Жаңа діни ағымдардың ерекшеліктері және классификациясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

1. 1 Жаңа діни ағымдардың ерекшеліктері және классификациясы

Жалпы дінтану саласында ортақ құпталған жаңа діни ағымдардың топтамасы жоқ. Бұл олардың ілімдерінің мәндік белгілерін анықтаудың, олардың қызметіне баға берудің күрделілігімен байланысты болып отыр. Жаңа діни ағымдар Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Шығыс елдерінде, АҚШ-та, Батыс Европа мемлекеттерінде пайда болды.

«Дәстүрлі емес культтер», «Жаңа ғасыр діндері», «Неодіндер», «Конфессиялык емес», «Канондық емес сенімдер», «Баламалық культтер», «Жастар діні» - Еуропа мен АҚШ - та XX ғасырдың 60-70 жылдарында кең таралған діни құбылыстар қатарын осылай әр-түрлі атайды. Аталған уақыт діни сананың тарихи калыптасқан, дәстүрлі формаларының дағдарысымен сипатталады, солардың ішінде, әсіресе, христиан дінінің дағдарысымен белгілі. Христиан діні - батыс европалық және американдық құндылықтар жүйесінің маңызды элементі ретінде барлық әлеуметтік зардаптар үшін "жауапты" деп есептелді. Тұтынушылық, технократтық қоғамның ресми құндылықтарынан көңілі қалу, жалғыздық сезімі, өмірден түңілу сезімі - осылардан барлығы жаңа құндылыктар жүйесін, жаңа "өмір ғылымын" іздестірудің әлеуметтік-психологиялық факторына айналды. Жаңа қозғалыстардың басшылары, діни ұйым лидерлері қоғамдық көңіл-күйлердегі ауытқуларға тез арада назар аударып, "күнәьар" әлемнің зұлматтарын бірден сынап, өздерін біртуар құтқарушылар есебінде жарнамалап, жоғары даналық пен моральдың жаршылары болып көрінді.

Дәстүрден тыс культтердің тобын құрушылар негізінен орта топтан шыққан жастар. Олар жоғары білімді, әл-ауқатты жандар болғанмен, олардың ішкі рухани дүниесі тарылып, өзара әлеуметтік байланыстары бұзылған жандар деп мінездеме береді, сол кезеңді зерттеушілер. Әлеуметтік қарама-қайшылықтың түрлі формаларынан түңілген, ашынғандар үшін, үйреншікті өмірлік жол арнасынан адасып қалған адамдар үшін дәстүрлі емес культтер бас сауғалар қонысқа айналды.

"Жаңа ғасыр" діндерінде күшті ұйымдық, қатал адамгершілік талаптар және мінез-құлықтық өмірлік ережелер, рухани бағып-баулушы рөлін алған көшбасшылардың авторитаризмі басым.

«Дәстүрлі емес культтердің» өзіндік ерекшеліктері бұл ұйымдарда көп жағдайда харизмалы лидердің, көсемнің қатаң авторитаризмі болады. Оларға ресми құндылықтар мен мақсат-мұраттарға, әрі соларды ұстанатын шіркеулік ұйымдарға қарсылық сипаты тән. Олардың бойында әсіресе «біз - сезімі» күшті дамыған. Қауымдастықтың ішкі өмірін олар жарғылар мен ережелер арқылы реттейді. Онда қауымға кіру және қауым алдында міндетті болу ережелері де көрсетілген. Солай десек те, қатал институтционалды құрылымы жоқ жаңа діни ұйымдар да баршылық. Осы жаңа қауымдардың қызметі көп жағдайда деструктивтік сипат алып, қоғамға қауіпті секталар ретінде бағалануда. Онда психотехнологиялар, психотерапия әдістері пайдаланылады. Оларда прозелиттерге, яғни жаңадан келгендерге олардың топ ішіне сіңісуіне баса назар аударылады. Бұл жөнінде секталарға байланысты арнайы тақырыпта тереңірек қарастырылады.

«Жаңа ғасыр» діни бірлестіктері мықты ұлтаралық корпорациялар ретінде әрекеттенеді, ірі бизнеспен айналысады, олардың әлемнің көптеген елдерінде филиалдары бар. Француз ұлттық ассамблеясының мүшесі Катрин Пикар 2006 жылы 25-26 наурыз аралығында Брюсселде «Культтердің интернализациясы. Европадағы адам құқығына қауіп төнуде» деген тақырыпта өткен халықаралық конференцияда жаңа діни ағымдардың көбінің ақша жасаумен айналысатынын, соның бір дәлелі ретінде секталардың ақшасына тікелей қатысы бар Европада жұмыс жасайтын Люксембург банкісінің қызметін атады.

Дәстүрлі емес культтердің ортақ белгілері де, алуан түрлі ерекшеліктері де бар. Әйтсе де дінтану саласында осы культтердің барлығы шартты түрде топтастырылған:

1. Неоориенталистік культтер: «Кришна Санасының Қоғамы», «Тынық мухиттық дзэн - буддалық орталық», «Құдай сәуле миссиясы», «Трансценденталды медитация» және т. б.

Неоориенталистік культтердің тегі шығыстан тараған. Олар көбінде индуизм мен буддизмнің түрлі нұсқауларын жаңашаландырған діни құрылымдар. Неоиндуистік және необуддистік ілімдер арылудың (мокша, нирвана) тылсым жолын ұсынады. Ол адам бойында бар құдайлық бастаманы ояту жолы. Әлемде бар нәрселердің ешқайсысы құрдан құр болмайды, оның арғы жағында нағыз кұдай табиғаты жатыр, ол үйлесімді де әділетті табиғат деп түсіндіріледі. Мақсат - көптеген медитация түрлерін пайдалана отырып, сол бір шынайы табиғатпен біржола бірігу. Медитация процесі (ойға шому, аңдау, іштей зейін салу, қоршаған ортадан толық бөліну) мантралар, мистикалық мағына беретін дыбыстар немесе арнайы сөздер қосағын айтудан тұрады. Діни ілімді түсіну тек шынайы жолға түсуден, жеке бас тәжірибесінен кейін ғана мүмкін. Ол үшін гурудың (рухани ұстаздың) ролі бірінші орында тұру керек. Гурудың батасын алмай азаптан құтылу тұрмақ, рухани өсудің өзі мүмкін емес.

2. Неохристиандық бірлестіктер : «Бірігу шіркеуі», «Құдай балалары отбасы», «Соңғы Өсиет шіркеуі» және т. б. Бұл культерге христиандық теологияны өңдеу, шығыс діндерінің элементтері қосылған синкретизм тән, эсхатология мен мессиандыққа ерекше көңіл бөлу, жетекшіні Құдай жіберген елші мәртебесінде қабылдау, оны жаңа аян беруші, жаңа жоғары адамгершілік ережелерін әкелуші деп қарастыру тән.

3. Сайентологиялық бағыттар : «Сайентология Шіркеуі», «Ғарыштық діндер» және т. б. құрайды. Ол культерде түрлі физикалық аспап - құралдарға мистикалық мән беріледі, сөйтіп кейбір елге белгісіз және тылсым жоғары күштермен факторлардың физикалық, биологиялық табиғатка әсерін тіркеуге және тіпті өлшеуге болатындығы айтылады. Онда психика мен қоршаған ортаның зерттелген құбылыстары мистикалық тұрғыдан түсіндіріледі.

4. Жаңа сиқыр, спиритизм . Сақталып қалған үйреншікті, сиқыршылар, бақсылар, балгерлермен қатар, жаңа магиялық ілімдер мен институттар үлкен беделге ие болып келеді. Олар шығыстық және батыстық, ежелгі және қазіргі дәстүрлердің тәжірибелері мен көзқарастарын біріктіреді, сол сияқты жаңа сиқыршылар мен балгерлердің аяқ астынан туындаған шығармашылығын да қосады. Ондай бағыттарға мысалы: Карлос Кастанеданың ілімін жатқызуға болады. Ол мексикалық үндістердің мифологиясына негізделген ілім. Өткен ғасырдың өзінде-ақ Еуропа мен Солтүстік Америкада басталып кеткен спиритистік қозғалыстар әлемге кеңінен тарала бастады. Олар өлген адамдардың аруақтарымен араласумен, тілдесумен айналысады.

5. «Шайтандық» топтар. Сатанизм көне Ирактан келген. Оның өсиет-уағыздары Көк кітапта жатыр. Сатаналық культтер зұлымдық пен зорлық-озбырлықты дәріптейді, сөйтіп зұлымдықтың мистикалық көздері шайтанмен, демонмен және т. б. қарым-қатынасты уағыздайды. Мысалы «Сатана коғамы» өздерін зұлымдықтың саналы тасымалдаушысы және христиандықтың антиподы деп жариялайды.

Алғашқы төрт культ топтары арасында нақты бекітілген шекаралар жоқ, оларды шартты түрде ғана бөліп қарастыра аламыз. Сонымен «Трансценденталды медитацияны», Махариша Махеш Иоганың ілімін сайентологиялық культтерге жатқызуға болады. Р. Хаббардтың «Сайентология шіркеуі» буддизмнің кейбір идеяларын дәлірек айтсақ ішкі тыныштық пен қамсыздық (нирвана) күйіне жетуді қолданады. Неохристиандык культтер шығыстық жүйелерден алынған медитацияны, сиқырлауды пайдаланады. Сонымен бірге неоориенталистік ілімдер көбінесе қоғамдық қатынастар туралы демократиялық идеяларды христиандық және зайырлы батыс философиясынан алып отыр. Жалпы алғанда бұлар синкретикалық культтер. XX ғасыр діндерінің «жолын куушылардың» көпшілігінің сыртқы бет әлпеті мен культтік практикасының экстраваганттығы (әдеттегідей еместігі) назар аудартады. Оларда алғы шепке культтің эмоционалды психологиялық жағы шығып отыр.

«Дәстүрлі емес діндердің» өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып өтелік:

- әлеуметтік тұрғыдан өзара көмек және қолдау көрсету;

-кішіпейілділік және тәуелсіздік сияқты құндылықтарды қолдай отырып, өз көзқарастары мен идеологияларын таратуға тырысу;

-кез-келген аймақтағы мұқтаждық, жұмыссыздық, сауатсыздық және панасыздық сияқты әлеуметтік және экономикалық проблемаларды пайдалану;

- осы аймақ халықтарын, олардың басынан кешіріп отырған қиын жағдайларды пайдалана отырып, өз қатарларына тартуға тырысу;

- жұмыссыз, әлеуметтік жағдайы нашар, ұлттық және рухани құндылықтарынан хабары жоқ жастарды өздері үшін мақсатты түрде миссионерлерге айналдыру;

- мемлекеттік төңкеріс, қайта құрулар болып жатқан елдерде жан-жақты ұйымдасу жұмыстарын жүргізу.

Орта Азия аймағын тиімді насихат жүргізу жерлерінің бірі ретінде таңдаған христиандық миссионерлік ұйымдар еуропалық немесе орыс миссиоиерлердің көмегімен түркі тілдес халықтардың тілдерінде немесе орыс тілінде іс-шараларын жүргізуде. Шіркеулердің және христиан ұжымы орталықтарымен бірге бастауыш мектептерде, колледждерде, жеке меншік университеттерде, кітапханаларда және мәдениет орталықтарында, ауруханаларда, өндірістік орындарындарда және басқа да қоғамдық орындарда әр түрлі қызметтер керсетіп, өнер, спорт, туризм және журналистика сияқты салаларда семинарлар, конференциялар және конгрестер өткізіп, газет, журнал және кітап түрінде басылымдар шығарып, әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан көмек көрсете отырып, адамдармен жақындасып, олармен қарым-қатынас жасауда. Біраз адамдарға тамақ және киім жағынан көмектесіп, жұмыс тауып беріп, әлеуметтік және мәдени іс-шараларға қатыстырып, тегін тәлім-тәрбие беріп, ғылыми және мәдени орталықтарын ашып, халыққа өздерін жаны ашығыш немесе құтқарушы ретінде көрсетіп отырған аталмыш діни, саяси және философиялық ағымдар барған жерлерінде ешқандай қарсылыққа кездеспейді, керісінше барған жерлеріндегі елдердің басшылары мен жергілікті жердің жетекшілерінің көрсеткен қолдауларының арқасында алаңсыз өз жұмыстарын іске асыра береді. Себебі олардың қызметтері жалпы алғанда сырттай халықаралық Заң нормаларының шеңберінен шықпайды.

Елімізде өз жұмыстарын іске асырып отырған діни-философиялық ағымдар екі негізден тұрады:

1. Ислам кұрамында, мұсылман қауымдарда пайда болған діни-философиялық, саяси ағымдар.

2. Христиандық ілімнен бастау алатын, харизматикалық протестанттық діни сипаттағы ағымдар.

Қазақстанда бар, аталған бағыттардың барлығының ілімдеріне, миссионерлік қызметтеріне арнайы тақарыптарда талдау жасалады.

1. 2 Діни секталардың мәні және табиғаты

Қазақстанда қазір 4000-нан астам діни ағым ресми тіркеуден өтіп отыр. Бұл ағымдарға мүше болғандардың ішінде туған-туыстарынан, отбасынан айрылған, жұмысынан босап, дос-жарандарымен түсінісуден қалған адамдардың тағдыры өте қайғылы десе болады. Аталған жағдайлар мәселенің бір жағы ғана. Қазақстандағы дәстүрден тыс ағымдардың барлығы (сатанизм мен саентологиядан басқасы) дәстүрлі діндердегі құдай туралы, адамның сенімі туралы ілімдерді, жалпы адамгершілік принциптерін негізге алып, біраз өзгертулер кіргізіп жаңа ілім ретінде жариялайды. Бұл ілімдерде баса назар аударатын нәрсе оларда тіл, ұлттық мәдениет, патриотизм мәселелері құндылық болып саналмайды. Құдай алдында барлық адам бірдей, сондықтан оның жерді иемденуі, ұлт болуы, өзіндік ерекшелігінің болуы міндет емес. Мұндай көзқарас әлемдегі ешбір елдің саясатына сәйкес келмейді. Барлық елде гуманистік принципті ұстана отырып өз ұлтының тілін, мәдениетін, ерекшелігін сақтауға, сонымен қоса дамытуға көңіл бөлінеді. Тағы атап айту керек, мәселе бұл ағымдар өздерінің миссионерлік жұмысында психотехника тәсілін қолданатындықтары. Оның түрлі әдістерінің барлығы туралы психолог-ғалымдар дәлелдеп отыр. Әлемдік тәжрибеде осы ағымдардың жұмысына байланысты қылмыстық істердің әшкереленгендігі туралы жеткілікті мәліметтер де бар. Ендігі кезеңде Қазақстандағы көп конфессионалды қоғамның осы қауіптен аман қалуы мүмкін деп қол қусырып отырмай, қауіптің алдын алу шараларын жасау, қоғамның діни сауаттылығын арттыру, болашақтың иелері жастарды рухани тәрбиелеу кезек күтпейтін мәселе тудырып отыр.

Әрине бұны қазіргі кезде осы ағымда жүргендер түсіне қоймайды, тіпті осы мәселені көтергендерге наразылық білдіріп, қарсы шығулары сөзсіз. Себебі бұл дінге кіргендердің өздері сектанттық арбаудың шырмауында жүргендерін сезбейді.

Бұл жаңа ағымдарды неге секталар деп атайды және оны анықтайтын қандай өлшемдер бар? Секта - бұл топ мүшелерін физикалық және психологиялық тәуелділікке түсіруді мақсат ететін ұйым.

Бұл сөздіктерде берілетін жалпылама анықтама. “Секта” (лат. secta - өмір сүру бейнесі, ілім, бағыт, мектеп) сөзінің екі этимологиясы бар: sectare - қыю, бөлу, немесе, sequi - біреудің соңынан еру, мойынсұну, біреуге қызмет ету. Негізінде көптеген дәстүрлі діндерден бөлініп шыққан діни ағымдардың барлығын секта деп атайды. Бірақ оларға қандайда бір жаманшылықты таратушы ағым ретінде мінездеме беруге болмайды. Керісінше, секталардың көбі халықтардың дәстүріне мәдениөзгерткіштік әсер етіп, өздері бөлініп шыққан дәстүрлі діндерден кейбір діни догматтарымен ғана өзгешеленіп, кейіннен біртіндеп күшті діни қозғалысқа айналады. Оған протестантизмді мысалға алуға болады.

Бірақ, осындай көп діни ағымдардың ішінде қызметтері қазіргі зайырлы қоғам заңдарына қарама-қайшы келетіндері, тіпті ілімдерінде ашық түрде зорлық көрсетуге шақыратындары да аз емес. (“АУМ Синрике”, “Белое Братство”, “Шайтан шіркеуі” т. б. . ) Яғни бұлар деструктивтік бағыттағы діни ұйымдар. Сондықтан соңғы он жылда ғылыми қолданысқа кіргізілген тоталитарлық секталар немесе деструктивтік культтер - жаңа терминдерді қолданған дұрыс. Сөздіктерде “культ” (латынша cultus - сыйыну) : бір нәрсеге немесе біреуге сыйыну; сыйыну объектісіне қатысты рәсімдік әрекеттер жиынтығы.

Сонымен деструктивтік діни бірлестік (деструктивтік культ, тоталитарлық секта) - бұл адамның физикалық, психикалық күйіне, рухани дамуының табиғатын бұзатын, сонымен қатар қоғамдағы, мәдениеттегі дәстүрлер мен нормаларға қарсы авторитарлық иерархиялық ұйым. Бұл ұйымдарда жеке тұлғаның (лидердің) немесе топтың (біреудің басқаруымен) мақсатты түрде жасырын психологиялық зорлықты қолдану арқылы, заңсыз адамдардың санасы, іс-әрекеті және өмірі бақылауға алынады.

“Тоталитарлық секта” “деструктивтік культ” ұғымына қарағанда кеңірек ұғым, себебі тоталитарлық секта тек діни топтардың әлеуметтік-психологиялық және ұйымдық мінездемелерін беріп қана қоймайды, олардың өздеріне тән мынадай ортақ ерекшеліктері бар.

Біріншіден, олар тарататын ілім ең соңғы ақиқат деп есептеледі, кез-келген аймақта «руханилықты» (өз діндерін) таратуды талап етеді, дәстүрлі діндерге және әр елдің ұлттық-рухани құндылықтарына агрессиялық төзімсіздік немесе немқұрайлы қарым-қатынас. Екіншіден, сырттай өнегелік: барлық жаңа құрылымдар ең мейрімді мақсаттарды қойып, өздеріне тартатын атпен көзге түседі. Олар өздерінің шынайы мақсаттарын, қызметтерінің нәтижесін жасырын ұстайды. Үшіншіден, дәстүрлі діндердің киелі кітаптарын мақсатты түрде бұрмалап, оларды өз догматтары ретінде қолданады. Төртіншіден, “психотехнология” әдісін қолдану және өз мүшелерін басқа мәлімет көзінен қиып тастау. Содан соң әр адам сектаға жаңа мүше жинауға міндеттеледі.

Барлық культтерге ортақ нәрсе секта басшыларының саяси мақсаттары, билік жүйесінде өз агенттерін ұстау. Бірде-бір ағым бұрын айтылмаған немесе қолданбаған адамгершілік құндылықтарды ұсынбайды, негізінен бұл ағымдардың іліміне мына ерекшеліктер тән: өз құдайларына сыйынады, «ақыр заманды болжайды», «жоғарғы ақыл-оймен» байланысқа түседі, «өлгеннен кейін қайта тірілу» мүмкіндігін береді.

Бұл ұйымдарда тірі адамға табынады (ұйым басшылары тірі құдай ретінде қабылданады), діни ілімдері эсхатологияға негізделеді, жиындарының көпшілігі жасырын өткізіледі, ұйым мүшелері қатал рухани бақылауда болады және бұл ұйымдар қоғамға қарсы әрекеттер жасайды. Кейбір авторлар осындай анықтаманы деструктивтік дінге немесе діни жаңа құрылымдарға береді. Бұл ұйымдардың барлығы дәстүрлі діни конфессиялар сияқты өмірдің мәнін іздеу, жанның мәгілігі туралы, азаптан құтылу, өзін-өзі жетілдіру сияқты адамның рухани тіленістеріне байланысты мәселелерге көңіл бөледі. Секталардың қызметі тармақты маркетінгті ұйымдастырғандағы сияқты бір жүйеге келтіріліп жүргізіледі. Мамандар маркетинг принциптеріне сараптама жасағанда бұл жұмыста дилер жетістікке жету үшін оның мынандай психологиялық көрсеткіштері болуы керек дейді. Ол адам дүниеқор, пайдакүнем, ұялу, ыңғайсыздануды білмейтін, екіжүзді актер болуы керек. Сонымен қоса оның кәсіби мүдделестік сезімі өте күшті дамуы қажет. Маркетингте де, секталарда да осындай қасиетпен көзге түсетін лидерлар (көшбасшылар) бар. Маркетигнг пен секталардың жұмыс кезеңдері де бірдей:

1. мүшелікке таңдау;

2. тармаққа баулу;

3. психологиялық тазарту.

Тармақты маркетинг пен сектанттық қызмет адамдарды “бағыттаудан“ басталады. Ол үшін бес-алты адамнан жиналаған топ болса жеткілікті. Бұндай кездесулерде олар өте мейрімді жанашыр ретінде әңгіме айтып, адамдардың сеніміне кіріп алады. Одан кейін біртіндеп осы адамдармен нейролингвистикалық бағдарламаның заңына сай жұмыс жасайды. Бұндай принциппен жұмыс істейтін адам кез-келген аудиторияны транс (санадан тыс болу) жағдайына түсіре алады. Егер діни ағымдардың қызметінде осындай белгілер болып, психотехникалық әдістер қолданылса, оларды секталарға жатқызуға болады. Мамандар секталарды зерттеу барысында олардың ортақ белгілерін төмендегідей деп береді:

- жаңа келген адамға ерекше мейрім көрсету;

- үздіксіз медитация, қасиетті сөздерді (фразаларды) қайталау арқылы трансқа түсу;

- индоктринация - ұйымда уағыздалатын ілімді түсіндіру. 3-4 сағаттық діни рәміздер: медитация, діни уағыз, медитациялық музыка.

Жоғарыда аталған қызметтермен қоса бұл ұйымдар өз алдарына үлкен мақсаттар қояды :

- әлемдік деңгейдегі атақ-абыройға ие болу;

- өздеріне жаппай мүшелерді жинау;

Ұйым мүшелерінің санасын өзгерту мақсатында олардың психикаларына әсер ету.

Адам санасын манипуляциялау бұл адамның келісімімен немесе келісімінсіз де бір іс-әрекет жасауға немесе іс-әрекет жасаудан бас тартуға мәжбүр ету мақсатымен арнайы әдіс қолдану немесе қайта-қайта ауыр қысым жасау, нәтижесінде адамның денсаулығына үлкен зиян келтіріледі. Қазір секталардағы «сананы манипуляциялау» мәселесі үлкен қылмыс деп анықталып, бұл әрекетті заң жүзінде жауапкершілікке тартылу қолға алынып жатыр.

Транс жағдайының пайда болуының физиологиялық механизімін ХХ ғасыр басында орыс ғалымы А. Ухтомский зерттеген. Ол транста болған кез-келген адамның санасы трансформацияға ұшырайды. Ол транс камланиямен бе, ритмикалық дыбыстармен бе, ғылыми лингвистикалық практикамен бе, медитациямен бе, есірткімен бе қалай шақырылса да адам санасына зиянды құбылыс болады деп қорытынды жасаған. Дәстүрлі діндер бұндай әрекеттерге тыйым салады. Адам жанының құдаймен бірігуі магиялық практика, «сырт күштерге», «рухтарға», «табиғат объектілеріне», «Абсолютке», «космостық ақыл-ойға» табыну арқылы болмайды. Дәстүрлі діндерді ұстанушыларды бірдей құндылықтар мен принциптер біріктірсе, сектанттық ұйымдар керісінше адамдарды ұйым басшысы немесе рухани ұстаз абыройына бас ию мен ұйым мүшелерінің өзара қарым-қатынастары біріктіреді. Сондықтан да дәстүрлі діндердің ұйымдастыруларында жұмсақтық, бостық басым көрініс табады ал, жаңа құрылымдарда темірдей тәртіп арқылы өз құрамындағы адамдардың өмірі толығымен бақылауда болады.

Францияның Ішкі Істер Министрлігінің арнайы қызметі ұйымда төмендегі аталған 10 өлшемнің біреуінің болуы оны «секта» деп анықтауға негіз береді деп ұйғарымға келген:

- санаға әсер ету;

- өлшемсіз қаржылық сұраныс;

- бұрынғы қарым-қатынастан бас тартуға

мәжбүрлеу;

- денсаулыққа зиян келтіру;

- балаларды азғыру;

- қоғамға қарсы идеяларды тарату;

- қоғамдық тәртіпті бұзу;

- ұйым басшыларының немесе мүшелерінің тергеуге түсуі;

- ұйымның экономикалық кірісін жасыру;

- мемлекет басқару жүйесіне кіруге талпыныс жасау

Белгия парламентінің секталардың заңсыз қызметіне байланысты комиссясының адвокаты Серж Моро секталарды үш категорияға бөледі. 1) Классикалық секталар - әлеуметтік зияны жоқ, 2) әлеуметтік қауіпті секталар, 3) қылмыстық топтық секталар. Белгияда әрекет еткен секта «Құдайдың универсальдық шіркеуі» ресми тіркеуден кейін, сот шешімімен қылмыстық топқа жатқызылған. Серж Моро Рон Хаббардттың саентологиясын да өте қауіпті секталарға жатқызды.

Жаңа христиандық ағымдар

2. 1 Құдай балалары

Христиандық бағыттардың ішінде осы діннің атын жамылған түрлі діни секталар бар. Осындай діни ұйымдар өз ілімдерінің қайнар көзі ретінде Інжілге сүйенеді және өз ұйымдарының шығу тегін тікелей әулие апостолдармен байланыстырады. Бұл ұйымдардың басшылары өздерін пайғамбар немесе Масих деп атайды. Бұл діни ұйымдардың махаббат жанұясы «Құдай балалары», «Тәуелсіз миссионерлік қауымдардың одағы» деген атпен белгілі. «Құдай балалары» сектасы өз атын бірнеше рет өзгертті. Алғашқыда «Махаббат жанұясы», кейін «Жанұя» деген ресми атау алды. Бұл сектаның тағы бір атауы «Жанұя Христиандық миссиясы». Бұл секта жалған евангелшіл, оккульттік, апокалиптисттік бағытта. Сектаның штаб пәтері Цюрих қаласында орналасқан.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діндерді дінтанулық принциптер бойынша топтастыру
Еліміздегі дәстүрлі емес ағымдардың пайда болуы
Дәстүрден тыс діни ағымдар
Лекциялар жинағы «Дінтану және теология»
Қазақстандағы діндер
Қазіргі дәстүрлі емес діни қозғалыстар пәнінен лекциялар жинағы
Рекреация ұғымы сұрақ-жауап түрінде
Дәстүрлі діннің белгілері
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНДЕРДІҢ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУЫ
Тұрғындардың миграциясының теориялық негiздерi
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz