Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіне жалпы сипаттама
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіне жалпы сипаттама.
Мемлекеттің пайда болуы.
Кеңестік жүйе құлауының нәтижесінде Қазақстан Республикасы өз егемендігін алып, халықаралық қоғамдастықтың тең құқылы мүшесіне айналу мақсатында бірқатар шаралар атқарыла бастады. Бұл кезеңде 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы және 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы конституциялық заңдарынан соң 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан тарихында Жоғарғы Кеңес тәуелсіз Республиканың бірінші Конституциясын қабылдады.
Егеменді Қазақстанның бірінші Конституциясының ең алдымен өте үлкен моральдық-саяси маңызы болды. Қазақстан көп ғасырлардан кейін бірінші рет біртұтас, егеменді, демократиялық мемлекет деп жарияланды. Сонымен бірге бұл Конституция жаңа заман өзгертулерімен байланысты жақын маңдағы міндеттерді, сондай-ақ шешіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси проблемаларды заңдастыруға бағытталған өтпелі кезеңнің Негізгі заңы ретінде қарастырылады.
Сондықтан, тәуелсіздік жылдары кезінде қабылдаған конституциялық заңнаманың негізгі идеялары қорытылып, 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда тәуелсіз Қазақстанның екінші конституциясы қабылданды.
Жалпы, мемлекеттік конституциялық заңнаманың дамуы өте күрделі процесс. Жаңа мемлекет құру, өтпелі кезеңде өмір сүру тек бір ғана конституциялық актіні қабылдатып қоймайды. Қазақстанның конституциялық заңнамасы әлі де жетілу үстінде және көп мәселелерге жаңаша қарауды талап етеді.
Осыған орай Қазақстан Республикасында жаңа ұлттық құқықтық жүйе құрылып жатыр. Бұған мемлекетіміздің тәуелсіздік алғаннан кейін құқықтық реформа жүзеге асырыла бастаған алғашқы жылдары қабылданған барлық бағдарламалық құжаттар бағытталған. Бұл құжаттардың ішіндегі ең маңыздылары ретінде 1994 жылғы 12 ақпандағы Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын және Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасын туралы 2009 жылғы 28 тамыздағы Жарлығын атап өтуге болады.
Қазіргі таңда еліміздің құқықтық даму саясаты саласында, оның ішінде ұлттық заңнаманы жетілдіру ба - ғытында жаңа мақсат-міндеттерді көздеп отырған Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасының маңызы өте жоғары. Құқық қорғау мен сот жүйесін дамыту, сондай-ақ бүгінгі әлемдік тәжірибені ескере отырып, құқықтық-демокра - тия - лық қоғам құру осы тұжырым - даманың басты мақсаты болып табылады.
Жаңа Құқықтық саясат тұжырымдамасының маңызының жоғарылығын Елбасының өзі де төртінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің үшінші сессиясын ашу барысындағы сөзінде оның қағидаларының негізінде қа - зақстандық заңнаманы жаңалау, заң шы - ғару үдерісін нығайту, оның сапасын арттыру керектігін айтуы дәлелдейді.
Бұл құжат тұтас мем - лекеттік институттар мен білікті мамандардың бірлесе отырып жасаған тұжырымдамасы. Оны қабылдаудағы басты себеп - - 2002 жылғы ескі тұжырымдаманың өзіне жүктел - ген міндетті толығымен атқарып, мақсатын абыроймен аяқтауы. 2002 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы елдің 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық жүйесі дамуының негізгі бағыттарын айқындады. Өткен жылдары мемлекеттік және қоғамдық институттардың қарыштап дамуына ықпал ететін, Қазақстанның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін бірқатар аса маңызды заңнамалық актілер қабылданды. Тұжырымдаманы іске асырудың басты қорытындылары ұлттық заңнаманың негізгі салаларының (конституциялық, әкімшілік, азаматтық, банктік, салық, қаржы, кеден, эколо - гиялық, қылмыстық, қылмыстық-іс жүргізу, қылмыстық-атқарушылық заңнама) айтарлықтай жаңаруы болды. Яғни, 2010 жылға дейінгі тұжырымдама арқылы тәуелсіз Қазақстан заңнамаларының негізі қаланды. Ал кезекті тұжырымдаманың мақ - са - ты оны тереңдетіп, кейбір сала - лардың қатынастарын на - рықтың қажетті бағыттарымен жіберу
Жаңа стратегиялық құжатты - 2002 жылдан бері қолданыста болып келген осындай тұжырымдаманың заңды жалғасы болып табылады десе де болады, ал ол кезеңнің құқық саясатының басты нәтижесі - ұлттық заңнаманы түбегейлі реформалау, оны озық әлемдік стандарттарға жақындату болғаны белгілі. Бұл кезеңде елімізде зайырлы, құқықтық, демократиялық мемлекет пен қоғамның нормалары, барлық құқық қолданушы жүйені, әсіресе қылмыстық жазаны қолдану мәселелерін ізгілендіру қағидалары заң және іс жүзінде орнықты. Бұл ретте отандық қылмыстық кодексте өлім жазасы қарастырылған санкцияларды елеулі қысқартып, жазаның осы түріне мораторий енгізуді еске алсақ та жеткілікті сияқты. Сонымен бірге 2002 жылдан бастап барлық нормативтік базаны жүйелеу жөнінде кең көлемдегі жұмыстар жүзеге асырылып, еңбек, бюджет, жер, экология, салық сияқты республикамыздың аса маңызды кодекстері жасалып, бекітілді. Сондай-ақ, еліміз үшін соны жаңалық болып табылатын Адам құқықтары жөніндегі өкіл институты жұмысын сәтімен бастап, сот реформасы түбегейлі жүргізілді.
Алайда өмір бір орнында тұрмайды. Барлық құқықтық саланың одан әрі дамуы, әртүрлі мемлекеттік және құқыққорғау органдарының қызметтерін үйлестіріп отыру, сот жүйесін жетілдіру - елімізде құқықтық саясаттың жаңа тұжырымдамасын қабылдау қажеттігін алға тартты. Және де оны 2020 жылға дейін он жылға бірақ жасау керек болды. Осы стратегиялық құжатты бекіткен кезде Мемлекет басшысы бәрінен де бұрын жалпы мемлекет пен оның азаматтарының игілігін көздегені анық. Тұжырымдама барлық норма жасау үдерісінің сенімді қағидаттарын қарастырған. Қолданыстағы заңдарды жүйелеу, оларды топтастыру, ескірген және қайталайтын нормалардан арылту жөніндегі жұмыстар да, сол сияқты сілтеме нормаларды неғұрлым азайтып, тікелей қолданылатын заңдарды қабылдау тәжірибесін кеңейте отырып, ішкі қарама-қайшылықтарды жою да осыған жатады.
Бұл үдерістегі соны жаңалықтың бірі азаматтар мен бүкіл қоғамның мүддесін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz