Адамның жеке бас бостандығына қарсы қылмыстар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Адамның жеке бас бостандығына қарсы қылмыстар
Кеңестік кезеңдегі қылмыстық заңнаманың, әрине, Ресей империясының
заңнамасынан елеулі айырмашылығы бар. Бірақ, мемлекеттік, діни, сауда және
басқа да тұлғаға қол сұғушылық, соның ішінде жеке бас бостандығына қарсы
қылмыстармен салыстырғанда анағұрлым аз мөлшерде өзгеріске ұшырады.
Әрекет кінәлінің жәбірленушіні еркін жүріп тұру бостандығынан заңсыз
айырғанда, сондай-ақ, оның өз қалауы бойынша орнын ауыстыру мүмкіндігінен
айырғанда жүзеге асырылады.
Кез-келген құқыққа қайшы әрекеттің нормативтік анықтамасының
қажеттілігі еркше аргументацияны талап етпейді. Тек ең маңызды деген
жағдайларына тоқталып кетелік. Біріншіден, құқыққа қайшы әрекет түсінігі -
бұл осы әрекеттің объективті жағының мәні болып табылады; екіншіден,
құқыққа қайшы әрекеттің мәнінің нормативті-құқықтық анықтамасы тек құқық
қолданушыларға ғана емес, сондай-ақ, басқа да азаматтарға да өз әрекеттерін
дұрыс бағалауға мүмкіндік береді; үшіншіден, нақты құқыққа қайшы әрекеттің
нормативтік-анықтамалық түсінігінің болуы саралау барысында құрамы жағынан
ұқсас қылмыстардан ажырату кезінде, нақты құқықтық бағдар береді. Қылмыстық
заңнамада адам ұрлау мен адамды заңсыз бас бостандығынан айырудың
түсінігінің болмауы, ең алдымен құқық қолданушыдан қылмыстық заңнамада бар
ұқсас анықтамалық сипаттамаларды талап етеді [3, 39 б.].
Бұдан шығатын қорытынды, адамды қандай да бір бостандығынан заңсыз
айыру - бұл адамнан өз қалауы бойынша әрекет ету мүмкіндігін алып қою. Бұл
жағдайда мұндай бостандығынан айырудың жасырын сипаты қарастырылмаған,
бірақ орын алуы мүмкін (мысалы, С. көршілерінің көзінше қарт Ж. өзінің
гаражында, оны бас бостандығынан заңсыз айыра отырып жауып қойуы).
Осылайша, адам ұрлаудың бас бостандығынан заңсыз айрудан негізгі
айырмашылығы ретінде жәбірленушіні ұстау орнының жасырын сипаты табылады.
Жәбірленуші міндетті түрде тұрақты алыстайды және жақын туыстарына
белгісіз жерге орналастырылады.
Ұрлау барлық уақытта белсенді әрекеттердің жасалу жолымен жүзеге
асырылады. бас бостандығынан заңсыз айыру тек әрекет арқылы ғана емес,
сондай-ақ әрекетсіздік арқылы да жасалуы мүмкін. Мысалы, өз еркімен қозғала
алмайтын адамды мүгедектік арбасынан айыру немесе жәбірленуші оның алдын
ала келісімімен бөлмеде қамалуы жағдайында бас бостандығынан заңсыз айыру,
оны босату бойынша әрекеттерді жасаудан бас тартқан кезінде көрініс табуы
мүмкін.
Адам ұрлаудың объективті жағы барлық уақытта үш әрекеттен тұрады:
жәбірленушіні кепілге алу, оның орнын ауыстыру және одан ары ұстау. Біздің
пікіріміз бойынша, адам ұрлау – бұл тірі адамды алдау арқылы немесе жасырын
немесе ашық түрде кепілге алуымен, оны табиғи микроәлеуметтік ортадан алып
кетумен, оны тұрақты немесе уақытша болу орнынан, оның еркінен тыс
қозғалтумен байланысты тұлғалардың (тұлғаның) заңсыз қасақана әрекеті. Бас
бостандығынан заңсыз айыру ұстау деген бір әрекеттен тұрады.
Біздің пікірімізше, бұл қылмысты аяқталды деп жәбірленушіні ол болғысы
келмейтін белгілі бір жерді тастап кетуге мүмкіндігін айыру сәтінен бастап
санаған жөн секілді. Адам ұрлаудың аяқталу сәті болып, жәбірленушіні
зорлықпен ұстауға арналған орынға ауыстыру үшін, оны табиғи микроәлеуметтік
ортадан (мысалы, үйінен, пәтерінен, саяжайынан, көшеден) адамды алып кету
сәті табылады [3].
Заңсыз бас бостандығынан айыру кезінде жәбірленуші болып кез-келген
тұлға, сондай-ақ оның жақын туыстары болуы мүмкін. Мысалы, әйелі өзінің
күйеуін қызғаныштан, ол басқа әйелге кетпесін деп оны батареяға байлап
қойуы. Адам ұрлау кезінде жақын туыстары жәбірленуші болып табылмайды,
өйткені міндетті түрде біреуден ұрлануы тиіс.
Аталған әрекеттер субъективті жағы бойынша да ажыратыды. Бас
бостандығанан заңсыз айыру кезінде жәбірленушінің денсаулығына зиян келтіру
қасақаналықпен қамтылмайды. Адам ұрлаған кезде, жәбірленушіге оны сатып
алудан бас тартқан жағдайда денсаулығына зиян келтіру немесе оны өлтіру
ұрлаған тұлғалардың ниетіне кіреді. Міне, осыдан барып сатып алу құны
көтеріледі.
Заңсыз бас бостандығынан айырудың құрамы болу үшін жәбірленушінің оны
белгілі бір кеңістікте жүріп-тұру мүмкіндігін, оның еркіне қарсы айыру
фактісін түсінуі керек. Сондықтан да, егер, бөлме қылмыскермен жабылып,
кейін басқа тұлғамен ашылса онда қол сұғушылық объектісіне ешқандай зиян
келтірілген жоқ, ал, адамды заңсыз бас бостандығынан айыруға бағытталған
тұлғаның әрекетері заңсыз бас бостандықтан айыруға қастандық жасалды деп
саралануы мүмкін. Егер қылмыскер ұйықтап жатқан жәбірленуші ұйқысынан
оянбағанын біле тұра, өзі жапқан бөлмені ашса, онда оның әрекетінінің
құрамында қылмыс жасаудан ерікті бас тарту орын алады.
Адамды заңсыз бостандығанын заңсыз айыру кез-келген жерде жүзеге
асырылуы мүмкін. Заңсыз бас бостандығанан айырудың құрамы үшін ең бастысы –
бұл қылмыскермен жүріп-тұруды қандай да бір затқа байлап қою арқылы
жәбірленушінің қозғалу мүмкіндігінен айыру болып табылатын жасанды немесе
табиғи кедергілердің жасалуы. Мысалы
Мысалы, азаматтар Н. Деркач пен И. Мусин алдын-ала сөз байласып, 1983
жылы туылған, кәмелеттік жасқа толмаған И.К.Пелипейді Теміртау қаласындағы
71 кварталда орналасқан, Юность кафесіндегі жұмыс істемейтін мұздатқыш
бөлмеде оны қамап, заңсыз бас бостандығынан айырады. Оны, ол жылдың 16
және 18 ақпан аралығында ұстап, оның туыстарынан 10000 теңге көлемінде ақша
талап етеді [4].
Бас бостандығынан заңсыз айыру – созылмалы қылмыс болып табылады.
Осыған орай, басқа қылмысты жасау кезінде бас бостандығынан заңсыз айыруды
қолданған тұлғалардың әрекеттерін саралаудың проблемалық мәселесі де
туындайды.
Көптеген ғалымдар қылмыс – бұл объективті нақтылықтың құбылысы, ал
қылмыс құрамы – ол заңды ұғым болып табылады, демек, қылмыс қылмыстық
жауаптылықтың нақты негізі болып, ал қылмыс құрамы – заңды негізі болып
табылады, өйткені ол қылмыстық заңмен бекітілетіндігі туралы пікірге
келеді.
Осылайша, қылмыстық жауаптылықтың негізі болып олар қаншалықты маңызды
болмасын, қылмыс құрамының бір немесе бірнешеуін құрайтын белгілері емес,
қылмыс құрамын қалыптастыратын және заңда бекітілген барлық белгілерінің
болуы табылады.
Қылмыстың объектісі болып, жоғарыда көрсетілгендей, қылмыс құрамының
міндетті элементтерінің бірі болып табылады. Қылмыстың объектісі болып
қылмыс неге бағыттылcа және неге нұқсан келтірcе немесе неге зиян келтіруі
мүмкін болса, сол табылады. Сондықтан да, қылмыстың объектісінің мәселесіне
қылмыстық құқықта әрқашанда басты назар аударылып отырған.
Қылмыстың тікелей объектісі ретінде қылмыстың осы түрі жасалған кезде
әр кез зиян шегетін қылмыстық қол сұғушылық бағытталған нақты қоғамдық
қатынастар табылады [7]. Кейбір жағдайларда сол бір қылмыс бірнеше тікелей
объектілерге қол сұға отырып, қоғамдық қатынастардың бірнешеуін бір
мезгілде бұзады.
Қылмыстың міндетті (негізгі) тікелей объектісі болып өзгеруі осы
қылмыстың әлеуметтік мәнін құрайтын және қорғау мақсатында оны жасағандығы
үшін жауаптылық көздейтін қылмыстық-құқықтық норма шығарған қоғамдық
қатынастар табылады [8]. Мұндай тікелей объектіге қол сұғушылық болмаса,
онда аталған қылмыс құрамы да болмайды.
Өз кезегінде маңызды болып табылатын қылмыстың қосымша тікелей
объектісі болып, міндетті объектімен бір мезгілде бұзылатын қылмыс
объектісі танылады. Қосымша объектінің міндетті обьектіден айырмашылығы ол
басқа тектік объектінің негізінде жатқандығында.
Қылмыстардың заты болып, жоғарыда аталғандай, қылмыс объектісінің
факультативті белгісі табылады. Қылмыстың заты ретінде материалды субстрат,
материалдық әлемнің заты, соған байланысты қылмыс жүзеге асырылатын немесе
қылмыскер тікелей сол арқылы әрекет ететін нақты материалдық объект
табылады.
Адамды заңсыз бас бостандығынан заңсыз айырған кезде қатынастың
қатысушысын, субъектісін жәбірленуші деп тану қабылданған. Қылмыстағы
жәбірленуші қылмыстық іс жүргізушілік мағанада емес, қылмыстық құқықтық
мағынада айтылған, сондықтан қылмыс объектісінің факультативті белгісі
ретінде шығады. Кейбір авторлар адам биологиялық жан ретінде, қылмыстың
заты ретінде шыға алады деп санайды, ал кейбірі адамды қылмыс затына дейін
түсіру орынсыз деп санайды. Біздің көз қарасымыз бойынша адамды қылмыстан
жәбір көрген адам (қылмыстық-құқықтық мағынада) ретінде қылмыс затының
белгілеріне ие болған, бірақ, одан қосымша заңнамалық және адамның
қызметімен байланысты сипаттармен ерекшеленіп ажыратылатын биологиялық жан
ретінде санау қажет.
Қол сұғушылықтың тікелей объектісін қылмыспен бұзылуы мүмкін қоғамдық
қатынастардан айыра білу қажет [9]. Негізгі тікелей объект қоғамға қауіпті
әрекетті саралау барысында маңызды болып табылады. Тікелей объект барлық
уақытта осы қылмыс тобының тектік объектісіне сәйкес болады және оған
құрамдас бөлігі ретінде кіреді.
Қылмыс құрамына және қылмыс объектісіне қатысты жоғарыда аталған
ережелерді негізге ала отырып, бізбен бас бостандығынан заңсыз айырудың
объектісі қарастырылады.
ҚР ҚК әртүрлі тарауларына жеке адамдарға қарсы ұқсас қол
сұғушылықтардың жалғыз объективті критерийі ретінде қатынастардың
әлеуметтік маңыздылығы табылады. Жеке тұлға адамзат тарихының өнімі ретінде
әлеуметтік феноменді құрайды. Адам биологиялық жаратылыс секілді тірі жанды
құрайды. Қоғам әрбір индивидтің, оның өзінің физикалық өмір сүруі мен
қалыпты дамуын қамтамасыз ететін ажырамас жеке игіліктерін қорғауға
мүдделі. Адамның жеке игіліктері (өмір, денсаулық, ар-ождан, бостандық)
қылмыстық заңмен адамның жеке қасиеттеріне, оның мүліктік және қызмет
жағдайына, ұлтына және тініне байланыссыз адамның жеке басына қол
сұғылмаушылықты қамтамасыз ететін адамдар арасындағы осындай қатынастарды
құру жолымен қорғалады.
Қылмыстың тікелей объектісі ретінде осы қылмыстық қол сұғушылықпен
зиян келетін заңмен қорғалатын нақты қоғамдық қатынастар табылады. Тікелей
объект, сәйкес қылмыстардың тектік объектісі болып табылатын, сол қоғамдық
қатынастардың құрамдас бөлігі болып табылады.
Бостандық белгілі бір әлеуметтік жағдай ретінде қарастырылуы мүмкін.
Осы тарапынан адамның бостандығына қол сұғушылық ерікті адамды құлға
айналдыру барысында көрінеді. Құлдыққа салу- олардың дамуының белгілі бір
сатыларында барлық мемлекеттің заңдарынан қылмыс болып танылатындығы
белгілі. Бостандық жеке адамның субъективті жария құқықтары мен
бостандықтарының жиынтығы мағынасында түсіндірілуі мүмкін [10].
Азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары қазақстандық
қоғамның дамуының заңдылығын бейнелей отырып, әлеуметтік құндылықты
көрсетеді және қылмыстық заңмен қорғалады. Басқа адамды белгілі бір мінез-
құлық актісін жасауға немесе одан бас тартуға мәжбүрлеуге бағытталған
қызметтің жалпы ұғымы ретіндегі мәжбүрлеуді қылмыстық кодекс қылмыстық іс-
әрекет ретінде қарастырмайды.
Адамды белгілі бір әрекет жасауға мәжбүрлеумен ұштасқан әрбір
қылмыстық әрекет оның еркінің бұзылуына алып келеді, сәйкесінше, оның
бостандығына қол сұғады. Бірақ, оларды ҚК әртүрлі тарауларына жатқызылуын,
заң шығарушы, тұлға қандай қоғамдық қатынастардың қатысушысы болып
табылатындығы фактысымен байланыстырады. Аталған барлық қылмыстық
әрекеттердің айырмашылығы болып, негізгі тікелей объект болады, яғни осы
объектіге байланысты сәйкес норма шығарылады және осыған келтірілген зиян
қылмыстың әлеуметтік мәнін құрайды.
Жеке тұлғаның белсенділігінің шегі болып қозғаушы актілердегі
психофизиологиялық энергияның кез-келген көрінісі емес, ол, тарихи
қалыптасқан салаларындағы белгілі бір қоғамдық құндылықтарды құруға
бағытталған қызмет аясындағы саналы әрекет болып табылады.
Аталғандарды ескере отырып бостандықтың мазмұнын онымен саналы түрде
таңдалынып алынған адамның мінез-құлқы құрайды деген қорытындыға келуге
болады. Ары қарай жеке адам бостандығы мен жеке бас бостандығының ұғымның
мазмұнын бекітуіміз қажет. Адамның мінез-құлқының субъективті бағытталуы
оның негізінде жатқан әртүрлі қажеттіліктерін, оның ағза ретінде
қалыптасуын, дамуын қамтамасыз ететін және қоғамдық қатынастардағы индивид
пен тұлғаны қаматмасыз етуін анықтайды.
Жеке адамның әлеуметтік дамуының қажетті алғы шарты ретінде, оның тірі
ағза ретінде тіршілік етіп, қызмет жасауын қамтамасыз ететін жеке
қажеттіліктер мен мүдделердің, адаммен жүзеге асырылуы табылады. Қоғам
қоғамға пайдалы ажырамас жеке мүдделерді толық және заңмен
қанағаттандырылуын қамтамасыз етуге мүдделі.
Адамның тірі ағза ретінде тіршілік етуінің негізін, оның одан ары
қарай дамуы мен өзіндік құрамының және қызметінің белсенді реттелуі
қабілетін құрайды. Адамның тірі ағза ретіндегі тіршілік етуі мен қалыпты
дамуының қажетті алғы шарты ретінде оның жүріп-тұруға қабілеті жатады [11,
119 б.]. Сәйкесінше, адамның еркін жүріп-тұру қабілеті, оның кеңістікте
қозғалуын білдіреді.
Жүріп-тұру бостандығын, жоғарыда аталып өткендей, кейбір жекелеген
авторлар, заңсыз бас бостандығынан айырудың тікелей объектісі деп
қарастырады.
Адамның жеке бас бостандығынан айрудың тікелей объектісі ретінде
жекелеген авторлар, болу орнын ауыстыруға бостандығын (мүмкіндігін) таниды.
Тіл әдебиетінде ауыстыру деген ол бір-бірімен ауыстыру, біреуін келесісімен
ауыстыру дегенді білдіреді. Бірақ, адамның белгілі бір жерде тұрып оны
ауыстыруға барлық уақытта мүмкіндігі бола бермейді. Сонымен қатар, оны осы
жерде ұстап отыру, біздің пікірімізше, оның жеке бас бостандығынан айыру
болып табылады. Өйткені, оны басқа орынды таңдау құқығынан айырып отыр.
Сондықтан да заңсыз бас бостандығынан айрудың аталған тікелей объектісінің
анықтамасын дұрыс деп тануға болмайды.
Қосымша объектіге зиян келтіру негізгі объектіге зиян келтіру жолы
арқылы зиян келтірілген жағдайда аталған қылмыстардың құрамдары қосымша
объектіге де зиян келтіруді қамтиды. Жасалған әрекет негізгі объектіге қол
сұғушылық үшін жауаптылықты қарастыратын ҚК бабы бойынша саралануға жатады.
Қосымша объектіге зиян келтіру жасалуы барлық уақытта қосымша объектіге
зиян келтірмейтін негізгі объектіге зиян келтірудің құрамдас бөлігінің
тәсілі болып табылмайтын әрекеттер қылмыс жиынтығын құрайды және ҚК тиісті
баптарының жиынтығы бойынша саралануға жатады [12, 7 б.].
Осылайша, адамның жеке бас бостандығын қамтамасыз ететін қоғамдық
қатынсатар заңсыз бас бостандығынан айырудың міндетті тікелей объектісі
болып табылады.
Аталғандарды қорыта отырып, біздің пікірімізше, келесідей анықтаманы
қалыптастыруға болады: адамның жеке бас бостандығына қарсы қылмыстар деп
адамның өмірін, денсаулығын, жеке бас бостандығын қамтамасыз ететін
қатынастарға, меншік қатынастарына зиян келтіретін, адамның жеке бас
бостандығына қол сұғатын қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті әрекетті
айтуға болады.
Қылмыстың кез-келген құрамының объективті жағын сипаттайтын міндетті
белгі ретінде қоғамға қауіпті әрекет табылады. Қылмыстық әрекет немесе
әрекетсіздік қылмыстың маңызды элементі болып табылады.
Әрекет ретінде адамның мінез-құлқы табылады, ол белсенді немесе
белсенсіз әрекет болуы мүмкін. Осыған орай, қылмыстық заңды басшылыққа ала
отырып, адамның мінез-құлқы қылмыстық-құқықтық сипат алады. Егер ол құқыққа
қайшы, қоғамға қауіпті, ерікті жүзеге асса ғана осындай сипатқа ие болады.
Осындай ерекшеліктерінің болуы ғана әрекетті қылмыс құрамының объективті
жағының міндетті белгісі ретінде таниды.
Қылмыстың субъектісі, жоғарыда аталып өткендей, қылмыс құрамының
міндетті, қажетті элементі болып табылады. Өйткені, қылмыс тұлғасыз жасалуы
мүмкін емес. Қылмыстық заң қылмыс субъектісі деген терминді қолданбайды,
бірақ, оны ауыстыратын қылмыстық жауаптылыққа тартылатын тұлғаң ұғымын
қолданады.
Қылмыстық құқық теориясы кез-келген қылмыстың субъектісі ретінде
қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті әрекетті жасаған және осы әрекеті
үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылатын кінәлі, жеке тұлға деп санайды.
Осыған кез-келген қылмыстың субъектісі ретінде қылмыстық заңмен бекітілген,
белгілі бір жасқа жеткен, есі дұрыс жеке тұлға болуы мүмкін дегенді қосуға
болады.
ҚР ҚК 15 бабының заңдылығын басшылыққа ала отырып мұндай белгілерге
келесілерді жатқызуға болады:
1) Адамға тумасынан берілетін қажеттілік, яғни, тұлғаның дені сау
болуы қажет. Жеке тұлғалар болып Қазақстан Республикасының азаматтары,
азаматтығы жоқ тұлғалар және шетелдік азаматтар болып табылады. Қылмыстық
заңнама қылмыстың субъектісі ретінде заңды тұлғаларды танымайды.
2) Есі дұрыстық – бұл қылмыстық заңнамада көзделген қоғамға қауіпті
әрекетті жасау барысында, тұлғаның өзінің әркеттері немесе әрекетсіздігінің
шын мәніндегі сипатының қоғамға қауіпті екендігін ұғынуы және оны басқара
алу қабілеттілігі.
Заңсыз бас бостандығынан айырудың субъектісі ретінде тұлғаны тану үшін
ол тек қана жеке тұлға болып қоймай, сондай-ақ қылмыстық заңмен бекітілген
жасқа жеткен, есі дұрыс адам болуы қажет. Есі дұрыстылығы құқықтық ұғым
болып табылады. Ол тұлғаның жалпы психикалық қабілеттілігін емес, оның
белгілі бір қоғамға қауіпті әрекетке қатысты еркі мен интеллектілік
жағдайын сипаттайды.Тұлғаның кінәсі туралы мәселе, оның есі дұрыстылығы
жағдайында ғана қойылуы керек. Өзінің әрекеттерін басқара алу қабілеті өз
алдына мақсат қоюы мен ол мақсаттарға жетуге тырысу мүмкіндігінің бар
екендігін білдіреді. Демек, осы үшін өз еркін білдіруі қажет, немесе,
керісінше, ойластырылмаған әрекеттерден бас тартуы қажет [13].
Осылайша, қоғамға қауіпті ірекетті жасау барысында тұлғаның есі дұрыс
еместігі, оны осы қарастырылып отырған қылмыс бойынша субъекті деп тану
мүмкіндігін жоққа шығарады. Осыған орай, бұл тұлға: Біріншіден, - белгілі
бір тұлғаның бостандығын заңсыз айыруды жасап жатқандығын ұғынбауы немесе
осы кезде өз әрекеттерін басқара алмауы; Екіншіден, - бұл тұлға созылмалы
психикалық ауруға, уақытша психикасының бұзылуына, кем-ақылдылыққа немесе
психиканың өзге де ауыру жағдайына ұшыраған.
Қылмыс субъектісінің белгісі ретіндегі есі дұрыстылық өзіндік бір
мәнге ие болады. Бірақ, ол тұлғаның қылмыстық жауапкершілік жасына жету
фактісімен тығыз байланысты. Тұлғаның қылмыстық қауіптілік жасына жетуі
кезінде ғана, кінәға алғы шарт ретінде және тұлғаның әрекетінде қылмыс
құрамының болуы ретінде есі дұрыстылық мәселесі қойылуы мүмкін.
Қылмыстың субъектісі ретінде тек орындаушы ғана емес, сондай-ақ кез-
келген басқа қатысушы бола алады. Сәйкесінше, заңсыз бас бостандығанан
айыруды адамдар тобымен алдын-ала сөз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке адамға қарсы қылжыстардың жалпы сипаттамасы
ӨМІРГЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстық құқық бұзушылықтар
Жеке адамға қарсы қылмыс
Жеке адамның бостандығына қарсы қол сұғушылықтар үшін қылмыстық жауаптылықтың теориялық мәселелерін зерттеу
Жыныстық қылмыстар институты - адамның жыныстық қол сұғылмаушылығына және жыныстық бостандығына қарсы жасалатын қылмыстық заңнаманың арнайы бөлігі
Адам өміріне, денсаулығына, бостандығына, қадір-қасиетіне қарсы қылмыстардың мазмұнын, қауіптілігін, зиянды салдарын, қоғамға әсерін кеңірек ашып талқылау
ЖЫНЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ
Адамдардың бас бостандығымен қадір-қасиетіне қарсы қылмыстар
Жеке адамға қарсы қылмыс ұғымы және олардың түрлері
Пәндер