А. Османова М. Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясындағы етістік синонимдер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ тілінің синонимдері туралы еңбектер жазылып, мақалалар жарияланып, оқулықтарда синоним жөнінде тиісті тараулар берілгені белгілі. Ол еңбектерде сөздерді мағынасына қарай топтау мәселесі де қарастырылады. Соның ішінде қазақ тіліндегі синонимдерді арнайы зерттеген ғалым Ә. Болғанбаев синонимдес етістіктерді бөліп алып, лексика-семантикасына байланысты іс-әрекет; қозғалыс; қалып-күй; көңіл-күй; сапа; еліктеу, бейнелеу; субъективтік реңді синоним етістіктер деп жеті топқа жіктейді. Ә. Болғанбаевтан кейін етістікті жеке сөз табы ретінде зерттеу объектісі етіп қарастырған О. Жұмашев қазақ тіліндегі синонимдес етістіктерді өзге сөз таптарына тән синонимдерден бөліп арнайы зерттеу жұмысын жүргізді.
А. Османова М.Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясындағы етістік синонимдерді мағыналық жағынан топтастырып қарастырды. Автор роман - эпопеядағы етістіктерді мағына жағынан саралап, қолданылу ерекшелігіне, семантикалық белгілеріне қарай жіктей келе, оларды шартты түрде төмендегідей жеті топқа бөліп, тиісті сипаттама береді. Олар: 1. Әрекет және қозғалыс амалын білдіретін синонимдес етістіктер: алысу - жұлысу - күресу, амандасу - сәлемдесу - қол алысу - сәлем беру, құтқару - босату - азат ету, секіру - қарғу - ырғу.
1. Сезімді, көңіл күйді білдіретін синонимдес етістіктер: көру - қарау - байқау - бағдарлау - барлау, нану - сену, сезу - білу, жылау - еңіреу - боздау - іжіру - өксу, сағыну - зарығу - аңсау - көксеу, шошу - үрку,
2. Жай-күй я қалыпты білдіретін синонимдес етістіктер: тосу - күту, үдеу - өршу - ұлғаю - күшею.
3. Бейнені білдіретін синонимдес етістіктер: сығыраю - сықсию - бітию, ыңқылдау - ыңырану - ыңыр-су, дүрсілдеу - гүрсілдеу - тарсылдау - тырсылдау, мылжыңдау - оттау, ұялту - қызарту, арсылдау - ырылдау.
4. Сапа, я белгі процесін білдіретін синонимдес етістіктер: ұзау - алыстау - қашықтау, ескіру - көнеру - тозу, көгеру - көктеу.
5. Ойлауға, сөйлеуге қатысты синонимдес етістіктер: түсіну - ұғыну - көкейге қондыру, ойлау - еске алу - еске түсіру, айту - сөйлеу - деу, сөйлесу - әңгімелесу - кеңесу, күңкілдеу - міңгірлеу.
6. Субъективті реңкті синонимдес етістіктер: кісімсу - адамсу, азырқану азсыну - қомсыну - місе түтпау, қамқорсу - жаны ашығансу.
Қазақ тіліндегі етістіктер сан жағынан да көп, мағынасы мен қызметі жағынан да өте күрделі екені белгілі. Олардың грамматикалық тұлғалары неше қилы болғандықтан, бұларды топқа бөліп саралау да қиын екендігі синонимдес етістіктерден жиналған материалдан-ақ айқын байқалады.
Етістікті семантикалық сипаты жағынан қарастырғанда, олардың қайсысы болсын, ең алдымен, мағына жағынан қимылды, амалды, әрекетті, істі, күйді т. б. іс-әрекетті білдіреді. Осы семантикалық (топтың) ерекшеліктің қай-қайсысы болсын мезгілмен, шақпен байланысты келеді. Қимыл атауы болып жұмсалатын сөздер тура, бұрма мағынада да, нақтылы, көмекшілік ұғымда да әр тарапты болып қолданыла береді. Сондықтан болса керек, қазақ тіліндегі етістіктер мағыналық ерекшеліктеріне қарай іштей сараланып әлі күнге дейін жөнді бөлінбеген, бұл жөнінде И. Е. Маманов былай дейді: Етістіктерді мағыналық ерекшеліктеріне қарай топтастырып бөлу өте қиын, тіптен мүмкін де емес. ...қазақ тілінде етістіктердің лексикалық мағыналарынын өзгешеліктері олардың грамматикалық формаларымен түрленуіне әсер етпейді. Сондықтан түбір етістіктерді сездің мағынасына қарай топтастырып бөлудің ешқандай практикалық мәні жоқ [2, 36 б.]
Қазақ жазушыларының шығармаларындағы етістіктерді жинап, жүйелеу барысында көп қолданылған синонимдес етістіктердің төрт мағынасын анықтадық: іс-әрекеттік қимылды білдіретін етістік синонимдер; қалып-күй процесін білдіретін етістік синонимдер; көңіл-күйін білдіретін етістік синонимдер; еліктеу, бейнелеу ұғымындағы етістік синонимдер.
Көңіл-күйді білдіретін етістік синонимдер:
Синонимдес етістіктердің ішінде адамның ішкі сезім дүниесін, құбылу дәрежесін білдіретіндері де бар. Бұл топтағы синонимдес етістіктер қарым-қатынастарды, психологиялық құбылысты, оқиғаларды ойша сезіп, көру, есту, дәмін тату тәрізді сезім органдары арқылы қабылданатын амалдарды білдіреді. Аяу - есіркеу - жебеу: - Өмірі байдан, күштіден қорлық-зорлық көріп келдім. Әлі де солардан көріп отырмын. Енді оларды мен несіне аяйын? (Ж. Аймауытов).
Ой, жасаған! Орысқа сенім жоқ екен ғой! Әнеугіден бері ерлі-байлы кісідей боп жүріп, кетер күні өлтіріп кетем дегені неткен өзімшілдік, неткен тас бауырлық, неткен қанішерлік! Орыс шіркін өзім ғана өмір сүрсем екен дейді екен-ау! Өзгені жан екен десейші! Аяу деген болсайшы... деген ойлар дереу сап ете түсті де, дереу айла тапқысы келді (Ж. Аймауытов).
Жаны ашыр деген жігіттер де көзі көргенде есіркегені, қынжылғаны болмаса, дүрмекке кірген соң, әркім өз қамына кетеді (Ж. Аймауытов).
Күлу - жымию - жыртаңдау - күлімсіреу - жымыңдау:
Әлдекей қайдағы жоқ күлдіргі қулық тауьт алып, бәйбішесі елгелі езу тартпаған ақсақалды күлдірді: тоқтының етін ақтап жеу керек қой (Ж. Аймауытов).
Мен қайтып келе жатқанда Күлән мен Жаңыл сөйлесіп, күлісіп келе жатты (Ж. Аймауытов).
Ғали домбыраны әкеліп ұстатқанның соңында: Менің өлең айту әдетімде жоқ еді, білмеуші едім, - деп күлімсірепотырып: - Қайыр, енді көңілдеріңіз қалмасын, - деп көркем әнмен домбыраға дауыс қосып сөйледі (М. Дулатов).
* Ренжу - кею - жабырқау - назалану - жабығу: Ақбілек сыртына шығармаса да, тым болмаса апасының жылын күтпегеніне ренжиін деді (Ж. Аймауытов).
* Маған жаны ашымай ма екен? Балаларды қойғызса болмай ма? Шыршу шығара бермей деп, ақсақал бір қабат Ақбілекке де ренжіп қоюшы еді (Ж. Аймауытов).
Оқыған қыздың оқымағаннан айырмасы болмағанына кейідім. (Ж. Аймауытов).
Өзінің біліміне, өнеріне, шешендігіне өзі сенуші еді; Өзі жеңіліп, жығылып қалған жерлерде де көңілі көп жабырқамаушы еді, өзінше басқа план, басқа шара қарастырып, бір жұбаныш тауып алушы еді, келешектен ұміті зор еді (Ж. Аймауытов).
Суытып, отқа жіберейін деп тұрғанда, қинап тастайды-ау! деп, ішінен назаланып, ентелей басып, ат жаққа жөнелді (Ж. Аймауытов).
Үйіне көр-жер алып қайтам ба деп жүрген ақшасын ұрлатты. Кейіді, назаланды (Ж. Аймауытов).
Ұялу - қысылу - қымсыну - имену: Жаңа түскен әйел баяғы өзіне ұқсап, сызылып, ұялып тұру керек деп шамалады (Ж. Аймауытов).
Қорқу - үрейлену - жүрексіну - тайсалу - жасқану - қаймығу:
Ақырында Қалампырдан қорқып, тоқал да алмадың, - деген сөзін естіп, ол күні үйіне бек мұңайып келіп, қатынымен сөйлеспестен жатып қалып -еді.
Ел мені шоқынып кетті деп кірпідей жиырылды. Әуелі өз ағайындарым Да маған осқырып, үрейленіп қарайтын болды. Менен жұрт сескенейін деді.
Синонимдер қызметі тілдік бірліктердің ерекше функционалды сипатымен анықталады. Шығармалардағы синонимдердің қолданылуы тіл жүйесіндегі бір ғана анықталушының (сөздің) бірнеше анықтауышпен (бірнеше сөзбен) белгілене алу қабілетімен байланысты. Синонимдердің бір - бірімен айырмашылығы да олардың өзара ұқсастығы сияқты маңызы зор. Қазақ жазушыларының шығармаларына тән синонимдердің өзіндік жасалу жолдары, мағыналық құрылымы, синоним сөздердің өзара қатынасы, мағынаны жеткізудегі ерекшеліктері бар.

1.-Құрысын... көшсек көшейік. Абақтыдан тәуір шығар... жатжұрт демесең... - деп,Сырға да қолдап,қостап қояды. [245-б.]
2.Алыс жолдан қаталап шөлдеп келген Шәріп шайға қайта бас қойды. [260-б.]
3.Араб әрпімен әдемілеп жазылған ақ сары парақтарды аударыстырып, төңкерістіріп отырды да,Пахраддин,кенет,дәптерді ортасынан дар еткізіп айырды. [267-б.]
4.Шаршағаннан,қалжырағаннан Хансұлудың кейде тізесі бүгіліп-бүгіліп кетеді. [300-б.]
5. Бұлар тұт ағаштың түбіне тығылып, бұ кезде сабалап жауып берген жаңбырдан бой тасалады. [331-б.]
6. Көзіне тері құйылып төңірек түнеріп,қарауытып кеткендей болады. [344-б.]
7. Калашниковтың ауызына қарап, әрбір сөзін қылғытып "жұтып", бас шұлғысады.[235-б.]
8. Жұрт тырс етпей сіресіп, үркіп, шошып қарап қалған.[33-б.]
9. Хансұлу есіктің жақтауына жабысып сыртқа көз тікті.[129-б.]
Атының шылауына жармасып бәйек қағып ауылнай Күрең жүр.[193-б.]
10. -- Аумин! -- деп, гу ете түскен жұрт бет сипап ниет етіп сөз байласты. [245-б.]
Бәрінің аузында уәделесіп қойғандай бір-екі ауыз сөз.[192-б.]
11. -- Тағы не тапты? -- деп әлгі заржақ әйелдер сарнап қоя берді.[144-б.]
Жым-жырт, құлаққа ұрған танадай тыныштықты бұзып, әлден уақытта тура желке тұстан байғыз сұңқылдады.[351-б.]
Сазды үнін шырқай созып боз інгендей боздап, аруанадай зарлайды.[140-б.]
-- Маған Би ағаның өзі керек! Тез шықсын! Ауданнан пркәз бар! -- деп бір дауыс тақылдап алып барады.[94-б.]
Қырқаға шығып алған Дәу апа:
-- Балам! Ау, қайдасың? -- деп, қақылдап дауыстап тұр.[335-б.]
Баласы нан сұрап қақсағанда алғаш жын қағып кетермін деген.[300-б.]
12. Шешесі ізінен апыл-ғұпыл ере шығып ораулы бір нәрсені әкеп қойнына тықты. [228-б.]
Ақыры,лажсыз ішке бас сұқты.[285-б.]
13. Көшеге шыққасын таныс біреу кездесіп қалмаса екен деп тіледі.[237-б.]
Несін сұрайсыз, абырой болғанда, Құдай оңдап мына өкімет балаларға ұшырасып...[324-б.]
Бітіспес бір-біріне әзелден өш, түздің ызалы екі тағысы аңдаусызда жолығып қалып өліспей беріспес жекпе-жекке шыққандай.[136-б.]
14. Би ағаны сыйлайтын жұртшылық қоштасып қалуға шыққан.[220-б.]
Жұрттың бәрінің құрметтегені Пахраддин.[294-б.]
15.Ұяттан,намыстан,нақақ жаладан өртенді, жанды, зығырданы қайнады.[232-б.]
16. Қозбағар Шегеден көзін ала қашып өз-өзінен абыржып құты қашты. [238-б.]
Самса сатушы әйел өзіне туралап келе жатқан оқыған төрені көріп сасқалақтап қалды. [319-б.]
-- Здрәсті! -- деп дауысы шығыңқырап қалбалақтап сәлем берді. [70-б.]
17.Жанындағы Нарқыздың өңі шүберектей қуарып, ішінен өкіл "Бұқаға" лағынет айтып отыр еді.[205-б.]
Бір күнде шашы ағарып, шөгіп кеткендей көрінді ер пішінді кәрі ана.[255-б.]
18.Оңды-солды ағылған жұртта шаруасы жоқ.[315-б.]
Аттысы -- атты, жаяуы -- жаяу тай шаптырым жердегі Мажан аулына қарай қатын-қалаш, бала-шаға түгел шұбырды.[106-б.]
Әредік-әредікте шұқыр иірімденіп, лайытып жөңкілген мол су.[325-б.]
Ел аралап өкілдер жосыды.[192-б.]
19.Дәу апа жол қысқарсын деп бір әңгіме бастады.[331-б.]
-- Мырзаның қанша малы бар?
-- Мырза малды азайтты ғой.[74-б.]
20.Қырық жамау жұпыны үйінен байғұс Дәу апа шыға алмай жүр айналсоқтап.[271-б.]
Соның бәріне қарайлатпай, тоқтатпай сүйрейді бір күш.[344-б.]
Асанды төңіректеп жүріп, ақыры, Шеге, Ждақай, Қозбағар, Балжан сияқты жастар да "комсомол" болып кетті.[101-б.]
21.Ымырт қараңғысында ақ көйлегінің етегі ағараңдап еркекпен алысып жүрген әйел көрінді.[120-б.]
Біз хөкиматпен белдесіп береке табамыз деп айтпаймыз.[134-б.]
22.Шайқақтап билеп алыстай берген жалғыз құйыннан көз алмай тебіренеді Пахраддин.[341-б.]
Оттан қашықтап түн ішіне таман барып, бәрі қосылып: "Балқия! Балқия!" деп, айқайға басты. [279-б.]
Жирен атты шабарман арқаға қарай жусанды, бетегелі тегіс даламен жұлдызша сызылып ағып, ұзап бара жатты.[68-б.]
23. -- Здравствуйте! -- деп қоңыр дауыспен салқындау амандасты.[70-б.]
Осы арада қонақтарға Пахраддин бастаған ауыл кісілері келіп сәлемдесті.[72-б.]
24.Қозбағардың айқайынан бүкіл ауыл құлақтанып, жұрт андыздап тысқа шықты.[14-б.]
Бұ кезде көпшілік онсыз да анталап жиналып қалған еді.[132-б.]
Ақылшы аға Пахраддинге, аңыраған шешесіне қосылып, бүгінде төрт құбыласы түгелденгеңдей еді Бұлыштың.[248-б.]
Жыңғылды алаптан өте бергенде жол жиегінде біреудің ағаш сандығы қалды ауызы аңқиып.[275-б.]
Жұрт аңтарылып тұрып қалған.[160-б.]
Күйіс қайырып шаңдақта маңқиып түйелер жатыр.[86 - б.]
25.Дәу апа мен Хансұлу екі жағынан сүйемелдеп қосқа әрең жеткізді.[288-б.]
Жаландаған жас жігіттер үй ішінің ойран-ботқасын шығарып, кебеже, тең, сандықтарды ту-талақай тартқылап арбаға апарып тиеп жатыр.[116-б.]
26.Жүктерді тайлап, теңдеп түйеге артуға ыңғайлап, буып тастап жатыр.[42-б.]
Сөйтіп, есік алдындағы үюлі мүлікті алдымен тізімдеп, қағазға түсіріп, содан кейін арбаға тиеп комиссия сәске түсте ауылдан аттанып кетті.[124-б.]
27.Әкесі сөйлеуге зауқы жоқ, басы ауырып тұрғанға ұқсайды.[264-б.]
-- Анау... біздің "қаншықты" іздеймін деп Пахраддин сырқаттанып жолда қалды.[324-б.]
28.Ие, не көрінген бұған, тал түсте алжасып?! [344-б.]
Ждақай қопыраған ақшаны уыстап, жынданып, шаңыраққа қарай лақтырып жүр.[116-б.]
29. -- Кілтін әкел сандықтың! -- деді Шеге шырт ашуланып.[226-б.]
-- Шу! -- деп, құлағы салпиып мүлги қалған үлкен сұр есектің сауырынан ызаланып тартып-тартып жіберді.[274-б.]
30. -- Қош, бабам! Қош! Қош! -- деп көз жасын сыға отырып ахун аятын аяқтағанда, бордай езіліп отырған жұрт еңселерін көтере алмай бірауық қыбырсыз қалды.[141-б.]
"Көшпелі ауылды аудан болсақ та, бұл науқанды отырықшы орталық аудандардан ерте бітіреміз!" деп ұран тастады.[191-б.]
31.Әлден уақта балалар ашығып нан сұрады.[332-б.]
Оң жағында бүрісіп тоңып Түгелхан жатыр, аштан бұралып.[311-б.]
32.Балқияны аяғаннан Хансұлудың да көзіне жас айналды.[54-б.]
-- Нешауа. Жасыма! -- деді Бұкабай енді сабасына түсіп, Шегені мүсіркегенсіп.[240-б.]
33.Қыстауға қонысымен бұның жасауын дайындауға кірісті.[51-б.]
Терезенің алдынан орын сайлап сылқ түсіп отыра кетті.[239-б.]
Жұрт кешкі асқа қамданып, сапырылысып жатқан кезде бір қаға берісте Хансұлуға бір ауыз тіл қатып, "түнде күзетте тұрамын,сені күтемін" деп қалды.[161-б.]
34.Шаршаған, әлсіреген денесі ұйып, тыныш демалыс аңсайды.[285-б.]
35.Біз сол үйренген ата кәсіппен малымызды бағып, көшіп-қонып жүре берелік те![97-б.]
Қонып-көшіп, малдарын жайып айдап, қоңыраулатып көш келеді.[64-б.]
36.Жайбасқан:
-- ... Ана ұрғашымен байланысып жүрген көрінеді.[181-б.]
Егер Бұлыш басу айтпағанда өзара ұстаса кетуге де бар еді ашынған жұрт.[159-б.]
Біреу-біреуге ұмтылып ілінісе кеткендей.[207-б.]
37.Едіге бақырып кеп әжесінің кең құшағына тығылды.[319-б.]
-- Жау шапты! Жау! -- деп бажылдап шынашақтай кемпір шойнаңдап зытқып барады.[90-б.]
Бұлыш құлаған бұта түбіне жеткенде Балқия ойбайлап шырқырады да қалды.[253-б.]
Сондықтан жауымен жалғыз айқасуға аттандап ақсақ Торқаның өзі шыққан.[23-б.]
-- Ахун бауа! -- деп тағы айқайлап сөз бастады Асан.[134-б.]
Әлгі қояндар тағы да шыңғырып биқылдады.[152-б.]
38. -- Ешкінің біреуін жақында сойып жедік. Қалғаны бесеу, -- деп безектеді Жұмаш.[204-б.]
Ждақай безілдеп қоя берді.[117-б.]
Арт жақта отырған Жұмаш деген кісі, баяғы Нарқыздың әкесі шырылдап ұшып түрегелді.[204-б.]
Жұрттың ағайын-туысқа берген малын түгендей беретін болсаңыз, онда, осы отырғанның бәрін зерттеңіз!.. -- деді әлжуаз арық Жұмаш қолын сермеп шырқырап.[205-б.]
39.Араб әрпімен әдемілеп жазылған ақ сары парақтарды аударыстырып, төңкерістіріп отырды да, Пахраддин, кенет, дәптерді ортасынан "дар" еткізіп айырды.267-б.
Қақ айырылған дәптерді додасын шығарып жыртты да, ошақтағы отқа бір-ақ атты.[267-б.]
40.Хансұлу бір қолымен етегін көтеріп қырындай қозғалып,лай суға бұл да аяғын батырды.[334-б.]
Аяғын ыстық суға малып көзін жұмып бұл біраз отырды.[337-б.]
41.Шеге "жүре бер" дегендей қол сілтеді.[9-б.]
Қайдан келгенін білмейді, тура алдынан Мажанның Мотаны шыға келіп қылыш сермеді.[251-б.]
Ауыр киіз есікті серпіп ашып шығып кетті.[211-б.]
42.Ждақай Шегені нұқып қалып, иегімен төбе басын нұсқады.[148-б.]
Торқа сықсың етіп күліп, шалын шынтағымен түртіп жіберіп, қолын жайды.[37-б.]
43.Жол-жөнекей таң намазы, бесін намазы кездерінде түйесін шөгере сап жайнамазын құм үстіне төсеп құбылаға бет бұрған Лабақ ахунды байқап қалса болды, Апанас шапшаң бұйрық етіп көшті іркеді.[162-б.]
"Пртөкөлді" алдына жайып қойып, мөрді ауызына тақап үрлеп "дем салды".[33-б.]
44.Қозбағар бастығының айтуымен текемет үстінде шашылып жатқан әлгі асыл бұйымдарды жинап теріп, былғары сөмкеге салды.[228-б.]
45.Табан астынан жақын селеу арасы дүсірлеп кетті де, қоянның "биқ!", "биқ!" деп шыңғырған үні тымық түнді ап-ащы тіліп өтті.[150-б.]
Қамшы "шарт" етіп оң жамбастан осып өтті.[40-б.]
46.Шеге сөзден жеңілді.[183-б.]
Бұлыш сөзден ұтылып, тосылды.[57-б.]
47.Қозбағардың құшағындағы қыз бұралып ұрынып бұлқынады.[21-б.]
-- Жібер! -- дейді Балқия жұлқына алысып.[119-б.]
48.Қараса сонау ауыл алдындағы қабаққа тырмысып атын қамшылап ентелеп біреу барады.[180-б.]
Сонда бұлар танымайтын калаға итініп неменеге сонша асықты? [305-б.]
Қозбағардың айқайынан бүкіл ауыл құлақтанып, жұрт андыздап тысқа шықты. [15-б.]
Осы жерде атымен екпіндеп кимелеп жұртты бұзып-жарып ортаға шыға келген Әзберген қамшымен Асан бәлшебекті қақ бастан тартып жіберді.[135-б.]
Бұ кезде көпшілік онсыз да анталап жиналып қалған еді.[132 - б.]
49.Шәріп сияқтылар ду қол шапалақтап елірді.[191-б.]
Жас жігіттің бірі -- жуантық төртбақ келгені, үйге қарай елеуреп ұмтылады.[78-б.]
50.Қараса, сай тұстан көкала түтінді қақ жара зымырап Балқия келеді.[252-б.]
Тысырлап зулап жанған от.[211-б.]
51.Екеуі сол қашқан күйі ауыл іргесіндегі терең сайға бір-ақ құлады.[10-б.]
Төңіректегі балалар тырым-тырақай зытты.[22-б.]
Үйдің іргесінен шырқырап шығып және екі-үшеуі безді.[284-б.]
52.Ай батыс аспанға қарай жантайып, сәулесі солғын тартыпты.[246-б.]
Тұла бойы зіл тартып, шаршаған Хансұлу отырған жерінде қоржынды жастанып қисайды.[302-б.]
53.Апанас бұны кабинетінде күтіп отыр екен.[229-б.]
"Астапыралла" деп Тәңіріне сыйынып, "және не хабар келеді?" деп жалпылдап шапқан жалғыз аттыны тосты. [106-б.]
54.Осылай жылағанда шешесі Торқа байғұс жібіп кетіп, "Пошымыңнан-ау сенің!" деп келіп басынан сипайтын. [86-б.]
Екі кештің арасында боздаған бәйбішенің дауысын алыстан құлағы шалып осылай бұрылған.[118-б.]
Баяу қоңырлаған бейбақ домбыра, қаяулы қыз жанының жалғыз мұңшысындай күрсіне өксіп кейуана гөй-гөйлейді.[52-б. ]

55.Хансұлу сыңқылдап күліп екі қолымен ауа қармап қалды.[20-б.]
-- Пахраддин мырза орысша да сауатты екен ғой, -- деді бас шайқап, жымиып.[72-б.]
Сөз бағып отырғандар елең етіп Қиқымбайға күлімсірей қарады.[260-б.]
56.Хансұлу үй толы үлкендерден ұялып, қырындай қозғалып ішке кірді.[258-б.]
Хансұлу ұяттан қысылып бетінің оты шықты.[197-б.]
57. Бір-біріне иін тіресе быжынаған кесек үйлер.[311-б.]
Балаларының қолынан жетектеп құжынаған елдің арасымен келеді бұлар.[316-б.]
Сыңсыған ел ішінде отырып Пахраддиннің соңғы кезде жалғызсырап жабығып жүргенін сезеді Сырға.[99-б.]
58. -- Хансұлу... мен... мен... сені ренжітейін дегем жоқ, оллаһи! [85-б.]
-- Құрдас, сен өкпелеме! Өкімет ісі өз алдына, ағайындық өз алдына.[34-б.]
59.Хансұлу өкпесін соғып ентігіп отыр.[329-б.]
Ауылдан шыққан жол алғашқы көлденең құмшағыл белге көтеріліп әрі асар тұста, алдарақта, ауыр қозғалып демігіп келе жатқан мол денелі Пахраддин маңдай терін сүрткіштеп сәл іркілді.[273-б.]
Аяғын әрең басып солықтаған орта бойлы дембелше Балқияны Бұлыш қолтығынан сүйеп келеді.[53-б.]
60.Қораңдағы малға сол боталы інгенді қосып есептедік.[205-б.]
Аяттың ара-арасында саусағы жорғалап таспиқ санап кетеді.[153-б.]
61.Танау астынан түсініксіздеу міңгірлеп теңселе тұрып, есікке бұрылды.[211-б.]
-- Сені... іздеп жүрсем... -- деп күмілжіді.[211-б.]
62."Құтты болсын" айта келдік! -- деді Әзберген кекетіп.[87-б.]
-- Ие, не істер ең сен өкімет болсаң? -- деді, кекеп.[66-б.]
63.Пыт, жаман неме, кімге тартқан өзі?! [222-б.]
-- Көтек, анау артқы түйенің үстіндегі кісі шырылдауық қайнағаға ұқсайды ғой! [257-б.]
64.Сөйтті де, үйден ытқып шыға жөнелді.[186-б.]
Мылтықтарын басына жастап киімшең жатқан ауыл еркектері күркелерінен ытып-ытып шыға келді.[153-б.]
Нұрила орнынан ыршып тұрып дауысы саңқылдап арызды әп-заматта оқып шықты.231-б.
Сөйткенше болған жоқ, үй ішінде тулақ сабағандай әлдене "таңқ" етті де, іле леген даңғырлап есіктен Ждақай атқып шықты.[10-б. ]
65.Алыстан ауылды торып қасқырлар жортты.[55-б.]
Бұны аңдыған жын ба, пері ме, әйтеуір, бір пәле апыл-ғұпыл тұра келе қашты.[286-б.]
66.Шолпысы сылдырап үйге кіріп-шығып күйбеңдеп жүріп, шамды өшіріп Балқия ақыры жатып қалған.[7-б.]
Көп ұзамай қоңырау ашық сыңғырлап, жақындай берді.[2-б.]
67.Жым-жылас шөл дала қатыгез тағдырдай мелшиіп сазарып жатыр.[345-б.]
Естен айрылғандай мең-зең сілейген Шегеге қазір аспан айналып жерге түссе де бәрібір еді.[152-б. ]
68.Желіккен қыз, бозбалаларға керегі де сол, аюдай ебедейсіз Қозбағарды түртіп қашып әбден ит сілікпесін шығарды.[21-б.]
-- Бұ, жаман поқтың... құтыруын...[22-б.]
Ждақайдың "қызық көрсетеміне" елігіп Шегенің Мажан ауылының түйе шаңдағында отырғанына біраз болды.[6-б.]
-- Ол кім ол? Бас! Аяма! Айт! -- деп еліріп елпілдей түсті Шәріп.[113-б.]
69.Отты лаулатып жағып, суды қайнатып алаша керіп қалқа еткен қос ішінде дереу дастарқан жайылды.[288-б.]
Айсыз қою қараңғы түнде шағылдың тұс-тұсынан от лапылдап, адам қыбырлап төбе үсті пері қонғандай құжынап жатты.[279-б.]
70. -- Адыра қалғыр, құлатпақ тұрмақ қиратам! -- деп ашуға мінген кемпір лақша ыршып, секіріп, келсаппен үйді төмпештеуге кірісті.[25-б.]
Тықыршып тұрған құнанына қарғып мініп, келесі сәтте Хансұлу да ауыл балаларының соңынан Қарауыл төбеге қарай жосылтып шауып бара жатты.[15-б.]
Киімшең жатқан қалпы, алас-қапас ырғып тұрды орнынан.[248-б.]
71.Есіктің бармақ сыйғандай саңылауынан бұған қарап бақшиған жалғыз көзді көріп қалды.[286-б.]
Бас қонақтың жіті назары соның бәрін қалт жібермей байқап отырды.[76-б.]
72.Кешегі Ждақайдың әңгімесі есіне түсіп, ауыл сыртына қарай беттей беріп, Шеге өзінен-өзі күлді.[13-б.]
Баяғы мыңғырған мал айдаған күндерін сөйтіп еске алар болмақ... деп жазылған-дүр...[261-б.]
73.Апанас Ждақай мен Шегені шақырып алып бөлек сөйлесті.[146-б.]
-- Ау, халайық, неге қаштыңдар' Жау емеспіз! Өкімет адамдарымыз! Тілдесіңдер! -- деген дауыс шықты сырттан.[126-б.]
74.Бұлыш жатқан жерде үш-төрт кісінің сүлбасы қараң-құраң үймелескенін көріп Пахраддин қалт тоқтады.[252-б.]
Бойын тіктеп қарауытып есік алдында іркілді.[9-б.]
-- Көтек! Құдай зекет! -- деп, шошып кеткен кемпір алақтап есік алдында сәл бөгелді.[187-б.]
Сәл кідірші, айналайын! Балқия! -- деп айқайлап келеді Пахраддин.[283-б.]
75.Әкесі таңертең үйдің ортасына от жақтырып, тонға оранып, маңдайын отқа бере отырып терлеп шай ішті.[265-б.]
Өкіл суық демін бір алып, көлдей орамалмен тершіген жалпақ шекесін сүртті.[174-б.]
Көрпені бүркеніп алып мандайы жіпсіп ақ су шайдан сораптай береді. [288-б. ]
76.Алдында таяғы тырсылдап, өңкендеп адымдаған Дәу апа.[300-б.]
Қолым дірілдеп, демім бітіп, құлағым шыңылдап, жүрегім тарсылдайды.[8-б. ]
77. -- Жаз болса өкіл қаптап кетеді екен түге, іннен шыққан суырдай.[69-б.]
Қайда қарасаң да қаулап өскен көк раң, жантақ, мия, түйетабан, қойселеу, ақшатау.[289-б.]
Айсыз қою қараңғы түнде шағылдың тұс-тұсынан от лапылдап, адам қыбырлап төбе үсті пері қонғандай құжынап жатты.[279-б.]
78.Ел шетіне кіргеннен бастап Хансұлудың таңырқауы көбейді.[167-б.]
-- Сақтай гөр, Жасаған ием! -- деген дауыстар молайып, жұрт тіксініп шоши бастады.[199-б.]
79.Мына асау жігіттің сөзінің божырап, өзінің қобырағанын көріп көңілденген еді.[234-б.]
Алыс-жақынның бәрі алақанға салғандай жадырап айқын көрінеді.[213-б.]
80.Бұлыш бұта-бұтаның тасасымен бүкеңдеп тура желкесінен келіп қалған еңгезердей жаудан бейхабар еді.[251-б.]
Ждақай шыбын ұстайтын кісіше сақ басып бүкшеңдеп алға жылжыды.[9-б.]
81. Түк те істеме, қалқам! Осылай монтиып отырсаң болғаны... -- деп Бұқабай қапсырып құшақтай алды қызды. [179-б.]
Төрге шығып томпиып отырып Дәу апаға қарап сазды дауысын сырнайдай созып:
-- Ие, жеңешетай! Ауыл іргелес десек те айда, жылда бір көреміз, күйлі қуаттысыз ба? Мал-жан аман ба?! -- деді.[60-б.]
82.Осыдан екі жыл бұрын әйелі өлген.[13-б.]
Екеуі де шешектен қайтыпты.[17-б.]
Осы жұртта Күлзипаның кәрі әкесі үзілді.[279-б.]
Құм басында қалған екеу осылай өтті дүниеден.[352-б.]
Қазір көз жұмсаң алдыңнан О Дүниенің нұрлы қақпасы ашылар![348-б.]
83.Иығынан ұрып: "жібер!" деп төмпештеп жатқан қыздар.[21-б.]
Әлгінде "Балаңды Әзберген сабап жатыр" дегенді естіп, көсеуді ала ұмтылған сыртқа.[23-б.]
84. Жүздерінде кең жайлау жазды сағынған, ойын-тойлы, дырдулы өмірге асыққан, құлшынған іңкәр рай.[63-б.]
Шаршаған, әлсіреген денесі ұйып, тыныш демалыс аңсайды.[285-б.]
Көк шөп талмап тірлікті көксеп жатсың ба?[348-б.]
85.Күнге сығырайып қарап тұрды Дәу апа.[326-б.]
Қауашадай үйінде сықсиған май шам.[24-б.]
86.Желі жақта боталарын емізген түйелер ыңырсиды.[90-б.]
Әлдебір дұғаны танау астынан ыңылдаған күйі мылтықтары шошайып ауыл алдында иіріліп тұрған бес-алты аттыға қарай желпілдеп желіп келеді.[130-б.]
Пахраддин жаралы арыстандай ыңыранып, бұлықсып күрсін атты.[297-б.]
87.Суға байашындай, көп үжамай! -- деді, шүлжің шермек сары көзі бақырайып.[317-б.]
Шәріп түсінбей Қиқымбайға тағы да ажырайып қарады.[260-б.]
88.Тұншығып онсыз да жалпақ беті қамырдай ісіп кеткен Бұқабай шалқасынан "қырр", "қырр" етіп алдында жатыр.[122-б.]
Одан ары қарай не дерін білмей тұтығып, булығып тұрып қалды.[2-б.]
89.Ішігінің етегі далақтап қарға сүріне аттап келеді.[52-б.]
Әнеки, ар жағынан далбақтап шауып Ждақай келеді.[129-б.]
90.Тынысы тарылып, жүрегі дабылдап құбылып қайта түлегендей.[166-б.]
-- Қи-и! Жабыл кедей, жабыл! -- деп Шәріп жұрттың делебесін қоздыра ұрандап қояды.[223-б.]
Ізіне ерген жұртқа соны жария етті.[159-б.]
91.Байларды тұқымымен құртады деген рас па? [66-б.]
Калашников тұрып: "Қулақтарды тап ретінде жоямыз!" деді.[191-б.]
92. -- Қызық!.. -- деп таңырқап бас шайқады Калашников.[75-б.]
Шеге осы сапарда, әсіресе, кешелі-бүгін Апанасқа таң қалды.[161-б.]
93.Шам сөніп тас қараңғы үйде тыныштық орнады.[176-б.]
Шүкір Алла, соның арқасында түндігі жабылып, түтіні өшкен үй болған жоқ аулымызда.[201-б.]
94. Көз алдынан бүгінгі оқиға тізбектеліп өтті.[212-б.]
Сөйтіп, есік алдындағы үюлі мүлікті алдымен тізімдеп, қағазға түсіріп, содан кейін арбаға тиеп комиссия сәске түсте ауылдан аттанып кетті.[124-б.]
Жаңа түскен келіндей бір тізерлей отырып шайсаңдықтан су жаңа орыс фарфорын шығарып, қытай жібегімен сүртіп, жұмыртқадай тізілтіп қойып жатыр.[76-б.]
95. Шымылдық алдында бұратылып отырған Хансұлу сырға, шашбауы сылдырап түрегелді.[85-б.]
Әзберген ауыл ұйықтады-ау деген шамада бұғып жатқан орнынан тұрып Пахраддиннің еңселі ақ боз үйіне қарай жылжыды.[87-б.]
96. Бірақ Хансұлудың көңілі одан сайын жылымақ тұрмақ, түршігіп мұздай түседі.[64-б.]
Ел шетіне тиген лаңды көргендей, Пахраддин тітіркеніп кетті. [106-б.]
Күлпаршасы шыққан шаңырақты көріп жиналған жұрт тіксінді.[117-б.]
97. - Е-е-е... -- десіп, мұңайып қалды жұрт.[260-б.]
-- Қайткенде не лаж бар?.. -- деп, Дәу апа да қамықты, өлі-тірісі белгісіз Пахраддин, Сырға жайын ойлап. [339-б.]
98. Ақырында жұтап, қаңғып жүрген бейбақтар боламыз! -- деді Дәу апа.[320-б.]
Басшысын таппаған ел азып, жолдасын таппаған ер азып... зұлмат өктеген екен ғой...[349-б.]
Мал-мүлкін алып, өзін, бала-шағасымен тоздырып жіберетіндей не кінәсі бар сонда бай сорлылардың? [76-б.]
99. Шеге "Өй!" деп ышқынып қалды, бірақ тамағы құрғап кеткен бе, үні шықпады.[151-б.]
Әлдебір құдырет иесінің құлағына шалынар дегендей айқайламақ еді, бірақ кеуіп қалған аш өзегінен ысылдаған дыбыс қана шықты.[347-б.]
100. Шайқақтап билеп алыстай берген жалғыз құйыннан көз алмай тебіренеді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚҰРАМА БАЯНДАУЫШТЫ ЕСІМДІ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ЖАСАЛУЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы есімді сөйлемдер
Қазақ тілінің омоним сөздерінің статистикасы
Есімді сөйлемдер
Біріккен сөз - күрделі құрамды сөз
Сөз тұлғасын зерттейтін тіл саласы - сөзжасам мен морфология саласы
М.О.Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясының бірінші кітабындағы фразеологизмдер
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының ономастикалық кеңістігінің лингвомәдени сипаты
Тіл білімінде қос сөздерді қарастырған ғалымдар
Абай поэтикасының Абай жолы эпопеясында әлеуметтік, теңсіздік мәселелері
Пәндер