Мемлекеттік тілде іс қағадарын жүргізу


«Мемлекеттік тілде іс қағадарын жүргізу»
3 дәріс
Топ: МД-20-ЗО, ДТ-20-ЗО
Күні: 10. 02. 2021 ж.
Тақырыбы: Анықтамалық- ақпараттық құжаттар: сенімхат, қолхат, кепілхат
Анықтама - 1) белгілі бір деректер мен оқиғаларды сипаттайтын, растайтын құжат; 2) биологиялық немесе қызметтік сипаттағы деректерді растайтын құжат.
Анықтамалар қызметтік және жеке болады.
Қызметтік анықтамалар лауазымды тұлға жүргізген қандай да бір тексерудің жиынтық нәтижесінен тұрады, мысалы,
- қоймадағы материалдардың болуы туралы анықтама, әдетте қойма меңгерушісі жасайды немесе оқушылардың белгілі бір уақыт ішінде сабақты босату саны туралы анықтама, мұны оқу меңгерушісі жасайды.
Жеке анықтамалар жеке тұлғаларға беріледі. Оларда әдетте, осы адамға қатысты қандай да бір мәлімет расталады, мысалы,
Оқу орнынан анықтама,
Жұмыс орнынан анықтама
Тұрғылықты жерінен анықтама
Емханадан денсаулығы туралы анықтама т. б.
Анықтамалар бұрыштама бланкіде ресімделеді және оларда мынадай деректемелер болады:
- адресат;
- құжат түрінің атауы (анықтама) ;
- анықтаманың рет саны;
- күні;
- жасалу орны;
- қызметтік анықтамаларда мәтіннің тақырыбы;
- мәтін;
- қосымшасының бар екендігі туралы белгі;
- қолы.
Қызметтік және жеке анықтамалардың айырмашылықтары мынада: қызметтік анықтамада адресат деректемесі ресімделеді, ал жеке анықтамада адресат ресімделмейді, бірақ құжат мәтінінің соңында анықтаманың қандай мақсатқа берілгені жазылады, яғни оның қандай мекемеге ұсынылатыны көрсетіледі.
ҚОЛХАТ
Қолхат - белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп, көрсететін ресми құжат түрі.
Бұл бағасы төмен құндылықтарды уақытша пайдалану жағдайында рәсімделеді. Сондықтан қолхат негізінен мекемеішілік қатынастарда жиі қолданылады.
Қолхат - белгілі бір іс-әрекетті растайтын, адамдардың мекемеден немесе жеке адамнан ақша не құндылығы төмен заттар алғандығын, не бергендігін растайтын жазба құжат.
Қолхат бір дана болып жасалады. Қолхат алушыда сақталады.
Кейде қолхатта қатысушы куәлер көрсетіледі. Ондай жағдайда куәлер қолхатқа өз қолдарын қойып растайды.
Ақшаны немесе затты қайтарған жағдайда қолхат жойылады.
Ерекшелігі:
1) Қолхат құқықтық дәрежесі төмен құжат екендігі.
2) Қолхат нотариалдық кеңседе көп жағдайда куәландырылмайтын- дығы.
3) Мөр басылмайтындығы.
Құрылымы:
- құжаттың атауы;
- қолхат беруші туралы мәлімет (аты-жөні, мекенжайы немесе жұмыс орны) ;
- қолхат алушының аты-жөні;
- алынған заттың атауы (егер ақша болса - сомасы санмен де, жазбаша да көрсетіледі, зат болса оның құны көрсетіледі) ;
- қайтарылатын нақты уақыты;
- қолхат берушінің жеке куәлік нөмірі;
- қолхат жазылған күні, айы, жылы;
- қолхат берушінің қолы;
- куәлердің қолы (кейбір жағдайда) .
СЕНІМХАТ
Сенімхат - бір адамның не мекеменің атынан екінші бір адамға тапсырманы орындай алу немесе бір затқа ие болу мүмкіндігінің бар екендігіне сеніп берілетін ісқағазының бір түрі.
Сенімхат мекеме атынан берілсе, арнаулы бланкке жазылады да, мекеме басшысының қолы мен мөрі басылады. Егер сенімхат жеке адам тарапынан берілсе, сенімхат иесінің аты-жөні, құжатының аты мен нөмірі жазылып, қолы қойылады. Төменгі жағына нотариус сенімхат иесінің қолын растап, мөр басады.
Сенімхат, негізінен, мынандай жағдайларда беріледі:
Жалақы алуға, жәрдемақы алуға, зейнетақы алуға, шәкіртақы алуға, банктегі есептерді пайдалануға, пәтер сатуға және сатып алуға, пәтерді жеке адамдарға жалға беруге, көлік иемденуге, заттай корреспонденцияларды алуға, құжаттар алуға, мұрагерлік құқық туралы куәлік алуға, қол қоюға т. б.
Сенімхаттар нотариалдық кеңседе куәландырылады. Нотариалдық кеңседе сенім білдіруші мен сенім білдірілген тұлғалардың жеке куәліктері арқылы жеке бастары анықталады, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексеріледі. Нотариус сенімхат мәтінін дауыстап оқып, тізбеге тіркейді, тиісті мемлекеттік салық алынады және нотариустың қолы қойылып, мөрі басылады.
- 14 жасқа толмаған балалардың атынан сенімхатты олардың ата- аналары толтырады. 14 жас пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер сенімхатты ата- аналарының келісімімен толтыра алады. Жасөспірімдер өздерінің шәкіртақысына немесе жалақысына байланысты сенімхатты ешкімнің келісімінсіз толтыра алады.
Сенімхат мерзімі, әдетте, сенімхатта белгіленеді.
Төлемақы алу үшін берілген сенімхаттардың жарамдылығы - 3 ай.
Мүлікті пайдалану үшін берілетін сенімхаттардың жарамдылығы - 3 жыл.
Егер мүлікті пайдалануға берілген сенімхатта жарамдылық мерзімі көрсетілмесе, онда ол қол қойылған күннен бастап 1 жылға дейінгі мерзімде өз күшінде болады.
Сенімхаттың жарамдылық мерзімі жазбаша жазылуы керек.
Сенімхат 1 дана болып дайындалады.
Сенімхаттың құқықтық дәрежесі жоғары. Себебі міндетті түрде нотариалдық кеңсенің жазбасы арқылы расталады.
Сенімхаттың ерекшелігі:
1) Жарамдылық мерзімі көрсетіледі.
2) 3 түрге бөлінеді.
Сенімхатты мынандай түрлерге бөлуге болады:
1. Бас сенімхат.
2. Жалпы жағдайда қолданылатын сенімхат.
3. Арнайы сенімхат.
1. Бас сенімхат дегеніміз - белгілі бір тұлғаға толықтай құқық беретін құжат. Мысалы, көлік жүргізуде көлік иесімен бірдей құқықта болады, яғни көлікті сатуға, айырбастауға, сыйға беруге т. б. болады.
2. Жалпы жағдайда қолданылатын сенімхат дегеніміз - әртүрлі іс-әрекеттер орындауға белгілі бір мерзімге ғана құқық беретін құжат. Мысалы, көлікті жүргізуге ғана, пәтерді уақытша пайдалануға т. б. болады.
3. Арнайы сенімхат дегеніміз - белгілі бір уақыт аралығында сенім білдірушінің атынан қандай да бір іс-әрекеттер орындауға құқық беретін құжат. Мысалы, мекеме басшысының іссапарға кетуіне немесе басқа да жағдайлармен байланысты өз құқығын орынбасарына уақытша беруі.
Құрылымы:
1. Құжат атауы;
2. Күні, айы, жылы, жасалған орны (қаласы) ;
3. Сенімхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекенжайы, жеке куәлік нөмірі, қайда, қашан берілгені) ;
4. Сенім білдірілетін тұлға туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекенжайы, жеке куәлік нөмірі, қайда, қашан берілгені) ;
5. Берілген құқық немесе алынған зат туралы мәлімет;
6. Сенімхаттың жарамдылығы (cенімхаттың қандай мерзімге дейін күшін сақтайтыны туралы) ;
7. Сенімхат берушінің қолы;
8. Нотариалдық кеңсенің жазбасы;
9. Нотариустың аты-жөні, қолы, мөрі.
Сенімхат өз күшін мынадай жағдайда жоғалтады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz