Аффект жағдайында адам өлтіру
Аффект жағдайында адам өлтіру
Қазақстан Республикасы ҚК 101 бабына сәйкес Жәбiрленушiнiң зорлық-зомбылығынан, қорлауынан немесе ауыр балағаттауынан не өзге де заңға қарсы немесе бейморальдық әрекеттерiнен (әрекетсiздiгiнен), сол сияқты жәбiрленушiнiң жүйелі түрдегі құқыққа қайшы немесе бейморальдық мiнез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психиканы күйзелтетін ахуалдан болған кенеттен туындаған қатты жан күйзелiсi (аффект) жағдайында жасалған адам өлтiру.
Аффект жағдайында адам өлтiру кенеттен, терiс фактор əсер еткеннен кейiн тiкелей сол бойда жасалады. Мұнда уақыт аралық үзiлiс болмайды немесе елеулi емес (мысалы, кiнəлi болған жағдайдың мəнiн бiрден түсiнбегенде).
Аффект латын сөзі, қазақшалағанда жан толқынысы деген мағынада қолданылады. Аффектілер деп ерекше күшті, тез пайда болатын және адамды билеп кететін, қысқа мерзімді жүріп өтетін эмоциялық жағдайды айтамыз. Мысалы, қуаныш, қорқыныш, қайғы және тағы да басқа аффектілерін атауға болады. аффектілер негізінен күшті тітіркендіргіштердің әсерінен (сөздермен, басқа адамдардың қылығымен, кейбір жағдайларда болады. аффаектілер көптеген жағдайда кенеттен болады, бірнеше минут жүріп өтеді, адамды тез арада билеп кетеді.
Аффект жағдайында адам елестету және ойлау қабілетін басқара алмай қалуы да мүмкін. Сонымен қатар күшті эмоциялық қозу тез қозғалыстарда, ретсіз сөйлеуде, жиі қатты дауыс шығару түрінде байқалады.
Адамның іс-әрекеті аффект жағдайында кенеттен сезімнің булығып сыртқа шығуы түрінде іске асады. Кей жағдайда аффектілер тежелу жағдайы түрінде және адам ағзасының әлсіреуі ретінде сипатталады. Мәселен, адам кездесоқ қуанған жағдайда не айтарын білмей, аузына сөз түспей абдырып, сасқалақтап қалады. Әсіресе осындай жағдай адамның кездейсоқ қуанышында, ашуы үстінде жақсы аңғарылады. Кейбіреулер ашуланғанда көзім түк көрмеді, не істегенімді білмедім дейді, бұл дұрыс емес, адам әруақытта да өз қылықтарын, іс-әрекетін басқарып отыруға тиісті.
Кенеттен пайда болған қатты және күйзеліс қысқа мерзімді күшейтілген эмоцияны білдіретін физиологиялық аффект. Аффективтік реакцияны келтіретін себепке байланысты өзін өзі ұстау және әрекет ету мүмкіндігін сақтауда санадағы үстемдік етуші жағдайы.
Физиологиялық аффект "төтенше ашу әсерінен жауап ретінде пайда болатын қысқа мерзімді шұғыл эмоцияны" білдіреді. Физиологиялық аффектіден паталогиялық аффектіні ажырату қажет. Яғни патологиялық "ішкі сезім әрекетінің уақытша бұзылу түрінің бірі және есі дұрыс еместік болып табылады". Ал физиологиялық аффектіде керісінше есі дұрыс еместікті болдырмайды, өйткені аффективті ашу қысудың ең қатты кезеңінде де адам "өзін өзі қолына ала алады". Қандайда бір әрекеттерді физиологиялық аффект жағдайында жасайтын азаматтар, есі дұрыс танылады, өйткені оларда қандай да бір мөлшерде өзін өзі ұстау қабілеттілігі аффективті реакцияны келтіретін себепке сәйкес әрекет ету мүмкіндігі сақталады, ақылынан адасу жағдайы болмайды. Соңынан осы ерекше жағдайын есепке ала отырып, заң бойынша жан күйзелу үстінде ашумен қылмыс жасау, жәбірленушінің заңсыз әрекеттерінен туған және жауапкершіліктің заңсыз әрекеттерінен туған және жауапкершілікті жеңілдететін жағдай деп қарастырылады. Кей әдебиеттерде Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 101-ші бабында келтірілген анықтама айқын берілмеген, деп жұр. "Кенеттен пайда болған жан күйзелу" терминің "аффект" терминімен алмастыруды ұсынады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 101-ші бабы бойынша кісі өлтірудің квалификациялау субъективті жағына анализ жасаудың маңызы зор.
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодекстің 99-бабында айтылғандай кісі өлтіру- басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру деп жариялайды. Кісі өліру қылмысы қоғамға қауіпті, қылмыстық құқыққа қарсы әрекет болып табылады. Қоғамға қауіпті дегеніміз демократиялық қоғамдық қатнасқа қауіпті болуын айтамыз. Кез-келген басқа адамға қасақана қаза келтіру жауаптылық көздейтін қоғамға қауіпті және қылмыстық құқыққа қарсы болып табыла бермейді. Cоғыс уақытында, қажетті қорғану жағдайында, өлім жазасына кесілген сот үкімін орындау жағдайында кісі өлтіру үшін жауаптылық жоқ. Кейбір авторлар анықтамасында кісі өлтіруді қоғамға қауіпті, қылмыстық құқыққа қайшы қасақана басқа адамға қаза келтіруді айтады.
Кенеттен пайда болған жан күйзеліс үстінде ашумен кісі өлтіру тікелей, сондай ақ жанама да болуы мүмкін. Қатты жан күйзеліс жағдайын кенеттен пайда болу керек. Оның пайда болуының кенеттілігін себептің пайда болуымен тығыз байланысты. Қылмыс тудыратын жағдайлар пайда болған соң белгілі бір уақыт өткен тез, кенет пайда болуы да мүмкін. Кекшілдіктің, қызғаныштың дәлелдері, себептері жәбірленушінің заңға сәйкес емес әрекеттеріне тікелей реакциясы ретінде пайда болады. Кісі өлтірудегі кенеттен пайда болатын қатты және күйзеліс себебі және оның кенеттілігі тек тығыз байланысқан ғана емес, сонымен қатар бір уақытта пайда болатын екі категория болып табылады. Қатты және күйзелісте пайда болатын кенеттілік қылмысты жасау кенкттілігімен ауыстыруға болмайды.
Қатты жан күйзелістің пайда болу кенеттілігі ауыр тіл тигізгені немесе күш көрсеткені үшін тез арада жауабымен байқалады. Осыған байланысты ауыр тіл тигізу немесе күш көрсетумен қатты жан күйзеліс арасында уақытта алшақтық болмауы қажет.
Қатты жан күйзеліс үстінде кісі өлтіруге пайда болатын ниеті тез арада жүзеге асырылмай, ол жағдайы өткен соң асырылса, мұндай жағдайда Қылмыстық Кодексінің 101-ші бабы қолданылмайды. Жауаптылықты ауырлататын жағдайлары жоқ кісі өлтіртге Қылмыстық Кодексінің 96-шы бабының екінші тармағын қолдану қажет.
Физиологиялық аффект физикалық (дене жарақаттарын келтіру, сабау) сондай ақ психологиялық (күш көрсетемін деп қорқыту масқаралайтын мәліметтерді жариаламаймын деп қорқыту), күш көрсетумен келтіру мүмкін.
Күш көрсетіге тән белгілі - жәбірленушінің әрекеттерінің заңға қайшылығы. Ауыр тіл тигізу кенеттігі қатты күйзелістің пайда болуының салдары ретінде іс жүзінде күш көрсетуге қарағанда сирек кездеседі. Кісі өлтіруде аффект жағдайының бар не жоғын анықтау үшін тіл тигізудің ауырлық дәрежесінің маңызы зор. Кез келген тіл тигізуді аффект жағдайын келтіріп, тіпті өлтіруге себеп болатын ауыр дәрежеде деп себептемейді. Тіркеу және сот тәжірибесін зерттегенде, тіл тигізу дәрежесінің ауырлығы барлық уақытта дұрыс анықталмайтынын көрсетіп отыр. Соттар бірқатар жағдайларда кісі өлтіру кенеттен пайда болған жан күйзеліс үстінде жасалған леп танудан негізсіз бас тартады, олар тіл тигізу ауыр болмайды деп сүйенеді. Тіл тигізудің ауырлығын анықтауда, кісі өлтірген кінәлінің жеке ерекшеліктері есепке алынуы қажет. Мұндай ерекшеліктерге жүктілік жатады.
Қатты жан күйзелістің пайда болғанына әкеп соғатын жәбірленушінің әрекеттері бірқатар жағдайларда күш көрсетумен қорлау бір мезгілде болады. Мысалы, Абай аудандық соты, С. Қылмыстық Кодексінің 101-ші бабына сәйкес сотталған. Өйткені С. өзінің үйіне мас күйінде шешесінен онымен жыныстық қатынасқа түсуін талап етіп, сонымен қатар оған соққы келтірген, яғни сабағаны үшін шешесі баласын буындырып өлтірген. Сот, жәбірленуші ауыр қорлықпен күш көрсету салдарынан кенеттен пайда болған қатты жан күйзеліс үстінде жасалады деп тапты.
Қылмыстық Кодексінің 101-ші бабында жан күйзеліс күш көрсетумен ауыр қорлық салдарына ғана емес, сондай ақ жәбірленушінің заңға қайшы әрекеттері салдарынан да пайда болуы мүмкін. Яғни, күш көрсету мен қорлық қатты жан күйзелісінің болуының барлық себептерін толықтырмайды. Басқа заңсыз әрекеттер деп, күш көрсету немесе қорлау болып табылмайтын, бірақ кінәлінің немесе оның туыстарының құқықтары мен заңды мүдделерін ауыр түрде бұзатын жәбірленушінің жасаған іс әрекетін тану керек. (Күш көрсету нәтижесінде емес, ол озбарлық, жала және т.б. нәтижесінде адамға өлім немесе ден саулығына зиян келтіру). Сонымен қатар осы заңсыз әрекеттер кінәлі немесе оның туыстарды үшін ауыр зардаптар келтірген немесе келтіру мүмкін болуы қажет. Бұл жағдайда іс жүзінде барлық уақытта есепке бермейді.
Күш көрсету, ауыр тіл тигізу, сондай ақ басқа заңсыз әрекеттер сияқты түсінікті анықтау үшін және бір мәселе туындайды, яғни, жәбірленушінің барлық осы әрекетіндегі субъективтік жағы жөнінде. Физиологиялық аффектіні келтіру мүмкін күш көрсету және ауыр тіл тигізу, яғни, осылардың әр қайсысы қасақана жасалынуы керек. Тергеу және сот тәжірибесіне анализ жасағанда, осы Қылмыстық Кодексінің 101-ші бабына сәйкес кісі өлтіруді квалификацияланғанда, қатты жан күйзелісінің тудыратын күш көрсету немесе ауыр тіл тигізсе жәбірленушінің тарапынан жасаған абайсызда кездескен емес. Абайсыздықта жасалған күш көрсету, өзінің сипатына қарай, оны жауаптылықты жеңілдететін жағдай ретінде қатты жан күйзелісі деп бағалауға жеткілікті негіздер жоқ. Ал абайсызда ауыр тіл тигізу адамның ақылына сай нәрсе емес. Ал жәбірленушінің басқа да заңсыз іс әрекеттерге қатысы жөніндегі мәселе басқаша қаралады. Ал ол басқаша, сондай ақ абайсыз да жасалынуы мүмкін. Мысалы, жәбірленушінің басқа да заңсыз әрекеттерді қасақана жжасағанына мысал ретінде озбарлықты келтіруге болады. Қатты жан күйзелістің пайда болуын шарттары жөніндегі мәселені талқылағанда жан күйзелісі пайда болған адамның психикалық денсаулығын да есепке алу қажет.
Көбінесе тергеушілер мен соттар аффект жағдайын анықтауға жәбірленушінің провоцировать ететін мінез құлқына негізі басты көңіл аударылып, ал кінәлінің психо-физикалық ерекшеліктеріне және оның жеке басы жөніндегі басқа мәліметтерін мүлдем есепке алмайды, яғни қылмысты жасауды жасаймын деген шешіміне әсер ететін жағдайларға көңіл аударылмайды.
Арнайы зерттеулер бойынша адамның жеке басына қарсы қылмыстары үшін сотталғандардың арасында сонымен қатар Қылмыстық Кодексінің 101-ші бабына сәйкес сотталғандардың ішінде 68-% психикалық аномалиясы бар адамдар. Олардың көбісі еңбекке қабілетті, іс әрекет қабілеттілігі бар адамдар. Олардың есі дұрыс, бірақ жеке басы тітіргеніш, агрессивтік, қаталдық секілді белгілерге тән және де олардың еріктік процесі төмендеп өзін өзі ұстап бақылайтын механизмдері төмендеген. Психикалық аномалиясы бар адамдар осы сапаларға сәйкес аффективті іс әрекеттерге жақынырақ болып келеді. Сонымен қатар заң әдебиеттерінде кенеттен пайда болған қатты жан күйзелісті анықтау үшін сот экспертизасын тағайындау үшін қажеттілігі жөніндегі мәселеде талқыланып жүр. Бұл жөнінде сан пікірлер айтылды. Кейбір авторлардың үсынысы бойынша соттық психологиялық экспертиза жүргізу керек деп есептейді. Ал іс жүзінде соттық психиатриялық экспертиза тағайындалған жағдайлар кездеседі.
Алдын айтқанда кенеттен пайда болған жан күйзеліс жағдайы - дені сау адамның ерекше эмоционалдық жағдайы. Осы негізгі сүйене отырып кей бір авторларға қосыла отырып, соттық психиатриялық емес, тек соттық психологиялық экспертиза тағайындау керек, яғни адамның есінің ауру жағдайын зерттейтін экспертиза.
Ал комплекстің психологиялық-психиатриялық экспертиза тағайындау жөніндегі ұсынысқа келсек, онда ол физиологиялық және патологиялық аффектіні анықтау кезінде қажет. Бірақ, барлық ұсынысқа келсек, онда ол физиологиялық аффектік жағдайын анықтау үшін мынандай экспертиза тағайындаудың қажеттілігі жоқ.
Психологтардың зерттеулері бойынша сұраққа дәлелді жауап юеруге мүмкін екендігін көрсетеді. Бұлардың айтуынша әрбір эффектінің қалдықтары адамның миында есінде едәуір ұзақ мерзімге сақталады. Соттық психологиялық экспертизанын қорытындысы жасалынған қылмысты ашатын басқа да барлық дәлелдерді есепке ала отырып, бағалануға тиіс. Қылмыстық Кодексінің 98-ші бабының тармағында көрсетілген ұрыс керісте кісі өлтіру жағдайын тереңірек зерттеген үақытта оның кенеттен пайда болған қатты жан күйзеліс үстінде ашумен өлтіргенін анықталады.
Қылмыстық құқық жүйесіндегі ерекше орын алатын қылмысқа өмірге қарсы қылмыстар болып табылады. Тәжірбиеде кеңінен көп тараған қылмыстар адам өлтіру қылмысы болып табылады. Адамның өмірін қиятын асақауіпті қылмыс болып өмірге қарсы қылмыс жатады. Қасақана адам өлтіру қылмысын-өмірге қарсы қылмыстардың арасынан ең ауыры деп көрсеткен. Жеке адамға қарсы қылмыстардың ішіндегі өмірге қарсы қылмыстар қауіпті қылмыстар болып табылады. Адамның өмірі табиғат берген ең қымбат және ең нәзік сыйлығы, маңызды әлеуметтік құндылық, ол оны туғаннан иемденеді. Адам өмірінің негізгі жаулары билікті аңсау, дүниеқоңыздық және ауру. Демографтар жер шары тұрғындарының тең жартысы уақытынан бұрын өмірінен қоштасатындығын және олардың басым бөлігі зорлық нәтиежесінде өлетіндігін дәлелдейді. Кісі өлтіру түсінігі өмір және қаза келтіру түсінігімен тығыз байланысты. Адам өмірін қию, жоғалту осы қылмыстар жасалу кезінде адам өзінің ең құндылығы-өмірінен айырылады. Биологиялық көзқараспен қарайтын болсақ адамның өмірі қоректену, бөліп шығару, үзілмейтін зат алмасу процессі болып табылады. Осы функциялардың тоқтауы адам өмірінің тоқтауына әкеліп соғады. Кісі өлтіру қылмысы-өмірге қарсы қылмыстардың ең ауыры. Жеке адамға қарсы қылмыстардың арасынан кең тараған қылмыс болып кісі өлтіру қылмысын айтуға болады. Адам өмірін тікелей қиюмен ғана емес сонымен қатар басқада қылмыс жасау кезінде де адамның өліміне алып келуі мүмкін. Адам өмірінің қауіпсіздігіне тікелей қолсұғатын және қылмыстық заңда көрсетілген, қоғамдық қауіпті әрекет-бұл өмірге қарсы қылмыс. Адам өмірі әлеуметтік болмыспен қоса биологиялық болмысқа жатады. Қылмыстық құқықтық қорғаудың обьектісі болып табылады.
Аффект жағдайының басталуына негiз ретiнде Қылмыстық кодекстiң 101-ба- бында мыналар көзделген: жəбiрленушiнiң тарапынан болған зорлық, басыну не- месе кемсiту не жəбiрленушiнiң өзге де заңға қайшы немесе моральға жат əрекетi (əрекетсiздiгi), жəбiрленушiнiң үнемi қайталанып отыратын заңға қайшы неме- се моральға жат мiнез-құлқына байланысты туындаған психиканы зақымдайтын ұзаққа созылған жағдайлардың болуы соған тəн. Зорлық күш көрсетумен (мысалы ұрып-соғу), сондай-ақ психикалық (денсаулығына зақым келтiрумен, мүлкiн жойып жiберумен жəне т.б. қорқыту) болуы мүмкiн. Басыну адамдық қадiр-қасиетiн кемсiтумен, жеке басын қорлау арқылы жасалуы мүмкiн. Өте ауыр балағаттау адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiн жағымсыз нысанда дөрекi түрде кемсiту- мен көрiнедi. Заң əдебиетiнде мынадай пiкiр айтылады, өте ауыр балағаттау Қыл- мыстық кодекс нормаларында көзделген балағаттаудан өзгеше болуы мүмкiн емес.
Қасақана адам өлтiрудiң субъектiсi 16 жасқа толған жеке тұлға болып табылады,
Қылмыстың субъективтік жағы кінә (қасақана немесе абайсызда), ниеті мен мақсатын қамтиды және де қылмыс жасау кезіндегі тұлғаның жай-күйі болып табылады.
Кінә-бұл қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) жасаудағы тұлғаның психикалық қатынасы және оған қасақана немесе абайсыздық нысанында салдарының болуы табылады.
Аффект жағдайында адам өлтiру тiкелей де, сол сияқты жанама қасақаналық- пен жасалуы мүмкiн. Аффект кезiнде екi немесе одан көп адамды өлтiру жағдайы Қылмыстық кодекстiң 101-бабының 2-тармағында сипатталған. Екi немесе одан да көп адамды өлтiрудiң түсiнiгi Қылмыстық кодекстiң 99-бабының 2-тармағының 1 тармақшасында берiлген.
Қылмыстық жауаптылыққа және жазалаушылыққа тек қана қылмыс жасаған кінәлі, яғни қылмыстық заңда көрсетілген қасақана немесе абайсызда жасаған қоғамға қауіпті әрекетте жасаған тартылады. Қасақана аффект жағдайында жасалған адам өлтірудің субъективтік жағын толық және терең талдау келесі себептер бойынша аса маңызды:
Біріншіден қылмысты жасаған тұлғаның ішкі жан дүниесін зерттеу көп жағдайда қиын деңгейде болады ұқыпты зерттеуді талап етеді.
Екіншіден заң басқа қылмыстардың субъективтік жағын суреттеуге қарағанда аффект жағдайында жасалған адам өлтіруге қылмысы кезінде әртүрлі психикалық күйзеліс жағдайына жіліктеп (деталдап) және толықтырып көрсетеді.
Үшіншіден біржақты субъективтік жағы бойынша аффект жағдайында жасалған адам өлтіру қылмысы өлімге әкелумен байланысты басқа қылмыстардан айырмашылығы бар.
Субъективтік жағы бойынша аффект жағдайында жасалған адам өлтірудің түрлерін анықтауға болады. Субъективтік жағына жеткілікті көңіл бөлмеу бұл қылмыстарды саралауда едәуір қателесуге алып келеді.
Аффект жағдайында жасалған адам өлтірудің субъективтік жағы-тек қана қанақаналықпен жүзеге асырлады. Аффект жағдайында жасалған адам өлтіру кезінде қасақаналық тікелей және жанама ниетті қамтиды. Тікелей қасақаналық кезінде кінәлі өзінің басқа адамның өміріне қол сұғып отырғандығын сезеді, оның (кінәлінің) әрекеті іс жүзінде өлімге соқтыруы мүмкін екендігіне немесе қалай да өлімге әкелетіндігін біледі және өлімнің болуын тілеп іс-әрекет жасайды. Қасқана аффект жағдайында жасалған адам өлтіру кезінде айыпты қылмысты әрекет немесе әрекетсіздік жасау барысында себепті байланыстың даму барысының детальді білу талап етілмейді. Нақты әрекетінінің мазмұнын сезіну жеткілікті шарт болып табылады. Тікелей қасақаналықта айыпты өзінің әрекетінің нәтиежесінде жәбірленушіге өлім әкелетінің алдың-ала сезеді. Айыпты өзінің әрекетінің салдарынан жәбірленушіге өлім әкелетінің алдың-ала ойлайды және де сол ойды жүзеге асыру үшін талпынады. Аффект жағдайында жасалған адам өлтірудің тікелей қасақаналық кезінде айыпты жәбірленушінің өлімін тілейді. Сонымен қатар жауаптылықтың болуын ұғынады және де қоғамға қауіпті әрекет екенін сезінеді. Жанама қасақаналықпен аффект жағдайында жасалған адам өлтіру кезінде кінәлі өзінің әрекеті арқылы адам өміріне қатер төндіретіндігін мойындайды сезінеді, осы әрекеттің нәтиежесінде оның өлуі мүмкін екендігін біледі, өлімнің болуын тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді не өлімнің болу-болмауына немқұрайдылық танытады. Тікелей қасақана ниетпен жанама қасақана ниеттің мағынасы бойынша айырмашылығы жоқ деуге болады.
Бұл ретте, аталған заңға қарсы әрекеттер кінәлі адамның өзіне немесе оның жақын адамдарына қатысты жасалғаны маңызды емес.
Жан күйзелісі жағдайы кінәлінің жан күйзелісін тудырған себепке байланысты өзін өзі ұстау және әрекет ету қабілетіне билік ететін қысқа мерзімді, интенсивті көңіл күйді білдіреді. Жәбірленушінің әрекеті мен кінәлінің жауап қайтару әрекеттері арасындағы уақыттың ұзақтығы ҚК-нің 101 немесе 111-баптарының қолданылуын жоққа шығарады.
Кінәлінің жан күйзелісі жағдайында болды ма және қанша уақыт болды деген мәселені анықтау үшін психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізу қажет.
Жан күйзелісі жағдайында адам өлтіру немесе денсаулыққа қасақана зиян келтіру тіпті ҚК-нің 99-бабының екінші бөлігінде және 106-бабының екінші бөлігінде көрсетілген саралау белгілері бар болған жағдайда да ҚК-нің 101-бабы немесе 111-бабы бойынша саралануға жатады.
Аффект жағдайында жасалған адам өлтіру барысында қылмыскер әрекетінің құрамында ауырлатылған немесе жеңілдетілген мән-жайдың болмауы бұл қылмысты қарапайым аффект жағдайында жасалған адам өлтіру қылмысы деп аталады. Ауырлататын немесе жеңілдетілген мән-жайларсыз қылмыс қылмыстық құқықта негізгі құрам болып табылады. ҚР қылмыстық кодексінің 101 бабының 1-тармағында қарапайым аффект жағдайында жасалған адам өлтіру сипатамасы нақты көрсетілген.
Негізгі құрамға мынадай мынадай аффект жағдайында жасалған адам өлтіру түрлері жатады: қызғаныштан аффект жағдайында жасалған адам өлтіру, төбелес кезінде немесе ұрыс-керіс үстінде (бұзақылық себептер болмағанда) аффект жағдайында жасалған адам өлтіру, жәбірленушінің заңсыз әрекеттеріне байланысты, жеке қарым қатынас негізінде туындаған кек алумен байланысты болған аффект жағдайында жасалған адам өлтіру, жәбірленушінің сұрауы бойынша аффект жағдайында жасалған адам өлтіру және т.б. жағдайда аффект жағдайында жасалған адам өлтірулер.
Тәжірибе жиі кездесетін қылмыстар ретінде өзара ұрыс-керіс немесе жанжал төбелес кезінде аффект жағдайында жасалған адам өлтіруді айтуға болады. Ауырлатылған немесе жеңігдетілген мән- жайларсыз жасалған типтік қасақана аффект жағдайында жасалған адам өлтіру өзара ұрыс-керіс немесе жанжал төбелес кезінде аффект жағдайында жасалған адам өлтіру болып табылады. Бұндай жағдайда аффект жағдайында жасалған адам өлтірулер мақсат тұтқан ниет алдың-ала болмайды. Жанжал мен төбелестің шығу себебі табан асты пайда болған жағдайларға байланысты. Кез - келген төбелес кезінде екі немесе оданда көп адамдар бір-бірімен жанжалдасып бір-біріне әртүрлі деңгейде соққылар береді. Төбелес кезінде екі жақта жанжалдың туына белсенді түрде қатысуы мүмкін. Екі жақта өзара туындаған жанжалды шешу мақсатында құқыққақарсы тәсілдерді қолдануы мүмкін. Жанжал кезінде төбелеске қатысушылардың өміріне және денсаулығына қауіпті жағдайында болады. Төбелес кезінде екі жақтың да анық бір ниеттері болмайды, бір-бірін соққылау барысында қаншалықты алысқа бартынын алдың-ала білмейді. Топтық төбелес кезінде аффект жағдайында жасалған адам өлтіруді саралау үлкен қиындықты тудырады. Топтық төбелес кезінде өзара бірін- бірі ұрып соғады, және топтық төбелес кезінде үш немесе одан көп адамдар қатысады. Топтық төбелес кеінде қатысушылардың қайсының әрекеті жәбірленушіге өлім әкелгенін анықтау кезінде ерекше қиындық туғызады. Кей-кездерде қатысушылардың арасынан кім өлтіргенін өздері білмей қалуы мүмкін. Топтық төбелес кезінде аффект жағдайында жасалған адам өлтіру ісі бойынша әрбір айыптының әрекетінің сипатымен рольін ұқыпты анықтау қажет болып табылады.
Тәжірбиеде әртүлі дене бөлшектеріне әртүрлі құралдармен жәбірленушіге жарақаттар салынғандығы кездеседі. Салған жарақатқа байланысты қылмыскер тұлғасын анықтау жасалған қылмыстың кінәлілік дәрежесін жеке даралау үшін мүмкіндік береді. Көрсетілген жағдайларда топқа қатысушылардың ішінен біреуі ғана жәбірленушіні ұру уақытында өмірге қауіпті жарақат салады. Жанжалдың шығу себебі әртүрлі болады қызғанышпен, ренішпен қызғаныш, кексін және жеккөрушілік және т.б. болуы мүмкін. Ұрыс-керіс немесе төбелес және жанжал кезінде жасалған қылмыстардың себебі ашу-ыза болады. Төбелес немесме жанжал кезінде аффект жағдайында жасалған адам өлтіру жеңілдетілген аффект жағдайында жасалған адам өлтіру жағдайында жасалуы мүмкін. Ол жәбірленуші жағынан болған қатты моральға және заңға қайшы немесе зорлықпен тудырған кенеттен болған жан күйзелісі жағдайында жасалуы мүмкін. Ұрыс-керіс немесе жанжал төбелес кезінде аффект жағдайында жасалған адам өлтіру қажетті қорғану шегінен шығу кезінде сонымен бірге абайсыздықта жасалуы мүмкін. рыс-керіс немесе жанжал төбелес кезінде адам өміріннен айыру қажетті қорғану шегінен шықпай қажетті қорғану жағдайында жасалса онда бұл жағдай әрекет аффект жағдайында жасалған адам өлтіру қылмыс құрамын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz