Халықаралық құқық негіздері туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК

ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: C:\Users\admin\Desktop\ОБЩАЯ ПАПКА\Лого ЮКГУ новый.jpg

ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

«Мемлекет жәнне құқық теория» кафедрасы

№15 БӨЖ

Тақырыбы: Халықаралық құқық негіздері

Орындаған: Бектасова Балнұр Мұратқызы

Тобы: ТП-18-2к1

Қабылдаған: Жаманқараева Ғалия Сейткаримовна

Халықаралық құқық - бұл халықаралық құқықтың субъектілері туындататын және халықаралық құқықтың субъектілері (мемлекеттер, өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар, халықаралық ұйымдар арасындағы, сонымен қатар кейбір жағдайларда, жеке және заңды тұлғалар қатысатын) арасындағы қатынастарды реттейтін халықаралық- құқықтық қағидалар мен нормалардың жиынтығы.

Халықаралық құқықтың нормалары, ең бастысы, халықаралық қатынастардың негізгі субъектілері - мемлекеттер арасындағы қатынастарды белгілеуге бағытталған. Бастапқыда халықаралық құқық мемлекеттер арасындағы құқық ретінде қалыптасқан болатын. Бірақта, халықаралық құқық мемлекеттер арасындағы емес сипаттағы қатынастарды да, яғни қатысушыларының біреуі мемлекет болып немесе мемлекет мүлде қатыспайтын қатынастарды да реттеді. Қазіргі уақытта, халықаралық келісімге қатысушылардың ауқымы кеңейіп келеді және мемлекеттің ішкі құзырлығына кіретін көптеген қатынастар мемлекеттердің ортақ мүдделерінің сферасына көшті.

Мемлекеттер арасындағы емес халықаралық қатынастар:

а) мемлекет пен халықаралық ұйымдар арасындағы;

б) халықаралық ұйымдар арасындағы;

в) бір жағынан мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, екінші жағынан жеке және заңды тұлғалар арасындағы;

г) жеке және заңды тұлғалар арасындағы.

Халықаралық бұқаралық құқық- халықаралық құқықтың субъектілері арасындағы саяси сұрақтар бойынша туындаған қатынастарды реттейді.

Халықаралық жеке құқық - мемлекеттер арасындағы, заңды тұлғалар (ұйымдар мен мекемелер) мен жеке тұлғалар (азаматтар) арасындағы халықаралық жобадағы жеке сұрақтар (авторлық құқық, мұрагерлік құқық, отбасы-неке сұрақтары) бойынша туындаған қатынастарды реттейді.

Халықаралық құқық - бұл ерекше құқық жүйесі болып табылады. ғылым және оқу пәні болып табылады.

Халықаралық құқық құқық жүйесі ретінде барлық мемлекеттердің, барлық адамзаттың иглігі болып табылады, ол барлығына біреу. Бірақ та халықаралық құқық ғылымы барлық мемлекеттерге бірдей бола алмайды. Әрбір мемлекеттте өзінің халықаралық құқық ғылымы болады, мысалы, халықаралық құқықтың қазақстандық ғылымы.

Халықаралық құқық, кез келген мемлекеттің ұлттық құқығы сияқты салаларға бөлінеді. Халықаралық құқықтың салалары халықаралық қатынастардың белгілі бір тобын реттейді және халықаралық -құқықтық институттар мен нормалардың жиынтығы болып табылады. Мысалы, Халықаралық қауіпсіздік құқық саласы халықаралық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қатынастарды реттейді; халықаралық ұйымдар құқығы халықаралық ұйымдарды құру мен қызмет ету тәртібін реттейді.

Халықаралық-құқықтық институт - бұл халықаралық қатынастардың түрін реттейтін халықаралық нормалардың жиынтығы, мысалы, халықаралық гуманитарлық құқықтағы - азаматтық институт, халықаралық келісімшарт құқығындағы - келісімшарттың жарамдылығы институты.

Халықаралық құқық халықаралық қатынастарда үйлестіруші, реттеуші және қорғаушы қызмет атқарады.

Үйлестіруші қызметінің мазмұны - мемлекет өзі үшін әртүрлі сфераларда белгілі бір мінез-құлық стандарттарын белгілейді.

Реттеуші қызмет - белгіленген ережелер мен стандарттарды мемлекеттің қабылдауында және сақтауында көрінеді.

Қорғаушы қызмет - мемлекеттің мүддесін қорғауға бағытталған нормалар. Халықаралық құқықтың дипломатиядан, мемлекеттің сыртқы саясатынан айырмашылығы бар.

Халықаралық құқық - мемлекеттер арасындағы қатынастарда өзін қалай ұстау керек екендігі жөніндегі келісімшарт нормаларының жиынтығы болса, дипломатия - сыртқы саясатты жүргізу амал-тәсілдердің жиынтығы, ал сыртқы саясат - бұл өзінің мүдделерін қанағаттандыру үшін халықаралық аренада оның жүргізетін негізгі бағыттары.

Халықаралық құқықтың қайнар көздері - бұл халықаралық -құқықтық нормаларды көрсететін формалар.

Оның 4 түрі бар:

1) Халықаралық келісімшарт;

2) Халықаралық құқықтық әдет - ғұрыптар;

3) Халықаралық конференциялар мен мәжілістердің Қорытынды Актілері;

4) Халықаралық ұйымдардың резолюциялары.

Халықаралық құқықтың субъектісі - халықаралық құқықтың нормаларына немесе халықаралық-құқықтық актілердің ұйғарымдарына сәйкес туындайтын халықаралық құқық мен міндетті тасушы. Халықаралық құқықтың субьектісі - субьективті құқық пен міндет берілген халықаралық-құқықтық қатынастардың қатысушылары.

Халықаралық құқықтың субьектілерін 2 топқа бөлуге болады:

1) Алғашқы (егеменді) субъектілер, оларға егемендігі бар мемлекеттер мен өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттарды жатқызуға болады;

2) Туынды (егеменді емес) субъектілер халықаралық ұйымдар, мемлекет тәрізді құрылымдар.

Халықаралық құқықтың субьектілерінің ішкі мемлекеттік құқықтың субьектілерінен ажырататын белгілері болады:

1) Халықаралық құқықтық нормалардан туындайтын құқықтар мен міндеттердің болуы;

2) Ұжымдық құрылым болып табылады (мемлекет билік және басқару аппарат; күресуші халық - ел ішінде және халықаралық қатынастарда оны білдіретін - саяси орган. Халықаралық ұйымдар - тұрақты әрекет ететін органдары; биліктік өкілеттіліктерін жүзеге асыруда халықаралық- құқықтың субьектілері салыстырмалы түрде тәуелсіз және бір-біріне бағытынышты емес. Әрқайсысының өзінің халықаралық мәртебесі бар және халықаралық қатынастарға өз атынан қатысады) ;

3) Халықаралық нормаларды әзірлеуде және қабылдауда қатысатын қабілеттілігі бар. Келісімшарттың құқық-әрекет қабілеттілік халықаралық құқық субьектіліктің маңызды элементі. Халықаралық құқықтың субьектілері халықаралық-құқықтық нормалардың адресаттары ғана емес, сондай-ақ оларды шығаратын (тудыру, құрастыру) тұлғалар болып табылады. Халықаралық құқықтың субьектілері - сонымен бір уақытта халықаралық құқықтың саласы - халықаралық келісімшарт құқығының субьектілері болып табылады.

Мемлекет халықаралық құқықтың негізгі субъектісі болып табылады. Халықаралық құқық субъектілік мемлекетке өзінің өмір сүру кезінен бастап тән.

Халықаралық құқықта субъектінің объективті қасиеті болып:

1. Егемендік;

2. Дербес келісім-шарттық тәжірибе;

3. Шет мемлекеттермен дипломатиялық және консулдық өкілдіктермен алмасуы;

4. Егеменді мемлекеттің халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуы.

Осындай қасиеттер Қазақ КСР да болды, ортақ халықаралық құқықтық субъектілікте көрінді. Тек 1991 ж. бастап егеменді Қазақстан тікелей құқықтық субъектілікке ие болады. Ал бұл ҚР-сына дербес халықаралық мәртебе, халықаралық құқық негізінде халықаралық құқықтық шығармашылықтың қатысушысы болуға мүмкіндік берді.

ҚР халықаралық құқықтық субъектілігі үшін егемендік қажет болды. Егемендік - мемлекетке ішкі және сыртқы қатынастарда тәуелсіз саяси ұйым болуға мүмкіндік береді.

Халықаралық келісімшарт - оның субъектілерінің арасындағы құқық пен міндеттерді белгілейтін, солар үшін заңды міндетті халықаралық -құқықтық нормаларды тудыру туралы анық көрсетілген келісім. Халықаралық құқықтың субъектілерінің келісімдерінің 1-ші стадиясы - келісімшарттың мәтінін құрастыру және келісу; 2-ші стадиясы келісімшарттың мәтінінде көрсетілген ережелерді заңды міндетті түрде мақұлдау. Халықаралық келісімшарт (келісім, пакт, конвенция) халықаралық құқықтың ең негізгі қайнар көзі ретінде танылады. Келісімшарт, ереже бойынша, жазбаша формада болады. Оның мәтінінің астына қолдар қойылып оны мөрмен бекітеді.

Халықаралық әдет-ғұрып - ұзақ уақыт қолданудың нәтижесінде әдетке енген және мемлекеттердің санкциялауы нәтижесінде міндетті болып табылатын мінез құлық ережелері. Ол халықаралық құқықтың да, ұлттық құқықтың да қайнар көзі болып табылады.

Ұлттық құқықта азаматтардың, адамдар топтарының және мемлекеттің күнделікті жай ережелерді сақтай отырып әрекет етуінен, әдеттегі әрекеттерінен әдет-ғұрып туындайды және оларға жалпыға міндетті статус беріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Англияның азаматтық құқығының негіздері
Құқық қорғау қызметінің қағидалары
ГЕРМАНИЯ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Мамандықтың пәндер каталогы
Құқық негіздері Оқу құралы
Құкық пен заң шығарушылық
Құқық, құқықтық норма және құқықтық қатынас ұғымдары
Халықаралық шарттар нормаларын қолданудың халықаралық құқықтық негіздері
Халықаралық экологиялық құқықтық жауапкершілік»
Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz