Қызметтік құжаттарды, хаттарды жазарда есте болатын кейбір жағдайлар


Бакылау сурактары
1. Қызметтік құжаттарды, хаттарды жазарда есте болатын кейбір жағдайларға
тоқталыңыз?
Қызметтік құжаттарды, хаттарды жазарда есте болатын кейбір жағдайлар:
1. Қызметтік құжаттар бейтарап (нейтральный) қалыппен ресми түрде жазылуы керек. Қызметтік хат жазу барысында адресатты марапаттап, мадақтайтын, немесе намысына тиетін, дөрекі сөздерді қолданудан аулақ болған жөн.
2. Адресаттың сізден қызмет дәрежесі төмен я жоғарылығына қарамастан “Тез арада орындаңыз”, “Кідіртпей жауабын я қорытындысын хабарлаңыз” “Қысқа мерзімде жауап беріңіз” деген сөздерді қолданбаған абзал. Оның орнына хаттың жауабын я мәселенің шешімін білгіңіз келетінін “Осы күнге дейін жауап беруіңізді сұраймын” деп белгілі бір күнді көрсетсеңіз немесе “Өз шешіміңізді хабарлауыңызды сұраймын” деген сөздерді қолдану арқылы білдіріңіз.
3. Өз өтініш, талаптарыңызды орынды көрсете білуге тырысыңыз. Қызмет бабындағы кез келген оқиға, жағдай, мәселеге баға беріп, оны ресми құжатта көрсету, баяндау я хабарлау барысында барынша салқынқандылық танытыңыз. Көп эмоцияға бой ұрмаңыз. Фактілерді объективті түрде көрсетіңіз. Қызмет бабында ресми түрде шара қолдану түрін анықтау барысында адамгершілік танытуға тырысыңыз. Кез-келген мәселе бойынша шығарылатын қорытынды барынша нақты болуы керек.
4. Егер қызметтік хатта ол мекеменің, я қызметкердің өтінішін я болмаса тапсырылған ісін орындау мүмкін емес екенін айтқыңыз келсе хатты бірден “Ол мәселенің орындалуы я қабылдануы мүмкін емес” деген сөздерден бастамаңыз. Алдымен аталған мәселеге тоқталып, содан кейін өз шешіміңіздің себебін негізді етіп түсіндіріп, содан кейін барып бұл өтініштің, я болмаса істің қазіргі жағдайда орындалуы мүмкін болмай тұрғанын айтыңыз. Қажет болған жағдайда, бұл мәселенің қайта қаралуы да мүмкін екенін айта кетуге болады.
5. Егер өтініштің, я тапсырылған істің немесе қойылған мәселенің дұрыс шешілгені туралы жазатын болсаңыз, бұл мәселенің дұрыс шешілуі үшін сіздің өз басыңыздың, я мекемеңіздің қосқан үлесін я еткен еңбегін атап кеткеннің артықтығы жоқ.
6. Сізге, я сіздің мекемеңізге келіп түскен қызметтік құжаттармен танысқанда, ол құжат бойынша мәселе көтергенде, я қоластыңызда істейтін қызметкерлерге тапсырма берерде, құжаттағы мәселе бойынша жауап жазарда, бұл мәселе менің я болмаса біздің мекеменің міндетіне кіре ме деген мәселені де ойлау керек.
7. Сіздің хатыңыз заңды, мазмұны айқын болуы керек. Бұл әсіресе қаржы, кадр құжаттары үшін міндетті.
8. Қызметтік хаттар мүмкіндігінше сирек және қысқа жазылуы керек. Қағаз бен сөздің көптігі істі жылдамдатуға септігін тигізіе қоймайды.
9. Хатыңыз көпшілікке түсінікті тілмен және ресми түрде жазылуы керек.
10. Қызметтік құжаттың қай түрін жазсаңыз да көп ойды аз сөзбен жеткізуге тырысыңыз.
11. Іс қағазадарын жазарда орныққан сөз тіркестері мен қалыптасқан терминдерді қолданыңыз.
12. Бастауыш сөйлемнің басында баяндауыш соңында, анықтауыш анықталған сөздің алдында тұратынын да естен шығармаңыз.
13. Іс қағаздарын жазуда көнерген сөздер, архаизмдер, диалект сөздер, қазіргі қазақ тілінде ескіріп, айналымнан шыққан тіркестер қолданылмайды.
14. Жазылған құжатты қайтара оқып шығып, сөйлемдегі басы артық сөздерді алып тастау керек.
15. Сөйлемнің баяндауышы я ашық райда (пайдаланылады, қаралады, қолдануда, жүріп жатыр, ескертілді) я бұйрық райда тұру керек (орындалсын, шешілсін, келісілсін, жеткізілсін, қаралсын т. б. )
2. Құжаттағы ақпаратты тексеруді қандай түрлері бар?
3. Техникалық тексеруде не басты назарда ұсталады?
4. Заңдық тексеруде не тексеріледі?
5. Қаржы-экономикалық тексеруде неге баға беріледі?
6. Статистикалық тексеруде не тексеріледі?
7. Конфиденциалдық тексеруде не тексеріледі?
8. Ақпараттық тексеруде не тексеріледі?
1-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.
Письменная жалоба. Письменная жалоба - служебный документ, предназначенный для доведения до сведения должностного лица (как правило
высшестоящего) информации узкой направленности в малом и среднем объеме. Жалоба в абсолютном большинстве случаев пишется персонально (то есть от имени одного лица ) .
Жазбаша шағым. Жазбаша шағым-лауазымды тұлғаның назарына жеткізуге арналған қызметтік құжат (әдетте шағын және орта көлемдегі тар бағыттағы ақпарат. Шағым көп жағдайда жеке жазылады (яғни бір адамның атынан ) .
2-тапсырма. Сөз жəне сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.
Құқық, азаматтардың құқығы, арыз бойынша тексеріс жүргізуіңізді сұраймын, қызметкердің заңсыз əрекеті, арызда көрсетілген мəлімет, арыз жазу, қалыптасқан жағдайға байланысты шара қолдануыңызды сұраймын.
Право, гражданское право, прошу провести проверку по заявлению, незаконное действие сотрудника, сведения указанные в заявлении, завление, прошу принять меры в сложившийся ситуации.
3 -тапсырма. Мəтінге жоспар құрып, жоспар бойынша əңгімелеп беріңіздер.
VI-XIII ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қазақ іс қағаздары тілінің тарихы Қазақ іс қағаздары тілінің тарихы VI-XIII ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштерінен басталады. Осы ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштеріндегі іс қағаздарының үлгілері қазіргі іс қағаздарына қойылатын талаптардың бірқатарына жауап береді.
Орта түркілік дəуірде жазылған хан жарлықтары ресми іс қағаздарының
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz