Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы және қазіргі заманның аурулары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы және қазіргі заманның
аурулары.

Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы мен ауру деңгейін-
адамның   денсаулығының   төмендеуі,   ауруға   шалдығуынан   ағзаның 
ортаға   толық   бейімделе   алмауымен, қолайсыз   әсерлерге   берген  
теріс   жауабы   ретінде   қарастыру  керек. Дүниежүзілік  денсаулық 
сақтау   ұйымының     (ВОЗ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз — бұл
тек  аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық    және
әлеуметтік қолайлылық.
Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы:
1. 50-52%-ы - өмір сүру салтына;
2. 20-25%-ы - тұқым қуалау факторларына;
3. 18-20%-ы - қоршаған орта жағдайларына;
4. 7-12% ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады.
Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды
туғызады.
Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әртүрлі
ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде
биосфераға, оған тән емес 4 млн.-нан астам заттар шығарылады. Сонымен
қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаган жаңа заттар шығарылады. Денсаулық
үшін зиянды органикалық (мысалы, галогенді көмірсулар, полициклді ароматтық
көмірсулар (ПАК), көміртегі атомдары хлор, бром, йод немесе фтормен
алмасқан органикалық қосылыстар, ДДТ (пестицид), диоксиндер жатады) және
бейорганикалық заттар (газдар (СО, NO және SO), нитрат және нитриттер,
кадмий, қорғасын және т.б ауыр металдар) улы және жоғары дәрежеде тұрақты
болып табылады. Олар көбінесе канцероген, мутаген, тератоген немесе басқа
аурулардың  пайда  болуын  күшейтеді.
Аурулар   туғызатын   заттар   мен   факторлар.   Ағзаларға  қолайсыз 
әсер  ететін  және  ауруларға   әкеліп соқтыратын    заттарды 
төмендегідей  топтарға бөліп көрсетуге болады:    
1) Канцерогендер (латын  тілінен аударғанда cancir  — рак, генезис 
—    шығу тегі) қатерлі ісіктер туғызады. Қазіргі  уақытта  шамамен  500 
осындай заттар белгілі. Олардың ішіндегі ең күштілеріне бензо(а)пирен 
және  басқа  да  полициклді  ароматтық     көмірсулар,     ультракүлгін
сәулелер,   радиоактивті   изотоптар, эноксидті смолалар, антриттер,   
нитрозаминдер, асбест және т.б. жатады;
2) Мутагендер (латын   тілінен   аударғанда  mutasio — өзгеру) –
хромосомалар саны мен құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Оларға:
рентген сәулелері, гамма-сәулелер, нейтрондар, бензо(а)пирен, колхицин,
кейбір  вирустар және т.б. жатады;
3) Тератогендер (грек тілінен аударғанда teras, teralos — құбыжық) —
жеке дамуда кемістіктерге әкелетін,   кемтарлықтардың пайда болуына
әкелетін заттар.   Тератогендерге әсер ететін мөлшерінен артып кететін кез
келген   фактор жатады. Көбінесе тератогендерге мутагендер, сондай-ақ  
пестицидтер, тыңайтқыштар, шу және т.б. ластаушылар жатады.
4) Эмбриогеидер (грек тілінен аударғанда embryo – ұрық)  эмбрионалдық  
даму   кезінде   зақымдануларға  әкелетін заттар.  Эмбриогендерге 
тератогендер, мутагендер және басқа   да заттар (мысалы, алкогольді
ішімдіктер, есірткі заттар және т.б.) жатады.
Адам   қызметінің   нәтижесінде   жаңа,   бұрын   болмаған   аурулар
пайда болады. Мұндай ауруларды ерекше экологиялық аурулар тобына
жатқызады. Оларға қорғасын (сатурнизм), кадмий (ита-ита), сынап
қосылыстарымен (“минамата”) және т.б. уланудан пайда болған аурулар жатады.
Қазіргі заманның аурулар:
Жиырмасыншы ғасыр - аурулар дамуының екі теориясын қолданумен басталды:
экологиялық модель теориясы және генетикалық модель теориясы. Қазіргі
заманда қоршаған ортаның экологиялық жағдайына байланысты туындап жатқан
аурулар басым болуда.
Бірінші топқа: әлеуметтік жағдайдың өзгерісі, тіршілік әрекетінің
өзгерісі, жұқпалы аурулардың түрлернуі және т.б адам ағзасына күшті әсер
етіп, нәтижесінде созылмалы аурулардың саны өсті. Мысалы, өлім жағдайына
әкелуі бойынша: атеросклероз; - инсульт; - инфаркт; - семіздік; - қант
диабеті; - гипертония.
Екінші топқа: туа біткен немесе генетикалық аурулар – қоршаған ортаның
сыртқы факторларының (радияция, химия, мутация) әсерінен, ағзаның өзгеріске
ұшырауы. Бұндай зияндылықтар әр адамға бірдей әсер етпейді, тек ластанған
жерде шоғырларған халыққа әсер етеді.
Үшінші топқа- метаболиттік процестердің бұзылуы- иммунитеттің төмендеуі
сүйек сынғыштығы, ұлпалардың аурулары, мүшелер қызметінің нашарлауы.
Барлық процестер жасушалық деңгейде жүреді сондықтан олардың пайда болуының
басты себебі – бос радикалдардың болуы.
Генетикалық аурулар:
1. Гендік аурулар- гендердің мутацияға ұшырауының салдарынан пайда
болады, яғни хромосома сандарының бұзылуы.
2. Хромосомалық аурулар – мугатендердің әсерінен хромосомалардың
құрылымының өзгеріске ұшырауынан пайда болады.

Тұқымқуалаушылық пен қоршаған орта әсерінің қатынасынан туындайтын
барлық ауруларды үш топқа жіктеуге болады:
А) Мутацияның нәтижесінде пайда болған тұқымқуалаушылық аурулар:
гемофилия (ұдайы қан ағып, тоқтатуы қиынға соғатын, көбінесе еркектерге
тән тұқым қуалайтын ауру. Қан құрамында қан тоқтататын ақуыз және қанда қан
ұйытатын VIII және IX факторлардың  болмауынан немесе жетіспеуінен туа
пайда болады); Дауна ауруы және т.б. аурулар.
В) Тұқымқуалаушылыққа қаупі бар аурулар - қант диабеті, гипертония,
псориаз, атеросклероз (майлар мен белоктар дұрыс алмаспағандықтан,
эластикалы және бұлшыкетті–эластикалы тамырлардың ішкі қабатына майлар мен
белоктар шөгіп, сол жерлерде талшықты дәнекер ұлпа көбейіп, склероз дамитын
ауру), экзема, асқазан жарасы, остеопороз (сүйек ұлпасының бұзылуы).
С) Сыртқы ортаның әсерінен пайда болатын тұқымқуалаушылық емес аурулар:
жұқпалы аурулар, тері аурулары.

Қазіргі заманның аурулары:
21 ғасыр – техникалық прогресс ғасыры. Компьютер, гаджет, смартфон,
сенсорлық экрандар, телефондар – денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіруде.
Оңай атқарылатын жұмыстар: қолдың қозғалыс белсенділігін төмендетеді,
нәтижесінде артрит, артроз, тендовагинит (иық пен қолдың буынындағы
сіңірдің қызметінің бұзылуы); омыртқаның қозғалыссыздығынан белсенділігігің
төмендеуі.
Фантомдық қоңырау синдромы - ұялы телефон пайда болғаннан бері
пайда болған психологиялық ауру. Адам - қалтасында немесе сөмкесінде үнемі
ұялы телефонның болуына әдеттенгені соншалықты, тіпті кейде болмаған
қоңырауды телефон шырылдап жатыр! деген елес үнемі мазалап, нәтижесінде
әртүрлі психикалық ауытқуларға әкеледі.
Номофобия - ұялы телефон сынып немесе қуаты таусылып қалған кезде
адамда пайда болатын үрей. Мүмкін маған біреу хабарласты, мүмкін маған
жедел қоңырау шалу керек- деген сияқты адамның психологиялық жағдайы.
Мұндай психологиялық жағдайдағы адам- өзінің күнін телефонсыз елестете
алмай, телефонның жетегіне байланып қалатындығы.
Әлеуметтік желілерге депрессия. Әлеуметтік желілердегі виртуальды
Мен дегенннің пайда болуы, көп адамдарда ол психологиялық жағдай өзінің
нағыз болмысы Мен жойылады. Көп адамдар виртуалдық өмірге, виртуалдық
қарым-қатынасқа өте тәуелді болып кеткені соншалықты тіпті бір күн
әлеуметтік желілерге кірмей қалса нағыз күйзеліске ұшырайды. Әсіресе
интернет болмай қалған жағдайда, өзінің фото, видео, статустарына көп
мөлшерде лайктар алмай қалса да көңіл –күйі түсіп, созылмалы күйзеліске
ұшырайды. Ондай адамдарды үнемі апатияны сезініп, тіпті өздерінің бойында
қалыптасқан жағымсыз әсерді қоршаған ортасына көрсетеді.
Артық салмақтық – эстетикалық тұрғыдағы мәселе ғана емес,сондай-ақ
физикалық тұрғыда да үлкен мәселе, яғни мазасыздық, зауқымның болмауы,
көңіл-күйдің нашарлауы, ентігіс, моральдық жағдайдың тозуы – депрессия,
стресс, созылмалы ұйқының қаңбауы, үнемі компьютерде ауқыт өткізу және т.б
әрекеттер ағзаның қызметтерінің бұзылуына әкеледі. Артық семіздікке
әкелетін фактордың бірі- дұрыс тамақтанбау, экологиялық тұрғыда таза емес
өнімдерді тұтыну, оның салдары – қант диабентіне, жүрек ауруларын, қан
тамыр жүейесінің қызметінің бұзылуына және басқа да көптеген ауруларға
әкеледі.
Көрудің нашарлауы – өте өзекті мәселелердің бірі. Жыл сайын
жастардың арасында көздің қызметімен байланысты мәселелер арта түсуде.
Күнделікті ұялы телефомен отыру, клафишаның ұсақ текшелерін теру,
компьютер, телевизор сияқты көзге зиян келтіретін басқа да әсерлер көп.
Бедеулік – 21 ғасырдың дертіне айналып бара жатқан мәселе.
Бедеулікпен қыз балалармен (60%) қатар, ер балалар (60%) да зардап шегуде.
Бедеулікке алып келетін факторлар өте көп: жағымсыз әлеуметтік жағдай,
ішімдік, психологиялық травма, түсік, сапасыз тамақ өнімдерін пайдалану,
генетикалық құрылымның бұзылуы, жеңіл жүріс, жыныс мүшелерінің аурулары
және т.б.
Есте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған орта мен адам денсаулығы жайлы
Каспий теңізінің экологиялық жағдайы туралы
Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары
Экология және денсаулық (Көкшетау қаласының көшелері мысалында)
Қазақстандағы ең ірі теңіздің қазіргі экологиялық ахуалы
Адам биологиялық түр ретінде
Экологияның күрт нашарлап кетуі
Арал экологиясының ахуалы
Арал теңізі
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша экологиялық құқық бұзушылықтар
Пәндер