Білім беру салалары бойынша дидактикалық ойындар үлгілері


БІЛІМ БЕРУ САЛАЛАРЫ БОЙЫНША
ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР ҮЛГІЛЕРІ
Қазақ тіліндегі дидактикалық ойындар
Саққұлақ
Мақсаты: Есту қабілетін дамыту, белсенді сөздікті толықтыру, фразалық сөйлеуін дамыту
Қажетті құралдар: қалқа (тасалап тұратын нәрсе), қоңырау, сылдырмақ, дабыл және т. б.
Ойын барысы:Тәрбиеші қалқаның артында тұрып, кезек бойынша жоғарыда аталған заттармен дыбыс шығарып және балалардан дыбыстың қандай заттан шыққанын табуын ұсынады. Дыбыстар бала оларды табу үшін, анық және кезектесіп шығуы керек.
Ақшақар
Мақсаты: Сөйлеу тынысын дамыту, бірқалыпты және ұзақ дем шығара білуді (ауаны ауызға толтырмай) қалыптастыру.
Қажетті құралдар: Мақтаның бірнеше бос түйіршіктері.
Ойын барысы: Тәрбиеші мақтаның бөлігін көрсетіп, айтады «Далада қар жауып тұр. Келіңдер, топта қар жаудырамыз» Содан соң баланың алақанына «ақшақарды» салады және қалай үрлеу керек екенін көрсетеді. Сосын бала үрлейді. Жаттығу 2-3 рет орындалады.
Ақша қар, Ақша қар
Аппақ болып қонасың.
Тоса қалсам қолымды,
Алақаныма қонасың.
Жапырақтар
Мақсаты: Бірқалыпты, ерікті дем шығаруға үйрету.
Қажетті құралдар: Жұқа қағаздан ойып жасалған сары және қызыл жапырақтар.
Ойын барысы: Тәрбиеші балаға күзде ағаштардың жапырақтары түсетінін түсіндіреді. Бұл құбылыс жапырақтардың түсуі деп аталады. Жапырақтардың түсуін үйде ұйымдастыруды түсіндіреді. Бала жапырақтар ұшатындай, оларға үрлейді. Жаттығу 2-3 рет орындалады.
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан - алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Ұш, көбелек!
Мақсаты: Ұзақ, үздіксіз дем шығара білуді қалыптастыру.
Қажетті құралдар: 2-3 қағаздан жасалған, айқын боялған көбелектер ( әрбір көбелекке ұзындығы 50 см жіпті байлайды және оларды бір-бірінен 30 см қашықтықта бауға байлайды. Бауды көбелектер баланың бетінің деңгейінде салбырап тұратындай екі тіреудің ортасына кереді) .
Ойын барысы: Тәрбиеші балаға көбелектерге ұшатындай етіп, оларды үрлеуді ұсынады. Баланың тік тұруын, ауаны ішке жұтқанда иықтарын көтермеуін, бір рет дем шығарып үрлеуін, ауаны жұтпауын, ұрттарын толтырмауын, ал еріндерін алға шығаруын қадағалау қажет. Бала басы айналмас үшін, 10 секундтан артық емес үзілістермен үрлеуі қажет.
Қанаттары әдемі,
Қызыл - жасыл көбелек.
Гүлге қонып қалыпты
Бір ғажайып керемет.
Бар даланы жайнатып,
Гүлден - гүлге қонады.
Көбелектің қанаты
Гүлдей әсем болады.
Аулада
Мақсаты: Тілдік естуді және дауысқа еліктеу қабілеттілігін дамыту.
Қажетті құралдар: Ойыншық қораз, тауық, қаз, торғай.
Ойын барысы: Тәрбиеші өлеңді мәнерлеп оқиды және сәйкес суреттерді көрсетеді.
Ақ тауық ау ақ тауық
Ақ тауық неден қақсауық
Ертемен қыт - қыттайды
Ауламыздан шықпайды.
Балпаң басқан үйрегім
Бұлтыңдайды бүйрегің
Жалпақ тұмсық жем іздеп
Қырқылдайсың, қоймайсың
Тамаққа бір тоймайсың.
Торғай - торғай тоқылдақ
Жерден тары шоқып ап.
Бөтегесі томпайып,
«Шиқ-шиқ» десіп отырмақ.
Тікірейіп құлағы,
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті - қолын жуады.
Мяу - мяу, мяу - мяу.
Ән - жыр
Мақсаты: Дыбысты дұрыс айтуды бекіту. Тілдік естуді және тілдік белсенділігін, еліктеу бойынша дыбыс тіркесін және дыбыстарды айта білуін дамыту.
Қажетті құралдар: Бұзау, лақ, қозы, бота.
Ойын барысы: Тәрбиеші өлеңді оқып ойыншық кейіпкерлерді көрсетеді. Өлең ішіндегі еліктеу сөздерді балаларға қайталатып үйретеді.
Әнші төлдер
Жайылымнан кешкілік
Жамырады бес түлік.
Төңірекке тараған
Төлдер әнін естідік.
«Мә-мә» деген әні бар,
Секірер ор, жары бар.
Селтеңдеген лағым
Секіргіш бір жануар.
«Мәә-мәә» деген әні бар,
Жібек тоны - сәні бар.
Қошақаным момақан,
Сүйкімді бір жануар.
«Бөө-бөө» деген әні бар,
Енесін тез сағынар.
Жібек жүнді ботақан,
Мөлдір көзді жануар.
«Мөө-мөө» деген әні бар,
Үй маңынан табылар.
Ойқастаған бұзауым,
Ойнақтағыш жануар.
«Күмбірлеген» әні бар,
Желкілдеген жалы бар,
Желдей өсіп құлыншақ,
Желмен шапқан жануар.
Әдібай Табылдиев
Өлең соңында балалардан қай жануар қалай дыбыстайтынын сұрап, пысықтау.
Тауық пен балапандар
Мақсаты: Дауысқа еліктеу қабілетін, кеңістікті бағдарлауды дамыту.
Қажетті құралдар: Қораз бен балапандардың бастарының суреттері салынған баскиімдер (балалардың саны бойынша) .
Ойын барысы: Тәрбиеші қоразды, ал балалар балапандарды бейнелейді. «Қораз балапандарымен көгалда қыдырып жемді шұқып жейді» (саусақтарымен еденді тықырлатады) .
Қораз:
Мен қоразбын, қоразбын
Жалқаулармен аразбын
Таңды бұрын қарсы алып
Елді оятам жар салып.
Ку-ка-ре-ку!-деп нықтап
Айтты өзінше ақылды
Әке-шешең сендерге
Тамақ іздеп кетеді,
Менің күнім «таң атты»,
«күн батты»мен өтеді.
Қызмет етіп теп-тегін
Жүрмеймін босқа, жетеді,
Тым болмаса көңілімді
Көтерсеңдер не етеді?
Балапандар:
Қыт-қыт-қыт-қыт, иә-деп,
Сүйер бар балақан,
Мен-сары балапан.
Енеме еремін
Көгалды шоқып көп
Дән іздеп теремін.
Тәрбиеші балалардың өзінен соң «ку-ка-ре-ку, қыт-қыт-қыт-қыт» дыбыс тіркестерін анық айтуларына қол жеткізуі қажет.
Шөре - шөре
Мақсаты: Дыбыстардың дұрыс айтылуын бекіту.
Қажетті құралдар: Ешкі, жылқы, сиыр, түйенің суреттері.
Ойын барысы: Тәрбиеші өлеңді оқуды жануарлардың суреттерін көрсетумен жалғастырады.
Өрісте өскен жануар,
Шөкетайым қайдасың?
Шөре - шөре деп ешкіні шақырады.
Қамбар ата өсірген,
Құла атым қайдасың?
Құрау - құрау - деп жылқыны шақырады.
Зеңгі баба өсірген,
Әукешім менің қайдасың?
Ауқау - ауқау - деп - сиырды шақырады.
Ойсыл қара баласы,
Ботақаным қайдасың?
Көс - көс деп түйені шақырады.
Балалардың сөз тіркестерін дұрыс айтуын қадағалау.
Бип, бип, пыш
Мақсаты: Еліктеу бойынша дыбыстардың дұрыс айтылуын бекіту.
Қажетті құралдар: Паравоздың суреті.
Ойын барысы: Тәрбиеші өлеңді оқиды, ал балалар бірінен соң бірі тізбектеліп паравоздың қимылын жасайды. Сосын еліктеу сөздерін қайталап айтады.
Бип, бип, пыш.
Мен паравоз алам.
Саяхатқа бет алам,
Бірте-бірте тездейміз,
Тез жетуді көздейміз.
Бип, бип, пыш.
Көп қаладан өтеміз.
Қызықтарға жетеміз,
Бип, бип, пыш.
Гук пыш,
Гук, пыш паравоз.
Мықты болсаң басып оз,
Қызық болды кеп қалдық,
Енді жайлап тоқтаймыз,
Бип, бух, пыш.
Балалардың сөз тіркестерін дұрыс айтуын қадағалау.
Не істеу керек, табамыз
Мақсаты: Есту зейінін жұмылдыра білуін дамыту. Сылдырмақтың дыбысымен өзінің қозғалысының арақатынасын белгілеу, қозғалыс сәйкестігін дамыту.
Қажетті құралдар: Сылдырмақ, екі жалауша.
Ойын барысы: Баланың қолында екі жалауша бар, егер тәрбиеші сылдырмақты қатты сылдырлатса, онда бала жалаушаларды жоғары көтереді және бұлғайды. Егер сылдырмақ ақырын сылдырласа, онда жалаушаларды төмен түсіреді.
Мұнда балалардың дұрыс тұруын және қозғалыстарының дәл орындалуын қадағалау маңызды. Бала жаттығуды жеңіл орындау үшін, сылдырмақтың қатты және ақырын дыбысталуын кемінде 4 рет алмастыру қажет.
Кім алғыр?
Мақсаты: Құлақтың естігіштігін, сөздік нұсқаулықты оны айтатын дауыс күшіне қарамастан дұрыс қабылдай білуді дамыту.
Қажетті құралдар: Ойыншықтар: қуыршақ, аю, мәшине.
Ойын барысы: Тәрбиеші үстінде ойыншықтары бар үстелдің жанында отырады. Бала одан 2 - 3 метр қашықтықта болады. «Мен сыбырмен сөйлейтін боламын, сондықтан бәрі естілу үшін тыныш отырып, зейінмен тыңда» :
- Аюды ал және мәшинеге отырғыз.
- Аюды мәшиненің ішінен ал.
- Мәшинеге қуыршақты отырғыз.
- Қуыршақты мәшинемен қыдырт.
Бала бұл тапсырмаларды естуі, тусінуі және орындауы қажет. тапсырмалар қысқа және жеңіл, ал айтылуы ақырын, бірақ айқын болу керек.
Сыңғыр - сыңғыр
Мақсаты: Кеңістікте бағдарлану, дыбыс бағытын анықтай білу, есту қабілетін бағыттауды дамыту.
Қажетті құралдар: Қоңырау.
Ойын барысы: Бала көзін жұмады, ал тәрбиеші тым-тырыс оның жанына (сол, оң, артынан) келіп қоңырауды сылдырлатады. Бала көзін ашпай дыбыстың, қайдан шыққан бағытын анықтауы қажет. Егер бала қателессе, онда тағы шешеді. Ойынды 4 - 5рет қайталайды. Баланың көзін ашпауын қадағалау керек. Бала дыбыс қайдан шықты, сол жерге бетімен бұрылып, дыбыстың бағытын көрсете білуі керек. Қоңырауды баяу сылдырлату керек.
Немен ойнап отырмын, тапшы?
Мақсаты: Тұрақты есту қабілетін дамыту, дыбысталуы бойынша аспаптарды айыра білу.
Қажетті құралдар: Дабыл, сылдырмақ, сырнай және т. б.
Ойын барысы: Тәрбиеші балаға кезекпен музыкалық аспаптарды көрсетіп, олардың атауларын нақтылайды және олардың дыбысталуымен таныстырады. Тәрбиеші балалардың аспаптар атауларын ұғып және дыбысталуын есте сақтағанына көз жеткізгеннен кейін, аспаптарды қалқаның артына жинайды. Онда тәрбиеші әртүрлі аспаптарда ойнауды жалғастырады, ал бала дыбысы бойынша анықтайды.
Қатты - ақырын
Мақсаты: Дауыс күшін алмастыра білуге үйрету: біресе қатты, біресе жай.
Қажетті құралдар: Үлкен және кіші иттер немесе басқа ойыншықтар.
Ойын барысы: Тәрбиеші екі итті көрсетіп айтады: «Үлкен ит қатты үреді «Аб-аб». Үлкен ит қалай үреді? (бала дауысын қатты шығарып қайталайды) . «Ал кішкентай күшік ақырын үреді: «Аб-аб». Кішкентай күшік қалай үреді? (бала ақырын қайталайды) »
Кел, ойнайық!
Мақсаты: Қатты дауысты пайдалана білуді шынықтыру.
Қажетті құралдар: Ойыншықтар: аю, қоян, түлкі жене басқа аңдар.
Ойын барысы: Тәрбиеші баладан 2 - 3 метр қашықтықта ойыншықтарды орналастырып, айтады: «Аю, қоян, түлкі жалғыз отырып зерікті. Оларды бізбен ойнауға шақырайық. Олар бізді есту үшін қатты: «Аю, кел» осылай шақыру керек. Балалар тәрбиешімен бірге аюды, қоянды, түлкіні шақырып, бірге ойнайды. Мұнда ең маңыздысы балалардың ойыншықтарды айқайламай, қатты шақырғанын қадағалау болып табылады
Қуыршақты оятпа
Мақсаты: Ақырын дауысты қолдана білуді дамыту.
Қажетті құралдар: Жабылатын көздері бар қуыршақ, төсек орын жабдықтарымен кереует, майда ойыншықтар (текше, доп, мәшине және т. б. ) ойыншықтарға арналған қораб.
Ойын барысы: Тәрбиеші ұйықтап жатқан қуыршағы бар кереуетті көрсетіп: « Кәусар көп қыдырды, шаршады, түстенді және ұйықтап қалды. Ал бізге Кәусәрді оятып алмау үшін ойыншықтарды тыныш жинау керек. Маған ақырын айтшы, қандай ойыншықты қорапқа салу керек?». Мұнда баланың ақырын, бірақ сыбырламай айтқанын бақылау қажет.
Жел соғып тұр
Мақсаты: Кез - келген жағдайларда қатты немесе ақырын дауысты қолдана білуді дамыту.
Қажетті құралдар: 2 сурет, біреуінде жапырақтарды, гүлдерді тербеткен самал жел бейнеленген, ал екіншісінде ағаштарды тербеткен өткір жел бейнеленген.
Ойын барысы: Тәрбиеші балаға самал желдің суреттін көрсетіп, айтады: «Біз жазда орманға серуенге бардық. Самал жел соғып жапырақтар мен гүлдерді тербейді. Ол жай «у-у-у» осылай соғады(дыбыс жай және ұзақ айтылады) ». Сонан соң өткір жел бейнеленген суретті көрсетіп, айтады «Кенеттен өткір жел тұрып, ол қатты гуілдеді «у-у-у»(дыбыс қатты және ұзақ айтылады) . Бала тәрбиешіден кейін самал жел қалай соғады және өткір жел қалай гуілдейді соны қайталайды. Мұнда тәрбиешіден кейін қайталай отырып бала сол дауыс күшін сақтағаны маңызды.
Көпіршік
Мақсаты: Балалардың сөйлеу тынысын және дыбыстық аппаратын дамыту.
Ойын барысы: Ойынды бірнеше адам ойнайды. Олар тығыз шеңбер жасап тұрады және бір-біріне «түтікше» етіп жұдырықтарын қойып, ойдан көпіршік үрлейді.
«Көпіршік, көпіршік үлкен бол үрлен,
Осылай қал, жарылма түрлен».
Сосын үлкен көпіршік үрленеді (балалар «ү-ү-ү-п» деген дыбысты ұзақ шығарады) . Ойын қайталанады.
Кімнің құсы алысқа ұшады?
Мақсаты: Ұзақ, бағытталған, бірқалыпты ауызбен дем шығаруды қалыптастыру.
Қажетті құралдар: Жұқа қағаздан ойып жасалған және айқын боялған құстың пішіндері.
Ойын барысы: Бір-біріне 30см қашықтықта екі құсты үстелдің шетіне орналастырады. Екі бала құстарға қарама-қарсы отырады. «Құстар ұшты!» дабылы бойынша, балалар құстардың пішіндеріне үрлейді. Балалар құстарға үрлегенде ұрттарын толтырмауын, қатты күш салмауын қадағалау керек.
Кеме
Мақсаты: Ұзақ, бағытталған, бірқалыпты ауызбен дем шығара білуді қалыптастыру. Ерін бұлшық еттерін белсендіру.
Қажетті құралдар: Су құйылған шара және қағаз кемелер.
Ойын барысы: Су құйылған шара балаға кемені үрлеуге ыңғайлы болып тұруы керек. Тәрбиеші кеме қозғалу үшін, оған бірқалыпты және ұзақ үрлеу қажеттігін түсіндіреді.
Сағат тықылдайды
Мақсаты: Дыбыстарды айтуды, дыбыстау аппаратын дамыту. «К», «т» дыбыстарының айтылуын бекіту. Біркелкі сөз қарқынын, сөздерді жылдам және баяу, қатты және жай айтуды шынықтыру.
Қажетті құралдар: Үлкен және кіші сағаттар.
Ойын барысы: Тәрбиеші балаға сағаттарды көрсетіп, айтады: «Бұл - сағаттар. Олар жүрген кезде «тк-тк, тк-тк» деп тықылдайды. Сағаттар қалай тықылдайды? (балалар жауап береді) . Үлкен сағаттар жүрген кезде «тк-тк» деп қатты және баяу, ал кіші сағаттар «тк-тк» деп жай және жылдам тықылдайды (балалар әрқайсысына айырмашылығын ажыратып жауап береді) . «Т» және «к» дыбыстарының дұрыс және анық айтылуын қадағалау керек.
Құлыншақ
Мақсаты: «И» дыбысын анық айтуға үйрету.
Қажетті құралдар: Ойыншық ат.
Ойын барысы: Тәрбиеші ойыншық атты көрсетіп, оның «и-и-и» деп дыбыс шығаратынын түсіндіреді және балаға 2-3 рет қайталап айтқызады.
Баптайын ылғи, бағайын,
Арқаңнан сипап қағайын,
Бәйгеге мініп шабайын,
Тұлпар боп өсші құлыным!
Мәшине
Мақсаты: «Б» дыбысын дұрыс және анық айтуды қалыптастыру, жеке дыбысқа еліктеп қатты және жай айтуды, кеңістікте бағдарлана білуді дамыту.
Қажетті құралдар: Картоннан жасалған (бала санына байланысты) тұтқа, үлкен және кіші мәшинелер.
Ойын барысы: Тәрбиеші мәшинені көрсетеді және оның қалай гүрілдейтінін сұрайды(«бң-ң, бң-ң) . Сосын үлкен мәшинені көрсетіп, айтады: «Үлкен мәшине қатты гүрілдейді тыңда, былай «бң-ң, бң-ң»( дыбысқа еліктеуді әдеттегіден қатты айтады), ал кіші мәшине жай гүрілдейді (сыбырлап ақырын айтады) «бң-ң, бң-ң». Балаға дыбыс тіркестерін біресе қатты, біресе жай қайталау ұсынылады. Содан соң тәрбиеші балаларға өздері мәшинемен қыдыруды ұсынады. Балалар жүргізушілерді бейнелеп, қолдарында тұтқа топ ішінде «бң-ң, бң-ң» деп айтып бытырап жүгіреді.
Геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық ойындар
Мақсаты: Балаларға біреуі артық немесе кем санды тауып, атауды үйрету.
Қажетті құралдар: Ою-өрнектер, геометриялық пішіндер салынған карточкалар жиынтығы, геометриялық пішіндер.
Ойын барысы: Балалар геометриялық пішіндерді (ұшбұрыш, шаршы, дөңгелек және с. с. ) пайдаланып, мұғалімнің тапсырмасына үндеместен жауап беруі тиіс.
Тәрбиеші тапсырма береді, балалар оны орындайды:
а) дөңгелектерден біреуін артық етіп, ұшбұрыштарды қойыңдар (үш дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді) ;
б/мұндағы дөңгелектерден біреуін кем етіп, шаршыларды қойыңдар (бес дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді) ;
в/дәл осындай пішінді көрсетіңдер (дөңгелекті көрсетеді) және осыларға сәйкес тапсырмаларды көрсетіндер. Ойын соңында қорытынды шығарылады. Қатені аз жіберген қатар ұтып шығады. Ойынның барысында балалардың зейіні, қол қимылының жылдамдығы, дәлдігі қалыптаса бастайды және санауды, біреуі артық немесе кем санды тауып, оны атауды үйренеді.
Дәл осындай пішінді тап
Мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру.
Қажетті құралдар: бала саны бойынша құлыптың суреттері, геометриялық пішіндер.
Ойын барысы: Сиқырлы құлыпты ашуды ұсыну. Құлыптың кілттері де сиқырлы, геометриялық пішіндерден Қажетті құралдарған екенін айту. Әр бала құлыпқа сай келетін кілтті алып, құлыпты ашады.
Үйдің есігін жабайық
Мақсаты: заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту.
Қажетті құралдар: үйдің, есіктің суреттері.
Ойын барысы: қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну.
Вагондарға дөңгелек таңдау
Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, қасиеттерін білуге жаттықтыру, ойлау қабілетін дамыту.
Қажетті құралдар: қағазға салынған вагондар, әртүрлі геометриялық пішіндер.
Ойынның мазмұны: Балалар вагондарға лайық дөңгелектерді әртүрлі пішіндердің ішінен табады.
Үй құрлысының ретін көрсет
Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту.
Қажетті құралдар: баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер, үй суретінің үлгісі.
Ойын барысы: Балаларға үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну.
Бет орамалға лайық жамауларды табу
Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Қажетті құралдар: бала саны бойынша қағаздан жасалған бет орамалдардың үлгісі, әртүрлі пішіндер.
Ойын барысы: Балаларға бет орамалдардың үлгісін таратып беру. Алдарындағы пішіндердің ішінен әр орамалға лайық жамауды табуды ұсыну.
Жұбын тап
Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту.
Қажетті құралдар: әртүрлі ретте орналасқан геометриялық пішіндердің суреттері.
Ойын барысы: Балаларға геометриялық пішіндер орналасқан суреттерді тарату. Үлгі ретінде бір суретті көрсетіп, дәл осындай суреттің жұбын табуды ұсыну. Суреттердің дұрыстығын тексеру үшін оларды салыстыру.
Әдемі кілемшелер
Мақсаты: бөліктерден кілемше жасауға үйрету; қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: қағаздан жасалған кілемшелер, геометриялық пішіндер.
Ойын барысы: Балалар геометриялық пішіндерді берілген кілемшелердің үстіне қойып, құрақ құрайды.
Таныс пішіндер доминосы
Мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; көп заттың ішінен біреуін таңдауға жаттықтыру.
Қажетті құралдар: пішіндер бейнеленген суреттер.
Ойын барысы: Балаларға суреттерді таратып беру. Жүргізуші бірінші суретті үстелдің ортасына қояды, қалған балалар суретке сәйкес өзінің суретін қояды, суретте бейнеленген пішінді атайды. Ойын осылай жалғаса береді.
Гараждар
Мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; ойлау қабілеттерін дамыту; жағымды көңіл-күйлерін қамтамасыз ету.
Қажетті құралдар: бала саны бойынша суреті бар меңгіріктер (рульдер), дәл сондай суреті бар гараждар.
Ойын барысы: Балалар жүргізуші болады. Қолдарына суреті бар меңгіріктерді таратып беру. Белгі бойынша балалар көліктерін жүргізіп ойнайды. «Көліктеріңді гараждарыңа апарып қойыңдар» - деген кезде, меңгіріктің суретіне ұқсас суреті бар гараждың жанына барып тұра қалады.
Өз үйіңді тап
Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; қабылдауын дамыту; ойынның ережесін сақтауға үйрету.
Қажетті құралдар: түрлі-түсті дөңгелектер.
Ойын барысы: Балаларға түрлі-түсті дөңгелектер таратып, түстерін атау. Белгі бойынша балалар дөңгелектерінің түсі бойынша үлкен шеңберлер жасап өз үйлерін жылжам тауып, тұра қалу.
Зейінді бол
Мақсаты: Күрделі геометриялық суреттен үшбұрышты, төртбұрышты, шеңберді көрсете білу.
Қажетті құралдар: Геометриялық пішіндер кескінделген суреттер.
Ойын барысы: Тәрбиеші көрсеткіш таяқшамен бірінші (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы) суретті нұсқап, балаларға мынадай сұрақ қояды: Суреттен қандай таныс пішінді көресіңдер? Әрбір суретте өзара ұқсас неше пішін бар? Есептеу кезінде аз қателескен қатар ұтып шығады.
Мынау қай пішін
Мақсаты: Геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу.
Қажетті құралдар: Картоннан жасалған геометриялық пішіндер 5-түрі.
Ойын барысы: Бала топқа қарап тұрып, қолын артқа ұстайды. Тәрбиеші оның қолына геометриялық пішінді ұстатады. Бала оны сипап байқап, балаларға көрсетпей атын атайды.
Қандай пішін шықты?
Мақсаты: Таяқшалардан таныс геометриялық пішіндер құрастыра білу.
Қажетті құралдар: Әрбір балаға 10 данадан санағыш таяқшалары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz