Сызықтарды бағдарлау. Нақты, магниттік азимуттар, дирекциондық бұрыш, румб. Магнит тілінің бұрылуы, меридиандардың жақындасуы


Дәріс 4
Сызықтарды бағдарлау.
Нақты, магниттік азимуттар, дирекциондық бұрыш, румб. Магнит тілінің бұрылуы, меридиандардың жақындасуы
Жер бетінде орналасқан заттарды, сызықтарды бағдарлау дегеніміз олардың меридианнан бастап есептелген бағытын анықтау. Негізгі бағыт пен сызықтың бағытының арасындағы горизонталь бұрышты бағыттау бұрышы деп атайды.
Бағдарлау кезінде тұрақты бағыт болып географиялық, магниттік меридиан, сондай-ақ осьтік меридиан (Х осі) немесе оған параллель сызықтар да алынады.
Жергілікті жердегі заттарды компас не буссоль арқылы да анықтауға болады. Географиялық меридианның солтүстік басынан бір затқа қарай сағат тілінің бағытымен есептелген жергілікті жердегі немесе картадағы горизонталь бұрышты географиялық (шын, нақты) азимут деп атайды. Ал азимутты арабшадан аударғанда бағытты білдіреді.
Мысалы, егер бір зат біздің солтүстік шығыс жағымызла тұрса, онда азимут 0 0 -тан 90 0 -қа дейінгі, ал оңтүстік шығысымызда орналасса 90 0 -тан 180 0 -қа дейінгі аралықта болады.
Магниттік меридианның солтүстік басынан сағат тілінің бағытымен берілген сызыққа дейінгі есептелетін горизонталь бұрышты магниттік азимут деп атайды. Магниттік азимут географиялық азимут сияқты 0 0 -тан 360 0 -қа дейін өзгереді.
Берілген бір нүктеде меридианды астрономия тәсілімен тапсақ, онда меридиан негізгі (географиялық), ал магнит стрелкасы арқылы тапсақ магниттік меридиан болып табылады. Осыған сәйкес өлшенетін азимут та негізгі және магниттік болып бөлінеді (сурет 4. 1) .
Сурет 4. 1
Әр нүктенің магниттік меридианы оның географиялық негізгі меридианына сәйкес келмейді. Олардың арасындағы бұрыш магнит стрелкасының бұрылу (магнит тілінің ауытқу) бұрышы δ деп аталады. Егер стрелканың солтүстік ұшы негізгі меридианнан шығысқа қарай бұрылса, бұрылу бұрышы - δ шығыстық, батысқа қарай бұрылса, батыстық бұрылу - δ болады. Шығыстық бұрылу - оң, батыстық бұрылу - теріс болады (сурет 4. 2) .
Сурет 4. 2
Егер δ шамасын білсек, онда магниттік азимуттан негізгі азимутқа мына формула арқылы көшуге болады:
А нақ = А маг + δ (4. 1)
Геодезияда жер бетіндегі сызықтардың тура және кері бағытын анықтайды. Мысалы, сурет 8 К және L нүктелерін қосатын KL сызығының азимуты А-тура болады да, ал LK сызығының азимуты А-кері болады.
Жердің пішіні сфера тәрізді болғандықтан әртүрлі нүктелердің үстінен өтетін меридиандар бір-біріне параллель болмайды. Сондықтан сызықтың әр нүктесіндегі азимуттар бірдей емес. Екі нүктеден өтетін меридиандардың арасындағы бұрышты меридиандардың жақындасу бұрышы деп атайды. Оны γ әрпімен белгілейді (сурет 4. 3) . Суретте көрсетілген сызықтың тура және кері азимуттарының арасындағы байланыс келесі түрде болады:
А
тура
=А
кері
180+ γ
* * *
C γ
А N
М А 1
Сурет 4. 3 - Тура және кері азимут
Сызықтарды бағдарлау кезінде азимут, дирекциондық бұрыш, румб деген бұрыштар да қолданылады.
Дирекциондық бұрыштар және румбтар. Олардың бір-бірімен байланысы.
Дирекциондық бұрыш деп сағат тілінің айналу бағытымен алынған, осьтік маридианның солтүстік жағы мен бағдарлағыш сызық арасындағы бұрышты айтады. Дирекциондық бұрыш α әрпімен белгіленеді.
Кері дирекциондық бұрыш тура дирекциондық бұрыш пен 180 0 -тың қосындысына тең болады. α ВС - дирекциондық бұрышы ВС сызығының тура дирекциондық бұрышы, ал α СВ - ВС сызығының кері дирекциондық бұрышы (сурет 4. 4) .
α кері = α тура + 180° (4. 2)
Практикада α >180° болған кезде дирекциондық бұрышты мына формуламен анықтаған қолайлы:
α кері = α тура - 180° (4. 3)
Мысалы, α тура =315 0 45 / болса, онда α кері =315 0 45 / +180°=495 0 45 / , немесе α кері =495 0 45 / - 360 0 =135 0 45 / , себебі дирекциондық бұрыштың 360 0 -қа өзгеруі сызықтың бағытын өзгертпейді. Жоғарыдағы формуланы пайдаланатын болсақ, онда да α кері =315 0 45 / - 180 0 =135 0 45 / тең болатынын көруге болады.
Нақты бір нүктедегі кез-келген сызықтың нақты азимуты мен дирекциондық бұрышының арасындағы айырмашылық осы нүктедегі шын меридианның зонаның осьтік меридианымен жақындасуына тең.
А нақ - α = γ (4. 4)
γ -меридиандардың жақындасуы. γ - шығыста оң, γ - батыста теріс таңбамен алынады.
Мына формуладан нақты азимутты табуға болады:
А нақ = α+ γ (4. 5)
Осьтік меридианнан батысқа қарай орналасқан нүктелер үшін меридиандардың жақындасуы теріс санмен көрсетіледі.
Сурет 4. 4 - Тура және кері дирекциондық бұрыштар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz