Е.И.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі


Е. И. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі
Жоспар:
I. Кіріспе.
Қазақтардың Е. И. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы.
II. Негізгі бөлім.
1 Е. И. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің басталу себептері.
2 Отарлық езгінің күшеюіне қарсылық.
3 Көтерілісшілердің бекіністерге шабуылы.
III. Қорытынды
Е. И. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің жеңіліс табуы.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қазақ даласының батысындағы, солтүстіктегі және солтүстік- шығысындағы кең-байтақ кеңістікте патша өкіметі бекініс шептерін құрды, олар әскери база ғана емес, сонымен қатар патшалық Ресейдің отаршылдық мақсаттарын жүзеге асыруындағы тірегі де болды. Қазақ даласы жағына қарай кеңейе отырып, орнығып алған қазақ әскерлері шептері қазақтардың көшіп жүретін аудандарын шектеді. Сондықтан өздерінің ежелгі жерлерінен ығыстырып шығарылып, қуылған қазақтар Жайық пен Ертістің оң жағасына өзбетімен өтуге мәжбүр болды. XVIII ғасырдың 30-40 жылдарында Верхнеяицкіден Звериноголов бекінісіне дейін созылып жатқан Үй бекініс шебі салынды. Оның жалпы ұзындығы 770 шақырым болатын. Нақ осы жылдары ұзындығы 930 шақырым болатын Ертіс шебі салынды. 1752-55 жылдарда жаңа Есіл шебі салынды, оның ұзындығы - 662 шақырымға жетті. Олар қазақтардың көшіп жүретін қоныстарын шектеп тастады.
1742, 1755, 1756, 1765 жылдардағы толып жатқан заң актілері бойынша қазақтардың Жайық пен Еділ арасындағы, Есілдің, Тобылдың жоғарғы ағыстарындағы жерлерге, Каспий теңізінің солтүстік жағалауы бойына көшіп баруына тыйым салынды. Бұл жерлер қазақтарға берілді немесе мемлекеттік қор етіп тіркелді. Бұл қазақ қоғамдарының өздеріне көш-қон өрісін таңдауына мүмкіндік бермеді. Жайықтан өтуге тыйым салуды патшалықөкімет орындары қалмақтармен қақтығыстарға жол бермеу тілегімен түсіндірді. Ал іс жүзінде бұл анықталмады. Жекелеген ықпалды сұлтандар мен билерге рұқсат етілгенімен, қазақтардың бұл жерлерді пайдалануға рұқсат ету туралы әр түрлі өтініштері табысқа жетпеді. Патша өкіметісауданың дамуын да өзінің саяси мақсаттарына пайдалануға тырысты. Дәулетті қазақтар мен ірі көпестер приказчиктерінің қызметі шептер маңындағы немесе бекіністердегі айырбаспен шектелмеді. Далаға тереңдей еніп барып, саудагерлер баламасыз сауда жасады. Қазақтардың Е. И. Пугачев көтерілісіне үн қосуына қазақ жүздеріндегі ішкі саяси жағдай да себеп болды. Нұралы хан тұсында Кіші жүздегі қайшылықтар шиелене түсті. Қатардағы шаруалар мен көптеген ақсақалдар ханның саясатына риза болмады. Орта жүздегі жағдайдың күрделілігі де кем болмады. 1773-74 жылдардағы шаруалар соғысына 1772 жылғы жайық қазақтарының көтерілісі жол ашып берді. Бой көтеру себебі ортақ болғанымен, қозғалыстардың ұйымдық негізі мен идеалогиясы әр түрлі болды. Көтеріліс басталғанға дейін Нұралы хан мен Пугачев төңірегіндегі адамдармен кездесуі болды. Алдын ала кездесу кезінде көтеріліс басталғаннан кейін қазақтардың көтерісшілер жағында қимылдауы туралы сөз етілді. Сондықтан Пугачев Кіші жүз қазақтарының қолдайтынына сенімді болды. Пугачевтің отряды Жайық қалашығына аттанар авлдында Жоғарғы Богдан бекінісі жанындағы Көшім сайында оған Нұралы ханнан сыйлықтар алып, Забир молда мен қазақ Оразгелді Аманов барды. Осында 1773жылғы 6 қыркүйекте Е. И. Пугачевтің Кіші жүз ханы Нұралыға арналған қазақтарға манифесі жазылды. Онда былай делінген: "Мен сендердің бәріңді қалдырмай, адал, алдамай жер, су мен шөп, азық-түлік, жылғалар мен өзендер, тұз бен нан, қорғасын беремін, бастан аяққа киіндіремін". Ол 200 адамнан тұратын жауынгерлік қосын жіберуді сұрады. Пугачев Жайық қалашығына келіп, өзін III Петірмін деп жариялады. Қазақтар өз патшасына адалдыққа ант берді. Пугачевтің төңірегіне оның сыбайластары мен серіктері: И. Зарубин-Чика, А. Овчинников, А. Витасинов, М. Логинов, В. Меркульев, Т. Мясников, Г. Бородин, Я. Пономарев, А. Гуьанов, М. Шигаев, И. Почиталин, Б. Караваев және басқалар топтасты. Алайда қалада болу қауіпті еді. Пугачев өз жасақтарымен Кожевниковтың хуторына, содан соң Толкачевтің хуторына барды және сол жерден 1773 жылғы 17 қыркүйекте 500 адамнан тұратын отрядпен Жайық қалашығын қоршау үшін жақындап келді. 20 қыркүйекке қарай Нұралы хан адам саны 1000-ға жуық жасағымен Жайық қалашығына келді. Осы жасақпен бірге Пугачевке Нұралы ханнан мынадай хат жетті: "Сіз жолдаған хабар маған жетті. Мен сіздердің хабарларыңызды білу үшін Жайық қалашығына келдім. Егер сіз бізге бұрын да патша болсаңыз, өз күшім қаншаға жетсе - сөзсіз қызмет ететін боламын. ". Ханның жасағы Жайық қаласына шабуыл жасамақшы болған жоқ, оның үстіне қалашықты қоршау да созылып кетті. Осындай жағдайда Нұралы хан Е. И. Пугачевке ашық көмек көрсетуден тартынды. Қазақ ханы, сұлтандар мен оның төңірегіндегілер көп кешікпей Жайық қалашығын тастап кетіп қалды. Көп кешікпей сұлтандар мен билер соның ішінде Нұралы хан орал әскерінің атаманы М. Бородинге, орал қалашығының коменданты Сименовқа және Орынбор губернаторы И. А. Рейнсдорфқа өз қызметін ұсынды. 1773 жылғы 20 қыркүйекте Пугачев қазақтарға жаңа манифест арнады. Пугачев Жайық қалашығын тікелей шабуыл жасап ала алмады. Оны қоршау үшін шағын отряд қалдырып, негізгі күштері орынборға кетті. Жол жөнекей Чернореченск және Татищево бекіністерін алды. Қазақтарға үндеуінде Пугачев өзін "ұлы патша Петр Федорович" деп атады. Ол помещиктерді жазалауға, дін ұстану бостандығы құқығын қайтаруға, ал қазақтарға, басқаларының бәрін қоса, ақшалай айлық төлеуге уәде берді. Е. И. Пугачевтің қазақтарға алғашқы үндеулері мен манифестері қауымдар мен жүздерде қолдау тапты. Құжаттардың дәлелдеуінше, өз еркімен құрылған қазақ жасақтары Жайық қалашығына, Озерная, Сахарная бекіністеріне, Кожехаровский форпосына, Красногар дистанциясының бекіністері мен форпостарына жақындады, Жайық өзенінен өтіп адамдарды тұтқынға алды, даланың бір шетіне мал айдап әкетті. 1773 жылғы 5 қазанда Орынборды қоршау басталып, ол бес ай бойы - 1774 жылдың наурызына дейін созылды. Орынборды қоршағанда Пугачев әскерінің құрамында шамамен 500жайық, 300 елек, 600 орынбор қазақтары, 400 қарғалы және сақмар татарлары, 700 башқұрт, көптеген қалмақтар болды. Барлығы үш мыңдай адам қатысты.
XVIII ғасырдың 80 жылдарында ОРынборда 2866 адам тұратын үйлер болды. Олардың арасында көпестер - 2061 адам. Соның ішінде саудагер татарлар - 1986 адам. Орынбор қазақтары жылына 15 сомнан, жүзбасылар- 30 сомнан, жасаулдар - 50 сомнан айлық алып тұрды. Бекіністе дуалдарға 55 зеңбірек орналастырылған еді, ал қаланың өзінде дала зеңбіректері көп болатын. Орынборды тікелей шабуылмен алуға әрекет жасалды, алайда ол табысқа жеткізбеді. Орынборды қоршауда Пугачев екі манифест жазуғаөкім берді. Олардың біреуі қазақтарға арналды. Мәтінді жайық қазағы, татар Тангайши жазды. Манифест Жайық қалашығына жақын жерде көшіп жүрген Досалы сұлтанға арналды. Пугачев сұлтаннан көмекке екі жүз адам жіберуді және сол күштермен Жайық қалашығына соққы жасауды сұрады. Пугачевке жазған хаттарының бірінде Досалы сұлтан Пугачевтің өтініші бойынша екі жүзден астам жігіттерден тұратын жасақ жіберуге дайын екенін хабарлады. Бұл жасақ Орынборды қоршауға қатысты. 1773 жылы қазан айында Сейдалы сұлтан бастаған 200адамнан тұратын жасақ қоршаудағы жайық бекінісіне келді. Сейдалы сұлтан Досалы сұлтанның баласы еді. Досалы сұлтанның үш баласы да Пугачев жағында болды. Досалы сұлтанның өзі мен оның жасағы пугачевшілер мен бірге Жайық бекінісіне тікелей шабуыл жасауға және Қазақтар Кулагин бекінісін алуға қатысты. Бекініске бірнеше пугачевшілерімен бірге атаман Толкачев басшылық етті. Татищев бекінісін қоршауға да қазақ көтерілісшілерінің жасағы қатысты, оларға қазақ ханының баласы басшылық жасады. Ол қоршау кезіндегі и қақтығыстардың бірінде өлтірілді. Орынборды қоршаудың түолі кезеңдерінде көтерілісшілерге 2000-дай қазақ қолдау жасады. Қазақтардың бір бөлігі Жайыққа қарай, Верхнеяицк және Нижнеяицк шептеріне ұмтылды. Қазан, қараша айларында Орынбордың оңтүстік жағындағы бекіністерге барымта жасалған көптеген жағдацлар орын алды. Қазақтар Жайықтың арғы бетіне жаппай өтті, бұған 1764 жылы арнаулы жарлықпен тыйым салынған еді. Черный яр маңында қазақ көштері пайда болды. Астрахан губернаторы 1000 дон казагын шақырды. Нижнеяицк шебіне 300казак шақырылды.
1773 жылғы қарашаның басында құрамында 1467 солдат және 5 зеңбірегі бар генерал-майор Кардың отряды Қазан жолымен көтерілісші армияға қарсы соғыс қимылдарын жүргізуге аттанды. Батыстан Самара жолымен 3468 адамнан тұратын полковник Чернышевтің отряды келе жатты. Шығыстан бөлімдерімен бригадир Корф, ал оның артынан генерал-поручик Декалонг Орынборға бет алды. Оларға қарсы Пугачев атамандар Овчинников пен Зарубин- Чиканың көтерілісші отрядтарын аттандырды. Шайқаста жазалаушылар тас-талқан етілді. Генерал Кар қашып құтылды. Үкімет әскерлерінің 15 зеңбірегі бар, адам саны 2000-дай солдаттан тұратын басқа отряды да соның кебін киді. Сақмар өзенінің жағасында көтерілісшілер үкімет әскерін қоршап алудың сәтін түсірді, содан кейін солдаттар мен казактар өз командирлерін байлап тастап, бәрі көтерісшілер жағына өтті. Алайда көтеріліс басшылары Орынборды алу мен қорғаудың немесе Мәскеуге тез арада жорық жасаудың біріңғай нақты жоспарын әзірлей алмады. Ал уақытты өткізіп алу оларға зиянды еді. 1773 жылдың аяғы - 1774 жылдың басында Ресей империясының әр түрлі бөліктерінде бейшаралық халге түскен және езілген әлеуметтік төменгі топтар өздеріне Пугачев пен оның армиясының келуін күтіп отырды. Оралда, Алтайда, Дон және Запарожье казактарында осылай болды. Орталық Ресейде аласапыран кезең орнады. Жайық қалашығын алуды ұйымдастыру үшін 1774 жылғы 7 қаңтарда қоршаудағы Орынбор түбінен Пугачев және көтерілісшілердің Әскери алқасының басшысы атаман П. Овчинников келді. Қалашықтың коменданты Сименовқа ұрыссыз берілу ұсынылды, бірақ жауап болмады. Дуалдағы бекіністік батареянықопару үшін дуалдың астын үңгіп қазу ұйғарылды. Мина қоюға арналған үңгірді Пугачев пен Я. Кубарьдің басшылығымен 150адам қазды. 19 қаңтарда жұмыс аяқталды, үңгірдің түбіне тоғыз пұт оқ-дәрі салынған бөшке қойылды. 20 қаңтарда жарылыс жасалып, бәрі де жарылыстан кейін жасалады деп жорамалданған ойық тұсынан бекіністі дуалға лап қойды. Алайда дуал қопарылмай қалды, ол аздап қана зақымдалды. Мина дуалдың нақ астына қойылмаған болып шықты. Дегенімен екі жүздей көтерілісші бекініске жетіп, дуалға өрмелей бастады. Пугачевтің басшылығымен қаланың барлық тұрғындары - көпестер, боярлар, шаруалар, татарлар, қалмақтар, мещеряктар - кремльге жан-жақтан тікелей шабуылға шықты. Шабуыл жасаушыларға жоғарыдан мылтықтан оқ атылды, күл шоқтары шашылып, ыстық су құйылды. Кескілескен ұрыс он сағаттай уақытқа созылды. Көтерілісшілер бекініс орларына қарай шегінді. Көтерілісшілер қатарынан 400-дей адам шығын болды. Сонда ғана Пугачев шегінуге бұйрық берді. Оқ-дәрі мен зеңбіректер әкелу үшін А. Овчинников отряды Гурьевке жіберілді. 1774 жылғы 26 қаңтарда отряд қалашыққа таяп келді. Гурьев қалашығы Жайықтың оң жағасына, Касспий теңізінен 12 шақырым жерде орналасқан еді. Бекініс қабырғасының биіктігі екі сажындай етіп тастан салынып, аумағы 100 сажынан астам төртбұрыш түрінде болған. Гурьев казактары бірден А. Овчинников жағына шықты. Қарсыласуға тырысқандар атылды немесе дарға асылды. Соның ішінде комендант И. Микешин де бар еді. Қалашықтың атаманы болып Е. Струняшев сайланды. Екі зеңбірек, 60 пұт оқ-дәрі және басқа жарақтар алған А. Овчинниковтің отряды үш күн өткен соң Жайық қалашығына бет алды. Нижнеяйцк шебінің станциялары мен форпостарында отряд көтерілісшілерімен толық қолға түсті. Татищев бекінісі түбіндегі жеңілістен кейін Пугачев өз әскерімен Троицк бекінісіне шегінді. Көтерілісшілерге көмек береді деген үмітпен Орта жүздің қазақ ақсақалдарына шабармандар жіберіліп, «Троицк, Звериноголов» бекіністеріне және басқаларына «бөгде ат жамылған батырмен бірге шабуыл жасау үшін, оларды бірнеше мыңға дейін өз адамдарын жинауға көндіру үшін уағдаласу» тапсырылды. Пугачев Дәуітбай тарханға, Ембекбай, Орманбет батыырларға сөз салды. 1774 жылдың мамырында Пугачев Абылай ханға екі хат жолдады. Пугачевтің хаттарын бірқатар батырлар жауапсыз қалдырмады. Көтерісшілер әскері Магнитная бекінісіне кетті. Губерлинск, Орск, Таналицк бекіністері күйреуден аман қалды. Қазақтар жіберген адамдармен кездесу кезінде Пугачев сол бекіністерді тонауға, қаймықпай, батыл қимылдауға бұйрық берді. Осыдан кейін Кіші жүзбен Орта жүз қазақтары Губерлинск бекінісін тамтығын қалдырмай күйретті, ал басқа бекіністерді қоршауға алды. Орск бекінісін бес күн бойы қоршауда ұстады. Үкіметтің жаңа әскерлерінің келуі ғана қоршауды тастауға мәжбүр етті. 1774 жылдың наурызында қазақтардың үлкен жасағы Өзен арқылы даламен жүріп өтіп, Еділ ауданында осында пугачевшілер келген жағдайға арнап қойған бекіністерді шапты. Олар тіпті Еділдің оң жағасында да қимыл жасады. Олар жүздеген емес, бір жарым мың адам еді. Еділдің сол жағында да шағынырақ жасақтар қимыл жасады. 1774 жылдың сәуірінде Орынбордың генерал-губернаторыРейнсдорф Нұралы және Абылай хандарға, Айшуақ және Досалы сұлтандарға жазған хаттарында Пугачев әскерлері оңтүстік жаққа, қазақ даласына кетіп, ілгерлеген жағдайда шаралар қолдануды және соған дайындалуды сұрады. Келесі айда патшалық өкімет орындары 100 адамнан тұратын Пугачевшіл-қалмақтарды Орыс сұлтан мен оның нөкерлері тұтқынға алды. Барлық көтерілісшілерн құлдыққа берілді. Патша өкіметі бар халықты екіншісіне пайдалануға тырысты. 1774 жылдың маусымында Орта жүз қазақтары Звериноголов және Петропавл бекіністерінің арасында орналасқан Алабұға редутын талқандады. 1774 жылдың тамызында болыс старшыны Дайыр сұлтан 3 мыңдай қазақтарды жинап, Преснегорьков және Петропавл бекіністерін шабуға ниеттенді. Алайда кейін өз жоспарын өзгертіп, Троицк бекінісіне ьеттеді. Содан соң Кенжеғали және Жағалбайлы болыстарының старшыны Құдайменді басшылық еткен 50 адамнан тұратын жасақ Кабанья немесе Преснегорьков бекінісіне шабуыл жасады. Редутке жасалған шабуылдарға Құлсары батырдың басшылығымен Саржетім-шақшақ болысының қазақтары, Итек, Алғабай старшындар, ь Дәуітбай тархан басшылық еткен Қыпшақ және Қарауыл болыстарының қаазақтары қатысты. Бекіністер менг редуттарға шапқыншылық жасау себептерін хан Пугачевтің «араласуымен» түсіндірді. 1774 жылдың жазындағы Кіші жүз қазақтарының шабуылдары неғұрлым белсенді болды. Шағын отрядтар Орынбор түбінен, Рассыпная, Татищев бекіністерінің мңынан мал айдап әкетіп, адамдарды қолға түсірді. Кояицк форпосы, Шаған хуторлары, Коловертное алқабы шабуылға ұшырады. Сол жылы пугачевшіл көтерісшілер қазақ жасақтарымен бірге патшалық бекіністерге, форпостар мен редуттерге 240 шабуыл жасалды. Елек қорғанысына көшіп барған Нұралы хан патшалық өкімет орындарынан өзін қорғауды сұрады. Сонымен бір мезгілде Пугачевтің әскері Оңтүстік Орал мен Башқұртстанда халықтан қолдау тапты. Патша отрядтары көтерілісшілерді Қазан түбінде ғана тоқтата алды. Бұл шаруалар соғысындағы ірі жеңіліс болды. Өзі отрядтарының қалдықтарымен Пугачев Еділ бойымен төмен қарай жүрді. Көтерісшілердің күштері күрт кеміді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz