ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУДЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ
ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУДЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ
Қылмыс жасау үшін адамдарды біріктіру, қылмысты жасауды жеңілдетіп қана қоймай, сонымен бірге қоғамдық қатынастарға теңдесі жоқ үлкен зиян келтіруге мүмкіндік береді. Яғни, бір адамның қолынан келмейтін үлкен қылмыстық істердің ізін жоюға, арам ой пиғылдарды дайындап, бірлесіп жүзеге асыруға үлкен мүмкіндіктер туғызады. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлігінің көптеген нормалары бір адамның жасаған қылмысы жайындағы жауапкершілігін қарастырады. Алайда, іс жүзінде қылмысты бір емес, екі және одан да көп адам топ болып жасаған кезде көптеген жағдайлар белгілі болады, мұндай жағдайлар заңмен және сот практикасымен қылмыстық топ ретінде бағаланады. Бұл тұжырымдаманың ерекшелігі - алдын ала сөз байланысып біріккен адамдар тобының қылмысы көп жағдайда өздерінің дәлдеген жетістіктеріне жетеді. Ал бір адам жалғыз өзі әрекет етсе, қылмыс жасауға қабілетсіз болар еді, мысалы, қылмыс құралдарының болмауы, физикалық күштердің әлсіздігі, арам ой пиғылының іске аспай қалуы және т. б әбден мүмкін. Бірақ басқа адамдармен бірігіп, топ болып қылмыс жасаса, бір-біріне кеңес беріп, қару -жарақ, көлік құраларын беріп қылмысқа қатыса алады. Жалпы ереже бойынша топ болып қылмыс жасау, қылмыстық нәтижеге жетуді тездетеді, қылмыстың іздерін жасыруды жеңілдетеді. Түрлі қылмыстық бірлестіктер, ұйымдасқан топтар, қауымдастықтар жасаған қылмыстарды тергеуде ерекше қиындықтар туындайды. Мұндай бірлестіктердің қылмыстық әрекеті мұқият жасырылады, көбінесе оны кәсіпқойлар жүзеге асырады, қылмыстық топтар жасаған қылмыстардан келтірілген залал анағұрлым маңызды, қылмыс жасау әдістері неғұрлым күрделі сипатқа ие болады, жәбірленушіге психологиялық қысым немесе физикалық әсер етіледі. Сондықтан бірнеше адамның топ болып қылмысқа қатысуы қылмыстың өзіне, сондай-ақ қылмыскердің жеке басына қоғамдық қауіпті арттырады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің жалпы бөлімінде жазылғандай: Егер қылмысты ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым, қылмыстық қоғамдастық, трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық, террористік топ, экстремистік топ, банда немесе заңсыз әскерилендірілген құралым жасаса, ол қылмыстық топ жасаған қылмыс деп танылады.
Қылмыстық қоғамдастық -- неғұрлым ауыр қылмыстар жасау үшін құрылған ұйымдасқан қылмыстық топ, не ұйымдасқан қылмыстық топтардың бірлестігі. Қылмыстық ұйым - қатыстылықтың ең қауіпті түрі; қылмыстық қоғамдастық немесе қылмыстық ұйым құру, егер мұндай ұйым әлі де бірде-бір қылмыстық іс-әрекет жасауға үлгермесе де, қылмыстық әрекеттің дербес жазаланатын түрі ретінде әрекет етеді. [2; 36 б]. Мысалы, Қызықстан Республикасының Қылмыстық кодексінде мұндай әрекет үшін жауапкершілік 263 - бабында қарастырылған. Қылмыстық қауымдастық - құрылымдылық белгісімен сипатталады, ол қауымдастықты құрудың қатаң белгіленген иерархиялық тәртібінің болуы, оның ішінде қауымдастықтың функционалдық топтарға ішкі бөлінуі ретінде түсініледі. Және де қылмыстық әрекетті жасыру бойынша заңдастыру жоспарларын, қатаң тәртіпті, қылмыстық қоғамдастықтан шығуға тыйым салуды және осы мақсатта қабылданатын шаралар кешенін әзірлеу және жүзеге асыру сияқты белгілері де бар. Қылмыстық құқық теориясында "қылмыстық ұйым" және "қылмыстық қоғамдастық" ұғымдары арасында айырмашылық бар. Қылмыстық ұйым біртұтас құрылымға ие және қылмыстық қауымдастық бірнеше салыстырмалы түрде тәуелсіз қылмыстық ұйымдардан немесе ортақ стратегиялық басшылықпен біріктірілген ұйымдасқан топтардан тұрады деп саналады. Қазақстан Республикасының ҚК 263 бабы бойынша, қылмыстық қоғамдастықты құру 12 - 15 жылға дейінгі бас бостандығынан айыруға жазаланады.[3]
Жаңа ХХІ ғасырдың қарсаңында трансұлттық ұйымдасқан қылмыс өзінің ауқымы жағынан да, жойқын әсерінен де бүкіл адамзаттың қауіпсіздігіне нақты қауіп төндірді. Сонымен бірге, бұл құбылыс жаһандық сипатқа ие, одан бірде-бір мемлекет, бірде-бір аймақ сақтандырылмаған. Тез өсіп келе жатқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстың қауіп-қатерінің ауқымы мен дәрежесін барабар бағалау қажет.[4; 66 б]. Трансұлттық ұйымдасқан қылмыс дегеніміз - заңсыз коммерциялық кәсіпорындарды жоспарлау және жүзеге асыру үшін бірнеше елде жұмыс істейтін адамдардың топтарын немесе нарықтарын қамтитын ұлттық шекаралар арқылы үйлестірілген ұйымдасқан қылмыс болып табылады. Ұйымдасқан қылмыс туралы Конвенцияға сәйкес трансұлттық ұйымдасқан қылмыс (ТҰҚ) деп - материалдық пайда алу мақсатында үш немесе одан да көп қылмыскер жасаған кез келген елеулі трансұлттық қылмыстар түсініледі. [5; 126 б]. Бұл қылмыстық топтар өз мақсаттарына жету үшін жүйелі зорлық-зомбылық пен сыбайлас жемқорлықты қолданады. Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстарға есірткі, қару-жарақ, жыныстық қатынас үшін адам саудасы, улы қалдықтарды жою, материалдарды ұрлау және браконьерлік жатады. Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық іс-әрекет қылмыстық мінез-құлықтың ең ұтымды және кәсіби бөлігі болып табылады. Трансұлттық қылмыстық ұйымдар өзінің және басқа адамдардың тәжірибесінен сабақ ала алады, әр түрлі жағдайларды саралап және оның ықтимал дамуын стратегиялық пайымдай алады. Олар көбінесе жоғары білікті мамандардың көмегіне жүгінеді, ең заманауи технологияларды пайдаланады. Трансұлттық ұйымдасқан қылмыс бірқатар жағымсыз салдарға негізделген. Бұл демократияны бұзуға, еркін нарықтарды бұзуға, ұлттық активтерді әлсірету және тұрақты қоғамдардың дамуына толықтай кедергі келтіруі мүмкін. Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстың бірнеше белгілері бар:1) ұйымның болуы және оған қатысу; 2) ұйымның үздіксіз жұмыс істеуі;3) пайдакүнемдік мақсаттарды іске асыру және көрінеу құқыққа қарсы міндеттерді шешу; Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстың белгілері кең мағынада: 1.Ең көп заңсыз кіріс әкелетін әртүрлі қызмет түрлерін пайдалану. 2.Үстеме пайда - олардың қызметінің жалғыз мүмкін мақсаты. 3.Басқа елдерде өз өкілдіктерінің болуы және олармен тығыз байланыста болуы 4.Сыбайлас жемқорлық тетіктерін пайдалану және тек құқық қорғау органдарына ғана емес, мемлекеттік билік органдарының өкілдеріне де. 5.Мобильді, тиімді коммуникацияны, олардың көмегімен заңсыз әрекеттерді жасау мүмкіндігін қамтамасыз ететін ғаламдық коммуникациялық желілерді пайдалану және сонымен бірге әсер ету, заманауи инфрақұрылымды құру. 8.Өз мақсаттарына қол жеткізу үшін халықаралық байланыстарды құру және өсіру 9. Әртараптандыру, мимика, икемділік және бейімделген болу. 10.Қойылған міндеттерін зорлық-зомбылық көрсету арқылы шешіу болып табылады.
Осыған сәйкес , трансұлттық ұйымдасқан қылмыстың неғұрлым кең таралған түрлері бар. Олар: 1) есірткі бизнесі; 2) құл саудасы; 3) қару-жарақ саудасы; 4) паралельді кәсіпкерлік (тауарларды қолдан жасаудың басқа да тәсілдері): 5) жерлеу қызметтерін заңсыз көрсетумен және заңсыз транспланттаумен байланысты заңсыз бизнес; 6) криминалдық жағынан қызмет көрсету (адам ұрлау, жалған қорғау қызметтерін көрсету, қарызды жою): 7) қарақшылық; 8) жануарлар мен олардың материалдарын заңсыз сату: 9) табиғи ресурстарды заңсыз сату; 10)заңсыз фармацевтика; 11)мәдени құндылықтарды жасырын сату; 12)зияткерлік ұрлық (авторлық құқықтарды, патент иеленушілердің құқықтарын бұзу, тауар белгілерін заңсыз пайдалану және т. б.); 13) қаржылық қылмыс; 14) халықаралық көші-қон ағындары; 15) шоу-бизнесті криминалдық сүйемелдеу; 16) судьяларды параға сатып алу, кәсіби спортқа криминалдық әсер ету; 17)жыныстық қызмет көрсету бойынша бизнесті жүргізу; 20) халықаралық терроризм сияқыты түрлері кіреді. Осылайша, трансұлттық ұйымдасқан қылмысты екі немесе одан да көп мемлекеттің азаматтарынан немесе азаматтығы жоқ адамдардан тұратын, трансұлттық байланыстарды, соның ішінде сыбайлас жемқорлық байланыстарын қолдана отырып жүзеге асырылатын ұйымдасқан қылмыстық әрекеттің күрделі түрлерімен сипатталатын әртүрлі деңгейдегі ұйымдасқан, иерархиялық және қылмыстық құрылымдардың жұмыс істеуі ретінде анықталады. Бұл ретте, 2000 жылғы 15 қарашадағы БҰҰ-ның Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы Конвенциясында трансұлттық қылмыс ұғымы жоқ, ұйымдасқан қылмыстық топты анықтаумен ғана шектелген. Мен жүргізген зерттеу мынадай негізгі тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді: 1) трансұлттық ұйымдасқан қылмыс - аса қауіпті әлеуметтік құбылыстардың бірі; 2) трансұлттық қылмыс тек халықаралық ғана емес, сонымен бірге ұлттықтан да жоғары сипатқа ие деп айтсақта болады. Осы орайда 2020 жылдың сәуір мен қазан айларында трансұлттық қылмыстық топ ұсталған болатын. Олар шетелден синтетикалық есірткі заттарды жеткізіп, оларды дайындап Борат24 атты дүкенінде сауда жасаған. Бұл қылмыстық іс бойынша 34 адам ұсталған, 8 есірткі дүкені жабылған. Елдің ірі қалалары - Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентке контрабандалық жолмен кіргізілген 40 келі психотроптық зат алынды. Қара нарықта алынған есірткінің бөлшек саудадағы бағасы 600 млн астам теңгені құраған. Олар ҚР ҚК-інің 264 баптың 2 тармағы, 297-бабының 4 тармағымен жауапқа тартылған. [6]
Террористік топ - террористік іс-әрекетті жүзеге асыру мақсатында біріккен адамдар тобы. Террористік топ дегеніміз - ортақ мақсаттары, ішкі иерархиясы, тәртібі бар екі немесе одан да көп адамдардың бірлестігін айтамыз. Қазақстанның терроризмге қарсы күрестегі күш-жігерінің арқасында еліміз 130 елдің ішінде 94 орынға ие. Террористік топ пен банданың басты айырмашылығы - оны құрылу мақсатында. Террористік топ - террористік актілер жасау мақсатында құрылады, ал банда жеке тұлғаларға, коммерциялық ұйымдарға, кәсіпорындарға қарсы қарулы шабуыл жасау мақсатында болады. Көптеген жағдайларда террористік топтар саяси мақсаттарды көздейді, ал банданың негізгі мақсаты - пайда табу болып табылады. Әр елдің басым көпшілігінде Террористік актілерді жасағаны және террористік топқа қатысқаны үшін жауапкершілікке бағытталған нормативтік құқықтық актілер бар. Осы бойынша Қазақстан Республикасында 1999 жылғы 13 шілдеде Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заң қабылданды.[7] Террористік топтар идеологиялық негізде құрылады. Бұл топтардың мүшелерінің көпшілігі өз мақсаттарына жету идеясына фанатизм түрінде беріліп жасалынады және осы мақсаттарға жету үшін олар өз өмірлерін құрбан етуге де дайын. Террористік шабуылдардың түріне, әдісіне және мақсатына байланысты террористік топтар қарудың келесі түрлерін қолдана алады: пышақтар, қанжарлар, тапанша, автоматты тапанша, пулемет, мылтық (өздігінен оқталатын мылтық), винтовка, қол пулеметі, гранаталар, шағын реактивті артиллерия, химиялық қарулар және т.б.
Біздің елімізде барлық дәстүрлі әлемдік діндерді құрметтеу саясаты жүргізілетіні белгілі. Қазақстандықтардың арасында ислам, христиан, буддизм, иудаизм дінін ұстанушылар, сондай-ақ экстремистік діни ағымдардың жақтаушылары да бар. Бүгінгі таңда Қазақстанда шетелдік ұйымдардың 22 Террористік құрылымы тыйым салынған деп танылған болатын. Олардың көпшілігі діни және исламдық терроризмді білдіреді. Сонымен қатар, Қазақстанда тыйым салынған барлық діни ұйымдарды сот экстремистік деп танығанын, елдегі қызметі заңсыз екенін атап өткен жөн. I. ҚР Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімі негізінде: 1."Әл-Каида". 2. "Шығыс Түркістандағы ислам қозғалысы". 3."Өзбекстанның ислам қозғалысы". 4. "Күрд Халық Конгресі". II.Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес: 5. "Асбат аль-Ансар". 6."Мұсылман бауырлар". 7. "Талибан" Қозғалысы. 8. "Боз гурд" және тағыда басқалары. Сонымен қатар 2022 жылы Алматы қаласында өткен террористік қозғалысты айтпай өтпеуге болмайды. "Қазақстан бойынша барлығы 4578 жәбірленуші, оның ішінде 4353 -і жарақат алды, оның ішінде 3393-і әлеуметтік ведомстволардың қызметкерлері. Төтенше жағдай кезінде 225 адам мәйітханаға жеткізілді. Олардың кейбіреулері террорлық шабуылдарға қатысқан қарулы бандиттер. Қаза тапқандардың ішінде 19 полицей мен әскери қызметкер бар. Өкінішке орай, бейбіт азаматтар да терроризм актілерінің құрбаны болды", - деді Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев. Соңғы жаңалықтар бойынша 225 адам қайтыс болып, 9900 адам тұтқынға алынған болатын.[8; 2 б]. Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаев , өзінің 2022 жыл 16 наурыздағы үндеуінде былай деген: Өкінішке қарай, бүлікшілердің, қарақшылардың, лаңкестердің кесірінен қаншама азаматымыз қаза болды. Мен қара жамылған отбасылардың қайғысына ортақтасып, тағы да көңіл айтамын. Біз мұндай жағдай енді ешқашан қайталанбауы үшін бәрін жасаймыз. Қазақта Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ деген сөз бар. Біздің парызымыз - қанды қылмыс жасалғанын ұмытпай, барлық содырлар мен лаңкестерді жазаға тарту. Халқымыз осы оқиғадан сабақ ала білуі керек. Елдің тыныштығын бұзып, қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін әрекетке ешқашан жол бермеуге тиіспіз. [9]
Сонымен, Зерттеушілер әртүрлі комбинацияларда террористік топтың келесі өзара байланысты ұйымдық құрылымдарын ажыратады: - басшылық және идеологиялық;- тиісті әлеуметтік ортадағы жұмысқа тартылғандар;- Кадрлық-дайындық, ақпараттық; - қарсы барлау және күзет; -қызметті материалдық-техникалық қамтамасыз ету; - қаржылық қамтамасыз ету; -террористерді емдеу және физикалық оңалту. [10; 102 б]. Террористік топтарды екі санатқа бөлуге болады. 1) автономды (немесе дербес) - ешкімге есеп бермейтін, негізінен бастамашыл террористік актілер жасауға байланысты өз қызметін дербес жоспарлайтын адамдар. Автономды топтар террористік актілер жасайды. 2) атқарушылық - олар ірі ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері болып табылады. Бұл жерде террористік топтың жетекшісі тағайындалады, және мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ объектіні таңдауды топтың құрылымына кірмейтін тұлғалар айқындайды. Атқарушы топтар әр түрлі дербестік деңгейге ие болып келеді. Террористік топта болу ол - террористік іс-әрекет мотивтерінің сәйкес келуі негіз болып табылады. Террористік топтың әлеуметтік-психологиялық функциялары, шын мәнінде, оған мүшелікті ынталандырумен байланысты. Әдетте, мұндай топ әртүрлі жеке қажеттіліктерді көрсетудің және жеке мәселелерді шешудің ыңғайлы құралы ретінде жұмыс істейді. Мотивация идеологиялық, діни, этникалық, қаржылық немесе отбасылық негізге ие болуы мүмкін. Террористік топтарда көшбасшы рөлі өте зор. Көшбасшы террористік топтың динамикасында үлкен рөл атқарады. Яғни, Лидердің сөзін, бұйрықтарын орындау, соның айтқанымен жүру. Террористік топтың лидері - топты ұстай алатындығымен, өзінің жеткілікті беделімен, қабілеті мен мол тәжірбиесімен ерекшеленеді. Француз әлеуметтанушысы М. Крозиердің айтуынша, Терроризм-бұл саяси мақсаттары бар уәжді зорлық-зомбылық. Соңғы онжылдықтағы террорлық шабуылдарда қаза тапқандардың ең көп саны бар елдердің тізіміне АҚШ, Ресей, Үндістан, Израиль, Колумбия, Ирак, Алжир, Пәкістан, Уганда, Шри-Ланка кіреді.
Экстремизм - жалпы тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы деген мағынаны білдіреді. Экстремизмге жеке адамдар да, ұйымдар да қатыса алады, көп тұрғыда экстремизм саяси және діни жақтан пайда болады. Саяси экстремистік әрекеттердің ішінде тәртіпсіздіктердің арандатуын, террористік актілерді, партизан соғысының жүргізілуін атап өтуге болады. Экстремизмнің өсуіне, әдетте, әлеуметтік-экономикалық дағдарыстар, халықтың негізгі бөлігінің өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуі, сыртқы саяси режимдер және т.б. ықпал етеді. Экстремизм - бұл қажетті нәтиже алу үшін экстремалды шараларды, әлеуметтік мінез-құлық экстремумдарын қолдануға жол беру идеологиясы. 2001 жылғы 15 маусымдағы "Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясы" "экстремизм" ұғымына мынадай анықтама береді: - "экстремизм" - билікті күшпен басып алуға немесе билікті күшпен ұстап тұруға, сондай-ақ мемлекеттің конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, сол сияқты қоғамдық қауіпсіздікке күшпен қол сұғу деп сипаттама берді. [11] "Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы" 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған болатын. "Экстремизмге қарсы іс - қимыл туралы" Заңның 1-бабын талдау экстремизмді айқындау оны құрайтын іс-әрекеттерді тізбелеуден, дәлірек айтқанда, экстремистік қызметтің нысандары мен түрлерін айқындаудан тұратынын көрсетті. Осылайша, осы Заңның 1-бабының 5-тармағына сәйкес экстремизмді 3 топқа жіктеген: біріншіден: жеке немесе заңды тұлғалар бірлестігінің белгіленген тәртіппен экстремистік деп танылған ұйымдар атынан іс-әрекеттерді ұйымдастыруы немесе жасауы; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, егемендігін, оның аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзу, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіру, билікті күшпен басып алу немесе билікті күшпен ұстап тұру, заңсыз әскерилендірілген құралым құру, оған басшылық ету және қатысу, қарулы бүлік ұйымдастыру және оған қатысу, әлеуметтік, тектік-топтық алауыздықты қоздыру (саяси экстремизм); нәсілдік, ұлттық және рулық алауыздықты, оның ішінде зорлық-зомбылықпен немесе ұрып - соғуға шақырумен байланысты алауыздықты қоздыру (ұлттық экстремизм); діни өшпенділікті немесе алауыздықты қоздыру, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігіне, өміріне, денсаулығына, имандылығына немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндіретін кез келген діни практиканы қолдану (діни экстремизм). Зерттеу нәтижелері экстремизм ұғымының анықтамасында екі негізгі кемшіліктің болуын көрсетеді.[12] Біріншіден, экстремистік әрекеттің формалары мен түрлері арқылы осындай жанама анықтамаға байланысты оның жалпы қабылдауы едәуір ауырлай түсті. Яғни, экстремизмнің мәнін дұрыс емес, қате, толық түсінбеу ықтималдығы артты. Екіншіден, тұжырымдаманы заңнамалық тұрғыда қүрделі түрде түсіндірілуі. Экстремизмнің заңнамалық анықтамасында мынадай белгілерді бөліп көрсету қажет деп ойлаймын: - заңсыздық; - қоғамдық қауіп; - конституциялық құрылыс және Ұлттық қауіпсіздік негіздеріне қолсұғушылық; - кемсітушілік, сепарация және радикалдану себептері. Экстремистік әрекеттердің үш негізгі себебі бар. Ең алдымен, дискриминацияның себебі. Бұл экстремизмнің негізгі қозғаушы факторы және басты себебі. Кемсітушілік деп нәсіліне, ұлтына, саяси көзқарасы мен нанымына, әлеуметтік, мәдени, діни тиесілігіне және кез келген өзге де белгілеріне қарай адамның не қоғамдық топтардың құқықтары мен міндеттеріндегі айырмашылықтарды білдіру түсініледі . Сондай-ақ, экстремизмнің жекелеген субъективті белгілері сепаратистік және радикалистік мотивтерді қарастыруы керек.
Ұйымдасқан қылмыс-бұл иерархиялық құрылымы, материалдық және қаржылық базасы және сыбайлас жемқорлық тетіктеріне негізделген мемлекеттік құрылымдармен байланысы бар қылмыстық ұйымдар жүзеге асыратын тұрақты қылмыстық әрекеттермен сипатталатын қылмыс түрі. Ұйымдасқан қылмыс - қылмыстық әрекеттердің ең күрделі және қауіпті түрлерінің бірі ретінде бірқатар маңызды ерекшеліктерге ие. Ең алдымен, бұл қылмыстармен жүйелі айналысу үшін адамдар бірлестіктерінің болуы, қылмыстық топтардың тұрақтылығы, олардың қатысушыларының жақсы қалыптасқан байланыс жүйесі, функциялардың бөлінуі, қатынастардың иерархиялық жүйесінің болуы болып табылады. Қылмысты ұйымдастыру деңгейі бойынша келесідей қылмыстық құрылымдарды бөлуге болады: 1.Ұйымдасқан қылмыстық топ - ұйымдасу белгілерінің кешенімен (тұрақтылық, жүйелілік, ауқымдылық, қылмыстарды жасаудың белгілі бір мақсаттары, тәсілдері, топ қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету) және салыстырмалы түрде аз санымен сипатталады; 2.Қылмыстық сыбайластық ұйым -- екі немесе одан да көп ұйымдасқан топтардың бірлестігі; 3.Иерархиялық қылмыстық қауымдастық - байланыстардың күрделі құрылымымен және сипатымен сипатталады (бір басшылықтағы ұйымдасқан топтар жүйесі -- жалғыз көшбасшы немесе бірнеше көшбасшы). Ұйымдасқан қылмысқа қатысушылардың саны әр түрлі болуы мүмкін. Бұған тікелей қатысушылар қылмыс жасауға бейім адамдар, бірнеше адамның қылмыстық әрекетін ұйымдастырған адам және қылмыс жасау үшін белгілі бір жағдайлар жасаған адам кіреді. Ұйымдасқан қылмысқа қатысушылардың төрт түрі ерекшеленеді: Ұйымдастырушы, орындаушы, үгіттеуші (айдап салушы) және серіктес.
Ұйымдастырушы: 1.Қылмыс жасауды ұйымдастырады - оның жоспарын жасайды, орындаушыларды таңдайды, олардың арасындағы рөлдерді бөледі, қылмыс жасау құралдарымен қамтамасыз етеді және т. б. 2.Оның орындалуына басшылық етеді-қылмыс жасаған кезде серіктестердің қызметін реттейді. Ұйымдастырушы қылмыс болған жерге тікелей қатыса алады және телекоммуникация құралдарын қолдана отырып нұсқаулар бере алады. 3.Қылмыстық топты басқарады. Қылмыстық топтың жетекшісі болып, оны ұйымдастырушы немесе оны құрғаннан кейін басқарған адам бола алады. Ұйымдастырушының әрекеттері әрқашан тікелей бір белгілі ниетпен жасалады. Бұл барлық қатысушылардың арасында ең қауіпі жоғары болып табылатын адам болып саналады, оған барлық басқа серіктестерге қарағанда үлкен жаза тағайындалады.
Орындаушы: 1.Ұйымдастырушының берген толық бұйрықтарын орындайтын адам. Яғни, қылмыстың объективті жағын толық немесе ішінара орындайтын адам. 2.Басқа адамдармен (бірлесіп орындаушылармен) бірлесіп, барлық сыбайластарына ортақ қылмыстық зиян келтіру үшін қажетті болып табылатын іс-әрекеттердің бір бөлігін орындай отырып, қылмыс жасауға тікелей қатысқан адам.
Үгіттеуші: Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе басқа да жолмен қылмыс жасауға көндірген адам үгіттеуші деп танылады. Сендіру - бұл жүйелі түрдегі өтініштер, яғни бір адамды қылмыс жасауға көндіру, олардың тобына қосылуға өтіну. Пара беру - бұл туындаған мүліктік пайда (ақшалай немесе басқа нысанда, оның ішінде материалдық міндеттемелерден босату түрінде) уәде. Қауіп - бұл физикалық зорлық-зомбылықты белгілі бір адамға қолдану, оған басқа да түрдегі зияндарды келтіру (мысалы, мүліктің жойылуына байланысты материалдық немесе зиянды ақпаратты жариялау нәтижесінде беделге зиян келтіру). Өтініш, бұйрық, тапсырма, кеңес және т. б. сияқты әдістерді де қолдануға болады. Адамды белгілі бір қылмыс жасауға көндіруге тікелей бағытталмаған үндеулер, тілектер, кеңестер, жалпы, нақты емес нысанда қылмыс жасау ниеті туралы ойларды білдіру арандатушылық болып табылмайды. Бұған дәлел келесі мысал бола алады: Алихан мен Мақсат арасында алкоголь ішімдігін ішкеннен кейін жанжал пайда болды, нәтижесінде Мақсат, Алиханды ұрып соқты. Үшінші тұлға - Сакен - жылап тұрған Алиханға ға жақындап: "неге жылап тұрсың? Бар, оны екі есе ұр"- деп үгіттеді. Алихан тақтаны алып, артта отырған Мақсатқа жақындап, оны басынан жерде жатқан улкен тақтамен ұрып, Мақсаттың өліміне әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын тигізді. Бұл жерде Сакен, Алиханға құқық бұзушыдан кек алуға кеңес беріп, мұны жасөспірімнің жәбірленушіге ауыр дене жарақатын тигізуіне нақты бағыт берместен жасағандығы анықталды; осыған байланысты Сакеннің әрекеттерін қылмысқа итермелеу ретінде қарастыруға болады.
Серіктес: Қылмыстың жасалуына кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпарат берумен (интеллектуалдық жәрдемдесу), қылмыс жасау құралдары тауып берумен көмектесу, немесе тауып берген адам, және де қылмыстық топқа кедергі келтіретін заттардан құтылуға, жоюға жәрдемдескен адам. (бұл - физикалық жәрдемдесу болуы да мүмкін). Қылмыс болған жердің артын тазалауға, іздерді жоюға, пайдаланылған құрал саймандарды жоюға алдын ала уәде берген адам. Салыстырмалы түрде қарапайым ұйымдасқан қылмыстық құрылымдарда қатысушылардың қарым -- қатынасы схема бойынша құрылады: жетекші-қарапайым орындаушылар (әдетте 3-тен 10 адамға дейін) және әрқайсысының рөлі алдын-ала анықталған болып келеді. Мұндай топтар үшін қылмыстық іс-әрекеттің типтік түрлері - ұрлық, алаяқтық, тонау, тонау, бандитизм болып келеді. Ұйымдасқан қылмыстық әрекеттің жоғары деңгейлерінде заңсыз бизнестің жаңа түрлері дамиды; қылмыскерлерді неғұрлым дәйекті мамандандыру қамтамасыз етіледі; жетекші мен басқа қатысушылар арасында аралық байланыстар пайда болады -- оларға телохранитель, боевик адамдар, барлаушылар, содырлар, кеңесшілер онымен қоса қаржыгерлер де болады.
Және де топтық қылмыстардың келесідей белгілері бар.
Бірінші белгі - ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасау мақсатында тұрақты және біріккен құрылымдар ретінде қылмыстық қоғамдастықтар мен қылмыстық топтардың немесе ұйымдардың қызметі.
Екінші белгі - әсер ету салаларының бөлінуімен сапалы және аумақтық көп деңгейлі болуы. Сарапшылардың пікірінше, біздің елімізде осындай үш деңгей бар: а)Билік қабаттарына әлі шыға алмай қалыптасқан қылмыстық топтар; б)Мемлекеттік аппараттың жемқор өкілдерімен жеткілікті берік байланысы бар топтар; в)Кланды басқаратын бірқатар күшті топтардың желілік құрылымы.
Үшінші белгі - қылмыстық бизнестің мақсаттарына жету үшін ұйымдасқан қылмыс құрылымдарын құру, заңсыз әрекеттерден жүйелі түрде кіріс алу,
Төртінші белгі - қылмыстық іс-әрекеттің кәсібилігінің болуы.
Бесінші белгісі - оның мемлекеттік аппарат өкілдерімен пайдакүнемдік байланысының болуы.
Және де топтық қылмыстың басқа қылмыстардан айырмашылығы олардың тұрақты болуында. Топ болып жасалған қылмыстардың психологиялық жағынан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz