Мектеп жасына дейінгі балаларда өлшеу әдістері туралы идеяларды қалыптастыру
Тәжірибелік жұмыс №8
Мектеп жасына дейінгі балаларда масса және оны өлшеу әдістері туралы идеяларды қалыптастыру.
Балалардың заттың массасын сенсорлық негізінде қабылдау ерекшеліктері
Мақсаты: студенттерге мектеп жасына дейінгі балаларда масса және оны өлшеу әдістері туралы түсінік қалыптастыруға қалай үйрету керек.
Бірінші кезеңде (орта топ) заттардың массасын сөздермен анық білдіру және ажыратуға үйрету қажет (ауыр-жеңіл, ауырырақ-жеңілірек), заттарды алақанда өлщеу арқылы салытыру және тексеру рационалды тәсілдерімен таныстыру.
Екінші кезеңде (орта және ересек топ) бірнеше заттар арасында қатынасты анықтауға үйрету, массасының өсу немесе кему ретінде тізбекке реттеп қою(сериационный тізбек құру).
Үшінші кезеңде (мектепке даярлық топ) балаларды жалпы қабылданған шамамен және массаны өлшеу тәсілімен таныстыру, бастапқы өлшеу білігін қалыптастыру.
Орта топ балалары салыстыру үшін үлгіні өлшеуіш ретінде қабылдайды; заттардың арасындағы масса бойынша қатынасты белгілейді: ең ауырын (жеңілін) таңдап, заттарды бірінің астына бірін берілген сапасы бойынша қояды.
Үш затты массасы бойынша салыстыруда, біреуі үлгі қызметін атқарады. Ретімен қою нәтижесі ауырырақ - жеңілірек сөзімен анықталады. Бұл тапсырманы орындаудың тиімді тәсілі үлгімен барлық заттарды салыстырып, осының негізінде олардың қайсысы жеңіл, қайсысы ауыр немесе бірдей екенін анықтау болып табылады.
Бала мұндай жұмыстың арқасында заттың көптеген белгілерінің арасынан массасын анықтап, оны жинақтай бастайды. Заттарды берілген белгілеріне байланысты реттеу және топтастыру үшін жағдай жасалып, осының өзі жұмыстың келесі кезеңі деп аталады.
Заттарды олардың массасына қарай өсу немесе кему ретімен қою, яғни реттеу, сериациялық ретпен орналастыруға байланысты тапсырмаларды орындауды орта мектеп жасына дейінгі кезеңде бастауға болады, бірақ көбінесе олар ересек топтарда орындалады.
Массаның инварианттылығы туралы түсінік қалыптастыру
Таразының көмегімен массаның инварианттылығы туралы түсінік қалыптасады. Мысалы, балшық бөлшегінен көлемі бойынша бірдей екі дөңгелек жасау ұсынылады. Олардың теңдігі тостаған таразыыда өлшенеді. Сосын дөңгелектердің біреуінен балалар ұзын сәбіз, таяқша, шұжық жасайды. Таразының бір тостағанына жасалған затты, екіншісіне дөңгелекті қояды. Тостағандардың теңдігі балаларға массаларының бірдей екенін көрсетеді. Заттың пішінін бірнеше рет өзгертіп, таразының көмегімен массаның инварианттылығын дәлелдеуге болады. Бірдей болу себебі, біз балшыққа ештеңе қоспадық та, алмадық та, -дейді балалар. Балшық бөлшегі солай қалып, тек қана пішіні өзгереді: бірде дөңгелек, бірде таяқша, бірде сәбіз, - дейді тәрбиеші.
Балалар тәжірибеде мынадай қорытындыға келеді: затты қайта жасау оның сыртқы түрін өзгертіп, массасын өзгеріссіз қалдырады.
2. Математикалық ұғымдардың бірі - көлем. Көлем туралы нақты
түсініктер: ұзындық, алаң, көлемі, өлшем, жылдамдық т.б. Белгілі бір өлшемді
белгілеп алады: мысалы: құмды, суды өлшеу үшін стақанды өлшем бірлігі
ретінде алу т.с.с. өлшем бірлігі санмен белгіленеді. Көлемді өлшеудің міндеті көптеген заттардың сандық мөлшерін анықтау. Балабақша бағдарламасында
мектеп жсына дейінгі балалардың заттардың көлемі, оны өлшеу тәсілдері
жөнінде білім беру қарастырылады.
Көлем сөзі 2 ұғымды білдіреді, яғни
математикалық көлем, заттардың кеңістіктегі белгісі заттардың көлемін толық
және дұрыс бағалауда онің жеке белгілерінің де алатын орны зор
Заттардың көлемі туралы түсінік қалыптастырудың жөнін анықтау мектеп
жасына дейінгі балалардың көлем туралы түсінігін дамыту балабақшаның
тәрбиелеу, білім беру міндеттерінің бірі болып саналады. Мектепке дейінгі
мекеменің басты мақсаты баланы мектепке дайындау болса, оның негізгі бір
саласы қарапайым математика түсініктерін қалыптастыру болып табылады
Кез келген заттың толық және дұрыс сипаттамасын беру үшін заттың
көлемін анықтау үлкен мәнге ие. Заттың қасиеті ретінде көлемді ерекшелеп,
оның атын атау затты тану үшін ғана емес, сонымен қатар, заттар арасындағы
қатынасты түсіну үшін қажет. Қоршаған орта туралы балаларда түсініктерінің
қалыптасуына ықпал етеді. Заттың көлемін анықтау баланың ақыл ойының
дамуына тікелей әсер етеді, салыстыру, топтастыру, өлшемді математикалық
түсінік ретінде қабылдауға және баланы мектепте математиканы игеруге
дайындайды.
Заттың көлемі - бұл оның салыстырмалы сипаттамасы, жеке бөліктердің
ұзындығын көрсететін және оның біртекті заттар арасындағы орнын
анықтайды. Көлем заттың қасиеті болып табылады.
Заттың көлемі кеңістіктегі айнасының белгісі ретінде қабылдаумен,
сенсорлық процестің маңызды бөлігімен байланысты. Ол объектіні зерттеуге,
тануға, оның ерекшеліктерін айқындауға бағытталған. Бұл процесте әртүрлі
анализаторлар қатысады: көру, есту, сипап сезу, қимылдық, әсіресе қимылдық
анализатор басты рөлде ойнайды. Олардың өзара жұмысында заттың көлемін
адекватты қабылдауға жағдай жасайды. Заттың көлемінің айнасын тек
қабылдаудың мәселесі ретінде қарастырмау керек. Бірдей деңгейде ол ойлау
мәселесі ретінде қарастырылуы қажет.
Заттың көлемін анықтау, бір жағынан, сенсорлық негізде жүзеге асса,
екінші жағынан, ойлау мен сөйлеу арқылы жүзеге асырылады. Заттың өлшемін
адекватты түрде қабылдау заттарға практикалық жұмыстың жасалуына,
көзмөлшерді дамтыуға, бұл процеске сөздерді қабылдау, ойлау процесстерінің:
анализ және синтездің де қосылуына да байланысты.заттың қасиеті өзгерістерге
ұшырамай өлшемі өзгеруі мүмкін.
Ұзындық - бұл заттардың өлшемдің сызықтық сипаттамасы.кез келеген
заттардың ұзындығын көзмөлшермен өлшеуге болады, беттестіру не
сәйкестендіру арқылы. Мұнда көзмөлшермен не нақты, не бір заттан екінші
заттың қаншалық ұзын екендігін анықтауға болады.
Масса - бұл заттың физикалық қасиеті, өлшеу арқылы жүзеге асатын.
Заттың массасын заттың салмағынан ажырата білген жөн. Бала
терминологияны дұрыс меңгеру үшін: заттың массасы деп үнемі айтқан
абзал. Затты арнайы өлшеуден басқа қолмен көзмөлшермен анықтауға
болады(барикалық сезім).
Сыйымдылық - бұл сұйықтықтың көлемінің өлшем бірлігі.
Аудан - бұл пішіндердің жазықтықта орнын анықтау қасиеті.
Уақыт - бұл процесстердің өту ұзақтығы.
Жылдамдық - бұл дененің белгілі уақыт аралағында жүру жолы.
Тәжірибелік жұмыс №9
Тақырып 9. Балалардағы геометриялық көріністерді қалыптастыру.
Балалардың нысандар мен геометриялық фигуралардың пішінін қабылдау ерекшеліктері. Геометриялық фигуралар.
Мақсаты: студенттерді балаларда геометриялық фигураларды қалыптастыруға үйрету.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. - Балалардың нысандар мен геометриялық фигуралардың пішінін қабылдау ерекшеліктері қандай?
2. - Балаларда геометриялық фигуралар туралы идеяны қалай дамытуға болады?
Геометриялық фигуралар туралы түсінік қалыптастыру
Геометриялық фигуралар жайындағы мәліметті балалар алғаш рет ойынан алады. Оқу жылының басында топқа шар, құрылыс материалдарын, мозайкалар т.б. енгізеді. Балалармен ойнай бастаған педагог геометриялық фигуралардың дұрыс атын атайды.
Бұл уақытта баланың қабылдауын дамыта түсу керек, әр түрлі формалар туралы түсінік жинақтау керек. Алғашқы жастағы топта баланың шар және төртбұрышты ажырата білуді үйретеді. Бірақ кейбір балалар екінші кіші топқа алғаш рет келуі болады, сондықтан сабақты фигуралармен таныстырудан бастау керек. Кішкентайлар тобымен жұмыс істеген тәрбиеші шарды атап, оны атап көрсетеді, әр түрлі қимылдар жасап қолдан-қолға домалатады. Екі алақанымен дөңгелетеді, үстел үстінде дөңгелетеді, қимыл барысында тәрбиеші сөйлеп айтады: шар домалап жатыр. Мен шарты қолдан-қолға домалаттым. Балалар қолдарына шар алып дәл осы әрекетті қайталайды, кейін кімнің шары қандай түсте екенін анықтайды. Қорта келе, қолда қызыл шар ол домалап жатыр. Балаусада көк шар домалап жатыр. Мұхаметжанда жасыл шар ол да домалап жатыр барлық шарлар домалап жатыр.
Кейін балаларды кубпен таныстырады. Оларда заттың көлемін зерттеу тәжірибесі болғандықтан әр түрлі өлшемдегі кубтар ұсынылады. Алдымен тәрбиеші кубты көрсетіп атайды. Кейін екі түсі өзгеше куб көрсетеді және бұл не? Оның түсі қандай? Қай куб көп немесе аз деген сұраулар қояды. Балалар кубты әбден ұстап, зерттеп болғаннан кейін оның тұрақты екенін анықтайды. Олар үлкен кубтың үстіне кішісін қойып, бірдеңелерді құра бастайды.
Кейін бұл фигураларды салыстыру, топтастыру жаттығуын жүргізді. Балаларға үлгі бойынша бірнеше шар немесе куб алуды ұсынады.
Шар немесе кубты көрсет (3-4 фигураның арасынан). Дәл сол түстегі немесе көлемі де сондай шарты тауып көрсет.
Куб және шарты айыра білу жаттығуы берілген белгілер бойынша заттарды теңестіруге кіреді.
Балалардың білім жиынтығын тексеру үшін тағы ойын ұйымдастырылады. Оларға тақтамен жұмыс құрады әр тесікке қажетті өз фигурасын (үшбұрыш, төртбұрыш, шар) орын орнына қою керектігін бір фигура екінші фигураның орнына шақ келмейтінін түсіндіреді. (Шар дөңгелек және оның тесігі де дәл солай, қолымен шеттерін ұстап шыққан педагог баланы заттың формасын сезімталдық қабылдауға үйретеді. Егер бала өзі істеуге қиналса оған қолмен батыл жүргізуді көмектесу керек.
Геометриялық фигураларды оқытуда балаларға қолмен айналдырып көрсету, көзбен қадағалау маңызды болып саналады. Тәрбиеші фигураны көрсетіп оны атайды, кейін балалардан соны қайталауын сұрайды, кейін балалармен бірігіп дәл сондай қимыл жасауға шақырады. Балалар тәрбиешінің қолына қарап дәл соны қайталайды. Форманың қасиетін шығару үшін баладан қандай да бір қимыл жасауын сұрайды, фигураларды дөңгелеткен бала дөңгелекті домалап, ал тік төртбұрыштың домаламайтындығына көз жеткізеді. Не үшін тік төртбұрыш домаламайды? өйткені бұрыштары кедергі жасайды. Тік төрт бұрыштың дөңгелек бұрышы жоқ, сондықтан домаламайды.
Фигура туралы түсінік құру үшін оның моделін қолданады (дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш т.б.) картоннан, қағаздан істелгенін пайдаланады.
Қорыта келе сабақ соңына таман балалар әр түрлі фигуралардың ішінде төртұрышты, үшбұрышты дөңгелекті таба алады.
Мектепке келген балалар келесі геометриялық фигураларды ажыратып, дұрыс атай білуі керек: үшбұрыш, төртбұрыш, шар, цилиндр.
Ол заттан өздері білген көлемді табуды үйренеді. Бұл жұмысқа ереже бойынша 30минут бөлінеді. Оқу жылының басында тәрбиеші баланың көлем туралы білімінің деңгейін анықтайды. Еге балалар үшбұрыш пен дөңгелекті, төртбұрыш пен цилиндрды ажырата алмаса онда ұзын фигуралардың моделі салыстыру қажет болады.
Балалардың алты-жеті жасында ойлау қабілеті арта түседі. Сондықтан балаларға берілген тапсырма да күрделене түседі. Мысалы геометриялық фигураларды айыра білу керек. Екі-үш фигураны құрастыру арқылы қандай жақсы форма құрастыруға болады. Тапсырманы орындаған бала қандай фигураларды құрастыру арқылы, қандай фигура жасап шыққанын айтып бере алады. Балалармен бұлай жұмыс жасау арқылы баланың математикаға деген қызығушылығы артады, білімі жетіледі. Мектеп жасына дейінгі балалар мұндай қызықты тапсырмаларды ынталана отырып, шын ықыласымен орындайды. Мысалы, түрлі үйшік формалы фигурадан жалауша шығарады, жеті таяқшадан екі квадрат шығарады., конструкторлармен ойнай отырып одан қоян немесе тырнаның мүсінін шығарады. Өз беттерінше тапсырманы орындаған балаларды мақтап өзгелерге үлгі етеді. Тапсырманы өзің орындағанда ғана қызықты болатынын түсіндіре отырып, тәрбиеші баланың өзінен талап етеді.
Геометриялық фигураларды ажыратуға және сөзбен анықтауға арналған жаттығулар
Пирамида мен көпбұрыштарпен таныстыру.Геометриялық денелер - куб, шар туралы білімдерін кеңейту. Геометриялық пішіндер (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш, төртбұрыш) мен денелерді (шар, куб, цилиндр, пирамида) дұрыс атап оларды бір-бірінен ажырату іскерліктеріне жаттықтыру.Шаршы мен тіктөртбұрыш төртбұрыштың түріне жататындығы туралы түсіндіру.Айналасына қарап геометриялық пішіндерді табу, олардың пішіндеріне талдау жасау іскерліктерін қалыптастыру. Геометриялық пішіндер мен денелерді атап, ажыратуға жаттықтыру. Л.А. Венгердің тәжірибелері көрсетендей, үш, төрт айынан бастап, балалар геометриялық фигураларды ажырата бастайды. Жаңа фигураларға қарап дағдылана бастау соның бейнесі. Ал балалар екі жасынан бастап геометриялық фигураларды еркін ажырата бастайды, мынандай жұптарға байланысты: шаршы және жарды шеңбер, төртбұрыш, үшбұрыш. Ал төртбұрыш пен шаршыны, шаршы және үшбұрышты ажыратуды балалар тек үш жасқа таяғанда ажырата алады. Ең алдымен балалар өздеріне таныс емес геометриялық фигураларды күнделіктті заттарға ұқсатады: цилиндрді- стаканға, сопақшаны-жұмыстқаға, үшбұрышты - үйдің шатырына, төртбұрышты- терезеге келтіреді. Геометриялық фигуралар туралы үлкендердің оқытуы барысында олардың түсініктері дұрыстала бастайды. Балалар енді оларды затарға жатқызбайды, тек солармен салыстыра бастайды, цилиндр- стакан сияқты, үшбұрыш-үйдің шатыры сияқты және т.с.с. және соңында, балалар заттардан геометриялық фигураны көре бастайды, сол арқылы заттардың формасын анықтайды: доп, алма-ол шар, тарелка, дөңгелек домалақ формада, ал қол орамал-шаршы тәріздес т.б. Балалар фигураның әр түрлі жақтары мен бұрыштарының саны және фигураның атауының арасындағы байланысты түсіне бастайды: үшбұрыштың олай аталу себебі, оның үш бұрышы бар, төртбұрыштың олай аталу себебі, оның төрт бұрышы бар. Бұрыштарын санау арқылы, балалар фигураларды дұрыс анықтайды: бұл алтыбұрышты, бұл бесбұрышты, себебі оның көп бұрышы бар - 3,4,5,6,8 және одан көп болуы мүмкін, онда ол шеңберге ұқсас болып келеді.
Геометриялық фигураларды ажыратуға және дұрыс атау білімдерін бекітуге арналған жаттығулар
Мақсаты: әр жас топтарына байланысты әр түрлі ұйымдастырылған іс-әрекеттерінде геометриялық фигураларды ажыратуға және дұрыс атауға арнаған жаттығулармен таныстыру, геометриялық фигураларды қоршаған ортадан анықтай білу, сол білімдерін сабақта, күнделікті өмірде пайдалануға үйрету.
Мектеп жасына дейінгі балаларға әр жас топтарына байланысты нүктенің, түзудің және қисық сызықтардың, түзу кесіндінің көпбұрыштардың, шеңбердің, дөңгелектердің айқын бейнелерін қалыптастыру керек. Тәрбиешінің міндеті балалардың осы фигураларды бөліп көрсетуге, олардың атын атап дұрыс көрсетуге, оларды қағаз бетінде және тақтада кескіндеуге үйрету. Балалар берілген ұзындықтағы кесіндіні өлшеуге және сызуға үйренулері тиіс. Балалардың түзу сызық туралы түсінігі олардың әр түрлі практикалық жаттығуларды орындау процесінде қалыптасады. Мұнда түзу сызықты қисық сызықпен салыстырады. Мысалы жіпті (бау, шпагат) кереді одан кейін оны ол салбырап тұратындай босатады. Түзу жолмен жалғыз аяқ қисық жол кескінделген суреттерді қарастырады. Парақ қағазды бүктеп, оны қайта жазып иілген жері бойынша оны қияды т. с. с. Әр жағдайда қандай сызық (түзу сызық па әлде қисық сызық па) пайда болғанын түсіндіріп отырамын.Қарапайым математика сабағында Нүкте. Сәуле. Бұрыш тақырыбын өткенде фигуралардың нүктелер жиынтығынан құралатынын түсіндіре келіп, әр фигураны атап айтқызамын. Кеспе қағаздарды пайдалана отырып, дөңгелек, шаршы, үшбұрыш т. б. Фигуралардан қандай бұйымдар жасауға болатынына ой тастаймын. Балалар ойлана келіп, шаршы мен үшбұрыштан үйді құрастырып, тіктөртбұрышты фигуралардың екі түрін алып машина құрастырады, дөңгелектерден аяқтарын қояды.Бірнеше нүктелерді тақтаға белгілейміз. Балаларға сол нүктелерді қосатын түзулер сызғызамын. Біріккен түзулерден шыққан фигуралардың атын айтқызамын. Әр түрлі кеспе қағаздардан фигуралар жасап, ондағы пішіндердің неге ұқсайтынын айтқызамын. Сол фигураға ұқсайтын бұйымдарды тапқызамын.Алманың түсі, дәмі, пішіні қандай деген сұрақтар қойып, домалақ пішінді тағы не көріп тұрсыңдар? дей отырып басқа да бұйымдардың пішінін ажырата білуге машықтандырамын. Мысалы: алмұрт сопақша, апельсин, анар да домалақ екен, ал банан сопақша екен т. с. с.Ұяның пішінін сипаттауды сұраймын. Қабырғасы шаршы немесе тік төртбұрыш, ал шатыры үшбұрыш фигураларына ұқсайтынын балалар айтады.Дене тәрбиесі сабағында спорт залдағы құрал -- жабдықтарды көрсете отырып, олардың пішіні неге ұқсайтынын сұраймын. Мысалы: төсеніш -- тік төртбұрыш, баскетбол добын лақтыратын сақинаның шеңбер екенін, тағы қандай дөңгелек пішінді бұйымдар бар екенін сұраймын.. Мысалы: доп, шығыршық, секіртпе түзу сызық немесе қисық сызыққа ұқсайтынын айтқызамын.Велосипед тақырыбын өткенде велосипед тебу ережесін түсіндіре отырып жол ережелерін сақтауды үйретемін. Велосипедтің дөңгелектері, корпусы, бағыттаушы бөлшегі неге ұқсайтынын айтқызамын. Табиғаттағы барлық нәрсені геометриялық фигуралар деп қарастыруға болатынын ескертемін.
Еңбек сабағында Қағаз және қатырма қағаз бен жұмыс істеу тарауында әр түрлі пішіндерден аққаланы, машинаны қандай фигуралардан құрастыру керектігін түсіндіремін. Шаршы, тік төртбұрыш, дөңгелек бөлшектерін қиып алып әр фигураның орнын тауып, дұрыс үйлестіріп қоюға көмектесемін. Геометриялық фигуралардан тағы да не жасауға болатынын сұраймын. Балалар өздігінен үй, әтеш, аққала, түрлі ойыншықтар жасайды. Әр фигураның орнын анықтайды. Қуыршақ киімін модельдеуде қазақтың ұлттық киімдерінің бірі -- сәукелені қатырма қағаздан жасап көрсетемін. Сәукеленің пішінін анықтатамын, конус, дөңгелек пішіндерді балаларға айтқызамын да геометриялық фигуралармен, денелермен таныстырамын.
Бейнелеу сабағында геометриялық фигуралардың мінезінің әсерлі мазмұнын ашамын. Күрделі пішіннен қарапайым пішін көруге және қарапайым пішіннен күрделірек пішін құрастыруға үйретемін. Қысқа өлеңдер арқылы фигураларды тапқызамын.1) Бұрыш жоқ менде еш қандай,Ұқсаймын мен табаққа,Қарбызға да, шарға даТауып көрші қандаймынДөңгелекпі, доптаймын2) Менің досым бір қызық,Жан жағы бар тік сызықҚабырғалары бірдей,Оның аты - төртбұрыш.3) Үш төбем бар сүйірлі,Тауға ұқсаймын сүйкімдіКім табады, қанекей,Үшбұрыш деді бәрі де.Сызықтар тұйықталып белгілі бір пішін құрайды.Фигуралардың көмегімен жануарлардың қызықты пішіндерін жасап көрейік.Ою -- өрнек құрастыру тақырыбын өткен сабақта өрнектерді немесе түрлі фигуралар мен сызықтарды белгілі тәртіппен орналастырып, қарапайым ою -- өрнек құрастырады. Ою -- өрнектердің қандай геометриялық фигуралардан тұратынын айтқызамын. Өз ойларынан геометриялық пішіндерден ою -- өрнектер ойлап табуын тапсырамын.Қарапайым математика сабағында пайдалануҚарапайым математика сабағында Сиқырлы көзілдірік ойынын ойнатамын. Балаларға елестете отырып, көзімізге сиқырлы көзілдірікті киеміз. Бірінші көзілдірігіміз дөңгелек, оны кигенімізде біз жан -- жағымыздан тек қана дөңгелек пішінді заттарды табамыз. Мысалы: сағат, гүл салатын ыдыстың түбі т. б Екінші көзілдірік -- төрт бұрышты. Оны киіп жан -- жағымызға қараймыз, төртбұрышты пішінді бұйымдарды айтамыз. Мысалы: тақта, үстел, кітап, терезе, есік, т. б. Бұл көзілдірікті шешіп, үшіншісін киеміз. Оның көздері үшбұрышты екен. Қиялымызда сыныптан шығып қоршаған ортадан іздеп көрейік: Үйдің шатыры, құстың тұмсығы, т.б
Мектепке дейінгі балаларда геометриялық білімді дамытудың деңгейлері
Геометриялық фигуралар жайындағы мәліметті балалар алғаш рет ойынан алады. Балалармен ойнай бастаған педагог геометриялық фигуралардың дұрыс атын атайды.Бұл уақытта баланың қабылдауын дамыта түсу керек, әр түрлі формалар туралы түсінік жинақтау керек. Алғашқы жастағы топта баланың шар және төртбұрышты ажырата білуді үйретеді. Мектеп жасына дейінгі балада геометриялық білімді дамытудың А.М Пышкало мен А.А. Столяр үш деігейін көрсеткен болатын.
Бірінші деңгейі балада геометриялық фигура тұтас қабылданады. Олар бастапқыда фигуралардың жеке бөліктерін ажырата алмайды. Заттың формасына геометриялық фигуралармен сөздік анықтама берілуімен сипатталады.
Екінші деңгейде мектеп жасына дейінгі бала геометриялық фигуралардың элементтерін ажырата білуді және жекелей фигуралардың арасындағы байланысты үйренуімен сипатталады.
Үшінші деңгейде бала фигуралардың элементтерін ажыратып жекелей фигуралардың арасындағы байланысты үйренумен қатар қарапайым геометриялық блімдіқалыртастырумен сипатталады.
Заттың формасы мен геометриялық эталондарды сәйкестендіру кезеңдері
Балабақшада балалар заттың формасы мен геометриялық эталондарды сәйкестендірудің бірінші кезеңде геометриялық фигуралардың көмегімен заттың формасына сөздік анықтама беруді үйренеді. Сонымен қатар,заттардан геометриялық фигуралардың модельдерін ажыратады.Балалардың санасында
6. Жазық фигураларды әр түрлі фигураларды түрлендіру арқылы құрастыруға арналған жаттығулар
Тапсырма: Екі үшбұрыштан шаршы құрастыру, ал басқа үшбұрыштардан тік төртбұрыш құрастыру. Содан кейін, екі, үш шаршыдан, әр түрлі жолдармен бүгу арқылы жаңа фигура құрастыру.( үшбұрыш, төртбұрыш, кіші шаршылар). Бұл тапсырмалар әр түрлі фигураларды бірнеше бөліктерге бөлу жаттығуларымен байланысты.. Мысалы: балаларға үлкен шеңбер, төртбұрыш, шаршы беріледі, олар екі немесе төрт бөліктерге бөлінген. Ол бигураның бір жағы барлығында бір түспен , ал келесі жағында әр фигура әр түрлі өз түстерімен боялған. Бұндай жиын әрбір балаға беріледі. Ең алдымен балалар барлық фигураларды қосып араластырады, әр қайсысы бөліктерге бөлінген, оларды цветтеріне және көлеміне қарап топтастыру арқылы әрқайсысынан толық бір фигура шығарады. Кейін барлық түстері бірдей келесі жақтарымен аударып, фигураларды араластырады. Кейін шеңбер, шаршы, төртбұрыш жасау үшін қандай фигуралар қажет, соларды тауып құрастырады. Соңғы тапсырма қиынырақ болып есептеледі, себебі балаларға фигуралардың түстері бірдей болғандықтан олардың формасы мен көлеміне қарап ажыратып, құрастыру қажет.
Фигураларды таяқшалардан құрастыру.Фигураларды таяқшалардан құрастыру ең қарапайым тапсырма болып есептеледі. Құрастыру: 1) жалауша , күрек 5 таяқшадан, ал үй 6 таяқшадан; 2)екі бірдей мөлшердегі үшбұрышты 5 таяқшадан; 3)2 бірдей шаршыны 7 таяқшадан; 4) 3 бірдей үшбұрышты 7 таяқшадан; 5) 3 бірдей шаршыны 10 таяқшадан; 6) 9 таяқшадан 4 бірдей үшбұрыш; 7) 5 таяқшадан шаршы және 2 бірдей үшбұрыш; 8) 8 таяқшадан шаршы және 4 үшбұрыш. Бұндай жаттығуларды орындау бір фигураны басқа фигураға айналдыру немесе құралған фигурадан басқа фигура құрау үшін бөлу арқылы жасалады.
Бірнеше таяқшаны алу арқылы фигураны түрлендіру.1- тапсырмада 6 шаршыдан құралған фигурадан 2 таяқшаны алу арқылы 4 шаршылы фигура қалдыру. 2-тапсырмада тізбектеліп орналасқан 5 шаршыдан 4 таяқша алу арқылы 1 тік бұрыш құрастыру. 3-тапсырмада 5 шаршылы фигурадан 3 таяқшаны алу арқылы 3 шаршы қалдыру. 4-тапсырмада 5 квадрадтан құралған фигурадан 4 таяқшаны алу арқылы 2 бірдей емес шаршы қалдыру.
Таяқшалардың орнын ауыстыру арқылы фигураны түрлендіру. 1-тапсырмада 4 шаршыдан құралған фигурадан, 2 таяқшаның орнын ауыстыру арқылы 5 шаршы құрастыру. 2-тапсырмада кілтке ұқсайтын фигурадан 4 таяқшаның орнын ауыстыру арқылы 3 бірдей шаршы құрастыру. 3-тапсырмада жебеге ұқсас бейнеленген таяқшалардан 4 таяқшаның орнын ауыстыру арқылы 4 бірдей үшбұрыш құрастыру. 4-тапсырмада шамға ұқсас бейнеленген фигурадан 3 таяқшаның орнын ауыстыру арқылы 4 бірдей үшбұрыш құрастыру. 5-тапсырмада 3 таяқшаның орнын ауыстыру арқылы 5 шаршыдан 4 шаршы құрастыру.
Қатардағы жетпейтін фигураны іздеуге арналған логикалық есептер. Логикалық тапсырмалардың көп түрі қалыптасқан. Олар бейнеленген заттардың жеке бөліктері мен белгілері мен айырмашылықтарын табуға байланысты . Сонымен қатар бұл тапсырмалар қателіктерін табуға, талдау арқылы ауызша тапсырмалардың жауабын табуға арналған. Мектеп жасына бейінгі балалардың жоғарғы тобында бұндай тапсырмалар берілген фигуралардың ішінен жетпейтін фигураны табуға және белгісіне байланысты бір фигураның басқа фигуралардан айырмашылығын табуға арналған. Бұндай тапсырмаларды орындау барысында ақыл ойын дамыту белгілері орындалады: олар салыстыру, ерекшеліктерін табу және жалпылама барлығын көру. Қатардағы жетпейтін фигураны табу еңжеңіл тапсырма болып табылады, сондықтан оларды жоғарғы мектеп жасына дейінгі балалар топтарында бірінші осы тапсырмаларды қолданудан бастау керек. Балаға бізбектелген фигураларды қарап шығу ұсынылады. Фигураларды тігінен және тізбектелген ретімен қарап шығып жетпейтін фигураны тауып орнына орналастыру қажет. Топтағы балалармен бұл тапсырманы орындату үшін тапсырмалар үлкен қағаз бетінде бейнеленеді.
8. Екі фигураның айырмашылық белгілерін табуға арналған жаттығуларАйырмашылығын тап дидактикалық ойыны Мақсаты: Балаларға екі суреттің немесе заттың айырмашылығын таба білуге; өз ойын айта білуге үйрету; ақыл-ойларын дамыту; шыдамдылыққа, досының жауабын тыңдай білуге дағдыландыру. Мазмұны. Бұл ойында тәрбиеші сенсориканы, көлемді, кеңістік қатынасын, санын салыстыру үшін белгілі бір мақсатты көздейді. Ары қарай салыстыратын заттардың санын арттыра отырып, бірнеше нұсқаларын қатарынан істеуге болады. Ойын өткен материалды бекітуге арналған. Тәрбиеші балалардың сөйлемді дұрыс байланыстырып сөйлеуін қадағалайды. Балалар екі сайқымазақты салыстырады. Салыстыруда мына сөздер пайдаланылады: кең - тар, қалың - жұқа, ұзын - қысқа. Өзара айырмашылығын тап Мақсаты: 1.Суреттерді салыстыра отырып, айырмашылығын тапқызу. 2.Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілетін жетілдіру. Көрнекілік: бала санына (15 дана) суреттер жинағы. Барысы: Әр балаға суреттер таратылып беріледі. Суреттерді салыстыра отырып, айырмашылығын тапқызу.
9.Балаларға бөліктерге бөлінген үлгі бойынша фигура силуэттарды құрастыру
Балабақшада балаларға бөліктерге бөлінген үлгі бойынша фигура силуэттарды құрастыру ең алдымен танымдық процестердің қалыпты дамуын,логикалық дұрыс ойлауын қамтамасыз етеді. Фигура силуэттерді құрастыру барысында балалар фигуралардың пішініне сөздік сипаттамалар беріп, ажырата біледі.Тәрбиешінің жетекшілігімен жүргізілетін ойын. Бірінші кезеңде ең алдымен бөліктерге бөлінген үлгі бойынша фигура силуэтті құрастыруды талап етеді. Фигура силуэттарды құрастыру жаттығуы үлгіні тиянақты қарап алуымен басталады. Көріп алу арқылы бала фигуралардың негізгі бөліктерден құрауын басталатынын содан кейін қалаған бөліктері құрастыралатынын айта кету. Енді құрастырылған фигура силуэтті үлгі бойынша салыстыру. Екінші кезеңде бөліктерге бөлінбеген яғни тұтас ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz