Қазақстан Республикасының Конститутциясы - негізгі ата заңымыз


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Конститутциясы-негізгі

ата заңымыз

Еліміз тәуелсіздігін алған тұста Ата Заңның міндетін Қазақ КСР-ның 1978 жылы қабылданған Конституциясының ескірген нұсқасы атқарған болатын. Сол кездерде қоғамымыздағы жүргізіліп жатқан реформалар үшін бұл Конституция жеткілікті мөлшерде жауап бере алмады. Дүниежүзілік кеңістікте өз орнын табуға талпынған жаңа тәуелсіз мемлекет табысты түрде алға қарай жылжу үшін ескі құқықтық жүйенің заман талабына сай келетін жаңа негіздермен ауыстырылуын қажет етті.

Қазақстанның алғашқы Конституциясын дайындап, талқылау кезінде еліміздің мемлекеттік-саяси құрылымының негізін қалайтын қағидаттарға байланысты саяси пікірталастар болды. Өтпелі кезеңді басынан өткеріп отырған елдің трансформациясының тез әрі ауыр өтуі жағдайды қиындата түскен еді

Конституциялық комиссия дайындаған Конституция жобасы Жоғарғы Кеңестің депутаттары тарапынан бірнеше күн бойынша жұртшылықтың алдында (талқылаулар теледидар арқылы бүкіл елге көрсетілді) талқыланғаннан кейін 1992 жылы 2 маусымда бірінші оқылымында қабылданды. Бір аптадан кейін жоба халықтың талқылауы үшін республикалық және облыстық газеттерде жарияланды. Конституция жобасын бүкілхалықтық талқылау 1992 жылдың желтоқсанына дейін жалғасты. 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі жеке дауыс беру жолы арқылы көпшіліктің даусымен Қазақстан республикасының алғашқы Ата Заңын қыбалдады (1 адам қалыс қалды, 2 адам қарсы дауыс берді)

1993 жылғы Конституция Қазақ КСР-ның демократиялық өркениетті мемлекетке көшуінің қажет екендігін көрсетті. 1993 Конституция ұлттық-мемлекеттік тәуелсіздікті құрудың негізін қалап қана қойған жоқ, сонымен қатар мемлекеттік-басқару жүйесінің құрылымдық реформаларының бастауы болды

Конституция төрт бөлім, 21 тарау, 131 бап пен өтпелі кезең ережелерінен тұрды. Бұл құжатта конституциялық құрылымның негіздері бекітілді. Қазақстан Республикасы - барлық азаматтарының құқықтық теңдігін қамтамасыз ететін демократиялық, зайырлы және біртұтас мемлекет деп танылды. Халықтың атынан билік жүргізу құқығы өздерінің конституциялық өкілеттігі шегінде Жоғарғы Кеңес пен Президентке берілді

Бұл Конституцияда он екінші шақырылымдағы Жоғарғы Кеңестің өз өкілеттілігін сайланған мерзімі аяқталғанға дейін атқаратыны бекітілді

1993 жылғы Конституция Президенттің позициясын айтарлықтай күшейтті. Бұл құжаттың қабылдануымен Президент тек қана мемлекеттің емес, сонымен қатар елдің атқарушы билігінің бірыңғай жүйесінің басшысы болды. Конституцияда Қазақ КСР-ның заңнамасына сәйкес сайланған Қазақстан Республикасының Президенті мен Вице-Президентінің өз өкілеттіктерін кезекті президент сайлауына дейін сақтайтындықтары ерекше көрсетілді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Конституциясының президент лауазымына қатарынан ең көп екі мәрте сайлана алатыны туралы ережесі Қазақстан республикасының Президенті үшін-де күшінде болды. Президент Жоғарғы Кеңестің келісімін алып барып қана Премьер-Министр лауазымын және басқа мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларын бекітіп, қабылданатын заңдарға қол қоя алатын еді.

Қазақстан Республикасының Министрлер кабинеті бұл Констиитуция күшіне енгеннен кейін өз өкілеттіктерін сақтап қалды: жаңа кабинет құрамын құру өкілеттігі-де сақталды. Министрлер кабинеті Республика Үкіметі деп танылып, мемлекеттік басқару мәселелерін шешу құқығына ие болды. Үкімет Қазақстан Республикасының Президенті мен Жоғарғы Кеңесінің алдында жауап берді. Жоғарғы Кеңес Қазақстан Республикасы Президентіне берген есебін тыңдап болғаннан соң Министрлер кабинетінің кез-келген мүшесін мерзімінен бұрын лауазымынан босату туралы мәселе қоя алатын

Қазақстан Республикасының Конститутциясын қорғау жөнінде сот билігінің жоғарғы органы болып Конституциялық Сот есептелді

Мемлекеттік басқару жүйесінің орталық сегменті бойынша билікті үш тармаққа бөліп, Жоғарғы Кеңесті жаңа мемлекеттік құрылым жүйесіне бейімдеу үдерісі жүргізілді. Яғни, Жоғарғы Кеңес тек қана заң шығарушы органға айналды. Жоғарғы Кеңестің өкілеттіктері жеткілікті мөлшерде кең ауқымда болды, ол президент пен атқарушы биліктің жұмыстарына араласа алатын. Бұл жағдай билікті тармақтарға бөлу принципіне сәйкес келмейтін және 1993 жылғы Конституцияда Жоғарғы Кеңестің өкілеттіктерінің шегі анық емес еді.

Кейіннен 1993 жылдың Конституциясы мемлекеттік құрылымды жетілдіріп, әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды дамыту жолында құқықтық кедергіге айналды. 1994-1995 жылдардың арасында орын алған парламенттік дағдарыс Қазақстанның саяси жүйесінде ескіліктің орын алып отырғанын көрсетті. Жоғарғы Кеңес пен президент институты арасындағы антогонистік қайшылықтардың болуы президенттің елді басқару міндетін өз қолына алып, қоғамда демократиялық қатынастарды орната алатынын дәлелдеді.

1995 жылы көктемде жаңа конституцияны дайындау жұмыстары басталды. Еліміздің заңгерлеріне заман талаптарына жауап беретін жаңа конституция жобасын дайындау міндеті қойылды. Құқықтанушылар мен заңгерлерден құралған команданың құқықтық мемлекеттің саяси жүйесін жаңғырту үшін негіз бола алатын конституцияның тиімді жобасын дайындау жұмыстары күтіп тұрған еді.

Құрамына қазақстандық құқықтанушылардан басқа екі француз саясаткері-де кірген Сараптамалық-консультативтік кеңес конституцияның алғашқы нұсқасын сараптау нәтижесінде оған елеулі өзгерістер жасады. Жобаға жасалған пысықтаулардың нәтижесінде конституция мемлекет басшысына маңызды өкілеттіктер беретін деголлдік президенттік республиканы бекітті.

1995 жылы 30 тамызда «Жобасы 1 тамыздағы басылымдарда жарияланған Қазақстан Рсепубликасының жаңа конституциясын қабылдайсыз ба?» сұрағы бойынша жалпыхалықтық референдум өткізілді

1995 жылы өткізілген дауыс беру нәтижесі бойынша, қатысушылардың 89 пайызы жаң Конституция үшін дауыс берді

Конституцияның негізін Жалпыға ортақ адам құқықтары жөніндегі декларацияда, Экономикалық, әлеуметтік, және мәдени құқықтар жөніндегі халықаралық пактіде, Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактіде бекітілген құқықтық ережелер құрады.

Қазақстан республикасының 1995 жылғы Конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Қазақстан Республикасының демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екендігі, мемлекеттің ең жоғарғы құндылығының адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандығы екендігі нақтыланған.

1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы - Сенат, төменгі палаталы -Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.

Конституция құрылымы

I бөлім. Жалпы ережелер

II бөлім. Адам және азамат

III бөлім. Президент

IV бөлім. Парламент

V бөлім. Үкімет

VI бөлім. Конституциялық кеңес

VII бөлім. Соттар және сот төрелігі

VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер

Жаңа Конституция мемлекеттіктің табиғаты жөніндегі мәселелерді түбегейлі шешті. Биліктің бірден-бір көзі болып Қазақстанның халқы танылды. Қолданыстағы Конституцияда алғашқы рет «Қазақстан - ежелден келе жатқан қазақ жерінде оның халқы тарапынан құрылған мемлекет» екендігі бекітілді. Осы көзқарастың арқасында ұлттық мемлекет идеясы азаматтық қоғамды құруға және мемлекеттік механизмнің тиімді жұмыс істей бастауына мүмкіндік берді. 1995 жылдың Конституциясы мемлекеттің президенттік басқару жүйесіне өтуін заң бойынша бекітті, осыған орай Қазақстандағы билік өкілеттіктерін бөлу схемасы түбегейлі түрде өзгеріске ұшырады. Бұл схема бойынша президенттік билік айтарлықтай күшейді, мұның әсерін билік өкілеттіктерінің орталықтандырылуынан көруге болады.

Конституцияға тағы бір жаңалық енгізілді. Бұдан былай жергілікті өкілдік етуші және атқарушы органдар жергілікті мемлекеттік басқаруға қарайтын болды.

Конституцияда бекітілген құқықтық нормалар 1998 жылы саяси жүйенің жаңғыртылуы жолындағы маңызды бір қадам болып есептелетін жаңа түзетулердің енгізілуіне мүмкіндік берді. 1998 жылы 7 қазанда бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының біріккен отырысында Қазақстан Президенті «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертуле мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын оқыды.

Бұл түзетулерге сәйкес елдің саяси өмірінде Парламенттің ролі айтарлықтай күшейтілді, екі палатаның спикерлерінің статустары көтеріліп, олар мемлекеттік иерархия бойынша Премьер-Министрден жоғары тұратын болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы Конститутциясының дамуының негізгі кезеңдері
Азаматтық заңнаманың түсінігі мен жүйес
ҚР азаматтық заңнаманы құрайтын заңдар мен нормативтік актілер
Азаматтық құқық бастаулары
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығына жалпы сипаттама.
Ата заңым айбыным
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы
Ата Заң - Тәуелсіздігімнің айғағы (эссе)
«Қасымханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Әз Тәуке ханның «Жеті жарғысы». Үндістандағы «Ману заңы»
1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы және оның тарихи маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz