Дүниетану пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптары үшін
Дүниетану пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы

Түсіндірме жазба

Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
Оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің мазмұнын және олардың білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады.
Пәннің оқу бағдарламасы шиыршық қағидаты негізінде әзірленген, яғни оқу мақсаттары мен тақырыптардың басым көпшілігі белгілі бір оқу кезеңінен кейін (оқу жылы барысында немесе келесі сыныптарда) білім мен дағдының көлемі көбірек, тереңірек, күрделірек деңгейде қайта қарастырылады.
Оқу бағдарламасы оқу жылы көлемінде бөлімдердің оқытылу ретін көрсететін ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Тақырыптарға сағат санының үлестірілуі және тоқсан көлемінде тақырыптардың оқытылу реттілігін мұғалім анықтай алады. Ұзақ мерзімді жоспар күнтізбелік-тақырыптық жоспарды әзірлеудің негізі бола алады.
Оқу бағдарламасы оқыту процесін оқушылардың пән салалары бойынша білім мен біліктерді саналы түрде меңгеруі үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдануға, оқу, жоба, зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігін дамытуға, әлеуметтік-мәдени кеңістікте орнын таба білуі үшін бағыттайды.
Оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерді кіріктіреді. Оқытудағы тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдарлары болып табылады.
Қазіргі кезеңде өздігінен білімді игеруі үшін оқушының белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Мұндай тәсіл пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.
Тұлғалық-бағдарлық білім беруді осындай сипатта жақсарту білім беру процесіне барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығы үшін алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі интерактивті әдістерін қолдану кезінде мүмкін. Диалогтік және рефлексивті технологияларды қолдану оқушылардың жоба және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруымен сабақтасады.
Білім беру процесін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдер оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін оқушының шынайы шығармашылық процесіндегі қарым-қатынас моделіне айналдырады.
Нақты пәннің оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан оқушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы пәннің оқу мақсаттары аясында жүзеге асырылатын тәрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады.
Әр пәннің оқу бағдарламаларында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған. Көптілді оқу ортасын құруда әр пәннің қосқан үлесі үш тілде білім беру саясатын іске асыруды қамтамасыз ету. Тіл үйретудің негізі болып табылатын коммуникативтік тәсіл әрбір оқу пәнінің түрлі оқу жағдаяттарында білім және білікпен алмасу, тілдік және сөйлеу нормалары жүйесін дұрыс қолдану сияқты әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамытудың жетекші қағидаты ретінде қарастырылады.
Пән мазмұнын меңгеру және оқу мақсаттарына қол жеткізу процесінде оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, атап айтсақ: қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру сияқты қолдану дағдыларын дамыту үшін алғышарттаржағдайлар жасау керек.
Оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелері қалыптастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары оқушыны өзін-өзі оқыту субьектісі және тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі ретінде тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды.
Оқу бағдарламалары білім беру құндылықтарының өзара байланысы мен өзара шарттылығына негізделген тәрбиелеу мен оқытудың біртұтастығы қағидатын және нақты пәнді оқыту мақсаттарының жүйесі бар мектепті бітіргеннен кейінгі нәтижелерін іске асыруға мүмкіндік береді.
Оқу бағдарламаларының тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағыттылғаны оның ерекше өзгешелігі болып табылады. Оқыту мақсаттарының құрастырылған жүйесі: білімін функционалдық және шығармашылықта қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларды дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де жетістігінің кепілі болып табылады.
Экономикадағы заманауи инновациялар, еңбек нарығындағы өзгерістер оқушылардың күрделі міндеттерді шешу үшін немесе оларды шешудің жаңа тәсілдерін табу үшін жағдаятқа, идеялар мен ақпараттарға талдау жасау және бағалауға, алған білімі мен тәжірибесін жаңа идея мен ақпаратты жинақтау үшін шығармашылық түрде қолдануға мүмкіндік беретін дағдылар жиынтығын меңгеру қажеттілігіне себепші болады. Жігерлілік, алғырлық, өзгерістерге дайындығы, байланысқа бейімділігі сияқты тұлғалық қасиеттер өзекті болып отыр.
Нақты пән бойынша күнделікті білім беру процесінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу процесінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады.
Кең ауқымдағы дағдылармен бірлікте жеке қасиеттердің дамуы қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу сияқты білім берудің басты құндылықтарды оқушыларға дарыту негізі болып табылады. Бұл құндылықтарды оқушының тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс.

Дүниетану оқу пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері

19. Дүниетану пәні негізгі және жоғарғы мектепте қоғамдық-гуманитарлық цикл пәндерінің кіріктірілген пропедевтикалық курсы ретінде әзірленді.
20. Дүниетану - адам, табиғат және қоғам, олардың өзара байланысы мен тәуелділігі жөніндегі білім жүйесін құрайтын кіріктірілген пән. Оқу пәнінің нысандары - адам, табиғат және қоғам, оның ішінде отбасы, мәдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық, мемлекет, қоршаған табиғи орта.
21. Дүниетану пәні:
1) оқушыларда тұлғалық, қоғамдық және ұлттық сананы, патриотизм мен адамгершілікті қалыптастырады;
2) қоршаған орта туралы ғылыми негіздерді қалыптастырады, тарихи және географиялық тұрғыдан ойлауын дамытуға ықпал етеді;
3) Қазақстанның және бүкіл әлемнің тарихи және қазіргі оқиғалары, олардың себептері, өзгерістері, сабақтастығы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы білім қалыптастырады;
4) өткен және қазіргі оқиғалардың тигізетін әсері туралы түсінігін тереңдетеді;
5) өз халқының және өзге халықтардың мәдениетін, дәстүрін сыйлай білу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды құрметтеу сезімін қалыптастырады;
6) азаматтық құқықтар мен міндеттерді түсінуіне жағдай жасайды;
7) әлеуметтік ортада қоғамдық мінез-құлық нормаларын және қауіпсіздік ережелерін сақтай білу маңыздылығын қамтамасыз етеді.
22. Дүниетану пәнінің мақсаты:
ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан оқушылардың бойында адам, табиғат және қоғамның өзара байланысуы және өзара келісілуі туралы білім жүйесін қалыптастыру.
23. Пәннің міндеттері:
1) оқушыларда қоғам және табиғат құбылыстары мен нысандарының өзара байланысы мен өзара тәуелділігі туралы түсініктер қалыптастыру;
2) оқушыларда табиғи, әлеуметтік және технологиялық ортадағы мінез-құлық нормаларын және қауіпсіздік ережелерін қалыптастыру;
3) оқушыларда табиғи және әлеуметтік шынайылықты тану әдістерін: бақылау, эксперимент, сауалнама тәжірибелерінің қалыптасуын қамтамасыз ету;
4) оқушылардың танымдық әрекетін дамытуды қамтамасыз ету;
5) оқушыларды қазіргі қазақстандық қоғамға тән ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесіне дағдыландыру;
6) пәнді оқыту арқылы оқушыларда өзін қоршаған ортаға, қоғамның табиғи және мәдени құндылықтарына дұрыс қатынастар қалыптастыру.

Оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдемелер және технологиялар

24. Оқытудағы құндылықтық-бағдарлық тәсілдеме - оқу әрекетін белгілі бір құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру және жүзеге асыру, нәтижелерге қол жеткізу және пайдалану тәсілі. Құндылықтық-бағдарлық оқу процесі оқушы тұлғасының құндылықтар жүйесін қалыптастырады. Құндылықты бағдарлану - тұлғаның өз әрекетінде бағдар ретінде жекелеген құндылықтарды таңдап алу (құндылықтарда бағдарлану қабілеттілігі) қабілеттілігі (қасиеті), сондай-ақ, оларды өзінің әлеуметтік маңызды құндылықтары ретінде сезіну және қабылдау қабілеттілігі. Құндылықтарды жүзеге асыру дегеніміз құндылықтардан шығатын талаптарға сай болу және күнделікті өмірді сол талаптарға бағындыру. Құндылықтардың мәні қоғамда сәтті әрекет ету үшін қажет нормаларды, дағдыларды, өмір салтын, мінез-құлық стилін қалыптастыруда көрініс табады.
25. Құндылықтар - әлеуметтік қолдауға ие және адамдардың көпшілігі мойындайтын белгілі нысандардың және құбылыстардың, адамдық қасиеттер мен мінез-құлық ережелерінің тұлғалық және әлеуметтік-мәдени маңыздылығы. Құндылықтар тұлғаны уәждеудің маңызды факторы ретінде мінез-құлық пен іс-әрекеттерді ынталандарады.
26. Мәңгілік ел ұлттық идеясының құндылықтары орта білім беру құндылықтарының идеялық негізі болып табылады. Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық және өмір бойы оқып-үйрену - орта білім беру құндылықтары ретінде белгіленді.
27. Тұлғалық-бағдарлық тәсілдеме мақсаты оқушының психикалық және физиологиялық дамуының жеке ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен жүріс-тұрыс уәждерін, әлеуетті қабілеттіліктерін ескере отырып оқу процесін дараландыру, оқу процесінде тұлғаны үйлесімді қалыптастыру және жан-жақты дамыту, оның шығармашылық қабілеттерін толық ашу.
28. Жүйелі-әрекеттік тәсілдеменің негізгі мазмұны - оқушы білімді дайын күйінде алмай, оны өзі өндіруден, өз оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынудан, оның ережелер жүйесін түсіну мен қабылдаудан, жетілдіруге белсенді қатысудан тұрады, ол өз кезегінде білім, оқу біліктері мен дағдыларын және кең ауқымды дағдылардың белсенді әрі сәтті қалыптасуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың оқу әрекеттері білу, түсіну, талдау, бағалау, жинақтау санаттары бойынша топтастырылған.
29. Саралап оқыту тәсілдемесі оқу процесінің білім алушылардың әртүрлі топтары үшін мамандандырылуын, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру мақсатында түрлі топтарда оқыту үшін түрлі жағдайлар жасауды көздейді. Саралап оқыту тәсілдемесі оқушылардың түрлі топтарының оқу әрекетін ұйымдастыру үшін арнайы оқыту әдістерін және іс-әрекеттерді саралау тәсілдерін кіріктіреді. Сараланған оқу қызметін ұйымдастыру шарты - күрделілігімен, оқу-танымдық қызығушылықтарымен, мұғалім тарапынан көмек сипатымен ерекшеленетін сараланған тапсырмаларды қолдану болып табылады.
30. Оқытудағы коммуникативтік тәсілдеме екі немесе одан артық адамдардың сөйлесу әрекеті процесінде ақпаратты тарату мен жариялау, білім, білік және дағдылармен алмасуды білдіреді. Тіл арқылы қатынасу қабілеттілігі коммуникативтік тәсілдің нәтижесі болып табылады, яғни қарым-қатынастың басқа қатысушыларымен өзара әрекеттесу процесінде тілдік және сөйлеу нормаларын дұрыс пайдалана білу және қатынас жағдайына сай тиімді коммуникативті мінез-құлықтың, қатынастың ұқсас жағдайын таңдай отырып, ой бөлісу және алмасу. Коммуникативтік тәсілдемеге сәйкес ұйымдастырылған оқу процесі қатынас икемділігін қалыптастыратын тапсырмаларды және шынайы қатынас жағдайларына сай жұмыс режимдерін (жұптық және топтық жұмыстарды) кіріктіруі тиіс.
31. Ортақ тақырыптар арқылы оқыту. Дүниетану оқу пәнінің ортақ тақырыптарының мазмұны оқушының жақын аймағынан, яғни оның өз іс-әрекетімен тікелей байланысты тақырыптарды оқудан басталады. Кіші мектеп жасындағы балалар өз ойын білдіруге, оқу мазмұны бойынша сұрақ қоюға, сұрақтарға жауап іздеуге үйренуі тиіс.
32. Оқу процесінде білімді меңгертуде оқу әдісі ретінде ойынды қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық ойын технологияларының басты элементтері - ойын алдында оқушыларға нақты оқу мақсаты қойылады; ойын арқылы белгілі педагогикалық нәтижеге қол жеткізу жоспарланады, оқу әрекеті ойын ережелеріне бағынады, оқу материалы ойын құралы болып табылады. Оқушылардың сабақтағы ұжымдық жүйелік-әрекетті ұйымдастыруға бағытталған ойын әдісі арқылы олардың шағын топтың өзге мүшелерінің пікірін сыйлау, әртүрлі нәтижелі жүйелік-әрекет негізінде соңғы нәтижені алдын-ала көре білу, өздігімен жүйелік-әрекетті жоспарлау, мақсатқа жету амалдарын таңдау мүмкіндігі беріледі.
33. Оқу жобасы - оқушының немесе оқушылар тобының ғылыми-зерттеу, шығармашылық немесе практикалық сипаттағы проблемаларды шешу жөніндегі нәтижелерге қол жеткізуіне бағытталған оқу-танымдық әрекеті. Ортақ мақсатымен, келісілген әдістер және іс-әрекеттердің реттілігімен, кеңейтілген шешімдер мен белгілі тәсіл бойынша рәсімделген нәтижелермен сипатталады. Бұл әдіс білім алушының өз алдына жеке проблема қойып, оны шешудің өзіндік жолдарын табуымен сипатталады. Бастауыш мектепте жобалау әдісі білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бірақ, жобалау іс-әрекетінің алгоритмі (жоба - мұғалімнің көмегімен білім алушының маңызды проблеманы шешудегі өзіндік іс-әрекеті) толығымен сақталады. Бөлім мазмұнымен танысу аясында білім алушылардың ұжымдықтоптық жобалар бойынша жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылады. Жобалық жұмыстар сабаққа бөлінген сағаттармен ғана шектелмейді, сондықтан сабақтан тыс интеграция да қарастырылады.
34. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану:
1) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі негізгі АКТ-дағдыларда құрылады және технологияларды жұмыс, бос уақыт және коммуникация үшін дұрыс және шығармашылықпен пайдалана білуден тұрады;
2) оқушылар барлық пәндер бойынша оқу процесінде құрал-жабдықтар мен қосымшалардың кең ауқымын пайдалана отыра, ақпаратты табу, жасау және онымен жұмыс жасай отыра, ынтымақтастықта, мәліметтермен және идеялармен алмаса отыра, өз жұмысын бағалай және жетілдіре отыра АКТ пайдалану дағдыларын дамытады;
35. Дүниетану пәні бағдарламасында ол төмендегі жұмыс түрлері арқылы жүзеге асырылады:
1) БАҚ және мультимедиялық ресурстарды пайдалану;
2) ақпаратты дерекқордан және интернеттен іздеу;
3) сандық және Интернет-дереккөздер арқылы алынған ақпараттарды таңдау, өңдеу және оның нақтылығын, сенімділігін, құндылығын бағалай білу;
4) есептік, мәтіндік және көретін ақпаратты және дерекқормен, оның ішінде гиперсілтемелерді, электрондық кестелерді, графикалық және басқа қосымшаларды пайдаланып жұмыс істеу арқылы мәліметтерді қабылдау, іріктеу және жүйелей білу;
5) ақпаратты құрастыруда және өңдеуде АКТ пайдалану;
6) заңдылықтар мен үрдістерді зерттеу; модельдер мен модельдеуді пайдалану, сонымен қатар, жылжымайтын және қозғалыстағы бейнелерді, дыбыстарды және мәтіндерді мультимедиялық таныстырылымдар құру үшін біріктіру мүмкіндіктерін зерделеу;
36. Сандық ақпараттың икемділігін басқа нұсқаларды зерделеуде, нақтылауда және нәтижелерді жақсартуда толығымен пайдалану;
1) электрондық байланысқа, он-лайн форумдарға, виртуалдық оқыту орталарына қатысу арқылы басқа оқушылармен және мұғалімдермен түрлі байланыс арналары бойынша ынтымақтастық қарым-қатынас жасау және ақпарат алмасу;
2) оқытудың белсенді түрлеріне техникалық қолдау көрсету мақсатында интерактивті тақтаны қолдану;
3) аяқталған жұмысты мектеп шеңберінде және өзге орталарда мультимедиялық таныстыру.

4. Оқу жетістіктерін бағалау

37. Дүниетану пәнінің оқыту нәтижелері критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
38. Критериалды бағалау оқыту, оқу және бағалаудың өзара тығыз байланысына негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру процесін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.
39. Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан тұрады.
40. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіледі, оқушы мен оқытушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу процесін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді.
41. Жиынтық бағалау оқытудың белгілі мерзімінде оқу блогын оқып бітіргенде өткізіледі, оқушыларға кері байланысты қамтамасыз ету үшін, пән бойынша тоқсандық және жылдық баға қою үшін қолданылады.

5. Дүниетану оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

42. Оқу жүктемесін бөлу:
1-кесте
Сынып
Аптадағы сағат саны
Жылдық сағат саны
1
1
33
2
1
34
3
1
34
4
1
34
43. Оқу пәнінің мазмұны:
1) пән бойынша білім мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері одан әрі жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін күтілетін нәтижелер түріндегі: білік немесе дағды, білім немесе түсініктен тұрады. Әрбір бөлімше ішінде бірізді ұйымдастырылған оқу мақсаттары мұғалімдерге өз жұмысын жоспарлауға және оқушылардың жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ, оларды оқытудың келесі кезеңдері туралы хабардар етуге мүмкіндік береді:
2-кесте

Бөлім
Бөлімше
1
Мен және қоғам
1.1 Мен және менің отбасым

1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы

1.3 Менің атамекенім

1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік

1.5 Құқық және міндет

1.6 Мерекелер
2
Елімнің табиғаты
2.1 Жергілікті жерде бағдарлану

2.2 Ауа райы және климат

2.3 Табиғат жағдайлары және олардың әсері

2.4 Туризм
3
Тарих беттерінен
3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер

3.2 Қазақстанның тарихи тамыры

3.3 Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар

3.4 Атақты тарихи тұлғалар мен мәдениет қайраткерлері

3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм
44. Дүниетану пәнінің мазмұны
1) 1 сынып
Мен және қоғам
Менің отбасым. Отбасы. Отбасы мүшелеріне қатысты туыстық байланыстар жүйесіндегі өз орнын анықтау. Отбасындағы қамқорлық. Тауар-ақша қатынасының қарапайым түрлері. Тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымы.
Мектеп және мектеп қоғамдастығы. Мектептің адам өміріндегі маңызы. Мектептегі функционалдық аймақтардың орналасқан жері. Мектептегі тәртіп ережелерін сақтау. Күн тәртібін сақтаудың маңызы. Тәулік уақыты мен апта күндерінің атаулары. Өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау.
Менің атамекенім. Мекенжай атауы және елді мекенінің географиялық орналасқан жері. Өзі тұратын елді мекеннің басты көшесі, ғимараттары және көрнекі жерлері.
Денсаулық пен қауіпсіздік. Жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығы. Тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігі. Үйдегі қауіпсіздік ережелері. Жолда жүру тәртібі. Үй мен мектеп арасындағы қауіпсіз маршрут жоспарын құрастыру. Шұғыл көмек қызметтері.
Мерекелер. Отбасылық мерекелер.
Еліміздің табиғаты.
Жергілікті жерде бағдарлану. Жергілікті белгілер бойынша көкжиек тұстарын анықтау. Табиғатта өзін-өзі ұстау ережелері.
Климат және ауа райы. Ауа райының адамға және оның іс-әрекетіне әсері.
Табиғи жағдайлар және олардың әсері. Жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктері.
Туризм. Туризмнің мәні. Туристердің негізгі мақсаттары.
Тарих беттерінен.
Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер: ежелгі адамдар, сақтар, Томирис патшайымы, ежелгі заманның танымал тарихи ескерткіштеріжәдігерлері туралы алғашқы мәліметтер. Қазақстан аумағындағы көне жазулар туралы түсінік.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздермен танысу, оларды сипаттау. Қазақстан елордасы - Астана қаласы.
2) 2 сынып
Мен және қоғам
Менің отбасым. Отбасы мүшелерінің ауызша портретін жасау. Отбасындағы әдеп нормаларын түсіндіру. Отбасы қажеттіліктерінің құрылымы.
Мектеп және мектеп қоғамдастығы. Мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет түрлері. Мектеп қауымдастығының құрылымы. Ұжымдық, топтық және тұлғааралық мінез-құлық нормалары. Сынып ұжымын сипаттау.
Менің атамекенім. Көрікті жерлерін сипаттау. Қазақстан картасындағы ірі өзен-көлдер, қалалар, жолдар, өз облысы.
Денсаулық пен қауіпсіздік. Пайдалы және зиянды тағамдардың арасындағы айырмашылықтары. Күнделікті жағдаяттардағы (үйде және қоғамдық орындарда) қауіпсіздік ережелері. Көлік түрлері, олардың қажеттілігі. Қоғамдық көліктегі өзін-өзі ұстау ережелері.
Құқық және міндет. Құқық, міндет және жауапкершілік. Қоғамға қызмет етудің әлеуметтік маңызы.
Мерекелер. Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелері.
Жергілікті жерде бағдарлану. Тұсбағдардың көмегімен көкжиек бағыттарын анықтау.
Климат және ауа райы. Ауа райының адам өмірі мен шаруашылық іс-әрекетіне оң және кері әсері.
Табиғи жағдайлар және олардың әсері. Ірі табиғи нысандардың (тау, жазық, көлдер мен өзендер) шаруашылық маңызы. Өз өңіріндегі табиғи жағдайлардың (жер бедері, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) оң және кері тұстары. Табиғаттың қолайсыз және қауіпті құбылыстарын жіктеу.
Туризм. Туризмнің негізгі түрлері. Туризмнің түрлерін дамытуға қолайлы нысандар. Туристік нысандардың ерекшеліктері.
Тарих беттерінен
Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер. Иемденуші және өндіруші шаруашылық туралы алғашқы түсінік алу. Көне қалалар мен ескерткіштер.
Қазақстанның тарихи тамыры. Ғұндардың өмір салты туралы алғашқы түсінік.
Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар. Ботай мәдениетінің ерекшеліктері. Қазақ халқының жылқыны қолға үйретуі.
Көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлері. Әл-Фарабидің ғылымның дамуына қосқан үлесі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің мәні. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қолданылу саласын анықтау. Қазақстан халықтары достығының маңыздылығы.
3) 3 сынып
Мен және қоғам
Менің отбасым. Отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық қатынастар. Әулет шежіресін құрастыру. Өз әулетінің құндылықтарын анықтау. Өз шығындарын жоспарлау.
Мектеп және мектеп қоғамдастығы. Сыныптың өзін-өзі басқару ережелері. Түрлі көзқарастар жағдайында сыныпта ұжымдық шешімді қабылдау жолдары. Қоғамда өзін өзі ұстау әдеп нормалары. Адамдар арасындағы достықтың маңыздылығы.
Менің атамекенім. Елді мекендердің түрлі белгілері. Қала мен ауылдың байланысы.
Денсаулық пен қауіпсіздік. Тұрмыстық құралдарды пайдалану ережелері. Спорт түрлерін топтастыру. Табиғи ортадағы қауіп-қатерлер.
Құқық және міндет. Қазақстан Республикасы Конституциясының маңызы.
Мерекелер. Қазақстан халықтарының ұлттық мерекелері.
Елімнің табиғаты
Жергілікті жерде бағдарлану. Астрономиялық белгілер бойынша көкжиек бағыттарын анықтау. Масштаб пен шартты белгілерді пайдалана отырып, жергілікті жердің жоспарын құру.
Климат және ауа райы. Жер климатының негізгі түрлері. Ауа райы мен климаттың қолайсыз жағдайларында өзін-өзі ұстау ережелері.
Табиғи жағдайлар және олардың әсері. Адамдардың табиғи жағдайларға байланысты орналасуын талдау (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары). Геологиялық және табиғи-климаттық апаттар туындаған жағдайдағы өзін-өзі ұстау ережелері.
Туризм. Қазақстанның барынша тартымды туристік нысандарының рейтингісі.
Тарих беттерінен
Көшпелі және отырықшы өмір салтының ерекшеліктері.
Қазақстанның тарихи тамыры. Түркілердің өмір салтымен танысу.
Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар. Қазақ хандығының құрылу себептері.
Хандар, батырлар мен билердің рөлі. Абылай хан, Керей хан, Жәнібек хан.
Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм. Қазақстанның бейресми рәміздерінің мәнін түсіндіру (Алтын адам, Бәйтерек монументі, Мәңгілік ел қақпасы). Тұлғаның, отбасының, қоғам мен мемлекеттің дамуындағы еңбектің рөлі.
4) 4 сынып
Мен және қоғам.
Менің отбасым. Отбасының қоғам өміріндегі маңызы. Отбасы мүшелерінің функционалдық рөлі. Отбасы бюджетінің негізгі кіріс-шығыстары. Отбасы бюджетін оңтайландыру жолдары.
Мектеп және мектеп қоғамдастығы. Мектептің өзін-өзі басқару ұйымына мүше болу жолдары. Көшбасшыға тән тұлғалық қасиеттер.
Менің атамекенім. Түрлі дәрежедегі әкімшілік-аумақтық бірліктерді (аймақ, аудан, облыс). Өз аймағының экономикалық қызмет атқаратын субъектілері.
Денсаулық пен қауіпсіздік. Спорттың әр түрлеріндегі жарақаттану себептері. Спорттың әр түрлеріндегі жарақаттану қауптері. Жасанды ортадағы қауіп-қатерлер. Жасанды ортадағы өз қауіпсіздігін жоспарлау.
Құқық және міндет. Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы. Демократиялық құқықтар мен бостандықтар, міндеттер.
Мерекелер. Кәсіби мерекелердің тарихы.
Елімнің табиғаты
Жергілікті жерде бағдарлану. Нысанның басқа нысандарға қатысты орны. Глобус пен карталардың қоландануы. Параллельдер, меридиандар, экватор.
Климат және ауа райы. Адамзат дамуына климаттың әсері.
Табиғи жағдайлар және олардың әсері. Өз өңіріндегі және Қазақстан аймақтарындағы адамдардың табиғи жағдайларға (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) байланысты шаруашылық іс-әрекеттері. Өз өңірінде табиғи апаттар туындауы ықтималдылығы.
Туризм. Қазақстан мен Астана бойынша туристік маршрут құру.
Тарих беттерінен.
Технологиялық прогресс ұғымы анықтамасымен танысу.
Тарихи мұражайлардың қызметі. Мұражайдың өзіндік жобасы.
Қазақ халқының шығу тарихы. Сақтар, ғұндар, түркілер және қазақтар арасындағы байланысты графикалық түрде бейнелеу.
Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар. Қазақстанның ХХ-ХХІ ғасырлардағы жетістіктерінен мысалдар. Шығармашылық және еңбек салаларындағы көрнекті қайраткерлердің өмірбаяны.
Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм. Қазақстан атауымен байланысты ұлттық бренд. Қазақстанның әлемдік сахнадағы рөлі.
45. Оқыту мақсаттарының жүйесі. Оқыту мақсатының мазмұны пәндік сипаттағы білімі мен білігін ғана емес, сонымен қатар оны нақты тәжірибеде қолдануды, АКТ-ны пайдалану, пәнаралық және сабақаралық байланысты іске асыруды, сөйлеу қызметінің түрлерін және коммуникативті дағдыларды дамытуды қарастырады.
46. Бағдарламада оқу мақсаттарын пайдалану ыңғайлылығы үшін код енгізілді. Код бойынша бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар - бөлімшенің, төртінші сан - оқу мақсатының реттік санын білдіреді. Мысалы, 1.2.1.4 кодировкасында: 1 - сынып, 2.1. - бөлімше, 4 - оқу мақсатының реттік саны.
1) Мен және қоғам:
3-кесте
Тақырып
1 -сынып
2 -сынып
3-сынып
4-сынып
Оқушы:
1.1 Менің отбасым
1.1.1.1 түрлі дереккөздерді зерттеу негізінде Отбасы ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру;
1.1.1.2 отбасы мүшелеріне қатысты туыстық байланыстар жүйесіндегі өз орнын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер
Білім алушыларды үйде оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері
Жиынтық бағалау рәсімдері
Тест тапсырмаларын бағалау нормалары
Қазақ тілі оқу пәні
Қашықтан технологияларды қолдану арқылы бағалау жүргізу бойынша ұсыныстар
Бастауыш сынып оқушыларына дүнетану пәнін оқыту барысында экологиялық тәрбие беру жолдары
Мектепте тарихты оқыту әдістемесінің орны мен рөлі
Дербес әдістемелік пәндерді оқыту барысында студент психологиясының ерекшеліктері
Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бастауыш мектептің бағдарламасы және оқыту әдістемесі
Пәндер