Бала психологиясы туралы
Жоспар
Бала психологиясы. Жалпы мағұлмат.
Бала психологиясының даму тарихы.
Бала психологиясының ерекшеліктері
Балалар психологиясы. Жалпы мағұлмат.
Бала психологиясы -- жас ерекшелігі психологиясының негізгі бөлімі. Ол адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын балалық шақтың психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясының іргетасы болған Бала психологиясы 19 ғасырдың аяғында дербес пән ретінде өмірге келді. Бала психологиясының негізін қалаған -- неміс ғалымы В. Прейер. Ол Бала психологиясын зерттеуде тұңғыш рет интроспекция әдісінен объективті бақылауға өтуді жүзеге асырды. В. Прейердің "Бала жаны" атты кітабы (1882) -- Бала психологиясын жүйелі зерттеуді бастап берген психол. еңбек. Бала психологиясының пәні -- балалық шақтағы психикалық дамудың жалпы заңдылықтарын онтогенезде ашу, осы дамудың жас кезеңдері мен оған өту себептерін анықтау. Бала психологиясы үшін басты мәселе -- баланың психикалық дамуының факторларын, психикалық даму шарттарын түсіндіру. Психология ғылымында баланың психикалық дамуын түсіндіретін теориялар шартты түрде 2 үлкен бағытқа бөлінеді:
1) биогенетикалық;
2) социогенетикалық.
Бұл бағыттар бір-бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды (биологиялық не әлеуметтік) алуымен ерекшеленеді. Бала психологиясы баланың дүниеге келгеннен мектеп бітіргенге дейінгі уақыт аралығын қамтиды (балалар психологиясы, бастауыш сынып оқушылары психологиясы, жасөспірімдер психологиясы, балаң жас психологиясы). Бала психологиясындағы "балалық шақ" ұғымы ғасырлар барысында өзгеріп отырды. Әлеуметтік-мәдени құбылыс болып табылатын "балалық шақ" ұғымы нақты тарихи сипатқа ие. Оның мазмұны қоғамдағы тәрбиелеу жүйесіне, этномәдени ерекшелікке байланысты. Бала психологиясында жалпы психологияның негізгі әдістері жас ерекшеліктеріне орай өзгертіліп қолданылады. Мысалы: бақылау мен эксперимент (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) және тестер, әңгімелесу, іс-әрекет нәтижесін талдау, т.б. Бала психологиясының қалыптасуы мен дамуына зор ықпалы тигізген ағым -- педалогия. Баланы біртұтас зерттеуді мақсат тұтқан педалогия қазіргі Бала психологиясының құрамына енген көптеген ғылыми мағлұматтар мен күні бүгінге дейін маңызын жоймаған психология концепцияларды өмірге әкелді. Бала психологиясының мәселелерін зерттеумен айналысқан орыс психологтарының көрнекті өкілдері осы педалогия саласында қызмет етті (П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Б.М. Бехтерев, А.П. Негаев, Г.И. Россолимо, т.б.). 20 ғасырдың 30-жылдарында педалогияның "жалған ғылым" ретінде қудалануы Бала психологиясының дамуына үлкен зиянын тигізді. Бала психологиясы саласында дүние жүзіне әйгілі Дж. Уотсон, В. Штерн, К. Бюлер, Ст. Холл, К. Левин, А. Валлон, З. Фрейд, Ж. Пиаже, Э. Эриксон, Д.М. Узнадзе, А.Р. Лурия, А.Н. Леонтьев, т.б. психологтар еңбек еткен. Қазақстанда Бала психологиясына қатысты еңбектер жазған психологтар: С. Балаубаев, Е. Суфиев, Ш. Әлжанов, А. Темірбеков, М. Мұқанов, Қ. Жарықбаев, т.б.
Балалар психологиясының даму тарихы
Балалар психологиясының пайда болуы мен бала психикасының даму заңдылықтарын зерттеу биология ғылымының жүйесіне енген үлкен бір жаңалық болды.XIX ғ. Чарлз Дарвиннің жасаған эволюциялық ілімі аса маңызды кезең болды. Адам соған сәйкес органикалық дүниенің дамуының тұтас жүйесіне енді.
Көрнекті чехтың ұлы педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670ж) балаларды сезім ерекшеліктеріне байланысты оқыту жүйесін құру керектігі туралы ең алғаш өз пікірін ұсынып, мектепке дейінгі тәрбиенің алғашқы жүйесін жасады. Осы негізде Ұлы дидактика, Суретті көрнекі әлем еңбектері шықты.
1712-1778 жылдары мектеп жасына дейінгілердің психикалық ерекшеліктерін егжей-тегжейіне дейін толық байқаған Жан-Жак Руссо баланың өздігінен дамуына ерекше мән беріп, оның дүниені танып білу негізі табиғат болуы керек деді. Табиғаттың өзі баланың ақыл-ойын дамытудың негізі. Ал тәрбиешінің рөлі - іс-әрекет барысында әрі қарай ұйымдастыру.
1746 - 1824 ж Генрих Пестолоций баланы үлкендердің жүйелі түрде үйретіп отыруына үлкен мән беру маңызды мәселе деп қарастырды. Ол кісі баланың жеке басын қалыптастыруда отбасының, әсіресе анасының рөлі ерекше деп бағалаған. Онда табиғи дарындылық принциптерін басшылыққа ала отырып, баланың жас ерекшелігін ескеруді талап етті.
Жеке адамды қалыптастырудағы тәрбие рөлінің құдіреті туралы көзқарасты XVIII ғасырдағы Ресейдегі алдыңғы қатарлы ағартушылар да жүйелі түрде қолдады. Мысалы, В.И.Татишев өзіндік ақылдың даму көзі жас адамға өзгенің іс-тәжірбиесін меңгеру болып табылады деп атап көрсетті. Бұл тәжірбие тіл арқылы немесе жазбаша түрде беріледі. Сондықтан адам екінші бір адамның еңбегінің көмегінің жемісі болып есептеледі. Ең алғаш балалық шақтың психикалық дамуының жас кезеңдерінің түп нұсқасын салған осы В.И.Татищев болды.
XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың бас кезінде шетел психологтары В.Штерн, Э.Мейман, А.Бине, К.Коффка, К.Бюллер, т.б өз еңбектерінде балалар психологиясы туралы мәселелерді қорытындылап, негізгі бағыттарға қысқаша талдау жасады. Революциядан кейінгі қайта өрлеу жылдарында диалектикалық материализм негізінде де бала психикасының дамуы туралы Ресейде эксперименталдық балалар психологиясы ерекше қарқынмен жұмыс жасады. Атап айтар болсақ, А.Ф.Лазурский, А.П.Нечаев, И.Кросногорский, В.М.Бехтерев, Н.М.Шеловановтардың физиологиялық зерттеулері соның дәлелі.
Ал Лев Семенович Выготскийдің жоғарғы психикалық функцияның тарихи мәдени даму теориясы, Психикалық дамудың жас дағдарыстары атты зерттеу жұмыстары балалар психологиясы ғылымы үшін теңдесіз құнды материалдар болып есептелуде.
Баланың ақыл-ойының дамуының негізгі күші мен себептері жөнінде де түрлі педагогикалық ой-пікірлер айтылды. Мұндай негізгі себепші күшке баланың үлкендерге еліктеуі, үлкендерден оқып үйренуі жатады. Сонымен қатар баланың адамгершілік сезімі мен ақыл-ойының дамуы үшін тілінің шығуы сөздік қорының дамуының рөлі ерекше екенін атап көрсетті.
Балалар психологиясының отандық ғалым болып бөлініп шығуына И.М.Сеченов пен К.Д.Ушинский еңбектерінің де өзіндік үлесі бар. Мысалы, И.М.Сеченовтың 1829-1905 Бас миының рефлекстері деген еңбегінде кішкентай балалардың рефлекторлық әрекетінің алғашқы даму барысын бақылай жүріп, сезгіштігінің даму бағытын, қимыл-қозғалысын, олардың ойлауының алғашқы формасын, ес, ерік, зейіннің сөйлеген сөзінің және өзін-өзі танып білу өзгешеліктерін көрс етіп берді.
Ұлы психолог, физиолог Иван Петрович Павлов 1849-1936 жылы өзінің Ой элементі - деген еңбегінде сөз туралы екінші сигналдық жүйе, - деп баланың психикалық әрекетінің қалыптасуы туралы тұңғыш рет бағалы материалистік түсінік берді.
Баланың жеке басының дамуындағы оқыту мен тәрбиенің рөлі туралы әлде қайда прогрессивті ойды дамытып, жақсы негізін салған И.М.Сеченов пен К.Д.Ушинский Адам тәрбиенің тиегі - деген еңбегінде баланың жеке басының жан-жақты даму жағдайларының басты себептерін барлық жағынан көре отырып, баланы оқыту жүйесіне бағалы педагогикалық кеңес берді. Тамаша педагог әрі психолог К.Д.Ушинский баланың дамуын жеке өзінің белсенді ойлауы мен таным әрекеті еңбегінің жемісі деп атап көрсетті.
К.Д.Ушинскийді балалар психологиясының негізін салушы деп қарастыруға болады.
Қазақстанда Бала психологиясына қатысты еңбектер жазған психологтар: С.Балаубаев, Е.Суфиев, Ш.Әлжанов, А.Темірбеков, М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев, т.б. Балаларды жан-жақты зерттеумен басқа ғылымдар да айналысады. Әр ғылым өз зерттеу мақсатарына қарай түрлі бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Баланың бойының өсуін, салмағының артуын, дене пропорциясының өзгеруін, нерв жүйесінің құрылымы мен жұмысының жетілуін, ішкі секреция бездерінің жұмыс атқару өзгерістерін - жас ерекшелігі анатомиясы мен физиологиясы зерттейді.
Қазіргі балалар психологиясын зерттеудің педагог үшін теориялықта, практикалық та маңызы зор. Өйткені баланың жас кезеңіне байланысты айырмашылық дағдарыстарын зерттеп білу педагогқа программалық материалдың көлемін анықтауға септігін тигізеді. Психологияны жете игеру тәрбиешілерді көптеген қателіктерден сақтануға жөне балалармен дұрыс байланыс қарым-қатынас орнатуға көмектеседі және педагогтарға тек баланы түсініп қана қоймай, қолдап, жақсы қасиеттерін дамытуға, баланың жан дүниесін сезе білуге көмектеседі. Оқу-тәрбие жұмысы, ғылым саласында болып жатқан реформалық жаңалықтарды ғылыми тұрғыда зерттеу осы ғылымның негізгі міндеті. Мысалы, баланы мектепке 6 жастан бастап оқыту, басқа ұлт мектептерінде қазақ тілін кеңінен игерту немесе мүмкіндігіне қарай бастауыштан бастап шет тілдерін игерту. Ауылдық жердегі мектептің оқу-тәрбие үдерісінің ерекшелігі халықтың бала тәрбиесіне байланысты жинақтаған бай тәжірибесі, психологиялық идеялар ғылыми тұрғыдан жан-жақты талдауды талап етеді. Осының бәрін балалар психологиясынсыз шешу мүмкін емес.
Баланың барлық іс-әрекеті үлкендерден өзгеше қалыптасады. Мәселе
оның білімін үлкендердің білімімен салыстыруға болмайтындықтан емес, қарапайым күнделікті бақылауларынан баланың сезінуі, ойлауы үлкен кісілердей емес екендігін білеміз. Сәбидің сезімдері күшті, бірақ көбіне тұрақсыз болулары мүмкін. Бүгін құштар болған нәрсесін ертең ұмытып кетуі ғажап емес. Үлкендердің астарлап сөйлегенін балалар түсіне бермейді. Жас бала өзін қызықтырмаған істі зорлап орындай алмайды.
Үлкендер кейде баланың ақылына таң қалады. Шынында бұл жердегі құпия ақылда емес, табысқа тез жетуде, бала кеше қолынан келмегенді бүгін үйреніп, үлгермегендігінде жатыр. Олардың барлығы да дамудың бір кезеңдерінен, сатыларынан өтеді. Осы жағдайларды ескеріп тәрбиешінің балалармен жұмысжасауы тәрбиешінің білімділігін талап етеді
Бала психологиясының ерекшеліктері
Психика үнемі өзгерістерге ұшырайды, бірақ оның құрамы бәрі бірдей өзгермейді, оның көп және аз мөлшерде дамуға ұшырайтын қасиеттері бар. Сонымен қатар өзгерілетін қасиеттер психикалық дамудың тірегі және негізгі шарты болып есептелінеді.
20-ғасырдың басында балалардың психикалық дамуының қайнар көздерін әр түрлі түсіндіруші екі ағым айқындалды. Бұл бағыттар бір-бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды, биологиялық немесе әлеуметтік факторды алуымен ерекшеленеді.
Биологиялық фактор мен әлеуметтік фактордың бала психикасының дамуына тигізетін әсеріне келсек, осы 2 фактордың қайсысы баланың жеке басының дамуында шешуші рөл атқарады деп айтуға болмайды.
Бұл екеуі бірінің жұмысын бірі толықтырып отыратын және бір-біріне тәуелді. Бұл туралы бірнеше психологтар зерттеу жұмыстарын жүргізген. Соның бірі А.В.Брушлинский. Балаларда туған бетте ересек адамға тән мінез-құлық болмайды. Дегенмен де мінез-құлықтың қарапайым формалары шартсыз рефлекстер балаға іштен туа қалыптасуы да, баланың психикасының одан әрі дамуына, өсіп-жетілуіне шешуші рөл атқарады. Бала алғаш рет дүниеге келгенде органикалық қажеттіліктер жиынтығымен оттегімен тыныс алуға, қоршаған ортадағы белгілі бір температураға, тамақтануға деген қабілеттілік пен өз қажеттілігін қанағаттандырудағы белгілі бір рефлекстік механизммен дүниеге келеді.
Қоршаған орта әсерінен балада қорғану, бейімделу, икемделу рефлекстері болады. Ол баланың психикалық дамуы үшін шешуші рөл атқарады. Өйткені, ол сыртқы орта әсерін қабылдап, қорытындылаудың негізін құрайды. Ал, әлеуметтік фактор тек қана осының дамуына себепші болатын түрткі.
Ал, биологиялық факторды жоққа шығарып отырған шетел психологтары мына мысал негізіне сүйенеді. Психолог В.Перьоның естелігінен: ХХ ғасырдағы Франция этногрофы парагвай орманындағы көшіп-қонып жүрген гуайкал тайпасымен кездескіміз келді. Бірақ экспедиция жақындағанын сезіп гуайкалдар көшіп кетеді. Асығыста жұртта 2 жасар қызы қалып қойып, оны Виллар Франциядағы шешесіне тәрбиелеуге береді. Арада 20 жыл өткенде гуайкал қызы француз, парагвай, испан тілін біліп шығады және атақты этногроф болады. Ол осы мысалға сүйеніп тұқым қуалау арқылы берілетін биологиялық фактордың ешқайсысының да мәні жоқ деп есептеді. Олардың айтуынша бала психикасының дамуы түгелдей әлеуметтік ортаға байланысты болды.
Бұл оқиға дұрыс болғанымен баланың жеке басының қалыптасуында
тұқым қуалаушылықтың ешқандай әсері жоқ дегенге дәлел бола алмайды. Өйткені, біріншіден гуайкалдар тұқымы жағынан француздардан кем емес, ал екіншіден егер де сол қыз орнында маймылдың немесе хайуанның баласы болса, француздар қанша мәдениетті, жан-жақты болғанымен де одан адам жасап ала алмайтын еді. Сондықтан да мәселенің мәні тек қана әлеуметтік ортада емес, гуайкал қауымында да іштен туа берілетін тұқым қуалаушылық шартсыз рефлекс бар. Соның нәтижесінде қыздың француздық мәдениеттің жетістігін меңгеруіне мүмкіндігі болды. Гуайкалдардың да, басқа ортаның да тұқым қуалау арқылы берілген қасиеті бірдей болғанымен олардың әлеуметтік ортасы әр түрлі.
Өйткені Парижде гуайкалдарға қарағанда мәдениет те, білім де жоғары. Осы түрткі нәтижесінде қыз үлкен дәрежеге жетті.
Егер қыз өз руының ортасында болғанда осы ұрпақтан-ұрпаққа берілген мүмкіндікті түгелдей оята алмай, психикасы ойдағыдай дамымаған болар еді.
Шартсыз рефлекстер негізінде балада ерте кезден-ақ сыртқы әсер мен олардың күрделіленуіне, реакцияның ұлғаюына апаратын шартты рефлекстер қалыптаса бастайды. Қарапайым шартсыз және шарты рефлекторлық механизмдер баланың сыртқы дүниемен тұңғыш байланысын қамтамасыз етеді және үлкендермен қарым-қатынас жасауға, қоғамдық тәжірибенің әр түрлі формаларын игеру сатысына өтуге жағдай жасайды. Балалық шақта балдырған ағзасы, атап айтқанда, оның нерв жүйесі мен миы шұғыл жетіледі. Өмірінің алғашқы жеті жылы бойына баланың миының массасы шамамен үш жарым есе өседі, оның құрылысы өзгереді, қызметі жетіледі. Психикалық даму үшін мидың жетілуінің маңызы зор, өйткені осыған байланысты түрлі іс-әрекетті игеру мүмкіндігі артады, баланың еңбекке қабілеттілігі көтеріледі, неғұрлым жүйелі де мақсатты бағытталған оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыруға жағдай жасалады.
Баланың жетіліп келе жатқан миы ұзақ уақыт бойы біртектес іс-әрекеттен туатын ауыртпалықтарды ерекше сезінгіш келеді. Осыған байланысты тәрбиелік әсер ету және оның сан алуандылығын белгілі мөлшермен жүргізу деген маңызды міндет туады. Мынандай өкінішті жағдай болғаны белгілі: жас ата-ана баласымен айналысуға уақыты болмағандықтан, әрдайым оның өзін жалғыз тастап кетуді және радионы қосып қоюды әдетке айналдырған. Сәби миының есту саласында тұрақты тежелу пайда болған. Сөйтіп, ол саңырау болып қалған.
Баланың психикалық дамуындағы әр түрлі шарттардың осы үдерісте атқаратын рөлі бірдей емес. Табиғи шарттар ағзаның құрылысы, оның қызметі, оның жетілуі - психикалық даму үшін қажетті, онсыз даму мүмкін емес, бірақ олар баланың бойында қандай психикалық қасиеттердің пайда болатынын анықтамайды. Ол өмірдің жағдайы мен тәрбиеге байланысты. Солардың ықпалымен бала қоғамдық тәжірибені бойына сіңіреді.
Жас ерекшелік психологиясына енген биогенетикалық заң психикалық дамуын биологиялық эволюцияның негізгі сатыларын және адамның мәденитарихи кезеңдерін қайталау ретінде бейнелеуге мүмкіндік береді.
Бала психикасының дамуына қарама-қайшы бағыт социологизаторлық бағытта байқалады. Оның негізі - ХVІІ ғ. философ Джон Локктың идеясынан шыққан. Оның ойынша, бала дүниеге таза санамен келеді, таза тақта ретінде деген.
Бала дамуына әсер етуші биологиялық факторлар:
1.Тұқымқуалаушылық
2.Орта
3.Тәрбие
Бала дамуына әсер етуші биологиялық факторға бірінші тұқымқаулаушылық жатады. Психологтардың ойынша темпераментжәне қабілет нышандары тұқым қуалайды. Әр адамда орталық жүйке жүйесі түрліше қызмет етеді. Күшті және қозғалғыш жүйке жүйесі; қозу процесі басым, холерик, қозу және тежелу процестерінің аз қозғалатын және тежелу процесіне ие - флегматик. Меланхоликтің жүйке жүйесі әлсіз, сезімтал.
Бала дамуына әсер етуші екінші фактор - орта. Табиғи орта психикалық дамуға жанама әсер етеді.
Баланың жеке басының дамуындағы күрделі үдерістерге ойдағыдай басшылық жасауда тәрбие баланың психикалық даму деңгейінің не екенін жақсы түсіну керек.
Бала дамуына әсер етуші екінші фактор - тәрбие. Баланың психикалық дамуына үлкендер тәрбиесінің әсері мол.
Баланың санасы мен психикасы көпшілік жағдайда қоршаған ортаның ықпалы мен оған берілетін тәрбиеге байланысты дамиды.
Л.С.Выготский бала дамуының төрт негізгі заңдылығын бөліп
көрсетті.
1.Циклділік
2.Дамудың бірқалыпты еместігі
3.Бала дамуындағы метаморфоздар
4.Бала дамуындағы эволюция және инволюция үдерістерінің байланысы.
Мектеп жасына дейінгі балалардың психикасының дамуы бір қалыпты болмайды. Мұнда біз бір жас кезеңдерінің бір шама баяу, бірте-бірте өзгеретіндігін, ескі психикалық белгілер жойылып, оның орнына жаңа психикалық белгілердің пайда бола бастайтынын байқап, кейде бала неғұрлым тез секірмелі түрде адам танымастай өзгеріп кететінін байқаймыз. 1-кезеңнен 2-кезеңге бұлай секірмелі өтуді дағдарысты даму дейміз.
Баланы туғаннан мектепке барғанға дейінгі аралықтың өзінде бірнеше дағдарысты кезеңдерден өтеді. Әр даму кезеңдеріне өткен сайын, бір жастан екінші жасқа көшу барысында адам үлкен дағдарыстарға ұшырайды. Дағдарыс - қалыпты емес, ауытқушылық құбылысы, дұрыс емес тәрбиенің нәтижесі. Дағдарыстардың бір қалыпты кезеңдерден ерекшелігі, ұзаққа созылмайды, бірнеше ай болуы мүмкін. Осы қысқа, бірақ буырқанды сатыда баланың дамуында көп қасиеттер тез өзгереді. Осы уақытта даму апаттық сипатқа ие болуы мүмкін. Дағдарыстық және қалыпты даму кезеңдері кезектеседі. Сондықтан да Л.С.Выготскийдің жас ерекшелік кезеңі келесі сипатқа ие:
- жаңа туылу дағдарысы - нәрестелік жас (2 ай-1 жас);
- 1 жас дағдарысы - ерте балалық шақ (1-3жас):
- 3 жас дағдарысы - ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz