ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ

Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында қазақ тілін оқытудың алғы қадамдары қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, өздігінен зерттеу, теорияны тәжірибемен байланыстыру, ақпараттық-технологияны қолдану, тілдік дағды бойынша коммуникативтік ортаны құру, жеке, жұппен, топта, үштікте жұмыс жасай білу, функционалдық сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті оқыту әдіс-тәсілдері ұсынылған.

Бұл әдістемелік құрал жалпы білім беретін орта мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған.

КІРІСПЕ

Білім беру жүйесіндегі сапалы білім - бүгінгі күннің басты талабы. «Сабақ беру - үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңаны табатын өнер» - деп, Ж. Аймаутов айтқандай, ұстаз әрқашан сабақты қызықты етіп, түрлендіріп өткізіп отыруы тиіс. Сонда оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, өз беттерінше ізденіске ұмтылады. Сондай оқушының өз ізденісін тудыру соңғы кездері қатты қолға алынуда. Елбасы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында білім саласына байланысты «Орта білім жүйесінде орта мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек» - деген еді. Бүгінде сол Жолдауы жүзеге асырылып, білім саласында үлкен өзгерістер болып жатыр. Соның бірі - орта білім беру мазмұнының жаңаруы. Бүгінгі күні әлемдегі барлық елдер жоғары сапалы да нәтижелі білім жүйесіне ұмтылуда. Қазіргі кезде табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай қажет деген ойдың жақсы тұстары көбейіп келеді. Бұл оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі салада қолдана білуін талап етеді.

Ал, дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тіреледі. Сондықтан да әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отыратыны белгілі. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында педагогикалық ғылыми теориялық әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор.

Қазіргі ұстаздар алдындағы міндет: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқушының білімі терең, іскер ойлауға қабілетті әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте кәсібі білікті болуы тиіс.

Оқыту мен оқу жеке - дара екі іс - шара емес, бір үдерістің өзара тығыз байланысты екі элементі екені баршамызға белгілі. Мұғалім өзіміз оқушылардың қалай оқитынын неғұрлым жақсы түсініп, өздерінің оқыту тәжірибесін жақсартқан сайын, олардың балаларды тиімді оқуға жетелеу қабілеті соғырлым арта түседі.

Жаңартылған білім беру бағдарламасын іс-жүзінде асырудың алғы қадамдары қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, өздігінен зерттеу, теорияны тәжірибемен байланыстыру, ақпараттық-технологияны қолдану, тілдік дағды бойынша коммуникативтік ортаны құру, жеке, жұппен, топта, үштікте жұмыс жасай білу, функционалдық сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті оқыту әдіс-тәсілдерін меңгеру болып табылады.

БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА ТӘСІЛДЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІ

Жаңа заман мұғалімі - кәсіби, кең білімді, мәдениетті, ізгілікті, зиялы, адал және жас ұрпақты дамыту, оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық бағытта жұмыс жасайтын, өзіндік мені қалыптасқан тұлға.

Менің ұстаздық жолымдағы алға қоятын мақсатым - жас ұрпақты заман талабына сай білім беру үрдісінде оқушылардың танымдылығын, функционалдық сауаттылығын, қисынды ойлауы мен дүниетанымын қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Білім - қоғамды әлеуметтік-мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана.

«Қазақ тілі» пәні жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұндық ерекшеліктеріне пән мазмұнының спиральділік қағидатқа құрылуын, оқу мақсаттарының Блум таксиономиясына негізделуін, пәнаралық байланысты жүзеге асыру барасында «ортақ тақырыптар» қамтылуын, бөлімдер мен ұсынылған тақырыптардың мазмұны уақыт талабына сай негізделгенін айтуға болады. Осы ерекшеліктерге тоқталатын болсақ:

  • Қазақ тілін функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан оқытуға назар аударылып, төрт дағдыға негізделген. Қазақ тілінде тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым коммуникативтік дағдыларын жағдаятқа сай дұрыс қолдана білуді дамытады;
  • Оқу бағдарламасында коммуникативтік әрекеттер мен дағдыларды жүзеге асыратын оқу мақсаттары ұсынылған. Оқу мақсаттары әр сынып деңгейіне сәйкес динамикалық даму бағытында жасалған;
  • Бағдарлама «спиральді оқыту» тәсіліне негізделе құрылған. Әр сынып сайын оқу мақсаттары қарапайымнан күрделіге қарай өсіп, қайталанып отырады;
  • Бағдарлама мазмұны орыс тілі, әдебиет, тарих, биология, география, физика сияқты өзге пәндермен тығыз байланысты. Лексикалық тақырыптарды меңгерту осы пәндермен тығыз байланыста жүргізіледі;
  • Бағдарлама оқушылардың функционалдық сауаттылығынарттыруға, сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамытуға ықпал етеді;
  • Оқу бағдарламасында оқушылардың жас ерекшелігіне сай оларға қызықты болатын өмірмен байланысты тақырыптар ұсынылған. Бұндай тақырыптар оқушының белсенді сөздік қорын байытуға, алған білімін күнделікті өмірде қолдана алуға, өз ойын ашық, еркін жеткізе білуге мүмкіндік береді.

Жалпы сабақ барысында ең бастысы төмендегідей мәселелерге көбірек көңіл аудару қажет:

  • Оқытудағы басты ұстаным - оқушының жеке, өзіндік мүмкіндіктерін ескеру;
  • Тапсырмалар арқылы оқу материалын өмірмен байланыстыра отырып, оқушыларды білімді өз бетімен меңгеруге талпындыру;
  • Оқу үрдісінде мұғалім емес, оқушы неғұрлым белсенді болуына назар аудару;
  • Мұғалім оқу материалын дайын күйінде бермей, ашық сұрақ қою, назарын шоғырландырып оқу, шолу жасау, тәжірибе және зерттеу жасауға бағыттау;
  • Оқылым және жазылымға негізделген сабақтарды құрылымды етіп құру арқылы сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік беру, яғни қызығушылығын ояту, мағынаны ажырату және рефлексия кезеңдерін әзірлеу;
  • Әр кезеңде белгілі бір оқу мақсатын қоя отырып, оқушыларды мақсатқа жетуге, мәселені анықтауға, жауаптарды іздеуге, мәселені талдауға, қорытынды жасай отырып, өз ойын білдіруге баулу;
  • Интерактивті оқыту әдіс-тәсілі арқылы оқушы интелектісіне әсер ету;
  • Белсенді оқыта отырып, оқушыларды өз пікірін айта білуді және өзгенің пікіріне құрметпен қарауды үйрету;
  • Ұжымдық оқыту технологиясы арқылы жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді қолданып көруге бағыттау.

Ал енді «Қазақ тілі» пәнін жаңартылған білім мазмұнда оқыту тұлғаны қандай өзгерістерге бейімдейді?» деген сұраққа жауап іздеп көрелік.

Ең алдымен қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктерінде коммуникативтік дағдыларды, атап айтқанда тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдыларын сауатты қолдануға үйретеді. Сондай-ақ, «Қазақ тілі» бағдарламасы оқушының тілдік сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, яғни тілдік бірліктердің табиғатына сай мәтін құрауға, мәтін құраудағы заңдылықтарды сақтауға, тілдік жағдаяттардағы ауызша және жазбаша сөйлеудің нормаларын меңгеруге, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу қабілетін дамытуды және оқушының ойлау қабілеті мен танымдық дағдыларын жетілдіруді көздейді.

«Қазақ тілі» пәнінің жаңартылған оқу бағдарламасы білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін және шынайы өмрге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу мәселесін жүзеге асыруға маңызды үлес қосады. Бір сөзбен, жаңартылған білім мазмұны аясында «Қазақ тілі» пәнінің алатын орны ерекше екенін байқадық.

Қазіргі уақытта тың жаңа идеялармен әр сабақты түрлендіріп, жан-жақты жаңаша оқытудың тиімді жолдарымен оқыту - заман талабы. Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі -білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек. Неліктен енгізілген жүйе тіл мамандарынан бастау алды? Жаңартылған білім беру бағдарламасы тілдік қызмет дағдыларын дамытуға (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) аса назар аударылып отыр.

Өз білімі мен мәдени деңгейін үздіксіз арттырып отыратын, өзіне және қоғамға пайда келтіре алатын, табысты бола алатын жоғары адамгершілікті, шығармашыл, сыни ойлайтын тұлғаны тәрбиелеу, оқыту және дамыту - заман талабы. Әсіресе, орыс тілінде оқытатын мектептерде оқушыларға қазақ тілін оқыту барысында оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамыту арқылы алған білімдері мен үйренген дағдыларын кез келген ортада бәсекеге қабілетті болуға, қарым-қатынас жасауда тиімді қолдануға мүмкіндік беретін білім алады. Оқушылар қоғамда орын алатын әр алуан жағдайларда табысты ынтымақтастық пен өзара түсіністік тудырып, қарым-қатынасқа түсіп, сонымен қатар, тілдік дағдыларын жетілдіре алады.

Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бағдарлама негізі тілдік бірліктерді және олардың тіркесімділігі мен қолданылу ерекшеліктері туралы білімді меңгеруде үлкен қолдау көрсетеді. Осының нәтижесінде мектеп оқушылардың сөздік қорлары толығып, тілдік дағдылары жетіледі, ұлттық құндылықтарды құрметтеуді, оны бағалауды үйренеді.

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» деп есептейді.

Ұрпақ тәрбиесі - бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс. Адамзат ұрпағымен мың жасайды дегендей ұрпақ тәрбиесі қай кезде де халықтық мәселе болған.

М. Дулатов "Бастауыш мектепте алған тәрбиенің әсері күшті, сіңімді болуы қай халықтың мектебінде болса да, оқу кітапшасы ана тілінде өз ұлтының тұрмысынан һәм табиғатынан жазылып, баяндап оқытқанда, жас баланың ойына, қанына, сүйегіне керекті мағлұмат алып шығады", - дегендей, егемен елдің тірегі боларлық білімді ұрпақты тәрбиелеу ұлы парыз екендігін естен шығармайық.

Қазақ тілін үйретудің екі жолы бар: жазбаша және ауызекі. Шығарма, мазмұндама жұмыстарында оқушылар өз ойларын, пікірлерін, әсерлерін мәтін түрінде жазбаша жеткізеді. Айтатынын дайындап, сұрыптап алады. Ал өз ойын ауызекі монолог немесе диалог түрінде жеткізу үшін тек қана тіл емес, мимика, ым, көзқарас қолданылады. Сабақта жетістіктерге бағыттайтын жұмыс түрлері көптеп қолданылады: жаттығу жұмыстары, грамматикалық, лексикалық тестер, өздік, ұжымдық, жұптық, топтық бақылау, сөздік жұмыстары, диалог түріндегі түрлі ситуациялық жұмыстар, мәтінмен жұмыстың көптеген түрлері.

Әр сабақта игерілген жаңа сөздер ауызша, жазбаша сөзде үнемі қолданылып отырғанда ғана сөздік жұмыстары нәтижелі болады. Сөздікпен жұмыс грамматикалық анықтамалар, жаттығу жұмыстарын, суретпен жұмыста, өлең, жұмбақ түсіндіргенде, сұрақтарға жауап бергенде де жүргізіліп отырады. Жаңа педагогикалық технологияларды оқып-біле келе бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамытуда әрбір сабақта «Конверттегі он сұрақ», «Жауапты қағып ал», «Ыстық орындық» тәрізді әдіс-тәсілдерінің маңызы өте зор. Осындай әдіс-тәсілдің нәтижесінде оқушылар бір-бірімен еркін пікір алмасады, өз ойларын ортаға салады, сабаққа қызығушылықтарын танытып, белсенділік көрсете алады. Логикалық дамуы және мейірімділік қасиеттері артады. Оқушыларда алғырлық, шапшаңдық, көшбасшылық қасиеттері одан әрі жоғарылайды.

Орыс сыныптарында қазақ тілін үйретуде іскерлік, рөлдік ойын түрлерін қолдану, диалог, монолог, сұхбат, сұрақ-жауап, көрініс қою, тақпақ оқу, ән айту, мәнерлеп оқу, жұмбақ, сөзжұмбақ шешу, пікір айту, пікірсайыс, тірек схемасын пайдаланып, жүйелі түрде әңгімелеу, «Дөңгелек үстел», «Ми шабуылы» т. б. әдіс-тәсілдерді сабақта пайдалану, оқушының басқа тілді үйрене алмаймын деген сенімсіздігін сейілтіп, тілді үйренуге ынтасын арттыратынын өз іс-тәжірибемнен күнделікті жұмыс барысында байқаймын.

Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәні бойынша білім беру мазмұнын жаңарту «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында»:«қазақ тілі өмірдің барлық салаларында көшбасшы болады» дей келе, сонымен қатар жастар қазақ тілі сияқты жоғары деңгейде орыс тілі мен ағылшын тілін тең үйренуін мақсат етеді. Үш тілді бірдей жоғары деңгейде үйрену үшін жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында бірлесіп жұмыс істеуді көздейді.

Қоғамның өзгеруімен байланысты білім беру әдістері де білім көлемі де үнемі өзгеріп отырады. Ол білі беру заңдылықтарына байланысты өзгеріп дамып отырады. Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Оқушыға қалай оқу керектігін үйрету, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай алатын, пікірлері, көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру.

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілін оқытуда мынадай әдіс-тәсілдердің тиімділігі зор:
1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық.

1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

Білім беру әдістері ішінде ерекше орын алатыны - диалог. Диалог оқушылардың сөйлесу әрекетін, сұрақты дұрыс қоя білуде, ақпарат алмасуда, жалпы тіл үйренуде таптырмас жұмыс түрі. Әр түрлі тақырыпта диалог құрғызу мынадай

нәтиже береді:
сабақта белсенділік жоғарылайды;
сөздерді есте сақтау қабілеті дамиды;
дұрыс сөйлемдер құрауға дағдыланады;
оқуға қызығушылықтары артады.

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясын қолдану төмендегідей нәтиже береді:
- білім алушының белсенділігін арттыру;
- пәнге қызығушылығын ояту;
- өзіндік көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру;
- зерттеуге икемділігін дамыту;
- сөйлесім әрекеті белсенділігін арттыру;
- білім алушылар бір - бірімен қарым - қатынас жасай біледі;
- басқаларды тыңдауды, кез келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарауға.
Жалпы, сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақтар қойып дәлелдерді талдайды.

3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.

Бағалау - оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Формативті бағалау әр сабақта жүзеге асатын үрдіс. Формативті бағалау сабақ барысындағы барлық іс - әрекет бойынша оқушының білім, білік деңгейіне қоса дербес ойлауы, түсінігі, тіпті тәртібі т. б. бағаланады. Ал, сумативті бағалау немесе жиынтық бағалау оқушының белгілі бір кезеңдегі бақылаулар, білімді тексеру тестісі кезінде көрінетін білім деңгейінің өлшемі.

4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

Білім беруде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану.
Ақпараттық - коммуникациялық технологияның тиімділігі - келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскерлігі мен шығармашылығын еркін дамытуға жол ашатын педагогикалық-психологиялық жағдай жасауында. Интерактивтік тақтаны қолдану барысында әдеттегі сабақ тиімділігі және сабақ қарқыны арта түседі, бейне әрекет, ақпаратты шұғыл алу мүмкіндігі ашылады. Интерактивтік тақта көмегімен оқыту дәстүрлі оқыту әдістерінен айтарлықтай ерекшеленеді, десек те, сабақты нәтижелі өткізудің негізі бірдей. Ең алдымен, кез-келген сабақтың, оның ішінде интерактивтік технологияларды қолдану арқылы өткізілген сабақтың анық жоспары мен құрылымы болуы, нақты мақсаттар мен нәтижелерге жетуі тиіс. Осының барлығы оқушылардың материалды жақсы меңгеруіне және оны өзінің осыған дейін білетіндерімен сәйкестендіруге көмектеседі. Сондай-ақ, интерактивті тақта арқылы әр түрлі грамматикалық тапсырмаларды орындау, мәтіндермен, жаңа сөздермен түрлі жұмыстар жүргізуде, сөздерге талдау жасауға, уақытты үнемді пайдалануға, оқушылардың ынтасын арттыруға қажетті әрі пайдалы құрал. Әр түрлі тест тапсырмаларын жүргізіп, оқушылардың білім сапасын бақылауда да компьютерлік технологияның үлесі зор.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Дарындылық - адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты - олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Еш нәрсеге бейімділігі жоқ, қабілетсіз бала болмайтыны педагогикада дәлелденген. Жалпы шәкірт бойына білім нәрін сіңіруде ең бастысы оқушының жас ерекшеліктерін ескеру қажет. Ұжымдық, топтық, жұптық, өзіндік жұмыс немесе диалог барысында оқушының жас ерекшелігін ескере отырып жұмыстану - бұл мұғалімнің жан-жақты ойластырылған шеберлігін қажет етеді.

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.

Осы заманғы кез келген оқыту технологиясы оқу процесін ұйымдастыру кезеңінде технологияның бар мүмкіндіктерін үнемі шығармашылықпен пайдалану қажеттілігіне көңіл аударуда. Оқыту технологиясын оқыту процесін ұйымдастыру, басқару және бақылау деп түсіну керек. Осы орайда өз тәжірибемнің негізінде оң нәтижеге қол жеткізу үшін алдыма мынадай мақсат қойдым:

- заман талабына сай білімді, білікті, дүниетанымы кең, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Осы мақсат негізінде алдыма қойған міндеттерім:
- жас ұрпақтың қабілеті мен талантын ашу;
- шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру;
- өз алдына мақсат қою арқылы оны жүзеге асыра білу;
- өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білу.

7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық.

Мұғалімнің көшбасшылық қабілеті ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады, яғни, өтілетін сабақтың жоспарын құру, оны өткізу әдістемесі, оқушылардың қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, иллюстрация, техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Мұғалімнің осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады. Ал көшбасшылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады. Оқушыны шығармашылық ойлауға, жылдамдыққа, икемділікке, тапқырлыққа үйрету ол мұғалімнің әр сабағында қалыптасып отыратыны анық.
Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», - деген сөзі ізденімпаз, жаңашыл ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс.

Өзімнің күнделікті сабақтарымда қолданатын әдіс - тәсілдерім: жаңартылған білім берудің маңыздылығы - оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ -ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдері (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) болатын.

Мұғалімнің шығармашылық белсенділігі ең алдымен өзінің өткізген сабағынан, іс-әрекеттерінен көрініс табады. «Қазақ тілі» оқу пәнінің «ортақ тақырыптарының» мазмұны оқушының ойын әрекетінен оқу әрекетіне өтуін қамтамасыз етеді, яғни оның өз іс - әрекетімен тікелей байланысты тақырыптарды оқудан басталады. Алты - жеті жастағы балалар өз ойын білдіруге, оқу мазмұны бойынша сұрақ қоюға, сұрақтарға жауап іздеуге үйренуі тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығармашылық ойлау дағдысы
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚЫТУДЫҢ СПИРАЛЬДІ ҚАҒИДАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі сабағындағы тіл дамыту жұмыстарының мазмұны
Қазақ тілі сабақтарында ауызекі және ауызекі сөйлеуді дамыту
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Тиімді бағалау жүйесінің жоқтығы
Жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктері
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнін оқытудың әдістері
Оқытудың жаңа технологияларын бастауыш мектепте қолдану
Үштілділік бағдарламасы бойынша орта мектептерде тілдерді салыстырмалы оқыту жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz