Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері


1. Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері.
«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің негізгі мақсаты - отандық тарихтағы негізгі оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденген фактілер негізінде міндетті толық білім беру, тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығын дәлелді көрсету, рухани мұрагерліктің терең тамырларын, бұрынғы ұрпақтың қажырлы еңбегін, халықтың жеке тұлғаларын, тарихи тәжірибені және ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін жастардың ұстанымын қалыптастыру.
«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» оқу пәнінің негізгі мақсаты-Қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап, бүгінге дейін негізгі кезендері туралы оның этногенезі, Қазақ халқы мемлекеттілігінің орнығуы мен дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы объективтік тарихи білім беру.
Осыған байланысты төмендегідей міндеттер қойылады:
студенттерді қазіргі тарих ғылымының жетістіктерін пайдалана отырып, хронологиялық тәртіпке сай ауқымды және нақты материалдармен таныстыру;
проблемалық дәрістер әдісін қолдану жолымен студенттерді шығармашылық ойлауға жаттықтыру;
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының гуманитарлық пәндер жүйесіндегі орнын, оның объектісі мен пәнінің ерекшеліктерін, ең өзекті проблемаларын анықтау;
• бүгінгі тарих және тарих ғылымының рөлі, оның салалары мен бағыттары, тарихтың белгілі кезеңдеріндегі әлеуметтік және саяси проблемалар туралы түсінік қалыптастыру.
Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңделуін төмендегіше жазуға болады:
1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағыұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері.
2. Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі.
3. Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы.
4. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалар.
5. ТәуелсізҚазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының қалыптасуы.
6. Қазақстан - замануи әлем мойындаған ел.
Қазіргі тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеудегі негізі деректер, құжаттар мен материалдар:
- Республиканың басым бағыттары мен даму нәтижесін, мақсат-міндеттерін айқындайтын мемлекет басшысының жарғылары, жолдаулары, баяндамалары, сөйлеген сөздері;
- Парламент тарапынан қабылданған заңнамалық құжаттар;
- Еліміздің ішкі және сыртқы дамуын, Қазақстан дамуының саяси-өңірлік, әлеуметтік экономикалық қырларын нақтылайтын үкіметтік қаулылар мен құжаттар;
- Атқарушы биліктің орталық және өңірлік органдарының құжаттары, түрлі деңгейдегі мәжілістер материалдары;
- Азаматтық қоғам институттарын, саяси партиялардың, шетел сарапшыларының ұстанымдарын бейнелейтін материалдар;
- Тәуелсіз Қазақстанды құруға ат салысқан тұлғалардың естеліктері; - Әлеуметтанулық сауалнамалар материалдары мен статистика мәліметтері;
- Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша қазақстандық және шетел ғалымдарының тұжырымдамалық және іргелі еңбектері;
- Мерзімді басылым материалдары;
- Өзекті мәселе бойынша интернет-қорлары.
2. Ұлттық тарихтың басымдықтары. «ҚР тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы» (1995 ж. ) .
Әлемде көне заманнан бүгінге дейінгі тарихы бар мемлекеттер бар. Солардың қатарында әлемдік өркениет пен тарихтың бір бөлігін құрайтын Қазақ елінің де тарихы бар екендігі анық.
Өкінішке орай, қазақ халқы бірнеше ғасыр отар ел болды. Ұлттық тарихы мен санасы тұмшаланды. Алдымен Патшалық Ресей империясы және одан кейін Кеңес Одағы кезінде әдейлеп тарихы бұрмаланды. Жазылуы керек және айтылуы қажет мәселелер айтылмады. Тіпті, тыйым салды. Халықты санасыздандыру бағытында астыртын жұмыстар атқарылды. Бір ғана мысал ретінде тарихшы Е. Бекмаханов және оның зерттеулерін алып қарасақ та жеткілікті. Кеңестік кезеңде бір қазақ тарихшысы мен оның еңбегінде тұрған не бар еді? Отаршыл билік өкілдері халықтың ұлттық санасының оянуына жол бермеді. Талантты тарихшыны түрмеге жапты, тұқыртты және қудалады. Бұл сол заманда ұлтқа жасалған қиянат еді.
Халқымыз тарихта қаншама қиянат көріп, ұлт азаттық жолында қаншама қаһарман тұлғалар күресті. Халқымыздың бағына қарай тарих сахнасындағы Кеңес Одағы ыдырап, Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздігін жариялап, егеменді ел атанды. Тәуелсіз еліміздің тарихын жаңаша жазу, тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасын дайындау сияқты күрделі мәселелер күн тәртібіне қойылған болатын.
1995 жылы ҚР Президенттің тапсырысымен Президент жанындағы мемелекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңестің «Қазақстанда тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы қабылданды. Мұнда тарихтың, әсіресе, қоғам дамуының өтпелі кезеңдерінің ерекше маңызы көрсетілген, тарихи білімнің негізгі басымдықтары, тарих ғылымының проблемалары, тарихи білім беру мен ағарту ісінің келешегі белгіленген болатын.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың жарлығымен үш жыл қатарынан тарихи танымға айрықша назар аударылды. Олар: 1997 жылы - Қоғамдық келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу; 1998 жыл - «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы», 1999 жыл - «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» еді. Ұлттық тарихқа стратегиялық тұрғыдағы өзінің көзқарасын Мемлекет басшысы 1999 жылы шыққан «Тарих толқынында» [1] кітабында баян етіп берді.
2003 жылы Қазақстан халқына Жолдауында Президент Н. Ә. Назарбаев бұрын-соңды болып көрмеген «Мәдени мұра» бағдарламасын қабылдау керектігін жариялады. Бағдарлама жүзеге асырылған 2004-2011 жылдар аралығында - Қазақстанның тарихы мен этнографиясы бойынша арнаулы зерттеу жүргізілді. Дегенмен, мұның бәрі - тарихи жады мен тарихи әділеттілікті қалпына келтіру жолындағы ауқымды жұмыстар атқарылды.
Мемлекеттің ұлттық тарихты жаңғырту мен зерделеу мақсатында қабылдаған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы ауқымы орасан зор жұмыстар тындырды. «Мәдени мұра» бағдарламасының мақсаты жазба деректерді жинау және жариялау болып табылады. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы екі кезеңді, бірінші кезеңі 2004-2006 жылдарды қамтыса, екінші кезеңі 2009-2011 жылдарды қамтыды.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек» - деген тұжырым жасаған. Міне, осыған орай, 2013 жылы Мемелекеттік хатшы М. Тәжиннің баяндамасында айтылғандай, Президенттің тапсырысымен «Тарих толқынындағы халық» бағдарламасы жүзеге асырылды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты ретінде Қазақстанның тарих ғылымының алдыңғы қатарлы әдіснама мен әдістеме арқауында сапалы секірісті жүзеге асыруына жағдай жасауды; қазақтардың ұлттық тарихының көкжиегін нығайту, ұлттық жаңа дүниетанымын қалыптастыруды; Қазақстанның жаңа тарихының жиырма жылының мәнін пайымдауды айтуға болады. Алқалы жиыннан кейінгі күндері баспасөз беттерінде ғылымдар, оқытушылар жариялаған мақалаларындағы ортақ пікір - тарихты зерттеуде, оқытуда үлкен өзгерістер керектігін атады. М. Тәжин тарих ғылымына неліктен ерекше мән беруіміз керектігіне байланысты пікірін «Тарихқа арқа сүйемесе, болашақ бұлдыр. Планетада мән-мағына мен құндылықтардың мылтықсыз майданы күн сайын жүріп жатқан қазіргі күнде тарихи жадыны сақтап қалу - жалпы, өзіңді-өзің сақтап қалудың жалғыз жолы» [2] деп дәйектеген болатын.
3. Ұлттық тарихтың жаңғыртылуы ( 5 маусым 2013 ж. ) . Тарихты оқыту мен зерттеудің озық әдістерін іске асыру тетіктерін қарастыру.
2013 жылы 5 маусымда Астанадағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР Мемлекеттік хатшысы М. Тәжиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасының тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтті. Аталмыш жиын ҚР Мемлекеттік хатшы М. Тәжин көтерген Отан тарихын әрі қарай зерттеу мен оқытудың өзекті мәселелеріне арналды және Қазақстанның тарих ғылымы үшін үлкен серпіліс, әрі тарихи оқиғаға куә болды. Тарихшылардың осы алқалы мәжілісінде елдің болашағы үшін тарихымызды жаңаша көзқарас тұрғысынан зерделей түсу, ұлттық сананы нығайту, өзекті тақырыптарды зерттеу және жаңа заманға сай оқулықтар жазу сияқты нақты міндеттер жүктелді.
Қазақстанның бүгінгі ұлттық тарихы - бұл ғылымдағы ең проблемалық сала. Қазақстанның тарихтағы өткен кезеңі қоғамдық сана-сезімнің - саясаткерлердің саяси тілінен халықтың күнделікті өміріне дейінгі әртүрлі деңгейлердегі гуманитарлық кеңістіктің маңызды бөлігін құрайды. Біріншіден, ұлттық тарих қоғамдық ғылымдардың арасында орталық буынға айналуға тиіс. Екіншіден, біз сапалық жаңа деңгейде Қазақстан тарихының ортақ тұжырымдамасын жасап шығуға тиіспіз. Ол тұжырымдама бүкіл әлемдік тарихпен тығыз байланыста болуға, Қазақстанның аса ауқымды тарихи үдерістердегі, олардың өзара байланысы мен ғылыми кезеңдену жүйесіндегі орнын анық көрсетуге тиіс. Үшіншіден, Қазақстан туралы біздегі және шетелдердегі тарихи материалдардың барлығын жинақтауға, жүйелеуге және жіктеуге баса көңіл бөлу қажеттілік десек, алда тарихи артефактілердің барлық негізгі шетелдік қоймаларын ұқыпты зерттеу және тарихи материалдарды Қазақстанға қайтару міндеті тұр. Еліміздің өркендеу стратегиясына сәйкес, жаһандану процесі туындатқан жаңа белестерге көтерілу, жаңа сындарға төтеп беру мәселелері ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруды талап етеді.
Әлемдік тарихи ақыл-ойдың үздік жетістіктерімен суғарылған жаңа методология Қазақстан тарихын адамзат өркениетінің құрамдас бөлігі ретінде дәйектей отырып, оның табиғи-географиялық, геосаяси, ұлттық, мемлекеттік, рухани т. б. өзіндік ерекшеліктері мен болмыс-бітімін зерделейтін әлеуетке ие болуы керек. Қазіргі жаһандану заманында қазақ халқының ұлт болып сақталуы үшін ұлттық құндылықтары насихатталып, төл деректері, құнды мұралары зерттеле түсуі қажет. Әлемдегі өркениетті елдердегі сияқты тарих ғылымының теориясы мен методологиясы біздің еліміздегі отандық тарих ғылымы бойынша дұрыс жолға қойылуы керек. Сонымен қатар, бірінші кезекте - ұлт тарихының зерттеу методологиясын жетілдіру негізінде Тәуелсіздік тарихының методологиясын, басты-басты ұстанымдарын қалыптастыруда Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың үлесін жан-жақты пайымдау. Екінші іргелі мәселе - тәуелсіз Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу кезеңдерін толыққанды қарастыру. Үшіншіден, қоғамтанушы-ғалымдар арасында ең өткір тұрған мәселе - ұлттық тарихты оқыту. Қазақстанда қалыптасқан тарихи білім мен ғылымның дамуындағы негізгі нәтижелерді кешенді түрде қарастыру болып табылады. Ендігі жерде тарихшы фактілерді тізбелеп, суреттеп отырушы, оқиғаларды тек «тіркеуші» емес. Ендігі жерде тарихшы «пайымдаушыға» - зерттелетін уақыттың ішкі мағынасына ой жіберетін ғалымға, фактілерді жай зерттеп қана қоймайтын, нақты қоғамның құндылықтарын, жөн-жосықтарын, моралін «түсінуге» қол жеткізетін ғалымға айналуға тиіс.
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын дамытудың негізгі тұжырымдамасы Қазақстанның геосаяси мүддесіне сәйкес келуі тиіс және зерттелетін тарихи объектілер туралы ақпараттардың дұрыстылығы мен толықтылығын қамтамасыз ететін, базалық принциптерді сақтай отырып, ақпараттық жүйелерді жобалаудың қазіргі заманғы технологияларына сүйенеді. «Халық тарих толқынында» бағдарламасының басты мақсаты - озық әдіснама мен әдістеме негізінде Қазақстанның тарих ғылымының сапалық серпілісі, қазақ халқының ұлттық тарихы көкжиегін кеңейту, ұлттың жаңа тарихи дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, сондай-ақ еліміздің қазіргі заман тарихының жиырма жылдығын зерделеуүшін жағдай жасауболып табылады.
«Ұлттық тарихты ұғыну бойынша стратегиялық мақсаттарды Мемлекет басшысы өзінің «Тарих толқынында» кітабында 1999 жылы қамтыған. 2003 жылы Президент Қазақстан халқына Жолдауында «Мәдени мұра» атты теңдессіз бағдарламаға бастамашы болды. Бағдарламаны іске асыру кезінде елімізде тарих саласында көптеген жұмыстар атқарылды. Тарихи естеліктер мен әділдікті қалпына келтіруге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізіліп, мақалалар мен монографиялар және кітаптар дайындалды. Ұлттық тарихты зерттеу мен оның мәнін ұғыну идеясын Президент «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты тарихи Жолдауында тарқата түсті. Елбасы біздің ортақ сәйкестігіміз халықтың тарихи сана-сезімінің арқауы болуы тиіс екендігін айта келе, «Халық тарих толқынында» атауымен тарихи зерттеулердің арнайы бағдарламасын әзірлеу мақсат-міндетін жүктеді. Оның басты мақсаты - ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру.
Тарихты оқыту әдістемесі тарих ғылымдарымен бірге философия, әлеуметтану, мәдениеттану, педагогика, психологая, дидактика талаптары логика сияқты ғылым салаларымен де тығыз байланысты дамиды. Бұл салалардың материалдарын пайдалану шығармашылық сипат алады, өйткені әдістеме пәні оларды тарихты оқыту пронесін жетілдіру мақсатында қорытып, жаңғырытып пайдаланады.
4. Джадидтік - ресей мұсылмандарының ағартушылық идеологиясының
кезеңі.
«Жәдит» термині ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Жәдидшілдік қозғалыстың түркі халықтары арасында тарауы мен дамуы ХХ ғ Жадидизм (арабшадан «жаңа», «жаңашыл») ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болған әлеуметтік-саяси және интеллектуалды қозғалыс. Ресей империясындағы мұсылман халықтары арасынан ортаға шыққан бағыт.
ХІХ ғасырда орыстар арасындағы мұсылмандардың көбінесе поволждық
және крымдық татарлар және де басқа да дәстүрлі ханафи мазхабын ұстанатынхалықтар арасынан да қоғамдық-саяси және интеллектуалды қозғалыс қалыптаса басталды. Бұл қозғалыс Жадидшілдік (жаңашыл) деген атқа ие болды.
Мұсылман-реформаторлар тобының басқы мақсаты, міндетін дамыту, прогресс жасау үшін құрылған. Жадидшілдер молдаларға және діндар адамдарға заманауи өркениетті білдіріп, оқыту үшін, білім беру мен тәрбие жолымен әрекет жасады. Еуропалық өркениеттің мұсылмандар үшін қойған мәселелерді шешу үшін, «иждихат қақпасын» ашу міндетті деп есептеген.
Жалпы айтар болсақ, Жадидшілдік ағартушылықты насихаттау, түркі тілін мен әдебиетін дамытылуы үшін, зайырлы тәртіптің зерттелуі үшін, әйелдерін құқықтарын қорғау мақсаттарында Жадидшілер құрылды.
Жадидшілдіктердің идеологтары (Ш. Маржани, Х. Файзханов, И. Гаспиринский, М. Бигеев, Р. Фахретдинов, М. Акмулла, М. Уметбаев, З. Расулов), прогрессивті буржуазиялық татарлар(ағайынды Хұсайыновтар, Орнебургтық Рамиевтер, Троицктік Яшувтар, Уфалық С. Надиров және Хашимов) және мұсылмандық рухани (Камалетдинов, К. Захир, Абубакиров) ғұламалар болды.
асырдың 20-жылдарының өзінде ғылыми зерттеулерге арқау болды. Жәдитшiлдiк бағыт негiзiн салушы Шаһабуддин Маржани болғанымен, қазақ оқығандары И. Гаспринский еңбектерi мен оқулықтарын пайдалану арқылы өз мақсаттарын жүзеге асыруға ұмтылды. И. Гаспринскийдiң осынау оқулықтары, танымдық кiтаптары, ағартушылық аудармалары ағартушының алдына қойған арман-мүддесiнiң үдесiнен шыққанын көрсетедi.
Исмаил-бей Гаспыралы (1851-1914) - Ресей империясындағы түркі тілдес мұсылман халықтарының арасында ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басында өріс алған жәдидшілдік қозғалыстың бастау көзінде тұрған көрнекті қайраткер. Жәдидшілдік түркі халықтары арасында ағартушылық ғана емес, сонымен бірге саяи идеялардың қосындысы түрінде көрініс тапты.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі Ресей империясындағы түркі тілдес мұсылман халықтарының халық ағарту ісі тарихында И. Гаспыралының алар орны ерекше. Ол қалыптастырған жәдидтік мектеп негізінде түркі халықтары арасында жәдидтік қозғалыс екпін алып, халықтың саяси оянуына жол аша түсті. Соның негізінде бірінші орыс революциясы жылдары «Ресей мұсылмандарының одағы» атты ұйым құрылды
5. Жәдидтіктің ағартушылық ойларының
Қазақ Даласына ықпалы.
Алаш зиялыларының ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы ұстанған бағыты ғылым мен білімнің көзі исламға бет бұру және оны жаңаша серпілту (жәдитшілдік) жолы еді.
Исмаил Гаспринскийдің жәдидтік идеясын ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы қолдап, оны өзінің жаңа қазақ жазуын жазуда пайдаланады. Біз оны Ахметтің 1912 жылы Орынбор қаласында басылып шыққан «Оқу құралы» атты кітабынан көре аламыз.
ХХ ғасырдың бастарында Еділ - Орал аймақтарындағы жәдитші медреселерде білім алған Қазақ жастары жәдитшілдікті қолдап жұмыстар атқара бастайды. Ғалия медресесінде білім алған қазақ жастары 1916 жылы Қазақстанда усул-жәдидті дамыту мақсатында “Садақ”атты қолжазба әдеби журнал шығарады. Журналдың мақсаты - жастарды әдебиетке тарту, өмірдің және елшілдіктің маңызын түсіндіру, жауапкершілікті арттыру еді. Жәдит медреселерінде білім алған Қазақ жастарының жұмыстары Ресей тыңшыларының назарынан тыс қалмады. Осы жастар жайында былай деп “Жәдитші жастар Қазақ-Орыс мектептерінің Қазақстанда керек емес екендігін, Орыс тілін Татар медреселерінде де үйренуге болатындығын, Қазақтардың қазіргі жағдайын қозғай отырып “Оян Қазақ”, “Тұр Қазақ”, “Маса” атты кітаптарды Уфадан шығарып халыққа таратып жатқандығын” баяндаған. Жәдит медреселерін бітіріп шыққан жастар Қазақстанға келіп ағарту саласында қызмет атқара бастады.
6. Қазақтардың РесейдіңІ - ІІМемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы.
Ресей Мемлекеттік Думасының құрылуы қазақ зиялыларының да саяси өсуіне ерекше ықпал етті. 1905 жылдың тамызында ІІ Николай патша заң шығарушы өкілетті орган ретінде Мемлекеттік Дума құру туралы манифестке қол қойғанымен, манифест бойынша, қазақ халқының сайлауға және сайлануға құқығы жоқ болатын. Ресей парламентінің шақырылатындығынан көзі қарақты қазақ өкілдері де құлағдар болып әрі депутаттыққа қазақтардың сайлануға құқы жоқ дегені олардың наразылығы мен ашу-ызасын тудырды. Осы сәтте Әлихан Бөкейханов бастаған зиялылар саяси өмірге белсене кіріседі. Орта Азия мен Қазақстан аймағын қамтып өткен қуатты толқу патша үкіметінің халықтың талабына құлақ асуға мәжбүр етті.
Ұлттық мәселеге қатысты жайттарды өткір талап ете білудің нәтижесінде І Мемлекеттік Думаға қазақтардан өкілдер сайланған. І Мемлекеттік Думаға депутат болып Әлихан Бөкейхановтан басқа қазақ халқының тағы да бес өкілі сайланған. депутат болып Әлихан Бөкейхановтан басқа қазақ халқының тағы да бес өкілі сайланған. Олар: 1. Сәлімгерей Сейтханұлы Жантөрин - Уфа губерниясынан сайланған; 2. Алпысбай Қалменұлы Қалменов - Хан ордасының қазақтарынан сайланған; 3. Дәуіт Санжынұлы Ноян - Тұндұтов - Астрахан мен Ставрополь көшпелі тайпаларының атынан сайланған; 4. Ахмет Қорғанбекұлы Бірімжанов - Торғай облысын мекендеген қазақтардың өкілі; 5. Шаймерден Қосшығұлов - Ақмола облысы қазақтарының өкілі.
1907 жылғы ІІ Мемлекеттік Думасының құрамына бұл жолы Қазақстаннан 14 депутат, олардың 6-ы қазақ ұлтының өкілдері болды. Олар: Шәймерден Қосшығұлұлы - Ақмола облысынан; Ахмет Бірімжанов - Торғай облысынан; Темірғали Нүрекенов - Семей облысынан; Тілеулі Алдабергенұлы - Сырдария облысынан; Мұхамеджан Тынышбаев - Жетісу облысынан; Бақытжан Қаратаев - Орал облысынан; Бақтыгерей Құлманов - Астрахан губерниясынан.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz