Қазақстанның қазіргі дамуының басымдықтары аясындағы прагматизм философиясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Описание: Описание: Описание: Описание: C:\Users\admin\Desktop\ОБЩАЯ ПАПКА\Лого ЮКГУ новый.jpg

«ЗАҢТАНУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР» ФАКУЛЬТЕТІ

«ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТТАНУ» КАФЕДРАСЫ

№12 БӨЖ

Тақырыбы: Қазақстанның қазіргі дамуының басымдықтары аясындағы прагматизм философиясы

Орындаған: Бектасова Балнұр Мұратқызы

ТП-18-2к1

Қабылдаған: Туркеева Сауле Мырзаханқызы

Прагматизм(pragma - іс-әрекет) - қазіргі заманғы философиядағы субъективті-идеалистік бағыт. Прагматизмді таза АҚШтық философия деп түсінуге болады, ол күні бүгінге дейін АҚШ қоғамында ықпалға ие Американдық төл философия. Прагматизм терминін мәдени айналымға 19 ғ-дың 70-жылдары америкалық философ Ч. С. Пирс (1839 - 1914) енгізді. Прагматизм негізінде ақиқаттың мәнділігі оның прагматикалық тиімділігімен анықталады деген “прагматизм принципі” жатыр. Прагматизм іргелі ақиқатты іздестіру қажеттілігін мойындамайды және абстрактылы философиялық жүйелер жасаудан бас тартады. Мұның орнына ол нақты тәжірибе мен тілге негізделген, өзгеріп отыратын көптеген ақиқаттарды қарастырып, онда ақиқат практикалық нәтижелерінің құндылығына қарай анықталады.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/8/8d/Charles_Sanders_Peirce_in_1859.jpg/220px-Charles_Sanders_Peirce_in_1859.jpg

Прагматизм терминін ғылымға енгізген Чарлз Пирс

Прагматизм бойынша қазіргі заман философиясы екі бағытта дауласуда, бірі рационализм (ақылшылдық), ол идеалды, сезімге бай, ақылға жүгінеді, үміткер, дінге сенеді, еркін ерік-жігерді дәріптейді. Енді бірі, эмпиризм (тәжірибешілдік), олар материалистер, суыққанды, сезімдік танымға мән береді, үмітсіз, атеист, себеп-салдар заңын (детерминизм) ұстанады. Прагматистер осы екеуінің арасынан жаңа жол тапқысы келеді, "тәжірибешілдік ойлау әдісі мен адамзаттық діни сенім дәстүрін лайықты үйлестіруді" дәріптейді.

Прагматистер шындыққа адал болуды жақтайды, бірақ дінге де сын айтқысы келмейді. Егер діндегі кейбір ұғым-түсініктердің тұрмыс үшін құнды екені мойындалса, онда діннің де рас екені дәлелденеді. Олар философиялық ойлауды жеке адамдық өмірдің нақты кешірмесіне дейін төмендетуді дәріптейді, бірақ діни сенімді сақтауды жақтайды. Олар әрі Дарвинизмді жақтайды, әрі дінді жақтайды, олар өздерін плюралистер деп атағанды ұнатады. Дегенмен, мысалы У. Джеймс те, басқа прагматистер де дінді этиканың тағаны деп есептемейді.

Прагматизм себепке қарағанда мақсатқа айырықша мән беруімен ерекшелеенеді. Олардың ойынша адам мақсат үшін өмір сүретін нәрсе. Адамның мақсаты адамның шындығын сомдайтын негізгі тетік. Ендеше мақсатты тану адамды танумен бірдей маңызға ие. Дегенмен, олар мақсат категориясы шегінде қамалып қалмай адамды өз мақсатына тегі қандай әрекет жеткізеді дегенді қазбалайды, мақсаттың адамда сенім болып орнығуына, белгілі бір әрекетте табысқа жеткізетін қозғалыс болып орындалуына айырықша назар аударады. Олардың ойынша ақиқат басқа емес, мақсатты дұрыс танытатын, адамға сенім беретін, практикалық тұрғыда адамды белсенді және табысты ететін білім. Егер кез келген білім адам үшіндік сипатқа ие болмаса, онда оның ақиқаттылығы да күмәнді. Ақиқаттың қайнары мақсатқа талпынған практика, ақиқаттың өлшемі, қозғаушы күші, бәр бәрі практика. Ендеше адамды өз мақсатына ең тез жылдамдықпен, ең қысқа уақытта, ең аз шығынмен, ең ыңғайлы жолмен мақсатына жеткізген нәрсе - шынайы құндылық, шынайы ақиқат. Адам баласы сондай ақиқатқа, құндылыққа талпынуы керек. Жалпы, АҚШ қоғамының табысты өмір салты қалыптастыруының негізгі тетігі прагматизмнің мақсатты негіз еткен өнімді қозғалыс идеясын ұстаным етуіне қатысты деп айтуға болады.

Прагматизмнің негізгі ұстанымдары:

  • білім шындықты меңгерудің құралы, шындықты өзгертуге болады;
  • нақты тәжірибе бәрінен маңызды, ереже мен ұстаным екінші орында;
  • сенім мен түсініктің рас-жалғандығы оның әкелген нақты игілігіне байланысты;
  • ақиқат идеяның табысты түрі, нәтижеге ие ететін, мақсатқа жеткізетін сана қозғалысы;
  • теория әрекеттің болжалды қорытындысы, ол да құрал. Оның құндылығы әрекетті табысты ете алуына қатысты;
  • адамның шындықты түсіндіруі шындықтың адамға пайдасы мен игілік өніміне байланысты;
  • әрекет ережеден маңызды, ол қатып қалған ережені үздіксіз бұзып отырады;
  • ұғымның мәні оның нәтижеге ие етуі, ақиқаттың құны оның қысқа уақытта, аз шығынмен, өте мол табысқа жеткізуі.

Прагматизм - шапшаң әлеуметтік өзгерістер кезеңінде дүниеге келген практикалық философия, ол парасатты ой мен логикалық әдісті практикалық істермен астастыруға тырысып, тәжірибеге жүгінеді. У. Джеймс (1842 - 1910) өзінің “Прагматизм” (1907) атты еңбегінде “Прагматикалық әдіс… әрбір ұғымды тиісті практикалық нәтижелерімен түсіндіруге тырысады. Егер бұл ұғым емес, басқа бір ұғым ақиқат болған күнде де біреу үшін одан қандай практикалық мән болар еді” деген пайымдауды тұжырымдап, бұл философия туралы анық түсінік береді. Джеймс еңбектерінде прагматизм қандай да бір теориядан туатын “практикалық нәтижелерді” салыстыру жолымен филоселосы таласты шешу тәсілі және ақиқат теориясы ретінде тұжырымдалады: ақиқат дегеніміз - “біз үшін тиімді болатын, өмірдің әрбір сәтіне сәйкес келіп, біздің бүкіл тәжірибеміздің жиынтығымен ұштасып жатқан әрекет” дейді. Сөйтіп, прагматизмның “практика” мен ақиқатты субъективті тұрғыдан түсінуі оның ұғымды (идеяны) әрекет “құралы” (Дж. Дьюи) деп, ал танымды субъективтік “ақиқаттардың” жиынтығы (Ф. К. С. Шиллер) деп анықтама беруіне әкеліп тірейді. Бірақ прагматизм практикалық пайдалылық деп объективті ақиқатты практика өлшемімен дәлелдеуді емес, адамның жеке басының субъективті мүддесін қанағаттандыруды түсінеді. Шындықты түсіндіруде Прагматизм эмириокритицизммен үйлес “радикалды эмпиризм” позициясын ұстанады. Прагматизм объективті шындықты “тәжірибемен” барабар деп санап, танымның субектісі мен объектісін бөлуді тек тәжірибе шеңберінің ішінде жүргізеді.

Қазақы прагматизм

Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ХХI ғасырдағы ұлттық сананың өзгеруі бүгінгі қоғам дамуының басты талабы екенін көрсете отырып, оны экономикалық, саяси, рухани дамудың өзегіне, қозғаушы күшіне айналдырудың маңыздылығын атап өткен. Заман талабына сай біртұтас ұлт болу үшін Елбасы рухани жаңғырудың әдістемелік ұстанымдары мен қағидаларын, дүниетанымдық бағыттары мен құндылықтарын саралай отырып, өз көзқарасын оқырман назарына ұсынған

Елбасы «бүгінгі радикалды идеологиялар ғасыры келмеске кетті. Енді айқын, түсінікті және бола­шаққа жіті көз тіккен бағдар­лар керек. Адамның да, тұтас ұлт­тың да нақты мақсатқа жетуін көз­дейтін осындай бағдарлар ғана дамудың көгіне темірқазық бола алады. Ең бастысы, олар ел­дің мүмкіндіктері мен шама-шар­қын мұқият ескеруге тиіс. Яғ­ни, реализм мен прагматизм ғана таяу он жылдықтың ұраны болуға жарайды» деген ойды алға тартады. Сонымен, прагматизм идеологиясы - қазақ қоғамының басты қозғаушы күштерінің бірі, дүниетанымымыздың негізі, іс-қимылымыз бен ұста­ным­дары­мыздың, құндылықтарымыздың темірқазығы. Қысқаша айтқанда, рухани жаңғырудың бағыттарын айқындайтын өмір сүру филосо­фиясы. Ол бәсекелікке қабілет­тілік­тің де, білім сапасы мен сал­та­нат құруын да, жаңа сана үлгісін де, өмір салтымыз бен адами қаты­нас­тарымызды, санамыздың ашық­тығы мен өзгеру бағыты­мызды айқындайтын парадигмаға айналмақшы.

Жалпы, оқырманға түсінікті болу үшін, «прагматизм» ұғымы­на сәл үңілген артық болмас. Прагматизм термині - іс, іс-әрекет дегенді білдіреді. Кейіннен, ХIХ ғасырда, ол америкалық философ Чарльс Пирстің атымен тығыз байланысты болды. Прагматизмді таза АҚШ-тық философия деп түсінуге болады, ол күні бүгінге дейін АҚШ қоғамында ерекше ықпалға ие. Прагматизмнің басты қағидалары: ақиқатты тиімділік тұрғысынан мойындау, нақты тәжірибе бәрінен де маңызды, адам мақсат үшін өмір сүреді, адам бірдеңеге қол жеткізу үшін салыстырмалы білім де жет­кі­лікті, ақиқаттың өлшемі прак­тика, іс-әрекетте жетістікке жету үшін күмәнді еңсеріп, сенімге ие болу, адам ақиқаттан бұрын сенімге ұмтылу керек деген қағи­даларды ұсынады.

АҚШ қоғамының табысты өмір салты негізінде өнімді, тиімді қозғалыс идеясы жатыр. Мұн­дай философияның өзгеріс­тер кезеңінде дүниеге келетінін өмірдің өзі дәлелдеді. Өмірдің әрбір сәтіне сәйкес келу, өмір сүре білу үшін өзгере білу және соған сәйкес әрекет ету, оны ұлт­тың жиған тәжірибесімен ұш­­тас­тыру практикалық фило­со­фияның өзегі десек те бола­ды. Елбасының прагматизм фило­со­фиясына назар аударып отыр­ған­дығының басты себебі де осында болса керек. Мақалада, ұлттың рухани жаңғыруының күре тамыры прагматизм ұстаным­дарының ұлт санасына сіңуімен тікелей байланысты екенін, ол үшін қанымызға сіңген, мен­таль­дық болмысымыздың сипа­тына айналған кейбір дағды­лар­дан арылу қажеттігі туралы ой айтылады. Солардың бірі - аста-төк ысырапшылдық, даң­ғой­лық, астамшылдық. Әу баста, бұл қасиеттен нарық құтқара­ды, ұлтты үнемшіл болуға, байлық­тың құны мен қадір-қасиетін баға­­лауға үйретеді деген ой-пікір­­дің де болғаны белгілі. На­рық заманының ширек ғасы­рын артқа тастасақ та, әлі сол ысы­рап­шылдыққа жол берудеміз. Үнемдеуді үйрене алмай келеміз. Ысырапшылдық - жеке тұлға, ұжым, әлеуметтік топ, тіпті мем­­ле­кет деңгейінде көрініп отыр­ғаны мәлім.

Біздің әлі де болса, еңбекті, бай­­лықты бағалай алмай жүр­гені­міз байқалады. Келген бай­лық адал еңбектің нәтижесі болса, маң­дай теріңмен келсе, мүм­кін ой­ланған болар ма едік? Байлық шашуды емес, жинауды, еселеуді, үнемдеуді қалайды. Бай­лықтың иесі мен киесі болады. Біздегі байлықтардың иесі бол­ған­мен, киесі жоқ. Киесіз байлық кетуге, шашылуға дайын тұрады. Абай сөзімен айтқанда, «иттікпен тапқан малды, адам­шы­лықпен жұмсайтын» уақыт жеткен тәрізді. Бұл - бүгінгі байлықты ұқсату мен жаратудың формуласы. Оның менталдық негізіне жататын қасиеттер - надандық, мақтаншақтық, жалған бақталастық пен бәсекелестік, шек­тен шыққан тұтынушылық пси­хология. Бұл жағымсыз қасиет жеке бастың деңгейі­нен асып, қоғамдық нормаға айна­лып бара жатқаны да белгілі. Руха­ни жаң­ғырудың менталдық кедер­гілері де осында.

Елбасының прагматизмнің жарқын үлгілерін бабаларымыз­дың өмір салтынан іздеп, оны бүгінгі өскелең ұрпақтың мі­нез-құлықтық негізі, іргетасы ретін­де қалыптастыру, бүгінгі ұлт­тық идеологияның басты ба­­ғыт­тарының бірі екенін баса көр­сетуі өте орынды. Ұлт мента­ли­тетінде өзіндік орны бар құнды­лық­тардың бірі үнемшілдік, қана­ғат­шылдық. Соңғысы астам­шыл­дық пен ысырапшылыққа жол бер­меудің тегеріштері, тос­қауыл­дары. Кезінде Макс Вебер өзінің «Протестанттық этика және капитализм рухы» атты еңбегінде ысырапшылдық пен астамшылдыққа жол бермеуді протестанттық этикадан ізде­гені белгілі. Еңбекқорлық, тәр­тіп адалдық, үнемшілдік кәсіп­­керліктің рухани негізі ре­тінде қарастырылып, олар­ды протес­тантизм дінінің өрке­ниет­тік дамуға қосқан үлесі ретін­де қарас­тырды. Адамдар бо­йы­н­дағы еңбекқорлық пен үнем­шіл­­дікті тек протестанттық діни эти­ка қалыптастырды десек ар­тық айтқан болармыз. Осындай ас­там­­шыл пиғылы үшін кезінде Макс Вебердің жоғарыда аталған еңбегін Люк Болтански, Эв. Кьяпелло, Хенрик Гроссман сын­ға алған болатын. Олай бол­са, еңбекқорлық, үнемшілдік, тәртіп, адалдық, кімге де болса ортақ қасиет. Ұлт мәдениеті неғұр­лым осы жоғарыда аталған құн­ды­лық­тарды адамдар іс-әре­кетінің негізі ретінде қалып­тастыруға ұмтылса, ықпалы мен пәрмені күш­ті болса, саналы түрде бағыт­тал­са, аталған құндылықтар сол­­ғұр­лым адамдар санасы мен мі­нез-құлқында көрінері сөзсіз. Ел­ба­сы­ның ұлт менталитетінсіз, мә­де­ниетінсіз жаңғыру дегеніміз құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай деп отырғаны да осы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Прагматизм туралы түсінік
Қысқаша айтқанда, рухани жаңғырудың бағыттарын айқындайтын өмір сүру философиясы
Қазақы прагматизм
Қазақстанның қазіргі дамуының басымдықтары аясындағы прагматизм философиясы туралы
Қазақстанның қазіргі даму басымдықтары
Қазақстанның сыртқы саясаты тұжырымдамасы (талдау, сипаттамасы)
Ұлы дала оқу пәнінің мақсат, міндеттері және қызметі
ПРЕЗИДЕНТТІК ДИПЛОМАТИЯ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСИ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ
Кәсіпқой мемлекет
ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНДІК МӘРТЕБЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz