Қазіргі заманғы адамның өміріндегі өнердің рөлі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЗАҢТАНУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТТАНУ КАФЕДРАСЫ

№11 БӨЖ

Тақырыбы: Қазіргі заманғы адамның өміріндегі өнердің рөлі

Орындаған: Бектасова Балнұр Мұратқызы
ТП-18-2к1
Қабылдаған: Туркеева Сауле Мырзаханқызы

Шеллингтің жасаған философиялық жүйесінде өнер ерекше орын алады. Егер И.Кант пен И.Фихтенің философиясында адамның моральдық жетілуі тарихтағы негізгі нәрсе ретінде көрсетілсе, Шеллинг оны өнерден, эстетикалық санадан көреді. Соңынан орыстың ұлы жазушы-ойшылы Ф.Достоевский осы ойға сай Әсемдік әлемді құтқарады деген нақыл сөзді айтқан болатын.
Шеллингтің ойынша, әлемді тек кана әсемдік арқылы ғана жете түсініп-сезінуге болады, өйткені универсумның (әлемнің) өзі абсолютті өнердің туындысы, табиғаттың өзі рухтың бейсаналық поэзиясы. Күннің шығуы мен батуы, аралардың ұясы, неше түрлі гүлдердің түрлері мен иістері, құстардың неше түрлі безенуі, жануарлардың дене кұрылыстарының әсемдігі т.с.с. - бәрі де бізді таңғалдырады, өйткені Дүниедегі әр затқа шексіз ақыл-ойдың тудырған идеалды ұғымы сәйкес келеді.
Ғылым мен өнерді салыстыра келе, Шеллинг бірінші орынға өнерді, эстетикалық сананы қояды. Ғылым әрқашанда өнер саласында алғашқы ашылған, сезінілгеннен кейін жүреді. Шеллингтің бұл ойын растайтын бір мысалды келтірейік. 1970-ші жылдардан бастап, бұрынғы кеңес қоғамының құлдырай бастағанын, оның алдағы болашақта тарихи тұйықтыққа келіп тірелетінін алғаш сезінген өнер қайраткерлері болатын. Ал ғалымдарға келер болсақ, олар тек сол қоғам келмеске кеткен уақыттан бастап қана оны сараптай бастады.
Өнер саласының құндылығын Шеллинг генийлердің (genius -лат. сөзі, аса дарынды деген мағына береді) іс-әрекетімен тығыз байланыстырады. Өйткені олар - Абсолюттің құралы, бірақ оны олар сезінбейді. Генийдің өмірі - ерікті де, зардап пен шаттыққа, шығармашылық іс-әрекетке толы. Ол өнер саласында белгілі бір мақсат қойып, оны ертелі-кеш орындайды, дүниеге аскан әсем туынды келеді. Ал бірақ оған ол қандай жолмен, қандай заңдылықтардың нәтижесінде жетті - оны ол көбіне түсіне бермейді. Өйткені өнер кайраткерінің туындысын Дүниеге әкелетін ең терең себеп - ол Абсолюттің өзі.
Алайда гений өз шығармасын тудырып, оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заманғы адамның өміріндегі өнердің рөлі туралы эссе
Бейнелеу өнері пәнін оқыту эстетикалық сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу
Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері. Әдебиет теориясындағы әдеби шығарма, орта және автор мәселелері. Әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы
Қазіргі заманғы адамның өміріндегі өнердің рөлі. Эссе
Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясы
Балалардың музыкалық әсерлерін қорытындылау
Қазіргі заманғы адамның өміріндегі өнердің рөлі жайында
Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
Бейнелеу өнері пәніндегі Натюрморт тақырыбы
Жеке тұлғаға және оның эстетикалық талғамының қалыптасуына қолөнердің әсері
Пәндер