Қазақстан Республикасының құқықтық қылмыс негіздері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК

ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Описание: Описание: Описание: C:\Users\admin\Desktop\ОБЩАЯ ПАПКА\Лого ЮКГУ новый.jpg

ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

«Мемлекет жәнне құқық теория» кафедрасы

№8 БӨЖ

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының құқықтық қылмыс негіздері (эссе)

Орындаған: Бектасова Балнұр Мұратқызы

Тобы: ТП-18-2к1

Қабылдаған: Жаманқараева Ғалия Сейткаримовна

Қазақстан Республикасының құқықтық қылмыс негіздері

Қылмыстық құқық- қылмыстық заңнаманың міндеттері мен қағидаттарын, қылмыс ұғымын, қылмыстық жауапкершіліктің негізін, қылмыстың түрлері мен белгілерін, жазаны, қылмыстық жауапкершілік пен жазадан бостудың негіздерін анықтайтын заңды нормалардың жиынтығы.
Мемлекеттің, жеке және занды тұлғалардың мүдделерін қылмыстық қол сұғудан қорғау барысында туатын қоғамдық қатынастар қылмыстық құқықтың пәні болып табылады.
Қылмыстық құқықтың субъектісіне қылмыс жасаған жеке тұлғалар мен мемлекеттің құзыретті органдары (тергеу, прокуратура, сот т. б. ) жатады. Аталған субъектілердің өзара құқықтары мен міндеттері осы қатынастың мазмұнын құрайды. Мемлекеттің құзыретті, құқык қорғау органдары қылмыс жасаушыларды жауапқа тартуға құқы бар әрі міндетті. Сол сияқты қылмыс жасаған субъектіде заң алдында жауап беруге міндетті. Сонымен бірге жауапқа тартылған қылмыс жасаушының құқықтары бұзылмай, заң бойынша сақталуы қажет.
Қылмыстық құқықтың жүйесі жалпы және ерекше сияқты екі бөлімнен тұрады. Жалпы бөлімде ерекше бөлімнің баптарын дұрыс түсініп, қолданудың жалпы ережелері мен институттары, тұлғаның қылмыстық жауапкершілігі туралы мәселелер, қылмыстық заңнаманың міндеті, қылмыстық жауапкершіліктің негіздері, қылмыстық заңның әрекеттік шегі, қылмыстың, жазаның жалпы ұғымы, жаза тағайындау, жаза мен қылмыстық жауапкершіліктен босату тәртібі жайындағы мәселелер көрсетіледі. Ерекше бөлімде қылмыс және оның белгілері деп саналатын әрекеттерді көрсететін нормалардың жиынтығы шоғырланған.
Қылмыстық құқықтың міндеттері: адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен занды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен занды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығы, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардын алдын алу болып табылады. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді.
Сонымен, қылмыстық заңнамалардың төмендегідей 3 міндетін атап көрсетуге болады: 1) қорғау; 2) алдын-алу (профилактика) ; 3) тәрбиелік.
Қорғау - қылмыстық-құқықтык шараларды қолдана отырып қылмыстық қол сұғушылықтан корғау міндеті. Ол үшін қылмыстық заң қылмыстық әрекеттердің шенберін, түрін және оған қолданылатын жазаның мөлшерін анықтайды.
Алдын-алу (профилактика) міндеті қылмыстың алдын алу, оны болдырмаудың жолдарын қарастыру немесе қылмыс жасаған тұлғанын қайта қылмыс жасамауынын алдын алу. Бұл мақсаттар әр түрлі қылмыстық-құқықтық шаралар қолдану арқылы іске асырылады.
Тәрбиелік міндетті қылмыстық құқықтың барлық институттары мен нормалары атқарады (жаза, қажетті қорғаныс, мәжбүрлі қажеттілік т. б. )
Қылмыстық құқықтың қағидаттары деп мемлекеттің қылмыстық құқық саласындағы саясатының, қылмыспен күресудің іс жүзіндегі құралдарының мазмұнының негізіне қойылған тіректі мұраттар мен бастамаларды айтамыз.
Сондай қағидаттардын бірі заңдылық қағидаты. Оның мәні қылмыстық әрекет пен жаза тек қана қылмыстық заңмен анықталуы керек. Әрекет не әрекетсіздік қоғамға қаншама қауіпті болса да, егер оларда қылмыстың құрамы болмаса тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке жасанды түрде тартуға болмайды.
Азаматтардың заң және сот алдында теңдігі қағидаты. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 14-бабында көрсетілгендей, қылмыс жасаған адамдар шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына, тұрғылықты жеріне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарамастан заң алдында бірдей.
Тек қылмыстық әрекеті не әрекетсіздігі үшін кінәлі болған тұлғаны ғана қылмыстық жауапқа тарту қағидаты. Адам соларға қатысты өз кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеті (іс-әрекет немесе әрекетсіздігі) және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс. Объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді. Қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады. Абайсызда жасалған әрекет Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында арнайы көзделген жағдайда ғана қылмыс деп танылады.
Келесі қиғидат есі дұрыс, Қылмыстық кодексте көрсетілген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс. Есі дұрыс емес, жасы Қылмыстық кодексте белгіленген жасқа толмаған адам қылмыстық жауапқа тартылмайды.
Негізгі қағидаттардың бірі әділеттілік қағидаты. Оның мәні соттар жасалған қылмыстың қоғамдық кауіптілігін, сотталушының жеке басынын, оның қылмыс жасағанға

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар туралы ақпарат
Қылмыстық жауаптылықтың негіздері
Конституциядан қылмыстық құқық
Қылмыстық құқықтың бастауыш мектептері
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
Қылмыс кұрамының белгілеріне мынадай
Қылмыстық заңның түсінігі және оның мәні
Қылмыстық заң жүйесі, құрылымы туралы ақпарат
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz