғам, ойлау бәрі де қатысты. Жалпыға бірдейлік осы өрістердің өз ауқымының көлеміндегілерге де қатысты. Мысалы, гносеологиялық жалпылыққа шындық және адасушылық, эмпирикалық және теориялық, сезімдік және оңтайлылық (рационалное) сияқты пәннің өзгелігіне қарамастан кез келген таным жәйін сипаттайтын қатынастар мен байланыстар жатады. Ал, жалпыға бірдей тәсілдерге “абстракты және нақтылы”, “талдау және синтез”, “тарихилық және қисындылық” сияқты категорияларда берілген өзара байланыстар жатады.

  1. Ш. Құдайбердиевтің таным және жан туралы ілімі.
  2. Конфуцийдің әлеуметтік-этикалық көзқарастары.
  3. Философиядағы адам мәселесі.

Адам мәселесі. Адам мәселесі, оның ішіде шығу тегі, мәні, табиғаттағы орны және қоғамдық өмірдегі рөлі мәселелері фундаменталдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады. Философия пайда болғанынан қазіргі уақытқа дейін адам оның басты назарында болды. Материяны, табиғатты - алғашқы, сананы олардың туындысы, бейнесі болғандықтан соңғы, деп қарастыратын материалистер үшін де, рух пен сананы - алғашқы, материя мен табиғат бұлардың сыртында өмір сүре алмайды, сондықтан да олар соңғы деп қарайтын идеалистер үшін де адам мәселесінсіз философия жоқ. .

Адам туралы алғашқы идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады. Бұл туралы біздің дәуірімізге дейін жеткен мифтер мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет береді. Аңыздарда, әпсаналарда, мифтерде табиғаттың, оның болмысының мақсаты мен мәні қарастырыла бастайды. Адам туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс мемлекеттерінде пайда болды.

Ежелгі Үнді философиясында адам әлемдік жанның бөлігі ретінде пайымдалады. Жанның көшуі туралы ілімде тірі жандар (өсімдіктер, жануарлар, адамдар) мен құдайлар арасындағы шекара шартты және өтпелі. Буддизм философиясы өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қойды. Егер бұған дейінгі брахманизм деп аталатын деп аталатын діни- философиялық ілім адамның азап шегуін бұрынғы күнәсі үшін тартатын жазасы, одан құтылудың жалғыз жолы - құдайға құлшылық етіп, табына беру десе, буддизм керісінше, өмірдің өзі азап шегуден тұрады, бұл дүниеде одан адамды азат ету құдайлардың қолынан келмейді, азаптан құтылудың бір ғана жолы бар, ол адамның өзіне байланысты: сансардан кету деп санады. Мұның мәні: бұл дүниенің өткіншілігін сезіну, сол арқылы тіршілік қамын ұмыту, нәпсіні тежеу арқылы болып жатқан істер мен құбылыстарға немқұрайды қарап, бейтарап күйге түсу. Бұны «нирвана» деп атайды. Нирванаға жеткен адам, бұл о дүние мен осы дүниенің айырмашылығын сезіп-аңғарудан қалған адам. Адамды азаптан құтқарудың бұл жолы дұрыс па бұрыс па оны мәселе қылып отырған жоқ, тек буддизм философиясының адам мәселесін ең жоғары биікке көтеріп, өзін түгелдей соған арнағаны жайында болып отыр.

  1. Платонның идеялар туралы ілімі.

Платон Сократ ілімін ары қарай жалғастырды. Заттарды тек эмпирикалық тұрғыдан қарастыруға болмайды дейді Платон. Әр заттың өз идеясы, мәні болады. Дүние заттардан және олардың идеяларынан тұрады. Заттар мен идеялар екі түрлі байланыста болады. Заттан идеяға өту, идеядан затқа өту. “Идеялар адамсыз өмір сүре алады” дейді Платон. Идеялар космоста өмір сүреді. Олар затқа қонады, әрі заттарды тастап кете алады. Платон жалпылық туралы ілімін идеалистік тұрғыдан шешті. Жалпылық өз бетінше өмір сүреді дейді. Платон - объективті идеалист. Таным - бұл объективті идеялардың бұрынғы өмірін еске алу.

Платон әлемнің толық суреттемесі болатын концепция түзді. «Тимей атты шығармасында: Дүниеде идея, материя және құдай бар дейді. Құдайды шебер жаратушы дейді. Идея мен материя қоспасынан «демиург» құдай әлемдік рухты жаратып, кеңістікке таратады. Әлемдік рух өзінің бастапқы күйінде стихияларға бөлінеді: от, ауа, жер. “Космос - ақылды тірі жан”, - деп түсінеді. Әлемнің құрылымы мынадай:

Құдыретті ақыл (демиург) ;

Әлемдік рух;

Әлемдік дене. Болмыстағының бәрі мәңгіліктің көлеңкесі, идеялар дүниесінің бейнесі. Шынайы болмыс - тек идеялар әлемі.

  1. Рационалдық және сезімдік таным.

Сезімдік таным - танымның төменгі деңгейі. Адамдар өзінің өмірлік іс - әрекетінде қоршаған ортамен тікелей қатынасқа түседі. Олар заттар мен құбылыстар және адами қатынастар әлемінде өмір сүреді, өзін қоршаған ортада еркін сезіну үшін осы ортаның қисынын түсінуі қажет. Практикалық іс - әрекет процесінде адамдарда түйсіктер, қабылдаулар, елестер қалыптасады. Бірақ сезімдік тәжірибенің аясы тар. Қоршаған ортаны өзгерте отырып, субъект заттың тұңғиығына үңіледі. Оның іс - әрекеті тиімді болуы үшін нысанның сыртқы ерекшеліктерін білуі жеткіліксіз, оған оның ішкі қатынастарын, қасиеттерін, заңдылықтарын да тануы қажет. Сөйтіп, сезімдік тәжірибеге сүйене отырып, оны талдап, жинақтап, соның негізінде абстрактілі ұғымдарды, ғылыми көзқарастарды тудырады. Сезімдік таным - адамды сыртқы дүниемен байланыстыратын бестүрлі сезім мүшесі арқылы ақпарат алумен жүзеге асырылады.

Рационализм немесе ұтымды таным - бұл ақылдың көмегімен алынған ақпарат негізінде ақпарат алу тәсілі. Бұл сезімталдықтың айырмашылығы, ол сезімге ерекше назар аударады. Атауы латын тілінің коэффициентінен шыққан. Енді әлемге танылған, ұтымды және сенсационализм осы үдерістің қажетті бөлігі болып табылатын көзқарас қабылданады. Философиядағы ұтымды білім - зерттеушінің жеке көзқарасына қарамастан, зерттеу объектісін зерттеу процесін неғұрлым бейтараптандыру әдісін жасау тәсілі, Рационализмді ұстаушы Декарт, Спиноза, Кант, Гегель және басқа да философтар. Олар сенсорлық қабылдау тек қана нақты шындықты көрсетпейтін бастапқы ақпаратты ғана бере алатынын, сондықтан тек ақыл-ойды танымның жоғары деңгейінде қолдану керек екенін айтты

  1. Философиядағы сана мәселесі.

Философиядағы сана мәселесі-философиядағы негізгі мәселелердің бірі. Философияда сана мәселесіне әр түрлі көзқарастар бар, олар физикализм; солипсизм; объективтік идеализм; материализм деп бөлінеді.

Физикализм -сана жеке субстанция ретінде, сана материяның туындысы және тек физика тұрғыдан түсінуге болатынын қарастыратын, сананың мидағы физиологиялық процестермен байланысты екенін пайымдайтын бағыт. Сана- ми қызметінің жемісі. Бұл көзқарас ғылыми жаратылыстану ғылымдардың нәтижелеріне, соның ішінде мына фактілерге негізделген: адамның миы-табиғаттың күрделі "механизмі", материяның жоғары ұйымдасқан деңгейі; ми болмаса әр адамның санасы өмір сүре алмайды, ми-биологиялық орган; адамзат жасанды интеллект жасауға мүмкіндігін алды, ол материалдық объект - машина (компьютер) ; дәрілердің адамның организміне әсері санада бейнеленуіне әкеледі (мысалы, психотроптық заттарды қолдану) . Физикалистердің негізгі мәселесі- ол идеалдық сана: адам ойындағы образдардың материалдық сипаттамасы жоқ, мысалы - массасы, иісі, өлшемдері, формалары жоқ; сана образарды өзгерте алады - үлкейту, кішірейту, өшіру сияқты, ешбір адам басқа адамның санасын "көрмеген" (миге операция жасаған хирург, микроскоптан тек затты - нейрондерды көреді, бірақ ол операция жасаған адамның образдардарын, не ойларын көре алмайды) .

Материализм теориясы (мысалы, Фохтың пайымдауынша ой мидан бөлініп шыққандықтан ойдың өзі ерекше түрдегі зат) . Ой мен материя сапалық жағынан өзара тең ұғымдар. Психикалық құбылыстарды физиологиялық құбылыспен, ойды затпен теңестіру арқылы материализмді идеализммен байланыстырды.

Солипсизм -индивидтың санасы- жалғыз нақты реалдылық, а материалдық дүние - оның туындысы деп есептейтін бағыт (субъективтік идеализм - Беркли, Юм, Фихт) .

Философиядағы сана мәселесінде сананың қалыптасуы туралы әр түрлі көзқарастар бар. Солардың бірі сананың космостан (не құдайдың ақылынан) пайда болды деген көзқарас. Сана барлық тірі организмдерге тән немесе сана тек адамның қасиеті. Сана космостан (құдайдың ақылынан) пайда болғаны туралы көзқарас: монадалар теориясы (монадология) - Лейбниц негізін салды, Даниил Андреев оны ары қарай дамытты. Дүниеде бөлінбейтін және мәңгілік монадалар бар - алғашқы рухани бастамалар, олар сананың негізі; Шарден теориясы, бұл теория бойынша сана- адамнан тыс мән, материяның "ішкі түрі", "миы"; Толбет теориясы, бұл теория бойынша Әлем- гиганттық ақыл, сана-материяны жасайтын өзара өрістердің нәтижесі; Гилозоизм теориясы, бұл теория бойынша барлық материяның (тірі, өлі табиғат) жаны бар, табиғаттың жаны бар болуы - материяның қасиеті.

  1. Әл-Кинди, әл-Фараби, әл-Бируни, Ибн-Сина философиялық ілімдері.
  2. Жахандану және қазіргі жахандық проблемалардың философиялық мәні.

Жаһандану немесе глобализация (ағылш. Global - «әлемдік», «дүниежүзілік», «жалпы») - жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет 1983 жылы енгізген америкалық экономист Теодор Левитт. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді. Жахандық мәселелер дегеніміз шешімі өркениеттің ары қарай өмір сүруіне әсер ететін мәлелердің жиынтығы болып табылады. Олар қазіргі заман адамының өмірінің дамуының әркелкілігі мен адамдардың әлеуметтік - экономикалық, саяси - идеологиялық арақатынасында пайда болатын қарама - қайшылықтардың себебінен туындайды. Бұл мәселелер жалпы адамзаттың өміріне әсер етеді.

Жаһандық энергетика мәселесі - адамзатты қазіргі кезде және жақын болашақта энергия мен отынмен қамтамасыз ету проблемасы. Бұл проблеманың шығуының негізгі себебі ХХ ғасырда минералды отынды пайдалануының күрт өсуі. Дамыған елдер энергияның жұмсалуына сұранысты кеміту арқылы шешсе, қалған елдерде салыстырмалы түрде энергия жұмсалуы өсуде. Сонымен қатар, әлемдік нарықта энергоресурстарға дамыған елдер мен жаңа ірі индустриалды елдер (Қытай, Индия, Бразилия) арасында бәсеке өсіп келе жатыр. Осы жайттар және кейбір аймақтардағы әскери-саяси тұрақсыздықтар энергоресурстардың әлемдік бағасы деңгейіндегі ауытқуларына алып келеді. Әлемдік экономиканың экологиялық потенциалы адмзаттың шаруашылық қызметі себебінен жиі бұзылып отыруда. Бұған жауап болған экологиялық тұрақты даму концепциясы болды. Оның мәні болашақ заман қызығушылықтарын бұзбайтын қазіргі кездегі қажеттіліктерді ескере отырып әлемнің барлық елдерінің дамуы. Қоршаған ортаны қорғау дамудың маңызды бөлігі болып табылады. ХХ ғасырдың 70-жылдары экономистер қоршаған орта проблемалары экономикалық даму үшін өте маңызды екнін түсінген. Қоршаған ортаның деградация процестері өздігінен даму сипатына ие. Бұл ресурстардың толықтай жойылып кетуіне алып келуі мүмкін.

Әлемдік мұхиттар проблемасы - мұхит кеңістігі мен оның ресурстарын сақтап қалу мен тиімді пайдалану порблемасы. Қазіргі кезде әлемдік мұхит тұйық экологиялық жүйе ретінде бірнеше есе өскен антропогенді күштерге әрең шыдап отыр. Оның өзі мұхит өліміне әкелетін үлкен қауіп болып табылады. Сондықтан, жаһандық мұхиттар мәселесі деп отырғанымыз - ең алдымен оның аман қалуы.

Оңтүстік-Солтүстік мәселесі бұл - дамыған елдер мен дамушы елдердің экономикалық қатынастарының мәселесі. Оның мәні дамыған және дамушы елдер арасындағы әлекметтік-экономикалық деңгейлердегі айырмашылықты азайту үшін дамушы елдер дамыған елдерден олардың нарығында дамушы елдердің тауарларына сұранысты ұлғайтуды, елге капитал мен білімінің ағымын ұлғайтуды (әсіресе көмек ретінде), сыртқы қарыздарын есептерін шығаруды және т. б. талап етуінде.

Азық-түлік проблемасы дегеніміз - қазіргі кездің өзінде адамдардың өзін - өзі өмірлік маңызы бар азық-түлікпен толық қымтамасыз ете алмауы. Бұл мәселе неғұрлым төмен дамыған елдерде азық-түліктің абсолютті жетіспеушілігі (ашығу) деп танылса, дамыған елдерде тамақтану теңгерімсіздігі болып табылады. Бұл мәселенің шешімі табиғи ресурстарды тиімді қолдану, ауыл шаруашылығындағы ғылыми-техникалық прогресске және мемлекет тарапынан қолдау деңгейінен тікелей тәуелді.

  1. Философиялық білімнің ерекшелігі мен мәдениеттегі ролі.

. Философиялық білімнің өзіне тән ерекшеліктері

1. Философия және оның қоғамдағы рөлі

2. Философияның тарихи типтері

1. Тәуелсіз Қазақстанның ертеңгі болашағына өз үлесін қосар білікті маман, зерделі азамат болып, ел тағдырын шешуге, қоғам дамуының жауапкершілігін мойнына алуға ұмтылған әрбір жас үшін философия пәнін оқып-үйрену өте қажет.

Философияның басты ерекшелігі - әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол - дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады.

Белгілі бір адамдардың дербес қызметі ретінде философия ежелгі шығыс елдерінде - Қытайда, Индияда, т. б. елдерде, кейінірек антика дәуірінде ежелгі Греция топырағында қалыптаса бастаған. Бірақ, оның түпкі туындайтын түбірі адамдардың әлемдегі айрықша болмысында, дүниеге өзіндік қатынасында жатуы тиіс. Ол қатынас жануарлардың өзін қоршаған табиғи ортаға қатынасынан мүлдем өзгеше. Жануарлар табиғи дамудың төл туындысы, белгілі бір географиялық ортамен тікелей үйлескен, олар өздерін табиғаттан бөліп, оған бір бөгде күштей сырт қатынас жасай алмайды. Сондықтан олар үшін табиғатты игеру, оны түсіну, ішкі сырына қанығу мәселесі тұрған жоқ.

Адамдар болса, ортаға тікелей бейімделудің нәтижесінде емес, сол ортаны игеру қызметі нәтижесінде, оған дәнекерлі, құрал-саймандар арқылы, өзара қоғамдасу арқылы қатынасады. Бұл процесс өзі атқаратын іс-әрекеттерді де, оның өзгеретін объектісін де және ақырында өзінің кім екенін де белгілі дәрежеде көре білуді, түсіне білуді де қажет етеді.

Осыған орай адам табиғатқа, жалпы әлемге солардың тек бір бөлшегі ғана емес, олардан біршама бөгделенген, оқшауланған сырт күштей қатынас жасай алады. Сол арқылы ол өзін де өзгертіп, өзінің мүмкіндіктерін ортаның мүмкіндіктерімен ұштастырады, өзіне де сырт көзбен қарай алады. Бұл, әрине, адамдардың тарихында өзгере беретін жағдай.

Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз - айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы.

Дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі - өмірдің өзі, адамның тіршілік болмысы.

Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары - «дүние» және «адам». Олар ажырамас бірлікте. Яғни, адамнан бөлектенген дүние және табиғат, сондай-ақ сыртқы дүниемен салыстырылмаған адамның іс-әрекеті, ішкі рухани өмірі, әрқайсысы өз бетінше дүниетанымды құрай алмайды. Дүниеге қатынасы арқылы адам өзінің тағдыры мен өмірлік позициясын, сүйіспеншілігі мен сенімі туралы белгілі бір көзқарастар аумағын кеңейтеді. Адам мен дүние арақатынастары бір-бірімен жаңа байланыста қаралған сайын, сыртқы материалдық әлем және ішкі рухани дүние туралы түсініктер тиянақталынады.

Осыдан келіп дүниеге көзқараста, біріншіден, әлем, табиғат және қоғам туралы, олардың бірлігі туралы, екіншіден, адам және оның дүниедегі орны туралы, үшіншіден, болмыс пен болашақтың мән-жайы туралы көңілге қонымды түсініктер қалыптаса бастайды.

Дүниетанымның тұтастығын құрастыратын негіз - білім. Білім адамның көкірегіне қоныс теуіп, санасына ұялап, оның өмір тәжірибесінің елегінен өтіп барып, сенімге айналады. Сенім дегеніміз - дүниеге көзқарастың түп қазығы, бағыттаушысы, адамның өз позициясына, тоқыған ойына, істеген ісіне, ұмтылған мұрат-мақсатына деген беріктігі. Сенімі берік адамның көзқарасы, дүниетанымы нақты, ісі қонымды, бағыты қашан да айқын.

Дүниеге көзқарастың қалыптасуы табиғи, әлеуметтік және нақты мәдени ортаға тәуелді. Дүниеге көзқарасты ғылыми және ғылыми емес, қарапайым деп бөлуге болады.

Сөйтіп, қарапайым дүниетанымда мифологиялық, діни және ғылыми көзқарастар, материалистік және идеалистік ағымдар араласып жатады.

Ал тарихи тұрғыдан алғанда дүниеге көзқарастың мифологиялық, діни, натурфилософиялық және философиялық түрлері қалыптасты.

  1. Абай Құнанбаевтың дүниетанымы.

Абай Құнанбаевтың дүниетанымы» («Мировоззрение Абая Кунанбаева») - ҚазССР ғылым академиясының баспасынан 1956 ж. орыс тілінде жарық көрген зерттеу еңбек. Авторы - Қ. Бейсембиев. Абайдың дүниетанымын жан-жақты барлауға әрекет жасаған бұл алғашқы монографиялық зерттеу. Қазақстанның Ресей қарамағына өтуін (автордың еңбекті жазған кезеңдегі саяси ағымға сай) ерекше маңызды тарихи оқиға деп қарастырады. Ол елімізде ағартушылық идеяның пайда болуын тек осы оқиғамен байланысты деген тұжырым жасайды. Екінші тарауда Абайдың дүниетанымының қалыптасуы баяндалады. Ал еңбектің үшінші, төртінші, бесінші тараулары ақынның саяси-әлеуметтік, философиялық, этикалық және эстетикалық, көзқарастарын талдауға арналған. Автор осы тақырыптарда қалам тартып жүрген белгілі ғалымдар Н. Сауранбаев, М. Ақынжанов, Ә. Қоңыратбаев және 1954 ж. Москвада «Қазақ ағартушысы Абай Құнанбаевтың қоғамдық-саяси көзқарастары» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған А. Н. Таукелевтің ағат тұжырымдарын сынға ала отырып, ақынның дүниетанымын обьективтік тұрғыдан бағалауға әрекет жасайды. Абайдың ағартушылық қызметін Ы. Алтынсарин, [[Ш. Уәлиханов қызметімен байланыстыра зерттейді. Кітап көлемі 10, 7 баспа табақ, 3100 дана болып басылған.

  1. Қытайдағы даосизм философиясы.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Практикалық жобалар
Геология пәнінің мақсаты мен міндеті.Гелогия пәнінің зерттеу әдістері мен зерттелу тарихы. ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Тест тапсырмаларын жасау және таңдау
Жеткіншек жас кезеңінде психодиагностиканы қолдану ерекшеліктері
Педагогикалық шеберлік атты арнаулы курс
Оқыту үдерісіндегі бақылау әдістері
Тест тапсырмаларын сынақтан өткізу
Оқушылардың үлгерімін тексеруде тестік форманы қолдану
Салыстырмалы педагогика ғылым ретінде
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz