Еңбек құқықтары туралы


Еңбек құқығы - бұл құқық саласы ретінде нормалар мен тәртіп жиынтығы. Олар мемлекетте енбек қатынастарын реттейді. Еңбек құқығының қайнар көздері болып ҚР Конституциясы мен ҚР Еңбек Кодексі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 24 бабының 1 тармағына сәйкес “әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар».
Еңбек құқығының пәніне өндірістік қызметте жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдаланудан туған қоғамдық қатынастар., яғни еңбек қатынастары мен олармен тығыз байланысты еңбектік емес қатынастар жатады, соңғыларына
а) ұйымдық басқару қатынастары;
ә) қызметке орналасу мен қызметті қамтамасыз ету қатынастары;
б) өндірісте мамандарды тікелей дайындау;
в) зиян орнын толтыру;
г) еңбек дауларын қарау бойынша процесуальдық қатынастар;
д) еңбекті қорғау және еңбек заңын сақтау бойынша қатынастар жатады.
Еңбек құқығының қағидалары:
1. Еңбек шартының бостандығы;
2. Жұмысқа негізсіз қабылдамаудан және жұмыстан заңсыз шығарудан қорғау;
3. Еңбектің саламатты және қауіпсіз талаптарын қамтамассыз ету.
4. Мемлекетпен белгіленген ең төменгі жалақы мөлшеріне құқық;
5. Еңбек күнін заңдық шектеу, демалыспен қамтамасыз ету;
6. Заңмен бекітілген жеңілдіктермен еңбекті біріктіру;
7. Еңбек тәртібін жұмысшылардың сақтауы, мекеме мүлкін сақтау;
8. Ауыру, мүгедектікке шығу, қамқоршысынан айырылу кезінде әлеуметтк қамтамасыз ету. Жас бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру;
9. Өндіріс басқаруында еңбек ұжымының және жұмысшылардың қатысуы;
Еңбек құқығының қайнар көздеріне Конституция, ҚР «Еңбек туралы» заң және еңбек шарттары, т. б. актілер жатады. Еңбек шарты (контракт) - жұмыс беруші (мекеме) мен еңбекші арасындағы шарт. Ол бойынша жұмысшы еңбек етуге, еңбек тәртібіне бағынуға тиіс, ал жұмыс беруші (мекеме) еңбекақы төлеуге, еңбек жағдайын қамтамасыз етуге міндетті. Еңбек шартының талаптары; 1) қажетті талаптар, яғни, а) қабылдану бойынша өзара келісім мен жұмыс орны туралы келісім; ә) жұмысының еңбек функциясы туралы талап; б) жұмыстың басталу сәті, ал қысқа мерзімділер үшін жұмыстың аяқталу сәті де; в) еңбекақы төлеу шарттары туралы талаптар. 2) факультативті (қосымша, толықтырма) талаптар - бұлар еңбек шартын жасау фактісіне әсер етпейді. Тағайындалуы бойынша әртүрлі болады. Мысалы, жұмысты орындау тәртібін қосымша регламентациялау, міндеттер көлемін нақтылау, мамандық пен лауазымды сәйкестендіру, сынау мерзімі және т. б.
Жеке еңбек келісім-шарты - бұл жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы келісім. Яғни, келісім бойынша жұмысшы өзінің мамандығы, квалификациясы бойынша еңбекті орындауы және ішкі еңбек тәртібін бұзбауы қажет. Ал, жұмыс беруші өз тарапынан жұмысшыға еңбек жасауға жағдай туғызып, уақтылы айлығын төлеп беруі қажет. Жеке еңбек келісім-шарты мына негіздерден тұрады- тараптардың реквизиттері ( жұмыс берушінің толық ақпараты, заңды тұлғаның орналасқан жері, жұмыс берушінің, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының номері мен тіркеу күні, еңбек функциясын ( арнайы мамандық, мамандығы бойынша жұмыс), жеке еңбек келісім-шартының мерзімі, еңбек жауапкершілігінің басталу мерзімі, еңбек жағдайының сипаттамасы, жұмысшылырдың кепілдігі мен төлемдері, жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі, жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері, жұмысшының құқықтары, жеке еңбек келісім-шартын өзгерту, бұзу мен ұзартудың тәртібі.
Келісім шартты құрғаннан кейін жұмыс беруші жұмысшыны жұмысқа алу туралы бұйрық шығарып, оны жұмысшыға қол қойдырып таныстыруға міндетті. Жұмысқа алу туралы бұйрықта жұмыс беруші міндетті түрде жұмысшының жұмысқа кім ретінде қабылданғандығы көрсетілуі тиіс ( яғни, қызметі, квалификациясы, мамандығы көрсетілуі тиіс), қандай мерзімге және қандай уақыттан бастап жеке еңбек келісім шартын, кей жағдайларда жұмыс беруші еңбек ақысының мөлшерін көрсетуі мүмкін. Жұмысшыға еңбек ақысы жұмыс берушінің қалауынша белгіленеді, бірақ ол ҚР заңдарында белгіленген ең төменгі еңбек ақысынан кем болмауы қажет.
ҚР заңдарымен жеке еңбек келісім шартының үш түрі көзделген 1) белгісіз мерзімге құрылған жеке еңбек келісім шарты, 2) белгілі бір уақытқа құрылған жеке еңбек келісім шарты 3) жұмысшының жоқ болуына байланысты уақытша жұмыс істеу немесе белгілі бір жұмысты орындау үшін құрылған жеке еңбек келісім шарты.
Еңбек шарты тек жазбаша жасалуы тиіс. Еңбек шартының тоқтатылу негіздері; 1) жақтардың өзара еркі арқылы (мысалы, тараптар келісімі басқа жұмысқа жұмысшы келісімімен ауыстыру, сайланбалы лауазымға ауысу) 2) әкімшіліктің инициативасы бойынша; 3) жұмысшы өтініші бойынша; 4) өзгенің инициативасы бойынша (әскерге шақыру, кәсіподақ органының талабымен жұмыстан босату, сотталғанда заң үкімінің күшіне енуі) .
Жұмыс уақыты еңбектің экстенсивті мөлшері болып табылады. Оның мынадай түрлері бар:
1) қалыпты жұмыс уақыты (заңмен бекітілген ортақ, жалпы жұмыс уақыты) - аптасына 40 сағат;
2) қысқартылған (заңмен қарастырылған жағдайда тағайындалады) - аптасына 36 сағаттан аспау керек. Бұл уақыт кәмелетке толмағандарға, зиянды, ауыр жағдайда жұмыс істейтіндерге, жекелеген жұмысшылар категориясына (мұғалімдер, дәрігерлер және т. б) ;
3) толық емес, яғни тараптар келісімі бойынша жүктеме бекітілетін және еңбекақы істеген уақытқа пропорционалды түрде төленетін жұмыс уақыты;
4) нормаланбаған жұмыс күні - қызметтің ерекше қажеттілік жағдайында атқарылатын уақыты. Ол қалыпты және қысқартылған жұмыс уақытымен істейтіндерге қолданылуы мүмкін.
Жұмысты уақыттық жағынан шектеу - еңбек құқығының қағидасы. Оған сәйкес мынадай жалпыға ортақ демалыс түрлері бар: а) жұмыс уақытындағы үзілістер; ә) күнаралық үзілістер; б) апта аралық демалыс күндері; в) мейрам күндері; г) жыл сайынғы демалыс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz