Жеткіншек алды жасында мінездің ауытқуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жеткіншек алды жасында мінездің психикалық жарақат алу мүмкіндігін
арттыратын және мінез-құлық нормаларынан ауытқитын кейбір қасиеттері пайда
болады. Көптеген жасөспірімдердің сезімдері, ойлары, әрекеттері түрлаусыз
болып келеді. Бұл: а) елгезектік пен сылбырлық арасындағы қайшылық; б)
көңіл-күй өзгерістеріне алып келетін қызбалық пен сылбырлықтың тез ауысып
отыруы ретінде көрінеді.
Импульсивтілік пен көңіл-күй тербелістері жеткіншектердің ойы мен
қылықтарына ықпал етеді. Олардың бір пікірге келуі жылдам және тез
өзгереді. Өз іс-әрекеттері мен басқа адамдардың қылықтарын дұрыс бағалай
бермейді, дос таңдауда көбінесе қателесіп жатады, кездейсоқ жанжалдарға
килігеді.
Бірқатар психологтар жеткіншек алды жасын ауыр апаттар кезеңі деп
есептейді, торығу мен үмітсіздік ахуалы, есіріктену, агрессивтілік,
қаталдық, қылмыс істеуге бейімділік туралы айтып өтеді.
Жасөспірімдердің моральдық саласында екі ерекшелік пайда болады:
а) қоғамдық мінез-қүлық пен адамдар арасындағы өзара
қарым-қатынас нормалары мен ережелеріне байланысты мәселелерге жіті назар
аударуы;
б) салыстырмалы түрде тұрақты және кездейсоқ ықпалдардан тәуелсіз
моральдық көзқарастар, пікірлер, баға беру қалыптаса бастайды.
Жеткіншек алды кезеңіне жоғары эмоциялық қозғыштық қасиеті тән,
ұстамдылық жүйесі мен өз мінез-құлқын саналы түрде бақылау нашар дамыған,
сондықтан да жасөспірімдер ойлары мен пікірін өзгертуге уақыт кетіргенді
ұнатпайды, тез іске көшеді. Бұл қасиеттер көбінесе құқыққа қайшы әрекетке
алып келеді немес оларды жасы үлкен қүқық бүзушылар пайдаланады, кәмелетке
толмағандар тарапынан ойланбай әрекет жасау мүмкіндігі туралы білетін олар
оңтайлы сәтті тауып, кәмелетке толмағандарды қылмыс істеуге тартады.
Кейбір жасөспірімдерге олардың тұрмыс және тәрбие шарттары белгілейтін
дөрекілік, өжеттік, шамшылдық қасиеттері тән. Бұл қасиеттерді олардың теріс
іс-әрекеттері салдарынан болатын қоғамдық тәртіпті бүзуға байланысты
құқыққа қарсы әрекеттерін тергеу барысында ескеру қажет. Кәмелеттік жасқа
толмаған айыпталушылардың (сотталушылардың) құқықтық қорғау мәселелерінің
үлкен маңызы бар.
Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтары мен мүдделерін корғауға,
сотта жүргізудің тәрбиелік ықпал етуін қамтамасыз етуге бағытталған және
кәмелеттік жасқа толмағандардың істері бойынша іс жүргізуде қолданылатын
ерекше ережелерді көздейді. Оларда кәмелеттік жасқа толмағандардың
құқықтары мен заңды мүдделеріне қосымша кепілдіктер мазмұндалған, сондықтан
іс жүргізу әрекеттерін реттейтін жалпы нормаларды ауыстырмайды, тек
толықтырады. Бұл нормалар қылмыс жасаған сәтте 18 жасқа толмаған адамдардың
істеріне қолданылады.
Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстары туралы істерді қозғаудагы
прокурорлық қадағалау, анықтау, алдын ала тергеу органдарының және соттың
заңдылықты тура орындауы мен сақтауына кепілдік болып табылады. Кәмелеттік
жаска толмағандардың істері бойынша тергеуші іс жүргізген кезде:
- тергелушінің жасы (туғанжылы, күні, айы); кәмелеттік жасқа
толмағанның тура жасы туу туралы куәлікпен немесе төлқұжатпен расталуы
тиіс. Мұндай фактіні анықтау бұл тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту,
оған қандай жаза шарасын қолдану туралы мәселелерді дұрыс шешу үшін қажет.
Іс материалдарына кәмелеттік жасқа толмағанның жасын растайтын құжат
көшірмесі қоса тіркеледі.
Кәмелеттік жасқа толмағанның жасын айқындайтын құжаттар болмаған
жағдайда немесе олардың түп нұсқалылығына күмән келтірілген жағдайда, жас
мөлшерім анықтау үшін сараптама тағайындалады.
Соттық тергеу тәжірибесі көрсетіп отырғанындай, медициналық
сараптамасы тексерілушінің дене бітімі мен интеллектуалдық дамуына қарап,
оның жасын шамалай анықтайды, мысалы, тексерілушінің жасы (аты-жөні
көрсетіледі) 14-17 жасқа сәйкес келеді.
Кәмелеттік жасқа толмағанның жеке басын зерттеу барысында жасты
анықтаумен катар, оның жалпы даму деңгейін, яғни нақты жағдайға
бейімделуін, өз тәртібін ақылмен баға беруі мен өз әрекеттеріне басшылық
етуін анықтаудың маңызы зор.
Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясында, қылмыстық заңдарды бұзған
немесе оны бұзды деп айыпталған әрбір баланың, оның кінәсі заңға сәйкес
делелденбейінше кінәсіздік презумпциясы кепілдігіне ие болу керектігі
көзделген. Балаға оған қарсы айып тағылғандығы жөнінде дереу және тікелей
хабарлау керек, ал қажет болған жағдайларда оның ата-аналары немесе заңды
қамқоршылары арқылы жеткізу қажет. Оған өзін қорғауға дайындалған және
қорғауды жүзеге асырған кезде құқықтық және басқа да қажетті көмек
көрсетілуі тиіс. Кәмелеттік жасқа толмағанның жасырын болу
(конфиденциалдық) құқығы оған керексіз жариялылық келтірмеу үшін немесе
абыройына нұқсан келтірмес үшін барлық сатыда құрметтелуі қажет
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша іс жүргізу
тәртібі өзіндік ерекшеліктерге ие.
Кәмелетке толмағандардың ісін жүргізуде және алдын ала тергеу
жұмыстарын жүргізуде мынадай ерекшеліктер бар:
а) кәмелетке толмағандардың алдын ала тергеу ісін жүргізу міндетті;
б) кәмелетке толмағандардың істері бойынша жариялылықты шектеу.
Сезікті, айыпталушы кәмелетке толмағанның құпиялылыққа құқығы қылмыстық сот
ісін жүргізудің барлық кезеңдерінде сақталуы тиіс.
в) ересектермен бірге қылмыс жасауға қатысқан кәмелетке толмағанға
қатысты іс алдын ала тергеу сатысында жеке іс жүргізуде бөлінеді;
г) кәмелетке толмағанға қатысты жеке іс жүргізуге бөлу істің жағдайын
жан-жақты және объективті зерттеу үшін айтарлықтай кедергі жасауы мүмкін
болатын жағдайларда ересектермен қоса бір іс бойынша жауапқа тартылған
кәмелетке толмаған айыпталушыға тиісті ережелері қолданылады.
Кәмелетке толмаған сезіктіні, айыпталушыны шақырудың тәртібі.
Кәмелетке толмаған сезікті, айыпталушы тергеушіге немесе сотқа оның ата-
аналары немесе басқа занды өкілдері арқылы, олар болмаған жағдайда қорғаншы
және қамқоршы органдар арқылы шақырылады, ал арнаулы балалар мекемесінде
немесе қамауда ұсталатын кәмелетке толмаған адам сол жердің әкімшілігі
арқылы шақырылады.
Кәмелетке толмағандарды ұстау және оларға шара қолданудың кейбір
ерекшеліктері бар. Кәмелетке толмағандарға, сезіктілерге, айыпталушыларға
қарастырылған шаралар қолданылуы мүмкін. Кәмелетке толмағанды, сезіктіні,
айыпталушынының ата-анасының, қамқоршыларының, қорғаншыларының немесе басқа
да сенімге ие адамдардың біреуінің кәмелетке толмағанның тиісті мінез-құлқы
мен оның қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуін
қамтамасыз етуін өзіне қабылдайтынын тергеу органы немесе тергеуші айтуы
міндетті.
Кәмелетке толмағандарды бұлтартпау шарасы ретіңде қамауда ұстау тек
көрсетілген негіздер болса, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған кезде ғана
қолданылуы мүмкін. Кәмелетке толмағанды алдын ала тергеу сатысында қамауда
ұстаудың мерзімі көзделгендей тек алты айға дейін ғана созылуы мүмкін
(ересектерге - тоғыз ай, ерекше жағдайларда он екі ай) Кәмелетке
толмағандар ересектерден бөлек ұсталады.
Тұтқыңдау, қамау немесе қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы кәмелетке
толмағанның ата-аналары немесе оның басқа да занды өкіддлері, ал олар
болмаған жағдайда жақын туыстары дереу хабардар етіледі.
Кәмелетке толмаған айыпталушыдан, сезіктіден жауап алу көзделген
тәртіппен қорғаушысының, заңды өкілінің, ал қажет болған жағдайда
психологтің, педагогтің қатысуымен жүргізіледі. Қорғаушы жауап алушыға
сұрақтар қоюға, ал жауап алу аяқталғаннан кейін хаттамамен танысуға және
айғақтар жазбасының дұрыстығы мен толықтығы туралы ескертулер жасауға
құқылы.
Кәмелетке толмаған сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу төәуліктің
күндізгі уақытында жүргізіледі және үзіліссіз екі сағаттан артық, ал жалпы
алғанда күніне төрт сағаттан артық жалғастырылуға тиіс емес. Кәмелетке
толмаған анық шаршаған жағдайда жауап алу осы уақыт аяқталмай-ақ тоқтатылуы
тиіс.
Кәмелетке толмаған сезіктінің, айыпталушының ата-анасы немесе басқа да
занды өкілдері болған кезде олардың іске қатысуы міндетті. Олар болмаған
жағдайда қорғаушы және қамқоршы орган өкілінің қатысуы міндетті. Заңды
өкілге, ал ол болмаған жағдайда қорғаншы және қамқоршы органның өкіліне
іске қатысуға тергеушінің қаулысымен кәмелетке толмағаннан сезікті немесе
айыпталушы ретінде алғашқы жауап алынған кезден бастап рұқсат етіледі.
Бұндайда қорғаушы немесе қамқоршы орган құқылы:
а) өз құқықтарына түсінік алу;
б) кәмелетке толмағанға не жөнінде күдік келтіріліп немесе айып
тағылып отырғанын білуге;
в) айып тағу кезінде қатысуға, кәмелетке толмағаннан жауап алуға,
сондай- ақ тергеушінің рұқсатымен, кәмелетке толмаған айыпталушының,
сезіктінің және оның қорғаушысының қатысуымен жүргізілетін өзге де тергеу
іс-әрекеттеріне қатысуға;
г) өзі қатысқан тергеу іс-әрекетгерінің хаттамаларымен танысуға және
ондағы жазбалардың дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескерту жасауға;
д) өтінімдер мен қарсылықтарды мәлімдеуге, тергеуші мен прокурордың іс-
әрекеттері мен шешімдеріне шағым жасауға;
ж) дәлелдемелер ұсынуға;
з) тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға,
одан кез келген көлемде кез келген мәліметті көшіріп алуға құқығы бар.
Занды өкілдің іс-әрекеттері кәмелетке толмағанның мүдделеріне залал
келтіреді немесе істі объективті тергеуге кедергі келтіруге бағытталған деп
сынауға негіз болса, занды өкіл ісі қатысудан шеттетілуі мүмкін. Ол туралы
тергеуші дәлелді қаул шығарады. Іске қатысуға кәмелетке толмағанның басқа
заңды өкілі жіберілуі мүмкін.
Тергеуші алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін кәмелетке толмағанға
танысу үшін оған кері әсер етуі мүмкін материалдарды көрсетпеу, бұл
материалдармен занды өкілді таныстыр туралы қаулы шығаруға құқылы. Он алты
жасқа толмаған, сондай-ақ осы жасқа толған, бір психикалық дамуында
мешеулік белгілері бар кәмелетке толмаған сезіктінің, айыпталушының
қатысуымен іс жүргізу; әрекеті кезінде педагогтің немесе психологтің
қатысуы міндетті. Он алты жасқа толған кәмелетке толмағандар туралы іс
бойынша педагог немесе психолог іске қатысуға тергеушінің, соттың ұйғаруы
бойынша не қорғаушының, занды өкілдің өтініші бойынша жіберіледі.
Кәмелетке толмаған айыпталушы өмір сүру және тәрбие жағдайы бойынша
бұрынғы тұратын жерінде қалдырыла алмайтын жағдайларда ол прокурор санкция
берген тергеушінің қаулысы бойынша немесе соттың қаулысы бойынша арнаулы
балалар мекемесіне орналастырылуы мүмкін. Бұл жағдайларда кәмелетке
толмаған айыпталушылар аталған балалар мекемесіне баска негіздер бойынша
орналастырылған кәмелетке толмағандардан бөлек ұсталады.

Кәмелетке толмағандар істері бойынша қылмыстық істі дәл уақытында
қозғау өте маңызды екендігі атап өтілді.
Қылмыстық іс қозғау үшін сылтаудан басқа алдын ала тексерудің
негіздері мен материалдары болуы қажет1. Бастапқы мәліметтерді алдын ала
тексеруден өткізудің мақсаты қылмыстық іс қозғау туралы негізделген шешім
үшін қажетті, қылмыс белгілерінің бар болуы немесе болмауы туралы қосымша,
неғүрлым толық мәліметтерді алу болып табылады. Жасөспірімдер қылмысы
туралы түскен материалдарды, мәлімдемелер мен хабарламаларды алдын ала
тексерудің негізгі міндеті қылмыстық іс қозғаудың заңдылығы мен
негізділігін қамтамасыз етуде жатыр. Осы міндетті қылмыстық қудалау
органдарының шешу қажеттігі оған (қылмыстық қудалау органына) дайындалып
жатқан немесе істелген қылмыс туралы белгілі болған әрбір нақты жағдайда
туындап отырады.
Бірақ, қылмыс туралы хабарлама қылмыстық заңда көзделген қоғамдық
қауіпті іс-әрекет белгілерінің болуы туралы қорытындыға келу үшін
жеткіліксіз немесе жалған болып шығуы мүмкін. Сондықтан, құзіретті
органдарға қосымша мәліметтер жинау және қылмыстық іс қозғау туралы негізгі
шешім қабылдау үшін қылмыс туралы мәлімдемелер мен хабарламаларды алдын ала
тексеру түріндегі іс-әрекеттің нақты түрі жүзеге асырылады [9].
Бұл іс-әрекетті іске асыру Қылмыстық іс жүргізк кодексінде көрсетілген
құралдар мен тәсілдерді қолданып жүргізіледі, олар: түсініктемелер алу,
материалдар мен құжаттарды сұратып алу, сондай-ақ оқиға болған жерді қарау
мен сараптама сияқты кейбір тергеу әркеттерін жүргізу.
Кәмелетке толмағандар қылмыстары туралы істер бойынша материалдар,
хабарламаларды алдын ала тексеруден өткізу кезінде баланың жасын анықтау,
жасөспірім құқық бұзушының өзінен, оның ата-анасынан, тәрбиешілерден, басқа
да оның өмір сүруі мен тәрбие жағдайын білетін адамдардан түсініктемелер
алу; сондай-ақ жасөспірімнің отбасындағы, оқу орнындағы өмірі мен тәрбие
жағдайларын тексеру қажет.
Осындай заңда реттелген алдын ала тексеру нәтижесінде қабылданған
қылмыстық қудалау органының қылмыстық іс қозғау немесе қылмыстық іс
қозғаудан бас тарту туралы шешімі осы қылмыстық іс жүргізу қызметінің
мақсаты болып табылады.
Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы мәселені
шешу үшін тексеру процесінде, алдын ала тергеу жүргізуді талап ететін,
қылмыс белгілерінің бар екендігін білдіретін мәліметтерді жинау қажет.
Жасөспірімдерге қарсы қылмыстық іс қозғауда негізсіз фактілердің жолын кесу
мақсатында материалдарды ұқыпты және жан-жақты тексеру, қабылданған
шаралардың уақыты мен іс-әрекетін қадағалау қажет, өйткені алдын ала
тексерусіз қылмыстық іс қозғау негізсіз қозғалған қылмыстық істердің
көбеюіне, демек, азаматтарды қылмыстық процеске тартып әурелуге, жасөспірім
психикасы жарақаттауға, дәлелденбеген фактілер бойынша тергеу органдарының
зая кеткен еңбегіне алып келер еді.
Тергеу әрекеттерін жүргізу тәртібі: бекітілген ережелерге сәйкес
жүргізіледі, яғни тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде техникалық құралдар
қолданылады және қылмыс іздері мен заттай дәлелдемелерді алу, бекітудің
ғылыми негізділген тәсілдері қолданылады. Бірақ мұнда зорлық, қорқыту,
заңсыз шараларды қолдану, оған қатысушы адамдардың өмірі мен денсаулығына
қауіп төндіруге болмайды.
Криминалистика бастапқы тергеу әрекеттерінің сипатына байланысты
қылмыстардың екі тобын бөліп көрсетеді:
а) оқиға болған жерді қарау жүргізілетін қылмыстар (ұрлық, қарақшылық
шабуыл, тонау кісі өлтіру және т.б.)
ә) қылмыстық іс қозғауға негіз болатын бастапқы материалдарды зерттеу
алдымен жүргізілетін қылмыстар (құжаттарды алу және қарау және т.б.).
Кәмелетке толмағандар істеген қылмыстар көбінесе бірінші топқа жатады,
соған орай оқиға болған жерді қарау-тергеу әрекеттерінің ішінде немесе
алғашқылардың бірі болып табылады. Ол жасөспірімнің қылмысқа қатысын
куәландарытын мәліметтер мен қылмыстың жасалу механизмінің басқа да
ерекшеліктері анықтауға мүмкіндік береді.
Оқиға болған жерді қарау процесінде қылмыс субъектісі туралы және
зерттелетін оқиғаның басқа да мән-жайлары туралы болжаулар ұсынылуы мүмкін.
Мұндай долбарлардың (бастапқы болжаулар) логикалық негізі бар, бірақ өзінің
жеделдігімен және динамикасымен ерекшеленеді. Пайда болған долбарлардың
кейбіреуі қарау барысында соңына дейін тексеріледі, басқалары үшін қарау
нәтижелері ары қарай тексеруге база қалыптастырады.
Оқиға болған жерді қарауды бастаған кезде қылмыстық қастандық
субъектісі туралы тергеушінің қолында бар ақпаратқа байланысты мынадай
ситуациялар мүмкін: а) қылмыстық қастандық субъектісі туралы қандай да бір
мәліметтер; ә) кәмелетке толмаған құқық бұзушы қарау басталғанға дейін
анықталған; б) қылмыс істеген жасөспірім оқиға орнында ұсталған; в)
жәбірленушінің, куәнің түсініктемелерінен қылмысты істеген адам сырт
келбеті мен қылықтарына қарағанда, жасөспірім екендігі байқалады.
Оқиға болған жерді қарау барысында жасөспірім сезіктінің жеке бас
қасиеттері туралы ақпарат алынуы мүмкін. Оқиға болған жерді қарау кезіндегі
іздеу шаралары жасөспірімнің нақты білімдерін, дағдыларын анықтауға
бағытталуы тиіс (техниканы меңгергендінгі және т.б.).
Кәмелетке толмағандар істері бойынша тінту ұрланған мүлікті, қылмыс
құралын, киім мен аяқ киімді және т.б. табу үшін жүргізіледі. Сонымен бірге
тінту жасөспірімнің бірі мен тәрбие жағдайлары туралы ақпарат көзі болып
табылады. Тінту кезінде, ереже бойынша, жасөспірім айыпкердің (сезіктінің)
заңды өкілі қатынасуы тиіс. Тінту жүргізуге дайындық кезінде жасөспірімнің
ата-анасы туралы, олардың адамшылық келбеті, бала тәрбиесіне қатынасы
туралы ақпарат алған дұрыс.
Тінту кезінде кәмелетке толмаған қүқық бұзушының жеке тұлғасын, оның
қызығушылықтарын, өмірімен тәрбие жағдайларын сипаттайтын мәліметтерге
назар аудару қажет, сондай-ақ, әдетте үлкендерге қарағанда өзін-өзі толық
билей алмайтын жасөспірімнің мінез-құлқы мен эмоциялық халі жіті бақылау
керек. Мұндай бақылау тінтудің мақсатына жетуге көмектеседі. Тінту
жүргізілген орында болған отбасының барлық мүшелерінің эмоциялық халін
бақылау да мақсатқа сәйкес келеді.
Жасөспірімдер істері бойынша алдын ала тергеу жүргізу кезінде
қорғаушыны қатысуы міндетті саналады, ол іске қатысуға жасөспірімнен
сезікті не айыпкер ретінде бірінші рет жауап алу сәтінен бастап жіберіледі,
ал айып тағылғанға дейін ұсталған не тұтқындалған жағдайда ұстау не
тұтқындау сәтінен бастап қатысады.
Егер жасөспірім сезікті, айыпкер не болмаса олардың заңды өкілдері
адвокатпен шарт жасамаған болса, тергеуші, прокурор іс бойынша қорғаушының
қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.
Қорғаушы өзіне қабылдаған айыпкерді, сезіктіні қорғаудан бас тартуға
қүқығы жоқ. Бұл айыпкер үшін қылмыстың ауырлығы мен басқа да мән-жайларға
қарамастан, маман-заңгердің көмегін пайдалану кепілдігін береді. Қорғаушы
сезіктінің, айыпкердің заңсыз және негізсіз талаптарына тәуелді емес.
Айыпкердің тағылған айыпты теріске шығаруы егер де қорғаушы мұндай
ұстаным толық, жан:жақты, әділ зерттеу арқылы анықталған істің мән-
жайларына анық қайшы келеді деп есептесе, оның айыпкердің кінәсыздығын
дәлелдеуге міндеттілігін туғызбайды. Алайда бұл ситуацияда да қорғаушы
айыпкердің, сезіктінің кінәсын дәлелденген деп тануға тиіс емес
Айыпкерді әшекерлейтін немесе оның жауапкершілігін ауырлататын мән-
жайларды қорғаушының анықтауы заңды, қорғаушының функциясын өрескел бұзу
болып шығады. Ұстанымдардың келісіміне қол жетпеген жағдайда қорғаушы
айыпкерге (сезіктіге) осы қорғаушыдан бас тарту және басқасын шақыру
құқығын түсіндіреді. Айыпкер (сезікті) жасөспірімнің бас тартуы тергеуші,
прокурор, сот үшін міндетті емес, өйткені осы категориядағы іс жүргізу
кезінде қорғаушының қатысуы сот қатесін болдырмау үшін айыпкердің қылмыстық
іс жүргізу заңына белгілі барлық құралдарды өз бетінше іске асыру
мүмкіндігін шектейтін қасиеттеріне байланысты.
Кәмелетке толмаған айыпкер, сезіктінің ата-анасы немесе басқа да заңды
өкілдері бар болса, олардың іске қатысуы міндетті. Жоқ болған жағдайда
қамқоршылық органының өкілі қатысуы тиіс.
Олар іске қатысуға тергеушінің қаулысымен жасөспірім айыпкерден
бірінші рет жауап алу сәтінен бастап жіберіледі.
Тергеуші 16-ға толған жасөспірімдер істері бойынша алдын ала тергеуді
жүзеге асыру кезінде өз қалауымен немесе қорғаушының не заңды өкілдің
қолдаухатымен педагог немесе психолог қатыстыра алады. Ал жасөспірім 16
жасқа толмаған жағдайда, сондай-ақ осы жасқа толып, бірақ психикалық
дамуында кемшілік белгілері бар болса, онда іске педагогтың, психологтың
қатысуы міндетті.
Жасөспірім айыпкер, сезікті тергеушіге оның ата-анасы не басқа заңды
өкілдері арқылы, олар болмаса қамқоршылық органдары арқылы шақырылады. Ал,
егер жасөспірім арнаулы балалар мекемесінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеткіншектердің қабілетін дамыту жолдары, психологиялық ерекшеліктері
Жеткіншектердің психологиялық даму ерекшеліктері
12 жылдық білім аясында жеткіншек жастағы балаларға психологиялық қызмет көрсету ерекшеліктері
Кіші мектеп оқушыларының мінез құлқының ауытқу себептері
Мінез - құлықтарында ауытқулары бар жеткіншектердің талаптану деңгейінің ерекшеліктері
Жеткіншек жас аралығындағы психологиялық мінез-құлық ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық үйлеспеушілігінің психологиялық мәселелері
Жасөспірімдердің тұлғалық дамуының теориялық негізі
Оқушылар жеке басы мінез-құлық үйлеспеушілігінің психологиялық проблемалары
Эмоционалдық жағдайлардың түрлері және ерекшеліктері
Пәндер