Неке, отбасы қатынастарының құқығы
Неке, отбасы қатынастарының құқығы
Отбасы дегеніміз - бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке қатысты емес жеке бастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы.Неке - отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі - зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты - неке деп түсінуіміз қажет.
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы құқығында құқықтық қабілеттілік құрамына кіретін құқықтық мүмкіндіктер көп түрлі. Мысалы некеге отыру, бала асырап алу, қамқоршы немесе қорғаншы болып тағайындалу қабілеттіліктері. Бұл қабілеттіліктердің барлығы белгілі бір жасқа жеткенге дейін құқық субъектісінің өзінің әрекетімен де, оның заңдық өкілімен де жүзеге асырылмайды.Неке және Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай, пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын зерттейтін құқық саласы болып табылады.
Некені заңды түрде рәсімдеу дегеніміз оны азаматтық хал актілеріндегі жазу органдарында тіркеу болып табылады.Белгілі бір тәртіппен тіркелген некенің ғана құқықтық күші болады. Бұл ереже неке - отбасы заңдарының негіздерінің бірі болып табылады. Бұл мән-жайдың ерекше маңызы бар. Ерлі- зайыптылардың заңдық құқы мен міндеттері неке АХАЖ - да тіркелгенен кейін ғана ерлі - зайыптыларды қорғау туралы міндеттеме алады, оларды ерлі-зайыптылар ретінде таниды, сондай - ақ бұл отбасыға қамқорлық көрсетеді.
Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендете алады.Неке жасын кеміту туралы өтінішті тұрмысқа шығатын қыздың өзі жазу керек. Мұндай өтінішті ата-аналары, қамқоршылары да жаза алады, бірақ олар үшін қыздың өзінің келісімі керек. Некеге тұру жасын қысқарту туралы мәселені жергілікті әкімшілік шешеді. Әдетте толық қабілеттілік 18 жастан басталады, яғни құқықтық қатынасқа өз еркімен тұру және өз әрекетіне өзі жауап беру болады. Алайда некеге 17 жастан тұру рұқсат етілсе,отбасылық қатынаста толық қабілеттілік некеге 18 жасқа дейін тұрумен басталады. Бұл, атап айтқанда, ерлі-зайыптылардың бала тәрбиесіндегі, мүлікті пайдаланудағы, отбасылық өмірдегі басқа да мәселелерді шешудегі құқықтары мен міндеттерінің теңдігін білдіреді.
Неке - мемлекеттік органдарда, азаматтық хал актісенде тіркеліп жазылады. Бұл жағдайдың ерекше мәні бар. Ерлі-зайыптылардың құқығы мен міндеттері АХАЖ-дан (азаматтық хал актісінің жазбасы) өткен соң ғана күшіне енеді. Тек осыдан кейін ғана мемлекет ерлі-зайыптылардың құқығын қорғауды қолға алады. Оларды заңды түрде некелескендер деп есептейді, сондай-ақ бұл отбасына қамқорлық жасайды.Некеге тұруға байланысты негізгі белгі боп табылатын келесі бүр түрі - қаны бір туысқан адамдардың бір-бірімен некеге тұра алмауы. Жақын ұрпаққа берілу мүмкіндігін жоғарылатады. Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексінің 11 бабына сәйкес Араларында неке қиылуына (ерлі-зайыпты болуына) жол берілмейтін адамдар Некелесуге (ерлі-зайыпты болуға):
Неке қатынастарына келгенде шетел элементі болған жағдайда, осы қатынастар аясында әртүрлі қақтығыстар нәтижесінде мәселелер туындауы мүмкін. Осы тұста, Ш.Монтескьенің сөзін еске алсақ болады, бір мемлекеттің заңы екінші мемлекетпен сәйкес болуы өте сирек кездесетін жайт. Қазіргі кездегі неке түсінігі ерікті, теңқұқықты, ер мен әйелдің құрған одағын түсінеміз. Неке институты елдің мәдениеті, тарихы, экономикасы мен саясатына тікелей байланысты.Халықаралық жеке құқықтағы отбасылық құқықтық қарым-қатынастардың ерекшеліктеріне мыналарды жатқызсақ болады:
- көптеген елдерде отбасылық құқықтың субьектілері заңмен анықталған (ерлі-зайыптылар, ата-аналар, асырап алушылар);
- отбасы құқығы субьектілерінің құқықтары мен міндеттерінің басқаға берілмеуі және бөлінбеуі;
- отбасылық-құқықтық қатынастар ақысыз болып табылады;
- жеке қарым-қатынастардан мүліктік қарым-қатынастардың туындауы.
Көптеген елдерде отбасы қатынастары азаматтық заңнамалармен реттелетін болғандықтан, отбасы құқығы жеке бір сала ретінде қарастырылмайды (ФГР, Швейцария). Францияда алғашқы Отбасы кодексі тек 1998 жылы қабылданды. Қазіргі таңдағы дамыған елдерде көбінесе отбасы құқығы азаматтық құқықтың бір саласы емес, жеке бір құқық саласы ретінде оқытылады (РФ, Алжир, Шығыс Еуропа елдері және Латын Америкасы). Қазіргі таңдағы халықаралық құқықта егер шетел азаматымен некеге тұрған жағдайда, азаматтардың сол үшін азаматтығын ауыстыру міндетті емес, бірақ ауыстыру мүмкіндіктері көзделген.
Енді отбасылық-құқықтық қатынастардың осы белгілерін қарастырамыз: отбасылық-құқықтық қатынастардың субъектілері: ерлі-зайыптылар, бұрынғы ерлі-зайыптылар, ата-аналар, бала асырап алушылар, балалар, туған ағалар мен қарындастар, аталар мен әжелер, немерелер, тәрбиешілер және тәрбиеленушілер, өгей балалар, өгей ата-аналар, қорғаншылар және қамқоршылар. Бұл тізім қатаң емес, өйткені отбасы құқығында заң және құқық ұқсастығы қолданылады. Ал өмір отбасылық-құқықтық қатынастардың жаңа нысандарын тудырады, мысалы, отбасы құқығында салыстырмалы түрдегі бір жаңа құбылыс - асырап алушы ата-аналар, яғни баланы өз қалаулары бойынша асырап алушылар. Осыған байланысты отбасы құқығында қамқоршы және қорғаншы органдардың рөлі өзгереді. Егер бұрынғы кезде отбасы құқығы бойынша әдебиеттерде отбасылық қатынастарға тек тұлға түсе алады десе, қазірде қамқоршы және қорғаншы органдар баланы белгілі бір отбасына беруде шарттық тараптардың бірі болып табылады. Бұл қамқоршы және қорғаншы органдарды отбасы құқығының субъектісі деп тануға негіз болып табылады.
Отбасылық-құқықтық қатынастар заңда белгіленген арнайы заңдық фактілердің негізінде пайда болады, өзгереді немесе тоқтатылады. Бала асырап алу, некені тіркеу және бұзу және т.б. бірақ көптеген жағдайларда құқықтық салдар туындау үшін деректі құрам қажет (заңды деректердің жиынтығы). Мысалы, баланы асырап алу үшін, асырап алушы мен оның жұбайының ерік білдіруі, баланың ата-аналары мен олардың міндеттерін атқарушы адамдардың келісімі, 10 жасқа толған баланың келісімі, бала асырап алу үшін сот шешімі қажет. Отбасы құқығында заңдық деректер жай мүліктер. Олар ұзақ мерзімді сипаттағы оқиғаларды білдіреді. Туыстық, ерлі-зайыпты болу, кәмелетке толмағандар, жүктілік, қажеттілік.
Ерлі-зайыптылардың тектерді таңдау құқығы.Неке қию (ерлі-зайыпты болу) кезiнде ерлi-зайыптылар өз тiлектерi бойынша ортақ тегі ретiнде өздерiнiң бiреуiнiң тегiн таңдайды не ерлi-зайыптылардың әрқайсысы өзiнiң некеге дейiнгi тегiн сақтап қалады, не біреуі (екеуі де) өз тегiне екiншi жұбайдың тегiн қосып алады. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң болса да некеге тұрғанға дейiнгi тегi қосарлас болса, олардың тектерін қосуға жол берiлмейдi. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде тегі өзгерген жағдайда, азамат бір ай мерзімде жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыруға міндетті. Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң тегiн өзгертуi екiншiсінің тегiн міндетті түрде өзгертуiне әкеп соқпайды. Неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған жағдайда ерлi-зайыптылар неке қию (ерлі-зайыпты болу) кезінде таңдаған тектерін сақтауға немесе өздерiнiң некеге дейiнгi тектерін қалпына келтiруге құқылы.
Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарының теңдігі отбасы өмірінің жалпы мәселелерін (ана, әке болу, балаларға тәрбие мен білім беру мәселелері және отбасы өмірінің басқа да мәселелері) олардың бірлесіп және өзара келісе отырып шешуінен көрінеді. Алайда, ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да жеке құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде артықшылықты пайдалануға тиіс емес.Қолданылып жүрген заңда текті таңдаудың екі жолы ұсынылған. Некеге тұру кезінде ерлі-зайыптылардың қай-қайсысы да өздерінің некеге отырғанға дейінгі тегін қалдыра алады. Сонымен бірге ерлі-зайыптылар өз қалаулары бойынша ортақ бір тек таңдауға құқығы. Ондай тек ерінікі болмаса әйелінікі де болуы мүмкін. Тәжірибеде ерлі-зайыптылар ортақ бір текті (әдетте ерінің тегін) таңдайды.
Тұрғылықты жерді таңдау еркі дегеніміз мынаны білдіреді: ерлі-зайыптылардың жеке тұруларына болады, немесе әртүрлі тұрғын үйлерді иемденуге құқылы. Бірақ, еркек пен әйел басын біріктіру үшін некеге тұрғандықтан, отбасын құруға және оны нығайтуға мұндай құқықтардың пайдасы болмайды. Заңда көрсетілген тұрғылықты жерді таңдау еркіне ие болу құқығының мәні ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да бір-бірін белгілі бір жерде тұруға мәжбүр ете алмайтындығында, ал таңдау екі жақтан өзара келісімімен жүзеге асырылуы керек.
Отбасының өмірлік мәселелерін бірлесіп шешу құқығы отбасының бюджетін бөлісу, балалар тәрбиесі, үй шаруашылығын жүргізу, туған-туысқандарымен бірге немесе бөлек тұру міндеттері ерлі-зайыптылардың бір-бірімен келісімі бойынша шешілетінін белгілейді. Ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да өзінің еркін екіншісіне тануға құқылы емес. Егер ерлі-зайыптылар кейбір мәселеде келісімге келе алмаса, онда олар өз дауларын шешу үшін Заңда көрсетілген органдарға шағымдануға құқылы. Мәселен, ерлі-зайыптылар арасында балалар тәрбиесі мен тек таңдауда келісім болмаса, бұл мәселені қорғаншы және қамқоршы органдар арқылы шеше алады.
Бұған дейін де айтылғандай, Неке және отбасы туралы Кодексінің 2-бабы ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқығының тең болу қағидаарын айқындайды. Осы ортақ қағиданың пайда болуына ерлі-зайыптылардың некелескеннен кейінгі бірге тұрған ғұмырында жинаған мүлікке тең құқылығы ықпал етеді Ерлі-зайыптылар мұндай меншікке тең құқықпен билік етеді және пайдалана алады. Нақты өмірде белгілі бір заттарды әйелі тұрақты пайдаланса, екінші бір затты ері тұтынады, үшінші бір затты олардың екеуі де пайдаланады. Бірақ, сырт көзге олардың ортақ мүлкіне жататын заттардың барлығы да ерлі-зайыптылардың екеуіне бірдей болып саналады.
Алимент алушы жұбайдың еңбекке жарамсыздығына зейнетақы жөніндегі заңдарға сәйкес анықталады. Бұл заң бойынша мүгедектердің барлық үш тобы да (І, ІІ, ІІІ) сондай-ақ зейнет жасына жеткен азаматтар еңбекке жарамсыз деп танылады. Бұл адамдар зейнетақы алатын, алмайтындығына қарамастан еңбекке жарамсыз деп танылады. Алимент алуды талап етудің екінші шарты - мұқтаждық, яғни бұл дегеніміз еңбекке жарамсыз жұбайдың өмір сүруге жетерлік қаражатының болмауы деген сөз.Бұрынғы заң бойынша, еңбекке жарамды болғанмен де мұқтаждық көріп отырған жұбайдың, басқа жұбайдан алимент алуға құқы болмаған. Жаңа заңда мұқтаждық көріп отырған жұбайының (еңбекке жарамды болса да) мүгедек ортақ баланы бағып күткені үшін жұбайынан алимент алу мүмкіндігі қарастырылған.
Материалдық қолдау көрсету талап етіліп отырған жұбайдың қаражат жағдайы соған лайық болуға тиіс. Егер оның қаражат жағдайы бұған сай болмаса, талап етуші жұбайының еңбекке жарамсыздығы мен мұқтаждығы дәлелді болғанына қарамастан, ол одан материалдық көмек ала алмайды. Алдыңғысының материалдық қолдауы оның қолда бар мүлкі, табысы, отбасылық жағдайы есепке алына отырып әрбір нақты жағдайға орай белгіленіп отырады.Алимент алушы жұбайдың материалдық жағдайы да дәл осылайша анықталуы керек, өйткені, алынатын көмектің мөлшері де материалдық және отбасылық жағдайларға байланысты болмақ. Оның мөлшері алиментті төлеу кезінде белгіленген айлық есептік көрсеткіштің еселік қатынасымен бекітіледі.
Ерлi-зайыптылардың мүлiктiк қатынастары оларға тиесiлi болған мүлiктi меншiктеу және бiр-бiрлерiне өзара материалдық қолдау көрсету мiндеттерiнен туындайды. Құқықтық қатынастардың бiрiншi түрi Кодекстің Ерлi-зайыптылардың мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерi деп аталатын 7-тарауындағы нормалармен, ал екiншiсi - Кодекстің Ерлi-зайыптылардың және бұрынғы ерлi-зайыптылардың алименттiк мiндетемелерi деп аталатын 19-тарауындағы нормалармен реттеледi.
Ерлi-зайыптылардың меншiк құқығының регламентациясы, немесе басқаша айтқанда олардың мүлiктiк режимi жаңа кодексте елеулi өзгерiске ұшырады. Бұрынғы заңдарда тек бiр ғана режим қарастырылған едi. Жаңа Кодексте ерлi-зайыптылардың заңды мүлiктiк режимi де, ерлi-зайыптылар мүлкiнiң неке шартымен бекiтiлген шарттық режимi де көзделiнедi.
Дегенмен, некеге тiркеу кезiнде неке шарты жиi қолданылып жүрсе де, көп жағдайда ерлi-зайыптылар мүлкiнiң заңды режимi - олардың ортақ бiрлсекен меншiк режимi қолданылады.
Ерлi-зайыптылар мұндай меншiкке тең құқықпен билiк етедi және пайдаланса, екiншi бiр затты - ерi тұтынады, үшiншi бiр затты олардың екеуi де пайдаланады. Бiрақ, сырт көзге олардың ортақ мүлкiне жататын заттардың барлығы де ерлi-зайыптылардың екеуiне де бiрдей болып саналады.
Кодексте ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлiктерiнiң жалпы тiзiмi берiлген. Бұған ерлi-зайыптылардың табыстары (жалақысы, зейнет ақысы, материалдық көмек, кәсiпкерлiк қызметтен тапқан табыстары, т.б.), осы табыстардың негiзiнде жиналған мүлiктер (ортақ мүлiк, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкi) және т.б. жатады.
Жалпы тәртiп бойынша ерлi-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуы олардың қайсысы қандай затты иемденуiне, ол заттың қандай мақсатқа арналғанына және кiмнiң атына жазылғанына ьайланысты емес. Ерлi-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуына олардың отбасы табысының жалпы сомасына қаншалықты үлес қосқаны да әсер ете алмайды. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлiкке құқығы некеде тұрған кезенде үй шаруашылығын жүргiзудi, балаларды бағып-күтудi жүзеге асырған, немесе басқа да тиесiлi дәлелдi себептермен жеке кiрсi болмаған жұбайға да тиесiлi екендiгiн арнайы ескертедi.
Некенiң iс жүзiнде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде ерлi-зайыптылар өзара келiсiм бойынша иелiк ете алады. Ерлi-зайыптылардың әрқайсысы жалпы мүлiкке байланысты өз бетiнше келiсiм жасай алады. Бұл жерде жаңа Кодекстің талап етуi бойынша басқа жұбайдың келiсiмiн алуы қажет. Ортақ мүлiкке байланысты нотариалды рәсiмдеудi талап ететiн мәмiле жасау үшiн (мәселен, тұрғын үйдi сату кезiнде) екiншi жұбайдың жазбаша келiсiмi қажет.
Ерлi-зайыптылардың әрқайсысы некенi тоқтатқан сәтте де, сондай-ақ некеде тұрған кезiнде де жалпы ортақ мүлiктi бөлiсудi талап етуге құқылы. Ерлi-зайыптылардың талап етуiнен басқа ортақ мүлiктi бөлу несие берушi ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң үлесiнен өндiрiп алу үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу туралы кредит берушiнiң талабын мәлiмдеуi жағдайында да жүргiзiлуi мүмкiн.Ортақ мүлiктi бөлген кезде ерлi-зайыптылардың әрқайсысына қандай заттың берiлетiнiн сот айқындауы керек.Егер ерлi-зайыптылардың бiрiне берiлетiн зат құны жағынан оның үлесiнен артып кетiп жатса, онда екiншiсiне бұл үшiн тиiстi өтемақы төленедi.
Ерлi-зайыптылардың заң бойынша жеке құқықтары мен мүлiктiк құқықтары болады. Осы жерде осы құқықтарының туындау негiзi болып, олардың үй болып, некеге тiркелген күнi саналады. Ол неке мiндеттi түрде жергiлiктi Азаматтық хал актiлерiн тiркеу орындарында жүредi.
Ерлi-зайыптылардың тiркеу күнiнен соң отбасындағы теңдiгiне негiзделген неке қатынастары басталады. Ерлi-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең мiндеттер атқарады. Бұл бiздiң Ата Заңымыз Конституциямыз бекiткен қағидасы.
Ерлі-зайыптылардың біреуінің ғана иелігінде мүлік те болуы мүмкін.Оған неклескенге дейінгі мұралыққа қалдырған, әлдекімнің сыйлаған мүліктері жатады. Олар ортақ мүлік болып табылмайды. Ол ортақ мүліктен басқа ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі жеке мүлкі болады және оған өздері дара билік етеді. Мұндай жеке дара мүліктерге ері мен әйелінің некеге тұрғанға дейінгі немесе ерлі-зайыптылардың некеге отырғаннан соңғы жеке міндеттемелері бойынша алған заттары ,ері мен әйелінің сый ретінде алған немесе мұрагерлік жолмен иеленген заттары, жеке пайдаланатын заттары (сырт киім, аяқ киім,т.б.) ерлі-зайыптылардың некеге тұру кезінде ортақ қаржысына сатып алынған болса да қымбат заттар мен басқа да сән салтанат заттарын қоспағанда, басқасының бәрі жатады. Алайда бірге тұрмыс құрған кезде алынған құнды заттар жалпы ортақ меншік болып табылады.
Ерлі-зайыптылардың талап етуінен басқа ортақ мүлікті бөлу несие беруші ерлі-зайыптылардың біреуінің үлесінен өндіріп алу үшін ерлі - зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы кредит берушінің талабын мәлімдеу жағдайында да жүргізілуі мүмкін.
Ортақ мүлікті бөлген кезде ерлі-зайыптылардың әрқайсысына қандай заттың берілетінін сот айқындауы керек.
Ортақ бірлескен меншік құқығы ортақ меншіктің бір түрі және сонымен бірге, ортақ үлестік меншікте қатысушылардың нақты үлестері белгіленсе, ал ортақ бірлескен меншік құқығында меншік құқығы пайда болған кезден және аяқталғанға дейін ол анықталмайды, себебі үлесті бөліп шығару үшін ортақ бірлескен меншікті ортақ үлестік меншікке қайта құру қерек. Бірлескен меншіктің қатысушылары ортақ мүлікті бірлесіп иеленеді, пайдаланады және оған билік етеді. ҚР Азаматтық Кодексінің 220 бабының 2 тармақшасында мүлiкке билiк ету жөнiндегi мәмiленi қатысушылардың қайсысы жасағанына қарамастан бiрлескен меншiктегi мүлiкке билiк ету барлық қатысушылардың келiсiмi бойынша жүзеге асырылады делінген [6]. Бірақта, егер нотариат куәландырылатын мәмілелерге (жылжымайтын мүлікке байланысты), сонымен қоса мемлекеттік тіркеуді талап ететін мәмілелер жасау кезіндегі ерекшеліктерді атап көрсетуге болады. Мұндай мәмілелерді жасау үшін басқа жұбайның нотариат куәландырған келісімін алуы қажет. Басқа жұбайдың меншікке билік етуге нотариат куәландырылған келісімі болмаған жағдайда, осындай мәмілелерді ҚР АК-нде дауланатын мәмілелер үшін белгіленген мерзім ішінде жарамсыз деп таңылуы мүмкін, яғни сол зорлық немесе қорқыту тоқтатылған күннен бастап не талап қоюшы мәмілені жарамсыз деп таңуға негіз болып табылатын өзгеде мән-жайларды білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл ішінде сот тәртібімен жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы болады.
Отбасы құқығының негізгі қағидаларының бірі бұл - ерлі-зайытылардың некесіндегі теңдік қағидасы, яғни олардың мүлкінің заңды режимі ретінде некеде тұрған кезден жиңаған мүлкі ортақ бірлескен меншікте болуы. Ерлі-зайыптылар - осы меншіктің негізгі қатысушылары болып табылады. Осыдан шығатын мәлім, ол ортақ мүлікті қалыптастыру барысында олардың белсенділігіне қарамастан жиңалған мүлікке теңдей құқықтары бар екендігін атап көрсету қажет.
Ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншікті некеде тұрған кезде жиңалған мүлік ретінде айтқан кезде, біз некені тек қана белгіленген тәртіпте рәсімделген, яғни заңға сәйкес АХАТ органдарында тіркелген некені айтамыз. Ұзақ уақыт бойы некені белгіленген тәртіппен тіркеусіз отбасылық өмір, мүлікке бірлескен меншікті қалыптастырмайды. Мұндай жағдайларда қандайда бір сатып алынған мүліктерге ортақ үлестік меншік құқығы пайда болады және егерде осындай мүлікте алдын ала үлестері анықталмаса онда болашақта әрбір қатысушының үлесін анықтауға қиындық соғады. Кез келген жағдайда бұл мүліктік қатынастар отбасы-құқықтық нормаларымен реттелуіне жатпайды, ол тек қана азаматтық заңнамасының айырықша құзіреттілігіне жатады.
Мүлік түсінігі кең мағынада қолданылады. Ол заттарда және мүліктік құқықтарда болуы мүмкін. Азаматтық айналымнан алынып тасталған мүліктен басқа кез келген мүлік ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншік құқығында болады. Егер азаматтық айналымда шектеулі заттарды меншікке сатып алуға ерлі-зайыптылардың біреуінде лицензиясы (рұқсаты) болған жағдайда, ал біреуінде болмаған жағдайда мәселе қалай шешілуі тиіс. Бұл сұраққа, заң шығарушы нақты жауап бермейді, бұл мәселені шешуде мынандай қорытынды жасауға болады, яғни осындай мүлікті бөлу кезінде жоғарыда аталған мүліктерге меншік құқығында болуында рұқсаты жоқ жұбайында заттың бір бөлігіне талап етуіне құқығы пайда болады, бірақта заттай ғана емес.
ҚР аумағында шетелдіктер (азаматтығы жоқ адамдар) ҚР азаматтарымен қатар теңдей құқықтарды пайдаланады. Бірақта, егер ҚР азаматы жер учаскесін жеке меншік құқығында билік етуге құқылы болса, ал заңнамаға сәйкес шетелдіктер мұндай құқығы жоқ деп танылады. Осының салдарынан сұрақ туындайды, шетелдіктер (азаматтығы жоқ адамдар) неке барысында ортақ қаражат есебінен жер учаскесін сатып алуға боладыма және егерде болса онда бірлескен меншікті бөлу кезінде мұндай мүліктің заңды тағдыры қандай болады? Және де бұл сұраққа заң нақты жауап бермейді. Осындай мәмілелінің болатындығына дау жоқ, сонымен бірге жер учаскесі тек қана ҚР азаматтының атына тіркелуі мүмкін, ал егерде мүлікті бөлу жағдайында шетелдіктер жер учаскесінің үлесіне емес, тек қана өзіне тиісті үлесінің бағасына талап етуіне құқылы болады.
Ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншіктің негізгі объектілеріне - ерлі-зайыптылардың әрқайсысының еңбек қызметінен, кәсіпкерлік қызметтен және санаткерлік қызмет нәтижелерінен тапқан табыстары, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінен және ерлі-зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкінен түскен кірістер, олар алған зейнетақылар, жәрдемақылар, сондай-ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек сомалары, мертігу не денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан еңбек қабілетін жоғалтуына және басқаларына байланысты залалды өтеуге төленген сомалар) жатады.
Ортақ бірлескен меншіктің құрамына кірмейтін мүліктер қатарына мыналар жатқызылады:
1.некеге тұрғанға дейін ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі болған мүлік;
2.ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезеңінде сыйлыққа, мұрагерлік тәртібімен немесе өзге де мәміле жасау бойынша тегін алған мүлкі;
3.қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, некеде тұрған кезеңде ерлі-зайыптылардың ортақ қаражаты есебінен сатып алынса да, жеке пайдалану заттары (киім-кешек, аяқкиім және басқалар).
Жоғарыда аталған мүлікпен ерлі-зайыптылар жеке иеленуге, пайдалануға және билік етуге құқылы болады. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде және үлесін анықтаған кезде бұл мүліктер ескерілмейді. Бірақта, егер ҚР АК 223 бабының 2 тармақшасында және Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылар) және отбасы туралы Кодексінің 36 бабында былай айтылған, егер некеде тұрған кезде ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiнiң есебiнен сол мүлiктiң құнын едәуiр арттырған қаражат жұмсалғаны (күрделi жөндеу, қайта жаңғырту, қайта жабдықтау және т.б.) анықталса, ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкi олардың бiрлескен меншiгi деп танылуы мүмкiн.
Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу ерлі-зайыптылардың кез келгенінің талап ету бойынша неке кезеңінде де, ол бұзылғанна кейін де, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі ерлі-зайыптылардың біреуінің үлесінен өндіріп алу үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы кредит берушінің талабын мәлімдеуі жағдайында да жүргізілуі мүмкін.
Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу және осы мүліктегі үлестерін айқындау кезінде, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ерлі-зайыптылардың әрқайсысының үлесі тең деп танылады. Сонымен қатар, сот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін негізге ала отырып және (немесе) ерлі-зайыптылардың біреуінің мүдделерін негізе ала отырып, егер жұбайлардың бірі дәлелсіз себептермен табыс таппаса немесе ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін отбасының мүдделеріне залал келтіріп жұмсаса, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлестерінің теңдігі негізін ескермеуге құқылы.
Бөлуге тек қана бөлу кезінде бар мүлік жатады. Болашақ және бұрынғы мүлік бөлуге жатпайды. Болашақ және бұрынғы мүлік ескерілуі мүмкін, егер ерлі-зайыптылардың біреуінің үлесін мақсатты азайту үшін сатылған жағдайда.
Бөлу ерлі-зайыптылардың ерікті келісімі бойынша және мәжбүрлеу нысанында жүзеге асырылады. Ортақ бірлескен меншікті ерікті келісімі бойынша мүлікті бөлу дегеніміз - ерлі-зайыптылардың мүлікке үлестері белгіленген және қосымша құқықтары мен міндететтері белгіленген келісімін айтамыз.
Мәжбүрлі түрде бөлу ерлі-зайыптылардың біреуінің арызы немесе кредит берушінің арызы бойынша сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады. Бірлескен меншік ортақ үлестік меншікке ауысады және де сот, ерлі-зайыптылардың әрқайсысына берілуге жататын мүліктің үлестері анықталады. Егер мүлікті бөлуге мүмкін болмаса онда ақшалай өтемақы төлеу туралы ереже қолданылады. Егерде ерлі-зайыптылардың біреуі ақшалай өтемақыдан бас тартқан жағдайда сот даулы мүлікке ортақ үлестік меншік құқығын таниды. Кәмелетке толмағандардың мүдделерін ескере отырып даулы мүлік құрамынан олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында сатып алынған заттар алынып тасталады. Ерлі-зайыптылардың ортақ қаражат есебінен кәмелетке толмағандардың атына салынған салымдар бөлінуге жатпайды.
Ерлі-зайыптылардың мүлкі - ортақ өмірінің материалдық негізі болып табылады. Толық отбасы болу үшін ерлі-зайыптылардың әрқайсысы мүліктің көбейту туралы немесе бар материалдық құндылықтардың сақталуы туралы қамқорлық жасауы қажет. Мұндай әрекет ерлі-зайыптылардың өздері үшін және сәйкес материалдық қамтамасыз етілуі қажеттенетін отбасыда туратын кәмелетке толмаған балалардың мүддесі үшін қажет болып табылады.
Ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары оларға тиесілі болған мүлікті меншіктену және бір-бірлеріне өзара материалдық қолдау көрсету міндеттерінен туындайды. Құқықтық қатынастардың бірінші түрі Заңның Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері деп аталатын 7-тарауындағы нормалармен, ал екіншісі - Заңның Ерлі-зайыптылардың және бұрынғы ерлі-зайыптылардың алименттік міндеттемелері деп аталатын 18-тарауындағы нормалармен реттеледі. Ерлі - зайыптылардың меншік құқығының регламентациясы немесе басқаша айтқанда олардың мүліктік режимі жаңа заңда елеулі өзгеріске ұшырады. Бұрынғы заңдарда тек бір ғана режим қарастырылған еді. Жаңа заңда ерлі-зайыптылардың заңды мүліктік режимі де, ерлі-зайыптылар мүлкінің неке шартымен бекітілген шарттық режимі де көзделінеді.Дегенмен, некеге тіркеу кезінде неке шарты жиі қолданылып жүрсе де, көп жағдайда ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі - олардың ортақ бірлескен меншік режимі қолданылады
Сондықтан, Некеге тұрушы адамдардың немесе ерлі-зайыптылардың некедегі және ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім - неке шарты деп аталады.Егер ерлі-зайыптылардың біріне берілетін зат құны жағынан оның үлесінен артып кетіп жатса, онда екіншісіне бұл үшін өтемақы берілуге тиіс.Неке және отбасы туралы заң бойынша ерлі-зайыптылардың меншігі бірлескен ортақ меншік режимімен реттелумен қатар соңғы жылдары нарықтық қатынас орнап, меншік нысандары көбеюмен байланысты ерлі- зайыптылардың келісуімен жасалған неке шартымен де реттеледі.
Неке шарты некеге тұрғанға дейін де, одан кейін де кез келген уақытта жасалуы мүмкін. Мәселен, өзара некеге тұруды мақсат еткен қыз бен жігіттің, болашақ ерлі-зайыптылардың некеге тұрмаса да неке шартын жасауларына әбден болады. Бірақ ол некеге тұрған соң ғана күшіне енеді. Неке шарты жазбаша түрде жасалады және ол нотариалды куәландырылуы тиіс.
Неке шарты біздің елімізде енді-енді кеңінен тарап келе жатыр. Оның негізгі себебі - нарықтық қатынастарға байланысты қыз бен жігіттің некеге тұрғанға дейін ортақ мүліктері, ірі ақша жинақтары немесе қымбат мүліктерінің болуында. Неке тұрғысы келетін жастар және ерлі-зайыптылар неке шартын жасауға міндетті емес, ол әркімнің өз еркі.
Неке шарты ерлі-зайыптылардың қолда бар мүлкі мен болашақтағы мүлкі жөнінде жасалуы мүмкін. Неке шартына ерлі-зайыптылар өзара күтіп-бағу жөніндегі өздерінің құқықтары мен міндеттерін бекіту, бір-бірінің кірістеріне араласу әдістерін, отбасылық шығын тәртібін айқындау, неке бұзылған жағдайда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz