Неке - отбасы қатынастарын құқықтық реттеу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Неке-отбасы қатынастарын құқықтық реттеу

Бүгiнде барлық дамыған елдердегiдей Қазақстанда да неке-отбасы қатынастарын құқықтық реттеу және осы құқықтық қатынас субъектiлерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мәселелері мемлекеттімiздiң әрдайым назарында деп айтқан болар едiк. Мәселен, Ата Заңымыз Конституцияның 1 бабында көрсетiлгендей мемлекетiмiздiң ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары. Сондықтан отбасы және неке қатынастары оның негiзi - еркек пен әйелдiң құқықтарын жан-жақты қорғап, адамгершiлiкке толы парасатты толы қағидаларды заңдылыққа айналдырған.
Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексінің 1 бабына сәйкес, Неке (ерлі-зайыптылық) - ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туғызатын, отбасын құру мақсатында Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімімен жасалған еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одақ. Неке - мемлекеттік органдарда, азаматтық хал актісінде тіркеліп жазылады. Ерлі-зайыптылардың құқығы мен міндеттері АХАЖ-дан (азаматтық хал актісінің жазбасы) өткен соң ғана заңды күшіне енеді. Тек осыдан кейін ғана мемлекет ерлі-зайыптылардың құқығын қорғауды қолға алады.Бұл жағдай осындай негіздерден кейін ғана ерекше мәнге ие болады..
Діни жоралар мен рәсімдер бойынша қиылған неке (ерлі-зайыптылық) тіркеуші органдарда тіркелген некеге (ерлі-зайыптылыққа) теңестірілмейді және тиісті құқықтық салдарлар тудырмайды.Еркек пен әйелдің, сондай-ақ бір жыныстағы адамдардың шын мәнінде бірге тұруы неке (ерлі-зайыптылық) деп танылмайды.
Қазақстанда некеге тұрған кезде отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тілдік немесе қай дінді ұстанатындығына қарай азаматтардың құқығын шектеудің кез келген түрлеріне тыйым салынады.
Ерлі - зайыптылар қатынастарына туыстарының араласуына жол берілмейді.
Заңдық мағынасында отбасы дегеніміз - бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке қатысты емес жеке бастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы. Некеге отыру үшін заңда бекітілген алғышарттардың бірі бұл азаматтардың құқықтық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі. Дегенменде, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының жаңа кодексі құқықтық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілігі туралы заңды анықтама бермейді. Отбасы құқығында құқықтық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіндегі мағынада қолданылады. Азаматтық әрекет қабілеттілігінің өзгеруі отбасылық қатынасқа да тікелей әсер етеді. Азаматтық әрекет қабілеттілігінің шектелуі немесе жойылуы отбасылық құқықтық қабілеттіліктің шектелуіне немесе жойылуына әкеледі.
Осылайша, отбасылық құқықтық әрекет қабілеттілігі дегеніміз мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді иелену тәсілі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 13 бабының 2 бөліміне сәйкес азаматтық құқықтық қабілеттілік туған кезден бастап пайда болады. Отбасы құқықтық қатынасына қатысты құқықтық қабілеттілік туғанынан басталып, белгілі бір жасқа жеткенде кеңейе түседі.
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы құқығында құқықтық қабілеттілік құрамына кіретін құқықтық мүмкіндіктер көп түрлі. Мысалы некеге отыру, бала асырап алу, қамқоршы немесе қорғаншы болып тағайындалу қабілеттіліктері. Бұл қабілеттіліктердің барлығы белгілі бір жасқа жеткенге дейін құқық субъектісінің өзінің әрекетімен де, оның заңдық өкілімен де жүзеге асырылмайды.
Неке және Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай, пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын зерттейтін құқық саласы болып табылады.
Отбасы құқығы бойынша неке-бұл ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасы құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ.
Некені заңды түрде рәсімдеу дегеніміз оны азаматтық хал актілеріндегі жазу органдарында тіркеу болып табылады.Белгілі бір тәртіппен тіркелген некенің ғана құқықтық күші болады. Бұл ереже неке - отбасы заңдарының негіздерінің бірі болып табылады.
Некеге тұру үшін қойылатын талаптар. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) үшін некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) еркек пен әйелдің ерікті әрі толық келісімі және олардың неке (ерлі-зайыптылық) жасына толуы қажет.Некеге отырғандардың ақыл есі дұрыс, балиғат жасына жетуі керек. Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексінің 10 бабына сәйкес Неке (ерлі-зайыптылық) жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді. Мынадай дәлелді себептер болған:
1) жүкті болған;
2) ортақ бала туған кезде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші органдар неке (ерлі-зайыптылық) жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетеді.
Некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілер және олардың ата-аналары не қамқоршылары белгіленген неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету қажеттігі туындайтын себептерді көрсете отырып, неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтініш беруі мүмкін.Неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендетуге тек қана некеге отырушылардың (ерлі-зайыпты болушылардың) келісімімен жол беріледі.Неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адамдар арасындағы немесе неке (ерлі-зайыптылық) жасына толған адам мен неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адам арасындағы некеге (ерлі-зайыптылыққа) неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адамдардың ата-аналарының не қамқоршыларының жазбаша келісімімен ғана рұқсат беріледі.
Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендете плуға құқығы бар. Ол үшін жасын кеміту туралы өтінішті тұрмысқа шығатын қыздың өзі жазу керек. Мұндай өтінішті ата-аналары, қамқоршылары да жаза алады, бірақ олар үшін қыздың өзінің келісімі керек. Некеге тұру жасын қысқарту туралы мәселені жергілікті әкімшілік шешеді. Әдетте толық қабілеттілік 18 жастан басталады, яғни құқықтық қатынасқа өз еркімен тұру және өз әрекетіне өзі жауап беру болады. Алайда некеге 17 жастан тұру рұқсат етілсе,отбасылық қатынаста толық қабілеттілік некеге 18 жасқа дейін тұрумен басталады.
Егерде некеге шетел азаматтары тұрған жағдайда, екі мемлекет арасындағы "Неке" заңнамаларында осындай негіздері реттелмесе, онда мұндай қатынастардағы неке заңсыз деп есептеледі. Неке ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балаларды және басқа да жанұя мүшелері арасындағы отбасылық құқықтық қарым-қатынастарды туғызатын негіз болып табылатындықтан, отбасы құқығының маңызды заңдық фактілерінің бірі болып табылады.
Отбасы құқығы - некеге тұру шарттарын және оны тоқтатудың ретін белгілейтін, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар және басқа да туысқандар арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін, бала асырап алудың тәртібін белгілейтін бірнеше нормативтік-құқықтық актілердің жиынтығы. Отбасылық қарым-қатынастарда заңдық нормалармен бірге адамдардың адамгершілік қасиеттердің де маңызы зор екенін айта кету керек.
Сонымен қатар некеде отырған азаматтардың азаматтығы әртүрлі болуы да мүмкін. Бұндай некелерді реттеу халықаралық жеке құқығының негізгі реттеу пәнін құрайды. Сондықтанда халықаралық жеке құқықтағы неке-отбасы қатынастары - бұл шетел элементімен күрделенген отбасы құқығының нормаларымен реттелетін некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе ата-анасыз қалған балалардың басқа да нысандарынан туындайтын қоғамдық қатынастар. Олар тек азаматтық, отбасылық қарым-қатынастарда ғана емес, сонымен бірге адамгершілік сипатта болатын және заңдық реттеуге тәуелді қарым-қатынастар болып табылады. Осындай негіздер бойынша халықаралық жеке құқықтағы отбасылық құқықтық қарым-қатынастардың ерекшеліктеріне мыналарды жатқызсақ болады:
- көптеген елдерде отбасылық құқықтың субьектілері заңмен анықталған (ерлі-зайыптылар, ата-аналар, асырап алушылар);
- отбасы құқығы субьектілерінің құқықтары мен міндеттерінің басқаға берілмеуі және бөлінбеуі;
- отбасылық-құқықтық қатынастар ақысыз болып табылады;
- жеке қарым-қатынастардан мүліктік қарым-қатынастардың туындауы.
Қазіргі таңдағы халықаралық құқықта егер шетел азаматымен некеге тұрған жағдайда, азаматтардың сол үшін азаматтығын ауыстыру міндетті емес, бірақ ауыстыру мүмкіндіктері көзделген.
Жалпы неке түсінігі әр елде әртүрлі жағдайда көрініс тапты. Некені біз ерекше, өзге бір институт ретінде қарастырсақ болады. Неке қатынастарына келгенде шетел элементі болған жағдайда, осы қатынастар аясында әртүрлі қақтығыстар нәтижесінде мәселелер туындауы мүмкін. Осы тұста, Ш.Монтескьенің сөзін еске алсақ болады, бір мемлекеттің заңы екінші мемлекетпен сәйкес болуы өте сирек кездесетін жайт. Қазіргі кездегі неке түсінігі ерікті, теңқұқықты, ер мен әйелдің құрған одағын түсінеміз
Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан реформалар тәуелсіз егемен мемлекеттің қалыптасуы жағдайында мемлекеттік және қоғамдық өмірдің берік құқықтық негізін құру қажеттігін талап етеді. Неке, әдетте, отбасының негізі болып табылады -бұл ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды тудыратын отбасын құру мақсатында Заңда белгіленген тәртіппен тараптардың еркін және толық келісімімен жасалған еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одақ. Отбасы - бұл неке және отбасы туралы заңнама нормаларымен реттелген, олардың Одағының салдарынан туындайтын адамдардың бірлескен өмірі, немесе олардың біреуінің заңда көрсетілген іс-әрекеттерінің нәтижесінде немесе баланың туылуының салдары ретінде, қажет болған жағдайда заңда белгіленген тәртіппен ресімделген, балалы болу және тәрбиелеу, отбасы мүшелерінің өзара жұмысы. рухани,психологиялық, ата-ана негізінде. ынтымақ ортақтығы және бірлескен шаруашылық жүргізу негізінде
Енді отбасылық-құқықтық қатынастардың осы белгілерін қарастырамыз: отбасылық-құқықтық қатынастардың субъектілері: ерлі-зайыптылар, бұрынғы ерлі-зайыптылар, ата-аналар, бала асырап алушылар, балалар, туған ағалар мен қарындастар, аталар мен әжелер, немерелер, тәрбиешілер және тәрбиеленушілер, өгей балалар, өгей ата-аналар, қорғаншылар және қамқоршылар. Бұл тізім қатаң емес, өйткені отбасы құқығында заң және құқық ұқсастығы қолданылады. Ал өмір отбасылық-құқықтық қатынастардың жаңа нысандарын тудырады, мысалы, отбасы құқығында салыстырмалы түрдегі бір жаңа құбылыс - асырап алушы ата-аналар, яғни баланы өз қалаулары бойынша асырап алушылар. Осыған байланысты отбасы құқығында қамқоршы және қорғаншы органдардың рөлі өзгереді. Егер бұрынғы кезде отбасы құқығы бойынша әдебиеттерде отбасылық қатынастарға тек тұлға түсе алады десе, қазірде қамқоршы және қорғаншы органдар баланы белгілі бір отбасына беруде шарттық тараптардың бірі болып табылады. Бұл қамқоршы және қорғаншы органдарды отбасы құқығының субъектісі деп тануға негіз болып табылады.
Отбасылық-құқықтық қатынастар заңда белгіленген арнайы заңдық фактілердің негізінде пайда болады, өзгереді немесе тоқтатылады. Бала асырап алу, некені тіркеу және бұзу және т.б. бірақ көптеген жағдайларда құқықтық салдар туындау үшін деректі құрам қажет (заңды деректердің жиынтығы). Мысалы, баланы асырап алу үшін, асырап алушы мен оның жұбайының ерік білдіруі, баланың ата-аналары мен олардың міндеттерін атқарушы адамдардың келісімі, 10 жасқа толған баланың келісімі, бала асырап алу үшін сот шешімі қажет. Отбасы құқығында заңдық деректер жай мүліктер. Олар ұзақ мерзімді сипаттағы оқиғаларды білдіреді. Туыстық, ерлі-зайыпты болу, кәмелетке толмағандар, жүктілік, қажеттілік.
Отбасы құқығының қағидалары оның неке құқықтарын қолдану кезінде негізгі бастау алуға шоғырландырылған негіз болып табылады. Отбасы құқығының қағидалары отбасы заңнамаларында бекітілген түрде және соған сәйкес жеке және мүліктік қатынастардың реттелуін қамтамасыз етеді.
Неке-отбасы қатынастарының қағидаларына толығырақ тоқталатын болсақ:
* еркек пен әйелдің некелік (ерлі-зайыптылық) одағының еріктілігі;
* отбасындағы ерлі-зайыптылар құқықтарының теңдігі;
* отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік;
* отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісім арқылы шешу;
* балалардың отбасында тәрбиелену басымдығы, олардың өсіп-жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық;
* отбасының кәмелетке толмаған, қарт және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін басымдықпен қорғау;
* отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, осы құқықтарды сот арқылы қорғау мүмкіндіктері;
* отбасының барлық мүшелерінің салауатты өмір салтын қолдау қағидаттарына негізделеді. Отбасы қатынастарын құқықтық реттеу біздің елде тек мемлекетпен жүзеге асырылады.
Осындай қатынастарды құқықтық реттеу барысында өзіндік ерекшеліктер туындайды. Бұндай қатынастар ерлі - зайыптылар арасындағы жеке қатынастар, мүліктік қатынастармен салыстырғанда ерлі - зайыптылардың өмірінде,сөзсіз үлкен орын алады және маңызды роль атқарады. Алайда, жоғарыда атап өткендей, ерлі - зайыптылардың барлық мүліктік емес жеке қатынастары құқықпен реттелмейді. Достық, сүйіспеншілік, құрметтеу, бір - біріне деген сенім құқықтық реттеуге жатпайды. Ерлі - зайыптылардың күнделікті өмірінің негізін құрайтын қатынастардың көпшілігі құқықтан тысқары жатады. Сондықтан да құқықпен реттелетіні ерлі - зайыптылар қатынастарының ішінде, жеке қатынастар мүліктік қатынастарға қарағанда елеулі түрде аз орын беріледі. Ерлі - зайыптылардың жеке құқықтары мен міндеттеріне арналған Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодекстің 6 - тарауы бар болғаны үш баптан ғана тұрады, ал ерлі - зайыптылардың мүліктік қатынасы 14 баппен реттеледі. Алайда, мәселе баптардың санында ғана емес. Тіпті, жеке мүліктік емес құқықтар отбасы құқығы нормаларымен бекітілген жағдайларда да, көптеген жағдайларда, бұл бар болғаны норма - декларациялар ғана, нақты заңдық нормалар емес, өйткені осы құқықтарды бұзғаны үшін санкциялар қолдану мүмкін емес. Ең алдымен, сөз, отбасы өмірі мәселелерін шешу кезіндегі ерлі - зайыптылардың теңдігін бекітетін нормалар туралы болып отыр. Алайда, норма - декларациялык-кұқықтық құндылықтарға ие емес деп санауға болмайды. Біріншіден, құқықтық нормалар қатарына моральдық нормаларды жатқызады, олар мемлекеттің отбасылық - құқықтық саясатын жария етеді, екіншіден, олар сондай - ақ тәрбиелік маңызға ие, белгілі бір мінез - құлық эталонын жасайды.
Ерлі - зайыптылардың жеке қатынасын реттейтін нормаларды шартты түрде үш топқа бөлуге болады. Ерлі - зайыптылардың айналысатын қызметін, мамандығын, тұрғылықты жерін таңдау құқығын бекітетін, құқықтық табиғаты бойынша конституциялық құқық нормалары болып саналатын нормалар бірінші топты құрайды. Санкциялар арқылы айырылған, жоғарыда айтылған норма - декларациялар екінші топқа кіреді. Және үшінші топ қана санкциялармен жабдықталған, кәдімгі отбасылық - құқықтық нормалардан тұрады.
Ерлі - зайыптылардың мүліктік қатынасы жеке мүліктік емес қатынасқа қарағанда құқықтық тұрғыдан неғұрлым жақсы реттеледі. Сондықтан да ерлі - зайыптылардың өмірінде онымен салыстырғанда елеулі түрде аз орын ала отырып, олар соған қарамастан құқықпен реттелетін ерлі - зайыптылар қатынасының басым көпшілігін құрайды. Ерлі - зайыптылардың мүліктік қатынастары, біріншіден, мүліктік құқықтар әрқашанда дерлік мәжбүрлеу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін екендігінен және мүліктік міндеттерді орындамағаны үшін санкциялар белгіленуі мүмкін екендігінен құқықтық реттеуді қажетсінеді. Мұнан өзге, мүліктік қатынастарда айқындық болуы қажет. Ерлі - зайыптылардың өздері, сол сияқты үшінші тұлғалар: мұрагерлер, кредиторлар, контрагенттер осыған мүдделі болып саналады.
Алайда ерлі - зайыптылардың мүліктік қатынасының барлығы құқықпен реттелмейді. Олардың кейбір бөлігі құқықтың сыртында қалады, мысалы, пәтерақыны кім төлейді, жазғы демалысты кім төлейді, осылар туралы күнделікті өмірде жасалатын ерлі - зайыптылардың келісімі, негізінен таза тұрмыстық сипатқа ие және мәжбүрлеу арқылы жүзеге асыруға жатпайды.
Ерлі - зайыптылардың меншігі туралы жалпы ереже қазіргі уақытта ҚР Азаматтық Кодексте (223-бабы) енгізілген. Демек, ерлі - зайыптылардың бір (бірлескен) меншігі бір мезгілде азаматтық және отбасы заңдарымен реттеледі. Тұтастай түрде меншік туралы және жиі түрде бірлескен меншік туралы Азаматтық кодекстің жалпыға бірдей нормалары оған қолдануға қолайлы. Ерлі - зайыптылардың меншігі туралы Азаматтық кодексте реттеледі. Ол, біріншіден, Азаматтық Кодекс ережесін егжей - тегжейлі баяндап, оны толықтырады,екіншіден, отбасы қатынастарының ерекшелігімен байланысты, азаматтық заңнамада көзделген жалпы ережелерден белгілі бір ерекшелікті айқындайды.Ерлі - зайыптылардың меншік құқығы туралы азаматтық және отбасы нормаларының ара қатынасын, отбасы және азаматтық заңдарын жалпы және арнайы нормалар ретінде қарастыруға болатын неғұрлым айқын да анық иллюстрация деп есептеуге болады.
Ерлі - зайыптылардың мүліктік қатынасын реттейтін нормалар Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексте аса елеулі өзгерістерге ұшырады. Мүліктік қатынастарды реттеудің принциптерінің өзі өзгереді. Ерлі - зайыптылардың келісімдерінің көмегімен оны өзгертуге рұқсат етпейтін императивтік нормалармен белігіленген ерлі - зайыптылар мүлкінің заңды тәртібінің орнына, жаңа заңнамада, диспозитивтік нормалармен белгіленген ерлі - зайыптылар мүлкінің заңды тәртібі көрсетілген. Бұл тәртіп, егер ерлі - зайыптылар неке шартының көмегімен оны өзгерткісі келмесе немесе неке шарты бұзылса, сондай - ақ заңсыз деп танылса, осындай жағдайларда ғана ерлі - зайыптылардың мүліктік қатынастарына қолданылады.
Тұрғылықты жерді таңдау еркі деген: ерлі - зайыптылардың жеке тұруларына болады, немесе әртүрлі тұрғын үйлерді иемденуге құқылы. Бірақ, еркек пен әйел басын біріктіру үшін некеге тұратындықтан, отбасын құруға және оны нығайтуға мұндай құқықтардың пайдасы болмайды. Заңда көрсетілген тұрғылықты жерді таңдау еркіне ие болу құқығының мәні ерлі - зайыптылардың ешқайсысы да бір - бірін белгілі бір жерде тұруға мәжбүр ете алмайтындығында, ал таңдау екі жақтың өзара келісімімен жүзеге асырылуы керек.
Жалпы тәртіп бойынша ерлі - зайыптылардың құқықтық жығынан тең болуы олардың қайсысы қандай затты иемденуіне, ол заттың қандай мақсатқа арналғанына және кімнің атына жазылғанына байланысты емес. Ерлі - зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуына олардың отбасы табысының жалпы сомасына қаншалықты үлес қосқаны да әсер ете алмайды. Заң бойынша ерлі - зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған кезеңде үй шаруашылығын жүгізуді, балаларды бағып - күтуді жүзеге асырған, немесе басқа да дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға да тиесілі екендігін арнайы ескертеді.
Ерлі зайыптылардың мүліктік қатынасын келесі екі топқа: ерлі зайыптылардың меншік қатынасы және ерлі зайыптылардың алименттік құқықтық қатынасына бөлуге болады. Меншік бойынша ерлі зайыптылардың қатынасын реттейтін нормалар, ерлі зайыптылар мүлкінің заңдық тәртібін белгілейтін нормаларды, үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелер бойынша ерлі зайыптылардың жауапкершілігін реттейтін нормаларды енгізеді.
Отбасы заңнамаларының диспозитивтік нормаларымен белгіленген ерлі зайыптылар мүлкінің тәртібі (режимі) ерлі зайыптылар мүлкінің заңды тәртібі (режимі) деп аталады. Қазақстан заңнамасы бойынша ерлі зайыптылардың бірлескен меншігінің тәртібі ерлі зайыптылар мүлкінің заңды тәртібі болып саналады.
Ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастар институты тек отбасылық емес, жүйе қалыптастырушы және алдын-ала анықтаушы қоғамдық-мәнді қатынастар болып табылады.
Сондықтан ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастар доктринасы тұрақты түрде сараланады және оларды жетілдіруге байланысты ұсыныстарды енгізеді. Ерлі-зайыптылардың ортақ меншікке қатысты мүліктік қатынастарын зерттеу, олардың неке-отбасылық қатынастарын анықтаудың құқықтық негіздерін анықтайды және мемлекеттің қоғам мен отбасының даму тенденциясын объективті бағалауына қажетті құрал. Ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары жалпы отбасы құқығына арналған ғылыми еңбектерде ғана емес, ғылыми саралаудың да ерекше заты болып табылды.
Құқық тоериясында ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары отбасы құқығына тиесілі. Л.М.Пчелинцеваның пікірінше ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастарын реттеу олардың мәніне қарай отбасы құқығына тиесілі[7,56б].
Отбасында ата-ана мен балалардың арасында азаматтық құқық, оларға тиесілі мүлікке байланысты мүліктік құқықтық қатынастар, сонымен бірге, отбасылық заңдармен реттелген, алименттік құқықтық қатынастар пайда болады. Ата-аналар мен балалардың мүлкі бөлек. Ата-аналары тірі болғанда балалардың олардың мүлкіне құқықтары болмайды. Олар өзара бір-бірінің заттарымен пайдаланса да, ата-аналардың өз балаларының мүлкіне құқықтары болмайды. Ата-аналармен сатып алынатын киім, аяқ киім, кітаптар және балаларға арналған басқа заттар соңғыларға тиесілі болады. Ата-аналар және балалары өз араларында заңмен рұқсат етілген барлық мәмілелер (сауда-саттық, жалға алу және т.б.) жасай алады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына және отбасылық заңдарына сәйкес, ата-аналар ғана балаларды асырауға және алименттер төлеуге міндетті емес, сонымен бірге жасы кәмелетке толған балалар да еңбек етуге қабілетсіз, мұқтаж ата-аналарын, аталарын, әжелерін, ағаларын, әпкелерін және т.б. асырауға міндетті.
Ата-аналары қайтыс болған жағдайда, олар ата-аналық құқығынан айырылған жағдайда және басқа ата-аналық қамқорлықты жоғалту жағдай-ларында балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамқорлық және қамқоршылық органдары жүзеге асырады, заңға сәйкес олар жергілікті өзін-өзі басқару органдары болып табылады. Олар мұндай балаларды айқындайды, оларды есепке алады, олардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз етеді.
Халықаралық құқықтағы неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы қатынастарын реттейтін нормалар қатарына Адам құқықтары туралы Жалпыға бірдей Декларация, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарды қорғау туралы Халықаралық пакт, Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастар және құқықтық көмек туралы 1993 жылғы 1 қаңтардағы Минск Конвенциясы, Қазақстан Республикасы заңымен 1999 жылғы 30 желтоқсанда ратификацияланған Шет елден алимент өндіріп алу туралы 1962 жылғы 5 қыркүйектегі Конвенция, Некеге тұруға келісім беру, неке жасы және некеге тіркеу туралы 1966 жылғы халықаралық Конвенция, сонымен бірге, 1966 жылғы Азаматтық және саяси құқықтары туралы пактінің факультативты протоколы, Бала құқығы туралы 1959 жылғы халықаралық Декларация, Біріккен Ұлттар Ұйымының 1959 жылғы Балалар құқығы туралы Конвенциясы, Балалар құқықтарын қорғау және халықаралық бала асырап алу туралы 1993 жылғы 29 мамырдағы Халықаралық Конвенция жатады. Қазақстан Республикасы осындай көптеген конвенцияларды мойындап, осы бағыттағы халықаралық ұйымдарға мүше болып табылады.
Отбасы құқығының материалдық-құқықтық нормалары түрлі мемлекеттерде үлкен алуандылықпен көзге түседі, ал бұл өз кезегінде осы саладағы шетел азаматтарының қатысуымен болған құқықтық қатынастарда коллизиялардың пайда болуына алып келеді. Экономикалық құрылымның ерекшеліктерімен қатар, отбасы қатынастарын реттеуге, сонымен қатар, ұлттық, тұрмыстық, діни ерекшеліктер мен салт-дәстүр әсер етеді.
Шет елдердегі отбасылық құқық азаматтық құқық құрамына кiретiн жеке құқықтың бөлiндiсiнiң институты болып табылады. Сондықтан да көптеген елдерде отбасы құқығы азаматтық кодекстер немесе азаматтық кодекстің басқа да актілерімен, сонымен қатар отбасылық-мүліктік сот тәжірибесі, яғни азаматтық істер негізінде жасалатын актілермен реттеледі. Әрине, әр елдерде өзіне тән айырмашылықтар бар.
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқада нысандарына орай, пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар мүліктік немесе өзіндік (мүліктік емес) болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік құқықтың басқа да салаларының бірінші кезекте азаматтық құқықты реттейтін пәнін құруы мүмкін. Бірақ, аталған қатынастардың басымдығы, бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығында бірдей емес. Азаматтық құқықтың негізгі міндеті мүліктік қатынастарды реттеу болып табылады. Ол өзіндік қатынастарды, олар мүліктік қатынастардан туындайтын болса, немесе қандай да болмасын өзіндік қатынастарды реттеу туралы арнайы нұсқау болса ғана реттейді. Бұған керісінше өзіндік қатынастарды реттеу отбасы құқығының негізгі міндеті болып табылады. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы құқығының пәніне кіретін мүліктік қатынастар жеке адамның құқықтары мен міндеттеріне байланысты болады. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы құқығының азаматтық құқықтан айырмашылығы да, міне, осында жатыр.
Сонымен бірге, жеке қатынастардың артықшылығы жөнінде қозғағанда мынаны ескерген жөн: бұл қатынастардың барлығы бірден құқықтық реттеуге жатпайды. Профессор О.С. Иофоде атап көрсеткендей, неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы қатынастырына жататын заңды тұрғыда нормалаудың обьектілік мүмкіндіктерінің белгісі бір дәрежеде шектеулі болады да, сырттан бақылаудың ырқынына шығып кетеді.
ҚР отандық азаматтармен шетел азаматтарының, шетел азаматтарының өзара және әртүрлі мемлекет азаматтарының арасындағы некелер тіркеледі. Қазақстандық азаматтарға шетелдіктермен некеге тұруға тыйым салынбаған және мұндай неке үшін құзіретті органдардан рұқсат алу талап етілмейді. Тиісті институтты құқықтық реттейтін халықаралық келісімдердің басым көпшілігінде некеге тұруда мынадай талаптардың сақталу қажеттілігі бекітілген:
- некеге тұру жасына жету;
- некеге тұрушы тұлғалардың жақын туыстық қатынаста болмауы;
- өзге ресми некеде тіркелмеуі;
- заңда көзделген тұқым қуалайтын аурулардың болмауы;
- некеге тұрушы тұлғалардың ата-аналарының немесе қорғаншыларының рұқсатының болуы.
Аталған шарттар барлық мемлекеттерде бірдей анықталмайды. Неке жасы Швейцарияда 18 болса, Францияда қыз балаға 15 жас, ер балаға 18 жас деп бекітілген. Осыған байланысты қыз баланың некеге тұруы үшін міндетті түрде оның заңды өкілдерінің рұқсаты талап етіледі. Қазақстан заңдары бойынша ата-ана рұқсаты немесе тараптардың бір-біріне денсаулық жағдайлары туралы медициналық құжаттарды тапсыруы талап етілмейді және өзге заңды некеде болу жаңа некені тіркеу үшін кедергі болып табылады.
Қазақстан аумағында неке тіркелетін жағдайларда некеге тұрушылардың азаматтықтарына қарамастан некені тіркеу нысаны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы құқығы пәні
ОТБАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Отбасы құқығы туралы жалпы түсінік
Отбасы құқығы туралы
Қазақстан респулаксының неке жане отбасы заңы
Отбасылық құқықтың жалпы мінездемесі
Отбасы құқығы, ұғымы негіздері мен принциптері жайлы ақпарат
Қазақстан Республикасының заңдары бойынша жұбайлардың мүліктік құқықтары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША ЖҰБАЙЛАРДЫҢ МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
Отбасы құқығының мақсаты мен қағидасы
Пәндер