Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді қозғаудың себептері мен негіздері ұғымы


Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді қозғаудың себептері мен негіздері ұғымы.
Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді қайта бастаудың негіздері:
1) соттың заңды күшіне енген үкімінде анықталған жәбірленушінің немесе куәгердің айғақтарының, сарапшы қорытындысының көрінеу жалғандығы, сондай-ақ заңсыз немес негізсіз үкім не қаулы шығаруға әкеп соққан заттай айғақтардың, тергеу және сот іс - әрекеттері хаттамаларының және өзге де құжаттардың жалғандығы немесе аударманың көрінеу бұрыс жасалуы;
2) соттың заңды күшіне енген үкімінде анықталған анықтаушының, тергеушінің немесе прокурордың заңсыз және негізсіз үкім, қаулы шығаруға әкеп соққан қылмыстық іс - әрекеттері;
3) соттың заңды күшіне енген үкімінде анықталған судьялардың осы істі қарау кезінде жасаған, қылмыстық іс - әрекеттері;
4) осы ҚР ҚІЖК-тің 474 - бабында көзделген тәртіппен тексеру немесе тергеу арқылы анықталған және прокурордың қорытындысында баяндалған, үкім шығару кезінде сотқа беймәлім болған өзгеде мән-жайлар сотталушының айыпсыздығы туралы немесе оның ауырлық дәрежесі жөнінен өзі сотталғаннан гөрі өзге қылмыс жасағаны туралы не ақталғаны адамның немесе өзіне қатысты іс тоқтатылған адамның айыптылығын өз алдына немесе бұрын анықталған мән-жайлармен бірге айғақтайтын ұйғарымдар болып табылады.
Осы баптың екінші бөлігінің 1-3 тармақтарында аталған мән-жайлар үкіммен қатар соттың, прокурордың, тергеушінің немесе анықтаушының мерзімнің ескіруіне орай, рақымшылық немесе кешірім жасау актісінің нәтижесінде. Айыпталушының қайтыс болуына немесе қылмыстық жауаптылыққа тарту жасына жетпегендігіне байланысты қылмыстық істі қысқарту туралы қаулысы арқылы анықталуы мүмкін.
Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауға жататын қылмыстық істер бойынша сот шешімдері.
Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша:
- айыптау үкімі;
- ақтау үкімі;
- істі тоқтату туралы қаулы қайта қаралуы мүмкін.
Іс жүргізуді қайта бастаудың мерзімдері.
- Айыптау үкімін жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты сотталушының пайдасына қайта қарау ешқандай мерзіммен шектелмейді.
- Сотталушының қайтыс болуы ақтау мақсатында жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс жүргізуді қайта бастауға кедергі болып табылмайды.
- Ақтау үкімін, істі тоқтату туралы қаулыны қайта қарау, сондай-ақ жазаның жұмсақтығы себебі бойынша немесе сотталушыға анағұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану қажеттілігі бойынша айыптау үкімін қайта қарауға қылмыстық жауаптылыққа тартудың Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 69-бабында белгіленген мерзімнің ескіруі ішінде ғана және жаңа мән-жайлардың ашылған күнінен бастап бір жылдан кешіктірілмей жол беріледі.
Жаңа мән-жайлардың ашылған күні болып:
- осы ҚР ҚІЖК-тің 471-бабының екінші бөлігінің 1-3 тармақтарында көзделген жағдайларда жалған айғақтар беруге, жалған дәлелдер ұсынуға, теріс аударма жасауға немесе істі тексеру немесе қарау барысында жасалған қылмыстық істері үшін кінәлі адамдарға қатысты үкімнің заңды күшіне енген күні;
- осы ҚР ҚІЖК-тің 471-бабының екінші бөлігінің 4-тармағында көзделген жағдайда жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс жүргізуді қайта бастау қажеттілігі туралы қорытындыға прокурордың қол қойған күні есептеледі.
Азаматтардың өтініштері, оның ішінде процеске қатысушылардың осы іс бойынша өтініштері, ұймдардың лауазымды адамдардың хабарламалары, сондай-ақ басқа қылмыстың істерді тергеу және қарау барысында алынған деректер жаңадан ашылған мән-жайларға орай іс жүргізуді қозғауға себеп болады.
Егер келіп түскен өтініште немесе хабарламада осы ҚР ҚІЖК-тің 471-бабының екінші бөлігінің 1-3 тармақтарында көрсетілген мән-жайларға байланысты шығарылған сот үкімінің бар екендігіне сілтеме болса, прокурор өзінің қаулысымен жаңадан ашылған мән-жайларға орай іс жүргізуді қозғайды, тиісті тексеру жүргізеді, үкімнің көшірмесі мен оның заңды күшіне енгені туралы соттың анықтамасын талап етелі.
Егер өтініште немесе хабарламада осы ҚР ҚІЖК-тің 471-бабының екінші бөлігінің 4-тармағында аталған өзге де мән-жайлар көрсетілсе, прокурор өз құзыретінің шегінде жаңадан ашылған мән-жайға орай іс жүргізуді қозғау туралы қаулы шығарады және алдын ала тергеу органына тергеуді жүргізу туралы тапсырма береді. Жаңадан ашылған мән-жайларды мұндай тергеу кезінде осы Кодекстің ережелері сақтала отырып жауап алу, тексеру, сараптама жасау, сұрыптап алу және өзгеде тергеу іс - әрекеттері жүргізілуі мүмкін.
Прокурордың тексеру немесе тергеу аяқталғаннан кейінгі іс - әрекеті.
Тексеру немесе жаңадан ашылған мән-жайды тергеу аяқталғаннан кейін іс бойынша іс жүргізуді қайта бастауға негіздер болған кезде прокурор істі осы ҚР ҚІЖК-тің 471-бабының екінші бөлігінің 1-3-тармақтарында көзделген жағдайларда өзінің қорытындысымен, үкімнің көшірмесімен және нақ осы баптың екінші бөлігінің 4-тармағында көзделген жағдайларда тергеу материалдарымен, бұл ретте осы ҚР ҚІЖК-тің 471-бабының бірінші бөлігін басшылыққа ала отырып, тиісті сотқа жолдайды.
Прокурор іс бойынша іс жүргізуді жаңғыртуға негіздер болмаған кезде өзінің дәлелді қаулысымен жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша өзі қозғаған іс жүргізуді тоқтатады.
Іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы осы ҚР ҚІЖК-тің 476-бабына сәйкес жаңадан ашылған мән-жайларға орай осы іс бойынша іс жүргізуді жаңғырту туралы мәселені шешуге құқылы сотқа шағымдану құқығын мүдделі адамдарға түсіндіре отырып, олардың назарына жеткізіледі.
Соттың іс бойынша іс жүргізуді жаңарту туралы мәселені шешуі.
Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот шешімдерін қайта қарауды облыстық және соларға теңестірілген соттың қадағалау алқасы, ал егер тиісті іс бойынша қадағалау тәртібімен Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының қаулысы шығарылған жағдайда - Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы немесе қадағалау алқасы жүзеге асырады.
Істің аппеляциялық немесе қадағалау тәртібімен алдыңғы қаралуы оны сол сот сатысында жаңадан ашылған мән-жайларға орай іс жүргізуді жаңғырту тәртібімен қарауға кедергі келтірмейді.
Прокурордың жаңадан ашылған мән-жайларға орай іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы қорытындысы осы ҚР ҚІЖК-тің 467-бабында белгіленген ережелер бойынша соттың отырысында қаралады.
Сот шешімдерінің күші жойылғаннан кейін іс жүргізу.
Жаңадан ашылған мән-жайларға орай іс бойынша ол жөніндегі сот шешімдерінің күші жойылғаннан кейін тергеу және сот талқылауы, сондай-ақ шығарылған жаңа сот шешімдеріне шағым жасау және наразылық білдіру осы Кодексте белгіленген жалпы тәртіппен жүргізіледі.
Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі қайта қозғау кезіндегі азаматтық талап.
Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша үкімнің күші жойылған жағдайда істі бстапқы қараған кезде қозғалған азаматтық талап жалпы негіздерде қайтадан қаралады. Азаматтық талап бөлігінде ғана істі қайта бастауға тек азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен жол беріледі.
Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдардың дәл сақталуын маңызды кепілі прокурорлық қадағалау болып табылады. Сотта мемлекет мүддесін білдіру прокурорлық қадағалаудың жеке саласы, прокуратура органдары жұмысының маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Бұл қадағалауды прокурорлар аудандық (қалалық) соттардан бастап ҚР Жоғарғы Сотына дейінгі барлық сот сатыларынла жүзеге асырады. Прокурорлар заңдардың орындалуын қадағалау өкілеттері бойынша қылмыстық істі тыңдауға дайындау кезеңінен бастап, қылмыстық істердің қадағалау тәртібіндегі өндірісіне дейінгі талқылаудың барлық сатыларына қатысады.
Сот төрелігіндегі прокурорлық қадағалаудың рөлі мен маңызы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы «Прокуратура туралы» ҚР Заңының қабылдануына байланысты едәуір жоғарылады. Аталған заңның 30-бабында сот талқылауындағы прокурордың құзыры қарастырылған:
Қылмыстық, азаматтық немесе өзге сот ісін жүргізу барысында сотта мемлекет мүддесін білдіре отырып, прокурор осы Заңға, сондай-ақ Республиканың қылмыстық істер жүргізу, азаматтық істер жүргізу және өзге де заңдарға сәйкес апелляциялық және қадағалау тәртібінде өз өкілеттігін жүзеге асырады.
Соттың (судьяның) іс бойынша шығарған шешімімен, үкімімен немесе өзге қаулысымен оның заңға сәйкессіздігі немесе негізсіздігі бойынша келіспеген жағдайда, прокурор істі қайта қарау немесе құқықтық актінің күшін жою, не өзгерту туралы жоғары тұрған сотқа наразылық беруге құқылы.
Прокурорлардың қадағалауы соттардың істерді жан-жақты, толық және обьективті талқылау туралы заң талаптарының мүлтіксіз орындауларына, заң мен сот алдында азаматтардың теңдігін сақтауға, әр қылмыстық іс бойынша негізді және әділ үкімдердің, ұйғарымдар мен қаулылардың қабылдануын бақылауға бағытталған. Прокурор сотта мемлекет мүддесін білдіруі жүзеге асыра отырып, заң, азамат, заңды тұлға және мемлекет аттарынан шығып, қылмыстық істер бойынша айыпты қолдайды және әділ сот саласына тартылған азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің мемлекеттік кепілі болып табылады.
Соттарда істер талқылауына қатысушы прокурорлардың алдында тек іс жүргізу ғана емес, сондай-ақ сот төрелігін жүзеге асыру кезіндегі заңдылықтың маңызды кепілі ретінде, соттарда заңдардың орындалуының әлеуметтік маңызын қадағалау міндеті тұрады. Прокурор өзінің сот талқылауына қатысуымен сотта дәлелдемелерлі толық жан-жақты және обьективті зерттелуіне, сотталушы ретінде жауапқа тартылған адамның кінәсін анықтауға, оның жасаған қылмысына дұрыс баға беруге, сотталушыға заңмен негізделген әділ жаза тағайындауға, заңды шешім шығаруға көмектеседі. Прокурор сот процесіне қатысып және мемлекет мүддесін білдіре отырып, сот трибунасын қылмыс жасаған адамды жалпыға бірдей сотталуына, сот талқылауының үнемі тәрбиелік рөлді орындауына, түрлі сот процестерінен тиесілі қорытындылар шығаруға пайдалануы керек.
Прокурордың қылмыстық іс жүргізуді қадағалауды, жариялық және демократия қағидаттарын одан әрі жетілдіруді қамтамасыз ететін сот - құқықтық реформасын іске асырудың басты негіздерінің бірі болып табылады. Мемлекетте заңдардың дәл және біркелкі орындалуын қадағалау органы бола отырып, прокуратура азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сот процестерінің мәдениетін қорғайды; қазіргі кезде оның тәрбиелік рөлі де жоғарылады. Республика соттарында заңдылық біршама нығайтылды.
Соттарда қылмыстық істерді қарау кезінде заңдылықтың орындалуын қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурорлар ҚР Конституциясының, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексін, Қазақстан Республикасының прокуратура туралы Заңының, сондай-ақ ҚР Бас прокурорының бұйрықтары мен нұсқауларының талаптарын басшылыққа алады. Прокурорлар сондай-ақ, қылмыстық істерді қарау барысында туындайьын мәселелер бойынша заңдарды қолдану туралы ҚР Жоғарғы Соты Пленумының түсіндірмелерін де басшылыққа алуға міндетті.
ҚР процессуалдың заңы, прокуратура туралы Заңы прокурорлардың сотта мемлекет мүддесін білдіру кезіндегі өкілеттігін, сондай-ақ заң бұзушылықтарды жоюға бағытталған прокурорлық шара қолдану жолдарын да анықтайды. Қылмыстық, азаматтық және өзге де сот өндірісін жүргізу кезінде сотта мемлекет мүддесін бірдіре отырып, прокурорлар өз құзыреті шегінде:
- істі басты сот талқылауына дайындау кезінде судья шешімінің заңдылығы мен негізділігін тексереді;
- мемлекеттік айыптаушы ретінде шығады;
- басты сот талқылауы барысында туындаған мәселелр бойынша қорытындылар береді;
- мемлекеттік және қоғамдық мүдделерін, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау талап етілсе, талаптар қояды, оларды сотта қолдайды;
- соттың заңсыз және негізсіз үкімдеріне, ұйғарымдар мен қаулыларына наразылық келтіреді;
- наразылықтар және шағымдар бойынша қаралатын қылмыстық істерге кассациялық және қадағалау сатыларында қорытындылар береді;
- соттың үкімдерін, ұйғарымдары мен қаулыларының уаұытылы орындалулары мен заңдылығын тексереді;
- соттың үкімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларының уақытылы орындалуларын қадағалауды жүзеге асырады;
- соттың үкімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қайта қарау немесе жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қылмыстық істерді жаңғыртуға заңмен қарастырылған жағдайларда шаралар қолданады.
Соттардың барлық сатыларында нақты істерді қарау кезінде жіберілген заң бұзушылықтар мен бұзылған процесс нормаларын прокурорлар мынадай түрлі тәсілдермен анықтаулары мүмкін: сотта прокурордың қатысуынсыз қаралған істер бойынша үкімдердің заңдылығы мен негізділігін тексеру; прокурорлардың соттардағы кассациялық және қадағалау сатыларына қатысулары; өтініштің уақыттылығын және дұрыстығын тексеру; үкімді орындалуға келтіру; белгілі бір кезеңдегі істер бойынша немесе қылмыстық істердің жеке санаттары бойынша сот тәжірибесін қорытындылау. Соттарда нақты істерді қарау кезінде жіберілген заң бұзушылықтарды жоюға мүмкіндік тудыратын құқықтық актілер қатарына мыналар жатады: арыз, өтініш, қорытынды, прокурордың наразылығы және ұсынысы. Қылмыстық істерді қарау кезінде заңдылықтың сақталуын қадағалаудың мәнін құрайтын аталған заң бұзушылықты анықтаушы құқықтық құралдар мен анықталған заң бұзушылықтарға прокурордың шара қолдану құралдары бір-бірімен табиғи байланысты, олар қылмыстық сот өндірісінің демократиялық қағидаттармен және онда заң қағидаттарымен толық сәйкестікте болады.
Қылмыстық, азаматтық, шаруашылық, әкімшілік істерді сот төрелігіне жіберу жөніндегі соттың қызметінде үлкен тәрбиелік ықпал бар.
Жеке тәжірибелер сотта прокурорлық қадағалау шектерін негізсіз азайта отырып, оны сот органдарымен шығарылған үкімдердің, ұйғарымдардың және қаулылардың заңдылығы мен негізділігін қадағалауға әкеп соқтырады. Прокурор істерді сотта қарау кезінде заңдардың орындалуын қадағалауды жүзеге асырмайды, тек сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін қадағалайды деген қорытынды ҚР Конституциясына және өзге заңдарға сәйкес келмейді. Аталған нормативтік актілердің мазмұнына үңілетін болсақ, ол прокурор өкілеттігінің көлемді шеңберінен тұрады, оның қатарына сотқа қатысу, мемлекеттік айыпты қолдау, заңсыз және негізсіз үкімдерге, шешімдерге наразылықтар келтіру және олардың орындалуын қадағалау да жатады. Қорытындылай келгенде, сотта прокурордың барлық өкілеттігінің бір-ақ мақсаты бар-қылмыстық іс бойынша шындықты анықтау, қылмыстық істер бойынша заңдылық пен әділдікті орнату. Сондықтан, прокурордың өкілеттігін кемітіп, оны тек айыпты қолдайды және үкімдерге, ұйғарымдар мен сот қаулыларына наразылық келтіріп қана қояды деп, сот процестерінде прокурордың іс жүргізу өкілеттігін талдау дұрыс емес.
Кез келген дәрежедегі прокурор мемлекеттік айыптаушы ретінде шыға отырып, ҚР Бас прокурорының өкілі болып табылады, ол - қылмыстық, азаматтық және өзге процестерде заңдылықты сақтаушы. Мемлекеттік айыпты қолдау кезінде ол қылмыстың істерді сотта қарау заңдылығын қадағалау міндетінен босатылмайды.
ҚР Бас прокуроры прокурордың сотта қолдайтын мемлекеттік айыпты қылмыстылықпен күрестің әрекетті құралының бірі ғана емес, қылмыстық істерді соттарда қарау кезінде заңдылықтың орындалуын жүзеге асырушы нысанының бірі ретінде қарайды.
Прокурор қадағалауды іс бойынша сот үкім, ұйғарым немесе қаулы қабылдағанда ғана емес, сондай-ақ ол іс бойынша әлі ешқандай шешім шығарылмағанда да жүзеге асырады. Егер сот сотталушыға сот талқылауында оның құқықтарын түсіндірмесе, прокурор бұл заң бұзушылықтарға дереу шаралар қолдануға тиіс, бірақ мұндай заң бұзушылықтарға байланысты ешқандай арнайы ұйғарым ұйғармайды, сондықтан наразылық келтіруге негіздер болмайлы. Осыған байланысты прокурор бұл заңсыз және негізсіз ұйғарымға кейін наразылық келтіретін болғандықтан бұл заң бұзушылықтарға заңсыз үкім шығарылғанға дейін шаралар қолдануға құқылы емес.
Қылмыстық іс жүргізу заңы прокурорларға сотқа басқа қатысушылардың алдында дәлелдемелерді ұсыну, оларды зерттеуге қатысу, өтініш беру бойынша ешқандай ерекшелік қарастырмайды (ҚІЖК 317-бабы) . Бірақ басқа сот талқылауына қатысушылардың құқықтық жағдайынан ерекшеленетін іс жүргізу жағдайына қояды. Бұл прокурордың артықшылығы емес, оған жүктелген міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыруға қажетті жағдай тудыру. Жәбірленуші өз атынан, ал қорғаушы - сотталушының және тергеуші мен соттың тағайындаулары бойынша шыға отырып, сот мәжілісінде жіберілген заң бұзушылықтарға шара қолдана алады, бірақ олар оны қолданбаулары да мүмкін. Заң оларға мұны істеуді міндеттемейді. Прокурор, заңның, мемлекеттің атынан шыға отырып, заң бұзушылықтарды кім жібергеніне қарамастан, оларды жоюға шаралар қолдануға құқылы ғана емес, әрі міндетті.
Прокурорлар тек мемлекеттік айыптаушы ғана емес, сондай-ақ соттарда қылмыстық істерді қарау кезінде заңдардың орындалуын қадағалау органдары ретінде де шығады.
Апелляциялық сатыда заңдылықты қадағалау органы өкілінің міндетін атқара отырып, прокурор айыптау үкімін немесе жазаның жеңілдігіне берілген ұсынысты ғана қолдамайды, сондай-ақ заңда көрсетілген негіздер бойынша істі өндірістен қысқарту туралы ұсыныстар енгізеді (айыптау үкімін негізсіз деп есептеп) ; бірінші сатыдағы сотпен тағайындалған жазаны жеңілдету туралы (үкімді тым қатаң деп есептеп) ; қылмыстық жазаның жеңілдірек түрін көздейтін заңды қолдану туралы (ең ауыр жаза тураыл заңды қолдануға қарсы болумен ) және т. б. Аталған әрекеттер прокурор түсінігін айыптаушы тек айыптаушы ретінде түсінік берілмейді.
Апелляциялық сатыда прокурордың іс жүргізу жай-күйі сотталушының, қорғаушының, жәбірленушінің, басқа да сот процесіне қатысушылардың іс жүргізу жай-күйлерінен ерекше. Заң қылмыстық процеске қатысушылардың барлығына белгіленген мерзімде апелляциялық тәртіпте соттың үкімін, ұйғарымын және қаулысын даулауға құқылы дейді. Заң талаптары бойынша прокурор әр негізсіз және заңсыз үкімдерге апелляциялық тәртіпте наразылық келтіруге міндетті. Прокурордың заңсыз және негізсіз үкімдерге наразылық келтірмеуі, өзінің қызметтік парызын өтемеуі болып табылады. Басқа қылмыстық процеске қатысушылардың шағымдарымен салыстырғанда прокурордың наразылығы істі апелляциялық тәртіпте немесе қадағалау тәртіпте қайта қараудың сылтауы ретінде заңға және қылмыстық іс материалдарына жауап беруі керек. Аталған процеске қатысушылардың шағымдарына мұндай талаптар қойылмайды. Наразылық келтіру мәселелері бойынша прокурордың рөлі аса маңызды, себебі прокурордың қатысуынсыз кез келген үкімді бұзу немесе өзгерту, прокурордың өз міндеттерін тиісті орындамауын куәландырады.
Заң тергелген қылмыстық іс бойынша ( ҚР ҚІЖК 299-бабы ) басты сот талқылауын тағайындау жайында қабылданған қаулының заңдылығы мен негізділігінің барлық жауапкершілігін судьяға, және тек қана оған жүктейді. ҚР ҚІЖК 299- бабында көзделген шешімдер қабылданғанға дейін судья прокруордың және тараптардың міндетті қатысуларымен істі алдын ала тыңдай алады. Судья ҚІЖК нормаларының елеулі түрде бұзылуын анықтаса, істі қосымша тергеуге қайтару, айыпты өзгерту, істі қысқарту, сараптама тағайындау туралы өтініштер, сондай-ақ дәлелдемелерге жол бермеу туралы өтініштер бар болған жағдайда алдын ала тыңдауды міндетті түрде өткізеді.
Сот тәжірибесін қорытындылау 2000 жылы республика бойынша қосымша тергеуге 3 742 адамға қатысты 2 421 қылмыстық іс қайтарылғандығын, оның ішінде прокурордың заңсыз қайтару туралы наразылықтары бойынша кассациялық саты 1 190 адамға қатыстысын бұзғандығын көрсетеді. Тергеу органдарымен жіберілетін заң бұзушылықтар мен кемшіліктердің анықталуына байланысты, соттар істерді көбіне қосымша тергеуге дұрыс қайтарады.
Қазіргі кезде прокурор жұмысының тәжірибесі, оның кәсіби дайындығы, қылмыстық іс құжаттарын білуі аса маңызды болуда. Жартылай айытау туралы істерден басқа қылмыстық істердің барлығына прокурордың міндетті қатысуы туралы ҚР ҚІЖК 4-бабының талаптарын қолданысқа енгізуге байланысты, прокуратура органдарына 2000 жылы көптеген жас мамандар қабылданған.
Прокуратура органдары жаңа қылмыстарды алдын алу, сондай-ақ өз жұмысын насихаттау мақсатында бұқаралы ақпарат құралдарымен тығыз байланыста болады.
Еңбекші қазақ аудандық сотының 15. 03. 2000 жылғы үкімі бойынша азаматша Б. ҚР ҚК 176-бабының 2-бөлімінің «б, в» тармақшаларымен, яғни қызмет жағдайын пайдаланып, жалпы сомасы 102 мың 670 теңге тұратын сеніп тапсырылған мүлікті ұрлағаны үшін кінәлі деп танылған осы бап бойынша 3 жылға дейін материалдық - жауапты лауазымды атқару құқығынан айырумен 2 жыл бас бостандығынан айыруға, жазасын ТК жалпы режимінде өтеу белгіленген.
Бұл үкімге сотталушының қорғаушысы үкімнің қатаңдығына кассациялық шағым берген.
Кассациялық сатыда қарау кезінде іске қатысушы прокурор оның лауазмды адам болмауына байланысты, сотталушының әрекетін ҚР ҚК 176 баб. 2 бөлімі «б, в» тармақтарынан ҚР ҚК 176 баб. 1-бөліміне ауыстыруды сұраған және оған ҚР ҚК 63 бабы бойынша шартты жаза қолдануды сұраған.
Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі қаулысымен Еңбекші қазақ аудандық сотының үкімі өзгертілген оның әрекеті ҚР ҚК 176 бабы 1 бөліміне ауыстырылған және оған ҚР ҚК 63-бабы қолданылумен сол мерзімге шартты жаза тағайындалған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz